Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынов атындагы № 20 орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ж.А.Қараевтің «Деңгейлеп-саралап оңыту» технологиясы
(эдістемелік кеңес)
Оқыған: Акиева Анар Бейсембиевна
Өскемен
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретін -бүгінгі мектеп оқушылары, мүғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазакстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай, соңғы кезде окытудың әр түрлі педагогикалық технологиалары жасалып,мектеп тәжірибесіне енгізілуде.Сондай технологиялардың бірі- саралап деңгейлеп оқыту технологиясы. Саралап оқыту-оқылатын ақпараттың азаюы ғана емес, оқушыларға қойылатын талаптың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, бастауыш сыныптардың қазақ тілі пәнінің З және 4 сыныпқа арналған жаңа буын оқулыктарымен жұмысты үйымдастырудағы оң нәтижеге жету жолдарының бірі-деңгейлеп оқыту тәсілі деп ойлаймын. Бұл деңгейлік оқытудың тапсырмалары туралы мағұлматтар профессор Жауынбай Қараевтың еңбектерінде толық берілген.
Бұл технологияның мақсаты - әрбір оқушының өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету, қарапайымнан күрделіге бағыттау.
Оқушылардың барлығы жақсы оқығысы келеді. Бірақ, олардың ақыл-ой қабілеті, бағдарламада берілген материалды меңгерулері бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері жаңа тақырыпты тез ұғады, кейде үлгере алмайтын оқушылар да кездеседі.
Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясында - мүмкіндік және міндетті деңгейлер көрсетілген. Қараев бұл мүмкіндік деңгейлерді 4-ке бөледі.
1-ші міндетті
Білімнің ең төменгі шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама
мөлшерінен аспайды
2-ші алгоритмдік
Тапсырмалар түрленіп, күрделене түседі, мұғалімнің түсіндіруімен, қабылданған ақпаратты пайдаланып отырып орындайды
3-ші эвристикалық
Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерден жауап береді, оқушылардың ой белсенділігі артады
4-ші шығармашылық
Таза өзіндік шығармашылығы
Осы деңгейлік сатыдағы оқушыларға өз деңгейіне тән тапсырмалар беріледі, талаптар қойылады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жүмысы болып табылады.
Өздіндік жұмыс - оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті.
Өздік жұмыс
Дидактикалык, мақсаттар бойынша: оқып үйренетіи, тексеретін, алған білімді баяндайтын
Даярлық дәрежесі бойьгнша: мазмұны әртүрлі, бірак бірдей тәсілмен орындалатын
Білім материалдары бойынша: оқулық пен оқу әдебиеттерімен жұмыс, зертханалық және графиктік жұмыстар
Окушының ізденімпаздық дәрежесіне байланысты жұмыстар
Шығармашылық өзіндік жұмыс оқушылардың пәнге деген ынтасын қалыптастырады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді, ой-өрісін кеңейтеді.
Деңгейлік тапсырмаларды жүзеге асыруда мұғалімнің үлгерімі топпен окушыларға дербес көмек көрсетуіне де уақыты болады. Және де барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектесіп, ұжымдық көрсетеді. Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әртүрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағанын есепке алу керек. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы окитындығына қарамастан бірінші деңгейдегі жұмысты орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық окушыларды тірек біліммен қамтамасыз етеді және Қазакстан Республикамыздың «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті деңгейдегі толық игеруін жүзеге асырады.
Деңгейлеп оқытудың сипаттамасы, нәтижеге жету жолдарын мына сызбалардан көруге болады.
1-ші міндетті деңгей
Қарапайым, өмірге байланысты жаттығулар орындайды
2-ші алгоритмдік деңгей
Логикалық тапсырмалар. Ребус, кроссворд шешіп, 5 жолды өлең құрайды
3-ші эвристикалық детей
Тапсырмаларды алуан түрлі тәсілдер мен жолдар арқылы шешеді.
Графиктер, диаграммалар, мысалдарды құрастыру, дұрыс шешім табу
4-ші шығармашылық деңгей
Ой толғау, өлең құрастыру, ой топтастыру, зерттеу жұмыстары, жоспарлау, жобалау, автор ойын жалғастырады, елес, қиял жетегінде жаңа идеялар айтады
Міне, осылайша, оку үрдісіне деңгейлеп оқыту технологиясын батыл қолдана отырып, жаңа буын, оқулығымен алуан түрлі жұмыстарды ұйымдастыру барысында окушылардың білім, білік, икем, дағды көлемі кеңейіп, талаптары канағаттанып, оң нәтижеге жетуге болады. Оқушының өзіндік оку еңбегін ұйымдастыруда үйге берілген тапсырманы да әр деңгейде ерекшелігіне сай ұсынуға болады.
Сонымен, деңгейлік оқытуда әр окушы өз мүмкіндігін жетілдіруге ұмтылып қана қоймайды, өзара қамқорлық көрсетуге, ұжымды түрде жүмыс істеуге дағдыланады.
Ендеше, окушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде, деңгейлік ұстаньмдардың талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабақтарға арналған жаңа оку құралдары қажет деп ойлаймын. Олар - төрт деңгейднгі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.
Жаңа буын оқулығының мазмұны бойынша оқушылар жаңа такырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарып, дәлелдейді. Окулыктағы ұсынылған жаттығулар - мысалдарды орындап, білімін бекіткеннен кейін, арнайы кұрастырылған жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға кіріседі. Мұндай жұмыс дәптерлерін окыту процесінің әр кезеңінде қолдануға болады.
Оқушыға деңгейлік тапсырма беру дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, окушының біліміне, қабілеті мен сұранысына сәйкес дайындалған жұмыстар беру арқылы дамыту.
Өз жүмыс тәжірибемнен 3-сынып оқушыларына қазақ тілінен «Етістік» тақырыбынан өткен ашык сабағымнан үлгі келтіремін.
Етістік
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: етістік туралы алған білімдерін еске түсіру, тапсырмаларды
орындау арқылы алған білімдерін кеңейту, үйрету.
ә) Тәрбиелілігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлықка тәрбиелеу
б) Дамытушылық: ойлау, есте сақтау кабілетін, шығармашылықпен жұмыс
істеуін дамыту.
Түрі: дамытушылық сабақ.
Әдісі: деңгейлеп саралап оқыту.
Көрнекілігі: білім рейтингі, деңгейлік тапсырмалар, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың назарын сабаққа аудару. э) оқу-құралдарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген жаттығуды тексеріп шығу, сұрақтар қою.
3. Өткенді пысықтау. Деңгеіілік жұмыс жасау.
1-деңгей. Оқушының деңгейі
Айналаға су бүркіп,
Аппақ тозаң қылады.
Күн көзіне құлпырып,
Кемпірқосақ құрады.
Өлең жолдарынан етістікті тауып, астын сызу.
2-деңгей. Алгоритмдік. Баған түрінде өзіндік дәптерге дара және күрделі
етістіктерді жазу.
3-деңгей. Эвристикалық.
Айдос ауылга .... Тогжан үйді .... Мал шөлден ....
Әдемігүл....
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыпшығады.
4-деңгей. Шығармашылық. Берілген тірек сөздерден мәтін құрап жазу.
Келді, суыта бастады, ұшып кетті, түсіп эюатыр.
4. Жаңа сабақ.
а) Қызығушылықты ояту. «Сөзжұмбак» шешу. «Етістік».
ә) «Миға шабуыл» әдіс-тәсілі. Қыз бейнесіне қарап, қимылды білдіретін
сөздерді атау.
б) Тірек-сызба бойынща етістік туралы түсінік беріп өту.
Оқулыкпен жұмыс. 56 жаттығу (өз бетінше жұмыс).
Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ұстайды.
Жұмбакты жатқа жазып, етістіктің астын сызу. Екі минут уақыт беріледі.
Шығармашылық жұмыс
-
деңгей. Суретке қарап етістікті атау.
-
деңгей. Суретке қарап сөйлем кұрау, дара етістікті табу.
-
деңгей. Суретке қарап сөйлем құрау, күрделі етістікті табу. Шығармашылық деңгей:
Суретке қарап мақал-мәтелдер айту, етістікті табу.
Тақырыбы: Елдің атын ер шығарады.
60-жаттығу. (ауызша). Өленді мәнерлеп оқып, етістікті табу.
62-жаттығу. (ізденушілік, өзіндік жұмыс)
... оқыды. Оқып отыр.
... секірді. Секіріп жүр.
... емдеді. Емдеп жатыр.
... кұйды. Құйып жатыр.
Көп нүктенің орнына заттың атын білдіретін сөздерді қойып, дара етістікті, күрделі етістікті, күрделі етістікке айналдырып жазу. Сабақты бекіту: тестпен жұмыс.
1. «У» дыбысы қандай дыбыс?
а) дауысты
ә) дауыссыз
б) кейде дауысты, кейде дауыссыз
2. Дауысты дыбыс нещеге бөлінеді?
а) 3 ә) 2 б) 4
Сабақты қорыту.
Оқушыларды рейтингілік жүйе бойынша бағалаймын.
Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың оң нәтижелеріне көз жеткіздім.
-
Қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасы артты.
-
Оқушылардың қабілетіне сай ойлау, сөйлеу, білім-білік дағдылары дамыды.
3. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалды.
Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру
мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын
анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын түлға ретінде
қалыптасуына жағдай жасауға болады. Сондыктан да білім беру жүйесінің
алдында тұрған басты мақсат - жаңа технологияның талаптарына сай
жаңамбуынмоқулықтармжазу.