Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Бекітемін Күні: 06.02.13ж.

Мектеп директорының Уақыты: І кезек 08.50

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кабинет: 302

___________________ Г.Алимбетова Пәні: математика

« 5 » ақпан 2013 жыл Мұғалімі: Сапарова Г.Т.

Сыныбы: 5 «Ә»


Тақырыбы: Жай бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып,

есептер шығару



Мақсаты: Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолдануда білім-білік дағдыларын қалыптастыру, білімді бақылау, білімге құштарлықты дамыту, есеп шығаруда туындаған қиындықтарды жеңе білу.
Міндеттері:

Білімділік: оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тереңдетіп,жүйелеп, өткен тақырыптың негізгі бөлімдерінен білімін тексеріп іске асыру және оқушылардың білімін түзету.

Дамытушылық: оқушылардың өз ойын толық жеткізуге математикалық терминологияны сауатты қолданып, жауабын толық айтуға үйрету шапшаңдылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу, логикалық ойлауларын, есептеуіш дағдысын, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Типі: қайталау және пысықтау сабағы

Түрі: саяхат сабақ

Әдісі: репродуктивтік, топтық жұмыс, тест тапсырмалары, ойын әдісі

Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, тесттер

Техникалық құрал: интерактивті тақта, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Саяхат жасау. Есептер шығару

а) хоккей ойынын ойнату

б) эстафета өткізу

в) шығармашылық есептер шығару

г) кітаппен жұмыс

д) тест тапсырмаларын орындау



ІҮ. Сергіту сәті

Ү. Электронды оқулықпен жұмыс жасау

ҮІ. Рефлексия

ҮІІ. Қорытындылау

ҮІІІ.Бағалау

ІХ. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тақтада сурет жасырылған. Ол суретте не салынғанын көру үшін оқушылар үйден шығарып келген есептерін айтып тексереді. Егер есептері дұрыс болса, суретті ашып қарайды, ал егер дұрыс болмаса, онда қателерін жөндеп, дұрыс жолын көрсету керек.

№ 878 есеп Бөлшектерді қысқартыңдар

Суретте «Азиада – 2011» қысқы спорт ойындарының бойтұмары «Қар барыс» бейнеленген.



Қысқы Азия ойындары 1986 жылы басталған. Қысқы олимпиадалық ойындарды күні бүгінге дейін тек Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты елдер ғана ұйымдастырып келген. Жетінші рет 2011 жылы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында еліміздің Астана мен Алматы қалаларында өткен қысқы Азия ойындары барысында спортшылар 11 спорт түрінен сайысқа түсті. Еліміздің спортшылары көк байрағымызды 70 рет көтеріп, 32 рет Қазақстан Республикасының әнұранын орындатты.

Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда біз осы қысқы Азиада-2011 ойындары өткізілген Астана қаласындағы керемет ғимараттарға, заманауи кешендерге саяхат жасаймыз.
ІІІ.Саяхат жасау. Есептер шығару

Саяхатымызды «Қазақстан» спорт сарайынан бастаймыз. «Қазақстан» спорт сарайы 2001 жылы қолданысқа берілген, 4050 орындық және онда шайбалы хоккей ойындарын өткізу жоспарланған. Бұл жерде өткізілген шайбалы хоккей ойынында біздің ерлер командасы да, қыздар командасы алтын медаль алып берді. Бұл жерден жәй кетпей, хоккей ойынын ойнайық. Ойынның шарты: оқушыларға ауызша есептер оқылады, солардың жауаптарын хоккей шайбасынан тауып, оны қақпаға салу керек:1 шайба – 1 гол.


Ауызша есептер:

1.Мына фигуралардың қандай бөлігі боялған

2. 1 жылда 365 күн бар.Ақпан айында – 28 күн, ал шілдеде – 31 күн. Ақпан айы жылдың қандай бөлігін құрайды, ал шілде ше?

3. Айдар тәуліктің 9 сағатын ұйықтайды, ал сабақты 5 сағат оқиды. Тәуліктің қандай бөлігін ұйықтайды, ал қандай бөлігін сабақ оқиды?

4.Мараттың ұстап алған жыланының ұзындығы 60 см. Жыланның ұзындығы метрдің қандай бөлігін құрайды?

5. 1 алманың салмағы – 200 г. Алма килограмның қандай бөлігін құрайды?

6. Самат 1 сағат серуендеп жүрді. Оның 15 минутын ол көбелек қуды, ал қалған 45 минутын суға шомылды. Сағаттың қандай бөлігін көбелек қуды, ал қандай бөлігін суға шомылды?
Құрметті оқушылар, келесі аялдамамыз тағы да бір көрікті ғимараттардың бірі «Конькимен сырғанау жабық стадионы» Есіл өзенінің сол жағында орналасқан, коньки тебу спорты, шорт-трек, канадалық хоккей, керлинг, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерін өткізуге арналған. Бұл кешенде эстафеталық ойындар көрсетеміз, ойын жылдамдықты, шапшаңдықты қажет етеді. Аталған кешеннің суреті бар парақтарға есептер жазылған. Үш қатарға тапсырмалар беріледі. Алғашқы орындап болған қатардың 1 оқушысы есептерін тақтаға жазады. Орнындағы оқушылар өз топтарының есебін дәптерлеріне орындап отырады.



Тең бөлшектер жазуға есептер беріледі.


Келесі аялдамамыз «Республикалық велотрек» стадионы, құрылыстың ерекше пішіні бірден назар аударарлық, велошабандоздың бас киімі пішіндес кешен ерекше спорт кешені деп танылып отыр. Аумағы 20 мың шаршы метр, 8000 орындық, бұл кешенде спорттың шорт-трек, мәнерлеп сырғанау ойындары өткізіледі. Бұл кешенде біз шығармашылық есептер шығарамыз.

Шығармашылық есептер:

1.33 * 12 сандарының көбейтіндісі 11 – ге бөліне ме? Дәлелде.

2. 46 + 69 сандарының қосындысы 23 – ке бөліне ме? Дәлелде.

3. 513 * 43 сандарының көбейтіндісі 9 – ға бөліне ме? Дәлелде.

4. 665 + 460 сандарының қосындысы 10 – ға бөліне ме? Дәлелде.


«Жабық футбол» кешеніне қош келдіңдер, балалар. Кешен Есіл өзенінің сол жағалауына орналасқан, 2009 жылы қолданысқа берілген, төбесі құрастырмалы-жылжымалығымен бірегей. Спорттың барлық түрлерін өткізуге тиімді, 30 мың орындық. Азиада-2011 қысқы ойындарының ашылуы мен жабылуы осы жерде жоғарғы деңгейде өткізілді.

Бұл кешенде біз кітаптағы № 867 есепті үш топтың арасында жарыс ұйымдастырып, тақтаға шығарамыз. Әр қатар өзінің тобының есептерін дәптерге жазып отырады. Бұл жерде шапшаңдылық керек, мұқият және жүйрік болу қажет.


№ 867 есеп Бөлшектерді жаңа бөлімге келтіріңдер

  1. ¾ бөлшегінің бөлімін 8-ге, 20-ға, 100-ге, 1000-ға;

  2. 2/7 бөлшегінің бөлімін 14-ке, 21-ге, 35-ке, 140-қа;

  3. 5/8 бөлшегінің бөлімін 16-ға, 32-ге, 56-ға, 1000-ға.

Біздің саяхатымыз соңына жақындап қалды. Саяхатымыздың соңғы тапсырмасы – бұл 4 тапсырмадан тұратын тест. Жауаптарын белгілеп болғаннан кейін «мәре» деген сөз шығады. Оқушылар бір-біріне беріп тексереді.


ІҮ. Сергіту сәті

Оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімнің қойған сұрағына қимылмен жауап береді. Сөйлем дұрыс болса, оңға қарай, дұрыс болмаса, солға қарай еңкейеді.

Сөйлемдер:

1. 6/24 бөлшегі – бұрыс бөлшек;

2. 7 – жай сан;

3. 3/16 бөлшегі – дұрыс бөлшек;

4. Дұрыс бөлшектер 1-ден үлкен;

5. 5/17 бөлшегінің бөлімі 5-ке тең;

6. 45 – құрама сан;
Ү. Электронды оқулықпен жұмыс жасау

Интерактивті тақтаға электронды оқулықтың тапсырмалары шығады, соны оқушылар тақтада жазып орындайды.


ҮІ. Рефлексия

Оқушылардың алдында қызыл және көк фигуралар жатыр. «Сабақ ұнады, барлық тапсырмаларды дұрыс орындадым, тақырыпты жақсы меңгердім» деген оқушылар қызыл түсті фигура көтереді, ал «кейбір тапсырмаларды дұрыс орындамадым, түсінбеген жерлерім бар» деген оқушылар көк түсті фигураны көтереді.


ҮІІ. Қорытындылау. Бағалау.

Үйге тапсырма беру: № 879, №881 есептер.

Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі

Абай Құнанбаев атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: Жай бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып,

есептер шығару


Пән мұғалімі: Сапарова Г.Т.

Байқоңыр қаласы, 2013 жыл

Оқушылармен бірге ашық сабақтың алдында


Сабақтың эстафеталық есептерін шығару сәті



Шығармашылық есептер шығарудағы оқушылардың ойлау қабілетін



т
ексеру және олардың жауаптарын талқылау


Оқушылардың интерактивті тақтада есеп шығару сәті

Тақырыбы: Жай бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, есептер шығару Мақсаты

Мақсаты: Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолдануда білім-білік дағдыларын қалыптастыру, білімді бақылау, білімге құштарлықты дамыту, есеп шығаруда туындаған қиындықтарды жеңе білу

62.78kb.

16 12 2014
1 стр.


Тақырып: Электр өрісі. Есеп шығару Мақсаты: Білімділік

Білімділік: Электр өрісінің күштік және энергетикалық сипаттамаларын есептеу барысында сандық, сапалық, графиктік есептер шығару, өлшем бірліктері

37.44kb.

17 12 2014
1 стр.


Сынып: 11 А/В-п Күні: 24/09/2011

Сабақтың тақырыбы: Қисық сызықты қозғалыс. Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Есептер шығару

30.22kb.

17 12 2014
1 стр.


Тақырып: Зертханалық жұмыс №5 Тізбек бөлігіндегі Ом заңы. Есептер шығару. Мақсаты: Білімділік

Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам, слайдтар, жеке карточкалар

25.8kb.

18 12 2014
1 стр.


Тақырып: Зертханалық жұмыс №4 Электр тогын өлшеу,тізбектің бөлігіндегі кернеуді анықтау. Есептер шығару. Мақсаты

Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам, слайдтар, жеке карточкалар

17.96kb.

25 12 2014
1 стр.


1. Пропорция қасиетін пайдаланып теңдеуді шеш

Авсd параллелограмның периметрі 24см,егер аd-ав=3см болса,әр қабырғасы қаншадан болады?

74.58kb.

23 09 2014
1 стр.


Дамытушылық: Аталған тақырып бойынша білімдерін жүйелеу және жалпылауды, тексеруді қамтамасыз ету. Тәрбиелік

Мақсаты: білімділік: Оқушылар санау жүйелерінің даму тарихын білу (негіздері 2, 8, 16 ). Санау жүйелеріне есептер шығару

44.14kb.

04 09 2014
1 стр.


Пәні: химия Күні: 26. 09. 11 Сабақтың мақсаты

Не арқылы бағаланады: тест (сұрақ-жауап), зерттеу жұмыстары, есептер шығару арқылы оқушылар критерийалды бағалау жүйесі арқылы бағаланады

195.13kb.

17 12 2014
1 стр.