Ф КГМА 1-8-15/ 02
МУ «Организация методической работы
в соответствии с ГОСО 2006 года»
от 04. 07.2007г.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
Физиология кафедрасы.
Тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар.
Тақырыбы: «Жүйке орталықтарының физиологиялық қасиеттері».
Мамандығы- 051103 «Фармация»
Пән «Физиология анатомия негіздерімен»
Курс: І
Құрастырған: Абушахманова А.Х.
Қарағанды- 2008.
Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген
№ _11__ Хаттама « » __17.01. 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі, проф.______ Миндубаева Ф.А.
Тақырыбы: «Жүйке орталықтарының физиологиялық қасиеттері»
Мақсаты: Жүйке орталықтарының қасиеттерін оқу және оларды зерттеу әдістері.
Оқыту міндеттері:
1.жүйке талшықтарының жіктелуін, жеке кластардың жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерін және қызметтерін меңгеру
2. жүйке талшықтарында қозуды өткізу механизмін меңгеру
3.жүйке талшықтарында қозуды өткізу заңдарымен танысу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жүйке орталықтары жайында түсінік және жүйке орталықтарының құрамына ОЖЖ-ң қандай элементтері кіреді? ОЖЖ-ң қызметін зерттеу әдістері.
2. Синаптикалық кедергі дегеніміз не және ол қалай пайда болады?
3. Жүйке орталықтарының негізгі қасиеттері? (қозудың бір жақты өткізілуі, синаптикалық кедергі, тітіркену ырғағының берілуі, әсерден кейінгі қозу, қозудың жинақталуы, тез қажу, оклузия, жеңілдету, конвергенция, жалпы соңғы жол, дивергенция және қозудың иррадиациясы, серпінділік, доминанттылық, посттитаникалық потенциация тонус, индукция, тежелу.)
4. ОЖЖ –гі жинақталу құбылысын қай жылы және кім ашты және жинақталудың қандай түрлері бар?
5. Жүйке орталықтарының кеңістіктегі және бір ізді жинақталуы қандай тәжірибемен дәлелденеді?
6. ОЖЖ- ге «әсерден кейінгі әсер » деп нені атайды және оны қалай түсіндіреді?
7. Жүйке орталықтарында ырғақтың трансформациясы деп нені атайды және оны қалай түсіндіреді?
8. ОЖЖ –де жеңілдету құбылысы дегеніміз не?
9. ОЖЖ-дегі қозудың иррадиациясы деп қандай процесті атайды?
10. Жүйке орталықтарындағы индукция құбылысы дегеніміз не және ОЖЖ –де оның қандай түрлері бар?
Оқытудың және сабақ берудің әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау, тәжірибелік жұмыстарды орындау (жануарларға тәжірибелік зерттеулер), зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларын толтыру, сабақты қорытындылау.
Тәжірибелік жұмыстардың орындалуы:
1 жұмыс. Жүйке орталықтарындағы қозудың жинақталуы (суммация).
Жұмыс барысы. Бақаның естен тануы басылған соң,( жұлынды сопақша ми астынан кескеннен кейін 5-10 минуттан соң), артқы аяқтарын әлсіз электр тогымен тітіркендіреміз. Рефлекс жоқтығына көз жеткіземіз. Одан соң бірінен соң бірін бірнеше жекелеп тітіркендіреміз, сонда бақа аяқтары бүгіледі. Рефлекс алу үшін қанша рет тітіркендіру керек екендігін санаймыз. Тәжірибені күші көп және күші аз электр тогымен тітіркендіреміз.
Нәтижесі және жұмысты жазу: токтың қандай жиілігінде бақа аяғының бүгілгенін жазу керек.
Қорытынды: Жинақталу механизмін түсіндіру.
Жұмыс 2. ОЖЖ-де қозудың таралуы (иррадиациясы).
Жұмыс барысы: Арнайы бақаны дайындайды. Пинцетпен артқы аяқтарының бақайларын ақырындап қысады. Жайлап қысып тітіркендіруді жоғарылата отырып, рефлекторлық іс-әрекетке қалған басқа аяқтарының да қосылғанын байқауға болады. Осы бақаның арқа терісінің астына 0,1 % - 0,5 мл стрихнин ерітіндісін енгіземіз. Байқаймыз, біраз уақыттан соң сәл ғана жанасу бақада жалпы сіресуді тудырады.
Тәжірибе нәтижесі және жұмысты жазу: тәжірибе жобасының суретін салу.
Қорытынды: ОЖЖ –не стрихниннің әсер ету механизмін және рефлекстің ОЖЖ-нің жағдайына бай ланысты екендігін түсіндіру.
1.Физиология человека / авторы Косицкий Г. И. М. Медицина, 1985, 97-99 бет, 112- 131, 148- 156 бет.
2. Физиология человека, / Агаджанян Н.А.- А- Ата, Казахстан, 1992, 1-ш3 к3тап, 79- 90 бет.
3. Физиология человека, / Покровский В.М., Г.Ф. Коротько, - М. Медицина, 2003, 103- 108 бет.
4.Нормальная физиология, - Коробков А.В., -М. Жо5ары мектеп, 1980, - 285- 293 бет, 299- 308 бет.
5. Руководство к практическим занятиям по физиологии/ Косицкий Г. И., В. А. Полянцева, - М-Медицина, 1988. 20- 30 106 – 117 бет.
6. Основы физиологии человека, / Ткаченко Б.И., СПб, 1994. -2- том, 12-18, 47- 48 бет.
7. Практикум по нормальной физиологии, / Агаджанян, Коробков,- М.- Жоғарғы мектеп, 1983, 179- 192 бет, 198- 205, 311- 312 бет.
8. Логинов А.В. Физиология с основами анатомии человека, - М.: Медицина, 1983.- 17- 20 бет.
Б) Қосымша.
1. Ноздрачев А.Д. Общий курс физиологии человека и животных. – М., 1991. -2- том, 512 бет.
2. Нормальная физиология, / К.В: Судаков, -М., 1999.- 489 бет.
3. Машковский М.Д. Лекарственные средства . – М., Медицина, 1993.
Сұрақтар:
1. Рефлекторлық доғаның орталық бөлімі бойымен қозудың бір жақты өткізілуін қалай дәлелдеуге болады?
2. Рефлекторлық доғаның қай бөлімдерінде қозудың тежелуі өтеді?
3. Жинақталудың түрлері.
4. ОЖЖ әсерден соңғы қозу.
5.ОЖЖ ырғақтың трансформациясы, оның түсінігі.
6.қозудың таралуы, оны дәлелдеу.
7.ОЖЖ стрихниннің әсері.
8. ОЖЖ индукция, оның түрлері.
9. «Жалпы ортақ жол» түсінігі.
10. ОЖЖ доминанттылық, оны ашқан кім?
11. Жүйке орталықтарының субординация түсінігі.
12. Орталық тонус.
13. Бронжестың тәжірибесі, оның дәлелдеуі.
14. Қандай тәжірибеде орталық тонустың бар екендігін көрсетуге болады?
15. Орталық тонус, оны алғаш рет кім ашты?
Жағдайлық есептер (мысал)
1. Егер, жұлынды бақаның қолына электр тогымен табалдырыққа дейінгі күшпен әсер етсе, жауап жоқ. Егер, осындай әсермен ара қашықтығы жиі , тез бірнеше рет етсе, жауап болады- бақа қолын бүгеді. ОЖЖ-нің қызметін зерттейтін осы әдіс қалай аталады? Осы тәжірибеде жүйке орталықтарының қандай қасиеттері көрінеді?
2. Бақа кеудесінің алдыңғы жағындағы теріні сұқ саусақпен жүргізсек, онда бақада «құшақтау» рефлексі пайда болады. Бір аяғының бақайларын Пеан қысқышымен қысса , ондай рефлекс пайда болмайды. Мұны немен түсіндіруге болады?
1. Доминант құбылысы бұл:
-
қозудың жинақталуы
-
жүйке орталығының қозғыштығының жоғарылауы
-
ОЖЖ қозудың басты ошағы
-
тұйық айналым бойыншақозудың оралымы
-
қозудың бір жақты өткізілуі
2. Синапстардағы ОЖЖ қозуы ненің пайда болуын тудырады?
-
импульс
-
жергілікті жауап
-
әрекет потенциалы
-
медиатор
-
пессимальды тежелу