Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5 ... страница 22страница 23

1) Иемдену – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі.

2) Пайдалану – белгілі бір игіліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың және одан пайда таба алудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

3) Билік ету – мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

Ағылшын заңгері А. Оноре 1961 жылы алғаш рет меншіктің толыққанды кешенді құқықтарын ұсынды. Оны «бір буда құқық» немесе Оноре тізбесі деп атайды және ол 11 элементтен құралады:



1. Иемдену құқығы, қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы.

2. Пайдалану құқығы, игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін алуға деген құқығы.

3. Билік ету құқығы, игіліктерді пайдалануды кім және қалай шешетіндігі жөніндегі құқығы.

4. Табыс алуға деген құқығы, игіліктерді пайдаланудан қандай да бір нәтижеге жете алу құқығы.

5. Егемендік құқығы, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою құқығы.

6. Қауіпсіздікке деген құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы.

8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздіқ құқығы.

9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы.

10. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі.

11. Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шарала-рын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

Сонымен, меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні мынаған келіп саяды, яғни меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады. Меншік субъектілері – бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады. Меншік объектісі – бұл осылар арқылы меншік қатынастары туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік объектілеріне мыналар жатады: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік, ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, құнды қағаздар, ұлттық құндылықтар, т.б.

Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Олардың әрқайсысының бірнеше нысандары бар.



Жеке меншік – бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен келіп түсетін табыс арқылы анықталады. Еңбектік емес жеке меншік мүлікті мұраға қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден алынатын табыстар және басқа да табыс көздері арқылы анықталады. Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық меншік табылады. Ұжымдық меншіктің мысалына кооперативтік меншік және акционерлік меншік жатады. 1) Кооперативтік меншік деп бірігіп қызмет істеуі үшін сол кооператив иелерінің еңбегі мен өндіріс құрал-жабдықтарын біріктіру жолымен қалыптасатын ұжымдық меншіктің бір түрін айтады. 2) Акционерлік меншік – бұл акцияларды сату нәтижесінде қалыптасатын меншік.

Мемлекеттік меншік – бұл субъектісі мемлекет болып табыла-тын меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы табылады.

Мемлекеттің меншіктің дамуы негізінен әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеде орын алады. Әдетте, оның үлесі меншік түрлерінің жалпы құрылымында 90%-ға дейін жетеді. Мәселен, бұрынғы КСРО-да мемлекеттік меншіктің үлесі 88%-дан асты. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқып отырады.

Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы нақты өмірде жағымсыз жайттарға алып келуі мүмкін: мемлекеттік монополиялар-дың пайда болуы, мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға деген үстемдігінің орын алуы, арзан тауарлар түрлерінің жойылып кетуі, тауар тапшылығының пайда болуы, сұраныстың қанағаттандырыл-мауы. Осыдан барып мынадай тұжырым жасалады, яғни бұл жерде мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме қозғау керек.
3.3 Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының әміршіл-әкімшіл жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл үдеріс мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру арқылы жүзеге асырылды. Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдерісінің басталуы – мемлекеттік меншіктің үлесін азайтуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталады.

Мемлекет иелігінен алу – бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және оларға сәйкес өкілеттіліктерді беру арқылы түрлендіру.

Жекешелендіру – бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік меншік объектілерін, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.

Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың аса маңызды элементі болып табылады. Өйткені, жекешелендірудің бірқатар артықшылықтары бар:

1. Микроэкономикалық артықшылықтары:

- капиталды инвестициялау;

- өзіндік құнды төмендету және тиімділікті көтеру;

- жаңа басшылық;

- жаңа технологиялар.

2. Макроэкономикалық артықшылықтары:

- бәсекелестіктің күшеюі;

- қаржылық тұрақтылық;

- капитал нарығының дамуы;

- әлеуметтік бағдарламалар;

- тікелей шетел инвестицияларын тарту.

3. Шетелдік инвесторлар үшін пайдалы болуы:

- жаңа нарықтар;

- тәуекелдің төмендеуі;

- нарыққа кірудегі ең төменгі тосқауылдардың болуы;

- тұтынушылар үшін пайдалылығы.



Жекешелендірудің түрлері:

1. Кіші жекешелендіру – жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.

2. Жаппай жекешелендіру – жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық жекешелендіру деп аталады.

3. Жеке жобалар жекешелендіру – жұмысшылар саны 5000 адамнан асатын ірі және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.

4. Жекеше жекешелендіру – мемлекеттік меншік объектілерін жекелеген бөліктерге бөліп жекешелендіру.

5. Қарапайым кездейсоқ жекешелендіру – мемлекет тарапы-нан бақылау орын алмайтын жекешелендірудің түрі.

Әлемдік тәжірибеде жекешелендірудің алғашқы үш түрі аса кең тараған деп жиі айтылады.



Жекешелендірудің әдістері:

1. Аукциондар, бұлар конкурстар жариялау арқылы қандай да бір мүлікті сату және сатып алу тәсілдерін қарастырады. Бұл жерде үміткерлер қатысатын ашық сауда коммерциялық конкурс арқылы жүргізіледі. Коммерциялық конкурс – максималды бағасы ұсынылып, сатып алушы қойылған шартты толық орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін сату.

2. Акцияларды сату, яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді сату. Бұл жерде тендерлер жарияланып, үміткерлер қатысатын жабық сауда инвестициялық конкурс арқылы жүргізіледі. Инвестициялық конкурс – коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс өлшемдері жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып табылатын сауда-саттық.

3. Жалға берілген кәсіпорындардың мүлкін сатып алу. Бұл жерде кәсіпорындарды сату аукциондар арқылы ашық сауда тәсілдерімен жүргізіледі және сатып алушыға максималды баға қоюдың талабы ұсынылады.

Қазақстанда кең көлемді жекешелендіру 1991 жылы басталды. Бұл үдерістің негізгі бағыттары үш кезеңнен өтті. Үкіметтің бағдарламалары бойынша 31 мың кәсіпорынды мемлекетсіздендіру және жекешелендіру жоспарланды.

1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің алғашқы ұлттық бағдарламасы мемлекеттік меншікті басқа нысандарға айналдыруды, азаматтардың мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін (акцияларын) сатып алуды мақсат етіп қойды.

1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама кіші, жаппай және жеке жобалар бойынша жекешелендірудің түрлерін қарастырып, нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасауды мақсат етті.



1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен жекешелендіру үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың басымдылығына қол жеткізіп, оны бекітуді мақсат етті.

Бірінші кезең. Кіші жекешелендіру 1991-1992 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде сауда, қызмет көрсету аясындағы кіші және орта кәсіпорындардың 50%-ы жекешелендірілді. Мемлекеттік меншіктің мөлшері мен құрамын белгілеу, меншік құқығын беру тетіктерін әзірлеу шаралары жүзеге асырылды.

Екінші кезең. Үлкен және жаппай жекешелендіру 1993-1996 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде орта және ірі кәсіпорындар жекешелендірілді. Бұл кезең кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. Бұл жерде жаппай жекешелендірудің мынадай артықшылықтарын көрсетуге болады, біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмысбастылықты көтеруге жағдайлар туындайды, екіншіден, жаппай жекешелендіру шаралары үлкен мемлекеттік шығындарды талап етпейді. Сонымен қатар, жаппай жекешелендіру мемлекеттің халыққа ұлттық мүлікті қайтару шарасын мақсат тұтып, кәсіпорындарды кең көлемде қайта құрылымдауды, оларды басқаруды жетілдіруді және қаражаттардың қосымша көздерін қамтамасыз етуді қарастырады. Республиканың жұмысқа жарамды халқының 17%-ның тағдыры жаппай жекешелендірудің нәтижелеріне тәуелді болып табылды.

Үшінші кезең. Жеке жобалар бойынша 1997-2000 жылдары жүргізілген жекешелендіру жекешелендірудің аяқталу кезеңі деп аталады. Күтілген оң нәтижелері: экономикалық тиімділіктің өсуі, кәсіпорындарды басқаруды жетілдіру, жекешелендірілген кәсіпорындардың және олардың өндірген тауарларының бәсекелік қабілеттілігін көтеру.


Әдебиеттер тізімі


  1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

  2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

  3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

  4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

  5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

  6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

  7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 .

  8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

  9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

  10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

  11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

  12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

  13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

  14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

  15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Экономикалық жүйе дегеніміз не?

  2. Экономикалық жүйелердің түрлері?

  3. Экономикалық жүйеге тән сипатты белгілері қандай?

  4. Меншіктің әртүрлі категориялары қандай?

  5. Меншік нысандары мен субъектілері?

  6. Меншіктің құқықтары қандай?

  7. Өтпелі экономиканың заңдылықтарының қандай?

  8. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу дегеніміз не?

  9. Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі бағыттары қандай?

  10. Жекешелендірудің Қазақстандағы нәтижелері қандай?


Студенттің өзіндік жұмыстары


  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Экономикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

2) Аралас экономиканың үлгілері.

3) Шведтік социализм.

4) Экономикалық жүйенің Қазақстандық үлгісі.



  1. Тест тапсырмалары:


1. Нарықтық экономиканың белгісі:

А) Мемлекеттік меншіктің басымдылығы.

В) Орталықтан жоспарлау.

С) Жеке экономикалық мүдде.

D) Экономикалық қызметтің қатаң жоспарлануы.

Е) Мемлекеттік жоспарды орындау қажеттілігі.



2. Қазақстанда екінші жекешелендіру кезеңі қай жылы өтті?

А) 1990-1991 жж. В) 1991-1992 жж. С) 1993-1995 жж. D) 1996-1998 жж. Е) 2000-2001 жж.



3. Егер экономикадағы мәселелер экономикалық механизммен қатар мемлекеттің араласуы арқылы шешілсе, онда бұл экономика:

А) Дәстүрлі. В) Әкімшілдік-әміршілдік. С) Нарықтық. D) Аралас.

Е) Натуралды.

4. Меншіктің экономикалық мәнін беретін анықтаманы таңдаңыз:

А) Қайтарымсыз табиғи ресурсты иемдену.

В) Биліктік мүмкіншілікті жүзеге асыру.

С) Адамның тауарды жеке мақсатқа пайдалануы.

D) Жинақталған интеллектуалдық потенциалды пайдалану.

Е) Қарама-қарсы экономикалық көзқарастағы субъектілердің өндіріс жағдайына байланысты қатынасы.



5. Орталықтан басқарылатын экономика мазмұнына не жатпайды?

А) Мемлекеттік меншік. В) Орталықтан басқару.

С) Орталықтандырылмаған жеке басқару. D) Сыйақылы ынталандыру. Е) Экономиканы жоспар негізінде бағыттау.

6. Барлық экономикалық жүйелердің шешетін проблемалары:

А) Инвестиция жетіспеуі. В) Өндіріс пен тұтыну сәйкессіздігі. С) Баға тұрақсыздығы. D) Ресурстар шектеулігі. Е) Еңбек өнімділігінің өсуі.



7. Постиндустриалды қоғамның негізгі экономикалық саласы:

А) Ауыл шаруашылығы. В) Машина жасау. С) Қызмет көрсету.

D) Өндіріс саласы. Е) Машина жасау және құрылыс саласы.

8. Жеке меншік қалай сипатталады:

A) Ресурстармен бұйрық берудің және жеке таңдаудың еркіндігі.

B) Бөлек топтардың пайдасы үшін байлықтарды қайта бөлуі.

C) Кәсіпорынның аздаған акция пакетімен иеленуі.

D) Әр адамның өзінің жұмыс күшінің меншігі.

E) Барлық жауаптар дұрыс.



9. Игілікті пайдалануды кім және қалай жүзеге асырады деген шешім қабылдау құқығы – бұл:

А) Пайдалану құқығы. В) Басқару құқығы. С) Тәуелсіздік құқығы.

D) Иелену құқығы. Е) Жүзеге асыру құқығы.

10. Тендер дегеніміз не?

А) Мүлікті кепілге қою арқылы несие алу.

В) Өнімнің сапасын анықтауға байланысты арнайы құжат.

С) Белгілі бір жұмыстарды немесе тауарды жеткізу бойынша тапсы-рыстарды ұсынудың және жүзеге асырудың ерекше формасы.

D) Банктегі салымдардың бір түрі.

Е) Айырбас үшін өндірілген еңбек өнімі.



11. Егер экономикалық билік орталықтанған және негізгі экономикалық субъект мемлекет болса, онда бұл:

А) Нарықтық экономика. В) Патриархалды жүйе. С) Әміршіл-әкімшілдік. D) Аралас экономика. Е) Нарықтық реттеуші экономика.



12. Жекешелендірудің негізгі түрлері қандай?

А) Шағын, жаппай және жеке жобалар бойынша.

В) Шағын, орта және ірі.

С) Ашық түрде және жабық түрде.

D) Конкурс, аукцион және жалға беру бойынша.

Е) Қарапайым және күрделі.



13. Егер кез-келген мүлікті жалға алса, онда жалгер:

А) Мүліктің тұтыну құнын пайдаланады.

В) Мүліктің толық иегері болып табылады.

С) Берілген мүліктің құндылығына билік етеді (оны сата алады).

D) Мүліктің потенциалды иесі болып табылады.

Е) Аренда келісім шартында белгіленген жағдайларға байланысты ол мүліктің иесі болып табылады.



14. Реформа дегеніміз - бұл:

A) Бір нәрсені өзгертіп қайта құру.

B) Мемлекеттік экономикалық жүйені жойып жіберу.

C) Айналымдағы ақшаны қысқарту.

D) Жұмысшыларға еркіндік әперетін экономикалық жүйе.

E) Өндіріс орындарына жаңа қорлар енгізу.



15. Аралас экономиканың негізгі ерекшеліктері:

A) Әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы.

B) Көптүрлі меншіктің орын алуы.
C) Күшті кәсіподақтар қозғалысы.

D) Мемлекеттік реттеу және түзету рөлінің белсенді болуы.

E) Аталғандардың барлығы дұрыс.

16. Барлық экономикалық жүйелердің көкейкесті мәселесі:

А) Инвестициялар. В) Өндіріс. С) Тұтыну. D) Сиректілік.

Е) Жұмыссыздық.

17. «Не, қалай және кім үшін» деген мәселелер қандай экономикалық жүйеге тән:

А) Әміршіл-әкімшіл. В) Нарықтық. С) Дәстүрлі. D) Аралас.

E) Кез-келген.

18. Қандай салаларда көбінесе мемлекеттік сектор басым болады?

А) Бөлшек саудада. В) Ауыл шаруашылығында. С) Жеңіл өнеркәсіпте. D) Қонақ үй бизнесінде. Е) Шикізат өндірумен байланысты салаларда.



19. К. Маркс бойынша меншік дегеніміз – бұл:

А) Адамның затқа қатынасы. В) Заттардың арасындағы қатынастар.

С) Заттың пайдалылығы. D) Ұрлық. Е) Тауар өндірушілердің арасындағы қатынастар.

20. Ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету салаларының дамуы - бұл:

A) Индустриалдық қоғамның басты артықшылығы.

B) Еркін бәсекелестік нарықтық жүйенің басты артықшылығы.

C) Аралас экономикалық жүйенің басты мәселесі.

D) Кез-келген экономикалық жүйенің басты кемшілігі.

E) Постиндустриалдық қоғамның басты ерекшелігі.



21. Аралас экономикада:

А) Тауар мен қызмет мемлекеттік кәсіпорындарда да, жеке меншік кәсіпорындарда да өндіріледі.

В) Үкімет билік етеді немесе барлық компанияларды басқарады.

С) Экономикалық шешім дәстүр бойынша қабылданады.

D) Кедейлер мен байлар болады.

Е) Экономикаға мемлекет араласпайды.



22. Өзіне қажетті қолдану құқығы – бұл:

A) Иемдену құқығы. B) Пайдалану құқығы. C) Басқару құқығы.

D) Кіріс құқығы. E) Тәуелсіздік құқығы.

23. Кез-келген экономикалық жүйе қандай мәселелерді шешеді?

А) Не? қалай? кім үшін? В) Кім? қанша? қандай ресурстардың көмегімен? С) Табыстың көтерілуі. D) Қажеттіліктің қанағаттандырылуы. Е) Табыстың теңдігі.



24. Әміршіл-әкімшіл жүйеге байланысты артықшылықтарды көрсетіңіз:

A) Адамдық және материалдық ресурстардың басымды бағыттарға икемделуі.

B) Жеке кәсіпкерлікті шектеу, не тыйым салу.

C) Ресурстардың тұрақты тапшылығы.

D) Бәсекенің болмауы.

E) Бітпеген құрылыс көлемінің өсуі.



25. Аталған белгілердің қайсысы нарықтық экономикаға тән емес?

А) Бәсеке. В) Орталықтан жоспарлау. С) Жеке меншік.

D) Кәсіпкерлік талдау еркіндігі. Е) Мемлекеттің экономикаға араласуы шектеулі.

26. Егер экономикалық билік орталықтандырылмағанған, негізгі экономикалық субъект – мемлекет нарықтық экономиканы реттеу қызметін атқармаса, ал экономикалық субъектілер әрекетінде жалпы мүддеден гөрі жеке мүдде басым болса, онда бұл:

А) Нарықтық экономика. В) Аралас экономика. С) Дәстүрлі экономика. D) Әкімшілік-әміршілдік экономика. Е) Мемлекеттік монополия.



27. Индустриалды қоғамның басты белгісі:

A) Өндіргіш күштердің дамуының жоғарғы деңгейі. B) Ірі машиналы өндіріс. C) Құқықтық мемлекет. D) Демократия. E) Тұтынудың жоғарғы деңгейі.



28. Жоспарлы экономикалық жүйе қазіргі уақытта қандай елдерге тән:

А) Еуроодақ елдеріне. В) Сингапур мен Гонконгқа. С) Оңтүстік Кореяға. D) Солтүстік Корея мен Куба еліне. Е) Ресейге.



29. Меншіктің заңдық тұрғыдағы мазмұны қалай сипатталады?

А) Мүліктік қатынастармен. В) Табиғи жағдайларға деген қатынастармен. С) Өндіріс нәтижелеріне байланысты қатынастармен. D) Пайда табу бойынша қатынастармен. Е) Өндіріс құрал-жабдықтары бойынша адамдар арасындағы қатынастармен.



30. Мүлікке нақты иелік ету құқығы – бұл:

А) Иелену құқығы. В) Пайдалану құқығы. С) Басқару құқығы.

D) Тәуелсіздік құқығы. Е) Мүліктің тағдырын анықтау құқығы.

31. Нарықтық экономикалық жүйенің басты ерекшеліктері:

А) Жеке меншіктің басымдылығы. В) Таңдау еркіндігінің болуы.

С) Бәсекелестіктің орын алуы. D) Жеке қызығушылық.

Е) Аталғандардың барлығы дұрыс.



32. Егер экономикалық проблемалар әрі нарықпен, әрі Үкіметпен шешілсе, онда экономика:

А) Жоспарлы. В) Нарықтық. С) Натуралды. D) Аралас.

Е) Монополистік.

33. Экономикада өмір бойы жалдану жүйесі қандай елге тән:

А) Швецияға. В) Жапонияға. С) Германияға. D) АҚШ-қа.

Е) Қазақстанға.

34. Қазақстан Республикасында Конституция бойынша меншіктің келесі формалары бар:

A) Жеке меншік және мемлекеттік меншік.

B) Мемлекеттік, ұжымдық, өзіндік меншік.

C) Мемлекеттік, жеке және аралас.

D) Мемлекеттік, аралас және біріккен.

E) Мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік.



35. Аукцион дегеніміз не?

А) Мүлік сатушы сатып алушыны өзі таңдап алады.

В) Бәсекелестік негізде өтетін ашық сауда.

С) Акцияларды купон иелеріне таратып беру.

D) Мүліктерді алдын-ала сатып алу. Е) Жәрменке.

36. Төмендегілердің қайсысын интеллектуалды меншікке жатқызуға болмайды?

А) Ноу-хау. В) Жоба-дизайн. С) Ой. D) Құрал-жабдықтар. Е) Әдеби шығармашылықтар.



37. Дәстүрлі экономикалық жүйенің негізгі ерекшелігі қандай?

А) Саясат экономикадан басым болады.

В) Көптүрлі меншіктің орын алуы.

С) Көлеңкелі экономиканың басымдылығы.

D) Артта қалған технология.

Е) Аталғандардың барлығы дұрыс.



38. Егер өндiрic жеке тұлға мүддесiнде iскe асса, онда бұл:

А) Ұжымдық меншiк және ұжымдық иемдену.

В) Жеке меншік және жеке иемдену.

С) Қоғамдық меншiк жене қоғамдық иемдену.

D) Жеке-ұжымдық меншiк және жеке-ұжымдық иемдену.

Е) Жеке-мемлекeттiк меншiк және жеке-мемлекеттiк иемдену.



39. Меншікті қай тұрғыдан немесе қай жағынан сипаттауға болады?

А) Заңдық және экономикалық.

В) Психологиялық және экономикалық.

С) Моральдік және физикалық тұрғыдан.

D) Заңдық және психологиялық.

Е) Экономикалық және пайдалы жағынан.



40. У. Ростоу бойынша экономикалық жүйенің бірінші стадиясы не?

A) Дәстүрлі қоғам. B) Өтпелі қоғам. C) Индустриалды қоғам.

D) Жаппай тұтыну стадиясы. E) Жабайы табиғат.


<предыдущая страница | следующая страница>


1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның

Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен суъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдіс-терін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалы

3564.5kb.

25 12 2014
23 стр.


1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын қалыптастырады. Бұл өзінше ой қорытып

2865.5kb.

13 10 2014
13 стр.


"Экономия" ұғымын алғаш ұсынған ойшыл кім?

Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?

632.08kb.

06 10 2014
3 стр.


"Экономия" ұғымын алғаш ұсынған ойшыл кім? Аристотель

Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?

631.06kb.

14 12 2014
3 стр.


Семинар сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып Хромосомалық аурулар. Адамның тұқымқуалайтын ауруларына диагноз қоюдың қазіргі кездегі әдістері. Адамның тұқымқуалайтын ауруларының алдын алудың қазіргі кездегі әдістері. М

54.39kb.

15 12 2014
1 стр.


Дәріс сабақтары 1- тақырып. Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері

Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік

138.64kb.

14 12 2014
1 стр.


Пәнді оқыту бағдарламасын тақырып парағы

В012000- кәсіби оқыту мамандықтарының күндізгі коб негізінде оқитын студенттеріне Бағдарламалаудың қазіргі тілдері

197.82kb.

13 09 2014
1 стр.


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше

Тақырып 2: Дезинсекцияның қазіргі кездегі заттары және әдістері. Буынаяқтылармен күресуді ұйымдастыру. Энтомологиялық топтардың жұмысы

47.88kb.

25 12 2014
1 стр.