Перейти на главную страницу
ДӘРІС
Тақырыбы: «Тіс қатарларының деформациясын ортопедиялық және кешенді емдеу әдістері»
ОS 5307 «Ортопедиялық стоматология» пәні
051302 «Стоматология» мамандығы
5 курс
Тақырыбы: Тіс қатарларының деформациясын ортопедиялық және кешенді емдеу әдістері
Мақсаты: студенттерді төменгі және жоғарғы жақ сүйектерінің ортопедиялық әдістері мен қағидаларымен таныстыру
Дәріс жоспары:
1. Тіс қатар ақауларын кешенді емдеу әдістері
2. Тіс қатар ақауларын емдеуде қазіргі кездегі әдістері
3. Тіс қатар ақауларының пайда болу себептері
Протездеу алдында өткізілетін арнайы емдік шаралардың бәрі окклюзияны қалпына келтіру үшін жасалады. ТҚАБН емдеу белгілі тәртіппен жүргізіледі: басында ақауды шеттетеді, кейін тіс қатары немесе тіс сауыты бөлігін ақауларын қарастырады.
Ақаулар шеттету оның түріне, айқындық дәрежесіне және клиникалық көрініс түріне байланысты әр түрлі әдістермен жүргізіледі.
Окклюзиялық беткейді қалыптастыру және келесі протездеуде окклюзиялық қатынасты дұрыс жасау мақсатында келесі әдістерді қолданамыз:
Шамалы ығысқан кезде эмаль деңгейінде тегістеуге болады. Содан кейін фторлактерапия өткізу қажет.
Емдік аппарат қолданғанда сұйық құрылымдарының қайта құрылуы тек жақтың сүйек тінінде тінінде ғана болмай, сонымен қатар қарсы жақтың тіс қатарының ақауына, жоғары және төменгі жақтың альвеоляр бөлігінде қамтиды.
Алынбалы тістемелі протезге емдеу негізінде шайнау қысымын жоғарлатумен байқалады. Оның әсерімен, протезбен қатынаста болған, қызметтік қысым алады. Бұл альвеоляр өсіндінің қайта құруын және тіс орналасуынын өзгертеді. Осы кезде тек тіс ұяшығына еніп қоймай, А. Я. Катц атап өткендей, барлық альвеоляр өсіндінің күрделі қайта құрылымы болады.
Тіс қатарының деформациясы
Ақаудың пайда болуы тіс қатарының морфологиялық бірлігін ғана бұзбай,сонымен қатар оның күрделі орнықтырылуларына әкеліп соғады.Ол біріші ақаудың маңында болып кейін батлық тіс қатарына жайылады.Ішкі жағынан бұл орын ауыстырулар тістердің ақау бағытына қарай ығысады.Антогонистерінен айырылған тіс вертикальді бағытта ығысады.Тіс бағытына қарай өз осімен айналалады.Аяғында тістерді ығысуы тіс қатарының оклюзиялық беткейінің бұзылуына, яғни ақауларына әкеледі.Тістердің ығысу бағыттарының ерекше типтік түрлері:
1.Жоғарғы және төменгі тістердің «яғни бір жақты және екі жақты» вертикальді ығысуы.
2.Бір текті жоғарғы және төменгі жақ тістерінің ығысуы.
3.Дистальді немесе медиальді жоғарғы және төменгі тістердің ығысуы.
4.Тістің таңдай тіл немесе ұтр бағытына қарай қисаюы.
5.Тістің өз осінен айналуы.
6.Аралас ығысу.
Тістердің ығысуы,түріне байланысты клиникалық көрініс береді.Егер ақау жоғарғы бүиір тістерді жұлу салдарынан болса вертикальді ығысу пайда болады.Ақау төменгі жақта болса,онрың орнына қайтымды көрініс береді.Ақау үлкен болған жағдайда кері және негізгі антогонистерін жоғалтқан тістер вертикальді бағытта ығысады.Ал, сақтап қалған тістер ақау бағытына қарай алдыңғы ұртын төмпегімен қисаяды. Антогонистерін жоғалтқан кездегі вертикальді ығысудың 2 клиникалық түрлері болады «Л.В.Ильина/ Маркосян,В.А Понаморева» Бірінші түрінде тіс альвеолярлық ұзару байқалады. Альвеоляр іштік және альвеоладан тыс,тіс бөлігінің қатынасы бұл кезде өзгермейді. Екінші түрінде тіс түбірінің бөлігі жалаңаштанып альвеоляр өсіндісінің ұзару бағытында болады. Бұл екі түрдің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.Бірінші түрінде сияқты екінші түріндеде тіс альвеолярлық ұзару байқалады.Тістердің медиальді ығысуын екінші молярда байқаған жөн.Нағыз алға ығысу бағытымен ақау бағытына қарай ығысуды жалғастырады.Молярдың медиальді бағытта жиі қозғалуы оның ұзын осі боиында айналуымен көрінеді.Тістің қисаюы молярдың жоғарға антогонистермен дұрыс қатынасын бұзады. Оның алдыңғы төмпектері жиі оклюзиядан тыс қалады. Контакт тек артқы төмпектерінде сақталады. Медиальді қисаю, тіс қатарларының бүиір беткеін согитальді бағытта ақауландырады, ал тіл жаққа ығысуы трансверзальді бағытта. Тістердің дистальді ығысуында орын болады. Бірақ ол медиаліге қарағанда аз байқалады.Тіс альвеолярлық салдарынан болған тіс қатарының ақауы бөлшектік тіс жоғалту клиникасын тереңдетеді.Себебі, қосымша төменгі жақ қозғалысын бұзып тіске қызметтік күш түсіреді.Төменгі жақ қозғалысының бұзылуы бірге ығысқан тістер арасында блоктардың түзілу салдарынан болады.Тіс қатарының ақаулары үлкендерге қарағанда жас балаларда жиі дамиды.Тістердің ығысу уақытқа байланысты болады.Тіс жұлғаннан қанша көп уақыт өтсе, сонша ығысу айқын көрінеді.осы себепке байланысты айқын ақаулар,тісі түсіп көп уақыт протез қолданбаған үлкен кісілерде кездеседі.Тіс альвеолярлы ұзару төменгі жаққа қарағанда жоғарғы жақта айқын болады. Рентгенологиялық зерттеуден «Ю.К.Курочкин»тіс қатарының ақауларының өзгерістері альвелярлы өсіндіден тыс беттің гнатикалық бөлімін жайлайды.Тісті бөлшектеп жоғалту кезіндегі тіс альвеолярлық ұзрудың патогенезіне Годон ең бірінші болып түсініктеме берді.Бұл кезде шайнау қысымы жарақаттық фактор ретінде әсер етіп тіс аппаратының бұзылуына септігін тигізеді.
Шайнау қызметінің, сөйлеудің, эстетикалық қалыптың бұзылуы.
Тістер асқорыту жүйесінің бір бөлігі болып табылады,және тістің болмауы асқорыту қызметінің дәрежесінің бұзылуының бірден бір себебіне әкеледі. Бірақ та адамның шайнау аппараты үлкен функцоналдық жетістіктерге ие және кейбір тістерді жоғалту айтарлықтай әсер ететін шайнау бұзылыстарына әкелмейді.Сақталып қалған тістер керекті дәрежеде тамақты ұсақтауға әсерін тигізеді. Шайнау аппараттарының көптеген қызметтік жетістіктеріне Б.Н Бынин мен А.И Бетельманның қадағалауы әсерін тигізді.Тіс қатарларының шайнау ерекшеліктерін 18/23 жас аралығында зерттей отырып,тіс доғасының бір бөлігінің өзі толығымен қажетті тамақ ұсақтау дәрежесін орындай алатынын дәлелдеді.Тамақты ұсақтау дәрежесінің қай уақытта бұзылған дәрежесін айту қиын. Әр жағдайда антогонистердің жоғалған дәрежесіне олардыңтіс қатарында орналасуына, қалған тістердің пародонт жағдайына байланысты болады . С.В.Андреевтың көрсетімдері бойынша тағам толығымен ұсақтану үшін, шайнау қабілетінің 40/60% сақталып қалу керек. Қалған тіс қатары керекті шайнау қызметі атқармаса тамақ сілекеймен дұрыс шыланбай,ауыз қуысындағы бір асқорыту элементімен бұзылуы деп қарастырамыз. Шайнау қызметінің бұзылуына тамақ шайнау жағына ғана емес, жақтың қозғалу әрекетінің бұзылуымен, тістердің аралас қызметінің пайда болуымен байланыстырамыз, яғни тамақ ұсақтауға альвеолярлы өсіндімен тілдің қатынасуы. Бүйір тістерді жоғалтқан кезде шайнау қысымы алдыңғы тістерге түседі де, қызметі аралас болады.А.В.Высотская бойынша мастикоциограмма анализі,бұл кезде ұсақтау жақтың алдыға шығыңқы болуымен жүреді.Ал алдыңғы тіс болмаса қысым бүйір тістерге реттілігімен түседі, бір ақ бұл кезде шайнау қызметтері қалыптыға жақын. Егер тіс бір жақта ғана сақталса науқас жұмсақ тамақты альвеолярлы өсіндімен тіл көмегі арқылы ұсақтайды. Жалпы тістердің жоғалуы эстетикалық қалыпты бұзады. Бүйір тістердің жоқ болуы бет конфигурациясына әсер етеді. Эстетикалық бұзылуы жасына, жынысына, жүйкелік қызметіне байланысты адам психикасына әсер етеді.
Тіс жоғалуна байланысты самай төменгі жақ буынының өзгеруі.
Шайнау аппараты күрделі анатомиялық және қызметтік байланысқан шынжыр ретінде болады. Бөлшектік тіс жоғалту кезіндегі буынның қалыпты бұзылыстарын шайнау қызметінің өзгерісінің,альвеола аралық биіктіктің төмендеуімен және тіс қатарларының оклюзия беткейінің ақауымен байланыстыруға болады.Қалыпты кезде шайнау төменгі және жоғарғы жаққа бірдей беріледі. Бүйір тістерден ол бет сүйегіне және қанат таңдай контфорсына беріледі. Ал бүір тістерді жоғалтқан кезде барлық күш алдыңғы тістерге түседі. Буын қызметінің бірден бір бұзылу себебі жиі әйелдерде байқалатын дистальді ығысу. Оның өзінің клиника лабороториялық ерекшеліктері болады. Негізгі буын қызметінің бұзылу себебі бұлшық ет ерекшеліктерінің өзгерістері. Сол сияқты бұлшық ет жиырылуы мен олрдың жиырылуына асинхрондылық жүйкелендірудің нашарландыруымен байланыстырады.
Емі:
Ортопедиялық стоматологияда қалыптасқан тіс-жақ жүйесінде пайда болатын кемістікті «екінші адентия» және эмбрионға патогендік факторларының әсерінен туа біткен немесе тұқым қуалаудың тістердің болмауы «бірінші адентия» деген терминдерде қолданылады. Бірақ, «бірінші аденитяның» табиғатын ескеретін болса, онда тіс-жақ жүйесінің аномалиясына жатқызылғаны дұрыс болатын сияқты.
Кейбір тістердің түсуі тіс-жақ жүйесінің зақымдануының бір түрі. Бұндай тіс қатарын кемістіктері бар адамдарды науқас адамд деуге бола ма? Дұрысы – болмайды. Бұл басқа аурудың салдарынан, мысалы, кариестен, пародонт ауруларына т.с. болған ауру емес – патологиялық жағдай. Бірақ, тіс қатарының кемістігі патологиялық жағдай болғанмен, диагноз бола алады.
Адамның жасы ұлғайған сайын түскен тістердің саны да өсе түседі. 50 жастан кейін (Бүкіл дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша) тексерілген адамдардың 50%-нің тістер түседі.
Тіс түскен соң тіс доғасы өзгереді. Бұл жағдайларда түскен тістердің санына, тіс қатарында орналасуына, шайнау процесіне қатысуына, тістесудің түрлеріне, пародонтты және қалған тістердің қатты тіндерінің жағдайына, ағзаның жалпы жағдайына байланысты клиникалық сипаттамалары әр-түрлі болуы мүмкін.
Тіс қатарының кемістігінің басты симптомдары:
Тіс қатарында пайда болған кемістіктің әсерінен тіс қатарының бүтіндігі бұзылады. Тіс қатарының кемістігі деп – бір тістен 13 тіске дейін тістердің болмауын айтады. Жоқ тістердің санына байланысты кемістіктер былай жүйеленіп жүр:
а) аз мөлшерде кемістік (3 – тістен артық емес).
ә) орташа кемістік (4 – 6 тіске дейін).
б) көп мөлшердегі кемістік (6 немесе одан да көп).
Әрбір кемістік тіс қатарларында орналасқан орнына байланысты сипатталады. Кемістік тістерінің екі жағынан шектеледі немесе тек қана медиальды жағынан ғана шектелуі мүмкін. Күнделікті жұмыс барысында қолдану үшін ұсынылған өте қарапайым классификациялар бар. Оның негізінде протездер жасау үшін қолданылатын кейбір белгілер көрсетілген. Бұл белгілерге мыналар жатады: кемістіктің тіс қатарындағы орны, тістер мен шектелуі және антогонист тістердің болуы.
А. Л. Грозовскийдің мәліметі бойынша 16 000 дейін, ал Eichner мәліметі бойынша 4 294 967 264 кемістіктердің кездесу варианттары бар. Бірақ, бұл науқастарда кездесетін патологиялық жағдайлардың барлық ерекшеліктерін есепке алды деген сөз емес. Әрбі науқастың өзіне тән ерекшеліктері болғандықтан, сырт көзге кемістіктің шамасы және тіс қатарында орналасуы бірдей болғанымен, әр-түрлі клиникалық тексерулер мен емдеулерді қажет етеді. Кемістіктердің барлық белгілерін есепке ала отырып жүйелеу өте қиын. Кемістіктерді жүйелі түрге келтіріп, оның морфологиялық және функциялық өзгерістерін байқау үшін кемістіктің орналасқан орнымен шамасы жүйелеудің негізі етіп алынып жүр. Ұсынылған жүйелер тез арада және дәл диагноз қойып, протездердің конструкцияларын анықтауға бағытталған. Бұрынғы ұсынылған жүйелердің ішінде көп тарағаны Кеннединің жүйелеуі.
Kennedi протездердің конструкциясын таңдау үшін, ұялы өсіндінің тіссіз бөлігінің негізгі түрлерін қалған тістерге қатысты жүйелеуге тырысты. Автор барлық тіс қатарларының кемістіктерін 4 негізгі сыныпқа бөледі:
1 – сынып. Қалған тістерінің артқы жағында орналасқан екі жақты тіссіз бөліктер.
2 – сынып. Қалған өз тістерінің артқы жағында орналасқан бір жақты тіссіз бөлік.
3 – сынып. Қалған өз тістерімен алдынан да, артынан да шектелген екі жақты тіссіз бөліктер.
4 – сынып. Қалған тістердің алдыңғы жағында орналсқан тіссіз бөлік.
Соңғы сынптан басқа сыныптарда модификациялары бар. Тіс қатарында бірнеше ақау болған жағдайда Kennedi мына қағидаға сүйенуді ұсынады: кіші сынып бірінші жазылып, қалғандары соның модификациясы, болады. Мысалы, егер тіс формуласы былай болса 000432010034500 мұнда бірінші және төртінші сыныпқа жататын ақаулар бар. Мұндай кемістікті былай жазады: Бірінші сынып төртінші подкласс.
А. И. Бетельман тіс қатарының кемістігін екі сыныпқа бөледі. Бірінші сыныпқа тек қана медиальды жағынан шектелген кемістіктер жатады. Бұл сынып екіге бөлінеді:
а) бір жақты шеткі кемістіктер.
б) екі жақты шеткі кемістіктер.
Екінші сынып екі жағынан да шектелген кемістіктер. Бұл классты кемістік көлемін байланысты екі подклассқа бөледі:
а) үш тіске дейін.
б) үш тістен көп.
Бірінші сыныптың кемістіктеріне алмалы протездер салу ұйғарылады. Ал екінші сыныптың бірінші сыныпша алынбайтын протездер салуға болады. Екі сыныптың екінші подкластың негізінің алмалы протездер салады. Егер ақау алдыңғы тістер арасында болса, онда бұл қағидаға сүйене бермей төрт тіске дейін алынбайтын протездер салуға болады, тек қана ит тістер 313/313 мықты болу керек.
Гаврилов тіс қатарларының кемістігін төрт топқа бөледі:
Айта кететін жайт, барлық жүйелеулерінің кемшіліктері және артықшылықтары бар. Әр бір жүйелеу, аурудың сипаттамасын анықтауды жеңілдеткенімен протездің түрін анықтап жоспарлауға мүмкіндік бермейді. Протездің конструкциясын анықтау қалған тістердің тіс тәжінің және тірек аппараттарының жағдайына, олардың окклюзиялық беттеріне қатысты орналасуына тістесу түрлеріне, тісі жоқ ұялы өсіндінің сипатына, науқастың жасына байланысты болады.
Ұзақ эволюцияның нәтижесінде тіс доғасының бірлестік құрып қалыптасқан, сондықтан тіс доғасына мүше ретінде қарайға болады. Тіс қатарының бірлігі ұялы өсінді мен тіс аралық түйісу нүктелері арқылы іске асырылады. Жас ұлғайған сайын түйісу нүтелері мұқалып түйісу алаңдарына айналады да тіс қатарының бүтіндігі бұзылмайды. Тіс аралық түйісулер тіс қатарының морфологиялық және функциялық бірлігін сақтайды. Тіс қатарының кейбір бөліктеріне түсетін күш, тек сол топтағы тістердің түбірлеріне түсіп қана қоймай, түйісу нүктелері арқылы басқа тістергі беріледі. Тіске түскен күштің былай бөлінуі шайнау орталығы құрайтын тістерді функциялық артық күште сақтайды.
Тісті жұлып, тіс қатарында кемістіктің пайда болуы, оның бүтіндігін бұзады және топтарға бөлінуіне мәжбүр етеді.
Жекелеген тістерді жоғалту салдарына пайда болатын ішкі жүйелердегі қайта құрудың патогенетикалық механизмдерін зерттеу үшін, иттерге тәжірибе жасаған. Мұнда жақ сүйектеріндегі алмасу процесіне аса көңіл бөлінеді.Осы зерттеудегі қорытқанда, мынадай тұжырымдарға келуге болады: клиникалық және рентгендік өзгерістер болма-ақ (3 – 6 ай), тістерді мерзімінен бұрын алып тастау, жақтардағы сүйек тканінің метаболизмінің ауытқуына әкеп соқтырады. Бұл өзгерістер кальций алмасуының мөлшерден тыс жоғарылауымен сипатталады. Мұнда антогонистері жоқ тістер орналасқан жақ сүйектерінде бұл өзгерістердің дәрежесі антогонисттері бар тістерге қарағанда анағұрлым жоғары. Жалпы кальцийдің құрамы өзгермесе де, қызмет етуші тістердің маңындағы жақ сүйегіне радиоактивті кальцийдің өтуі ұлғаяды. Остепароздың бастапқы белгілерінің көрсеткіші жалпы кальцийдің қалдығы мен құрамы болып, олар қызметсіз тістедің айналасында азаяды. Осы мерзімде барлық белоктардың да құрамы өзгереді. Қызмет атқарушы және атқармаушы тістердің маңында осы белоктарды деңгейі әртүрлі болады. Осы өзгерістерді жекеленген одентияны эксперименттік моделін жасай отырып төмендегідей болтанын көруге болады: бірінші айда барлық белоктардың саны төмендейді, одан соң, екінші айда бірден көтеріліп, үшінші айда қайтадан түседі.
Қорыта айтқанда, пародонтқа түскен функциялық күшке жақ сүйектері тканьдерінің қатаратын жауабы минералданудың және белоктардың алмасуының өзгеруі болып табылады. Бұл жерде, қолайсыз жағдайлар әсер өткенде, әсіресе минералды тұздар болмағанда, сүйек тканінің өмір сүруінің жалпы биологиялық заңдылығы айқын көрінеді. Минералды компонентінен айырылған органикалық негіз остеонды ткань түрінде аз уақытқа сақталынады.
Көптеген жағдайларға қарай сүйектің минералды заттары кейде жоғалып, кейде ұлғайып отырады. Сүйек тканінің зат алмасу процесінде белоктық негіз болған өзгерістердің көрсеткіші болып саналады, оны реттеп отырады және минералды заттардың шоғырлану процесін бақылайды. Кальциймен күрделі белоктардың алмасуының арасындағы ерте мерзіміндегі бақылаулар, жақ сүйектеріндегі жаңа жағдайда байланысты қызметтерінің өзгеру заңдылықтарын көрсетеді. Мұнда сүйек тканіндегі барлық қорғаныс механизмдерімен бірге бейімделі реакциялары және компенсаторлық мүмкіндіктер байқалады.
Екінші одентияның салдарынан пайда болған тіс жақ жүйесіндегі өзгерістердің алғашқы сатысында функциялық диссоциацияны жою, жақ сүйектеріндегі зат алмасуды қабығына келтіріп, кері процесстерді туындатады (Миликеевич В. П. 1984). Пародонтқа және жақ сүйегіне қолайсыз жағдайлардың ұзақ әсер етуі, сол сияқты артық функциялдық күш және қызмет жасаудан толық шығып қалуы, тіс – жақ жүйесін «шектегі компенсация», суб және декомпенсацияға әкеліп соқтырады. Тіс қатарларының бүтіндігінің бұзылуын, тіс жақ жүйесінің бұзылуының алды деп қараған жөн.
1.Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил
2.Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с
3.Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У, Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с
4.Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)
5.Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с
6. Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)
7.Н. Г. Аболмасов Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.
8. В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.
9. В. А. Попков Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.
1.Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие
2.Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.
3.Е. Н. ЖулевКонструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.
Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)
4. Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.
5. Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)
6. М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с
1. Ортопедиялық емдеу әдістері
2. Тіс қатар ақауларын кешенді емдеу әдістері
3. Тіс қатар ақауларын емдеуде қазіргі кездегі әдістері
Тақырыбы: Стоматолоьгиялық бұйымдарды өңдеуге арналған материалдар
15 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: Металлдар, металл құймалары және олардың қасиеттері
17 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын құймалар, олардың мінездемесі
15 12 2014
1 стр.
«Ортопедиялық стоматологиядағы стоматологиялық материалтанудың негізі» электив пәні
14 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: «Тіс қатарларының деформациясын ортопедиялық және кешенді емдеу әдістері»
17 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: ҚР әскери және далалық жағдайда терапиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру
25 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: «Ауыз қуысында металл құрылғыларын жақтыртпайтын науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері»
16 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: «Ересек адамдар мен жасөспірімдердің тіс-жақ ауытқуларын ортодонтиялық емдеу»
17 12 2014
1 стр.