Перейти на главную страницу
ДӘРІС
Тақырыбы: «Ересек адамдар мен жасөспірімдердің тіс-жақ ауытқуларын ортодонтиялық емдеу»
ОS 5307 «Ортопедиялық стоматология» пәні
051302 «Стоматология» мамандығы
5 курс
Дәріс тақырыбы: Ересек адамдар мен жасөспірімдердің тіс-жақ ауытқуларын ортодонтиялық емдеу
Дәріс мақсаты: Студенттерді ересектерде және жас өспірімдерде кездесетін тіс-жақ жүйесінің аномалияларын ортопедиялық емдеу әдістерімен таныстыру
Дәріс жоспары:
1. Кіріспе
2. Тіс-жақ ауытқуларын ортопедиялық емге көрсеткіштер
3. Тіс-жақ ауытқуларын емдеу әдістері. Аппараттары
Ортодонтия – Тіс жақ жүйесінің деформацтясы мен аномалияның алдын алуын, емнің әдістерін, этиологиясы мен патогенезін зерттейтін ортопедиялық стоматологиясын бір саласы.
Аномалия – Тіс жақ жүйесінің түзілу кезіндегі пайжа болатын бұзылыстары.
Деформация – Тіс жақ жүйесі түзілгеннен кейін пайда болатын патология, және оынң генетикалық негізі жоқ.
Ортодонтиялық емнің негізгі объектісі – балаларда кездесетін тіс жақ жүйесінің аномалиясы.
Бірақ қазіргі кезде кіші ересектерде де ортодонттық ені қолдана басталды. Т.Н. Коваленко (1985) 17 ден 60 м дейін ересектерді зерттеу кезінде тіс жақ аномалиясының 30,9% адамдарда белгіленді. Тіс жақ аномалияларынан басқа тіс доғасының екінші ретті деформациясы кездеседі, олардың пайда болуы кариес тіл және кариес асқынуынан , пародонт аурулары мен оның парофункциясы кезіндегі тістердің қозғалғыштығынан, төменгі жақтың С.Б. ауруынан, шеттік пародонттың қабынулық ауруы сандарынан.
Науқастардың дәрігерге көрінудін негізгі себебі бет эстетикасының бұзылуы: еріндерінің қабыспауынан алдыңғы тістерінің дұрыс емес орналасуы, түсінің өзгеруі, қызыл иектерде ауыр сынуды сезу және альвеолярлы өсіндісі мен қатты таңдайдай мен Т.Ж.С.Б. ауруымен шайнау бұлшық еттерінің қарсыласуымен байланысты.
Ересектерде тіс жақ жүйесінің аномалияларының емінде өзінің ерекшеліктері бар, олар бір қатар факторлармен негізделеді.
Бет қанқасы түзіліп біткенмен кейін ғана ортодонттық емді жүргізеді
Сүйектің ортодонттық аппараттар әсеріне қиын үйренеді
Балаға қарағанда ересектерді ортодонттық аппараттарға үйренуі қиын жүреді
Тіс жақ аномалиялары тіс қатарының деформациясы мен дефектілерінен ауырмайды.
Ортодонттық ем балаларға қарағанда ұзақ уақыт жүреді
Ересектерді ортодонттық емдеуге көрсеткіші
Тіс қатарының немесе тіс топтарының орналасуының аномалиялары
а) жоғарғы жақтың күрек тістерінің таңдайың немесе вестибулярлық орналасуы
б) төменгі жақтың күрек тістерінің тіндік вестибулярлық иіліп орналасуы
в) диастема
г) алдыңғы тістердің айқың емес топтасуы
д) тістердің өз ісі бойынша 90° айналу
Тіс қатарының айқын емес тарылуы кезіндегі тіс-қатары аномалиясы немесе жоғарғы және төменгі тіс қатарының алдыңғы бөлігінің уплоиннис
Төменгі жақтың дистальды немесе медиальды толығымен негізделеген тістесудің бұзылуы
Пародонтит кезінде бөлек тістердің орналасуының түзелуі
Хирургиялық ем:
Тістердің тығыз орналасуы кезінде көбінесе бөлек тістерді жұлу қажет етеді, оның 76% кіші азу тістер. Жоғарғы еріннің төбесінің төмен бекітілуі жиі диастеманың себебі болып келеді.
Ортодонттық аппараттар.
Ортодонттық аппараттар орналасуына байланысты ауыз ішілік және ауыз сырты. Ауыз ішілік аппараттар бір жақ сүйектік және екі жақ сүйектік болады. Әсер етуі бойынша механиктік әсер етуші және функциональды. Олар алынбалы – салынбалы, алынбайтын болуы мүмкін. Комбинирленген аппараттар : ауыз ішілік және сыртының аппараттардың механикалық функциональды болып кездеседі.
Комбинирленген әсер етуші аппараттар:
Брюксель аппаратты төменгі жаққа кламмерлерден, вестибулярды доғадан, алдыңғы бөмінде иім мойындағы бар алынбалы пластмассадан тұрады. Төменгі жақтың бүйір бөлігі тарылған кезде Брюксель аппаратты винтпен қосылады.
Комбинирленген аппараттарға әсер етуі шайнау, жұту сөйлеу тынысалуды түзетуге бағыттанған активаторлар мен функция тормаушылар жатады.
Активаторлардың кемшілігі әсер етудің өте баяу болуы? Сондықтан ересектерде оларды қолданбайды
Ауыз сыртылық аппараттар
Прогения мен ашық тістесуді емдеу үшін некасты прогения мен сыртының таңғыш
Прогнатияны емдеу үшін сыртқы қысым түсіруші таңғыш
Төменгі жақтың орналасуының өзгерістері бұлшық ет функциясының өзгеруіне әкеледі. Бұлшық еттердің жаңа функциональды жағдайда үйренуі уақытты қажет етеді. Ересектерде төменгі жақтың ынғайсыз орнасуы жағымсыз реакция тудыру мүмкін, клиникалық көрінісі бұлшық еттің ауырсынуы, шаршауы. Егер үйрену мұршасы төменгі жақ сүйегі бұрыңғы қалпына келіп, ринедив басталуы мүмкін.
Жасөспірімдердің тіс жақ аномалиясын ортопедиялық емдеу.
Жақ сүйектердің, тіс қатары бұзылыстары мен ауытқуларын қандай да болмасын емдеу әдісін қолдану көбіне болатын жасына байланысты болады.
Миогимнастика – арнайы аппараттың көмегімен немесе өздігінен қолданатын емдеу әдісі. Ол жақсы нәтижені 3-7 жас аралықта береді, оның көрсеткіші берілген жаттығуларды дұрыс және уақытында жасау, үнемі дәрігердің бақылауында болу керек. Жаттығулар ойын түрінде өткізіледі, болатын физиологиялық мүмкіншілігінен аспауы керек.
Жүргізілетін миогимнастикалық жаттығулар:
Жекелеген тістердің оральды жаққа қарай орналасуы, тіл ұшының ауытқып орналасқан тіске қысып түсіру, ағаш таяқшасын тістеу
Жекелеген тістердің вестибуляр бетке орналасуы: саусақпен массаж жасау – саусақпен вестибулярлы орналасқан тіске оральды бағытта қысып түсіру.
Прогнатилық тістесуде ауыздың айналмалы бұлшық еттің функциясы мен төменгі жақ сүйегін алға жылжынушы бұлшық еттің қызметі өзгереді.
Ол үшін мынадай жаттықтырулар жүргізіледі:
Ауыздың айналасы бұлшық етіне жүргізілетін жаттығу:
а) ауыздың бұрышына баса өз саусақтарын салып еріндерін созады, жабық күйінде пайда болатын қысымнан туатын кедергіні аттап өту арқылы.
б) төменгі жақ сүйегін алға жылжытуға арналған жаттығулар:
бала қабырғаға тұрып сүйенуі бұл уақытта баланың жауырынын, өкшесі, желкесі, бөксесі қабырғаға тиіп тұрады. Қабысқан тіс қатарында бала жайлап төменгі күрек тістер, жоғарғы күрек тістерді жапқанша төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытады. Бұл уақытта иек барынша жоғары көтеріледі. Бұл жағдайда жақ сүйегі 5-10 сек. Ұсталынып тұрады, одан кейін дәл солай бұрынғы қалыпқа келеді. Жаттығу шаршау сезімі туғанша, бірнеше рет қайталанады. Бұлшық ет тонусы жоғарлаған сайын,жақтың медиальды бағыттатүру уақыты жоғарлайды.
Прогениялы тістелуде төменгі жақ сүйегі медиальды бағытта орналасқанда оны дистальды ығысуға және көтеруге арналған бұлшық еттерге жаттығулар тағайындалады. Ауызды бала қатты ашқанда тіл ұшының қатты таңдайдың жұмсақ таңдайға өтетін әсеріне тигізеді, жақты артқа ығысуларға талпынып, жайлап, ауыз жабылады.
Жаттығу күнін бірнеше рет, жергілікті шаршау сезімі пайда болғанша 5-6 рет қайталайды:
Ашық тістерде бүйір тістер аймағында тіс альвеляры, қысқаруды болдыру қажет. Бұл мақсатта балаға күнін 5-6 рет шайнау тістермен ағаш таяқшаны бар күйінен тістеткірген жөн.
Аппаратты әдіс
Бұл әдіс арқылы жақ сүйектері мен тіс қатары ауытқуларының көптеген түрін емдейді. Бұл әдістің негізіне арнайы аппараттар алынған, тағайындалуға байланысты бірнеше топтарға бөлінеді (профилактикалық, емдеу, ретенционды), әсер етуіне байланысты (механикалы, функионыльды, аралас), орналасу бойынша (ауыз ішілік, ауыз сыртылық), бекітілу әдісі бойынша (алынбалы, алынбайтын).
Әсер етуіне байланысты ортодонттық аппараттар механикалық, функциональдық, аралығы деп бөлінеді. Бірінші топтағы аппараттың ерекшеклігіне механикалық күшінен әсер ететін қандай да болмасын бір зат бар (эластикалық доға, серіппе, резиналы тартқыш, бұранда). Механикалық аппараттарына әсер етуі тұрақты болады. Функциональды аппараттарда ешқандай механикалық күш түсіретін көз жоқ. Бұл аппараттарға міндетті түрде болатын элемент ылди жазықтап немесе тістем алаңы болуы керек. Олар тек қана қызмет жасағанда ғана әсер етуі, тістер ылди жазықтықпен немесе тістем алаңымен тығыз жанасқанда ғана болады, шайнау бұлшық еттерінің жиырылу күштеріне және пародонт рецепторларының реакциясына байланысты. Аралас түрдегі әсер етуші аппараттарда бірінші және екінші топтағы аппараттарда бар элементтер кездеседі, қандай да бір механикалық әсер етуші көз және ылди жарық жоқ немесе тістем алаңы кездеседі. Барлық аппараттар әр түрлі қозғалыс жасайтын элементпен (тістерді әр түрлі бағытта ығыстыру, тіс қатарын пішіні мен көлемін өзгерту, төменгі жақ сүйегін ығыстыру) және аппаратта ауыз қуысында бекітуге арнлаған бейімделгіштерден тұрады.
Ортодонтиялық қаптамалар.
Ортодонттық аппаратта бекіту үшін немесе аппараттың белсенді бөлігі ретінде көмекші қызмет атқарады. Сауыттар уақытша болғандықтан, сауыт астындағы тістер егелмейді. Ортодонттық сауыттың жиегі жарақат болдырмау үшін шырышты қабатқа еніп тұрмайды. Қабысуға кедергі жасайтын ортодонтты сауыттың кейбір аймақтары көшірме қағаздың көмегімен анықталғаннан кейін, тегістеледі. Тіс аралық кеңістікте кіріп тұруы үшін сауыттың апроксимальды шақтап, келтіруге тудырса, тістерді бір-бірімен бөледі. Көптеген ортодонттық аппараттар алынбалы келді және оларды орнықтыру ерекше ортопедиялық стоматологиядағы алынбалы пластиналарды орнықтырудан ешқандай айырмашылығы жоқ. Бала протезге толығымен үйренгеннен кейін және оны қолдану барысында ол ешқандай жағымсыз әсер алмаса, аппараттың белсенділігін арттыруға болады. Аппараттың бекітілуіне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені аппаратта бекітілуімен емдеу нәтижесі көрінеді. Егерде аппараттың бекітілуі жақсы болмаса, бала онымен қолданбайды немесе аппаратты ұртының, тілдің, еріннің көмегімен ұстап, балада жағымсыз әдет қалыптасады, ол екіншілік деформацияға алып келеді. Әдетте бала аппаратқа тез үйренуі (7-10 күн), бірінші күндерде баланың дикциясы бұзылады. Көп жағдайда ортодонттық аппараттың механикалық күшінің көзі ретінде сым доғалары, серіппелер кіреді, олар тіс эмалімен жанасып, оның тұтқырлығының бұзылуына алып келеді. Сондықтан да тіс эмалімен жанасатын ортодонттық аппараттағы, металл элементтерін айырғңыш затпен жабу қажет. Кейбір жағдайларда тістерді қорғаныш ортодонттық сақиналы немесе сауыттармен қаптайды. Бұл әдіс кеңінен қолданбайды, ол айтарлықтай эстетикалық бұзылыстар тудырады.
Баларда үлкен кісілерге қарағанда алынбалы ортодонттық аппаратты қолданғанда шырышты қабаттың әр түрлі патологиялық реакциялары жиі кездеседі. Сондықтан ортодонт – дәрігер баланы мұқият қадағалағаны жөн. Баланы және ата-аналарды ортодонттық аппаратпен дұрыс қолдану ережесіне үйрету, оны күту, ауыз қуысының гигиенасына үйрету.
Жекелеген тіс топтарының орнала су ауытқулары
Оральды ішкі жаққа қарай орналасу.
Көбіне жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы аймағында кездесуі. Себептері: жақ сүйектері мен тістердің көлемінің сәйкес келмеуі, тістердің уақытында ауыспауы, адентия, тістердің артық шығыуы, тіс ұрықтарының дұрыс жатпауы, жағымсыз әдеттер, дамудың туа пайда болған ақаулары. Функциональды және эстетикалық бұзылыстар ауытқыған қалыпқа ие болған тістердің саны мен айқын болу дәрежесіне байланысты. Жақтардың сагитальды және трансверсальды қозғалыстары шектелгендіктен ауызды ашу және тағам шайнау қиындық туғызады. Жиі тілдің шырышты қабаты жарақаттанады. Тістерге тік бағытта емес көлденең бағытта қысым түскендіктен жайылмалы пародонтит болуы мүмкін.
Емі.
Ең бірінші ауытқып орналасқан тістің тіс қатарындағы орнын анықтап алған жөн. Егерде орын болмаса, оны тіс қатарын кеңейту арқылы немесе көрсеткіш бойынша эстетикалық немесе функциональды құндылығы төмен саналатын кейбір тістерді жұлу арқылы қалыптастырады. Тіс қатарында орын болғанда тісті дұрыс мынаның көмегімен орнықтырады: бұрандамасы немесе секторальды бөлшегі бар пластинка (белсендіру тәртібі – 2-3 күн аралықта бұрандамамен ¼-ін бұрау), протрагирленген серіппесі бар табақша (серіппені жұмасына 1 рет қатайту).
Тістердің вестибулярлы бағытта орналасуы.
Көбіне жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы топ тістерінде кездеседі. Бұл ауытқулардың себептері болып: жақ сүйектерінің жеткілікті дамуы, артық тістердің ауытқулары, жағымсыз әдептер, уақытында тістердің, ауыспауы жатады. Тістер вестибулярлы бағытта орналасқанда, тағамда тістің үзу және шайнау функциялары бұзылады, жекелеген дыбыстар дұрыс айтылмайды, тыныс алуы бұзылады. Эстетикалық бұзылыстар да болуы мүмкін.
Емі. Тіс қатарында орын болмағанда, дамымай қалған аймаққа массаж жасалады, функциональды қысымды үлкейтеді, Коффен серіппесі немесе бұрандасы бар табақша көмегімен. Тісті тіс доғасына орналастыру вестибулярлы доғасы бар табақшаның көлемімен, Энгельдің сырғымалы доғасына іске асырылады.
Вертикальді ось бойынша тістің айналып орналасуы (тортосмомалия).
Тістің орналасуына байланысты эстетикалықжәне функциональды бұзылыстар болуы мүмкін (тіспен үзу және шайнау). Егерде тіс 180о-қа ауытқыған болса, оған жасанды сауыт кигізу арқылы орнына келтіреді. Тіс вертикальды бағытта өз осінен айналып кеткенде, оны орнына келтіру үшін екі әр түрлі бағытта әсер ететін және көлемі жағынан бірдей екі күш әсер етуі керек, ол бұрандасы бар, секторальды бөлгіші мен вестибуляр доғасы бар табақшаның көмегімен іске асырылады.
1.Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил
2.Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с
3.Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У, Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с
4.Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)
5.Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с
6. Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)
7.Н. Г. Аболмасов Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.
8. В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.
9. В. А. Попков Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.
1.Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие
2.Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.
3.Е. Н. ЖулевКонструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.
Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)
4. Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.
5. Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)
6. М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с
1. Жасөспірімдерде тіс жақ ауытқуларын емдеу ерекшеліктері
2. Егде жастағы адамдарда тіс жақ ауытқуын емдеу ерекшеліктері
3. Жасөспірімдерде тіс жақ ауытқуларын емдеудің қазіргі кезеңдегі әдістері
Тақырыбы: Стоматолоьгиялық бұйымдарды өңдеуге арналған материалдар
15 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: Металлдар, металл құймалары және олардың қасиеттері
17 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын құймалар, олардың мінездемесі
15 12 2014
1 стр.
«Ортопедиялық стоматологиядағы стоматологиялық материалтанудың негізі» электив пәні
14 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: «Тіс қатарларының деформациясын ортопедиялық және кешенді емдеу әдістері»
17 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: ҚР әскери және далалық жағдайда терапиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру
25 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: «Ауыз қуысында металл құрылғыларын жақтыртпайтын науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері»
16 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: «Ересек адамдар мен жасөспірімдердің тіс-жақ ауытқуларын ортодонтиялық емдеу»
17 12 2014
1 стр.