ҚММУ Ф 4/3-04/01
2007 ж. 14 маусымдағы
ҚазММА жанындағы ОӘК №6 НХ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Ортопедиялық стоматология курсы бар терапиялық стоматология кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Ауыз қуысында металл құрылғыларын жақтыртпайтын науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері»
ОS 5307 «Ортопедиялық стоматология» пәні
051302 «Стоматология» мамандығы
5 курс
Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат
Қарағанды 2011 ж.
Курс отырысында бекітілген
«18»____02___2011ж. № __7_хаттама
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты________________ Н.С.Асакаев
Тақырыбы: Ауыз қуысында металл құрылғыларын жақтыртпайтын науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері
Дәріс мақсаты:Студенттерді ортопедиялық қабылдауда ауыз қуысын металл қоспаларын көтермейтін науқастармен таныстыру
Дәріс жоспары:
1. Металды тіс протезінде кездесетін токсикалық стоматит
2. Клиникалық көрінісі
Металл тіс протездерін қолдану барысында болатын асқынулар механикалық жарақыт.
Тіс протездерін қолданатын науқастардың ауыз қуысыныа әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатады:
-
Ауыз қуысы гигиенасының төмен болуы, ретенционды жерлерде тіс қақтарының көбеюі салдарынан пародонт тіндеріне жағымсыз әсерін тигізеді.
-
Жасанды қаптамалардың экваторын жеткіліксіз пішіндеу және олардың тіске дұрыс орналасуы әсерінен тұрақты жарақат пайда болады, тағам қабылдау және тіс тазалау кезінде қызыл иек жиегін әрдайым тітіркендіреді.
-
Протездеу кзінде пайда болатын жарақатты тістесудің кездесуі.
-
Жуылмалы аймақтың жеткіліксіздігі пародонт тінінің қоректенуін төмендетеді.
Электрогальваникалық және уытты әсер ету
Ауыз қуысындағы металл қоспалары адам ағзасына жүйелі түрде әсерін тигізеді, оған электрогальваникалық, уытты, аллергиялық әсерлер жатады, соның ішінде электрогальваникалық әсер ету тіс протездерінің жағымсыз әсерінен негізгі факторларының біріне жатады.
Металл қорытындыларынан дайындалған алынбайтын тіс протездерітіс қатарларының ауытқуларында, ақауларында, тіс-жақ жүйесі бұзылыстарында жиі кездеседі. Бұл протездер тек қана функциональды қызмет емес, сонымен қатар эстетикалық рөл атқарады.
Адамның ауыз қуысында ұзақ уақыт бойы адам ағзасына жақпайтын материалдардан тұратын бөгде заттардан дайындалған тіс протездері кездеседі. Сондықтан да қазіргі кезеңдегі ортопедиялық стоматологияда адам ағзасы мен металды тіс қоспаларының биоүлесімділік сұрағы туындайды.
Ауыз қуысында металл мен сілекей бір-бірімен әрекетке түскенде гальваникалық батарея пайда болады, одан шыққан тоқ протез бен бітеменің бұзылуына алып келеді, ауыз қуысында жағымсыз иіс пайда болады.
Қазіргі кезеңде салмалар мен тіс протезін дайындайтын құрылымдық материалдар адам ағзасына бейтарап болып саналады. Соның салдарынан 4-11 жағдайда науқастарда жағымсыз әсер туындайды, тіс протездерін қолдану мүмкін болмайды, субъективті симптомдар түрінде байқалады.
Тот баспайтын болаттан дайындалған тіс протездерімен қолданатын науқастарда электрогальваникалық асқынулар 6 пайызы кездеседі.
Күміс каппадан құймасы көмегімен протезделген науқастарда гальваниз жиілігі (СПС) 3,3 пайыз құрайды, бірақта науқаста ауыз қуысында 8-12 бірлік КПҚ тіс протездері жасалса, гальваноз жиілігі 24 пайызға дейін өтеді.
Ауыз қуысында металлдың әсер ету қарқындылығы келесі факторларға байланысты:
-
Металлдың табиғатына
-
Бір-бірімен жанасу жағдайына
-
Қоспаның құрамы мен құрылымдық жағдайына байланысты.
Ауыз қуысында гальванизм көріністері бар науқастарды клиникалық тексергенде субъективті және объективті сезімдер көрінеді.
Науқастарда ауыз қуысын гальванизмде субъективті көріністер келесі түрде болады:
-
Металлдың бөтен дәмі
-
Тілдің күйіп сезгіштігі
-
Дәм сезгіштіктің бұзылуы
-
Әр түрлі дәмнәі сезінуі (тұзды, қышқылдық)
-
Шамадан және сілекейден бөлінуі немесе ауыз қуысының құрғауы
-
Тамақтың қыжылы
-
Ауыздың қуырылу сезімі (оскомина)
Науқастарда көбіне мына шағымдар болады:
-
Бастын ауруы, бас айналу, тез шаршау, әлсіздік, жүректің айнау, ұйқының бұзылуы, жүрек тұсінің ауруы. Электрогальваникалық табиғаты бар металл қоспалары көтермейтін науқастарда объективті көріністер әр түрлі болады.
-
Лейкоплакияға тән созылмалы қабыну ошақтары,
-
Өздігінен тез жазылмайтын сызаттанулар мен эрозиялар
-
Хейметтер, глосситтер, лейкоплакия, жалпақ қызыл теміретке.
Басқа да мүшелер мен жүйелерде өзгерістер болады: Науқастың ауыз қуысында құрыш пен алтыннан тіс протездері болғанда, металл протездерінің әсерінен жалпы асқынулар кездеседі:
-
Асқазан ішек жолдары аурулары
-
Бауырдың ауруы
-
Жүйке жүйесінің аурулары
Ауыз қуысыныдағы металл қоспалары келесіге әсерін тигізеді:
-
Сілеккейдің сандық құрамы
-
Сілекейдің сапалық құрамы
-
Аралас сілекей ферменттерінің белсенділігі
Ауыз қуысында әр түрлі кристалл торлары бар бір немесе бірнеше металл қоспалары болғанда микротоқтар пайда болады.
Қоспа коррозиясына алып келетін протезді дайындау технологися бұзылғанда гальваникалық тоқ пайда болады. Тот басу өнімдері (темір, мыс, марганец, хром ауыз қуысына түсіп, сілекейде, қанда, зәрде, ағза тіндерінде жиналады. Көбіне, ауызда тот басуға стоматологияда кеңінен қолданылатындарға тот баспайтын болат, амальганды бітеме, күміс-каппада құймасының протездері жатады.
Металл қоспаларын көтермейтін науқастарда алдын-алу үшін, металл құрамдарын дайындағанда технологияны қатаң түрде сақтау, дәнекерсіз немесе толық құйылған протездерді кеңінен қолдану қажет. Бұндай науқастарды емдеу көп жағдайда аурудың этиологиясына байланысты. Гальванум кезінде ауыз қуысынан кері электр патенциалды бар металл құрамдарын алып тастау қажет. Аллергия кезінде барлық металл құрылымдарда реакция тудырмайтын материалдарға ауыстырады.
Негізгі:
1.Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил
2.Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с
3.Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У, Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с
4.Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)
5.Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с
6. Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)
7.Н. Г. Аболмасов Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.
8. В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.
9. В. А. Попков Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.
Қосымша:
1.Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие
2.Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.
3.Е. Н. ЖулевКонструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.
Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)
4. Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.
5. Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)
6. М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Металды тіс протезінде кездесетін токсикалық стоматит
2. Этиология және патогенез
3. Ауыз қуысында металл қоспаларын көтермейтін науқастарды қазіргі кезеңдегі емдеу әдістері
4. Клиникалық көрінісі