ҚММУ Ф 4/3-04/01
2007 ж. 14 маусымдағы
ҚазММА жанындағы ОӘК №6 НХ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Ортопедиялық стоматология курсы бар терапиялық стоматология кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Өндірісте әртүрлі зиянды факторлардың тіс-жақ жүйесіне әсері, алдын алу шаралары, ортопедиялық емдеу тактикасы»
ОS 5307 «Ортопедиялық стоматология» пәні
051302 «Стоматология» мамандығы
5 курс
Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат
Қарағанды 2011 ж.
Курс отырысында бекітілген
«18»____02___2011ж. № __7_хаттама
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты________________ Н.С.Асакаев
Тақырыбы: Өндірісте әртүрлі зиянды факторлардың тіс-жақ жүйесіне әсері, алдын алу шаралары, ортопедиялық емдеу тактикасы
Дәріс мақсаты: студенттерге тіс жақ жүйесіне жағымсыз әсер ететін факторлар туралы жеткізу
Дәріс жомпары:
1. Этиология
2. Жіктелулері
3. Патогенез
Ауыз қыусында тістердің кәсіптік зақымдануды көбіне күкіртті, тұзды, азот қышқылы, минералды тыңайтқыштар өндірісіндегі жұмыскерлерді анықталады.
Органикалық емес қышқылдардан буларының әсерінен тістерде декальцинация процесі жүреді. Жоғарғы және төменгі жақ алдыңғы тістерінің қышқылды некроз пайда болады. Тіс кереукесінің табиғи жылтыры мен түсу өзгереді, алдыңғы тістердің беткейінде қажалулар мен бұдырлар пайда болады, тіс кіреукесінің желінуі жүреді. Алғышқыда ауыздың қырылу сезімі, температураның өзгеруін байланысты тістердің ауырсынуы болады. Тістердің бұзылуы тістің кесу қырынан бастап тістің мойны мен түбіріне қарай үдейе түседі. Азот тотығы тістерде жасыл түсті қақтан пайда болуына септігін тигізеді, басында күрек тістер кейін азу тістер бұзылады. Біруақытта қышқыл буларымен және қышқыл ангидриттерімен ауыз қуысының шырышты қабаттары зақымдалып гингивит пен стоматит дамиды. Пародонт тіндерінің аурулары айтарлықтай жоғарлайды (гингивиттің катаральды түрі) қызыл иектің қанағыштығы мен сінуі болады, тіс қақтары жиналады.
Қатты тітіркендіргіш заттармен кәсіби байланысқа түскенде, мысалы, күшті қышқыл мен сілтілердің булары ауыз қуысының шырышты қабатында химиялық күйікке ұшыратады, ауыз қуысының шырышты қабаттының мүйізгектенуі – кератоз процесі жүреді. Бұл уақытта зықымдалған аймақтар зақымдалмаған аймақ деңгейінен жоғары тұрады да ақ-сұр түске боялады. Қырған уақытта эпителиі шырышты қабықтың төменгі қабатынан бөлінбейді, құрғақ және кедір-бұдырлы болады.
Алдын алу ашаралары. Бу және қышқыл ангидреді көп шығарылатын жерде жергілікті сорғыш аспаптар тұрғаны жөн. Тыныс алу жолдары мен ауыз қуысын қорғау үшін арнайы респераторларды қолданған жөн. Ауызды жиі 1-2 пайыз ас содасымен шаю қажет, кальций глюконаты қабылдап, жұмыстан кейін тістерді тазалау қажет. Өнеркәсіптің шаң-тозаң (аэрозоль). Адам ғзасына кәсіптік шаңның әсер етуі оның химиялық құрамына, пайда болу әдісіне, шаң-тозаңның көлеміне байланысты болады. Құрамына байланысты шаң-тозаңның жіктелуі:
-
Органикалық шаң-тозаң (өсімдікті, жануарлардың немесе синтетикалы)
-
Органикалық емес шаң-тозаң (металлды немесе минералды)
-
Аралас шаң-тозаң
Пайда болуына қарай кәсіптік шаң-тозаң дезинтеграциялы аэрозоль немесе конденсациялы аэрозоль. Дезинтеграция аэрозоль – әр түрлі дисперсті көлемді болады, ал конденсация аэрозолі әрқашанда ұсақ бөлшекті болады. Ең ауыр шаң-тозаңнан болатынын ауру – пневмокониоздар. Көбіне олар кремний шаңнан силикоз, металл шаңынан болатын аурулар (алюминоз, сидероз, бериллиоз), көмір шаңынан (антрокоз), өсімдік шаңынан болатын аурулар (биссиноз мақта шаңынан болады). Әр пневмокониоздың негізгі синдромы – өкпе тіндерінің склерозы. Склероз салдарынан кейін эмфизема мен өкпе тіндерінің ателектоза ошақтары пайда болады. Басында өкпелі, ал кейін жүрек жетіспеушілігі дамиды. Науқастар терең демалуға, жөтелге шағымданады, тез шаршау басым болады. Шаң-тозаңның көп түрлері ауыз қуысы тіндері мен тістерде зақымданулар туғызады.
Құмды және металлды шаң-тозаң.
Құмды және металлды шаң-тозаңының ауадан құрамы жоғары болған жағдайда жұмыскерлердің ауыз қуыстарының шырышты қабаттарында тітіркендіулер байқалады. Металлдың шаңдары немесе қатты кристалл бөліктері жоғарығы тыныс алу жолдары арқылы өтіп оның шырышты қабатына механикалық зақымданулармен әсер етеді, басында ол жерде гипертрофиялық, ал соңынан рениттік атрофиялық түрлері қалыптасады. Ауыр жұмыс кезінде тыныс алу ауыз арқылы болғандықтан ауыз қуысынан шырышты қабатында да қабыну процесстері кездеседі. Көптеген жұмыскерлерде металл өңдеген уақытта немесе құю жұмыскерлерінде тістерінің түсі металл шаңының әсерінен сары түстен қара түске боялады. Кварц шаңымен дем алатын жұмысшыларда көбіне тіс дегісі мен қызыл иектің қабынуы жүреді.
Негізгі:
1.Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил
2.Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с
3.Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У, Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с
4.Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)
5.Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с
6. Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)
7.Н. Г. Аболмасов Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.
8. В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.
9. В. А. Попков Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.
Қосымша:
1.Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие
2.Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.
3.Е. Н. ЖулевКонструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.
Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)
4. Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.
5. Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)
6. М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Жағымсыз факторлардың әсері
2, Жағымсыз факторлардың жіктелулері
3. Жағымсыз факторлардың алдын алу
4. Жағымсыз факторлардың емдеу әдістері