ҚММУ Ф 4/3-06/01
2007 ж. 14 маусымдағы ОӘК №6 НХ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Дәлелді медицина және клиникалық фармакология кафедрасы
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы: Асқорыту-ішек трактысы ауруының негізгі симптомдарымен синдромдары. Диагностикалау әдістері. Асқорыту-ішек трактысы ауруы фармакотерапиясының клинико-фармакологиялық принциптері.
Пән фармакотерапия
Мамандығы
5В 110300 «Фармация»
Курс
3
Құрастырған: ассистенттер О.А. Аменова, Б.Е. Тонкабаева
Қарағанды 2012 ж.
Кафедра отырысында талқыланған және бекітілген
03.09.2012ж. Хаттама № 1а
Кафедра меңгерушісі ________ Калиева Ш.С.
Тақырыбы: Асқорыту-ішек трактысы ауруының негізгі симптомдарымен синдромдары. Диагностикалау әдістері. Асқорыту-ішек трактысы ауруы фармакотерапиясының клинико-фармакологиялық принциптері.
Мақсаты: тәжірибелік сабақтың тақырыбын оқыған соң, білім алушы асқазан-ішек трактысы ауруларының негізгі симптомдары мен синдромдарын идентификациялауға, диагностикалау әдістерін қысқаша түрде мазмұндауға, асқазан-ішек трактысы ауруларында қолданылатын дәрілік заттарды таңдауға және тиімді әрі қауіпсіз, индивидуализирленген, бақыламалы фармакотерапиясын жүргізу үшін дозалаудың тәртіптерін есептеуге қабілетті болуы керек.
Оқыту мақсаты:
Білім алушы қабілетті болуы керек:
-
асқазан-ішек трактысы ауруларының негізгі симптомдары мен синдромдарын идентификациялауға
-
асқазан-ішек трактысы ауруларын диагностикалау әдістерін қысқаша түрде мазмұндауға
-
асқазан-ішек трактысы ауруларында қолданылатын дәрілік заттарды таңдауға
-
асқазан-ішек трактысы ауруларының фармакотерапиясын жүргізу үшін дозалаудың тәртіптерін есептеуге
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Негізгі асқазан-ішек трактысы аурулары.
2. Асқазан-ішек трактысы ауруларынының негізгі симптомдары мен синдромдары.
3. Асқазан-ішек трактысы ауруларының диагностикалаудың әдістері.
4. Асқазан-ішек трактысы ауруларының фармакотерапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері.
Оқыту және сабақ беру әдістері: TBL-командалық-бағдарланған оқыту (Қосымша) .
Әдебиет
Орыс тілінде:
негізгі:
-
Клиническая фармакология/под ред. В.Г. Кукеса 4-е издание, перераб. допол.-М., 2008.
қосымша:
-
Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания.- М.: «Практика», 2006 г. -1648 с.
-
Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева/- М.: Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640 с.
-
Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., Новая волна 2006
-
Вебер В.Р. Клиническая фармакология : учеб. пособие / В. Р. Вебер. - М.: Медицина, 2009. - 448 с.
-
Райд Д.Л. Клиническая фармакология и фармакотерапия: лекционный курс: пер. с англ. / Д. Л. Райд, П. К. Рубин, М. Р. Уолтерс. - М. : Мед. лит., 2009. - 416 с.
-
Клинческая фармакология: Национальное руководство/ под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, Лепахина «Геотар Медиа»., 2009
TBL арналған тесттер
1 Созылмалы гастрит этиологиясының экзогенді факторын көрсет:
а) асқазан тітіркендіретін дәрілік затты ұзақ қабылдау
б) құрсақ қуысынын қабыну аурулары
в) генетикалық фактор
г) зат алмасудын бұзылуы
д) эндокринді жүйенің аурулары
2 Созылмалы гастрит этиологиясының экзогенді факторды көрсет:
а) тамақтану уақытын бұзу, дұрыс тамақпен тамақтанбау
б) құрсақ қуысынын қабыну аурулары
в) генетикалық фактор
г) зат алмасудын бұзылуы
д) ұлпалық гипоксия тудыратын аурулар
3 Созылмалы гастрит этиологиясының эндогенді факторды көрсет
а) аутоинтоксикация және клегейлі қабықшадан улы заттарды бөлу (мыс қант диабеті кезіндегі кетоацидоз)
б) тамақтану уақытын бұзу
в) темекі шегу
г) ыстық немесе суықсуды қабылдау
д) кампилобактерия
4 Созылмалы гастрит этиологиясының эндогенді факторды көрсет
а) тамақтану уақытын бұзу
б) темекі шегу
в) генетикалық фактор
г) дұрыс жауабы жоқ
д) емделінбейтін жедел гастрит
5 Созылмалы гастрит этиологиясының экзогенді факторды көрсет
а) қоректенудін бұзылуы
б) темекі шегу
в) генетикалық фактор
г) дұрыс жауабы жоқ
д) емделмейтін жедел гастрит
6 Созылмалы гастрит этиологиясының экзогенді факторды көрсет
а) генетикалық фактор
б) құрсақ қуысындағы мүшелердің созылмалы аурулары
в) емделмейтің жедел гастрит
г) эндокринді жүйенін аурулары
д) зат алмасудын бұзылуы
7 Созылмалы калькулезды емес холециститтің даму факторын көрсет:
а) өт қапшығы гиперкинетикасы дискинезиясы
б) өт қапшығыныннормальды кинетикасы
в) өттің тұрып қалуы
г)физикалық жұмыс
д) дұрыс жауабы жоқ
8 Холециститті көбінесе не тудырады:
а) ішек таяқшасы
б) стафилококк
в) вирустар
г) қарапайымдар
д) гемофильді таяқша
9 Дисхолия- бұл:
а) өт қапшығы инервациясынын бұзылысы
б) өт қапшығы кинетикасынын бұзылуы
в) өт қапшығы тонусынын бұзылысы
г) өт ингридиенттерінін қалыпты қарым қатынасынын бұзылысы (холестерин,өт қышқылдары,билирубин,липидті комплекс)
д) дұрыс жауабы жоқ
10 Ойық жара ауруынын диагностикасындағы инфармативті әдіс:
а) өт қапшығының аймағын рентгенографиялық қарау
б) радиоизотопты диагностика
в) теплография
г) дұрыс жауабы жоқ
д) холецистография
11 Өт айдағыш препараттарынын қайсысынын құрамында өт қышқылы бар:
а) никодин
б) циквалон
в) шүйгіншөп препараттары
г) оксифенамид
д) лиобил
12 Көрсетілген препараттардың қайсысында өт тастарын еріту қасиеті бар: (холестеринді):
а) лиобил
б) маннит
в) олиметин
г) хенодезоксихолен қышқылы
д) магний сульфаты
13 Циметидин
а) плацента арқылы өтпейді және сүтпен экскретирленбейді
б)плацента арқылы өтеді және сүтпен экскретирленбейді
в) плацента арқылы өтеді және сүтпени экскретирленеді
г) плацента арқылы өтпейді және сүтпен экскретиленеді
д) дұрыс жауабы жоқ
14 Протеолиз ингибиторын көрсет:
а) гордокс
б) эссенциал
в) контрикал
г) катерген
д) зиксорин
15 Н2- гистаминоблокаторлардың қайсысынының жанама әсерлері көп:
а) роксатидин
б) фамотидин
в) ранитидин
г) циметидин
д) низатидин
16.Он екі елі ішектін және асқазанның ойық жара ауруы кезінде спазмолитиктерді тағайындаудың негізгі критерийлері:
а) асқазан қыжылы
б) айқын ауырсыну синдромы
в) диарея
г) іш қату
д) лоқсу, құсу
17 Өт препараттарының қайсысында итмұрын экстрактысы бар:
а) фламин
б) пижмада
в) холосас
г) никодин
д) холензим
18 Антисекреторлы препараттардың антисекреторлы әсері бойынша кемуін көрсетініз:
а) протон помпасынын ингибиторлары › Н2-гистаминоблокаторлар › М-холинолитиктер
б) Н2-гистаминоблокаторлар › М-холинолитиктер ›протон помпасынын ингибиторлары
в) М-холинолитиктер ›протон помпасынын ингибиторлары › Н2-гистаминоблокаторлар
г) протон помпасынын ингибиторлары › алмагель › Н2-гистаминоблокаторлар
д) М-холинолитиктер › алмагель › Н2-гистаминоблокаторлар ›протон помпасынын ингибиторлары
19 Смектаның әсер ету механизімін көрсетініз (диоктаэдрикалық смектит)
а) антацидті әсер
б) М-холинолитикалық әсер
в) қаптағыш әсер
г) ойық жараға сінеді және пленка түзеді
д) пепсиннің және тұз қышқылының өнімділігін төмендетеді
20 Антацидтердің қайсысы сіңіретіндерге жатады:
а) маалокс
б) алмагель
в) алмагель А
г) говискон
д) магнии тотығы
TBL арналған есеп.
Нақас ер адам, 25 жаста, аурухананың қабылдау бөліміне лоқсуға, жалпы әлсіздікке, жоғарлаған тершеңдікке, жүрек қағуға, жиіленген нашар пішінделген қара түсті нәжіске шағымдарымен түскен. Бұрын өзін саумын деп санаған, бірақ кейде түнгі уақытта ашқарынға ауырсынулар, қыжылдау, кезеңділікпен соданы қабылдаған, дәрігерге қаралмаған. Кеше кешке қарай лоқсу пайда болған, құсу болмаған, күрт әлсіздік, қалтырау сезімі пайда болған. Түнде ұйықтамаған. Түн бойы 5-6 рет қара түсті пішінделмеген үлкен дәрет болған. Таңертең әлсіздік күшейген, басайналу, жүрек қағыс пайда болған. Өз бетімен тұрғылықты жері бойынша аурухананың қабылдау бөліміне қаралған. Қараған кезде: жағдайы орташа аурлықта, терісі боз, ылғалды, тынысы везикулярлық, сырылдары жоқ, жүрек тондары ырғақты, пульс 112 қағыс минутына, әлсіз толықтығымен. АҚ – 90\ 60 мм рт.ст. Іші кепкен, пальпацияда ауырсынбайды. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған.
-
Бұл клиникалық жағдайға тән негізгі симптомдар мен синдромдарды ажыратыңыз.
-
Бұл клиникалық жағдайда қандай диагностикалау әдістерін қолдану керек?
-
Ұтымды фармакотерапиясының схемасын ұсыныңыз.