Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4 ... страница 9страница 10

1.3 Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету

Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету.

Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-қимылға әзірлікті қамтамасыз ету мақсатында:

- қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;

- қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу, аварияларды және олардың салдарларын шектеу және зардаптарын жою жөніндегі профилактикалық жұмыстарға әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тартуға;

- авариялардың, инциденттердің салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшін материалдық және қаржылық ресурстар резервін ұстауға;

- қызметкерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария, инцидент бола қалған жағдайдағы қорғану әдістері мен іс-қимылдарын үйретуге;

- қауіпті өндірістік объектілерде авария, инцидент бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және іс-қимылды қолдау жүйелерін құру мен олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.

Аварияларды жою жоспары.

Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.

Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.

Аварияларды жою жоспарында:

- жедел бөлім;

- аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлу, олардың іс-қимылдарының дәйектілігі;

- авария туындаған жағдайда хабарланатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімдері болады.

Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және авариялық-құтқару қызметтерімен және құрамаларымен келісіледі.

Қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекіткен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген жоспар бойынша жүргізіледі.

Оқу дабылын ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесе отырып жүргізеді.

Оқу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі.

Авариялардың себептерін тексеру.

Қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң iс-әрекетi

1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылар жұмыс iстемей қалған немесе олар зақымданған, технологиялық процесс режимiнен ауытқыған (бұдан әрi инцидент) кезде:

- үш тәулiк iшiнде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн хабардар етедi;

- инциденттi тексерудi жүргiзедi;

- инциденттердi болғызбау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;

- болған инциденттердiң есебiн жүргiзедi.

2) Авария болған кезде:

- болған авария туралы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне, жергiлiктi атқарушы органға дереу хабарлайды;

- хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етедi;

- аварияның себептерiн тексеру жөнiндегi комиссияға аталған комиссияның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы үшiн қажеттi барлық ақпаратты табыс етедi;

- комиссия жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырады.

Аварияларды тексеру жөнiндегi комиссия:

1) Қауiптілігi декларациялануға тиiс объектiлердегi аварияны уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.

2) Қалған аварияларды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.

3) Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң өкiлi аварияларды тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады.

4) Комиссияның құрамына қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң өкiлi кiредi.

Комиссияның құқықтары:

1) Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.

2) Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының өкiмiмен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны қажет ететiн мәселелер жазбаша нысанда қойылады. Сараптама комиссиясының барлық мүшелерi қол қойған материалдар аварияны тексеру жөнiндегi комиссияға комиссия төрағасы белгiлеген мерзiмде табыс етiледi.

3) Тексеру барысында аварияны тексеру жөнiндегi комиссияның болған оқиғаны көрген адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсiнiктеме алуға құқығы бар.

Комиссия тексеру барысында аварияның алдында болған мән-жайларды анықтайды, оның себептерiн, техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарын, технологиялық процестердi бұзудың сипатын, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бұзушылықтарды айқындайды, олардың салдарларын жою және мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi, материалдық залалды анықтайды.

Аварияны тексеру материалдарына:

- аварияның себептерiн тексеру үшiн комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;

- аварияның себептерiн тексеру актiсi, оған:

- авария болған жердi қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбалар, фото-суреттер;

- авария орнының эскизi;

- комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкiмi және аварияны тексеру жөнiндегi комиссия шығарған басқа да өкiмдер;

- сараптама комиссиясының аварияның себептерi туралы қорытындысы, зертханалық және басқа да зерттеулердiң, эксперименттердiң, талдаулардың нәтижелерi қоса берiледi;

- авариялық-құтқару қызметi қызметкерлерiнiң (егер олар аварияны жою үшiн шақырылған болса) баянхаттары;

- аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан жауап алу хаттамалары мен олардың түсiнiктемелерi;

- қызмет көрсететiн персоналды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша оқыту, олардың бiлiмiн тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;

- аварияның мән-жайы мен себептерiн сипаттайтын басқа да материалдар кiредi.

Тексеру материалдарын техникалық ресiмдеу қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей:

- декларацияланған объектiдегi авария жөнiндегi материалды - уәкiлеттi органға;

- қалған авариялар жөнiндегi материалдарды - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне жiбередi.

Комиссияның шешiмi бойынша аварияның себептерiн тексеру материалдары объект орналасқан жердегi сотқа жiберiлуi мүмкiн.

Объект иесi аварияның себептерiн тексерудiң нәтижелерi бойынша он күн iшiнде бұйрық шығарады.

Бұйрықта аварияның мән-жайы мен себептерi туралы комиссияның қорытындылары жариялануға, оның салдарын жою жөнiндегi шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi және кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы шаралар белгiленуге тиiс.

Объект иесi аварияны тексеру нәтижелерi бойынша ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмi туралы жазбаша хабарламаны уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне табыс етедi.

Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшiлiктерiнен болса, қауiптi объект иесi оны әзiрлеушiге рекламация, ал уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне оның көшiрмесiн жiбередi.

Аварияны тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi көтередi.

Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) сынауға және қолдануға рұқсат беру

Қайта жасалған техникалық құрылғыларға, материалдарға қабылдау сынақтарын жүргiзу.

Қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын қайта құрылған, оның iшiнде шетелде өндiрiлген техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне қабылдау сынақтарына жатады.

Қабылдау сынақтарын уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымдар жүргiзедi.

Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжiрибелiк үлгiлерiне қабылдау сынақтарын жүргiзуге рұқсатты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторы бередi.

Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжiрибелiк үлгiлерiне қабылдау сынақтарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн аттестатталған ұйым уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне мынадай құжаттарды:

- сынақ жүргiзу жөнiндегi комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрықты;

- сынақ бағдарламасы мен әдiстемесiн ұсынады.

Тәжiрибелiк үлгiлерге қабылдау сынақтары техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда жүргiзiлуге тиiс.

Уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қабылдау сынақтары дайындаушыда жүргiзiлуi мүмкiн. Сынақтардың көлемi мен оны жүргiзу тәртiбiн аттестатталған ұйым айқындайды.

Шетелде өндiрiлген техникалық құрылғылар, материалдар үшiн үлгiлерге қабылдау сынақтарын жеткiзушi елде Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жүргiзуiне жол берiледi. Мұндай сынақтарды жүргiзу уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

Қабылдау сынақтарының нәтижелерi бойынша техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптары мен нормаларына сәйкестiгi туралы акт, кемшiлiктерiнiң болуы немесе болмауы, оларды жою жөнiндегi ұсынымдар, өнiмнiң осы түрiн Қазақстан Республикасының аумағында қолдану жөнiнде ұсыныстар берiледi.

Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға рұқсат беру.

Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және олардың қолданылу аясы туралы қысқаша ақпараты бар өтінішті технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса ұсынады.

Технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган оларды қолдануға рұқсат бередi.

Пайдалану процесiнде технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда оларға берiлген рұқсат керi қайтарып алынады.

Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берiлген, керi қайтарып алынған рұқсаттардың есебiн уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында барлық құқық субъектiлерi үшiн қолданылады.

Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берiлген және керi қайтарып алынған технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар туралы ақпаратты уәкiлеттi орган мерзiмдiк баспасөзде жариялайды немесе уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

Техникалық құрылғылар құрамына кіретін ілмектерді, бөлшектерді, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға рұқсат беру талап етілмейді.

Жаңа, оның iшiнде шетелде өндiрiлген жарылғыш материалдарды қолдануға рұқсатты уәкiлеттi орган сынақтар кешенiн өткiзгеннен кейiн бередi, ол:

- жарылғыш материалдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер мен нормаларға сәйкес келуiне бақылау сынақтарын;

- өндiрiстiк жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтарын;

- өндiрiстiк сынақтарды бақылау сынақтарының нәтижелерiне байланысты бiр немесе екi кезеңде жүргiзудi қамтиды.

Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына кәсiпорынның, сараптама ұйымының және уәкiлеттi органның өкiлдерi енгiзiлуге тиiс.

Өтініш беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға тәжірибелік партияны қабылдап алу сынақтарының актісімен және жарылыс жұмыстары саласындағы аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысымен қоса өтініш ұсынады.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасауға:

- қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салудың, кеңейтудiң, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың, консервациялаудың және жоюдың жобалық құжаттамасы жатады.

Жобалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда мiндеттi түрде қайта сараптама жүргiзiлуге тиiс;

- қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;

- өндiрiстiк қауiпсiздiк декларациясы;

- ғимараттардың, құрылыстардың жай-күйі;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргізуге арналған аттестатты алған кезде ұйымдар;

- қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім қабылдау және оларға жер бөлуді келісу үшін қажет жоба алдындағы шешімдер жатады.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын уәкiлеттi орган аттестаттаған, өтініш беруші ұйымға тәуелсіз ұйымдар қауiптi өндiрiстiк объект иесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Сараптамалық қорытынды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу нәтижесi болып табылады.

Ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге аттестаттау.

Ұйымдар:

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында сараптама жүргiзу;

- авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу құқығына аттестатталуға тиiс.

Аттестаттау үшін ұйым өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызметтің түрін көрсете отырып, ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесімен, ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесімен, ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса өтініш ұсынады.

Құжаттарды қарау құжаттарды толық көлемде тапсырған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.

Уәкiлеттi орган қарау нәтижесi бойынша аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы дәлелдi шешiм ұйымға шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмде берiледi.

Аттестатты беруден мына себептер бойынша:

- ұйым өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сай келмегенде бас тартылуы мүмкiн.

Ұйым аталған себептерді жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.

Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.

Ұйым өзіне берілген аттестатта көзделмеген, осы баптың 1-тармағында аталған қызметті жүзеге асырған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртіппен аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады.

Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған жағдайда аттестаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Аттестаттың қолданылуы:

- ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтінішті ұсынған;

- оның қолданылу мерзімі біткен;

- заңды тұлға таратылған;

- аттестаттан айрылған жағдайларда тоқтатылады.

Уәкілетті орган аттестат алған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе ол республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

Уәкілетті орган берілген және өзінің қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.


1.4 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

- Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;

- Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары;

- Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары;

- облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;

- облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары;

- облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.

- Тексеру "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан, омырауға тағатын белгі және пломбир уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.

Мемлекеттік инспектордың:

- өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында қауіпті өнеркәсіптік объектілерге белгіленген тәртіпті сақтай отырып кіруге;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттармен танысуға;

- Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы акт - нұсқама енгізуге, бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартуға;

- адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейінгі кезеңде, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар.

Мемлекеттік инспектор:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалауды жүзеге асыруға;

- ұйымдардың Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, қорытындылауға, жүйелеуге және оларға талдау жүргізуге;

- Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:

- тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі акт;

- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;

- Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

- Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы.

Акт нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

Мемлекеттік инспекторлардың актілерін жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.

Мемлекеттік инспекторлардың өмірі мен денсаулығының сақтандырылуы Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік инспекторлар отбасы мүшелерінің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жоспарлы тексерулерді өндірістік объектінің тәуекел дәрежесіне қарай жүзеге асыру.

Тәуекелі жоғары дәрежедегі объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялануға тиіс объектілер жатады.

Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер жылына бір рет жүзеге асырылады.

Тәуекелі орташа дәрежедегі объектілерге технологиялық процесі тоқытылатын және өндіріс персоналының өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент туындауы мүмкін объектілер жатады.

Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

Тәуекелі болмашы дәрежедегі объектілерге техникалық құрылғылар бүлінетін және қызмет көрсететін персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент болуы мүмкін объектілер жатады.

Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

Тәуекелі ең төменгі деңгейге дейін жеткізілген осы санаттағы объектілер қауіптіліктің келесі санатына ауысады.

Тәуекелі төменгі деңгейдегі осы санаттағы объектілер үшін тексерулер көбейе түсетін үрдісі бар тәуекел факторлары бойынша жүзеге асырылады.

Өндірістік бақылау қауіпті өндірістік объектілерде қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің тәуекелін барынша азайту мақсатында жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті өндірістік бақылаудың міндеттері қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жолсыздықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау болып табылады.

Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдарда өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.

Ережеде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары талаптарының іске асырылуын бақылайтын тұлғалардың өкілеттігі қамтылуға тиіс.

Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың функциялары мен өкілеттігін бекіту ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.


Бақылау сұрақтары
1. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар.

2. Қауіпті өндірістік объектілер және техникалық құрылғылар.

3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті.

4. Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері.

5. Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету.

6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.


2 Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымдар
Осы әдістемелік ұсыным «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңының 4-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес өңделді және қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалануға жолданды.

Әдістеме өнеркәсіп қауіпсіздігі жағдайын статистикалық талдау тәсілі және оның негізінде қауіпті өндірістік факторларды таратуға немесе оның қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуге бағытталған шаралар өңдеулерін, қабылданған техникалық шешімдер бағытын береді.

Талдама жүргізуге ыңғайлы болу үшін әдістемемен «алаңдардың суперұстанымдары» тәсілі ұсынылады, яғни Заң нормалары талдау элементтерін жалпы схемаға салу нәтижесі бойынша жалпы сурет қалыптастырумен элемент бойынша талданады.

Талдаманың барлық элементтері үшін келесі кезеңдерден тұратын, статистикалық талдама жүйесі пайдаланылады:

Жекелеген қауіпті өндірістік объектілерде болған авариялар, оқиғалар туралы ақпарат, жарақаттану, кәсіби ауру, авария, негізгі қордың тозуы туралы мәлімет жинау, яғни қауіпті өндірістік объектілер бойынша болған келеңсіз құбылыс туралы статистикалық деректер жинау.

Келеңсіз құбылыстар себебі болған ұйымдастыру-техникалық себептерді элементтерге бөлу.

Жүйелі сипаты бар келеңсіз құбылыстарға соқтыратын себепті-салдарлы байланыстарды анықтау:

- осы объектіде;

- өндіріс технологиясы бірдей объектілерде;

- жалпы сала бойынша.

Жүйелі сипаты бар келеңсіз құбылыстарға соқтыратын себепті-салдарлы байланыстарды тарату бойынша ұсынымдарды өндіру:

- нақты объектіде;

- бірдей технологиялы объектіде;

- жалпы сала бойынша.

Келеңсіз құбылыстар себебін жою бойынша ұсынымдар талқылау мен өндіру бойынша сала мамандарымен техникалық кеңестер өткізу.

Техникалық кеңестің сала мамандарының ұсынымдарын есепке алумен келеңсіз құбылыстар себептерін түзету бойынша нұсқаулар қабылдауы.

Техкеңестің нұсқауларын мемлекеттік ұйымдар, шаруашылық субъектілер жүзеге асырады.

Жүзеге асырылған нұсқаулардың тиімділік бағасы, өндірістік объектілердің қауіптілік деңгейін төмендету бойынша бұдан әрі шаралар өндіру.


<предыдущая страница | следующая страница>


А. Х. Жакиянова Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған

1777.56kb.

08 10 2014
10 стр.


Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1 тармақшасына сәйкес, БҰйырамын

15.32kb.

12 10 2014
1 стр.


Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сәйкестігін бағалау үшін бұзылмайтын бақылауды қолдану мақсатты бақылау объектілерінің: техникалық құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілі тізімі

Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 1 қосымша

27.64kb.

04 09 2014
1 стр.


Суды электрлі ыдырату тәсілімен сутегін алу өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

Осы Талаптың құзыры жүретін барлық өндірістер мен нысандардың құжаттары болады, оның ішінде

837.91kb.

12 09 2014
5 стр.


Жасанды отындар үшін жарылу санаттарын анықтау

Тозаңды отынды дайындау мен жағуға отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына қосымша

131.54kb.

23 09 2014
1 стр.


Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

Ескерту (жұмыс бойынша өкімдер мен ескертулер, және приборлардың жұмысқа қабілеттілігінің күн сайынғы тексеру нәтижелерінің жазуы)

52.16kb.

15 10 2014
1 стр.


Название курса: Өмір қауіпсіздік негіздері

Предназначено для студентов специальности: барлық экономикалық және техникалық мамандықтарға арналған

178.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Бұзылмайтын бақылау саласында персоналдың біліктілігіне қойылатын талаптар

Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 4 қосымша

53.95kb.

14 12 2014
1 стр.