Перейти на главную страницу
Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы қатерді басқаруға ауыстыру қауіпті өндірістік факторларға қойылатын қолжетімділікті өзгертуді талап етеді.
Қауіпті өндірістік объектілерді жобалау кезінде өндірістік процесске тән қабылданған барлық қауіпті өндірістік факторлар ескерілуі, олардың қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер етуінен қорғау бойынша жобалық шешімдер өңделуі тиіс.
Жобалық шешімдерді талдау кезінде қабылданған технологияға тән барлық қауіпті өндірістік факторларды есепке алудың толықтығына, қызметкерлерді, жұртшылықты, қоршаған ортаны олардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылданған жобалық шешімдердің жетімділігіне назар аударылады.
Қауіпті өндірістік объектілерде келеңсіз құбылыстарды талдау кезінде қауіпті өндірістік объектілерді зақымдайтын әсерлерден қорғау бойынша қабылданған жобалық шешімдердің тиімділігіне назар аударылады.
Талдау кезінде қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсері бағасының толықтығына назар аударылады, қауіпті өндірістік факторлар бойынша олардың зиянды әсері дәрежесі бойынша салыстырмалы талдама жүргізіледі, анағұрлым көп зиянды әсері бар факторлар бойынша шаралар қабылдау басымдығы, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету немесе тарату бойынша шаралардың тиімділігін бағалау.
Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу нақты объектілер мен аумақтарда қолданылатын қатер факторлары бойынша толық ұсынымды қалыптастыру үшін қажет, қызметкерді, жұртшылықты, аумақты, қоршаған ортаны оқиға, авария, диверсия, әскери әрекет, техногендік төтенше жағдайлар кезінде қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғауға қойылатын жүйелі кешенді қолжетімдікті өндіруге мүмкіндік береді.
Қауіпті заттарды қауіпті өндірістік объектілерде тасымалдау мониторингі жоспарлау және олардың адамға, қоршаған ортаға және жалпы биосфераға зиянды әсерін таратуға жедел әрекет етуге дайындықты, осы заттар пайдаланылатын объектілердің жағдайын мемлекеттік бақылау толықтығын қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан ерекше маңызға ие.
2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
Заңмен өндірістік объектінің қауіптілік деңгейінің бағасы сәйкес коэффициент бойынша көзделген:
1) жазатайымоқиғалар жиілігі;
2) жазатайымоқиғалар ауырлығы;
3) өлімге соқтыратын жарақат жиілігі;
4) кәсіби ауру;
5) негізгі қордың тозуы;
6) негізгі қорларды ауыстыру;
7) қауіпті өндірістік объект авариялығы.
Өндірістік объектілердің барлық санамаланған қауіпті факторлары қоғамды мүдделік тұрғысынан келеңсіз сипатқа ие және қауіптіліктің жалпы деңгейі көрсеткішінің үлкеюі қажетсіз сипат болады.
Өндірістік объектінің қауіптілік деңгейінің талдамасы коэффициенттер деректері бойынша анағұрлым анық, өйткені олар өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша объектте барлық қызметтің соңғы нәтижесін көрсетеді. Талдаманы ұйымдағы бар барлық қауіпті өндірістік факторлар бойынша жүргізу ұсынылады.
Өндірістік факторлар қауіптілігі деңгейінің өзгеру динамикасына байланысты ұйым бойынша тұтас өндірістік объектінің қауіптілік деңгейінің өткен талдам жүргізген кезеңмен салыстыру бойынша 3 нұсқасын қарау көзделеді:
қауіптілік деңгейінің төмендеуі;
қауіптілік деңгейін сол мәнде сақтау;
қауіптілік деңгейінің жоғарылауы.
1-нұсқа. Қауіптілік деңгейін төмендету
Кәсіпорында қауіптілік деңгейіне талдама жүргізіледі, кәсіпорында қауіптілік деңгейінің төмендеуі жүргізілген қауіптіліктің жалпы деңгейі көрсеткіштері анықталады, оң тенденция анықталады, сәйкес қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын басқа кәсіпорындар үшін оң тәжірибені пайдалану бойынша ұсынымдар зерделеніп өңделеді.
Болу негізінде декларациялау жүргізілген қатер факторын тарату кезінде декларацияланатын объектілер үшін аса қауіпті объектілер санатынан шығу кезінде ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығарумен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлға алдында жыл сайынғы сақтандыру қажеттілігін болдырмаумен жоспарлы мемелекеттік басқаруды 3 жылда 1 рет тексерумен өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы бастамасын жүргізу ұсынылады.
2-нұсқа. Сол мәнде қауіптілік деңгейін сақтау
Авариялық жазатайым оқиғаларды тергеу себеп талдамасымен, нәтижесінде авария, жазатайым оқиға болған өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын орындамауға жол берген тұлғаларға әкімшілік шара қабылдаумен жүргізіледі. Кәсіпорындағы қауіптілік деңгейінің талдамасы жүргізіледі, қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштері, қатер факторлары, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы, нәтижесінде авария, жазатайым оқиға болған объективті себептер анықталады, олардың талдамасы, барлық сәйкес қауіпті өндірістік объектілерге оларды болдырмау туралы ақпарат жеткізумен ұсынымдар өңдеу және қорыту.
Жоспарлы тексерісті «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын және Заңға сәйкес басқа да әсер ету шараларын орындамауға жол берген тұлғаларға әкімшілік шара қолдану бағдарламасына сәйкес толық көлемде жүргізу ұсынылады. Мемлекеттік органдардың жазбаларын келісілген мерзімдерде орындауға кезеңді бақылау жүргізу ұсынылады.
3-нұсқа. Қауіптілік деңгейін арттыру
Аварияларды жазатайым оқиғаларды тексеру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталмау фактісі бойынша өндірістік бақылауды жүзеге асыруды сәйкес түрде қамтамасыз етпеген, аварияның, жазатайым оқиғаның туындауына айыппұл төлеуге және өндірістің Заң нормаларын белгіленген тәртіпте орындамаумен сәйкес шара қабылданғанға дейін тоқтауына дейін соқтырған ұйымның басшылық құрамына әкімшілік шара қолданумен өндірістік бақылаудың қамтамасыз етілмеу себептеріне талдама жүргізіледі.
Кәсіпорында қауіптілік деңгейіне толық талдау жүргізіледі, қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштері, қатер факторы, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, нәтижесінде өндірістік объект қауіптілігінің деңгейінің өсуі болған объективті және субъективті себептері, олардың талдамасы, қорыту, бұл ақпаратты барлық сәйкес қауіпті өндірістік объектілерге жеткізумен оларға жол бермеу бойынша ұсынымдар өндіру анықталады.
Жоспарлы тексерістерді бағдарламаға сәйкес, өндірістік бақылауды қамтамасыз етуді Заңға сәйкес түрде ұйымдастырмаған ұйымның басшы құрамының тұлғаларына әкімшілік шара қолданумен толық көлемде жүргізу ұсынылады. Жазбаларды келісілген мерзімде орындауға жүйелі бақылау ұйымдастыру ұсынылады.
Өндірістік объектінің қауіптілік деңгейіне жұмыс ережесімен салыстыру бойынша салыстырмалы талдама үшін сала бойынша тұтас саланың статистикалық көрсеткіштері негізінде қауіптілік деңгейінің орташа салалық көрсеткіші есептеледі. Өндірістік объектінің қауіптілік деңгейінің орташа салалық көрсеткіштен асқан кезінде өңдеуге және осы объектіде қызметкерге қауіпті өндірістік факторлар зиянды әсерін төмендететін немесе тарату шараларын орындауға назар аудару ұсынылады.
2.4 Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңының құқықтық нормаларымен көзделген статистикалық ақпарат жинау жүргізіледі.
Талдамаға арналған ақпарат келесі бағыттар бойынша жиналады:
Пайдаланудың нормативтік мерзімін өткерген техникалық құрылғыларды алмастыру кестелері.
Пайдаланудың нормативтік мерзімін өткерген, алмастыру мерзімі оның қалдық пайдалану ресурсын анықтау мәніне кестемен анағұрлым кейін кезеңге ауыстырылған техникалық құрылғыларға өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кестелері.
Өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша қауіпті өндірістік объектілер басшылары мен мамандарының оқудан өтулері мен емтихан тапсыру кестелері.
Өндірістік бақылауды ұйымдастыру туралы ақпарат:
өндірістік бақылау туралы ереже;
өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес өндірістік бақылау жүргізген басшылар мен мамандар туралы бұйрықтар көшірмелері.
Оқиғалар, авариялар, жазатайым оқиғаларды тергеу материалдары, кәсіби аурулар туралы мәліметтер, орындалған алмастыру кестесі туралы мәліметтер, пайдаланудың нормативтік мерзімін өткерген техникалық құрылғылар сараптамасы.
Қауіпті өндірістік факторлардың болуы мен есепке алу. Қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету немесе тарату бойынша шаралар, олардың материалдық қамтамасыз етілуі. Орындалған шаралар туралы ақпарат.
Меморгандар жазбалары, олардың орындалуы туралы белгілер.
Үшінші тұлға алдында жауаптылық сақтандыру шартын жасау туралы ақпарат.
Қауіпті объектілерге қызмет көрсететін, АҚҚ техникалық жарықтандырылуды авариялық-құтқару қызметтері туралы мәлімет.
Аварияларды тарату жоспарларының болуы олардың материалдық және қаржылық, сондай-ақ оқу дабылының және аварияға қарсы жаттығулар жоспарларының, оларды жүргізу мен жүзеге асыру нәтижелері бойынша шаралардың қамтамасыз етілуі.
Декларациялау үшін негіз болып табылатын жұртшылыққа қауіпті факторлардың әсерін төмендету, тарату бойынша шаралар, оларды орындау бойынша ақпарат.
N – қауіпті объектіге жыл бойына қызмет көрсететін қызметкерлердің орташа жылдық саны.
Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициентін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 35-тарау, 317-бабына сәйкес мынадай деректер қосылады:
- осы өндірістік объектіде жыл бойына тіркелген жазатайым оқиға саны;
- қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын, зиянды және қауіпті өндіріс жағдайларымен айналысатын жұмыскерлер саны;
- өндірістегі жазатайым оқиға - өзiнiң еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын орындау кезiнде қызметкердiң жарақаттануы, немесе кәсiби ауруға шалдығуы, не денсаулығының күрт нашарлауы, улануы салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына не өлiмiне әкеп соқтырған өндiрiстiк фактордың қызметкерге әсер ету жағдайы.
Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффициентін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 37-тарау, 322-бабына сәйкес барлық жол берілген жазатайым оқиға бойынша еңбек ету қабілетсіздігі күндерінің саны туралы деректер есепке алынады.
Кәсіби ауру коэффициентін анықтау үшін жыл сайынғы медициналық қаралу деректерін есепке алу қажет.
Есепті жылда алғаш рет кәсіби ауру анықталған жұмыскерлер саны – бұл медициналық қаралу кезінде алғаш рет кәсіби ауру анықталған (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 «Міндетті медициналық тексеріп-қараулар өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауларды өткізу ережесін және кезеңділігін бекіту туралы бұйрығы) және мамандандырылған емдеу мекемелері растаған тұлғалар саны.
Кәсiби ауру - қызметкердiң еңбек (қызмет) міндеттерiн орындаумен байланысты оған өндiрістік факторлардың әсер етуiнен туындаған және оларға кәсіптік еңбек ету қабілетін уақытша немесе тұрақты жоюға соқтырған созылмалы немесе қатты ауруы.
Кәсіби ауру - жыл бойында қайтадан анықталған кәсіби аурулар мен уланулар санының өндірістік орта мен еңбек процесінің зиянды факторларының әсеріне тартылатын 100, 1000, 10000, 100000 жұмыс істеушілерге есептелген көрсеткіші.
Қатты кәсіби аурулар мен улануларға – рұқсат берілген шоғырлану немесе рұқсат берілген деңгейден шамалы асқан кезде зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың бір реттік (бір жұмыс ауысымынан артық емес уақытта) әсерінен кейін бірден пайда болған аурулар жатады (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» N 74-ө бұйрығы).
Созылмалы кәсіби ауруларға (улануларға) зиянды заттардың, қауіпті және жағымсыз өндірістік факторлардың ұзақ мерзімді әсері нәтижесінен туындаған аурулар жатады. Созылмалы ауруларға (улануларға) сондай-ақ, қатты және созылмалы кәсіби аурулардың (нервтік, жүрек қан тамырлары, гепатобилиарлы және басқа жүйелердің әртүрлі өндірістік улармен улануынан кейін тұрақты органикалық өзгерулері) жақын және алыс салдары жатады.
2.5.5 Негізгі қордың тозу коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
Ки = n4 / (10 x n5),
мұнда n4 – жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімін өткерген техникалық құрылғылар саны;
n5 – жыл қорытындысы бойынша негізгі құрал ретінде есепте тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны.
Ки – коэффициентінің тозуын анықтау үшін n5 техникалық құрылғылардың жалпы тізбесіне негізгі де, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша негізгі ретінде есепте тұрған, сәйкес салалық Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы пайдаланылатын көмекші құрал да қосылады.
n4 – жыл қорытындысы бойынша пайдалану мерзімін өткерген техникалық құрылғыларға нормативтік, құрылымдық немесе пайдалану құжаттамасымен, стандарттарда, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарында белгіленген пайдалану мерзіміне жеткен құрылғылар жатады. Техникалық құрылғыны бұдан әрі қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізбей пайдалануға рұқсат берілмейді.
Пайдаланудың нормативтік мерзімдері туралы мәлімет болмаған жағдайда пайдаланудың есепті мерзімі техникалық құрылғыны пайдалану шартын есепке алумен орташа салалық көрсеткіштерге сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетімен келісіледі.
Техникалық құрылғыларды пайдалануды болжанған шекті жағдай (қалдық қор) басталғанға дейін немесе қалдық қор шамасында белгілі бір кезеңге (пайдалану мерзімін кезең сайын ұзарту) ұзартуға рұқсат беріледі. Техникалық құрылғылардың, жабдықтар мен құрылыстардың қалдық қорды анықтау бойынша жұмыстарды пайдаланудың қалдық қоры есебін жүргізуге құқық беруге белгіленген тәртіпте аттестатталған ұйымдар жүргізеді.
Техникалық құрылғылардың, жабдықтар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігін анықтау бойынша жұмыстар:
техникалық құрылғыларды, жабдықтар мен құрылыстарды өндіру бойынша тапсырыс берушінің өтінімі бойынша;
Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің немесе белгіленген тәртіпте ұсынылған органның өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары бойынша уәкілетті бөлінісінің талабы бойынша жүргізіледі.
Техникалық құрылғылардың, жабдықтар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігін анықтау бойынша жұмыстарды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар миниистрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті аттестаттаған ұйымдар жүргізеді. Ұйымдастыру-техникалық мүмкіндіктер (аттестатталған зертханалар, қызметкер) болған кезде техникалық құрылғылардың, жабдықтар мен құрылыстардың техникалық жағдайын бақылау бойынша кейбір жұмыстарды пайдаланушы ұйым жүргізе алады.
Пайдаланудағы техникалық құрылғыларды, жабдықтар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту тәртібі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 04 бұйрығымен келісілген «Қауіпті өндірістік объектілерде техникалық құрылғыларды, жабдықтар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту тәртібі туралы» әдістемелік ұсыныммен анықталған.
10 – өндірістік объекті қауіптілігінің жалпы деңгейі есебі кезінде көрсеткіштерді келісу үшін тұрақты үлкендік болып табылатын түзету коэффициенті.
Егер жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімін өткерген техникалық құрылғылар саны нөлге тең болса, К0 нөлге тең болып қабылданады.
Техникалық құрылғыларды алмастыру Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті немесе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі органының өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары бойынша уәкілденген аумақтық бөлінісі талабы бойынша жүргізіле алады.
10 – өндірістік объекті қауіптілігінің жалпы деңгейі есебі кезінде көрсеткішті келісу үшін тұрақты үлкендік болып табылатын түзету коэффиценті.
«Авария» түсінігі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңына сәйкес анықталады.
Аварияларды тіркеу мен есепке алу ұйымда төтенше жағдайлар тудыруға соқтырған авария себебін анықтау актілері негізінде жүргізіледі. аварияны есепке алу дұрыстығын ұйым басшысы қамтамасыз етеді.
Аварияларға жабдықтардың (көлік құралдарының, машиналар, механизмдер, агрегаттар мен олардың қатарының) толықтай немесе жартылай зақымдалуы, жарылыс, тұтану, шаң газ ауалық қоспалардың тұтануы, улы және басқа газдардың кенет бөлінуі, әр түрлі энергияның кенет босатылуы, өндірістік процесстің ұзақ мерзімге (әдеттегідей ауысымнан артық) бұзылуын туғызған немесе өндірістік қуаттылықты тоқтатуға, не жартылай жоғалтуға соқтырған өрттер, сондай-ақ сипаты мен болуы мүмкін салдары өндіріс, адам өмірі мен денсаулығына әлеуетті қатер туғызған жағдайларда ғимараттардың, құрылыстардың, тау-кен өндірулердің және с.с. бұзылуы жатады.
Ка қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициентін анықтау кезінде ағымдағы жылы объектіде болған барлық авариялар ескеріледі.
2. Қауіпті өндірістік факторлар.
3. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу.
4. Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі.
5. Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі.
6. Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы.
1) күкірт қышқылы өндірісінде (колчедан, күкірттер, күкірт газынан шығатындар, сулфид кені және күкірт сутегі күйігінен алынатындар) ;
2) фосфор тыңайтқыштары өндірісінде;
3) күрделі тыңайтқыштар (аммофос, нитроамофос, нитрофоски және тағы басқалар) ;
4) күшейтілген тыңайтқыштар (қос суперфосфат, қос фторенді фосфат және тағы басқа) ;
5) тукосместерде;
6) экстракциялы фосфор қышқылы;
7) бор қышқылы;
8) бор;
9) бор тыңайтқыштары;
10) фтор қосындылары.
Химия өндірісін жобалау, құрылыстарын жүргізу және қайта салу жұмыстары тиісті құрылыстық нормалар мен ережелер бойынша жүргізіледі. Жобалық және техникалық құжаттарға өзгерістер енгізу жұмыстары, жобалаушы ұйыммен келісе отырып, жобалау құжаттарына өндірістік қауіпсіздік бойынша сараптау қорытындысының оң шешімі бойынша жүргізіледі. Енгізілген шешімдер жалпы технологиялық жүйенің қауіпсіздігіне, жұмысына кері әсерін тигізбейді.
Өндірістің қосалқы ғимараттары мен бөлмелерін жобалау және пайдалану (тұрмыстық, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау, мәдени қызмет көрсету және басқа да) тиісті құрылыстық нормалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.
Әрбір өндіріс жобалық құжаттармен қамтамасыз етіледі.
Әрбір жұмыс істеп тұрған және жаңадан қосылған өндірістерге технологиялық регламент, өндірістік бақылау туралы ереже, апаттарды жою жоспары және қауіпсіздік декларациясы дайындалып бекітіледі.
Өртке қарсы жабдықтар қалыпты түрде және ыңғайлы жерде орналасады. Өртке қарсы жабдықтарды өрт сөндіруден басқа мақсаттарға қолдануға болмайды.
Әрбір технологиялық жүйеге оның технологиялық бөліктерінің жарылыс қауіптілігін барынша азайту шаралары қарастырылады:
- технологиялық жабдықтардың ішкі жарылыстары мен өрттерін болдырмау;
- технологиялық жабдықтарды қираудан сақтау және апаттық ашылу кезінде олардан жанғыш немесе улы заттардың шығуын барынша шектеу;
- өндірістік ғимараттар мен сыртқы қондырғылар көлемінде жарылыстар мен өрт шығу мүмкіншіліктерін болдырмау;
- өндірістік ғимараттар мен сыртқы қондырғылар көлемінде жарылыстар мен өрттерден кейінгі салдарын азайту.
Шылым шегуге рұқсат етілген жерлерге сәйкестендірілген плакаттар ілінеді.
Барлық жарылыс қауіпті, химиялық өндірістерде технологиялық процесс барысында бөгде санкциясыз килігулердің алдын алатын шаралар дайындалады.
Өндіріс бөлмелеріндегі агрессивті сұйықтықтар төгілуі мүмкін едендер мен алаңдар борт немесе пандустармен жабдықталып, тоттануға қарсы қабатпен қабатталады. Ылғалды өндіріс бөлімшелеріндегі едендер траптар немесе зумпфқа қарай еңкіш болады және ылғал төзімділігі берік болады.
Еденді тазалау кезінде төгілген агрессивті сұйықтықтар міндетті түрде залалсыздандырылады.
Еденді тазалау және төгілген қышқыл сұйықтықтарды залалсыздандыру әк ұнтағымен жүзеге асады (құрғақ жинау).
Жұмысшылардың тұрақты жұмыс орындарындағы жылу өткізгіш едендерге (тас, кірпіш, бетонды және басқа да) төсеніштер немесе тор шарбақтар төселеді.
Ылғал технологиялық процесті жұмыс орындарын басқару бекеті орналасқан бөлмелердің үстіне орналастыруға, мұндай жұмыс орындарының үстіне немесе астына, нольдік деңгейде орналасқандардан басқа, желдету жабдықтарын қондыруға рұқсат етілмейді.
Өндірістік процестерді басқару бекетін зиянды және жарылыс қаупі бар, булар, газдар және шаңдар бөлінуі мүмкін өндірістермен, дірілдеуі жоғары технологиялық жабдықтары бар өндірістермен бір жерде орналастырмайды.
«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған
08 10 2014
10 стр.
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1 тармақшасына сәйкес, БҰйырамын
12 10 2014
1 стр.
Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 1 қосымша
04 09 2014
1 стр.
Осы Талаптың құзыры жүретін барлық өндірістер мен нысандардың құжаттары болады, оның ішінде
12 09 2014
5 стр.
Тозаңды отынды дайындау мен жағуға отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына қосымша
23 09 2014
1 стр.
Ескерту (жұмыс бойынша өкімдер мен ескертулер, және приборлардың жұмысқа қабілеттілігінің күн сайынғы тексеру нәтижелерінің жазуы)
15 10 2014
1 стр.
Предназначено для студентов специальности: барлық экономикалық және техникалық мамандықтарға арналған
25 12 2014
1 стр.
Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 4 қосымша
14 12 2014
1 стр.