Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 6страница 7страница 8страница 9страница 10

4.8 Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету


Иондайтын сәулелену көздерін пайдалану кезінде, аварияны тарату жоспарын өңдейді:

- радиациялық авариялардың алдын алу, олардың салдарын жайылтпау мен тарату бойынша жұмыстарға кәсіби авариялық-құтқару қызметін тартады;

- қауіпті өндірістік объектілерде жұмыскерлерді радиациялық авария, оқиға жағдайындағы әрекеттер мен қорғаныс әдістеріне үйретеді;

- радиациялық авариялардың салдарын жайылтпау мен тарату үшін материалдық және қаржылық ресурстар қоры болады;

- радиациялық жараланулардың алдын алудың медициналық құралдары және радиациялық авария кезінде зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету құралдары болады.

Аварияны тарату жоспарының келесі бөлімдері болады:

- авария кезінде болжанатын радиациялық жағдайдың ықтимал себептерін, түрлерін және аварияның даму сценарийлерін есепке алумен радиациялық объектіде болуы мүмкін аварияның болжамы;

- қорғаныс шараларын жүргізу туралы шешімдер қабылдауға арналған критерийлер;

- аварияны және оның салдарын тарату кезінде өзара әрекет жүзеге асырылатын ұйымдар тізбесі;

- авариялық радиациялық бақылауды ұйымдастыру;

- радиациялық авария өлшемі мен сипатын бағалау;

- авариялық жоспарды әрекетке енгізу тәртібі;

- хабарлау және ақпараттандыру тәртібі;

- авария кезінде персонал тәртібі;

- авариялық жұмыстар жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар қабылдайтын әрекеттер;

- авариялық жұмыстар жүргізу кезінде персоналды қорғау шаралары;

- өртке қарсы шаралар;

- тұрғындар мен қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар;

- зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету;

- радиоактивті ластану ошақтарын (телімдерін) жайылтпау мен тарату бойынша шаралар;

- персоналды авария жағдайындағы әрекетке дайындау мен жаттықтыру.

Өндірістік телімдерде, санитарлық өтулерде және радиациялық объектінің денсаулық пунктінде авария кезінде зардап шегушілерге алғашқы көмекке қажетті құралдар жиынтығы бар дәрі қорап, ал радиоактивті заттармен ашық түрде жұмыс жүргізілетін объектілерде ластанған тұлғаларды санитарлық өңдеуге арналған толтырылған қор болады.

Ұйымда персонал сигналы бойынша аварияны тарату жоспарына сәйкес әрекет ететін, туындаған авария туралы шұғыл хабарлау жүйесі қарастырылады.

Оқу жаттығулары, дабылдар уәкілетті органның аумақтық бөлініс және авариялық-құтқару қызметі өкілдерімен бірге жүргізіледі.

Оқу жаттығуларының, дабылдардың қорытындысы актімен ресімделеді.

Жүргізілген оқу жаттығуларының, дабылдардың нәтижесі бойынша актіде көрсетілген ескертулерді түзету бойынша бұйрықтар шығарылады.

Радиациялық авария фактісін анықтаудың барлық жағдайында ұйым әкімшілігі уәкілетті органның аумақтық бөлінісін тез арада ақпараттандырады.
Бақылау сұрақтары
1. Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар.

2. Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібі.


3. Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру.

4. Жабық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру.

5. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.

6. Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару.

7. Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

8. Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау.

9. Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету.



5 Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің

2011 жылғы «10» қарашадағы № 455 бұйрығымен бекітілген).

Осы Талап жұмыс қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) артық бу қазандарына және су температурасы 115 °С (388 К) жоғары су жылыту қазандарына пайдаланылады.

Осы Талапта пайдаланылған негізгі терминдер мен анықтамалар:

- электр қазан – атмосфералықтан жоғары қысыммен ыстық су (су жылыту қазандығы) немесе қанық бу (бу қазандығы) алу үшін жылу пайдаланылатын құрылғы;

- тікелей жылытылатын электр қазан – ыстық суды немесе қанық су буын алу үшін электр токтың тікелей жылытылатын су арқылы ағуы кезінде бөлінетін жылу пайдаланылатын құрылғы;

- жанама жылытылатын электр қазан (қарсыласудың электр қыздыру элементтерімен) – ыстық суды немесе қанық су буын алу үшін электр токтың жылытылатын суға тиелген қарсыласудың электр қыздыру элементтері арқылы ағуы кезінде бөлінетін жылу пайдаланылатын құрылғы;

- стационарлы қазан – жылжымайтын іргетасқа орнатылған қазан;

- бу аралас су трактысы бойынша қазан шекарасы – бекіту құрылғылары: қоректік, сақтандырғыш, дренажды және басқа клапандар мен қазан элементтерінің ішкі қабаттарын шектейтін және оған құбыр өткізгіштерді қосатын ысырмалар. Қазан шегінде бекіту құрылғылары болмаған кезде қазаннан бірінші болып ернемектік, жалғастықтық немесе дәнекерлеу қосылыстары саналады; жалғастықсыз дәнекерлеу кезінде қазан шекарасы болып құбырды дәнекерлеудің дәнекерлеу тігісі табылады;

- қазанның габаритті өлшемдері – қазанның оқшаулаумен және қапталумен, нығыздайтын немесе тіреу элементтерімен шығыңқы аспаптарды, сынама алу құбырын, импульсті құбырларды есепке алмай, биіктігі, ені мен тереңдігі бойынша өлшемдері;

- қазанның есепті қызмет ету мерзімі – мерзімі өткеннен кейін қысыммен жұмыс істейтін қазандардың негізгі бөліктерінің техникалық жағдайына өлшемдердің қолжетімділігі мен қазанды бұдан әрі пайдалану не оның қайтадан монтаждалу шарттарын анықтау мақсатында сараптамалық тексеру жүргізу керек болатын қазандардың күнтізбелік жылдардағы қызмет ету мерзімі. Қызмет ету мерзімі қазанды пайдалануға енгізу күнінен бастап саналады;

- қазанның (элементтің) есепті ресурсы – дайындаушы оның жұмысының сенімділігін дайындаушы нұсқаулығында көрсетілген пайдалану режимін сақтау шарты кезінде кепілдендіретін қазанды (элементті) пайдалану ұзақтылығы;

- қазанды сараптамалық тексеру – қазанның (қауіпсіз жұмыстың есепті ресурсының бітуіне байланыссыз) есепті мерзімі өткен соң, авариялардан немесе қысыммен жұымс істейтін зақымдалған элементтер табылғаннан кейін бұдан әрі пайдалану шарты мен мүмкіндігін анықтау мақсатында орындалатын қазанды техникалық тексеру;

- бұрышты дәнекерлеу қосылысындағы құрылымдық саңылау – жалғастық (құбыр) мен негізгі бөлшек арасында пайда болатын және дәнекерлеу жүргізгеннен кейін толықтай, не жартылай сақталатын саңылау;

- металлдың қызметтік қасиеті – беріктілік және жылулық есептер кезінде пайдаланылатын механикалық және физикалық сипаттама кешені;

- есепті қысым – есепті ресурс кезінде қазанның сенімді жұмысын қамтамасыз ететін негізгі өлшемдердің негізділігі кезінде беріктілікке есеп жүргізілетін бөлшектегі барынша көп артық қысым;

- қазанның (элементтің) рұқсат берілген қысымы – қазанның (элементтің) техникалық куәландыру немесе беріктілікке бақылау есебі нәтижелері бойынша белгіленген барынша көп рұқсат берілетін артық қысым;

- қазанның жұмыс қысымы – пайдаланудың қалыпты жағдайы кезінде қазанның барынша көп рұқсат берілетін артық қысымы;

- сынама қысым – қазанның немесе оның элементтерінің беріктілік пен тығыздыққа гидравликалық сынауы жүргізілетін артық қысым;

- пайдаланудың қалыпты шарты – жұмыстың жоспарлы регламентімен көзделген пайдалану режиімінің тобы: стационарлы режим, іске қосу, өнімділіктің өзгеруі, тоқтау, ыстық резерв;

- аттестатталған жобалық (құрылымдық) ұйым – қызметінің бірі қазанды жобалау немес оның элементтерін құрылымдау болып табылатын ұйым;

- қазан иесі ұйымы – қазан балансында болатын ұйым;

- қазан элементі – қазанның негізгі қызметінің бірін орындау үшін арналған қазанның жинау бірлігі;

- құбыр өткізгіш элементі – бу немесе ыстық су құбыр өткізгішінің құбыр өткізгіштің негізгі қызметінің бірін орындау үшін арналған жинақтау бірлігі;

- қазанның жинақтау бірлігі – құрамды бөлігі өзара дәнекерлеу және басқа да жинақтау операцияларымен қосылуға жататын өнім;

- бөлшек – атауы мен маркасы бойынша біртекті материалдан жинақтау операцияларын пайдаланусыз дайындалған өнім;

- өнім – саны данамен саналатын өндірістік өнімдер бірлігі;

- жұмыс ортасының температурасы – қазанның ерітілетін элементінде қарастырылатын будың немесе ыстық судың барынша көп температурасы;

- қабырғаның шекті температурасы – қазан немесе құбыр өткізгіш бөлшегі қабырғасының орта жағынан анағұрлым көп температурамен есеппен немесе сынаумен жылытудың уақытша үлкеюін есепке алусыз анықталатын барынша көп температурасы;

- сыртқы ауаның есепті температурасы – сыртқы ауаның жылдың анағұрлым суық бес күніне орташа температурасы;

- нормативтік-техникалық құжаттама – нормативтік сипатты техникалық құжаттама;

- өндірістік-техникалық құжаттама – өнімді дайындаушы кәсіпорын жасаған технологиялық регламенттер;

- ашық өткізетін бөліктер – адамдардың жанасуына қолжетімді, ток өткізу бөліктердің жерге қатысты оқшаулауы бұзылған кезде арасында (не олар мен жер арасында) адам үшін жанасу кернеуінің рұқсат берілетін мән шегінен асатын кернеу туындауы мүмкін ток өткізбейтін (металл) бөліктер;

- қарсыласудың электр жылыту элементі – электр токтың жоғары омдық қарсыласу балқымасынан дайындалған өткізгіш арқылы ағу кезінде жылу бөлінетін құрылғы;

- жабық типті қарсыласудың электр жылыту элементі – жоғары қарсыласу балқымасынан ток өткізгіші болатын, сыртқы қабатына қосылған, өткізгіштің жылытылатын сумен түйісуін болдырмайтын электр жылыту құрылғысы;

- құбырлы электр жылытқыш (тэн) – жоғары қарсыласу балқымасынан жасалған, сығымдалған электр оқшауланған толтырғыш (переклиз) ішінде орналасқан және түтікті металл қабатпен қоршалған шиыршық түріндегі ток өткізгіштен тұратын жабық типті электр қыздырғыш элемент.

Осы Талап:

- теміржол вагондарының;

- теңіз бен су кемелерінде және басқа да жүзу құралдарында, су астында пайдаланылатын объектілерде орнатылған;

- сыйымдылығы 0,025 м3 (25 л) және одан төмен емес жылу тасымалдағыш ретінде су орнына пайдаланылатын басқа заттардың қазандарына пайдаланылмайды.

Қазандардың монтажы мен жөнделуіне қойылатын талаптар дайындауға қойылатын талаптарға сәйкес болады.

Өлшеу бірлігінің (ӨЖ) халықаралық жүйесін енгізуге байланысты осы Талаптың 1-қосымшасында және осы Талапта пайдаланылған және бұл бірліктер арасындағы қатынас кестесі көрсетілген.

Паспорт әр қазанға мемлекеттік және орыс тілдерінде 2-қосымшаға сәйкес дайындалады.

5.1 Қазандар қабырғасында саңылаудың орналасуы

Люктерге, тесікшелер мен ернемектерге арналған саңылау дәнекерлеу тігістерінен тыс орналасады.

Дәнкерлеу қосылыстарында саңылаулардың орналасуына рұқсат беріледі:

- саңылау диаметрі 150 мм артық болмаған кезде корпустардың цилиндрлі тоғын қосылыстарында;

- қазандардың цилиндр тоғындары қосылыстарының көлденең қиылыстарында саңылау диаметрлерін шектеусіз;

- шығыңқы түптер элементтерінің дәнекерлеу қосылыстарында саңылау диаметрін шектеусіз.

Жалғастықтар мен люктерді дәнекерлеу тігістері толық балқытумен орындалады.

Торосферикалық (қораптық) түптерде саңылауларды орталық сферикалық сегмент шегінде ғана орнатуға рұқсат беріледі. Бұл ретте саңылау шетінен түп ортасына дейін хорда бойынша өлшенетін қашықтық түптің сыртқы диаметрінің 0,4 артық емес.

Цилиндрлі элементтерде екі көршілес саңылау ортасының және сыртқы беттегі шығыңқы түптер арасындағы қашықтық саңылаудың 1,4 диаметрінен кем емес немесе егер диаметрлер әртүрлі болса, саңылау диаметрінің жартысына тең.




5.2 Қазандардың құбырөткізгіштері

Әрбір құбыр өткізгіштің:

- ауыз су немесе желілік суды жеткізу;

- ол тоқтаған кезде қазанды үрлеу мен суды жіберу;

- қазанды сумен толтырған және түсірген кезде одан ауаны шығару;

- су сынамасын алу;

- қазанды пайдалану немесе тазалау кезеңінде химикаттарды енгізу;

- желілі суды немесе буды бұру.

Аталған құбыр өткізгіштерді қиыстыру немесе олардың болмауы жобалық құжаттамада көрсетіледі.

Қазан элементтеріне үрлеу, түсіру, дренажды және ауалық құбыр өткізгіштерді қосу саны мен орындары жобалау кезінде суды, булануды және қазанның ең төменгі бөлігінен суды, конденсатты және тұнбаны, ал жоғарғы бөлігінен ауаны шығаруды қамтамасыз ететін түрде таңдалады. Жұмыс ортасын өздігінен ағумен алып тастау мүмкін болмаған жағдайларда оны бумен, сығылған ауамен үрлеумен немесе басқа тәсілмен мәжбүрлі алып тастау көзделеді.

Үрлеу құбыр өткізгіші суды қысымсыз жұмыс істейтін ыдысқа бұрады. Қысымның ыдыс пен қазанның үрленетін элементі арасында 10 еседен кем болмай құлауын қамтамасыз ету шартында қысыммен жұмыс істейтін ыдысты пайдалануға рұқсат беріледі.

Бекіту органдарымен ажыратылатын бу өткізгіштің барлық телімдерінде конденсанттың бұрылуын қамтамасыз ететін дренаж орнатылады.

Нақты жабдық бойынша үрлеу, босату, дренаждау, химикаттарды енгізу және тағы сол секілді жүйелердің құрылымдық және құрастыру шешімдері қазанды авариялықты қоса, барлық режимде пайдалануды қамтамасыз етеді.


5.3 Болат құбырлар

Тігіссіз құбырлар домалатылған, шыңдалған немесе ортадан құйылған дайындамадан дайындалады.

Бойлық немесе шиыршықты тігісті электр дәнекерлеу құбырларын пайдалану барлық ұзындық бойына дәнекерлеу тігісін радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылау жүргізу шартымен рұқсат беріледі.

Әрбір тігіссіз немесе дәнекерлеу құбыры құбырға НТҚ сәйкес сынама қысыммен гидравликалық сыналудан өтеді.

Тігіссіз құбырлардың гидравликалық сынауын жүргізуге рұқсат берілмейді, егер:

құбыр барлық беті бойынша бұзылмайтын әдістермен бақылауға тартылатын болса (радиографиялық, ультрадыбыстық немес оларға тең);

дайындаушы 5 МПа (50 кгс/см2) және одан төмен жұмыс қысымы кезінде құбырлар үшін гидравликалық сынаудың оң нәтижесіне кепілдеме береді.


5.4 Дайындау, монтаждау мен жөндеу

Қазандар мен олардың элементтерін дайындау (дайындай түсу), монтаждау мен жөндеуді жұмысты сапалы орындау үшін қажетті техникалық құралдары және қазандарды дайындауға, монтаждауға және жөндеуге лицензиясы бар ұйымдар орындайды.

Қазандар мен олардың элементтерін дайындау, монтаждау мен жөндеу жұмыс басталарға дейін өңделген технология бойынша орындалады.

Дайындау (дайындай түсу), монтаждау мен жөндеу кезінде сапаны (ену, операциялық және қабылдау бақылауы) бақылау жүйесі жүзеге асырылады, жұмыстардың осы Талапқа және НТҚ сәйкес орындалуы қамтамасыз етіледі.


5.5 Арматура, аспаптар мен қоректендіру құрылғылары

Жұмысты басқару, қауіпсіз шарттар мен пайдаланудың есепті режимін қамтамасыз ету үшін электр қазандар:

- қысымның артуынан сақтандыратын құрылғылармен (сақтандырғыш құрылғылармен);

- су деңгейін көрсеткішпен;

- қысымды өлшеуге арналған аспаптармен;

- температураны өлшеуге арналған аспаптармен;

- бекіткіш, беткіткіш-реттегіш арматурамен және қосымша құбыр өткізгіштермен;

- қауіпсіздік аспаптарымен, қорғаныс және басқару құрылғыларымен, электр өлшегіш аспаптармен;

- қоректендіргіш және циркуляциялық сорғылармен жарақталады.

Қазан және электр қазандық жобасында режимді, өлшемді бақылауды, қазанды ажыратуды, сенімді пайдалануды, қауіпсіз қызмет көрсетуді, жөндеуді қамтамасыз ету үшін қажетті арматура, өлшеу құралдары, автоматика мен қорғаныстың саны көзделеді.

Жобаланатын қазандар мен электр қазандардың автоматтандыру деңгейі оларды қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты қадағалауынсыз пайдалануына мүмкіндік береді.

Автоматтандыру, дабылдама мен қорғаныс қалыпты жұмыс режимін, қазан мен жабдықтың бұзылуын туғызуы мүмкін жұмыс режимі бұзылған кезде қазанның авариялық тоқтауын енгізуді қамтамасыз етеді.


5.6 Сақтандырғыш құрылғылар

Ішкі көлемі бекіткіш органдармен шектелген қазанның әрбір элементі оларда қысымның рұқсат берілгеннен жоғары артуын жұмыс ортасын атмосфераға шығару жолымен немесе пайдалану жүйесімен автоматты болдырмайтын сақтандырғыш құрылғылармен қорғалады.

Сақтандырғыш құрылғылар ретінде пайдалануға рұқсат беріледі:

- тікелей әрекеттегі иінтіректі-жүктік сақтандырғыш клапандар;

- тікелей әрекеттегі серіппелі сақтандырғыш клапандар;

- бұзатын мембраналы сақтандырғыш құрылғылар (мембраналы сақтандырғыш құрылғылар – МСҚ);

- басқа да қорғаныс құралдары.

Иінтіректі-жүктік және серіппелі сақтандырғыш клапандардың шартты өту диаметрі 20 мм кем емес.

Екі клапанды орнатқан кезде олардың шартты өтуін бу өндірілімдігі 0,2 т/с дейін және қысымы 0,8 МПа (8 кгс/см2) дейін қазандар үшін 15 мм дейін азайтуға рұқсат беріледі.

Сақтандырғыш клапандар саны мен олардың өткізілімділік қабілеті 24570 МЕМСТ немесе 12.2.085 МЕМСТ сәйкес есеп негізінде анықталады.

Сақтандырғыш клапанды дайындаушы паспортпен және пайдалану бойынша нұсқаулықпен бірге жеткізеді.

Паспортта басқа да мәліметтермен қоса клапан шығынының коэффициенті, коэффициент жататын аудан көрсетіледі.

Әрбір сақтандырғыш мембрананың іске қосылу қысымын және пайдаланудың рұқсат берілетін жұмыс температурасын көрсетумен зауыттық таңбасы болады.

Паспорт бір тұтынушыға жолданған, бір түрдегі барлық мембранаға беріледі.

Қазандардағы сақтандырғыш клапандарды реттеу әдістері мен олардың ашыла басталу қысымын дайындаушы қазанды монтаждау мен пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетеді.

Сақтандырғыш клапандар қазандарды оларда қысымның есептіден (рұқсат берілгеннен) 10 % артық асуынан қорғайды.

Сақтандырғыш клапандардың есептіден 10 % артық толық ашылу кезінде қысымның артуына егер бұл қазан беріктілігі есебінде көзделген жағдайда ғана рұқсат беріледі.

Сақтандырғыш құрылғылар тікелей қазанға қосылған келтеқұбырларда немесе құбыр өткізгіштерде орнатылады.

Жалпы су бұру құбыр өткізгішіне жұмыс істейтін, қазаннан шығарында бекіту құрылғысы бар су жылыту қазандары үшін сақтандырғыш клапан орнына әр қазанға кері клапанмен бекіту құрылғысының қоршауы көзделеді. Бұл ретте жалпы бұру құбыр өткізгішінде бекіту құрылғысына дейін диаметрі есеппен анықталатын, бірақ әрқайсысы 50 мм кем емес, кемінде екі сақтандырғыш құрылғы орнатылады.

Қоршаулар мен кері клапандар диаметрлері есеп бойынша анықталады және қуаттылығы 250 кВТ дейінгі қазандар үшін 40 мм және қуаттылығы үлкен қазандар үшін – 50 мм кем болмайды.

Бір келтеқұбырда (құбыр өткізгіште) бірнеше сақтандырғыш клапанды орнату кезінде келтеқұбырдың (құбыр өткізгіштің) көлденең қиысу алаңы онда орнатылған клапанда қиысуының қосынды алыңының 1,25 кем болмайды.

Сақтандырғыш құрылғыны қорғалатын элементпен қосатын келтеқұбырдан немесе құбыр өткізгіштен ортаны іріктеп алуға рұқсат берілмейді.

Арматураны қазан корпусы мен сақтандырғыш клапан арасына орнатуға жол берілмейді.

Сақтандырғыш клапандар қызмет көрсетуге қолжетімді және қауіпсіз орындарда орналастырылады.

Жүктік немесе серіппелі клапандар құрылымы қазан жұмысы уақытында клапанның ақаусыздығын оны мәжбүрлі ашу жолымен тексеруге арналған құрылғыны көздейді.

Серіппелі клапандар құрылымы серіппенің орнатылған үлкендік үстінен тартылу мүмкіндігін болдырмайды, серіппенің рұқсат берілмейтін қыздырылудан және серіппе материалына зияны әсерін тигізетін тікелей ортаға әсерінен сақталуын көздейді.

Мембраналы сақтандырғыш құрылғылар:

- иінтіректі-жүктік және серіппелі сақтандырғыш клапандар олардың инерттілігі немесе басқа себептерге байланысты пайдалану мүмкін болмаған жағдайда бұл клапандар орнына;

- қысымды түсіру жүйесінің өткізу қабілетін үлкейту үшін сақтандырғыш клапандармен параллель орнатылады. Мембраналық сақтандырғыш құрылғылар мен олардың құрылымының қажеттілігі мен орнату орны жобамен анықталады.

Сақтандырғыш құрылғылардың персоналды клапандардың іске қосылған кезінде күюден сақтайтын бұру құбыр өткізгіштері болады. Бұл құбыр өткізгіштер қатудан қорғалады және конденсаттың жиналуы мүмкін орындарда оны алып тастау үшін дренажды құрылғылармен жабдықталады.

Дренаждарды бекіту құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.

Су жылыту қазанының сақтандырғыш клапандардан су бұру құбыры суды еркін құю желісіне қосылады.


5.7 Манометрлер

Әрбір қазанда жұмыс ортасының қысымын көрсететін манометр орнатылады. Оны қазан корпусының жалғастығында немесе құбыр өткізгіште бекіту арматурасына дейін орнатуға рұқсат беріледі.

6 МВт артық қуаттылықтағы қазандарда тіркейтін манометр орнатылады.

Әр қазанда қоректендіру желісінде қазан қорегін реттейтін орган алдында манометр орнатылады. Егер қазандықта әрқайсының бу шығарылымдығы 2 т/с кем бірнеше қазан орнатылған болса, жалпы қорек желісінде бір манометр орнатуға рұқсат беріледі.

Су өткізгіш желіні пайдалану кезінде екінші қорек сорғысы орнына қазанға жақын жерде осы су өткізгіш желіде манометр орнатылады.

Алып кету және жеткізу құбыр өткізгішті су жылыту қазандығы бар электр қазанда жылумен қамтамасыз ету жүйесінде қысымды бақылауға арналған манометр орнатылады. Манометрлер сондай-ақ, ауыз судың атмосферамен байланысты ыдысқа (коректік немесе кеңейткіш бак) берілу жағдайынан басқа ауыз су желісінде де орнатылады.

Қазанда қысымды өлшеуге арналған манометрлердің корпуста жұмыс қысымы 2,5 МПа (25 кгс/см2) дейін болған кезде 2,5, корпуста жұмыс қысымы 2,5 МПа (25 кгс/см2) артық болған кезде 1,5 төмен емес нақтылық сыныбы болады.

Манометр жұмыс қысымының шегі шәкілдің үштен екісінде болатындай шәкілмен таңдалады.

Манометр шәкілінде қазандағы жұмыс қысымына сәйкес болатын бөлуге қарсы қызыл сызық жүргізіледі, бұл ретте төмендетілген манометрлер үшін сұйық бағанының салмағынан қосымша салмақ есепке алынады.

Қызыл сызық орнына манометр корпусына қызыл түске боялған және манометр шынысына тығыз жабыстырылған металл пластинка бекітуге рұқсат беріледі.

Манометр оның көрсеткіштері қызмет көрсетуші персоналға анық көрінетіндей орнатылады, бұл ретте оның шәкілі тік жазықта немесе 30° дейінгі бұрыш астында алға қарай иілумен болады. Манометрді бақылау алаңы деңгейінен 2 м дейінгі биіктікте орнатылған манометрлердің номинальды диаметрі 100 мм кем емес, 2-ден 3-ке дейін 150 мм кем емес, 3-тен 5-ке дейін 250 мм кем болмайды.

Әр манометр алдында үшжүрісті кран немесе манометрді үрлеуге, тексеруге және ажыратуға арналған сәйкес құрылғы, ал бу қысымын өлшеуге арналған манометр алдында, сонымен қатар диаметрі 10 мм кем емес сифонды түтік орнатылады.

Манометрлерді мынадай жағдайларда пайдалануға рұқсат берілмейді:

- тексеріс жүргізу туралы пломбы немесе белгісі бар таңба болмаса;

- тексеру уақыты өтіп кеткен болса;

- маномтерді ажыратқан кезде оның нұсқары осы аспапқа арналған рұқсат берілетіннің жартысынан асатын шәкілді үлкендікке нөлдік бөлуге дейін жетпесе;

- шынысы сынған немесе көрсеткіш дұрыстығында көрінуі мүмкін басқа да ақаулары бар.
5.8 Температураны өлшеуге арналған аспаптар және басқару, бақылау

Әр қазан коммутирлейтін аппаратурамен, жылжымалы немесе орнатылған басқару пульті түрінде құрылымды ресімделген автоматты басқару, бақылау, қорғаныс және дабылдама аспаптарымен жарақталады.

Электр энергиясы мен электр өлшеуді электр қазандықтарда есепке алу «Өндірістік ғимараттар» 2.09.02-85 СНжЕ сәйкес орындалады. Әр қазанның тогы әр үш фазаның бірінде өлшенеді. Фазаның қисаюынан қорғаныс болған кезде токты бір фазада өлшеуге рұқсат беріледі.

Технологиялық бақылау көлемі «Қазандық қондырғылар» 11-35-76 СН жЕ талаптарына сәйкес болады.

Электродты қазанды электр қазандықтар ауыз (желілі) судың үлесті электр қарсыласуын анықтау құралдарымен жарақталады.

Қосынды қуаттылығы 1 МВт артық су жылыту қазанды қазандықтарда орта температурасын өлшеуге арналған аспап тіркеледі.

Қарсыласудың электр жылытқышты элементтері бар әр бу қазандығында судың рұқсат берілген деңгейден төмендеген кезінде электр қоректі автоматты ажырату көзделеді.
5.9 Бекіту және реттегіш арматура мен қосымша құбыр өткізгіштер

Қазанда немесе оның құбыр өткізгіштерінде орнатылатын арматураның корпусында мынадай деректерден тұратын анық таңбасы болады:

- дайындаушының атауы немесе тауарлық белгісі;

- шартты өту;

- шыртты қысым;

- орта ағынының бағыты.

Шартты бөлу орнына жұмыс қысымын көрсетуге рұқсат беріледі.

Шартты өтуі 50 мм және одан жоғары арматура белгіленген формадағы паспортпен қоса беріледі.

Арматура маховигінде арматураны ашу және жабу кезіндегі айналыс бағыты көрсетіледі.

Арматура типі, оның саны мен орнату орнын қазан жобасының авторы қазанды сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етумен таңдайды.

Бекіту органын қазаннан шығар орында қазандықтың жиналған бу өткізгішімен қосқанға дейін орнату міндетті. Қазандардың өнімділігі 4 т/с артық негізгі бу бекіткіш органдары басқаруды оператордың жұмыс орнына шығарумен қашықтан жеткізумен жарақталады.

Ауыз судың қазанға кіретін орнында судың қазаннан шығуын болдырмайтын кері клапан және бекіту органы орнатылады.

Су жылыту қазандарында екі бекіту органы орнатылады: бірі – қазанға кірерде және екіншісі – қазаннан шығарда.

Қысымы 0,8 МПа (8 кгс/см2) артық қазандарда әр үрлеу, дренажды құбырөткізгіште, су (бу) сынамасын алу құбыр өткізгішінде кемінде екі бекіту органы орнатылады, оның бірі реттелетін болады.

Ортаны қазаннан қазанға қарағанда төмен қысымды жинау багына (сепаратор, кеңейткіш және басқалар) бұру кезінде, жинау багы қысымның есептіден жоғары артуынан қорғалады.

Қорғаныс тәсілін таңдау, сондай-ақ арматураны, бақылау-өлшеу аспаптарын, сақтандырғыш құрылғыларды орнату орны мен саны жобамен анықталады.

Қазандардың барлық құбыр өткізгіштерінде арматураны қосу түйісумен дәнкерлеумен немесе ернемек көмегімен орындалады. Бу шығарылымдылығы 1 т/с артық емес қазандарда арматураны бұрандаға шартты өтуі 25 мм артық болмағанда және жұмыс қысымы 0,8 МПа (8,0 кгс/см2) жоғары болмағанда рұқсат беріледі.

Бекіту және бекіту-реттегіш арматура тікелей қазан корпусына қосылған жалғастықтарда немесе одан жұмыс ортасын бұратын, не алып кететін құбыр өткізгіштерде орнатылады. Бірнеше қазанды қосу кезеңділігі жағдайында олардың арасында мұндай арматураны орнату жобамен анықталады.

Арматураны оны басқаруға анағұрлым ыңғайлылықты ескерумен қазанға жақын орналастыруға болады.

Әр қазанның қоректендіру желісінде реттегіш арматура орнатылады. Қазан қорегін автоматты реттеу кезінде оператордың жұмыс орнынан реттегіш қорек арматурасымен басқару үшін қашықтан келтіру орнатылады.

Жалпы соратын және айдау құбыр өткізгіштері бар бірнеше қорек сорғысын орнату кезінде әр сорғыда сору жағында және айдау жағында бекіту органдары орнатылады. Әр ортадан тепкіш сорғының айдау жағында бекіту органына дейін кері клапан орнатылады.

Сақтандырғыш клапаны жоқ және пайда болған ағыны құбыр өткізгіштің есепті қысымынан асатын бекіту органы мен поршенді сорғы арасындағы қоректендіргіш құбырөткізгіште сақтандырғыш клапан орнатылады.

Қоректендіргіш құбыр өткізгіштің құбыр өткізгіштің жоғарғы нүктесінен ауаны шығаруға арналған ауалықтары мен құбыр өткізгіштің төменгі нүктесінен суды шығаруға арналған кәріздері болады.
5.10 Қоректендіру және айналымды сорғылар

Қазандарды қоректендіруге қазандарды қоректендіргіш құбыр өткізгішпен қосуға арналған жалпы топтық және жеке – тек бір қазанға арналған болады.

Қазандарды бір топқа қорек бойынша қосуға қазандарда жұмыс қысымының айырмасы 15 % аспайтын шарт кезінде рұқсат беріледі.

Жалпы магистральға қосылатын қоректік сорғылардың олардың қатар жұмысына рұқсат беретін сипаттамасы болады.

Қазандарды сумен қоректендіру үшін:

- электр жетекті ортадан тепкіш және поршенді сорғыларды;

- бу жетекті ортадан тепкіш және поршенді сорғыларды;

- бу инжекторларын;

- қол жетекті сорғыларды;

- су өткізгіш желіні пайдалануға рұқсат беріледі.

Су өткізгіш желіні қазанды қоректендірудің реттегіш органы алдында су өткізгіште судың барынша аз қысымы немесе қазанда рұқсат берілген қысым 0,15 МПа (1,5 кгс/см2) төмен болмайтын шарт кезінде, тек қазандарды қоректендірудің резервтік көзі ретінде пайдалануға рұқсат беріледі.

Бу ағынды инжектор бу жетекті сорғыға теңестіріледі.

Су жылыту қазанды қазандықтарда кемінде екі циркуляциялық желілі сорғы орнатылады. Сорғылардың ағыны мен өнімділігі ең қуатты сорғы қатардан шыққан кезде қалғандары жылумен жабдықтау жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететіндей есеппен таңдалады.

Әр сорғының не инжектордың корпусында мынадай деректер көрсетілетін кестеше бекітіледі:

- дайындаушының атауы немесе тауарлық белгісі;

- зауыттық нөмір;

- шыртты қысым;

- судың номинальды температурасы кезінде номинальды беру;

- ортадан тепкіш сорғылар үшін минутына айналым саны немесе поршенді сорғылар үшін минутына жүріс саны;

- сорғы алдында судың номинальды температурасы;

- номинальды беру кезінде барынша көп ағын.

Сорғының әрбір күрделі жөндеуінен кейін беру мен ағынды анықтау үшін оған сынау жүргізіледі. Сынау нәтижесі актімен ресімделеді.

Сорғымен жасалатын ағын қазанды гидростатикалық биіктікті және қазанда, реттегіш құрылғыда және ауыз су трактында қысымның жоғалуын есепке алумен жұмыс қысымы кезінде сумен қоректендіруді қамтамасыз етеді.

Жобалық (құрылымдық) ұйым сорғыны қазанды жұмыс қысымы кезінде, сонымен қатар сақтандырғыш клапандардың олардың толық ашылғанға дейін іске қосылу жағдайында қоректендірудің үздіксіздігін қамтамасыз ету сипаттамасымен таңдайды.

Қазандарды топтық коректендіру кезінде сорғы ағыны жоғарыда аталған талаптарды, қазан қорегін барыншы көп жұмыс қысымымен қамтамасыз ету қажеттілігін немес қоректендіру құбыр өткізгішінде ағынның барынша жоғалуын есепке алумен таңдалады.

Циркуляциялық және қоректік сорғылармен жасалатын су ағыны мен шығыны судың су жылыту қазаны мен жылумен жарақтау жүйесінде қайнап кету мүмкіндігін болдырмайды. Барынша аз су ағыны мен шығыны жобамен белгіленеді.

Қоректік құрылғылар түрі, саны мен схемасын қазанды барлық режимде сенімді және қауіпсіз пайдалануды және авариялық тоқтау кезінде қазан бөлшектерінің зақымдалуының алдын алуды қамтамасыз етумен жобалық ұйым таңдайды.

Қазандарды жалпы магистарльдан қоректендіру кезінде кемінде екі қоректік (циркуляциялық) сорғы орнатылады, бұл ретте әрқайсысының өнімділігі электродты қазандардың жалпы магистралынан бір уақытта жұмыс істейтін номинальды өнімділіктен 110 % кем болмайды.

Резервті сорғыны іске қосу жұмыс сорғысын ажыратқан кезде автоматты жүргізіледі.

Су жылыту қазандарын толықтыру үшін кемінде екі толықтыру сорғысы орнатылады.

Толықтыру сорғыларының өнімділігі ашық ыстық сумен жарақтау жүйесіне алынған ағулар мен су мөлшерінің қосынды үлкендігіне сәйкес болады.

Су жылыту қазандарын толықтыру циркуляциялық (желілік) сорғының соратын келтеқұбыры алдында немесе жылыту жүйесінің кеңейту багында жүргізіледі.


<предыдущая страница | следующая страница>


А. Х. Жакиянова Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған

1777.56kb.

08 10 2014
10 стр.


Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1 тармақшасына сәйкес, БҰйырамын

15.32kb.

12 10 2014
1 стр.


Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сәйкестігін бағалау үшін бұзылмайтын бақылауды қолдану мақсатты бақылау объектілерінің: техникалық құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілі тізімі

Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 1 қосымша

27.64kb.

04 09 2014
1 стр.


Суды электрлі ыдырату тәсілімен сутегін алу өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

Осы Талаптың құзыры жүретін барлық өндірістер мен нысандардың құжаттары болады, оның ішінде

837.91kb.

12 09 2014
5 стр.


Жасанды отындар үшін жарылу санаттарын анықтау

Тозаңды отынды дайындау мен жағуға отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына қосымша

131.54kb.

23 09 2014
1 стр.


Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

Ескерту (жұмыс бойынша өкімдер мен ескертулер, және приборлардың жұмысқа қабілеттілігінің күн сайынғы тексеру нәтижелерінің жазуы)

52.16kb.

15 10 2014
1 стр.


Название курса: Өмір қауіпсіздік негіздері

Предназначено для студентов специальности: барлық экономикалық және техникалық мамандықтарға арналған

178.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Бұзылмайтын бақылау саласында персоналдың біліктілігіне қойылатын талаптар

Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 4 қосымша

53.95kb.

14 12 2014
1 стр.