4.5 Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару
І санатты радиациялық қондырғыларда пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін бес жыл мерзімнен кешіктірілмей, тұтас объектіні немесе оның бөліктерін пайдаланудан шығару жобасы өңделеді. ІІ санатты радиациялық қондырғылар үшін пайдаланудан шығару жобасы пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін үш жыл мерзімнен, ІІІ санатты радиациялық қондырғылар үшін 1 жылдан кешіктірілмей өңделеді.
Радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару жобасында оны пайдаланудан әр түрлі кезеңдерде тоқтау, консервация, қайта монтаждау, қайта сақтандыру, тарату немесе көму, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шығарудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар көзделеді.
Радиациялық қондырғыларда пайдаланудан шығару жобасы:
- қайта монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған қажетті жабдықты дайындауды;
- өнеркәсіп қауіпсіздігін, жұмыстарды жүргізу кезінде дозиметриялық және санитарлы-гигиеналық бақылауды қамтамасыз ету бойынша шараларды;
- жөнделетін жабдықтың дезактивация әдістері мен құралдарын;
- радиоакитвті қалдықтарды пайдалану тәртібін;
- қоршаған ортаны қорғау шаралары және жұмыс барысында да, сондай-ақ аяқталған соң да экологиялық жағдайды қалыптандыруды құрайды.
Радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару бойынша жұмыстарды объект персоналы немесе осы жұмыстар өндірісіне жіберілген басқа ұйым персоналы орындайды.
4.6 Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау үшін радиациялық қорғаныс бағдарламасы өңделеді. Бағдарламада көзделген персонал мен тұрғындарды қорғау тәсілдері мен шаралары сәулелену үлкендігі мен нақтылығына байланысты болады.
Тасымалдау, қорғау және қауіпсіздікті жүзеге асыру кезінде жекелеген мөлшер үлкендігі, сәулеленуге тартылған адам саны және сәулелену нақтылығы барынша нанымды төмен деңгейде ұсталатындай, ал жеке сәулелену мөлшері сәйкес мөлшер шамасынан аспайтындай оңтайландырылады.
Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдауды жүзеге асыратын маманның өнеркәсіп қауіпсіздігі сұрақтары бойынша сәйкес дайындағы болады.
Иондайтын сәулелену көздері бар орауларда және оларды тасымалдайтын көліктерде сәйкес нөмірлер, таңбалар, этикеткалар мен белгілер болады.
Жүк жөнелтуші:
- көлік құралына тиеу, жүру жолында, түсіру, аварияны жою жоспары кезінде болуы мүмкін авариялық жағдайлар тізбесін, ілесіп жүретін авариялық-құтқару қалыптасуының болуын көздейтін өңдеуді;
- орау жиынтығын қауіпсіз тасымалдау, орауды дұрыс таңбалау және көлік құралында ескерту белгісін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкестігін;
- көлік құжаттары дұрыс толтырылуын және қажеттілігіне қарай қолжетімді болуын;
- көлік құралдарындағы көрсетулер, шектеу шаралары, маршрутты белгілеу және авариялық жағдайдағы әрекет түріндегі тасымалдаушы міндеттерін;
- иондайтын сәулелену көздері бар орауларға сертификаттарды;
- орама мен жүкке қойылатын қолданыстағы талаптарды орындау бойынша сапалы қамтамасыз ету кепілін;
- тасымалдау мен алдын ала дайындық жүргізудің барлық кезеңдерінде авариялық-құтқару қалыптастырудың өзара әрекет ету тәртібін бекітуді;
- аварияны таратуға және зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетуге арналған құралдарды қамтамасыз етеді.
4.7 Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау
Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдайтын автокөлік құралдары келесі талаптарға сәйкес болады:
-
дайындаушының құрылымдық-техникалық сипаттамасына;
-
тіркеу құжаттарының деректеріне;
-
иондайтын сәулелену көздерін қауіпсіз тасымалдау шарттарына;
-
автокөлік құралдарына қойылатын санитарлы-гигиеналық критерийлерге;
-
жол қозғалыс ережелеріне;
-
еңбек режимі және жүргізушілер демалысын тіркеудің бақылаушы құрылғыларымен жабдықталған (тахографтармен) болады;
-
тану белгілерімен жабдықталады;
-
Қазақстан Республикасы аумағында радиоактивті материалдарды тасымалдауға жіберілетін автокөлік құралдарының рұқсаты болады;
-
ақаусыз аспаппен және жабдықпен;
- жүргізушінің және ілесуші персоналдың жеке қорғаныс құралымен жиынтықталған болады.
Иондайтын сәулелену көздерін автокөлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер қауіпті жүктерді тасымалдау талаптарына сәйкес болады.
Иондайтын сәулелену көздерін автокөлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау бойынша сапар басталарға дейін рейсалды нұсқаулықтан өтеді және өзімен бірге келесі ілеспе құжаттары болады:
- жүргізушінің Қазақстан Республикасы аумағында радиоактивті материалдарды тасымалдауға рұқсаты туралы куәлігі;
- иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау маршрутының бланкісі;
- жүргізушіге нұсқаулық;
- көлік жапсырмасы;
- жүк жөнелтуші өңдеген авариялық жағдайдағы әрекет жоспары;
- тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жүк алушының, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді бақылау, жол қозғалысы қауіпсіздігін, қозғалыс маршруты бойынша орналасқан төтенше жағдайлардың алдын алу мен тарату бойынша уәкілетті органдар мекен-жайы мен телефондары.
Иондайтын сәулелену көздері бар ораулар, көлік пакеттері немесе жүк контейнерлері тасымалданатын темір жол және автомобиль көлік құралдарының әр қайсысында радиациялық қауіптілік белгісі болады:
- темір жол көлік құралы үшін екі сыртқы бүйір қабырғалары.
- автомобиль көлік құралы үшін екі сыртқы бүйір қабырғалары және сыртқы артқы қабырғасында.
Егер көлік құралының бүйір жағы болмаса, белгілерді тікелей жүкті әкеле жатқан модульге олар жеңіл ажыратылатын, резервуарларға немесе үлкен өлшемді жүк контейнерлеріне пайдалануға жарамды, оларда сәйкес белгілер жеткілікті болған жағдайда рұқсат беріледі. Егер көлік құралының конфигурациясы үлкен өлшемді белгілерді салуға мүмкін болмаса, радиациялық қауіптіліктің стандартты белгісін 100 мм дейін азайтуға рұқсат беріледі.
Көлік құралында бармен қатысы жоқ кез келген белгі алып тасталады.
<предыдущая страница | следующая страница>