4.2 Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру
Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстар кезінде персоналды сыртқы және ішкі сәулеленуден қорғау қамтамасыз етіледі, ауа мен жұмыс үй-жайлары, тері жабындары беттерінің, персонал киімінің, объекті аумағының ластануы болдырылмайды.
Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілетін үй-жайларда жұмыс үй-жайлары мен атмосфералық ауаның радиактивті ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін желдеткіш және ауа тазалау құрылғылары көзделеді.
Жойылатын ластанған ауа атмосфераға лақтырылу алдында тазаланады. Бұл ауаны оны тазалағанға дейін араластыруға жол берілмейді.
Ауаны ішкі ортаға тазаламай жіберуге, егер оның жылдық лақтырылуы ұйымға белгіленген лақтырылу мәнінен аспаса рұқсат беріледі. Бұл ретте персоналдың ішкі және сыртқы сәулеленуі белгіленген квотадан аспайды.
Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарға арналған үй-жайлар жүргізілетін жұмыстар сыныбына сәйкес болады.
4.1 – кесте – Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс сыныбы
Жұмыс сыныбы
|
А тобына келтірілген, жұмыс орнындағы қосынды белсенділік, Бк
|
I сынып
|
108 артық
|
II сынып
|
105 дан 108 дейін
|
III сынып
|
103 дан 105 дейін
|
І сыныптық жұмыстар жеке ғимаратта немесе ғимараттың оқшауланған бөлігінде, жеке кіретін орны бар, тек санитарлық өткізу арқылы жүргізіледі.
Жұмыс үй-жайлары бокстармен, камералармен немесе басқа герметикалы жабдықтармен жабдықталған. Үй-жайлар үш аймаққа бөлінген:
бірінші аймақ – технологиялық жабдықтар мен коммуникация орналасқан, сәулелену мен радиоактивті ластанудың негізгі көздері болып табылатын қызмет көрсетілмейтін үй-жайлар. Қызмет көрсетілмейтін үй-жайларда жұмыс істеп тұрған технологиялық жабдық кезінде персоналдың кіруіне рұқсат берілмейді;
екінші аймақ – жабдықтарды жөндеуге, технологиялық жабдықты ашумен байланысты басқа да жұмыстарға, радиоактивті материалдарды тиеу мен түсіру түйіндерін орналастыруға, шикізаты, дайын өнім мен радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтауға арналған кезеңді қызмет көрсетілетін аймақ;
үшінші аймақ – ауысым бойына персонал тұрақты болатын аймақ (операторлық, басқару пульттері).
Радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін аймақтар арасында санитарлы шлюздер жабдықталады.
ІІ сыныпты жұмыстар ғимараттың жеке бөлігіне жиынтықталған, басқа үй-жайлардан оқшауланған үй-жайларда жүргізіледі. Бір ұйымда біркелкі технологиямен байланысты ІІ және ІІІ сынып жұмыстарды жүргізген кезде ІІ сыныпқа қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталған үй-жайдың жалпы блогын бөлуге рұқсат беріледі.
Жоспарлау кезінде персоналдың тұрақты және уақытша болуына үй-жай бөлінеді. Бұл үй-жайлардың құрамында санитарлық өткізгіш немесе санитарлық шлюз көзделеді. ІІ сынып жұмыстарына арналған үй-жайлар сору шкафтарымен немесе бокстармен жабдықталады.
ІІІ сыныпты жұмыстар химиялық зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін үй-жайларда жүргізіледі. Бұл үй-жайлардың құрамында сору-тарту желдеткіші құрылғысы мен жуыну бөлмесі көзделеді. Ауаның радиоактивті ластануымен байланысты жұмыстар сору шкафтарында жүргізіледі.
Санитарлық өткізу құрамында: жуынатын бөлме, үй киімін шешетін орын, арнайы киімді шешетін орын, жеке қорғаныс құралдарын сақтау үй-жайы, тері жабындары мен арнайы киімді радиометриялық бақылау пункті, кір киімді сақтау қоймасы, таза киімді сақтау қоймасы, дәретхана бөлмелері болады.
Санитарлық өткізу жоспарлауы персоналдың жұмыс үй-жайына және кері бағытта әр түрлі жолмен өтуі қамтамасыз етіледі.
Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстар кезінде автоматтандыру және қашықтан басқару, сәулелену көздерін экрандау мен жұмыс операциялары уақытын қысқарту жүйелері пайдаланылады.
Әр үй-жайдың есігінде оның тағайындалуы, жүргізілетін жұмыстар сыныбы және радиациялық қауіптілік белгісі көрсетіледі.
Жабдықтар, аспаптар мен мебельдер әр сынып (аймақ) үй-жайына бекітіледі және сәйкесінше таңбаланады. Оларды бір сынып (аймақ) үй-жайынан басқасына беруге рұқсат берілмейді, кей жағдайларда радиациялық бақылаудан кейін, таңбасын міндетті ауыстырумен ғана рұқсат беріледі.
ІІ сынып және І сыныптың 3-аймағы жұмыстарына арналған үй-жайдың қабырғалары мен едендері, І сыныптың 1 және 2-аймақтарының төбелері нашар сорбилетін, жуу құралдарына төзімді материалдармен жабылады. Әр түрлі аймақ пен сыныпқа жататын үй-жайлар әр түрлі бояумен боялады.
Едендер жабынының шеті көтеріледі және қабырғамен бастырылып жабылады. Траптар болған кезде едендердің еңісі болады. Есіктер ені мен терезе жақтауларының әдеттегі профильдері болады.
Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс кезінде өндірістік үй-жайлар мен жабдықтарды дезактивациялау бойынша шаралар кешені көзделеді. Дезактивация жүргізудің кезеңділігі өндірістің нақты түріне байланысты белгіленеді.
Радиоактивті заттармен жұмыстар жүргізілетін үй-жайларда ашық түрде:
қызметкерлердің қажетті жеке қорғаныс құралынсыз болуына;
ас ішуге, темекі шегуге, косметикалық заттарды пайдалануға;
тамақ өнімдерін, темекі өнімдерін, үй-киімін, косметикалық заттарды және жұмысқа қатысы жоқ басқа да заттарды сақтауға рұқсат берілмейді.
4.3 Жабық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру
Жабық иондайтын сәулелену көздерінің герметикалығы оларды пайдалану бойынша дайындаушы нұсқаулығында көрсетілген тәртіпте және мерзімде тексеріледі.
Жабық иондайтын сәулелену көздерін олардың герметикалығы бұзылған жағдайда, пайдаланудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін, оның қызметін ұзарту туралы рұқсат болмаған кезде пайдалануға рұқсат берілмейді.
Жабық иондайтын сәулелену көздері орналасқан құрылғы механикалық, химиялық, температуралық және басқа әсерлерге төзімді және радиациялық қауіпсіздік белгісі болады.
Жабық сәулелену көздері жұмыс істемейтін қалыпта қорғаныс құрылғыларында болады.
Иондайтын сәулеленудің ампульді көздерін (қуыстар, құдықтар, сейфтер) сақтауға арналған құрылғылар сәулеленудің жекелеген көздерін салу немесе алу кезінде персонал басқа сәулелену көздерінен сәулеленуге тартылмайтындай құрылады. Радиоактивті заттары (контейнерлері) бар орамдар мен секциялар есіктері жылдам ашылады және радионуклидтің атауы мен оның белсенділігін көрсеткен анық таңбасы болады. Иондайтын сәулелену көздерін есепке алу мен тіркеуді қамтамасыз ететін тұлғаның оларды қоймада орналастыруға карта-схемасы болады.
Жабық сәулелену көздері бар стационарлық қондырғыларда жұмыс жүргізілетін үй-жай бұғаттау және көз жағдайы (көз блогы) туралы жүйелерімен дабылдамамен жабдықталады.
Жабық сәулелену көздері бар аспаптарды пайдалану кезінде үй-жайдан тыс немесе жалпы өндірістік үй-жайларда сәулелену көзіне бөтен тұлғалардың енуі болдырылмайды және көздің сақталуы қамтамасыз етіледі. Персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
- сәулеленуді жер жаққа немесе адамдар жоқ жаққа бағыттау;
- сәулелену көзін қызмет көрсетуші персоналдан барынша мүмкін алыс жаққа шығару;
- адамдардың сәулелену көзіне жақын болу уақытын шектеу;
- 3 метр қашықтықтан анық көрінетін радиациялық қауіпсіздік белгісі мен ескерту плакаттарын ілу.
Қондырғыда сәулену көзін сақтау қалпында қондырғы электр қорегі ажыратылған жағдайда немесе басқа кез келген оқыс оқиға жағдайында, мәжбүрлі қашықтан ауыстыруға арналған құрылғы көзделеді.
Сәулелену көзін орнату, жөндеу, қайта зарядтауға және радиоизотопты аспаптарға (РИА) техникалық қызмет көрсетуге ұйым мамандары немесе мамандандырылған ұйым жүргізуге рұқсат беріледі. Бұл ретте РИА орнату, жөндеу, қайта зарядтау бойынша жұмыстарды орындаушы тұлғаның иондайтын сәулелену көздерімен жұмысқа рұқсаты болады.
РИА аспабы жобаға және техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. РИА оны бөтен тұлғалардың шығарып алу мүмкіндігі болмайтындай орнатылады.
РИА дайындау, орнату, жөндеу, сынау және пайдалану кезінде технологиялық регламентпен көзделген қорғаныс шаралары сақталады.
Егер бұл пайдалану бойынша нұсқаулықпен көзделмеген болса, сәулелену көздерін блоктан шығару пайдалану бойынша нұсқаулықпен шығару, қашықтан басқару аспабын, қорғаныс экрандарын және басқа жабдықтарды пайдалану көзделген жағдайда рұқсат берілмейді.
Жабық иондайтын сәулелену көзін қайта герметизациялау кезінде негізгі қорғаныс шаралары өндірістік ортаның, жабдықтардың, арнайы киімнің, дене мен жұмыскерлер қолының ластануының алдын алуға бағытталады. Көз пайдаланудан алынады және көмілуге жіберіледі.
<предыдущая страница | следующая страница>