Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 4страница 5страница 6страница 7страница 8страница 9страница 10

4.4 Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу


Радиоактивті қалдықтарға бұдан әрі пайдалануға жатпайтын кез келген агрегатты жағдайдағы заттар жатады:

құрамындағы радионуклиді нормативті-техникалық құжаттамамен белгіленген деңгейден асатын материалдар, өнімдер, жабдықтар, биологиялық шығудағы объектілер;

қызмет мерзімін өткерген немесе зақымдалған радионуклидті көздер;

жер қойнауынан алынған және опырылулар мен қалдық қоймасына қоймаланатын жыныстар, рудалар, байыту қалдықтары мен құрамындағы радионуклиді нормативті-техникалық құжаттамамен белгіленген деңгейден асатын руданы сілтіден айыру.

Радиоактивті қалдықтар агрегатты жағдайы бойынша сұйық, қатты және газ тәрізді болып бөлінеді.

Сұйық радиоактивті қалдықтарға бұдан әрі пайдалануға жатпайтын органикалық және бейорганикалық сұйықтар, радионуклидтерінің үлесті белсендігі сумен түскен кезде араластыру деңгейінің мәнінен он есе артық асатын пульпалар мен шламдар жатады.

Қатты радиоактивті қалдықтарға пайдаланылмаған, өзінің ресурсын өткерген радионуклидті көздер, бұдан әрі пайдаланылуға жатпайтын материалдар, өнімдер, жабдықтар, биологиялық объектілер, топырақ, радионуклидтерінің үлесті белсенділігі мәннен артық қатайған сұйық радиоактивті қалдықтар жатады, ал белгісіз радионуклидті құрамда үлесті белсенділік:

1) бета-сәулелену көздері үшін 100 кБк/кг;

2) альфа-сәулелену көздері үшін – 10 кБк/кг;

3) трансуранды радионуклидтер үшін – 1,0 кБк/кг.

Газ тәрізді радиоактивті қалдықтарға өндірістік процесс кезінде көлемді белсенділікпен пайда болатын, рұқсат берілетін орташа жылдық көлемді белсенділіктен асатын, пайдалануға жатпайтын радиоактивті газдар мен аэрозельдер жатады.

Радиоактивті қалдықтар үлесті белсенділігі бойынша 2-кестеге сәйкес төмен белсенді, орташа белсенді және жоғары белсенді болып үш санатқа бөлінеді.


4.2 кесте Сұйық және қатты радиоактивті қалдықтардың жіктелуі


Қалдық санаты

Үлесті белсенділік, кБк/кг

Бета-сәулелену радионуклидтері

Альфа-сәулелену радионуклидтері (трансурандыны қоспағанда)

Трансуранды радионуклидтер

Төмен белсенді

103 төмен

102 төмен

101 төмен

Орташа белсенді

103 дан 107 дейін

102 дан 106 дейін

101 дан 105 дейін

Жоғары белсенді

107 жоғары

106 жоғары

105 жоғары

Иондайтын сәулелену көздерімен технологиялық процесстерді жүзеге асыру үшін, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу тәртібі жобалау сатысында өңделеді.

Радиоактивті қалдықтар өңделетін аймақтарда радиоактивті қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және көмуге беру тәртібін көздейтін технологиялық регламент өңделеді.

Технологиялық регламенттерде келесі негізгі сұрақтар көрсетіледі:

- сұйық және қатты қалдықтарды тікелей олар пайда болатын орындарда жинауды ұйымдастыру;

- қалдықтарды есепке алу тәртібі және оларды уақытша сақтау талаптары;

- қалдықтарды ұйым ішінде тасымалдау тәртібі мен маршруттары;

- ұйымның радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау үшін пайдаланатын жинағыш-контейнерлерді дезактивациялау тәртібі;

- қысқа мерзімді радионуклидтері бар радиоактивті қалдықтарды ұстау мен жою тәртібі;

- қалдықтар мен жұмысын өткерген көздерді көмуге беруді дайындау тәртібі;

- радиоактивті қалдықтармен жұмыс кезінде радиациялық бақылауды ұйымдастыру;

- авария, оқиға пайда болған жағдайдағы жұмыс тәртібі мен ұйымдастыру.

Технологиялық регламентте өрт жарылыс қауіпті сұйық және қатты радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары көзделеді.

Радиоактивті қалдықтардың пайда болуы мүмкін аймақтарда радиоактивті қалдықтарды жинау мен уақытша сақтау үшін жағдай болмай иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

Радиоактивті қалдықтарды жинау тікелей олардың пайда болуы орындарында келесілерді есепке алумен, қалыпты қалдықтардан бөлек жүргізіледі:

- қалдықтар санаты;

- агрегатты жағдай (қатты, сұйық);

- физикалық және химиялық сипаттамалар;

- табиғи (органикалық және бейорганикалық);

- қалдықтарда болатын радионуклидтердің жартылай бөліну кезеңі (15 тәуліктен кем, 15 тәуліктен артық);

- жарылыс және от қауіптіліктер;

- қалдықтарды өңдеудің қабылданған әдістері.

Қатты радиоактивті қалдықтарды жинау үшін контейнерлер қолданылады. Контейнерлердің орналасу орны сәулеленуді олардың шегінген тыс рұқсат берілетін деңгейге дейін төмендету үшін қорғаныс жабдықтарымен жабдықталады.

Сұйық радиоактивті қалдықтар ыдысқа жиналады. Олар шоғырландырылуға жатады және олар өздері пайда болған ұйымда немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымда қатты жағдайға ауыстырылады, содан кейін көмілуге жіберіледі.

Сұйық радиоактивті қалдықтардың біршама мөлшері (күніне 200 лирден артық) болатын жобамен, радиоактивті емес ағындарды лақтыруға рұқсат берілмейтін канализация жүйесі көзделеді.

Сұйық радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға лақтыруға рұқсат берілмейді.

Әр түрлі санатты радиоактивті қалдықтарды ұйымда уақытша сақтау жеке үй-жайда, не ІІ сыныпты жұмысқа арналған үй-жайға қойылатын талапқа сәйкес жабдықталып бөлінген телімде жүзеге асырылады.

Радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау мерзімі бір айдан аспайды. Қалдықтардың ай сайынғы пайда болуы 50 литрден (килограмм) аспаған жағдайларда уақытша сақтау мерізімін ұзартуға, бірақ 6 айдан артық болмай рұқсат беріледі.

Радиоактивті қалдықтарды өңдеуді, ұзақ мерзімде сақтауды және көмуді сәйкес қызмет түріне рұқсаты бар ұйым жүргізеді.

Радиоактивті қалдықтарды ұйымнан өңдеуге, ұзақ мерзімде сақтауға және көмуге беру контейнерлерде жүргізіледі және актімен ресімделеді.

Көмуге қабылдануға жарылыс қауіпті немесе өздігінен тұтанатын қатты және сұйық қалдықтар жатпайды. Олар алдын ала олар пайда болған орында қауіпсіз жағдайға алмастырылады.

Жоғары белсенді, орташа белсенді және төмен белсенді қалдықтарды көму жеке жүргізіледі.

Радиоактивті қалдықтарды көму орындарын таңдау гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық және сейсмикалық жағдайларды ескерумен жүргізіледі. Бұл ретте тұрғындар мен қоршаған ортаның ұзақ мерзімді болжауын есепке алумен радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.


<предыдущая страница | следующая страница>


А. Х. Жакиянова Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған

1777.56kb.

08 10 2014
10 стр.


Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1 тармақшасына сәйкес, БҰйырамын

15.32kb.

12 10 2014
1 стр.


Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сәйкестігін бағалау үшін бұзылмайтын бақылауды қолдану мақсатты бақылау объектілерінің: техникалық құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілі тізімі

Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 1 қосымша

27.64kb.

04 09 2014
1 стр.


Суды электрлі ыдырату тәсілімен сутегін алу өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

Осы Талаптың құзыры жүретін барлық өндірістер мен нысандардың құжаттары болады, оның ішінде

837.91kb.

12 09 2014
5 стр.


Жасанды отындар үшін жарылу санаттарын анықтау

Тозаңды отынды дайындау мен жағуға отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына қосымша

131.54kb.

23 09 2014
1 стр.


Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

Ескерту (жұмыс бойынша өкімдер мен ескертулер, және приборлардың жұмысқа қабілеттілігінің күн сайынғы тексеру нәтижелерінің жазуы)

52.16kb.

15 10 2014
1 стр.


Название курса: Өмір қауіпсіздік негіздері

Предназначено для студентов специальности: барлық экономикалық және техникалық мамандықтарға арналған

178.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Бұзылмайтын бақылау саласында персоналдың біліктілігіне қойылатын талаптар

Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 4 қосымша

53.95kb.

14 12 2014
1 стр.