Перейти на главную страницу
Киім ауыстыратын және душ бөлмелеріндегі жылыту құбырларына ұйым қызметкерлерінің денелері күйіп қалмауы қарастырылады.
Жылытылмайтын өндірістік нысандарда (уату-майдалау бөлімінде, колчедан қоймаларында, фосфат шикізаты және басқа да) жұмысшыларды қыс мезгілдерінде жылытуға арналған қондырғы орналастырылады.
Зиянды газдардың және шаңдардың шығуы мүмкін жерлер жабулармен (қаптамалармен) және оларды атмосфераға шығарып тастаудың алдында санитарлық нормаларға сәйкес зиянды газдардың алдын ала тазалау жүйесімен жабдықталады.
Желдету жүйелерінің тиімділігін аспаптық тексеруден өткізу, оларды күрделі жөндеуден немесе қайта жабдықтаудан өткізгеннен кейін жылына бір рет жүргізіледі.
Ауаның шаңдылығына және газдылығына сараптамалар ұйымның техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.
Желдету, ауа кіретін және ауа сорылатын тесіктердің ысырмаларын жабу, желдеткіштерді тоқтату және қосу, бұл қондырғыларға қатысы жоқ қызметкерлерге рұқсат етілмейді.
Жұмыскерлердің киімдерінің тұтануы немесе химиялық күйіктер алуы мүмкін (пештерден жалын атқылауы, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс кезінде және басқалар) өндірістік орындарда апаттық душтар мен жуғыштар немесе суы бар ванналар және жуғыштар орналастырылады. Апаттықтар душтар, ванналар және жуғыштар шаруашылық, ішу су кұбырына қосылады, ашық орындарда, апатты жерден ара қашықтықтары 25 м алыс емес жерге орналастырылады. Апаттық душтарды калий, натрий және сумен қосылғанда жарылатын басқа да химиялық заттар қолданылатын өндіріс орындарында орналастыруға жол берілмейді.
Душтар мен жуғыштардан алыс орналасқан қышқылдар жүретін құбырларды жөндеу жұмыстары кезінде, жөндейтін жұмыскерлер өздерімен бірге жұмыс кезінде күйдіріп алған жерлеріндегі қышқылды залалсыздандыру және жуып тастау үшін бір шелек таза су мен ас содасын алып жүреді.
Өндіріс суларының желі крандарында, бұл суды шаруашылыққа және ішу мақсатында пайдалануға тыйым салатын тақтайша іліп қойылады.
Жарылыс қаупі бар және улы сұйықтықтарды жалпы зауыттық ағын су құбырына төгуге рұқсат етілмейді. Бұл сұйықтықтар шекті мүмкін концентрацияларға дейін зиянсыз етіп өңдеуге немесе регенерациялауға ұшырайды.
Апат болған жағдайда жарылыс қаупі бар және улы сұйықтықтарды қопаруға және залалсыздандыруға арналған құрылғылар қарастырылады.
Ұйым өндірістік және тұрмыстық ағынды суларды тазалау тиімділігін жүйелі қадағалаумен қамтамасыз етіледі.
Жалпы зауыттық ағын су құбырларын қадағалау және тазалау жұмыстары, ұйымның техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.
Әрбір өндірістік цехтың ағын суларының сапасын бақылау күн сайын жүргізіледі.
Жарылыс қауіпті және зиянды булардың ағын су құбырларынан өндірістік орындарға таралуын болдырмау үшін технологиялық аппараттардың ағын су құбырымен қосылатын жерлеріне гидравликалық бекіткіш орналастырады.
Қызметкерлердің тұрақты жұмыс істейтін өндіріс бөлімшелері учаскелері жұмыс кезіндегі және апаттық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
Электрлік пісіру жұмыстарына арналған негізгі өндірістік орындарда электрлік пісіру аппараттарын қосу қондырғысы бар электр жүйесі салынады.
Толассыз жүйедегі тасымалдау қондырғыларының электрлік қозғалтқыштары, жүйедегі бір қондырғының тоқтап қалуы кезінде кедергі үйінділердің пайда болуын және қондырғылардың тасымалданып жатқан материалдармен толып қалуын болдырмау үшін реттегіш тетікпен қамтамасыз етіледі.
Жобада қозғалтқыштарды іске қосқан кезде олардың қосылуынан одан 3-5 секунд алдын-ала қосылатын дыбыс және жарық арқылы сақтық белгісін беру құралдары және қозғалтқыштардың апаттық сөндіру мүмкіншілігі ескеріледі. Барлық ленталық конвейерлер олардың ұзындығына тәуелсіз, оның ұзындық бойының кез келген жерінен өшіріп тоқтату құрылғылармен жабдықталады.
Транспортерлерді және пневмотранспорттық құрылғыларды жүк тиеу арқылы іске қосу, олардың жағдайын тексергеннен кейін жүргізіледі. Бөтен заттардың болмауын, зырылдауықтарының және редукторларының майлануын, оларды жүксіз, бос іске қосып көру кезінде тексеріледі.
Тасымалданатын сусымалы (ұнтақ тәрізді) өнімдермен құрылғылардың басылып немесе бітеліп қалуын болдырмас үшін, транспортерлерге немесе пневмотранспорттарға апаттық тоқтату құрылғылары орнатылады.
Транспортерлердің, норийлардың, өздігінен ағатын және пневматикалық құбырлардың тасымалдануы кезінде қақпақтарының, бөліктерінің тығыз жабылуы, шаң шығатын орындарының жабық түрде сорғылармен тиімді қамтамасыз етілуі қадағаланады.
Химиялық жарылыс қауіпті өндірістердегі жалпылай жарықтандыру химиялық ортаға бейімді, тоттануға төзімді қалыптары бар шамдармен, ажыратқыштармен және штепсельдік қосқыштармен жүзеге асырылады.
Технологиялық жабдықтар мен сыйымдылық ыдыстары орнатылған барлық өндіріс орындары, бақылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарық беру үшін кернеуі 12 Вольттық, дербес шамдарға жалғанатын сымның ұзындығы 10 м аспайды, жылжымалы шамдарға қосылу үшін қосқыштардың қоректену желісі стационарлық трансформаторлардан алынады.
Трансформаторлар алғашқы және екінші қайтара кернеу беретін сым орамдармен жабдықталады. Бұл мақсатқа автотрансформаторларды қолдануға рұқсат етілмейді. Трансформаторлар алғашқы кернеу жағынан және екінші қайтара кернеу беру жағынан да қорғалады.
Электрлі қорғағыш сүзгілерді және кернеуді жоғарылатқыш – реттегіш аспаптарды пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Өндірістік агрегаттарды, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоршауларсыз, дыбысты немесе жарық белгілерін беру және бақылау - өлшеу құралдарынсыз, бөлектеуіштерсіз пайдалануға жіберуге рұқсат етілмейді.
Барлық технологиялық аппараттарға, технологиялық сызбадағы нөмірге сәйкес келетін нөмір ілінеді.
Егер өндіріс шарттарына сәйкес қондырғыларды жиі тоқтата отырып, әрдайым бекітпелер орнатуға тура келетін болса (мысалы, катализаторды ауысымда алмастыру және тағы басқалар), онда оларды орнату жобамен анықталады, оларға еркін жол ашылып және жұмыс алаңы бекітпелерді орнатуға немесе шешіп алуға ыңғайлы болады.
Бекітпелерді орнату немесе шешіп алу жұмыстары арнайы журналға жазылып, қол қойылады. Барлық бекітпелер нөмірленіп, жұмыс қысымы есептеледі. Нөмір және есептелген қысым, бекітпеге ұрылып жазылады.
Технологиялық жабдықтарды қарау, жөндеу және тазалау алдында олардың электрлік сызбалары бойынша электр қабылдағыштарына тоқ беру тоқтатылады. Қосқыш құрылғыларға «Қоспаңдар, адамдар жұмыс үстінде» деген жазуы бар тақтайша ілінеді. Аппараттар мен резервуар ыдыстардың ішіндегі жөндеу жұмыстарын технологиялық регламентке сәйкес екі жұмыскер жүргізеді.
Жұмыс орнынан алыс қашықтықта орналасқан, температуралары және қысымдары үнемі бақылауды талап ететін аппарат пен агрегаттар температура мен қысым мәндері жұмыс орнында көрсетіліп тұратын қашықтықтан басқару аспаптарымен жабдықталады.
Химиялық агрессивті ортада қолданылатын аппараттарды жасайтын материалдар осы химиялық агрессивті ортаға төзімді болады. Аппараттардың тоттануға қарсы қорғанышы жобаға сәйкес жүргізіледі.
Ішкі байқауды талап ететін аппараттар, ыдыстар және олардың коммуникациялық жүйелері, жөндеудің алдында үрленіп, жуылып тазартылады және буланады.
Қышқылдарға (азот, күкірт, фосфор, кремнийлі - фторсутек қышқылдары) және сілтілерге (күйдіргіш және кальцийленген сода) арналған резервуарлар және жинағыш ыдыстар герметикалық түрде орындалады, деңгей көрсеткіштерімен, құрылғылармен, сұйықтықтардың еденге және алаңға төгілуіне жол бермейтін құрылғылармен жабдықталады. Сұйықтықтарды максималды жоғарғы деңгейден асыруға рұқсат етілмейді. Резервуардың және жинағыш ыдыстар қақпақтары ауа сорғыш құбыршалармен жабдықталады.
Химиялық агрессивті сұйықтықтарды тасымалдап айдайтын сальниктік сорғылардың сальниктерді жауып тұратын, тоттануға қарсы материалдан жасалған қорғағыш қаптамалармен жабдықталады.
Қосқыш құрылғылар олардың сақтандыратын және қоршаушы құрылғылары алынып тасталған кезде іске қосу мүмкіншілігі болмайтындай етіліп бекітпелермен жабдықталады. Құрылғылар мен механизмдердің, агрегаттардың қайтадан жөнделген қоршаумен жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Ғимарат ішінде және ашық алаңдарда орналасқан улы, зиянды және өрт – жарылыс қауіпті заттарға арналған қондырғылар ауа шықпайтындай етіп бекітіледі.
Агрессивті сұйықтықтарға арналған резервуар ыдыстар (қойма есебінде) борттың биіктігі 15 см кем емес поддондарға қондырылады. Поддондар төгу келте құбырымен немесе төгілген сұйықтықтарды тиісті жинағыштарға (ыдыстарға) сорып айдайтын құрылғылармен жабдықталады. Поддондар бір ғана немесе топ ыдыстардың астына орнатылады.
Өндіріс орындарында жоғарғы қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды қысымсыз немесе вакууммен жұмыс істейтін ыдыстармен араларына берік қабырға тұрғызбай-ақ, қатар орнатуға рұқсат етіледі.
Жоғарғы қысымда жұмыс істейтін жабдықтар мен вакуумды-қайнатқыш бу аппараттарының құрылысын куәландыру және қауіпсіз пайдалану жоғарғы қысымда жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысына және оларды қауіпсіз пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздігінің талаптарына сай жүргізіледі.
Құбыр желілері мен олардың тетіктерінің құрылысы мен оларды қауіпсіз пайдалану бу және ыстық су құбырларының құрылысы мен оларды қауіпсіз пайдалану туралы Талапқа сай жүргізіледі.
Құбыр желілері мен олардың тетіктері құрылымы, жасалған материалдары және механикалық беріктіктілігі тасымалданатын өнімдердің ерекше қасиеттеріне және олардың тасымалдау кезіндегі жұмыс шартына сай болады.
Сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған пісірілген құбыр желілері фланецтік жалғау тек тетіктері қойылған немесе жабдықтарға қосылған жерлерде ғана қолданылады.
Агрессивті сұйықтықтар, ыстық ерітінділер және бу жүретін құбыр желілерінің фланецтік қосылыстары қорғағыш құрылғылармен қамтамасыз етіледі (қаптамалар, науалар және басқалар).
Барлық бекіткіш тетіктер, кері итергіш және сақтандырғыш қалпақшалар құбыр желілеріне орнатылар алдында тегіс тексеруге және механикалық беріктіктері мен ауа жібермейтін нығыздығын байқау үшін гидравликалық сынақтан өтеді. Сынақ нәтижелері арнайы журналда тіркеледі.
Сақтандырғыш қалпақшалар іске қосар алдында арнайы құрылғыда жұмыс қысымына реттеледі және белгі салынады. Тартқыш білікті сақтандыратын қалпақшалардың жүктері белгіленеді және бекітіледі.
Құбыр желілеріне қондырылған бекіткіш және реттеуіш тетіктер, оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы жерлерге орналастырылады; егер тетіктер 1, 8 метр биіктікте орнатылған болса, онда оларды бақылап, қадағалауға арналған алаңдар мен сатылар алдын ала ескеріледі. Жиі ашылып, жабылатын тетіктерді еденнен немесе алаңнан 1, 6 метр жоғарырақ орналастыруға рұқсат етілмейді.
Реттегіш тетіктерді бекіткіш тетіктер ретінде қолдануға рұқсат етілмейді; реттегіш тетіктерден басқа қосымша бекіткіш тетіктер орнатылады.
Конденсаттың бөлінуі мүмкін газ тасымалдағыш құбырлар сұйықтарды құйып алатын тетікпен жабдықталынады. Бу тасымалдағыш құбырлар желісі гидравликалық соққылар мен дірілдеулерді болдырмау үшін еңкіш орнатылады.
Өрт және жарылыс қауіпті, зиянды және улы заттарды тасымалдайтын құбырлар желісін тұрмыстық, қосалқы және әкімшілік-шаруашылық орындар арқылы, электр бөліп тұратын құрылғылар, электрлік бөлмелер, бақылау-өлшеу аспаптарына арналған және желдеткіштер орнатылған бөлмелер арқылы жүргізуге болмайды.
Қышқылдар және басқа да зиянды агрессивті сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр желілерінің фланецтік қосылыстарын цехтың ішіндегі есіктер мен негізгі өтетін жерлердің жоғарғы жағына орналастыруға жол берілмейді.
Адамдардың және көліктің қозғалыс орындарынан (жолдардың, өткелдер, асу жолдарының үстінен) өтетін фланецтік қосылыстары бар зиянды агрессивті сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр желілері қаптамалармен тартылады, төгілген сұйықтықтарды қауіпсіз орынға құятын ақпа жолы болады.
Эстакадаларда басқа көміртекті болаттан жасалған құбырлардың үстінен қышқылдар тасымалданатын құбыр желілерін салуға рұқсат етілмейді.
Барлық құбыр желілеріне ұйымның техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша жүйелі түрдегі байқау және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Құбырлардың түс айыру бояуын МСТ 14202 сәйкес орындалады.
Барлық бекіткіш крандар анық белгілеумен қамтамасыз етіледі, кран тығындары сызық түрінде сыртқы жағы егеліп, ақ бояумен боялады. Діңнің сыртқы жақтарындағы тіліктердің көмегі арқылы жапқыштардың және шиберлердің жайы белгіленеді. Автоматты түрдегі бөлектегіштердің шеткі жайлар нұсқаулармен («ашық», «жабық») жабдықталады.
Егер жоғарыда көрсетілген тәсілдермен бекіткіш тегірлердің тығындарының орнын белгілеу мүмкін болмаса, онда олардың орнын белгілеу үшін сілтеме тілдер – көрсеткіштер немесе жазулар қолданылады.
Жоғарғы қысымдағы, температурадағы, сұйықтар толтырылған және технологиялық газдардан босатылмаған немесе жұмыс істеп тұрған аппараттарды, құбырларды, құрылғыларды және олардың тетіктерін жөндеу, реттеу және тазалау жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.
Биікте орнатылған құбырлар мен жабдықтарды ажырату, монтаждау жұмыстары жан-жақтары бортпен қоршалған, ағаштан жасалған сатыларды пайдаланып жүргізіледі.
Жанатын заттарды оттықтарға беруші құбырлар оттықтағы жалын өшіп қалған жағдайда және оттықтың бақылау-өлшеу және автоматты құралдарының электрлі (ауалы) қосылыстарының үзілуі кезінде тез арада жанатын заттарды беруді тоқтататын бекіткіш құрылғылармен жабдықталады.
Сұйық және газ тәрізді жанатын заттарды (мазутты, табиғи газды, күкіртті сутегіні және сол сияқтыларды) жағуға арналған газ құбыры желілерінің, мазут құбыры желілерінің және күкірт құбыры желілерінің құрылымы мен оларды пайдалану газ шаруашылығындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіледі.
Аппараттар мен құбырларда, олардағы сұйықтықтардың айналуын бақылауға арналған байқау шынылы терезесі бар болса, онда ол қорғаныш торлармен және «көмескі жарықпен» жабдықталады.
Жұмыс істеп тұрған құбыр желілерін блоктарды, сатыларды және басқа заттарды бекітуге рұқсат етілмейді.
Құбыр желілері арқылы өтетін жүргінші жолдар екі жағында ұстағыш қоршаулары бар металл сатылармен (кішкене көпіршелермен) жабдықталады.
Бақылау-өлшеу, өндірістік белгі беру және байланыс құралдары
Барлық бақылау-өлшеу құралдарын жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін ұйымның техникалық бастығы бекіткен кестеге сәйкес жүйелі тексеруден өткізіп тұрады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық технологиялық үрдістер бақылау-өлшеу аспаптарымен, үрдістерді, сараптаманы, белгі беруді, бекітулерді логикалық басқарумен жабдықталады.
Бақылау-өлшеу құралдары олардың көрсетулерін жазып алуға, тексеруге немесе ауыстыруға ыңғайлы орындарға орнатылып бекітіледі.
Өлшеу және автоматтандыру құралдарына технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес құрғатылған және сығылған ауа жіберіледі.
Жарылыс қаупі бар өндірістік орындардың сығылған ауа жүйелері 1 сағат ішінде автоматтық жүйелеу құралдарымен жұмыс істеуге арналған сығылған ауамен қамтамасыз ететін буферлі ыдыстармен жабдықталынады. Бұл талаптар, ауаның немесе рессивердегі газдың қысымына байланысты автоматты түрде іске қосылатын компрессорлары бар қондырғыларға таралмайды.
Барлық өндірістер телефондық қатты дауыспен сөйлейтін байланыспен қамтамасыз етіледі.
Өндірістерді автоматтандыру технологиялық көрсеткіштердің шекті мәндеріне жетуіне және апаттық, технологиялық белгі берулерге байланысты бекітпелердің іске қосылуын, қорғаныс шараларының қолданылуын және технологиялық, апаттық, ескерту белгі берулерді қарастырады.
Күкіртті сутегі, күкіртті газ, көміртек тотықтары, фторлы газдардың бөлінуі мүмкін өндірістік орындарында шекті концентрацияларының автоматты белгі беру аспаптары орналастырылады. Өндіріс орындарының атмосферасын бақылау лаборатория ұйымының техникалық бастығы бекіткен сызбаға сәйкес жүргізіледі.
Радиоактивтік сәулелері бар реттеуіш құралдарды пайдалану оларды шығарған ұйымның техникалық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Технологиялық үрдістерді автоматтандыру сызбасы автоматиканың бөлек құрылғыларының істен шығуы немесе олардың бүлінуі апаттар, инцинденттер туғызбайтындай етіп жасалынады.
Жарылыс және жарылыс-өрт қауіпті өндірістердің бөлімшелері мен учаскелеріне арналған басқару бекеттерін орналастыру химиялық және мұнайхимиялық өндірістердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Технологиялық процестерді автоматтандыру құрылғыларын электр энергиясымен қоректендіру тоқтаусыз қамтамасыз етіледі.
Автоматты немесе дистанциялық түрде қосылып және ажыратылатын әрбір агрегат жарықпен жазылған «Сақ бол! Автоматты түрде жұмыс істейді! Дабылсыз қосылады! » деген жазулары бар тақтайшалармен жабдықталады.
Автоматты немесе дистанциялық түрде қосылатын агрегаттарға қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралар технологиялық регламент талаптарына сай жүргізіледі.
Ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарды механикаландыру.
Механикаландыруға мыналар жатады:
- шикізаттарды түсіру;
- шикізаттарды қоймаларға тиеу;
- қоймалардан шикізатты технологиялық өңдеуге жіберу;
- шикізаттардың, жартылай өнімдердің, дайын өнімдердің және қалдықтардың барлық цех ішінде тасымалдануы;
- дайын өнімдерді қаттау, өлшеу, тігу, қоймаға жіберу, көлікке жақындатып тиеу;
- қаттау агрегаттарына керек ыдыстарды беру;
- тазалау және жөндеу жұмыстары.
Тоттанудан қорғау
Агрессивті орталардың әсеріне ұшырайтын аппараттар, коммуникациялар және олардың қосылыстары тоттануға төзімді материалдардан жасалады немесе арнайы жабулармен қорғалады.
Ғимарат ішінде және ашық алаңдарда орналасқан барлық жабдықтар, коммуникациялар және болат конструкциялар жобаға сәйкес сыртқы тоттанудан қорғалады.
Тоттануға ұшырайтын ортада жұмыс істейтін аспаптардың жағдайын жүйелік регламенттік тексеру және аппараттардың қабырғаларының қалыңдығын және оның тозу мөлшерлерін анықтау үшін (ұйымның техникалық бастығы бекіткен кестеге сәйкес) бақылау жүргізіледі. Аппараттардың жағдайын тексеру нәтижелері арнайы журналда тіркелінеді.
Газ қауіпті орындардың тізімін ұйымның техникалық бастығы бекітеді. Газ қауіпті орындардың тізімін барлық жұмысшы және инженер-техникалық қызметкерлер хабардар етіледі.
Газ қауіпті орындардағы жұмыс технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Барлық жұмыскерлер жеке сүзгіш противогаздармен қамтамасыз етіледі.
Қауіп-қатерлі жұмыстарға цех басшысы немесе оның орынбасарының (механикпен) наряд - рұқсатнамасымен жіберіледі. Жөндеуші тұлғаға берілген наряд - рұқсатнамада жөндеуге дайындау және жұмыстарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болады.
Аппараттардың, резервуарлардың, өлшегіш-ыдыстардың, цистерналардың, құдықтардың және тағы басқалардың ішінде жүргізілетін жұмыстар технологиялық регламентте көрсетілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Жарылыс қауіпті және жарылыс өрт қауіпті заттарды пайдаланатын бөлімшелер мен цехтарды жобалау, пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сұйық аммиак қоймаларын жобалау және оларды пайдалану олардың нормативтер және құрылыс талаптарына сәйкес іске асырылады.
Сұйық аммиак құйылған теміржол цистерналарын қабылдау, оны қоймалық резервуарларға (ыдыстарға) құйып алу және босатылған цистерналарды жүруіне дайындау технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Нитрофосфат және нитрофосфаттың басқа да қосындылары өндірісінің цехтары үшін азот қышқылы қоймаларының құрылғысы мен жобасы Азот өндірісін өндіру қауіпсіздік талабына сәйкес жүзеге асырылады.
Теміржол құрамы қоймаға кірер алдында және қоймадан шығар кезде ескерту мақсатымен алдын ала дыбыс белгісі, ал түн мезгілінде қосымша жарық белгісі беріледі.
Фосфатты, бор және магнезитті шикізаттарды және соданы шикізаттарды қабылдауға және оларды өндіріске жіберуге арналған тасымалдау құрылғыларымен жабдықталған, жабық ыдыстарда (силостар, бункерлер) немесе шикізаттар қаптарда болса шатыр түріндегі қоймаларда сақтайды. Фосфат, бор шикізаттарын және соданы кәсіпорын аймақтарында ашық алаңда сақтауға рұқсат етілмейді.
Силостық тік қоймалар атмосфералық жауындардың және ылғалдардың, бөгде заттардың түсуінен қорғайды.
Силостық тік қоймалардың жоғарғы жақтары барлық люктері мен тесіктерін жабық ұстайды және кез келген санкциясыз ашылудан сақтандырады.
Фосфатты шикізат салынған бункерлер мен силостық тік қоймалардың ішіндегі тұрып қалған қақтарды түсіру үшін арнайы құрылғымен жабдықтайды. Бункерлер мен силостық тік қоймалардың ішіндегі тұрып қалған қақтарды қолмен түсіруге болмайды.
Апатиттік концентрат, фосфорит ұндарын, бор және магнезитті шикізаттарды сақтайтын қоймалардағы қабылдау траншеялары құрылғылармен жабдықталып, толық жарықтандырылады, қоршалады және өтетін кішкене көпірлермен және вагон едені деңгейінде жүк түсіру алаңымен жабдықталады.
Жүк тасымалдағыш құрылғылардың қозғалысы басқару орнынан қарағанда машинистің көзіне толық көрінуін қамтамасыз етеді.
Сусымалы материалдарды тасымалдауға арналған ұңғылы пневмосорғылар шекті қысымға реттелген бақылау-өлшеу және автоматты аспаптармен жабдықталады.
Компрессорларды, пневмосорғыларды және пневмалық тасымалдағыштардың тасымалдағыш құбырларын орнату және пайдалану қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және компрессор құрылғыларының, ауа құбыры желілерінің және газ құбыры желілерінің құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдалану талабына сәйкес іске асырылады.
Шаң-тозаңданушы немесе зиянды газдар бөлінетін заттарды тасымалдаушы барлық транспорттық құралдар атмосфераға шығарар алдында бөлінген ауаны шаң мен фторлы газдардан тазалайтын құрылғысы бар, ауа сорғыштармен жабдықталынады.
Фосфат шикізаттарын соңғы өңдеу бөлімшесінде және дайын өнім қоймаларын өніммен, ғимараттардың құрылыс құрылымымен және кран астылық жолдардың тіреу құрылымымен басып, жабуға жол берілмейді.
Фосфат және басқа фосфатты тыңайтқыштарды қазуға, қоймаларды толтыруға арналған аспалы жүк көтергіш крандардың құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдалану жүк көтергіш крандардың құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдалану талабына сай жүргізіледі.
Жабдықтарды жұмыс істеп тұрған аспалы жүк көтергіш кранның астына орналастырған кезде тұрақты жұмыс орны аспалы жүк көтергіш кранның астында болмауы қадағаланады.
Кесек-кесек күкіртті ашық қоймада сақтаған кезде олар қабатталып жиналады.
Кесек күкіртті өңдейтін және тасымалдайтын жұмыс орындарында ұшқын шашпайтын және үйкелуші бөліктері қызбайтын құралдар мен аспаптар пайдаланылады.
Балқытқыш, сүзгі, балқытылған күкірт жинағыштары және күкірт құбыры желілері, сыртқы жақтарынан жылуды шығармайтын қаптамамен қамтамасыз етіледі.
Барлық күкірт құбыры желілері сыртқы бу жылытумен жабдықталады.
Балқыту және пеш бөлімшесіндегі сұйық күкірт ыдыстары мен жинағыштары булы жылытқышы бар ауа шығарғыштармен жабдықталады.
Сұйық күкірт ыдыстары мен жинағыштары және балқытылған күкірт тұндырғыштары сұйық күкірттің асып төгілуін болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.
Сұйық күкіртті құйып алу, құю және тасымалдау сұйық күкіртті электрлі жылыту жүйесі бар теміржолдық цистерналарда құйып алу, құю және тасымалдау туралы технологиялық регламенттің талаптарына сай іске асырылады.
Жанатын газдарды пештерге жіберу және оның өртенуін дайындалған және арнайы оқытылған, сәйкес куәліктері бар жұмыскерлер қадағалайды.
Күкірт қышқылы өндірісіндегі күкіртті сутекті өртеуге арналған пештер күкіртті сутек көлемнің немесе қысымының өзгеруі немесе ауа жіберетін желдеткіштердің істен шығуы туралы белгі беретін арнайы дабыл қаққышпен жабдықталады.
Олеум қоймасындағы сорғы бөлмелері жылу жүйелерімен жабдықталады.
Қышқылдарға арналған резервуарлар құрылымы резервуар ыдысты барлық жағынан қарап, қышқыл аққан жерлерді жоюға ыңғайлы фундаменттерге (биіктігі резервуардың түп деңгейінен санағанда 1 м кем емес) орналастырылады.
Химиялық агрессивті сұйықтықтар мен газдарға арналған сақтағыш ыдыстардың, резервуар-ыдыстардың, жинағыштардың және мұнаралық құрылғылардың төбелерімен жүруге рұқсат етілмейді.
Химиялық агрессивті сұйықтықтар мен газдарға арналған сақтағыш ыдыстардың, резервуар - ыдыстардың, жинағыштардың және мұнаралық құрылғылардың қақпақтарының құрылымы қақпақтың үстіңгі жағынан істелінеді.
Химиялық агрессивті сұйықтықтар мен газдарды сақтауға арналған ыдыстардың қақпағындағы бақылау-өлшеу құралдары, келте құбырлар, люктар қақпақтың шет жақтарына орналастырылады және қоймалардың қақпақтарынан төмендігі 0, 7 - 0, 9 м болатын бір немесе бірнеше қоймалардың алаңдары екі жақты сатылармен, олар екі жақты ұстағыштармен жабдықталған арнайы алаңда қызмет көрсетіледі.
Химиялық агрессивті сұйықтықтар және газдарға арналған сақтағыш ыдыстардың, бактардың жоғарғы қақпақтарында орналастырылған араластырғыштар мен батырмалы сорғыларға қызмет көрсету үшін сақтағыш ыдыстардың, бактардың (ыдыстардың) қаңқаларына немесе беріктік конструкцияларына бекітілген арнайы алаңдар қарастырылады. Футировкалы ыдыстар болатын болса алаңқайларды футеровка жасамай тұрып қаңқаға бекітеді.
Сақтағыш ыдыстардың, резервуар-ыдыстардың, жинағыштардың және мұнаралық құрылғылардың төбелеріндегі люктардың қақпағы келте құбырларға бекітіледі және жұмыс істеушінің сол немесе оң жағына қарай ашылады.
Ашық алаңдарда орнатылған қышқылдар тасымалданатын құбыр желілері мен олеумге арналған қойма өнім қатып қалмау үшін жылытушы құрылғылармен жабдықталынады.
Цистерналарға қызмет етуге және қышқыл құюға арналған платформаның ұзындығы бір мезгілде қышқыл құюға дайындалған цистерналардың ұзындығымен сәйкестендіріледі. Платформада екі жағында ұстағыштары бар, платформаны цистернаның қақпақты келте құбырымен жалғастыратын, аспалы кішкене көпір орнатылады.
Қышқылдарды қоймаға қабылдау және теміржол цистерналарына құюды арнайы белгіленген және нұсқау берілген жұмысшылар орындайды.
Барлық күкірт қышқылы құйылған сақтағыштардағы «ауалық» келте құбырлары тоқтаусыз жұмыс істейтін газ сорғыш құбырға қосылады.
Барлық күкірт олеумінің абсорбері мен күкірт олеумі жинағышы «ауалықты» моногидрат құйылған саптамалары бар арнайы аулағышқа қосады.
Реттегіш және бүріккіш бак ыдыстар гидравликалық бекітпелері бар мұнара мен жинағышқа жалғанған құйылу келте құбырымен жабдықталынады.
Қышқылдарға арналған резервуарлар – сақтағыштар жабық болады, оларға «ауалық» орнатылып және оның ауа шығаруына арналған құрылғылармен жабдықталынады.
Айналымдағы қышқылдардың жинағыш-ыдысы жүйе тоқтатылған кезде бүкіл айналымдағы қышқылдар сыятындай көлемге есептелінеді.
Ленталық конвейерлерді пайдалану белгіленген тәртіп бойынша бекітілген химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарында ленталық конвейерлерді пайдаланудағы техникалық қауіпсіздік Типтік нұсқаудың талаптарына сәйкес іске асырылады.
Нығыздаулары талапқа сай келмейтін суперфосфат камерасын пайдалануға рұқсат етілмейді.
Суперфосфат камерасындағы суперфосфатты кесетін кескіштің білігі (айналмалы) камераның іске қосу білігімен сөнеді.
Суперфосфат камерасының төбесіндегі барлық тесіктер мен люктер жұмыс кезінде тығыз жабық болады.
Жай және екі еселенген суперфосфат, экстракциялық фосфор қышқылдары, басқа да фосфорқұрамдас тыңайтқыштар өндірісінің технологиялық сызбасы өндірістен шығатын газдарды, фтор-кремний-көмірсутекті қышқыл ерітіндісін абсорбциялау кезінде пайдаланылады, оны ағын су суаттарына төгуге жіберуге жол берілмейді.
Екі еселенген суперфосфат және аммофос өндірістеріндегі бүрікпелі кептіргіш және оның қосалқы жабдықтары олардың температурасын, қысымын және басқа өлшемдерін өлшейтін, сенімді жұмыс істейтін, автоматты реттеуіш құрылғылармен және бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталады. Барлық құралдар басқару орталығына орналастырылады.
Бүрікпелі кептіргіштерді оның кейбір бөліктерінде пайда болатын келеңсіздіктердің (кептіргіштің алдында немесе одан кейінгі жағатын газдардың температурасының күрт жоғарылауы, ұнтақтардың берілуінің тоқтап қалуы және басқалар) алдын алу үшін сақтық және апаттық белгі беретін, апатқа жол бермейтін құрылғылармен жабдықталады.
Фторлы газдарға арналған абсорбциялық агрегаттар регламентке байланысты абсорбциялық көрсеткіштерінің тұрақтылығына кепілдік бере алатын және сыртқа шығарылатын газдарды санитарлық нормалардың талаптарына сай фторлы қоспалардан тазалайтын сенімді су бүрку жүйесімен жабдықталынады.
Араластырғыштар мен экстракторлар іске қосу білігіне қызмет көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жан-жағынан ұстағыштармен жабдықталған алаңдармен және сатылармен жабдықтайды.
Регламент талаптарына сәйкес келмейтін цехтардың газдануына әкеліп соқтыратын құрамында зиянды газдар көлемі жоғары қышқылдарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Вакуум - сүзгілердің жоспарлы тоқтатылуы қысым багындағы ұлпаның барлық көлемін өңдеп болғаннан кейін, сүзгіні қалдықтан босатып және оны тазартқаннан кейін ғана іске асырылады.
Зиянды заттар бөлінетін процесстер және реакциялар жүретін аппараттар тығыз жабылатын қақпақтармен және булар мен газдарды сорып шығаратын құбырлармен жабдықталады. Аппараттардан шыққан газдар зиянды қоспадан тазалау үшін абсорбциялық құрылғыға жіберіледі.
Бор қышқыл өндірісіндегі вакуум-кристализаторлардың мерзімді тазалануы бор қышқылының ыстық ерітіндісімен жүргізіледі. Вакуум-кристализаторларды тазалау қолмен жүргізуге рұқсат етілмейді.
Өнімдері ыдырауға ұшырамау үшін (аммиактың, фторлы газдардың немесе азот тотықтарының бөлініп, регламентте белгіленген температураның артуы салдарынан) , кептіргіш барабандар, бүріккіш кептіргіштер және БҰК аппараттары (барабандық ұсатқыш-кептіргіштер) апаттық белгі беретін және оттықтарға отынды автоматты түрде тоқтататын сақтандырғыш құрылғымен жабдықталады.
Центрофугалар жылдам және бір қалыпты тоқтататын, сақтандырғыш қаптамалармен және механикалық тежеуіш құрылғыларымен жабдықталады.
Центрофуга корпусының көрінетін жеріне шығарылған мерзімін, зауыт-әзірлеушіні, барабанның айналу жиілігін (айн/мин) , сыйымдылықтың максималды көрсеткішін (кг) және барабанның қабырғасының минималды қалыңдығын (мм) жазып, тақтайша іліп қойылады.
Кремний фторсутекті қышқыл ерітінділеріне арналған жинағыш-ыдыстарда және қысым бактарында кремнегел тұнбаларын қол еңбегін қолданусыз қозғайтын аспап қарастырылады.
Шикізаттардан, аралық өнімдерден және дайын өнімдерден сынама алу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету аспаптармен жабдықталады.
Фторлы тұздарды өлшеп қаттау олардың сақталуынан бөлек бөлмеде жүргізіледі. Қаттау механикаландырып, шаңсыз және санитарлық ережелердің талаптарын қанағаттандырарлықтай етіп жүргізіледі.
Алюминийдің тотық гидраты жабық және жылытылатын (+5ºС) қоймаларда (бөлмелерде) сақталады.
Күрделі тыңайтқыштарды сақтау және тасымалдау кезінде өздігінен ыдырауды болдырмау үшін олардың жылытқыш құралдармен және ашық отпен түйісуіне жол берілмейді.
1-тармақта тізбектелген өндірістердегі цехтардың жабдықтарын бақылаусыз қалдыруға немесе жауап беру құқы жоқ азаматтарға сеніп қалдыруға болмайды.
Цехтарда жұмыс істеуші қызметкерлерді сұйық және газ түріндегі аммиак, күкірт, фосфор, кремний-фтор-сутекті және азот қышқылдарының, аммиак селитрасының, аммиак селитрасы ерітіндісінің қасиеттері туралы жақсы хабардар етеді.
3.6 Қорғаныстың жеке құралдары
Өндіріс цехтарында жұмыс істейтін барлық жұмыскерлер штаттық жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі және оларды пайдалану ережелеріне оқытылады.
Жеке қорғаныс құралдары жоқ қызметкерлерге жұмысқа рұқсатнама берілмейді.
Цех әкімшілігі противогаздардың берілуін және олардың жарамды мезгілдерін бақылайды, сонымен қатар оларды сақтаудың санитарлық шарттарын, противогаздардың бет бөлімдерінің дезинфекциясын, қораптарының дұрыстығын тексеруді, сақтандыру (құтқару) белдіктерінің сенімділігін және тағы басқаларды қамтамасыз етеді.
Әрбір цехта апаттық аспаптардың және аккумуляторлық шамдардың сақталуын жүзеге асырады.
Цехтың әрбір қызметкері апаттық сүзгі, бөлектеуші противогаздар және басқа да қорғаныс құралдары тұрған кебеженің, алғашқы көмек көрсетуге арналған дәріқұтының, кішкене фонтандардың және апаттық душтардың орындарынан хабардар болады.
Арнайы қорғаныс киімі, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдары белгіленген тәртіпте бекітілген нормамен беріледі.
Берілетін арнайы киім және арнайы аяқ киімдер стандарт талаптарына сәйкес келеді және өлшемдері шақ болады.
Тегін арнайы қорғаныс киімінің, арнайы аяқ киімнің және жеке қорғаныс құралдарының берілу, сақтау және пайдалану реті, оларды жуу, дезинфекциялау және жөндеу белгіленген тәртіп бойынша бекітілген нормалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Шикізаттардың, аралық өнімдердің және дайын өнімдердің шаңы бөлінетін өндірістерде арнайы киімдерді шаңдардан тазалайтын арнайы механизмдермен және киімдерден шаңды сорып алатын сорғыш желдеткіштермен жабдықталған арнайы бөлме қарастырылады.
2. Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері.
3. Электротехникалық бөлім.
4. Технологиялық бөлім.
5. Газ қауіпті жұмыстар.
6. Өндірістердегі ерекше талаптар.
7. Қорғаныстың жеке құралдары.
4 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы «10» қарашадағы № 455 бұйрығымен бекітілген)
Осы Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі – Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеудің кез келген жағдайында туындайтын:
- жеке жылдық тиімді мөлшер 10 мкЗв артық болғанда;
- жеке жылдық сәйкес мөлшер теріде 50 мЗв артық және көз жанарында 15 мЗв артық болғанда;
- жымды тиімді жылдық мөлшер 1 адамнан артық болғанда – 3в, не ұжымдық мөлшер 1 адамнан артық болғанда – Зв пайдаланылады.
Талап Жер бетіндегі ғарыштық сәулеленуге және табиғи калийден жасалатын адамның ішкі сәулеленуіне пайдаланылмайды.
Осы Талапта келесі терминдер пайдаланылады:
- радиоактивті зат – осы Талап пайдаланылатын (радионукльдер) белсенді радионукльдері бар кез келген агрегатты жағдайдағы зат;
- дезактивация – қандай да бір беттен немесе қандай да бір ортадан радиоактивті ластануды төмендету немесе жою;
- ластанған радиоактивтер – радиоактивті заттардың бетте, материал ішінде, ауада, адам денесінде немесе басқа орында осы Талаппен белгіленген деңгейден асатын мөлшерде болуы;
- радиоактивті қалдықтарды көму – радиоактивті қалдықтарды оларды кейін алып шықпау ниетімен қауіпсіз орналастыру;
- иондайтын сәулелену көздері – радиоактивті материалдары бар радиактивті материалдар, аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ осы Талап әрекеті пайдаланылатын, иондайтын сәулеленуді шығаратын немесе шығаруға қабілетті аппараттар мен құрылғылар;
- радионуклидті жабық көз – құрылғысы ондағы бар радионуклидтерді ол есептелген қоршаған ортаға пайдалану мен тозу жағдайында шығаруды болдырмайтын сәулелену көзі;
- радионуклидті ашық көз – пайдалану кезінде ондағы бар радионуклидтің қоршаған ортаға түсуі мүмкін сәулелену көзі;
- радиациялық бақылау – ұйымдағы, қоршаған ортадағы радиациялық жағдай туралы және адамдарды сәулелендіру деңгейі туралы ақпарат алу (мөлшерді және радиометриялық бақылауды қосады);
- атом энергиясын пайдалану объектісі – ядролық қондырғылар; орналастыру пункттері; алу деңгейінен жоғары иондайтын сәулелену көздері; медициналық, оқу, зерттеу, коммерциялық, ауылшаруашылық, өнеркәсіптік, таукен өндіру, қайта өңдеу кәсіпорыны, сондай-ақ басқа ұйымдарды қосатын, иондайтын сәулелену көздері;
- радиоактивті қалдықтар – радинуклиді осы Талаппен белгіленген деңгейден асатын кез келген агрегатты жағдайдағы бұдан әрі пайдалануға арналмаған заттар;
- иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс – жұмыс орнында сәулелену көзімен жұмыс істеудің, радиациялық бақылауды қоса, барлық түрі;
- радиациялық қондырғы – ядролық болып табылмайтын, радиоактивті материалдармен жұмыс істеу деңгейінен жоғары қатысу жүзеге асырылатын, оған жататын, ғимарат, құрылыс және жабдықтарды қоса қондырғы;
- радиоактивті материалдар – кез келген агрегатты жағдайдағы, осы Талап әрекеті пайдаланылатын, радионуклиды бар, табиғи немесе техногендік шығудағы кез келген материал;
- радиоактивті қалдықтар – радиоактивті материалдар, ядролық материалдар немесе бұдан әрі пайдалану көзделмейтін радионуклидті көздер;
- санөткізгіш – киімді, аяқ киімді ауыстыруға, персоналды санитарлы өңдеуге, тері жабындарының радиоактивті ластануын бақылауға, жеке қорғаныс құралдарына, персоналдың жеке және арнайы киіміне арналған үй-жай кешені;
- иондайтын сәулеленуді генерирлейтін құрылғы (көз) – иондайтын сәулелену тартылған бөліктердің, олардың аннигиляция немесе ядролық реакциясының жылдамдығы өзгеруі есбінен туындайтын, электрофизикалық құрылғы (рентген аппараты, үдеткіш, генератор және т.б.);
- ядролық қондырғы – алу деңгейінен артық мөлшерде ядролық материалдармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, оған жататын ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды қосатын арнайы қондырғы.
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңының талаптарына сәйкес, иондайтын сәулелену көздерін пайдаланатын аймақтар:
- жұмыс орындарында, үй-жайларда, аймақ аумағында, бақыланатын аймақтарда радиоактивті заттардың лақтырылуы мен жиналуына радиациялық жағдайға өндірістік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамсыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралардың белгіленген талаптарына сәйкес жұмыскерлер штатының жиынтықталуын қамтамасыз етеді;
- радиациялық қауіпсіздік пен иондайтын сәулелену көздерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды жоспарлап жүзеге асырады;
- иондайтын сәулелену көздері пайдаланылатын объектіге бөтен тұлғалардың кіруін болдырмайды;
- персонал сәулеленуіне тұрақты бақылау мен жеке мөлшер есебін жүргізеді;
- персоналды тұрақты түрде олардың жұмыс орнында иондайтын сәулелену деңгейі туралы және олардың алған сәулеленудің жеке мөлшерінің үлкендігі туралы ақпараттандырады;
- персоналдың алдын ала (жұмысқа тұру алдында) және кезеңді медициналық қаралуын жүргізуді ұйымдастырады;
- оқудан өткен және жұмысқа рұқсаты бар лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлерді иондайтын сәулелену көздерімен жұмысқа жібереді;
- авариялар, оқиғалардың туындау себептеріне талдама жасайды, авариялардың, оқиғалардың және олардың салдарының алдын алуға, таратуға бағытталған шараларды жүзеге асырады;
- авариялар, оқиғалар есебін жүргізеді;
- иондайтын сәулелену көздерімен және радиоактивті сәулеленумен авария, оқиға жағдайында бақылау, хабарлау, байланыс және әрекетті ұстау жүйесін құрады және олардың тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
- радиациялық қауіпсіздік қатерін туғызатын авариялар, оқиғалар туралы өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органды уақытылы ақпараттандырады.
4.1 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібі
Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланатын ұйымның жобалық құжаттамасы құрылымдау, құрылыс, қайта салу, пайдалану, иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару кезінде қауіпсіздік шарасы негізінен тұрады.
Радиациялық объектілердің жобалық құжаттамасында номенклатураны, жеке қорғаныс құралын, медикаменттерді, радиометриялық және мөлшерлегіш аспаптардың авариялық қорын, дезактивтендіру мен санитарлық өңдеу құралдарын, радиациялық авария, оқиға салдарын тарату бойынша шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған қажетті аспаптар мен мүкәммалды сақтау орны өңделеді.
Сәулеленген тұлғалар үшін сәулелену деңгейі орнатылады:келтірілген негізгі мөлшер шамасы (бұдан әрі – МШ);негізгі мөлшер шамасынан өндірілетін болып табылатын монофакторлы әрекеттің рұқсат берілген деңгейі (бір радионуклид үшін, түсу жолы немесе ішкі сәулеленудің бір түрі): жылдық түсу шамасы (бұдан әрі – ЖТШ), рұқсат берілетін орташа жылдық көлемді белсенділік (бұдан әрі – РКБ ) және орташа жылдық үлесті белсенділік (бұдан әрі – РҮБ) және басқалар;
бақылау деңгейлері (өлшемдер, деңгейлер, белсенділіктер, ағындар тығыздығы және басқа).
Олардың мәні ұйымда қол жеткен радиациялық қауіпсіздік деңгейін ескереді.
Персонал үшін тиімді мөлшер еңбек қызметі кезеңінде (50 жыл) – 1000 мЗв аспайды.
Персонал үшін радонның еншілес изотоптарының мәні (222Rn и 220Rn) – 218Po (RaA); 214Pb (RaB); 214Bi(RaC); 212Pb (ThB); 212Bi (ThC) балама теңсалмақ белсенділік бірлігінде:
ПГП: 0,10 ПRaA + 0,52 ПRaB + 0,38 ПRaC = 3,0 МБк
0,91 ПThB + 0,09 ПThC = 0,68 МБк
ДОА: 0,10 АRaA + 0,52 АRaB + 0,38 АRaC = 1200 Бк/м3
0,91 АThB + 0,09 АThC = 270 Бк/м3 құрайды,
мұнда Пi және Аi – жылдық түсім және тыныс алу аймағында сәйкес радонның еншілес изотоптарының орташа жылдық көлемді белсенділігі.
Сәулелену көздерімен жұмыс істейтін 45 жасқа дейінгі әйелдер үшін іштің төменгі жақ бөлігіне балама мөлшер айына 1 мЗв аспайды, ал радионуклиндердің ағзаға жылына түсуі персонал үшін жылдық түсудің 1/20 шамасынан аспайды. Бұл жағдайларда анықталмаған жүктілікте 2 айға дейін сәулеленудің балама мөлшері 1 мЗв аспайды.
Аймақ әкімшілігі жүктілік және бала емізу кезеңінде жүктілік туралы ақпарат алған күннен бастап, жүкті әйелді сәулелену көзімен байланысты емес жұмысқа ауыстырады.
Сәулелену көзін пайдаланумен кәсіптік оқудан өткен студенттер мен 16 жастан жоғары оқушылар үшін жылдық мөлшер иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеумен айналысатын тұлғалар үшін белгіленген мәннен аспайды, бірақ тұру немесе жұмыс орнын орналастыру шарты бойынша иондайтын сәулелену әсеріне тартыла алады.
Иондайтын сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін тұлғалар жеке дозиметрлерді пайдаланумен міндетті бақылауға тартылады.
Персоналдың сәулеленуін жұмыс сипаттамасына байланысты жеке бақылау:
тері жабындары мен жеке қорғаныс құралдарының ластануын радиометриялық бақылаудан;
радиоактивті заттардың ағзаға түсу сипатын, динамикасын және деңгейін жанама радоиметрияның тура және/не жанама әдісін пайдаланумен бақылаудан;
нейтрондардың ішкі бета-, гамма- және рентген сәулелену мөлшерін жеке дозиметрлерді пайдаланумен немесе есепті жолмен бақылаудан тұрады. Радиациялық бақылау нәтижесі бойынша персоналда балама мөлшер мәні анықталады, ал қажеттілігі болған кезде жекелеген органдардың сәулеленуінің балама мәні анықталады.
Жүргізілетін жұмыстардың сипатына байланысты радиациялық жағдайды бақылау:
рентген, гамма және нейтронды сәулелену мөлшерінің қуаттылығын, жұмыс орындарында, аралас үй-жайларда, аймақ аумағында, санитарлы-қорғаныс аймағында иондайтын сәулелену бөліктерінің ағын тығыздығын өлшеуден;
жұмыс беттерінің, жабдықтардың, көлік құралдарының, жеке қорғаныс құралдарының, тері қабаттары мен персонал киімдерінің радиоактивті заттармен ластану деңгейін өлшеуден;
жұмыс үй-жайы ауасында газдар мен аэрозельдердің көлемді белсенділігін анықтаудан;
радиоактивті заттардың лақтырылу және жиналу белсенділігін өлшеу немесе бағалаудан;
санитарлы-қорғаныс аймағында қоршаған орта объектілерінің радиоактивті ластану деңгейін анықтаудан тұрады.
Ақпаратты стендтерде жұмыс орындарындағы иондайтын сәулелену деңгейі және сәулеленудің алынған жеке мөлшерінің үлкендігі туралы мәлімет ілінеді.
Иондайтын сәулелену көздерін алу сәтінде пайдаланушы аймақтың техникалық жетекшісі олармен жұмыс істеуге рұқсат берілген тұлғалардың тізімін бекітеді, сәулелену көзін есепке алу мен сақтауды, радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау мен тапсыруды ұйымдастыруды, радиациялық қауіпсіздікке өндірістік бақылауды қамтамасыз ететін тұлғаны тағайындайды.
Аймаққа түсетін барлық сәулелену көзі кіріс-шығыс журналында есепке алынады.
Жұмыста болмайтын иондайтын сәулелену көздері бөлінген орындарда немесе олардың сақталуын қамтамасыз ететін және оған бөтен тұлғалардың кіруін болдырмайтын жабдықталған қоймаларда сақталады.
Сақтау кезінде радиоактивті газдар, булар немесе аэрозельдер бөлуі мүмкін иондайтын сәулелену көздері пайда болған газдарды сору шкафтарында, бокстарда, камераларда тазалау сүзгілерімен желдеткіш жүйесінде бұрумен, жанбайтын материалдан жасалған жабық ыдыстарда сақталады. Қойма тәулік бойы жұмыс істейтін сору желдеткішімен жабдықталады.
Иондайтын сәулелену көздерін сақтау орнынан жауапты тұлға береді. Иондайтын сәулелену көздерін беру мен қайтару кіріс-шығыс журналында тіркеледі.
Сәулелену көздерімен жұмыс істеуге рұқсат берілген тұлға жұмыстан шыққан (ауысқан) жағдайда әкімшілік оған берілген барлық сәулелену көздерін акт бойынша қабылдап алады.
Жыл сайын иондайтын сәулелену көздерін оларды тіркеуді жүргізу дұрыстығын тексеру бойынша есеп жүргізіледі.
Иондайтын және радиоактивті сәулелену көздерімен жұмыс істейтін персонал жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Белгіленген деңгейден жоғары ластанған арнайы киім мен іш киім дезактивті жууға жіберіледі. Негізгі киім мен іш киімді ауыстыруды персонал кемінде жеті күнде бір рет жүзеге асырады.
Иондайтын сәулелену көздері бар жабдықтардың, контейнерлердің, қораптардың, аппараттардың, жылжымалы қондырғылардың, көлік құралдарының радиациялық қауіптілік белгісі болады.
Техникалық құрылғылар оларды тағайындау және техникалық сипаттамасымен пайдаланылады. Пайдаланушы персонал технологиялық регламентті, жабдықтың жұмыс режимін сақтайды, оны таза ұстайды, жабдықтың техникалық жағдайын қадағалайды, оның жұмысындағы ақауларды уақытылы анықтап түзетеді. Техникалық пайдаланудың барлық бұзылулары, табылған және жөнделген ақаулар, қолданыстағы жабдықтың ақаулары ауысым журналында тіркеледі.
Технологиялық регламент – кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.
Радиоактивті материалдар пайдаланылатын жабдықтың жалпы құрастырылуы мен орналасуы қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Радиоактивті материалдар пайдаланылатын жабдыққа орнатылған бақылау-өлшеу аспаптардың пломбысы немесе тексеру таңбасы болады. Аспаптар оларды пайдалану бойынша басшылық көздеген мерзімде көрсеткіш дұрыстығына күмән туған әр ретте тексеріледі. Манометрлер, салмақ индикаторлары және басқа да бақылау-өлшеу аспаптары олардың көрсеткіштері қызмет көрсетуші персоналға анық көрінетіндей орналастырылады.
Радиоактивті материалдар пайдаланылатын жабдықтың жағдайына тұрақты бақылау жүргізеді:
- ұйымның бас механигі – айына кемінде бір рет;
- бекітілген кесте бойынша – тоқсанына кемінде бір рет.
Бақылау нәтижесі журналға енгізіледі.
Радиоактивті материалдар пайдаланылатын жабдықтарды жөндеу жоспарлы-ескерту жөндеу кестесіне, жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Жұмыс көлімі мен сипатына байланысты радиациялық қауіпсіздікке өндірістік бақылауды радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, арнайы дайындықтан өткен, арнайы қызмет немесе тұлға жүзеге асырады.
Кәсіпорын бойынша бұйрықпен сәулеленетін тұлғалар санаты белгіленеді:
- персонал (А және Б тобы);
- саладан және олардың өндірістік қызметі шартынан тыс персоналды қоса, барлық тұрғындар.
Талап тұрғындарға және персоналды А және Б тобына бөлуге пайдаланылмайды.
«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған
08 10 2014
10 стр.
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1 тармақшасына сәйкес, БҰйырамын
12 10 2014
1 стр.
Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 1 қосымша
04 09 2014
1 стр.
Осы Талаптың құзыры жүретін барлық өндірістер мен нысандардың құжаттары болады, оның ішінде
12 09 2014
5 стр.
Тозаңды отынды дайындау мен жағуға отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына қосымша
23 09 2014
1 стр.
Ескерту (жұмыс бойынша өкімдер мен ескертулер, және приборлардың жұмысқа қабілеттілігінің күн сайынғы тексеру нәтижелерінің жазуы)
15 10 2014
1 стр.
Предназначено для студентов специальности: барлық экономикалық және техникалық мамандықтарға арналған
25 12 2014
1 стр.
Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 4 қосымша
14 12 2014
1 стр.