Перейти на главную страницу
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және журналистика институты
Практикалық қазақ тілі кафедрасы
Өскемен, 2005.
Құрастырушылар: Оқу -әдістемелік кешен
Жылқыбаева А.Ш., практикалық қазақ тілі
ф.ғ.к., профессор кафедрасының отырысында
Сапанова А.М. , талқыланды. 2 ақпан 2005 ж.
оқытушы №7 хаттама
Солтанова А.Ғ.,
оқытушы Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды. 7 ақпан 2005ж.
№ 3 хаттама.
Оқу - әдістемелік кешенге түйіндеме. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен «Дене мәдениеті және спорт» мамандығына арналған. Бұл кешеннің негізгі мақсаты – практикалық қазақ тілі кафедрасында жинақталған озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін пайдалана отырып, студенттерге терең білім беру болып табылады.
Алғашқы әскери дайындық мамандығының студенттеріне арналған қазақ тілі курсы бойынша оқу-әдістемелік кешен. /Құрастырушылар: Жылқыбаева Амантай Шаймарданқызы, Солтанова Арайлы Ғазизқызы, Сапанова Айман Мауытханқызы -Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005 ж. -33бет
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
2005.
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
1. Жалпы мәліметтер
1.1. Пәннің аты: қазақ тілі
1.2. Практикалық қазақ тілі кафедрасы
1.3.Оқытушының аты-жөні: Солтанова Арайлы Ғазизқызы, Сапанова Айман Маутханқызы
1.4. Байланыс ақпараты: 30-гвардиялық дивизия көшесі, 36 үй, практикалық қазақ тілі кафедрасы, 240 ауд., тел.540163, кесте бойынша.
1.5. Өткізілетін орны: ШҚМУ-дың № 1 корпусы.
1.6. Кредит саны: 3
1.7. Оқу жоспарынан көшірме
Курс |
Семе стр |
Кредит |
Практи калық
|
СОӨЖ |
СӨЖ |
Бар-лығы |
Бақылау формасы |
1 |
1 |
3 |
45 |
45 |
45 |
135 |
Емтихан |
- қазақ тіліне тән негізгі ерекшеліктерді білу;
- қазақ тілінің құрылысын білу;
- мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен қазақ тіліне аудара білу;
- студенттің әдебиетпен, түрлі сөздіктермен жұмыс істей алуы;
- ойын түсінікті жеткізе білу;
1.9. Постреквизиттер
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңынан. Барлық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасында барлық мамандықтар бойынша қазақ тілі міндетті пән болып табылады және оқу орнын бітіргені туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді. Жоғары оқу орындарының түлектері қазақ тілін кәсіби міндеттерін орындау көлемінде білуі тиіс.
2. Курстың қысқаша сипаты
2.1. Курстың мақсаты:
Қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге иеленіп, мәртебесінің көтерілуіне байланысты қазақ тілі курсына үлкен талап қойылып отыр. Ұсынылып отырған оқу бағдарламасының басты мақсаты – республикамыздағы және университеттің практикалық қазақ тілі кафедрасында жинақталған озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін (интенсив, компьютерлік оқыту) пайдалана отырып:
- студенттерге қазақ тілінен тиянақты да терең білім беру;
- тілдің коммуникативтік қызметін күшейту;
- грамматикалық материалдарды меңгеру арқылы қазақ тілінде сөйлеуге үйрету;
- студенттердің қазақ тілінен алған білімін тереңдетіп тілдік дағдыларын жетілдіру;
- ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін үйрету;
- сөйлеу мәдениетін дамыту;
- қазақ тіліндегі мәтіндердің мазмұнын түсіне білу;
- күнделікті тұрмыс-тіршілікте алған білімдерін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білу.
2.2. Курстың мамандыққа қатысты қолданылу міндеті:
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде, мемлекеттік тілді «Дене мәдениеті және спорт» мамандығында оқитын студенттерге үйрету бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі студент ертеңгі маман, қызметкер. Студенттерді өз мамандығы саласында мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасап, жаза білуге және мамандыққа қатысты кәсіби лексиканы қолдана отырып, өз ойын, еркін жеткізе білуге үйрету.
2.3. Курстың мазмұны:
Курстың негізгі мазмұны лексикалық және грамматикалық материалдардан тұрады.
Лексикалық тақырыптар негізінен бір мақсатты жүйемен сабақ мазмұнының сабақтастығына қарай алынады. Әрбір лексикалық тақырып тіл үйренушінің қазақ тілінде ойлау қабілетін дамытуға, сөздік қорларын молайтуға, еркін пікір алмасуына, интеллектілік дамуының көрсеткіштерін арттыруға, сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Граматикалық тақырыптарды үйретуде қазақ тілі мен орыс тілін салыстыра отырып, тілдегі ерекшеліктерді ескере отырып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуына, сауатты жаза білуіне дағдыландырады. Курс соңында тіл үйренуші курстың мазмұны бойынша қарастырылған тақырыптарды меңгере отырып, ауызекі сөйлей білуі, сауатты жаза білуі, мамандыққа қатысты терминдерді қажеттілігіне сай қолдана білуі қажет.
3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
№ |
Жұ-мыс-тың түрі |
Тапсырманың мақ-саты мен мақсаты |
Ұсы-нылған әдебиет тер |
Орын да-лу мерзі-мі |
Рейтингке сәйкес қойы-латын балл |
Бақылау-дың түрі |
Тап-сы-ру мер-зімі | ||||
не гіз гі |
қосымша | ||||||||||
1 |
2 |
2 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 | |||
1. |
Сұх-бат құрас тыру |
Ауызекі сөйлеу ті-лі дағды ларын қа-лыптас тыру. |
5, 4 |
8, 10
|
семестр бойы |
5 |
Маз мұн дау |
5 апта | |||
2. СӨЖ |
Жат-тығу жұ мыста ры |
Орфогра-фиялық, лексика-лық және сөйлеу дағдыла-рын қа-лыптас-тыру |
1, 2 |
8 |
семестр бойы |
5 |
өз беті мен жұ мыс |
3, 8, 13 | |||
3 |
Ара-лық бақы-лау |
Граммати-калық білімдерін тексеру |
|
|
|
30 (10х3)
|
тест |
5,10,15 апта | |||
4 |
Мәтінмен жұ-мыс |
Негізгі мағына-сын ұғып пайдалана білу.Тер-мин лек-сикасын меңгерту Оқу дағ-дыларын, қалыптас-тыру. |
1 5 |
6 |
Семе стр бойы |
10 |
әңгі ме-леу |
4, 9, 14 апта | |||
5С О Ө Ж |
Сөз-дікпен жұ-мыс |
Сөздік қорларын молайту. Сөздерді дұрыс ай-туға үйре-ту. |
1 25 |
6 |
|
5 |
сөз-дік дик тант |
4, 9, 12 | |||
6 |
Рефе рат |
Ғылыми көзқара-сын қа-лыптасты-ру. Шы-ғармашы-лық ойлау қабілетін дамыту, ізденімпаздығын арттыру. |
5 |
17, 20, 21 |
|
5 |
әңгі ме-леу |
6, 11, 13 |
1. Ш.Бектуров,А.Бектурова.Қазақ тілі для начинающих. А., 1994.
2. Б.Құлмағамбетова, Ж.Елемесова. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы.:“Рауан”, 1990.
3. Э.Сулейменова, К.Кадашева, Д.Аканова. Грамматический справочник. Казахский язык. Учебный комплекс. Алматы, 1996.
4. Э.Сулейменова,К.Кадашева,Д.Аканова.Сұхбат.Қазақ тілі. Казахский язык. Учебный комплекс. Алматы, 1996.
5. А.Жылқыбаева. Қазақ тілі. Өскемен, 2002.
6. Қазақ тілі жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған. Алматы, 1999.
7. Қазақ тілі. Учебное пособие для интенсивного обучения. Алматы, 2003.
8. К.Молдабеков. Говорим по – казахский. Алма-Ата, 1992.
9. О.Күлкенова. Тіл ұстарту. Алматы:“Қазақ университеті”, 1992.
10. Ұ.Салиева. Қазақша сөйлеп үйренейік. Алматы: Рауан, 1992.
11. Ш.Бектуров, А.Бектурова. Қазақ тілі ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, 1998.
12. К.Сариева. Қазақ тілі және елтану. Алматы: “Балауса”, 1997.
13. К.Маселова, А.Жылқыбаева. Сан есімді тиімді оқыту жолдары.
14. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 31-том. Дене тәрбиесі және спорт. –Алматы:: «Рауан», 2000.
15. Қазақстан Республикасының Энциклопедиясы анықтамалық. «Қазақ Энциклопедиясы» Алматы, 2001.
16. Н.Акказин. Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы, 1990.
17. Э.Сулейменова, К.Кадашева, Д.Аканова. Тіл ұстарту. Казахский язык. Учебный комплекс. Алматы, 1996
18. Қазақша-орысша сөздік. Алматы: Өнер, 1995.
19. С.Калиев, М.Оразаев, М.Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы:“Рауан”, 1994.
20. А.Құралұлы. Қазақ дәстүрлері мәдениетінің анықтамалығы. Алматы “Сөздік – Словарь”, 1998.
21.Қазақстан-2030. Жолдау. Алматы: Білім, 2001.
22. «Қазақтар». 9-томдық анықтамалық ІІ том. Тарихи тұлғалар. Баспа редакциялық орталығы. Алматы, 1998.
Бақылаудың түрі |
Балл |
Ағымдағы |
20 |
Аралық |
30 |
Үй тапсырмасы |
10 |
Қорытынды (емтихан) |
40 |
Барлығы |
100 |
- студент себепсіз 2 сағат сабақ босатса, рейтинг балы төмендетіледі;
- студент оқу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс;
- студент себепті жағдаймен сабақ босатса, анықтама қағазын көрсетуі тиіс;
- сабаққа себепсіз 15 минут кешіксе, сабаққа кіргізілмейді;
- әрбір өтілген тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға толық жауап беруі тиіс;
- курс бойынша өтілген тақырыптарды оқытушыға тапсырмайынша емтиханға кіргізілмейді;
- мамандығы бойынша термин сөздерді жетік меңгеруі тиіс;
-студенттер сабаққа келгенде ұялы телефондарын өшіруілері қажет;
- студент пәннен сабақ беретін оқытушыны құрметтеуі тиіс.
Барлық кредит саны – 3
№ |
Тақырыптың аты |
Сағаттар | |||
|
|
Практи калық |
СӨОЖ |
СӨЖ | |
|
І КРЕДИТ | ||||
1. |
Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.Қазақ тіліне тән дыбыстар. Үндестік заңы. Танысу. Өзім туралы |
4 |
2 |
3 | |
2. |
Тәуелдік жалғау. Менің отбасым. |
2 |
2 |
1 | |
3. |
Атау, Барыс, Жатыс септіктері. Өскемен қаласы. |
2 |
2 |
2 | |
4. |
Көмекші есімдер. Менің пәтерім. |
2 |
2 |
2 | |
5. |
Табыс, Шығыс, Көмектес септіктері. ШҚМУ-білім ордасы. |
2 |
4 |
2 | |
6. |
Сұраулы сөйлемдер.Сәрсен Аманжолов. |
1 |
2 |
2 | |
7. |
Сан есім. Уақыт.Менің күн тәртібім. |
2 |
1 |
3 | |
|
ІІ КРЕДИТ | ||||
8. |
Етістік. Осы шақ. Туған жерім-менің Қазақстаным |
2 |
2 |
2 | |
9. |
Жедел өткен шақ. Қазақстан Республикасының рәміздері. |
2 |
2 |
3 | |
10. |
Бұрынғы өткен шақ. Ұлттық ақша. |
2 |
2 |
2 | |
11. |
Жіктік жалғау. Менің болашақ мамандығым. |
2 |
2 |
2 | |
12. |
Сын есім. Адамнының сырт-бейнесі, мінезі. Менің досым. |
4 |
2 |
3 | |
13. |
Келер шақ. Ұлттық тағамдар. |
3 |
2 |
2 | |
|
ІІІ КРЕДИТ | ||||
14. |
Ауыспалы келер шақ. Спорт. Жеңіл атлетика. |
2 |
3 |
2 | |
15. |
Жіктеу, сұраулы есімдік. Гимнастика туралы ұғым. |
2 |
2 |
4 | |
16. |
Сілтеу , жалпылау есімдігі. Спорттық ойындар. |
2 |
4 |
3 | |
17. |
Өздік, белгісіздік есімдігі. Спорт тарихынан. |
3 |
3 |
2 | |
18. |
Бұйрық рай. Спорт жұлдыздары. |
2 |
2 |
2 | |
19. |
Қалау және шартты рай. Салауатты өмір салты.. |
2 |
2 |
2 | |
20. |
Үстеу.Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Ұлттық ойындар. |
2 |
2 |
2 | |
|
БАРЛЫҒЫ |
45 |
45 |
45 |
1.ҚР “Тіл туралы Заңының” 4 бабымен танысыңыз
2.Берілген сөздерді оқып, бір бағанға жіңішке, екінші бағанға жуан сөздерді жазыңыз: әдемі, әңгіме,терезе, сатушы, қатар, ойын, доп, жүгір, керме, ақпан, сәуір, тіс, күшті, темір, қақпашы, күндіз, әдіс
3. Танысу сұхбатын құраңыз
4. Өмірбаяныңызды жазыңыз
Әдебиеттер: 1-198, 1-108, 7-92б
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды орындау үшін «Тіл туралы Заңды» оқу керек, үндестік заңы тақырыбын қайталау керек.
2-тақырып: Менің отбасым .
Сұрақтар:Тәуелдік жалғау. Ілік септік. Менің отбасым. Туыстық атаулар
Тапсырмалар:
1.Сөздерді жекеше және көпше формада тәуелдеңіз: ата, әпке, мамандық
2.Көп нүктенің орнына ілік септігінің тиісті жалғауын қойыңыз:
қазақ... палуаны, ойын... аты, шаңғышы... жолы, спорт... түрі, мектеп... спорт залы, тау... басы, дүкен... жаны, үй... терезесі.
3. Берілген мақал-мәтелдерден туыстық атауларды тауып, мағынасын түсіндіріңіз
4. Туыстық атаулардың орысша баламасын табыңыз (А.Ш.Жылқыбаева Қазақ тілі -28 б).
Әдебиеттер: 5.
Әдістемелік нұсқау:Тапсырмаларды орындау үшін тәуелдік жалғау тақырыбын, ілік септігін меңгеру керек. 4-тапсырманы орындау кезінде қазақша-орысша сөздікті қолданып, сөздікке туыстық атауларын аудармасымен жазып алу керек.
3-тақырып: Өскемен қаласы
Сұрақтар: Жатыс, барыс септіктері. Өскемен қаласы. Қала ішін бағдарлау.
Тапсырмалар:
1.Көп нүктенің орнына Жатыс септігінің тиісті жалғауын қойып,сұрақ қойыңыз: жарыс қыркүйек..., спортшы жарыс..., доп футболшы..., әлем біріншілігі..., әлем чемпионаты..., сессия қаңтар... .
2.Сұрақтарға жауап беріңіз: Сіздің әкеңіз қайда жұмыс істейді? Сіз қай көшеде тұрасыз? Сіз қай мамандықта оқисыз? Сіз оқитын ғимарат қайда орналасқан?
3.Қала тақырыбы бойынша сөздердің орысша баламасын табыңыз, сөз тіркестерін, сөйлемдер құраңыз
1.16-жаттығу.Сөйлемдердің ішінен көмекші есімдерді табыңыз.
2.17-жаттығу.Көп нүктенің орнына көмекші есімдерді қойыңыз.
24-жаттығу.Біздің үйіміз мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сөздерді табыс, шығыс, көмектес септіктеріне қойып, жалғаулары қандай предлогтарға сәйкес екенін анықтаңыз: мемлекет, сабақ, өзен, ағаш, тау, орман.
2.Дене мүшелері мәтінінен табыс, көмектес септіктерінде тұрған сөздерді тауып, сұрақ қойыңыз.
3.Білім, ғылым тақырыбына мақал-мәтел жазу.
1.12-жаттығу.Көп нүктенің орнына демеуліктерді қойып, жауап беріңіз.
2. С.Аманжолов мәтінін мәнерлеп оқыңыз. Қысқаша не туралы айтылғанын әңгімелеңіз.
Әдебиеттер: 1. 40; 5. 150-151.
Әдістемелік нұсқау:Тапсырмаларды орындау үшін сұраулы сөйлемдер тақырыбын меңгеріп, септік категориясы қайталау керек. Жаңа сөздерді аудармасымен сөздікке жазып алу керек.
7-тақырып. Уақыт. Менің күн тәртібім
Сұрақтар: Сан есімнің жасалу жолдары. Сан есімнің түрлері. Уақыт өлшемі. Қазақ халқының киелі сандары.
Тапсырмалар:
1. Төмендегі санмен берілген сан есімдерді жазумен жазып, олардың қалай жасалып тұрғанын айтыңыз. 12, 7, 236, 70-60, 1912, 12347, 2,5.
2. Сан есімге байланысты мақал-мәтел жазу.
3. Есептік сан есімдерден реттік сан есім жасаңыз: қырық бес, екі, жиырма, жүз, тоқсан.
4. Жыл қайыру, тәулік кезеңдері туралы оқу.
Әдебиеттер:13. 2, 4, 5, 9; 2. 86, 87, 89, 91; 5. 110
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау үшін, сан есімнің түрлерін, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін қайталау.
8-тақырып. Туған жерім-менің Қазақстаным
Сұрақтар: Етістік, жасалу жолдары. Осы шақтың жасалуы, болымсыз түрі. ҚР-сы жалпы мәлімет беру.
Тапсырмалар:
1. Берілген етістіктерді осы шақта жіктеңіз: келу, оқу.
2. Сізге шетелден досыңыз келді. ҚР-сы туралы айтыңыз. Сұхбат.
Әдебиеттер: 3. 121; 1. 64-66; 1. 299; 5. 19-20.
Әдістемелік нұсқау: 1, 2, 3 тапсырмаларды сауатты орындау үшін тұйық етістікті, оның керек сөзімен қолдануын меңгеру керек. Осы шақ ережесін жаттау керек. Сөздікті қолдану керек.
9-тақырып. Қазақстан Республикасының нышандары.
Сұрақтар: ҚР-сы нышандары туралы түсінік. Жедел өткен шақтың түрлері мен жасалуы. Болымсыз түрі.
Тапсырмалар:
1. ҚР-сы Мемлекеттік рәміздері туралы. ҚР-сы Конституциясының 4, 9-баптарын оқу.
2. Берілген сөздерді жедел өткен шақта жіктеңіз. Жабу, кету.
3. Түркі тілдес елдердің елтаңбасы туралы пікір алысыңыздар.
1. Берілген етістіктерді бұрынғы өткен шақта жіктеңіз:жабу, білу.
2. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» мақалын қалай түсінесіз? Көршіңізбен пікірлесіңіз.
Әдебиеттер: 1. 140-141; 5. 22-23.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындау үшін өткен шақтың бұрынғы өткен шақ түрін меңгеру керек. Ұлттық теңге бойынша сұхбат құрастыру керек.
11-тақырып. Менің болашақ мамандығым.
Сұрақтар: Мамандықтар туралы қысқаша түсінік. Жіктік жалғау. Менің мамандығым.
Тапсырмалар:
1. Мамандықтар туралы мақал-мәтелдер жазу.
2. Мына сөздерді жіктеңіз: егіз, көрші, әріптес.
3. Отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы әңгімелеңіз.
1. Адамның мінезі, сырт-бейнесіне байланысты мақал-мәтел жаэу.
2. Өзіңіздің досыңызды (құрбыңызды) сипаттаңыз.
Әдебиеттер:1. 184-186, 195-196; 2. 78-80, 83;
Әдістемелік нұсқау:Тапсырмаларды орындау үшін сын есім және оның шырайларын меңгеріп, жаңа сөздерді жаттау қажет.
13-тақырып. Ас-адамның арқауы.
Сұрақтар: Ұлттық тағам. Келер шақтың жасалу жолы және оның болымсыз түрі.
Тапсырмалар:
1. Берілген сөздерді келер шақта жіктеңіз: тамақтану, жасау.
2. «Асханада» сұхбат.
Әдебиеттер: 1. 158-161; 3. 172-176; 11. 96-98, 100-103,
108-113
1.7-жаттығу.Сөйлемдерді аяқтаңыз.
2.20-жаттығу жолдасыңыздың айтқанын қостамаңыз.
3. «Жүгіру» мәтінін оқып,аудару. Қазақша-орысша сөздік құрастырыңыз.
1.Жіктеу есімдіктерін септеңіз.
2.Сұраулы есімдіктермен сөйлемдер құраңыз.
3 «Гимнастика» мәтінін оқып аударыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз
1.Сілтеу, жалпылау есімдіктерін септеп, сөйлемдер құрастырыңыз
2. «Футбол» мәтінін оқып, төмендегі тапсырмаларын орындаңыз
Әдебиеттер:1. 219-220; 14.
Әдістемелік нұсқау:Тапсырманы орындау үшін сілтеу, жалпылау есімдігі тақырыптарын пысықтап, тапсырмаларды орындау барысында сілтеу есімдігінің септелуі таблицасына сүйену қажет.
17-тақырып: Спорт тарихынан
Сұрақтар: Өздік, белгісіздік есімдіктері.Спорт тарихынан.
Тапсырмалар:
1.Әр септікте тұрған өздік есімдігімен сөйлем құраңыз.
2.6-жаттығу. Жақша ішіндегі кей, әлде,әр сөздерін тиісті жерінде өзінен кейінгі сөзбен біріктіріп,тиісті емес жерінде бөлек жазыңдар (К. Джунисбекова «Қазақ тілі» 157бет)
3. Олимпиада ойындары мәтінін оқып, аударыңыз. Мәтінге сұрақтар құраңыз
14-жаттығу Үлгі бойынша сөздерді септеңіз
2.9-жаттығу Қазақ тіліне аударыңыз
3.Бұйрық райды қолданып, «Спорт тауарлары» дүкенінде сұхбат құраңыз
1.Бару, келу етістіктерін қалау және шартты райға қойып, жіктеңіз
2.2-жаттығу. Етістіктерді тауып, райын анықтаңыз
3.«Денсаулық-зор байлық» мәтінін оқып, мазмұнын айтыңыз.
1.2-жаттығу. Сөздерден үстеу жасап,сөйлемдер құраңыз
2.6-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз
3.21-жаттығу. Көп нүктенің орнына үстеулерді қойыңыз
Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды. 7 ақпан 2005ж
17 12 2014
3 стр.
«Дене мәдениеті және спорт», «Туризм» мамандықтарына арналған. Бұл кешеннің негізгі мақсаты – практикалық қазақ тілі кафедрасында жинақталған озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар
25 12 2014
3 стр.
Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды. 7 ақпан 2005ж
17 12 2014
3 стр.
Психология (бакалавр), 050104-Бастапқы әскери дайындық, 050519- шетел тілі, 050117 – Қазақ тілі мен әдебиет, 050504 – Журналистика
14 12 2014
4 стр.
«Нормативті қазақ тілі» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
25 12 2014
1 стр.
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша
14 12 2014
3 стр.
16 12 2014
1 стр.
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған
25 12 2014
1 стр.