2.3 Студенттердің оқытушы басшылығымен жеке жұмысы
1- тақырып: Қазақ тілі–мемлекеттік тіл.
Тапсырмалар:20-жаттығу. Аударып, көптік форма жасаңыз. 1-тапсырма.. Мәтінді оқып, ә,ө,ү,і,қ,ғ,ң,ұ,һ дыбыстары бар сөздерге көңіл бөліңіз. «Өзім туралы» монологын құрастырыңыз. Танысу тақырыбына жағдаяттық сұхбаттар құраңыз.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ
Әдістемелік нұсқау:Берілген тапсырмаларды орындау үшін үндестік заңы тақырыбын қайталау қажет.
Әдебиеттер: 1.20; 2.44.
2-тақырып: Өскемен қаласы. Қала ішін бағдарлау.
Тапсырмалар: 11-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. 8-жаттығу. Тәуелдік жалғауын жалғаңыз. 1-тапсырма. Сөздерді жатыс септігіне қойып, сұрақ қойыңыз. 1-тапсырма. Мәтіннен барыс септігінде тұрған сөздерді табыңыз. 15-жаттығу. Үлгі бойынша дәрісхананың ішін сипаттаңыз. Отбасы тақырыбы бойынша досыңызбен сұхбаттасыңыз. 1-тапсырма. Берілген сұхбат үлгілері бойынша қала ішін бағдарлау сұхбаттарын құраңыз.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ
Әдістемелік нұсқау: Септік жалғаулары тақырыбын пысықтау керек. Отбасы және қала тақырыптары бойынша жаңа сөздерді меңгеру қажет. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктерді пайдалану керек.
Әдебиеттер: 1-83; 1-82; 7-36; 2-61; 1-35.
3- тақырып: Менің пәтерім.
Тапсырмалар: 2-тапсырма. Көп нүктенің орнына көмекші есімдерді жазыңыз. Қонақта сұхбатын құраңыз. 36,37-жаттығу. Өз пәтеріңізді және құрбыңыздың пәтерін сипаттаңыз. 30-жаттығу. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толтырыңыз.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды орындау үшін, 198-беттегі материалды меңгеру қажет. Жаңа лексиканы аудармасымен сөздікке жазып алу керек. Жатыс септігі тақырыбын қайталап, сөздікті пайдалан.
Әдебиеттер: 1-198; 1-108; 7-92
4- тақырып: ШҚМУ-білім ордасы.
Тапсырмалар: «ВКГУ» мәтінін аударып, септік жалғауларын анықтаңыз. 2-тапсырма. Сөйлем құраңыз. 4-тапсырма. Сөздерді әртүрлі септік жалғауларына қойып, сөйлемдер құраңыз. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Университет мұражайына саяхат.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды орындау үшін, септік категориясы тақырыбын меңгеру керек. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін еске түсіру қажет.
Әдебиеттер: 5-65; 5-62; 5-61.
5-тақырып: Сәрсен Аманжолов.
Тапсырмалар: 28-жаттығу. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз. 3.6. Болымды сөйлемдерден болымсыз сөйлемдер жасаңыз. Сәрсен Аманжолов мәтініне сұрақтар құраңыз. 2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойыңыз. Мақал-мәтелдердің орысша баламасын табыңыз. Уақытты пайдаланып, университеттегі сабақтардың өту уақытын айтыңыз. Азық-түлік дүкенінде сұхбатын құраңыз.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды орындау үшін, 40-беттегі тақырыпты меңгеру қажет. Септік сұрақтарын пысықтау қажет. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін білу керек.
Әдебиеттер: 1-44; 1-40; 5-150; 8-24.
6- тақырып: Туған жерім-менің Қазақстаным.
Тапсырмалар: 9.6-жаттығу. Болымды сөз тіркестерінен болымсыз тіркестер жасаңыз. 1-тапсырма. Етістіктерге тиісті жалғау жалғаңыз. 1-тапсырма. Күрделі нақ осы шақтың қосымшаларын жалғаңыз. «Менің Қазақстаным» әнін жаттау. 4-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, өткен шақта тұрған етістіктерді құрамына қарай талдаңыз. 10-жаттығу. Сөйлемдерді өткен шаққа айналдырыңыз.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ.
Әдістемелік нұсқау: Етістіктің осы, өткен шағын меңгеру қажет. Тұйық етістіктің
керек, қажет сөздерімен тіркесуін еске түсіру керек. «Қазақстан» тақырыбын әңгімелеу барысында қосымша материал қолдану керек.
Әдебиеттер: 1-133; 8-43; 7-97; 7-98; 7-44.
7- тақырып: Ұлттық ақша.
Тапсырмалар: 2-тапсырма. Жақшаны ашып, етістіктерді бұрынғы өткен шақта жазыңыз. 16.21-жаттығу. Мәтіндегі етістіктердің шағын анықтаңыз. Айырбастау пунктінде сұхбатын құраңыз.
СОӨЖ түрі – сұхбаттасу.
Әдістемелік нұсқау: Өткен шақ тақырыбын қайталап, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін аудармасымен сөздікке жазып алу керек. Қазақша-орысша сөздікті пайдалану керек.
Әдебиеттер: 7-61; 8-98.
8- тақырып: Менің болашақ мамандығым
Тапсырмалар: 15-жаттығу. Сөздерді үлгі бойынша жіктеңіз. 16-жаттығу. Болымды сөйлемдерді болымсызға айналдырыңыз. Үлгі бойынша өз мамандығыңыз жайлы досыңызбен әңгімелесіңіз. Мамандық сөзжұмбағын шешіңіз.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ..
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды дұрыс орындау үшін (1 әдебиет) 110-111 беттегі материалды меңгеру қажет. Мамандыққа қатысты жаңа сөздерді есте сақтау керек.
Әдебиеттер: 1-113; 5-75; 5-78.
9- тақырып: Менің досым.
Тапсырмалар: 6-жаттығу. Үлгі бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтінді оқып, сын есімдерді табыңыз. 13-жаттығу. Сын есімнің жасалу жолын анықтаңыз. Отбасы мүшелеріңізге сипаттама беріңіз. 5-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Ондағы адамның сырт бейнесін сипаттайтын сөздерді табыңыз.
СОӨЖ түрі- практикалық сабақ.
Әдістемелік нұсқау: Сын есім тақырыбын меңгеріп, тәуелдік жалғау тақырыбын пысықтау керек. Тақырып бойынша жаңа лексиканы меңгеру керек.
Әдебиеттер: 1-187; 1-189; 7-114, 11; 1-190.
10-тақырып:Спорт. Жеңіл атлетика.
Тапсырмалар: 3-жаттығу. Берілген тұйық етістіктерден келер шақ формасын жасаңыз. 5.27-тапсырма. Берілген етістіктерді ауыспалы келер шақта жазып, болымсыз түрін айтыңыз. Жүгіру мәтінінің соңындағы берілген тапсырмаларлы орындаңыз. Қазақстан спорты деген тақырыпқа сұхбаттасуға дайындалыңыз.
Жүгіру
Ертедегі Грецияда «Егер күшті болғың келсе-жүгір, егер әдемі болғың келсе жүгір, егер ақылды болғың келсе-жүгір» деп жазылған жартас бар. Бірінші Олипиадиялық ойындарда жарыс жеңіл атлетиканың тек қана бір түрінен: бір стадияға жүгіруден өткізілді. «Стадия» шамамен «200 метр қашықтыққа жарысқа жүгіру» дегенді білдіреді. Стадион деген сөздің өзі гректің «стадия» сөзінен шыққан. Бүгінде жеңіл атлетиканың жартысына жуық түрін жүгіру құрайды. Жүгіруді «жаттығулар патшасы» деп атайды. Жүгіру кезінде көптеген бұлшық еттер жұмыс істеп, ағзаға қажетті күш түседі. Ал жүрек пен өкпе оны оттегімен қамтамсыз етеді. Жүгіру кезінде дене мен басты сәл еңкейтіп, екі шынтақты бүгіп, аяқтың аттау қозғалысына қарай екі қолды кезекпен сермеп жүгіру керек. Жүгіру-организмді дамыту мен нығайтудың тамаша түрі.
-
Мәтінге сұрақ құрастырыңыз.
-
Мәтіндегі етістіктерді тауып құрамына қарай талдаңыз.
-
«Жүгіру» мәтінін мазмұндауға дайындаңыз.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ.
Әдістемелік нұсқау: Етістіктің ауыспалы келер шағын қайталау керек. Сұраулы сөйлемдерді пысықтау керек. Жаңа сөздерді есте сақтау керек.
Әдебиеттер: 1-159; 8-77; 15
11- тақырып: Гимнастика туралы ұғым.
Тапсырмалар: 6-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Гимнастика мәтініннің соңындағы берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Гимнастика
«Гимнастика» сөзі алғаш рет ежелгі гректерде пайда болды. Гректер «гимнастика деп, әр түрлі жаттығуларды: жүгіру, секіру, лақтыру, жүзу, күресті біріктіретін бүкіл дене тәрбиесі жүйесін түсінді. Сабақ «гимнасия» деп аталатын, арнаулы орындарда өткізілді. «Гимнастика» сөзі грек тілінен аударғанда «жаттығамын» дегенді білдіреді. Қазір спорттың бұл түрі спорттық гимнастика мен көркем гимнастиканы, акробатиканы, еркін және ырғақты жаттығуларды қамтиды. Гимнастикалық жаттығуларға негізінен бой жазу жаттығулары, сапқа және қатарға тұру, саппен жүру жаттығулары, акробатикалық жаттығулар, тепе-теңдікті сақтау, арқанмен өрмелеу, кермеге тартылу жаттығулары жатады.
-
Мәтінді оқып, аударыңыз.
-
Сұрақтарға жауап беріңіз.“Гимнастика” сөзі алғаш рет қайда пайда болды? Гректер «гимнастика» деп нені түсінді? Гимнастика сабағы қайда өткізілді? «Гимнастика» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Қазір спорттың бұл түрі нені қамтиды? Гимнастикалық жаттығуларға қандай жаттығулар жатады?
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ.
Әдістемелік нұсқау:Жаттығуларды орындау барысында есімдік тақырыбына арналған таблицаға сүйеніңіз. Термин сөздерді жаттап алу қажет.
Әдебиеттер: 1-222.
12-тақырып: Спорттық ойындар.
Тапсырмалар: Таблицадағы сілтеу, жалпылау есімдіктерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыз. Мәтінінің соңында берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Футбол
Футбол –спорттық командалық ойын. Қазіргі футбол ойыны өте ерте замандарда шыққан. Оның ертедегі Шығыс елдерінде болғанын айқын аңғаруға болады. Ойынның аты ағылшынның “фут”-аяқ және “бол”-доп деген екі сөзінен бірігіп жасалған. Футбол ойыны екі команда арасында өтеді.Әр командада 11 ойыншы болады. Ойын тік төрт бұрышты ұзындығы 100 метрден 110 метрге , ал ені 69 метрден 75 метрге дейін жететін , арнайы шөп өсірілген алаңдарда өтеді . Ойын әдетте 90 минутқа созылады . Ойын кезінде ойыншы мынандай міндеттер атқарады:
допты аяқпен теуіп, баспен қағады; допты аяқпен, кеудемен, баспен тоқтатады; допты аяқпен, кеудемен, және баспен қақпақылдап алып жүруге және өз әріптесіне беруге болады; допты ойынға қолмен қосады. Қақпашының міндеттері: допты ұстау; допқа қарсы ұмтылу және ұстау; допты жұдырықпен соғып немесе аяқпен теуіп қайтару; допты ойынға қолмен лақтырып қосу; допты аяқпен тебу.
Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз. «Восток» стадионында сұхбат құрастырыңыз.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ..
Әдістемелік нұсқау: Сілтеу, жалпылау есімдіктерін қайталау керек. Спорттық ойындар тақырыбын меңгерген кезде қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздікті пайдалану керек.
Әдебиеттер: 1-220; 14.
13- тақырып. Спорт тарихынан.
Тапсырмалар: 2-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. 82-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі өздік есімдіктері қай септіктерде тұрғанын анықтаңыз. «Об истории отделения физической культуры ВКГУ. №36 фильмін көріп, әңгімелеуге дайындаңыз. Мәтіннің соңындағы тапсырмаларды орындаңыз.
Олимпиада ойындары.
Грекиядағы Олимпия жерінің даңқы ерте кезден халыққа мәлім болған. Пелопоннестің солтүстік батысында орналасқан Олимпия кезінде өркендеген спорттың мекені еді. Бұл жер алғашында құрбандық шалатын киелі тоғай болатын. Олимпияда көптеген ежелгі ғибадатханалар салынған. Олимпиядағы Зевс ғибадатханасын ұлы Геракл салып, әкесінің құрметіне ойындар өткізіп тұрған. Сол кездегі ойындарды өткізудің мақсаты елді жайлаған алауыздықты жойып, халық тұтастығын сақтап қалу еді. Бірінші Олимпиада б.д.д. (біздің дәуірімізге дейінгі ) 776-жылы өтті деп саналады. Гректер Олимпия ойындарын төрт жыл сайын өткізіп тұрды. Олимпиадаға басы азат грек азаматтары қатысуға құқылы болған. Бағдарламаға спорттың ең таңдаулы 13-15 түрі енген. Күрес, жұдырықтасу, панкратион (жұдырықтасу мен күрестің біріккен түрі), найза, диск лақтыру, жүгіру, секіру, қос доңғалақты арба ат жарыстары өте қызықты өткен. Жарыстардың көбі 40 мың көрермен сиятын стадионда өткен. Әрбір жарыстан соң жеңімпаздардың аттары аталып, сыйлыққа Зевс ғибадатханасының маңайында өсетін жабайы зәйтүн жапырақтарынан өрілген гүлдесте тарту етілген. Олимпиада жеңімпазы деген атақ асқан абырой, биік мәртебе саналған. Б.д,д, 393 жылы христиан Император Феодосий 1 спорттық ойындарға тыйым салады. Олимпиадалық ойындар 19-ғасырдың аяғында екінші рет өмірге келді. Пьер Кубертеннің күш салуымен 1896 жылы Афина қаласында өткен ірі халықаралық спорт жарыстарына көне олимпиадалық ойындар негіз болды.
1.Мәтінді мәнерлеп оқып , аударыңыз .
2. Сұрақтарға жауап беріңіз. Олимпия қай жерде орналасты? Олимпиядағы Зевс ғибадатханасын кім салдырды? Мұнда не өткізіліп тұрды? Сол кездегі ойындарды өткізудің мақсаты не еді? Бірінші Олимпиада қашан өтті деп саналады? Гректер Олимпия ойындарын неше жыл сайын өткізіп тұрды? Бағдарламаға қандай спорт түрлері енген? Жеңімпазға не тарту етілді? Олимпиадалық ойындар қашан екінші рет дүниеге келді?
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ.
Әдістемелік нұсқау: Жаттығуларды орындау үшін өздік, белгісіздік есімдіктерінің жасалу жолдарын қайталаңыз. Лексикалық тақырыптарды өткен кезде, жаңа сөздерді аудармасымен сөздікке жазып алыңыз.
Әдебиеттер: 1-220; 2-98; 14.
14-тақырып. Спорт жұлдыздары.
Тапсырмалар:6-жаттығу. Берілген үлгі бойынша орындаңыз. 14-жаттығу. Сөйлемдерден бұйрық райды тауып, қай жақта тұрғанын анықтаңыз. “Қажымұқан” мәтіні бойынша септік жалғауларын анықтаңыз.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ.
Әдістемелік нұсқау: Рай категориясы еске түсіріңіз. Мәтіндермен жұмыс барысында қазақша-орысша сөздікті пайдаланыңыз.
Әдебиеттер: 1-248; 1-250; 18. 22-168.
15-тақырып.Салауатты өмір салты. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Ұлттық ойындар.
Тапсырмалар: 17-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті грамматикалық көрсеткіштерді қойыңыз. 18-жаттығу. Сөйлемдерді толтырыңыз. «Денсаулық-зор байлық» мәтінін оқып, қысқаша мазмұнын айтыңыз. «Салауатты өмір салты» дегенді сіз қалай түсінесіз? Пікір алмасуға дайындалыңыз. 24-жаттығу. Берілген үстеу сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдер құрастырыңыз. 18-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған фильмді көріп, өзіңіз білетін салт-дәстүрлерді, ұлттық ойындар туралы айтыңыз. Этнографиялық мұражайға саяхат.
СОӨЖ түрі – практикалық сабақ..
Әдістемелік нұсқау: Қалау, шартты рай тақырыптары бойынша схемаға сүйену керек. Жаңа сөздерді сөздікке жазып алу керек. Жаттығуларды орындау үшін үстеу тақырыбын қайталау керек. Фильмді көріп, өзіңізге таныс емес сөздерді, сөз тіркестерін дәптерге жазып отыру қажет.
Әдебиеттер: 1-251; 1-278; 1-276; 5-95.
2.4 Студенттердің өз бетімен жұмысы
1 –тақырып:Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері. Үндестік заңы. Танысу.
Тапсырмалар:
1. ҚР-сының «Тіл туралы» Заңының 4-бабын оқып конспектілеу.
2. 1, 2, 3–тапсырма. «Туыстас тілдер тармағы» мәтінін оқып, әңгімелеңіз.
3. 7-жаттығу. Сөздерді оқып, бір бағанға жіңішке сөздерді, екінші бағанға жуан сөздерді жазыңыз.
4. Сөйлеу үлгілерімен танысып, танысу сұхбатын құрастырыңыз.
5.Өз өмірбаяныңызды жазыңыз.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды орындау үшін ҚР-сының «Тіл туралы» Заңымен танысу керек. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, үндестік заңын қайталау қажет. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік қолданған дұрыс. Жаңа сөздерді аудармасымен сөздікке жазып алу керек.
Әдебиеттер: Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы. 11.07.97ж., 5. 16-17; 1- 24; 4. 12-14.
2–Тақырып Тәуелдік категориясы.Ілік септік. Менің отбасым.
Тапсырмалар:
1. 18, 21, 24 жаттығулар. Көп нүктенің орнына ілік септігінің жалғауларын қойып, қазақ тіліне аударыңыз.
2.13-жаттығу. Сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құрастырыңыз.
3.23-жаттығу. Берілген сөздерді ілік септігіне қойып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
-
27 - жаттығу. Біздің отбасымыз мәтінін оқып, үлгі бойынша өз отбасыңыз туралы әңгіме құрастырыңыз.
-
Туыстық атауларға байланысты мақал-мәтелдер жаттаңыз.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды орындау үшін тәуелдік жалғау тақырыбын, ілік септігін қайталау керек. 4-тапсырманы орындау кезінде қазақша-орысша сөздікті қолдану керек және сөздікке туыстық атауларын аудармасымен жазып алу керек.
Әдебиеттер: 1. 85, 86; 1. 94; 2. 58; 1. 87.
3– Тақырып. Жатыс септік. Барыс септік. Өскемен қаласы. Қала ішін бағдарлау.
Тапсырмалар:
1. 3 - тапсырма.Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сұрақтар қой
2. 4 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
3. Мәтінді жалғастыр. Қазақстанның көне қалалары. Реферат.
Әдістемелік нұсқау: 1
-тапсырманы орындау барысында барыс, жатыс септіктерін қайталау керек. Сұраулы сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібін еске түсіру. Қала тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгеріп, Өскемен қаласы мәтінін аяқтап, әңгімелеуге дайындау керек.
Әдебиеттер: 7. 37; 7. 66; 5. 41-42.
4- Тақырып. Көмекші есімдер. Менің пәтерім.
Тапсырмалар:
1. 2 - тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құраңыз.
-
18 - жаттығу. Жақшаның ішіндегі көмекші есімдерді аударып, керекті септік жалғауын жалғаңыз.
-
Мәтінді оқып аударыңыз. Үлгі бойынша өз үйіңіз туралы әңгіме құрастырыңыз.
-
37–жаттығу. Берілген жағдаят бойынша сұхбат құрастырыңыз.
Әдістемелік нұсқау: Жаттығуларды орындау үшін, көмекші есімдер тақырыбын қайталап, септік жалғауларын еске түсіру қажет. Тақырыпқа арналған лексиканы меңгеріп, менің пәтерім әңгімесін құрастыру. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздікті пайдалану тиімді.
Әдебиеттер: 5. 36; 1. 199; 1. 105, 108.
5– Тақырып. Табыс, Шығыс, Көмектес септіктері. ШҚМУ-білім ордасы.
Тапсырмалар:
1. 7-жаттығу. Көп нүктенің орнына табыс септігінде тұрған сөздерді қойыңыз.
2. 37-жаттығу. Сөйлемдерден шығыс септігінде тұрған сөздерді теріп жазып, оларға сұрақ қойыңыз.
3. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
4.Мәтінді оқып, әр сөйлемге сұрақ құрастырыңыз. 19.03.04. Президенттің Жолдауынан Білім беру саласы бойынша конспект. Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды орындау үшін, септік категориясын қайталап, Президенттің Жолдауын оқу керек. Қазақша-орысша сөздікті қолдану қажет
Әдебиеттер: 1. 151; 2. 68; 2. 71; 6. 14.
6– Тақырып. Сұраулы сөйлемдер. Сәрсен Аманжолов.
Тапсырмалар:
1. 21–жаттығу. Көп нүктенің орнына сұраулы демеуліктерді қойыңыз.
2. 3. 10 – жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
3. Телефонмен сөйлесу сұхбатын жаттаңыз.
4. Сәрсен Аманжолов мәтінін мәнерлеп оқып, аударыңыз. Мәтінге сөздік құрастырыңыз. Мәтінге 6 сұрақ құрастырыңыз.
5. «Сәрсен Аманжоловтың өмірі мен творчествосы» Реферат.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды орындау үшін сұраулы сөйлемдер тақырыбын меңгеріп, септік категориясы тақырыбын қайталау. Қазақша-орысша сөздік қолданған жөн. Мәтін бойынша жаңа сөздерді аудармасымен сөздікке жазып алу керек.
Әдебиеттер 1. 42; 8. 25; 4. 40; 5. 150-151.
7– Тақырып. Сан есім, түрлері. Уақыт. Менің күн тәртібім.
Тапсырмалар:
1.1-тапсырма. Мәтінді оқып, сан есімдерді тауып, сұрақтар қойыңыз.
2. Үлгі бойынша сан есімдерге мағынасына қарай зат есімдерін жазыңыз.
3. 19 – жаттығу. Уақытты қазақ тіліне аударыңыз.
4. Уақытты қолданып, менің күн тәртібім мәтінін құрастырыңыз.
5. 1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
6. 2-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды орындау үшін, сан есімнің түрлерін қайталау керек. Септік категориясын еске түсіру керек. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін қайталау. 5–тапсырманы орындау барысында теледидар бағдарламасын үлгі ретінде қолдануға болады.
Әдебиеттер: 2. 88; 1. 212; 5. 112, 113; 7. 79-82.
8–тақырып.Етістік. Осы шақ. Туған жерім-менің Қазақстаным.
Тапсырмалар:
1. 9.11 – жаттығу. Қазақ тіліне аударып, сұрақтарға жауап беріңіз.
2. 25- жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
3. 1-тапсырма. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз.
-
Қазақстан мәтінін оқып аударыңыз. Жаңа сөздерді жаттаңыз. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
5. «Астана» мәтінімен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
6. Отан тақырыбына байланысты 6-7 мақал-мәтел жаттаңыз.
7. «Астана-бас қала». Реферат.
Әдістемелік нұсқау: 1, 2, 3 тапсырмаларды орындау үшін тұйық етістікті, оның керек сөзімен қолдануын меңгеру керек. Осы шақ ережесін жаттау керек.
Әдебиеттер: 8. 44; 1. 69; 7. 99; 1. 299; 5. 19-20; 6. 16.
9–Тақырып. Жедел өткен шақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Тапсырмалар:
1. 1 - тапсырма. Етістіктерді жедел өткен шаққа қойыңыз.
2. 3 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
3. Қазақстан Республикасының рәміздері тақырыбы бойынша мәтін құрастырыңыз. Әнұранды жаттаңыз.
4. «Қазақстан жалауы», «Елтаңбасы елімнің» С.Қалиұлы өлеңдерін жаттаңыз.
Әдістемелік нұсқау: Өткен шақтың ережесін, жіктелуін, болымсыз түрінің жасалу жолдарын білу керек. Мемлекеттік рәміздер мәтінін құрастырар алдында тақырыпқа қатысты орысша-қазақша сөздік құрастырып алу керек
Әдебиеттер: 7. 43; 7. 44; 5. 10, 12; 5. 14-15.
10–Тақырып. Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ. Ұлттық ақша.
Тапсырмалар:
1. 3 – жаттығу. Көп нүктенің орнына бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктерді қойыңыз.
2. 13 – тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
3. «Ұлттық ақша» мәтінімен танысып, аударыңыз. Төмендегі үш тапсырманы орындаңыз.
4. «Абай Құнанбайұлы», «Абылайхан». Реферат.
Әдістемелік нұсқау:Тапсырманы орындау үшін өткен шақтың бұрынғы өткен шақ түрін меңгеру керек. Мәтін бойынша жаңа сөздерді аудармасымен сөздікке жазып алу керек.
Әдебиеттер: 1. 140; 1. 143; 5. 22-24.
11 – Тақырып. Жіктік жалғау.Менің болашақ мамандығым.
Тапсырмалар:
1. 25-жаттығу. Болымды сөйлемнен болымсыз сөйлем жасаңыз.
2. 26-жаттығу. Жақшаның ішін ашыңыз.
3. 3-тапсырма. Сұраулы сөйлем жасап, сұрақтарға жауап беріңіз.
4. 1-тапсырма. Кестедегі берілген мамандықтың біреуін таңдап, сол туралы әңгімелеңіз.
5. Мамандық бойынша термин сөздерді жаттаңыз.
Әдістемелік нұсқау: Жіктік жалғау категориясын қайталап, сұраулы демеуліктерді еске түсіру қажет. Сөздікті пайдаланыңыз. Жаңа сөздерді аудармасымен сөздікке жазып алу керек.
Әдебиеттер: 1. 116; 5. 72-73; 5. 74; 1. 115.
12 – Тақырып. Сын есім. Адамның сырт бейнесі, мінезі.
Тапсырмалар:
1. 1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз.
2. 51 - жаттығу. Сын есім + зат есім тіркестерін теріп жазыңыз.
3. 58 - жаттығу. Сын есімдердің шырайларын анықтаңыз.
-
32 - тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, адамға портреттік сипаттама беріңіз.
5. Тақырып бойынша лексиканы жаттаңыз.
6. 14, 15, 16 - жаттығулар. Берілген тұрақты сөз тіркестері адамның қандай мінез-құлықтарына байланысты айтылған?
Әдістемелік нұсқау: Сын есім, оның шырайлары тақырыптарын меңгеру қажет. Адамға портреттік сипаттама жасауға арналған лексиканы жаттау.
Әдебиеттер: 7. 119; 2. 79; 2. 81; 17. 172; 7. 117-119;
10. 30-31.
13 – Тақырып. Келер шақ. Ұлттық тағамдар.
Тапсырмалар:
1. 16 – жаттығу. Сөйлемдерді болжалды келер шақта жазыңыз.
2. 2 – тапсырма. Етістіктердің болымсыз түрін жасаңыз.
3. 17.11- тапсырма. Берілген етістіктерден келер шақтың болымды және болымсыз түрлерін жасаңыз.
4. 17.7 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
5. 29 – жаттығу. Берілген үлгі бойынша сұхбат құрастырыңыз.
6. Асқа байланысты мақал-мәтелдер жаттаңыз.
7. «Қазақ халқының ұлттық тағамдары». Реферат.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларды орындау үшін етістіктің келер шағын қайталау. Жаңа сөздерді сөздікке жазып алу керек.
Әдебиеттер: 1. 162; 7. 87; 8. 113; 8. 114; 1. 167; 6. 16
<предыдущая страница | следующая страница>