Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3 ... страница 15страница 16

2 САУАТ АШУ БАРЫСЫНДАҒЫ ОҚУ МЕН

ЖАЗУ ПРОЦЕСІНІҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрінетіндіктен, оны психофизиологиялық процесс деп атайды. Дүние тануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың психикалық дамуы деген не? Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі — осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік т.б. с.с. қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың, ұмтылуы мен оған жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туады (мысалы, ми қабығында болатын қозу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т. Б.).

Балаға қойылатын талап пен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында да көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Ба­ла өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, өзін асыра бағалайды, бірақ оның ақыл-ой өрісі, білімі, немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қайшылықтардан басқа сыртқы қайшы-лықтарға да кездеседі. Мысалы, әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез-құлықты талап етеді, ал олар мұндай мінез-құлыққа дағдыланып жетпеген. Осы қайшылықтарды жеңу жолында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.

Адамның жүйке жүйесі өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыс процесінде дамиды. Оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің міндеті — баланың саналы қызметінің формалары мен даму заңдылықтарын білу және сол процеске, белгілі бағытта мақсат көздеп, әсер ету.

Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамнын, қалыптасуындағы сапалық және сандық өзгерістер, ал жекелеп алғанда, анатомиялық-физиологиялық есею, жүйке жүйесінің жетілуі білімінің артуы, сезім мен моральдық үғымдардың пайда болуы, психи­калық процестердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану.

Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды.

Мектепке алғаш қелген бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әр әріпке жекелеп көз тоқтатады, «оқу аумағы» тар бола­ды. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың «көру, оқу аумағы» кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мүндай дағдыға ие болу балаға оп-оңайға түспейді, ол кеп күш-жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен роль атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.

Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы бірдей сөздерді оқу қиындық келтірмейді, ал айтылуы мен жазылуында өзгеріс болатын сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық қелтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни «ақ аю», «сары ала» сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп, дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады.

Сауат ашу барысында баланың жазу процесінде де айтарлықтай ерекшеліктер ксздеседі. Алғашқы қезде бала ежіктеп оқыған сияқты, әр әріпті таңбалау бары­сында оның дыбысын дауыстап айтып отырады.

Сауатты адамдар жазғанда есінде тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ олар жазғанда еріктің бір толқынынан туған өзара байланысты, жүйелі бір қозғалысты (импульсті) іске асырады. Мысалы, бір сөз жазғанда бір импульс іске асады. Ал жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысына (таяқша, ілмек т. Б.) бір-бір импульс жүмсайды. Мұнда да көптеген ерік күшін жұмсап, үнемі тиянақты зейін қойғанда ғана ұзақ уақыт жаттығу жұмыстарының нәтижесінде барып дағды қалыптасады: саусақ дағдыланады; ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемінің мазмұнын ұстайды; сөйтіп, бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады да, оларды жазу тұтас бір акт ретінде орындалады.

Оқу-жазу процестерін талдаудан шығатын негізгі қорытынды:

1) Оқушы оқуға, жазуға үйрену барысын­да меңгеруге тиісті ең басты процестер: сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз құрастыру. Егер мұғалім талдау-жинақтауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала әр әріп­ті, дыбысты жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып, талдап-жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді. 2) Сауат аша бастаған бала оқу-жазуға үйрену барысында көптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір сөзді жазу үшін жүйке жүйесінен бірнеше толқын (им­пульс) жасалады). Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нәзік табиғатына нұқсан келтірмей, күш-жігерін мұқалтпай алып шығу мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім толық сауатты болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті жұмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.

Сұрақтар:

1. Баланың психикалық дамуы дегеніміз не?

2. Жаңа сауаттана бастаған баланың сауат ашу барысындағы ерекшелігі қандай?

3. Оқу мен жазу процестерін талдаудан шығатын қорытынды.



3 ОҚУ МЕН ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.

Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: «Білім — бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойыңда сақталатыны»,—дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол — әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет — міне, нағыз білім — осылар! «Дағды, — деп көрсетеді психолог С. Л. Рубинштейн, — саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады».

Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен ка­рым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы про­цесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог П. Я. Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бұл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны дәлелдейді. Мұнда дағды мен шеберліктің қалыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жи-нақтылығы т. б.) ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені көрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік:

1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі;

2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада (мысалы, оқушының таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл кеудесін бір жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы);

3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады). Бұл кезеңде күрделі әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрету үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады);

4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы түрде үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады;

5) дағды мен шеберліктің толық, қалыптасып бітуі.

Сауат ашу кезеңінде мұғалімдер балаларды оқу-жазу әрекетіне үйретуде осы көрсетілген «сатылы қалып­тастыру» жүйесін сақтауға тиіс.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Дағды дегеніміз не?

2. Дағдының іс-әрекетте атқаратын рөлін дәлелдеңіз.

3. Дағдының қалыптасу процесінің кезеңдерін сипаттаңыз.



4 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЙРЕНЕТІН ШЕБЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ШЕҢБЕРІ

Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында мынадай шеберлік қалыптасуға тиіс:

1) дыбыстарды орын-орнына қойып сөз құрастыру;

2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу;

3) сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің, (ь) айырмашылығын ұғу;

4) қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді оқи алу;

5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алу;

6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып беру;

7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу;

8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық жаттығуларды орындай алу;

Сауат ашу кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады:

1) сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу;

2) көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп оқу;

3) айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу;

4) жазған сөздерін тексеріп отыру;

5) әріптерді бір-бірімен жалғап жазу.

Тапсырма:

1. Сауат ашу кезеңінде балаларда қалыптасатын шеберлік пен дағды туралы айтып беріңіз.

5 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ

ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың, жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардын, зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білу керек, Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, көлемі ете шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет түрлерін жиі өзгерту — балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.

I сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық-сөздік байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерскшелікке де көңіл аударуға тиіс.

Алты жасарлардың қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, мұға­лім тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т. б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы сөз, буын, дыбыс ұғымдарын шатыстырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мүнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бо­ла ма? Сұрағы арқылы, егер болса, қандай белгілеріне қарай, құс дейміз? Егер болмаса, неліктен құстар қата­рына жатпайды? т. б. салыстыруды іске асыруға бо­лады.

Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек. Оқыту процесінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүр еткен жөн. Өйткені қиындыққа ксздеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқара алмайды. Ал, екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиындыққа кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды — сабақтың түсінікті болуы шарты.

Материалды оқушыға ұғындыру, оларды білім алуға дағдыландыру көп жағдайда оқыту тәсілдеріне байланысты. Тәсілдіреді түрлендіру, сабақтың көрнекілік жағына баса назар аудару сияқты талаптар, міне, осыған орай туады. Мұнда да алты жастағылардың бейнелілік, нақтылық, аса сезімталдық ерекшеліктері мен қабылдау, ойлау ерекшеліктеріне сәйкес келу жағын қадаға-лау керек.

Балалар оқыіі үйренетін «әліппе» кітабында жекелеген суреттср, сюжетті суреттер, түрлі түсті бояумен әдемі салынған сызбалар, жұмбақтар және жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың (сызба, сурет, кеспе әліппе, таблицалар т. б.) пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде де пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай — бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын-болмасын кез-келген көрнекілікті (олар тіпті ашық түсті бояумен боялған, әдемі әшекейленген болса да) ұсына берудің реті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп көрне­кілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.

Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасау барысында олардың, жауап беру ерекшелігін, белсенділік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлері мен жіберген қателерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс болу жағын мұқият іздестіреді.

Сауат ашу кезіңде сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар әріп элементтері мен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдылану барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар беріліп, олардың айналадағы заттар мен кұбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі.

Кеңес педагогикасының талабы бойынша, сауат ашудың бірінші күнінен бастап-ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді.

Оқыту мен тәрбие — бір бірінен ажыратуға келмейтін, тұтас бір процесс болғандықтан, оқытудың тәрбие­лік мәнінің өзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады. Сондай-ақ сауат ашудың бірінші күнінен бастап күнделікті режим, тазалықтың пайдасы, оқушының міндеті жөнінде түсінік беру бағытында жүйелі жүмыс жүргізіледі. Оқу материалдарымен байланыстырылып келтірілген мысалдар, дәлелдер балаларды өз отанын шексіз сүюге, интернационалдық рухта тәрбиелеп, еліміздегі ұлы өзгерістердің нәтижесіне олар қуанатындай дәрежеде жүргізілуі тиіс.

Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т. б. арқылы іске асырылады.

Баланың бастаған істі аяқтап шығу, кездеген игі мақсатына жету, ұқыптылық, уақытты дұрыс пайдалану т. б. мінез құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды.

Сөйтіп, адамгершілік, достық кеңестік патриотизм, интернационализм, атеистік, эстетикалық еңбек тәрбиесі т. б. жұмыстардың негізі сауат ашу кезеңінде-ақ қалана бастайды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Бірінші сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін қалай пайдалануға болады (психологиядан алған білімдеріңмен ұштастырып айтып беріңіздер)?

2. Бірінші сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауын қалай тәрбиелеу керек?

3. Зейін, қабылдау, ойлау процестерін тәрбиелеуді қалай іске асыруға болатынын көрсететін (психологиядан алған білімдеріңді пайдалана отырып) бір сабақтың жоспарын жасаңыздар.

4. Сабақтың түсінікті болуын қамтамасыз ететін негізгі талаптар қандай?

5. Оқыта отырып, тәрбиелеу, дамыту дегенді қалай түсінесіздер, дәлелдеңіздер.



6 САУАТ АШУ ӘД1С1 ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

XIX ғасырдың 60—70 жылдарындағы прогресшіл педагогтерге ортақ болған өзекті мәселе — бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны еді. Қазақ даласында білім таратушы көрнекті педагог Ыбырай Алтынсарин К. Д. Ушинскийдің еңбектеріне сүйеніп, қазақтың бас­тауыш мектептеріне оқулықтар жазды.

XIX—XX ғасырларда сауат ашу жұмысы буын және тұтас сөз әдісі бойынша жүргізілді. Бүл әдіс түптеп келгенде, жаттауға негізделген, яғни бұл әдіспен оқыту барысында мағынасыз сөздер мен буындар құрғақ жат-татылатын. Осының салдарынан балаларды оқуға бірсыпыра дағдыландыра тұрғанымен, оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дүние танымын қалыптастыру мардымды іске асырылмады.

Кеңес мектебінің негізгі әдісі талдау-жинақтау болып есептеледі. Бұл әдіс әсіресе 30-жылдардан бері кеңес әдіскерлерінің зерттеу еңбектерімен бірте-бірте толықтырылып, жетіліп келеді.

Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?

Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау ар­қылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.

Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек:

1. Кез-келген дыбысты сөз ішінен бөліп алуға және сөз ішіндегі айтылуына жақындатып бөліп айтуға болады (дауыссыздарды да даралап айтудан қашпау керек).

Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, «р» дыбыс үйретілуі қажет болғанда «ара» сөзіндегі «а-ра» буындары «а-арра» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.

2. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға «р» дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру ар­қылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардьщ назары «р» дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р»


дыбысы шығатынын аңғарады.

Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц, дыбыстардьщ артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.

3. Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім «Әліппедегі» шоттың суретін көрсетіп, «шо» дейді, де, «мен сөзді дүрыс айттым ба?» — деп сұрайды. Балалар «т» дыбысын қосады. Немесе тонның суретін көрсетіп, «он» деп, «т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі кімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.

4. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, ғ-г, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырылып, сөздерді талдау-жинақтау арқылы үйретіледі.

5. Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жи­нақтау барысында ұғындырылады. Мысалы «қ» дыбысын үйрету қерек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан қейін қора, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа талданады; «қ» ды­бысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында «қ» дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл ды­бысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.

6. Буынды пемесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа, буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға қелгенде іркіліп қи-налады немесе әр әріпті ежіктеп «қ-а»... деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: «құрастырған сөзіміз қалай еді?»— деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөзді (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. «Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осы­лайша оқыңдар,» — дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.

7. Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы «қара» сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы «а» әрпінің орнына мұғалім «о» әрпін қояды, «қора» деп оқиды.

Тапсырма:

1. Талдау-жинақтау әдісінің қалай жүргізілетінін айтып беріңіздер.
7 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР

Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді:

1) әліппеге дейінге дайындық кезеңі;

2) әліппе кезеңі;

3) әліппе­ден кейінгі кезең.

Дайындық кезеңде бөбектерді бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6—7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балаларға) үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға басында әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше роль атқарады (мысалы, шеберхана ойыны).

Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың, білім дәрежесімен танысады, қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады.

Бұл кезеңде мынандай жұмыстарға баса көңіл ауда­рылады:



  1. Балалардың сөздік қорын анықтау.

  2. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.

  3. Балалардың, тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау
    жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.

  4. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.

  5. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа
    жіктеуге дайындық.

  6. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.

Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т. б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; I класс оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылық көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады).

Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай, жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. «Партаға түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» сияқты плакаттарды көрсетіп (егер мектепте жоқ болса, ондай плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.

Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т. б.) жатқа, айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады.

Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4—6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалімнің сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлілігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып келуінде.

Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады.

Осы айтылғандармен қатар дайындық кезеңінде кейбір әріп элементтерімен таныстырып, таңбасын жасатып үйрету де пайдалы (мысалы, «А» үш таяқшадан тұрады: екі таяқша төбелерін түйістіріп тұрады да, үшіншісі кесе көлденең тұрады т. с. с).

Кеспе әріптердің кассасын жасату және оны пайда­лану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде бала­ларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгіре алмай қалады.

Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады:

«С ө й л е м және с ө з» т а қ ы р ы б ы н а арналған сабақ (ауызша).


  1. Мұғалімнің ертегі айтып беруі (немесе әңгіме оқып беруі).

  2. Айтылған ертегі (немесе оқылған әңгіме) бойынша сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу.

  1. Тыңдағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.

  2. Әңгімені сөйлемге ажырату.

  3. Сөйлемдердегі сөздерді табу.

6: Ертегідегі (немесе әңгімедегі) ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу.

Ертегіні (немесе әңгімені) диалог түрінде рольге бөліп айтқызу.

«С ө з ж ә н е б у ы н» т а қ ы р ы б ы бойынша с а б а қ( ауызша).


  1. Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойын­ша әңгіме жүргізу.

  2. Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.

  3. Сөйлемдерді сөзге талдау.

  4. Сөздерді буынға талдау.

  5. Сөздің басқы немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны оқушыларға тапқызу.

  6. Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе ермексаздан жасату.

Дыбыспен таныстыру сабағы

  1. Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақ пен оның шешуі бойынша әңгімелесу.

  2. Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буындарға талдатқызу.

  3. Дыбыспен таныстыру (а-ра, ал-ма, а-ғаш, а-па т.б. сөздерді талдай отырып, «а» дыбысына көңіл аударылады).

  4. Таныс дыбыстан басталатын сөздер ойлату.

  5. Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.

Әріп элементін жа зуға үйрену сабағы.

  1. Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.

  2. Оқушыларды жазуға даярлау. Қарындашты қалай ұстау керектігін қөрсетіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға жазғызып жаттықтыру.

  3. Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.

  4. Тақтаға жазып көрсету және оны қайта ауаға жазып көрсету.

  5. Балаларға дәптерлеріне жазғызу.

Сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу сабағының үлгісі

Тақырыбы: сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыра­туға жаттығу.

Көрнекі құрал: Әліппе кітабының алғашқы беттеріндегі жеке суреттер.

Сабақтың барысы: Жеке суреттерді қарап, оларды атау. Сұрақ- жауап арқылы суретте көрсетілген заттардың әрқайсысына лайықты сөйлемдер құрату. Мысалы, — Үйрек қайтеді? — Үйрек ұшады деген сөй­лемде неше сөз бар? — Үйрек ұшады деген екі сөз бар. Бірінші сөз қайсы? —• Бірінші сөз — үйрек. — Жақсы­лап тыңдап отырыңдар, мен бірінші сөзді нешеге бөліп айтар екенмін. Үй-рек. Нешеге бөліп айттым? — Екіге бөліп айттыңыз.—Бірінші бөлігі қалай? — Бірінші бөлігі — «үй». — Екінші бөлігі ше? — Екінші бөлігі — «рек».

Осылайша екінші сөз (ұшады) де талданады. Енді бұл сөздерді балалардың өздері айтады. Сонан кейін буынның мәнісі, әр буынды айтқан сайын ауыздың ашылуымен бірге иектің ілгері қарай қозғалатындығы түсіндіріледі. Иектің қозғалысын байқату үшін сөзді буынға бөліп айтқанда алақанды иектің астына ұстау арқылы тәжірибе жасатып көруге болады. Иек екі буын­ды сөзде алақанға екі рет, бір буынды сөзде бір рет тиетініне олардың көздері жетеді.

— Сонымен, бүгінгі сабақта не үйрендік? — Сөйлем құрастырдық, сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп үйрен­дік.



  • Енді суретке қарап, жақсылап тыңдап отырыңдар.
    Мен сөздің бірінші буынын айтамын, сендер қалған бу­ынды жалғастырып айтып тұрыңдар: би-дай, үй-рек, та-
    уық, т. б.

  • Біз өткен сабақта не туралы әңгімелесіп едік?

  • Өткен сабақта біз «Бақша өсімдіктері» туралы әңгімелескенбіз.

— Бақшада не өсірілетін еді?

  • Бақшада қауын, қарбыз, сәбіз т. с. с. өсіріледі.

  • «Бақшада қарбыз өседі» деген сөйлемде неше сөз бар?

  • «Бақшада қарбыз өседі» деген сөйлемде үш сөз бар.

Олардың қандай сөздер екені қайталанып айтқызылады және сол сөздер буынға талданады.

Үйге екі-үш буыннан құралған сөздер ойлап келу және бақшада істеген жұмыстары туралы әңгіме айтуға дайындалу тапсырылады.

Д ыбы с п е н т а н ы с т ы р у с а б а ғ ы н ы ң ү л г і с і

Көрнекі құрал: аттың, ағаштың, алманың суреті және «Әліппедегі» суреттер.

Сабақтың барысы: оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін, балаларға көздерін жұмып, аз уақыт не естілетініне құлақ салып отыру тапсырылады. Балалар машинаның дүрілі, біреудің даусы т. б. дыбыстар естігенін айтады. Біздің сөйлейтін сөздеріміз де осы сияқты дыбыстардан құралатыны түсіндіріліп, Ажар,апа, Асыл т. б. с. сөздер мысалға келтіріледі, буынға бөлінеді (А-жар, а-па, А-сыл). Бұл сөздердің басында қандай дыбыс естілетіні сұралады. Балалар «а» дыбысының естілетінін айтады. — Осы дыбысты бәрің де айтып көріңдерші. Әлия, сен де. Асқар, сен де — барлығымыз; айтайық.

Суреттерді қарау және олардың атын атау; атауларды буынға бөлу. Ішінде «а» дыбысы бар сөздер ойлату. «Л» дыбысының таңбасымен таныстыру. Кеспе әліппеден «а» әрпін алып, оның екі тік сызықтан және бір көлденең сызықтан құралғанын ажыратып, қосып көрсету. Оқушылар бұл әріпті таяқшадан өздері құрастырады және оқиды.

«А» әрпінің кіші таңбасымен таныстыру. Оны да талдау (сопақшалау келген дөңгелек пен имек таяқшадан тұрады). Оны екі бөлімнен құрастырып көрсету (картоннан жасалып әкелген). Балалар картоннан жасалып әкелінген үлгіні айнала сызу арқылы «а» таңбасын шығарады. Әріп кассасынан бұл таңбаны табады.

Өткен сабақта балалардың өздері атын айтып, буынға бөлген еді; бүгін сол сөздерді тағы қайталайық, — деп, мұғалім оқушылар айтқан сөздерді талдау арқылы оның құрамында «а» дыбысының бар-жоғына көңіл аудартады.

Үйге құрамында «а» дыбысы бар 3—4 сөз ойлап келу тапсырылады.

Бұл — сауат ашудың басты, негізгі кезеңі. Әліппе кезеңінде дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен үйретілмейді, алғашқы кезде балаға естілуі, айтылуы ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі. Әр дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгіме өткізіледі.

Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмысын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі.

Бірінші кезеңде жуан дауысты дыбыстар мен созылымды дауыссыздар және олардың таңбалары таныстырылады. Грамматикадан: сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс практикалық жолмен ұғындырылады.

Жалпы кеңес мектептеріндегі мұғалімдер мен әдіскерлер жазу оқудан кейін қалмауға тиіс екенін, яғни балалар сауат ашу барысында дыбыстарды оқып, олардың таңбаларын танып қана қоймай, әріптерді де жазып үйренулері қажет екенін көрсетеді.

Ендеше алғашқы кезеңнен бастап-ақ оқушылар үлкен және кіші әріптерді бірден жазып үйренеді. Екі дыбысты сөздерді оқи біледі, сондай-ақ көшіріп, те, жатқа да жазып үйренеді.

Оқуда да, жазуда да сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлу сияқты, талдау-жинақтау әдісі, сонымен қатар үдету амалдарымен (ат, ат-а-ата т. б.) жасалған сөздерді және бір ғана әрпі немесе дыбысы өзгеше сөздерді (ана, ара, т. б.) оқу-жазу әдістері кең қолданылады.

Екінші кезеңде негізінен қысаң дауыстылардың жуаны және қалған үнді (сонор), ұяң, қатаң дауыссыздар таныстырылады. Бұл кезеңдегі дыбыстармен танысу жолдары да бірінші кезеңдегідей әдістер арқылы өтеді. Мұндағы айырмашылық— ұқсас дыбыстар салыстырыла оқытылады. Танылатын әріп санының көбейе түсуіне байланысты бұл кезеңнің жазу материалында қысқа-қысқа сөйлемдер кездеседі.

Үшінші кезеңде жіңішке дауысты дыбыстар мен к, г, п, б, ж, з, ң сияқты дауыссыздар танытылады. Бұл кезеңде оқушыларға үйретілетін буын саны да арта түседі.

Әліппені оқытудың төртінші кезеңінде тілімізде сирек кездесетін «һ» сияқты дыбыстар мен солардың таңбалары таныстырылады. Сонымен қатар бұл кезеңнің мақсаты — орыс алфавитінен қосылған әріптерді және олардың дыбыстарын саналы түрде таныту.

Жазу жұмыстары, сондай-ақ басқа жұмыс түрлері дс алдыңғы, дайындық кезеңіндегі сияқты болып келеді.

Әліппе кезеңінде қолданылатын негізгі құрал (Әліп­пе» жәнс «Әліппе серігімен» қатар) —кеспе әліппе. Кеспе әліппеден балалар сөз құрастырады, сөздерді буынға, дыбысқа талдайды, құрастырған сөздерін оқып жаттығады. Балалар оқыған немесе жазған сөздерінің мағынасына жете түсінетіндей, қате жібермейтіндей дәрежеге жеткенге дейін талданады.

Балалар әліппені өтудің бірінші кезеңінде алдын-ала буынға, дыбысқа талдап, кеспе әліппеден құрастырған сөздерін оқитын болса, екінші кезеңде үдету амалымен жасалған сөздерді және бір дыбысы өзгеше сөздерді оқиды. Бір дыбысы өзгеше сөздер мен үдету амалы арқылы жасалған сөздерді оқыту жұмысы кеспе әліппені пайдалану жұмысымен байланыстырыла жүргізілгенде ғана тиімді және нәтижелі болып шығады.

Үшінші кезеңде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында «Әліппе» кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың әліппе­ден алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды оқу кітабы мен грамматикадағы материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан, әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.

Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезеңде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырады.

Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей, бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезеңде де қатты қадағаланады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі қалдырылып кеткен сөз­дерді өздері тауып, қосып жаза алады. Мұндай сөздерді тауып, қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып талдап, танысқан сөйлемдері бойынша жүргізіледі.

Әліппе кезеңінде жаңа дыбыс пен ж а ң а әріпті үйрету сабағының жүйесі

Оқу сабағы:



  1. Оқылған ертегі немесе жұмбақ бойынша әңгіме.

  2. Әңгіме барысында қолданылған сөйлемдердің ішінен үйретілгелі отырған жаңа дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзі бар сөйлемді бөліп алып, оған оқушылардың назарын аудару.

  3. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы үйретілетін дыбысты бөліп алу; осы дыбыстан басталатын немесе аяқталатын жаңа сөздер ойлап табу.

  4. Сол әріптің баспа түрін көрсету, оның суретін таяқшалардан, қағаз қиындыларынан жасап көрсету, басқа әріптердің ішінен табу.

5. Кеспе әліппеден сөз құрастыру және оны оқу.

6. Бір буынын немесе әрпін ауыстыру арқылы жаңа сөз жасау; буынның немесе сөздің басына, соңына әріптер қосып, жаңа сөз жасау, оларды оқу.

7. Әліппедегі бағанада берілген сөздерді оқу.

Жазу сабағы:



  1. Жазуға дайындық (оқушылардың дұрыс отыруы, қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партада дұрыс қойылуы) тексеріледі.

  2. Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріп бөлінеді.

  3. Жаңа әріптің элементтері бөлшектеліп көрсетіледі, мұғалім оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.

  4. Мұғалім жаңа әріпті тақтаға жазады; оқушылар осы әріптен басталатын сөздер ойлап табады, сонан соң;
    олар әріпті дәптерлеріне жазып алады.

  5. Оқушылар тапқан сөздерін буынға, дыбысқа талдайды, оқиды.

  6. Талданған сөздердің ішінен барлық әрпі түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазады.

  7. Суретпен немесе ермексазбен жұмыс.

Әліппенің алғашқы кезеңдеріндегі сабақтар осындай жүйеде ұйымдастырылады. Ал әліппенің екінші, үшінші кезеңдерінде жаңадан үйретілетін әріпке (әсіресе баспа түріне) жаттығу жұмысы көбірек жүргізіледі. Мұнда өтілген әріптерді қайталау, қиындау буындардан құрастырылған сөздерді оқу, кеспе әліппеден сөз құрас­тыру және оларды оқу жұмыстары басым болып отырады. Сонымен қатар әріптері, буындары ұқсас жұп сөздер мен буындарды салыстырып оқу, жазу жұмыста­ры да молынан жүргізіледі.

Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ ж ү й е л е р і

Ә ңг і ме немесе е р т е г і оқу сабағы


  1. Оқылатын әңгіме немесе ертегі тақырыбы туралы кіріспе немесе дайындық әңгіме жүргізіледі.

  2. Әңгіме немесе ертегі қысқа-қысқа бөлімдерге бөлініп, оқушыларға оқытылады.

  3. Әр бөлім оқылып болған соң мұғалім онда не жөнінде әңгіме болғанын қысқаша, ондағы басты-басты ойларға тоқталу арқылы оқушылар зейінін жинақтауды іске асырады. Қажет болса, сұраулар қояды.

  1. Әңгіме мәнерленіп қайта оқылады (пауза, нүктеге жақындағанда дауысты бәсеңдету, басты ой айтылған жерлерде дауысты салмақтау т. б.).

  2. Мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойлар оқушыларға анықтатылады.

  3. Мәтінмен жұмыс жасалады (мысалы, мәтіннен табиғатты суреттеген жерлерін тауып оқыңдар немесе көңіл-күйді суреттеген жерді табыңдар т. б.).

  4. Мәтіндегі негізгі ойларды оқушылар өздері табады.

  5. Мәтін оқу дағдысы нашар оқушыларға оқытылады.

Өлең оқыту сабағы

  1. Өлең тақырыбына кіріспе әңгіме.

  2. Мұғалім өлең мәтінін өзі мәнерлеп, нақышына келтіре оқьш шығады.

  3. Өлеңнің шумақтары бөлініп әр бөлігі әр балаға оқытылады. Мұнда бала ең болмағанда бір жол оқыса
    да, мәнерлеп, анық оқуына баса назар аударған жөн.

  4. Өлеңді мәнерлеп, іштен оқытады.

  5. Өлең мәтінін тұтас, мәнерлеп, дауыстап оқиды, онда кездесетін кейбір сөздердің мағынасы анықталады,
    егер мүмкіндік болса, жаттатылады.

Ж азу сабағы

  1. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру (дұрыс отыру, қалам ұстау, дәптер қою т. б.).

  2. Мұғалім бір сөйлем айтады, оқушылар оны қайталайды.

  3. Сөйлем сөзге, буынға, дыбысқа талданады.

  4. Сөйлемді мұғалім тақтаға жазады, оны оқушыларға оқытады, содан кейін бұл сөйлемді жауып қояды.

  5. Оқушылар сөйлемді дәптерлеріне жазады.

  6. Тақтадағы сөйлем ашылады да, оқушылар өздері жазғандарын тақтадағымен салыстырып, тексереді.

  7. Осылайша екінші, үшінші сөйлемдер жазылады.

  8. Оқушылар жазған үш сөйлемін тұтас оқиды.

О қ ы л ғ а н әңгіме б о й ы н ш а ж а з у сабағы

1. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру.

2. Мұғалімнің тақтаға жазғанын оқушылар оқып шығады (2—3 сөйлем).

3. Мұғалімнің сұрағы бойынша әңгіменің мазмұны талданады. Мұнда мұғалім сұрақтарды күні бұрын дайындап қояды. Сұрақтар балалардың жауап берулері үшін оңай, сөйлемді дұрыс құруға жәрдемдесетіндей бо­лу керек.

4. Әңгімедегі әр сөзге фонетикалық талдау жасалады, жазылуы қиындау деген сөздер түсіндіріледі.

5. Мәтіндегі көп нүктенің орнында болған сөздерді естерінде сақтап оқиды.

6. Мәтінді дәптерлеріне көшіреді; көшіру барысында көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қояды.

7. Мұғалім көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.

8. Балалар өздері тауып жазған сөздерін тақтадағы жазылған сөздермен салыстырып тексереді.


<предыдущая страница | следующая страница>


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ

Методика (әдістеме) — метод, гректің тetodos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді

3248.32kb.

25 12 2014
16 стр.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
912.73kb.

25 12 2014
3 стр.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
912.7kb.

15 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ПӘні бойынша сырттай бөлім студенттерінің бақылау жұмыстарын орындауына

57.69kb.

23 09 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы

В020500-«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Қазақ халық ауыз әдебиеті»

313.1kb.

15 10 2014
1 стр.


Қазақ тілін халықаралық мектепте «екінші тіл» ретінде оқыту мәселелері Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуінің бір көрінісі – «Н. Назарбаев Білім қоры»

Осы орайда «Мирас» мектебінде қазақ тілінің қызмет аясын кеңейту, бұл тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жетілдіру, тіл оқытудың жаңа технологияларының озық үлгілерін білім бе

102.97kb.

25 12 2014
1 стр.


Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған

94.96kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Қазақ әдебиетінен арнаулы курс» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша

76.48kb.

25 12 2014
1 стр.