Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

АҚ «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі»

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Негізгі құралдардың



амортизациясы және тозуының есебі»

Орындаған:________________ Қабылдаған: __________________



Астана 2008

М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе.................................................................................................3

І . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ

1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны........................................5

1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі.......................................6
ІІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТОЗУЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Негізгі құралдардың тозуының есебі.....................................................17

2.2Негізі құралдарды құнды, бірқалыпты және жылдамдатып шығару әдісі............................................................................................................21

2.3Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасы.......................................................26


ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................35



Кіріспе

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарыхы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Осы курстық жұмыста мен «Негізгі құралдардың амортизациясының есебі, негізгі құралдардың тозуының есебі» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.

Курыстық жұмысымның кіріспе бөлігінде негізгі құралдардың экономикалық мәні және жалпы жіктемесі жайына тоқталамын.

Ең алдымен жалпы негізгі құралдарға қысқаша атап өтетін болсам -негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдык, өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың, мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құнды-лықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).

Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді.

Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.

Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып-мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жету. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

Негізгі құралдардың сапалық тозу олардың толық табиғи тозуы жетпейақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Жоғарыда айтылғандарды осы «курыстық жұмыстың» екінші бөлімінде, негізгі құралдардың тозуын, олардың табиғи және сапалық сипаттарын, жоғалту себебтерін ашып көрсетеміз. Яғни негізгі құралдардың амортизациясының есебін, құнды бірқалыпты және жылдамдатып шығару әдісін анықтаймыз,негізгі құралдардың тозу есебін шығарамыз.

Сонымен бірге «курыстық жұмыс» барысында мен «Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуының есебін» шығарылуының ерекшеліктерін мысал ету ретінде «Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасының» бағытын ашып көрсетемін.



І . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ

1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны.

Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар үздіксіз қозғалыста болады. Өздерінің құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына байланысты, шаруашылық құралдары негізгі және айналым құралары болып бөлінеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына, оның тиімділігін арттыруда негізгі құралдардың маңызы зор. Өйткені олар арқылы еңбек бұйымдарын өңдеп, материалдық бұйымдар алуға болады. Сонымен қатар олар өндіріс процесінде ұзақ мерзім пайдаланылып, өзінің қалыпты үлгісін сақтай отыра, құнын өндірген өнімнің құнына біртіндеп тозу мөлшері бойынша апарып отырады. Сонымен стандартқа сәйкес негізгі құралдар дегеніміз бұл материалдық өндірістік және өндірістік емес сферада ұзақ уақыт бойы қызмет көрсететін материалдық активтер.

Кәсіпорындарда негізгі құралдардың бірыңғай типтік жіктелуі қолданылады. Сол жіктеуге байланысты оларды төмендегідей белгілермен топтастырады:


  • а) өндіріске қатысуына байланысты: өндірістік және өндірістік емес. Өндірістік негізгі құралдарға жарғылық қызметті іске асыруға байланысты, яғни өнеркәсіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда т.б. қызмет түрлерінің құралдары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдарға тұрмыстық шаруашылық қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет тағы басқа қызмет түрлерінің негізгі құралдары жатады.

  • б) тиістілігіне қарай негізгі құралдар: меншікті және арендалық болып екіге бөлінеді. Меншікті бұл кәсіпорынның меншігіндегі және оның балансында көрсетілетін негізгі құралдар. Арендаланған бұл басқа кәсіпорыннан аренда шарты негізінде белгіленген мерзімге алынған негізгі құралдар. Арендаланған негізгі құралдардың қатарына мерзімі өткенге дейін немесе өткесін шартта көрсетілген бағаны төлегеннен кейін арендатордың меншігіне көшетін, ұзақ мерзімге арендаланған негізгі құралдар жатады.

  • в)пайдалануына қарай негізгі құралдар пайдаланудағы, запастағы және консервациядағы болып бөлінеді. Запастағы негізгі құралдарға пайдаланудағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін алып қалынған негізгі құралдар жатады. Консервацияға қойылған негізгі құралдар уақытша қолданылмайтын негізгі құралдар.

  • г) атқаратын қызметіне, түрлеріне байланысты: жер, ғимараттр мен құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, беріліс құралдары, көлік құралдары, басқалары. Әрбір көрсетілген негізгі құралдар тобына келесі объектілер кіреді:

Ғимараттар: мақсаты халыққа әлеуметтік мәдени қызмет көрсету. Тұрғын үй, еңбек жағдайын туғызу болып табылатын архитектуралық құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрғын инвентарлық объекті болып есептеледі.

Құрылыс жағдайлары: еңбек затын өзгертпей, қандай да болмасын қызметті атқару жолымен өндіріс процесін іске асыруға арналған инженерлік құрылыс объектілері.


1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі
Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

Амортизация - тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз- бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады.

Мөлшер (норма) – амортизациялық аударымдардың негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына шаққандағы жылдық сомасының қатынасы.

Ұйымдарда негізгі құралдардағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны қосылып отырады.

Кәсіпорындарға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан бастап амортизациялық аударым есептеу тоқталады.

Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:



  1. Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі.

  2. Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі.

  3. Жылдамдатып есептен шығару әдістері:

а) қалдық құнының кему әдісі;

ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісі.

Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алынған әдісі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданады. Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.

Амортизация- бұл тозудың құнды белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдардың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.

Амортизациялық құн дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады. Амортиация нормасы - бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатты қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негігі құралдардың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдардың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1000 км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әбір айдағы амортизациялық аударымдардың мөлшрін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімнің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.

Қайтадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу енгізіген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және негізгі құралдар консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді.

Жалға алынған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді.

Негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша – бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметінің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдың алғашқы күндерінде доғарылады.

Алты БЕС пен 16 ҚЕБХС «негізгі құралдар» сәйкес амортизацияны есептеу үшін мынадай тәсілдер ұсынылады.

Құнды бір келкі (тура сызықты) тәсілмен есептен шығару тәсілі- объект құны ай сайын тең сомамен есептен шығарылады.

Мысалы. 95760 компьютері алынды, қызмет мерзімі бес жыл, болжанатын жойылу құны 1850.



Есепті кезең

Бастапқы құн

Жойылу құны

Амортизация-ланатын құн

Қызмет мерзімі

Аморт нормасы

Жылдық аморт.

1999

95760

1850

93910

5

20

18782

2000

95760

1850

93910

5

20

18782

2001

95760

1850

93910

5

20

18782

2002

95760

1850

93910

5

20

18782

2003

95760

1850

93910

5

20

18782

Тозғандардың жинақталған тізімдемесі:

Есепті кезең

Бастапқы құн

Жылдық амортизация

Жинақталған тозу сомасы

Баланстық құн 2 топ – 4 топ

1999

95760

18782

18782

76978

2000

95760

18782

18782+18782=37564

58196

2001

95760

18782

37564+18782=56345

39414

2002

95760

18782

56345+18782=75125

20632

2003

95760

18782

75128+18782=93910

1850

Өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктер енгізу түзету мен негізгі құрал-жабдықтарды жаңартуға қызығушылықты арттыру үшін қаржылық жағдай жасау мақсатымен субъектілер амортизацияны тездетіп есептеу, сандар (кумулятивті тәсіл) сомасы бойынша құнды есептен шығару, кемітілген қалдық тәсілдерін қолдана алады.

Сандар сомасы бойынша (кумулятивті тәсіл) құнды есептен шығару тәсілі есептік коэффициентті табудан тұрады. Коэффмцент бөлгіші қорытындысы пайдалы қызмет мерзімі сомасына, ал алым қызмет ету мерзімінің соңына дейін қалған жыл соңына тең болады.

Амортизация сомасы кейінгі жылдарға қарағанда пайдалануға берілген алғашқы жылдары жоғары болады. Амортизацияны есептеу бойынша есеп кумулятивті тәсілмен:



95760 компьютері алынды, қызмет ету мерзімі 5 жыл, болжанатын жойылу құны 1850:

Есепті кезең

Бастапқы құн

Жойылу құны

Амортизациялық құны

Кумулятив-ті сан

Қызмет ету мерзім соңына дейін қалған жыю саны

Есептік коэффициент 6/5 топ

Жылдық амортизация Топ 4 х 7

1

2

3

4

5

6

7

8

1999

95760

1850

93910

15

5

0,333

31303

2000

95760

1850

93910

15

4

0,266

25043

2001

95760

1850

93910

15

3

0,2

19782

2002

95760

1850

93910

15

2

0,133

12521

2003

95760

1850

93910

15

1

0,066

6261

Жинақталған тозу тізімдемесі:

Есепті кезең

Бастапқы құн

Жылдық амортизация

Жинақталған тозу сомасы

Есепті кезең соңын-дағы баланстық құн

1

2

3

4

5

1999

95760

31303

31303

64457

2000

95760

25043

31303+25043=56346

39414

2001

95760

18782

56346+18782=75128

20632

2002

95760

12521

75128+12521=87640

8111

2003

95760

6261

87640+6261=93910

1850

Амортизацияны кемігіш қалдық тәсілмен есептеу бойынша есеп:

Бұл тәсілде амортизация сомасы объектіні бірінші жыл қолдағанда бірден көбейеді және соңғысында төмендейді.

Кемігіш қалдық тәсілінде амортизацияны есептеу бастапқы мес, баланстық құннан жасалады.

Түзу сызықты тәсілде амортизация млшері екі есе өсіріледі. Амортизацияны есептегенде жойылу құны ескерілмейді, бұған жойылуға дейінгі қалдық құнды кеміту, үшін қажетті шамамен амортизация сома шектелетін соңғы жыл кірмейді.

Компьютер -95760 алынды, қызмет ету мерзімі 5 жыл, болжанатын жойылу құны 1850, тура сызықты тәсілде амортизация мөлшері 20 пайыз кемігіш қалдық тәсілінде екі есе (40 пайыз) өсіріледі.




Есепті кезең

Бастапқы құн

Жойылу құны

Амортизация-ланатын құн

Қызмет мерзімі

Аморт нормасы

Жылдық аморт.

1999

95760

1850

93910

5

40

Есепті кезең соңында баланстық құннан есептеледі.

2000

95760

1850

93910

5

40

2001

95760

1850

93910

5

40

2002

95760

1850

93910

5

40

2003

95760

1850

93910

5

40




Есепті кезең

Есепті кезең басындағы баланстық құн

Аморт. мөлшер

Жылдық амортизация

Жинақталған тозу сомасы

Есепті кезең соңын-дағы баланстық құн

2 топ-4 топ



1999

95760

40

38304

38304

57456

2000

57456

40

22982,4

38304+22982,4=61286

34474

2001

34474

40

13789,6

61286+13789,6=75076

20684

2002

20684

40

8274

75076+8274=83350

12410

2003

12410




10560

83350+10560=93910

1850

Теңдеулер қорытындысын шығару үшін кестеге үш тәсілмен есептелген компьютердің жылдық амортизациясы сомасын кірігіземіз.

Әр түрлі тәсілмен есептелген амортизация қорытындыларын салыстыру:

Есепті кезең

Құнды тура сызықты (біркелкі) тәсілмен есептеп шығару

Кемігіш қалдық тәсілі

Сан сомасы бойынша есептен шығару тәсілі (кумулятивті тәсіл)

1999

18782

38304

31303

2000

18782

22982,4

25043

2001

18782

13789,6

18782

2002

18782

8274

12521

2003

18782

10560

6261

Өндірістік тәсіл (амортизацияны орындалған жұмыс көлеміне пропорциональды есептеу) амортизация объектісі пайдалану нәтижесі ғана болуына, уақыттың бір бөлігі оны есептеу барысында ешқандай роль атқармайтынына негізделген.

Бұл тәсілді пайдалану мерзімі техникалық көрсеткіштермен не болмаса ұйымның шаруашылық қызметіндегі өзгерістермен шектелген жағдайда қолдануға болады.

Мысалы.


Құны 240000 теңгелік станок техникалық төлқұжатқа сай 6000 бұйым өңдеуге бейі, жойылу құны 18000 теңге.

Амортизация мөлшері 1 бұйымға:



240000-18000 = 37 теңге

6000


Егер 2003 жылы майда 45 бұйым жасалса, онда амортизация сомасы:

45с* 37 теңге = 1665 теңге

Маусым 2003 ж.: 52с*37=924 теңге.

Маусым 2003 ж.: 48с*37=1776 теңге

Техникалық төлқұжат бойынша жұмыс істелген сағат саны мысалы, 10000 сағат қарастырылған. 1 сағат жұмысқа амортизация мөлшері

240000-18000 = 22 теңге

10000


Егер станоктың 2003 ж май айындағы жұмыс уақыты 224 сағат болса, онда амортизация:

224с*22=4928 теңге

Амортизацияны әр түрлі тәсілмен есептеген сомаларды салыстырғанда, қаралған тәсілдер кәсіпорын нәтижесіне ықпал ететін негізгі құрал-жабдықтардың жылдық амортизация саласына кемуіне немесе артуына мүмкіндік беретінін айқын аңғартты.

Есептің журнал-ордерлік формасымен амортизацияны есептеу үшін әзірлеме сызбада алдын-ала қарастырылған. Осылайша тура сызықты тәсілде келесі сызбада келтірілген әзірлеме кесте қолданылады.



следующая страница>


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны

544kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының отырысында 2005 ж

273.54kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік

Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының отырысында 2005ж. Хаттама № қарастырылды

638.81kb.

26 09 2014
4 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі

«Қаржы» және 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050506 «Экономика» мамандықтары үшін

669.61kb.

07 10 2014
3 стр.


Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министірлігі

Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесі отырысында бекітілді

273.87kb.

18 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министірлігі

Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесі отырысында бекітілді

156.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Пму ұС 18. 2/05 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды

61.37kb.

12 10 2014
1 стр.


Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу туралы

Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттес

157.6kb.

06 10 2014
1 стр.