Перейти на главную страницу
4 Курстың саясаты:
- себепсіз сабақ босатауға болмайды;
- сабақтан қалған жағдайда, өткен тақырыпты тапсыру керек;
- студент тақырыпқа алдын-ала даярлануы тиіс;
- үй тапсырмасын күнделікті орындауы керек;
- аралық бақылау коллоквиум түрінде өткізіледі;
- емтиханда дәрістік жазбаларды, оқулықтарды пайдалануға рұқсат жоқ;
- 1-кредитте 1-7-тақырыптар,2- кредитте, 3 кредитте қалған тақырыптар қарастырылады.
Әкімшілік талаптар: сабаққа кешігуге, сабақта байланыс құралдарын пайдалануға рұқсат берілмейді.
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыптың атауы |
Лекция |
Семин. |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері және объектілері |
2 |
1 |
4 |
4 |
|
Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары |
2 |
1 |
4 |
4 |
|
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі |
2 |
1 |
4 |
4 |
|
Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау |
2 |
1 |
4 |
4 |
|
Экономикалық өсудің мәні және нарықтық экономикадағы негізгі мәселелері |
2 |
1 |
4 |
4 |
|
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу |
3 |
1 |
4 |
4 |
|
Инвестициялық - құрылыстық кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары |
3 |
2 |
4 |
4 |
|
Өндірістік инфрақұрылымның дамуындағы мемлекеттік реттеудің ролі |
3 |
2 |
4 |
4 |
|
Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдениет сферасының дамуын мемлекеттік реттеу |
3 |
1 |
4 |
4 |
|
Экономиканы реттеудің қаржы - несие механизмі |
3 |
1 |
4 |
4 |
|
Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу |
3 |
2 |
3 |
3 |
|
Табиғатты қорғау іс әрекетін мемлекеттік реттеу |
2 |
1 |
2 |
2 |
|
Барлығы |
30 |
15 |
45 |
45 |
2.2. Дәріс сабақтарының тезистері
Дәріс №1. Дәріс тақырыбы Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері және объектілері.
Дәріс жоспары:
б) экономиканы мемлекеттік реттеу эволюциясының негізгі кезеңдері.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Реттеу объектісі.
3. Мемлекеттік реттеудің административтік және экономикалық әдістері.
4. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметі.
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі – мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңажүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – нарық механизмінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері болып табылады.
Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгерілмеушілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік – экономикалық және ұйымдық- құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мемлекеттің экономикалық ілімдегі ролі жайлы мәселелерді сипаттағанда, классикалық, неоклассикалық, кейнсиандық, монетаризм, институционализм сияқты бағыттардың өкілдерінің көзқарасын талдау қажет.
Негізгі әдебиеттер: 23, 4, 5, 6, 7, 8.
Қосымша әдебиеттер: 9, 6, 15, 19.
Дәріс №2. Дәріс тақырыбы: Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.
Дәріс жоспары:
1. Өтпелі кезең, өтпелі экономика жайлы түсінік.Өтпелі кезеңнің объективті алғы-шарттары, сипаты.
2.Өтпелі экономиканың типтері.
3Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.
4.Советтік экономиканың дағдарысының спецификасы
а) экономикалық дағдарыс және жүйе дағдарысы
б) жоспарлы жүйенің дағдарысының себептері,мәні, кезеңдері
Өтпелі экономика дегеніміз әлеуметтік –экономикалық дамуын өзгертетін экономика. Өтпелі кезең дегеніміз ескі экономикалық жүйе құлдырап жаңа экономикалық қатынастар пайда болатын ұзаққа созылмайтын уақыт кезеңі (10-15 жыл). Қазақстандағы өтпелі кезеңді постсоциалистік немесе институционалдық трансформация деп сипаттауға болады.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестікке, меншіктің негізгі түрлерін араластыра отырып өзара іс әрекетке негізделеді.
Нарықтық экономикаға өту модельдері: «жұмсақ революция», нарықтық социализм, «есінен тандыру терапиясы», градуализм.
Негізгі әдебиеттер: 31, 23, 4, 5, 6, 7, 8.
Қосымша әдебиеттер: 21, 35, 20, 22.
Дәріс № 3 Дәріс тақырыбы: Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
Дәріс жоспары:
1. Шетел экономикасын мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері.
2. Нарықтық экономикасы дамыған әртүрлі елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі.
Әлеуметтік –экономикалық прцестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды: көптеген алдыңғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау мен жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. «Ұлы дағдарыс жылдары» жылдары алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік экономикалық өмірге мемлекеттің араласуымен жүзеге асатынын түсінді.
Шет елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда, шетелдік өндіріс сфераларын жеңідікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекттің бақылау қызметтерін күшейту тәжірибесін қолданған жөн.
Негізгі әдебиеттер: 23, 4, 11, 32.
Қосымша әдебиеттер: 58, 69, 59.
Дәріс № 4. Дәріс тақырыбы: Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау.
Дәріс жоспары:
1. Экономиканың дамуын болжау қажеттілігі. Болжау мақсаты және сипаты.
2. Өтпелі экономикадағы жоспарлаудың мақсаты және сипаты.
3. Экономиканың дамуын бағдарламалау. Бағдарлама түрлері.
Мемлекет экономиканың дамуын реттеу барысында мынадай құралдарды қолданады: болжау, жоспарлау, бағдарламалау. Болжам дегеніміз белгелі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәләлді пікір. Экономикалық болжау процесі экономиканың даму перспективасын анықтайды, ойланып жасалынған стратегия, анықталған болашақ мақсаттар. Болжаудың екі түрі бар: жеке және комплексті экономикалық болжау. Ал жоспарлау экономикалық сфераны ғана қамтиды. Жоспарлау нарық кезеңінде индикативті жоспарлау қолданылады. Индикативті жоспарлау өнеркәсіптердің дербестік жағдайындағы макрожоспарлау. Экономикалық дербестік жағдайында мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін жоспарлау директивтікпен сипатталмайды, . Экономикалық мүдделі болжамдар негізінде құрылған индикативті жоспарлау жүйесі: қысқа, орта және ұзақ мерзімді, индикативті жоспарлар перспективті мақсаттарды шешуге мүмкіндік туғызады.Бағдарлама дегеніміз белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін қолданылатын ресурстары, мерзімі шектелген нақты және комплексті шаралар жиынтығы. Бағдарлама түрлері мемлекетік, аймақтық, салалық, әлеуметтік болып бөлінеді.
Негізгі әдебиеттер: 34, 8, 6, 3, 45, 31.
Қосымша әдебиеттер: 81, 76,63, 12, 39.
Дәріс № 5 Дәріс тақырыбы: Экономикалық өсудің мәні және нарықтық экономикадағы негізгі мәселелері.
Дәріс жоспары:
1. Экономикалық өсудің мәні және қарқыны, түрлері мен факторлары.
2. Экономикалық өсудің үлгілері.
3. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу.
Экономикалық өсу дегеніміз қоғамдық өндірістің ұлғайып , дамуының нәтижесінде ұлттық табыстың көбеюі. халықтың әл-ауқатының жақсаруы№ Экономикалық өсудің көрсеткіштері: ЖІӨ және жан басына шаққанда ЖІӨ- нің ұлғаюы. Экономикалық өсудің жалпы тарихта белгілі үш түрі бар:
1.Экстенсивті өсу дегеніміз қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
2. Интенсивті өсу дегеніміз өндіріс факторларын сапалық жетілдіру арқылы прогрессивті құрал жабдықтарды пайдалану, еңбек өнімділігін арттыру.
3. Аралас өсу - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларының қолданылуы санының өсуі және технологияның жетілуі.
Негізгі әдебиетер: 47, 4,5,6,21.
Қосымша әдебиеттер: 55, 67, 42, 9.
Дәріс жоспары:
1. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
2. Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндіріс саласында нарықтық қатынастардың қалыптасуы.
3.Ауыл шаруашылық өнімін мемлекеттік бақылау жүйесі.
4. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдындағы шашуші роль атқарады. Аграрлық сектордың өндірістік әлеуметтік ерекшелігіне қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және түзету енгізусіз таза күйінде пайдалану өндірістік потенциалды қолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуін тудырады. Аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің бастапқы алаңы ретінде нарықтың дамуы үшін реттеу мен қолдаудың ерекше мемлекеттік саясаты енгізілетін экономиканың бірінші саласы болы қажет, оның мәні әкімшілік емес экономикалық құралдарды ерікті (баға салықты азайту, жеңілдікпен несие,субсидия беру) өзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану.
Ауыл шаруашылығындаөндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау, жердің сапасыеа қарай жер салығының мөлшерін белгілеу, ауыл шаруашылық жерлерінқорғау мен тиімді пайдаланужөніндегі іс шараларды жүзеге асыру, оның ішінде жердің құнарлылығының сақталуы мен оның жақсаруын бақылау қажет. Нарық ауыл адамдарына әлеуметтік әділеттілік кепілдік бере алмайды. Сондықтан бұл кемшілікті жоюды мемекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырып отыру керек. Оның негізгі бағыттары біріншіден барлық еңбекке қабілетті адамдарға табыс табуы және өзіне қажетті игіліктер мен қызмет түрлерін пайдалану, ауыл үшін кәсіпкерлікпен айналысуына шексіз мүмкіндіктер мен жағдайлар туғызу керек.
Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеуде біздің стартегиямыз меншіктің негізгі түрлерін жеке меншік пен мемлекеттік меншікті үйлестіре және өзара қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға енгізілген әлеуметтік экономика құру.
Ауыл шаруышылығының ең өзекті мәселелерінің бірі сатып алынатын және сатылатын товарларға баға теңгермешілігін сақтау. Яғни ауыл шаруышылық өнімдерімен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесіне лайық мәселесі.
Негізгі әдебиеттер: 15, 5,6,7,21,57.
Қосымша әдебиеттер: 42, 6,7,21,10.
1.Инвестицияның мәні және түрлері.
2. Шетел инвестицияларын әрі қарай қолданудың өзекті мәселелері.
3. Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу.
4. Құрылыс кешені және оның дамуын мемлекеттік реттеу.
Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыста екені белгілі. Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
Негізгі әдебиеттер: 44, 21,5, 25,63,69.
Қосымша әдебиеттер: 47, 6,7,21,5.
Дәріс № 8. Дәріс тақырыбы: Өндірістік инфрақұрылымның дамуындағы мемлекеттік реттеудің ролі.
Дәріс жоспары:
1. Өндірістік инфрақұрылым жайлы жалпы түсінік.
2. Транспорт және байланыс салаларының әлеуметтік-экономикалық ролі.
3. Өндіріс құралдары рыногінің мәні.
4. Мемлекеттің тауар биржаларының және сауда үйлерінің іс-әрекетін реттеуі.
Қоғамдық өндіріс екі үлкен сферадан тұрады. Оның біріншісіне – қоғамның материалдық-заттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын салалар жататын болса, екіншісіне - оның материалдық емес сұраныстарын қамтамасыз ететін салалар жатады.
Экономиканың дербес сферасы болып, инфрақұрылым, материалдық-заттық өндірістен қоғамдық еңбек бөлінуінің тереңдеуіне және оның сыртқы жағдайларын қамтамасыз етуге деген сұраныстың өсуіне байланысты бөлініп шықты. Кәсіпорындардың сыртқы жағдайлары біркелкі болмағандықтан, инфрақұрылым салалары да біркелкі емес. Сол себепті, инфрақұрылымды төрт түрлі ірі салалар тобына бөлуге болады:
1. Өндірістік инфрақұрылым - өндіріс процестерінің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені. Оған жук тасу көлігі, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, байланыс, информацияны өңдеу салаалары және іскерлік қызметтер сферасы жатады. Іскерлік қызметтер сферасы жарнама мен маркетингтік қызмет көрсетуді, жалға алу мен лизингті, басқару, инвестициялық саясат т.б. жөнінде консультациялық қызмет көрсетуді, инжирингті қамтиды.
2. Әлеуметтік инфрақұрылым – жұмыс күшін ұдайы өндірумен байланысты салалар кешені: денсаулық сақтау, білім беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру т.б салалар.
3. Экологиялық инфрақұрылым – адам тіршілігінің зиянды жақтарынан қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндірісі дамуының экологиялық жағдайларын қамтамасыз ету сфералары мен инженерлік құрылыстардың кешені.
Көлік кешенінің экономикалық маңызы оның орындайтын қызметіне байланысты. Көлік кез келген өндірістің айрылмас бөлігі болып саналады және ол қоғамдық еңбек бөлінуінің негізгі материалдық базасы боп есептеледі. Көлік жүйесі тасымалдау жұмыстарын атқаруда бірімен-бірі тығыз байланысты болатын әр түрлі көлік түрлерінің кешені.
Негізгі әдебиеттер: 21, 7,8,60,67
Қосымша әдебиеттер: 20, 40, 21.
1. Әлеуметтік саясаттың мәні.
2. Халықтың табысы, оларды бөлу мәселелері.
3. Әлеуметтік теңдік мәселесі және халықты әлеуметтік қорғау.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілік факторларын қарастырғанда әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлу қажет. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні – қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғамдық мүліктерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық хал- ахуалмен тығыз байланыста болады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі қызметтері мынада: қоғамдағы әлеуметтік теңдікті сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесін, тұрғындардың әл-ауқаты мен табыстарды өсуіне мүмкіндік жасау. Осы орындайтын қызметтеріне байланысты келесі талаптарды шешу керек: 1) Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру. 2) Тұрмысы нашар тұрғындарға әлеуметтік көмек жасау. 3) Тұрғындардың барлығы білім алуы, медициналық көмек, әлеуметтік сақтандыру мәселесін шешу.
Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі тек елдің тұрақты экономикалық дамуы кезеңінде ғана кең етек жаяды. Кері жағдайда бұл жүйенің енгізілуі халыққа кепілдік мединциналық қызмет етудің құлдыаруына әкеледі. Білім беру саласының мемлекеттік секторын реттеудің негізгі құралы оның дамуын ағымдық және ұзақ мерзімдік жоспарлау жатады. Бұл жоспарларда жоғарғы оқу орындарының материалдық техникалық базасын нығайту мен оның дамуын бюджеттік қаржыландыру көрсеткіштері көрініс табады. Жалпы білімнің дамуын мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдық, құқықтық актілеріне негізделеді. Қоғамдық өмірдің ерекше өрісін мәдениет, өнер, бұқаралық ақпарат құралдары құрайды.
Негізгі әдебиеттер: 21, 6, 7, 17, 14, 19.
Қосымша әдебиеттер: 4, 22, 27, 36, 13.
Дәріс жоспары:
1. Қаржы жүйесінің мәні, құрылымы, қызметі.
2.Ақша несие – саясатын қолдану ерекшеліктері.
3. Бюджеттік саясаттың экономикалық өсуді реттеудегі ролі
Мемлекеттік қаржы жүйесі арқылы саяси- экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаржыларды жинақтап пайдаланады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің қаржылық жоспары, шығысы мен табыстарының балансы. Бюджет мынадай үш қызмеь атқарады:
1) Бөлу қызметі, мемлекеттік бюджетарқылы ұлттық табыстың 20-60 % қайта бөлінеді.
2) Бақылау қызметі, бюджет ресурстарының қозғалысы экономиканың қаржылай жағдайын көрсетіп, оны бақылау мүмкіндігі туады.
3) Реттеуші қызметі, мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысының өзгеруін, жұмыссыздық деңгейінің азаюын, өндірістің құлдырауын жеңілдетіп отырады, былайша айтқанда, экономиканы тұрақтандыруға жағдай жасайды.
Несие жүйесі дегеніміз жеделдіктің, қайтарымдылықтың, төлемділіктің негізінде ақша құралдарын беру және тартумен айналысатын несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы. Ал несие дегеніміз қарыз капиталының қозғалысы. Ақша-несие жүйесінің орталығы болып банктік жүйе саналады, ол екі деңгейден құралады:
1) Ұлттық Банк;
2) Коммерциялық банктер.
Негізгі әдебиеттер: 42, 1, 5, 30, 31.
Қосымша әдебиеттер: 11, 12, 52,21.
1. Территориялық даму - мемлекеттік реттеу пәні.
2.Аймақтық саясаттың мәні және оның негізгі бағыттары.
3. Аймақтық типология және Қазақстан облыстарының даму перспективасы.
Мемлекеттік әлеуметтік – экономикалық саясаттың аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады. Оның негізгі себептері: а) халық шаруашылығы мәселелерін жоспарлы шешудің қағидалары мен әдістерінен бас тарту; ә) өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жөніндегі зерттеулерді азайту; б) шаруашылық пен әлеуметтік үрдістерді басқарудағы орталық және жергілікті басқару органдардың функционалды міндетттемелерді өзара бөлісудегі ретсіздік.Аймақтық саясат халықтың өмір сүру деңгейі, табысы, жұмыс бастылығы, аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму деңгейінде айқын шиеленісуіне әкелмеуіне байланысты жалпымемлекеттік шешімдерді қабылдау мен іске асыру сияқты мәселелерді қарастырады. Аймақтық саясатты қалыптастырудың негіздері:
Негізгі әдебиеттер: 76, 27, 80, 317,8.
Қосымша әдебиеттер: 67, 68, 21, 5.
Дәріс № 12. Дәріс тақырыбы: Табиғатты қорғау іс әрекетін мемлекеттік реттеу.
Дәріс жоспары:
1.Қоршаған ортаның әлеуметтік – экономикалық мәні.
2. Шығыс-Қазақстан облысының экологиялық жағдайына сипаттама.
3. Табиғатты қорғау іс әрекетін мемлекеттік реттеу.
Табиғатты орынды пайдалану – бұл шаруашылықты жүргізудің оның энергетикалық және шикізаттық сарқылмастығына адамға биологиялық түр және саналы әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қажетті мекендеу орталарының параметрлерін сақтаумен үйлесімділікте қол жеткізілетін жүйесі. Қазіргі экология қоршаған ортаны сақтау мен табиғи ресурстарды орынды пайдалану – табиғатты қорғау туралы кешенді ғылымның негізі болып табылады. Табиғи сиымдылықты азайтудың бірнеше бағыттары бар:
Мемлекеттік экологиялық саясаттың негізгі құралы деп экологиялық заңдылықты түсінеміз.
Қазіргі кезеңде экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында экологиялық факторларды ескермей әлеуметтік – экономикалық міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Адамның жақсы өмір сүруі үшін ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін дамыған технологияларды талап етеді.
Негізгі әдебиеттер: 31, 5, 6.
Қосымша әдебиеттер: 7, 2.
2. 3 Семинар сабақтарының жоспары.
1-семинар тақырыбы: Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері және объектілері.
Семинар жоспары:
1. Мемлекеттік реттеудің жоспарлық, нарықтық, өтпелі экономикадағы айырмашылықтары.
2. Нарықтық экономикаға көшу барысында экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары.
3. Өтпелі экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметі.Шаруашылықты реттеуде әр түрлі құралдарды қолданудағы келіспеушілік.
Әдістемелік нұсқаулар: Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастырудың теориялық негіздері.
2.Мемлекеттің экономикалық қызметін құқықтық қамтамасыздығы. Қазақстан Республикасының Конституциясы - экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастырудың теориялық негізі.
3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі мен оның мәні. Қоғамдық экономикалық жүйенің типологиясы мен шаруашылық жургізудің негізгі үлгілері.
4.Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің ролі.
5. Мемлекеттің экономикалық ролі жайлы мәселелердің ғылыми бағыттары: классикалық, неоклассикалық. Кейнсиандық ағымдар,монетаризм, институционализм т.б.
Негізгі әдебиеттер: 23, 4, 5, 6, 7, 8.
Қосымша әдебиеттер: 9, 6, 15, 19.
2-семинар тақырыбы: Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.
Семинар жоспары:
1. Нарыққа көшудегі негізгі бағдарламалардың сипаттамасы.
2.Шоктық терапия: мәні және салдары.
3. Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
4. Нарықтық экономикаға өту моделдері.
Әдістемелік нұсқаулар: Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
1.Өтпелі экономиканың жалпы сипаттамасы және негізгі заңдылықтары Өтпелі кезең, өтпелі экономика жайлы түсінік.
2.Өтпелі кезеңнің объективті алғы-шарттары, сипаты.
3.Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары. Мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ролі.
4.Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
5. Қазақстандағы өтпелі экономика ерекшеліктері.
6.Нарықтық экономикаға өту модельдері: «жұмсақ революция», нарықтық социализм, «есінен тандыру терапиясы», градуализм. Нарыққа көшудегі негізгі бағдарламалардың сипаттамасы.
7. «Постсоциалистік» немесе «институционалдық» трансформация дегеніміз не?
Негізгі әдебиеттер: 31, 23, 4, 5, 6, 7, 8.
Қосымша әдебиеттер: 21, 35, 20, 22.
Семинар жоспары:
1. Дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері.
2. Дамушы елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1.Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың ерекшеліктері.
2.Экономикада нарықтық қатынастардың дамуы және Шығыс Еуропа және Оңтүстік –Шығыс Азия елдеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.
3.Шет елдердегі жалпыэкономикалық және стратегиялық жоспарлау.
4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін ТМД елдерінде және Қазақстанда қолдану тиімділігі және мүмкінділігі
Негізгі әдебиеттер: 23, 4, 11, 32.
Қосымша әдебиеттер: 58, 69, 59.
4-семинар тақырыбы: : Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау.
Семинар жоспары:
1. Болжаудың шетелдік тәжірибесі.
2.Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми - әдістемелік негіздері.
3. Бағдарламалаудың шетелдік тәжірибесі.
Әдістемелік нұсқаулар: Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
1.Экономиканың дамуын болжау қажеттілігі. Болжау мақсаты және сипаты.
2.Экономикалық болжаудың ғылыми - әдістемелік негіздері. Халық шаруашылығын кешенді болжауды жасақтауды ұйымдастыру және оның теориялық негіздері.
3. Болжаудың шетелдік тәжірибесі
4.Өтпелі экономикадағы жоспарлаудың мақсаты және сипаты. Мемлекеттік ұлттық бағдарламалар – мемлекет стратегиясын жүзеге асыру негізі мен халық шаруашылығы жоспарының құрамды бөлігі ретінде.
5.Экономиканың дамуын бағдарламалау. Бағдарлама түрлері.
6.Стратегиялық жоспарлау- методологиясының түсінігі
7. Индикативті жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі.
8.Индикативті жоспар дегеніміз не және оның экономикалық дамудағы комплексті бағдарламалардан айырмашылығы неде?
Негізгі әдебиеттер: 34, 8, 6, 3, 45, 31.
Қосымша әдебиеттер: 81, 76,63, 12, 39.
Семинар сабағының жоспары.
1. Экономикалық өсудің инновациялық аспектілері.
2. Экономикалық өсудің интенсивті және экстенсивті типтері: өткен кезең, қазіргі кезең және болашақ.
3.Технологиялық, экономикалық және әлеуметтік прогресс: мәні және мақсаты
Әдістемелік нұсқаулар: Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
1.Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасындағы интенсивті және экстенсивті факторлардың арақатынасыа сипаттаңыз.
2. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары қандай?
3. Құрылымдық диспропорциялар дегеніміз не?
4.Технологиялық, экономикалық және әлеуметтік прогресс:
а) әрбіреуіне анықтама беріңіз
б) олардың арасындағы байланыс қандай?
в) олардың қоғамның дамуындағы ролі қандай?
5. Инновация дегеніміз не? Экономикадағы ролі қандай?
Негізгі әдебиетер: 47, 4,5,6,21.
Қосымша әдебиеттер: 55, 67, 42, 9.
6 - семинар тақырыбы Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу.
Семинар жоспары:
1. Ауыл шаруашылығындағы жекешелендіру мәселелері.
2. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі.
3.Шығыс-Қазақстан облысындағы аграрлық сектордың жағдайы және мәселелері
Әдістемелік нұсқаулар: Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
1.Ауыл шаруашылығында жерлерді тиімді пайдалану мәселесі.
2.Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері және оның салалары дамуының басыңқылығын ғылыми негіздеу.
3.Мемлекеттің аграрлық секторға қолдау көрсету механизмдері.
4.Агроөнеркәсіптік кешеннің секторлары арасындағы шауашылық-экономикалық байланыстарды нығайтудағы мемлекеттің ролі.
5. Агроазық түлік бағдарламасының мәні неде?
6. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жеке меншікке беру мәселесін қарастырыңыз. Оның тиімділігі қандай?
7. 1990-2004 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығының дамуындағы негізгі көрсеткіштерге талдау жасаңыз.
Негізгі әдебиеттер: 15, 5,6,7,21,57.
Қосымша әдебиеттер: 42, 6,7,21,10.
7-семинар тақырыбы. Инвестициялық - құрылыстық кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
Семинар сабағының жоспары.
1. Инвестициялық іс-әрекеттің тиімділігін жоғарылату тәсілдері.
2. Жеке меншік сектордың инвестициялық активтілігін ынталандыру жолдары.
3. Шетел инвестицияларының өтпелі экономикадағы ролі.
Әдістемелік нұсқаулар: Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
1.Инвестиция және инвестициялық концепция. Инвестицияның мәні және түрлері.
2. Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу.
3.Инвестициялық іс-әрекеттің тиімділігін жоғарылату тәсілдері.
4.Жеке меншік сектордың инвестициялық активтілігін ынталандыру жолдары.
5.Шетел инвестицияларының өтпелі экономикадағы ролі. Шетел инвестицияларын әрі қарай қолданудың өзекті мәселелері.
6.Инвестицияға сұраным және ұсыным. Арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу механизмі.
7.Инвестиция салудың басымдық бағыттары мен сфераларын мемлекет трапынан анықтау. Инвестициялық құрылыстық кешеннің негізгі сандық сапалық көрсеткіштері және оларды негіздеудің әдістемесі.
8.ТМД елдерінің инвестициялық активтілігінін салыстырмалы талдау. Банк жүйесінің отандық инвестициялардың дамуына ықпалы
9. Шығыс-Қазақстан облысы экономикасындағы инвестиция құрылымы.
Негізгі әдебиеттер: 44, 21,5, 25,63,69.
Қосымша әдебиеттер: 47, 6,7,21,5.
8-семинар тақырыбы. Өндірістік инфрақұрылымның дамуындағы мемлекеттік реттеудің ролі.
Семинар сабағының жоспары.
1. Транспорт-коммуникациялық кешеннің іс-әрекетін реттеуші мемлекеттік органдар.
2.Мемлекеттік қажеттілікті материалды – техникалық қамтамасыз ету жүйесі.
3.Қазақстанда тауар биржаларының даму мәселелері.
Әдістемелік нұсқаулар:Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
2. Транспорт және байланыс салаларының әлеуметтік-экономикалық ролі қандай?
3. Өндіріс құралдары рыногінің мәні неде және оны шетелдік тәжірибемен салыстырыңыз.
4. Мемлекеттің тауар биржаларының және сауда үйлерінің іс-әрекетін реттеуіне сипаттама беріңіз.
5. Статистикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып өндірістік инфрақұрылым салаларына сипаттама беріңіз.
Негізгі әдебиеттер: 21, 7,8,60,67
Қосымша әдебиеттер: 20, 40, 21.
9-семинар тақырыбы. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдениет сферасының дамуын мемлекеттік реттеу
Семинар сабағының жоспары.
1. Жұмыс бастылықты мемлекеттік реттеу.
2.Денсаулық сақтау және мәдениет сфераларын мемлекеттік реттеу.
3. Қазақстанның білім беру саласындағы реформалар.
Әдістемелік нұсқаулар: Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
1. Әлеуметтік саясаттың мәні.
2.Халықтың табысы, оларды бөлу мәселелері. Әлеуметтік теңдік мәселесі және халықты әлеуметтік қорғау.
3.Жұмыссыздық түрлері мен негізгі себептері және оны төмендетудегі мемлекеттің іс-әрекеті.
4.Халықтың әр түрлі топтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудегі жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тәсілдері мен ұйымдастыру –құқықтық негіздері. Кункөріс минимумы және кедейшілікпен куресу проблемасы.
5.Денсаулық сақтаудың,білім берудің,мәдениеттің даму көрсеткіштері және оларды негіздеу әдістері.
6. Қазақстанда еңбек нарығын реформалау мәселелері.
7. Қазақстанда зейнетақы реформасының нәтижелері.
8. Зейнетақы мен қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі .
Негізгі әдебиеттер: 21, 6, 7, 17, 14, 19.
Қосымша әдебиеттер: 4, 22, 27, 36, 13.
10-семинар тақырыбы. Экономиканы реттеудің қаржы - несие механизмі
Семинар сабағының жоспары.
1.Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.
2. Ақша-несие саясатының құралдарын қолдануды талдау.
3.Қазақстанда салық жүйесін реформалау мәселелері.
Әдістемелік нұсқаулар: Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
1.Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы-бюджеттік жүйесі және оның әлеуметтік –экономикалық ролі.
2.Қаржы жүйесінің мәні, құрылымы, қызметі.
3.Экономиканы реттеудің қаржылық механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы.
4.Бюджеттік саясаттың экономикалық өсуді реттеудегі ролі. Қазақстанда салық жүйесі мәселелері.
5.Мемлекеттік бюджет тапшылығы мәселесі және оны қаржыландыру көздері мен әдістері.
6.Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы және оны жабу шаралары.Бюджеттен тыс қорларды ұтымды пайдалануға мемлекеттің әсерін тигізетін механизмдер.
Негізгі әдебиеттер: 42, 1, 5, 30, 31.
Қосымша әдебиеттер: 11, 12, 52,21.
Семинар сабағының жоспары.
1. Қазақстанда арнайы экономикалық зона құрудың құқықтық базасы.
2. ШҚО даму корсеткіштерін талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының унитарлығы мен оның әкімшілік аймақтық бөлінуі.
2.Қазақстан Республикасының Конституциясы аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы.
3.Аймақтық даму аясындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы, оны жүзеге асыру әдістері.
4.Шағын және орташа депрессивті қалалардың, әлеуметтік артта қалған аудандардың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың іс-әрекеті мен ұйымдастыру құрылымы.
5.Өндіргіш күштерді тиімді орналастыруда аймақтық және жалпы мемлекеттік мүдделерді үйлестіру негіздері. Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі.
Негізгі әдебиеттер: 76, 27, 80, 317,8.
Қосымша әдебиеттер: 67, 68, 21, 5.
Семинар сабағының жоспары.
1. Нарық жағдайындағы табиғатты қорғау кешені.
2. Қазақстанның табиғатты қорғау кешенінің аймақтық мәселелері.
3.Табиғатты қолданудың экономикалық механизмі
Әдістемелік нұсқаулар: Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:
1. Қоршаған ортаның әлеуметтік – экономикалық мәні. Табиғи ресурстарды қорғауды және оның ұтымды пайдаланылуын экономикалық реттеу.
2. Мемлекеттің табиғатты қорғау шараларын жасақтау мен жүзеге асыру әдістері.
3. Ресурс үнемдеу стратегиясы мен жолдары және оны ынталандыру мақсатындағы мемлекеттік шаралар.
4.Табиғатты қорғаудың глобалды масштабтағы мәселелерін шешу үшін әр түрлі елдердің күшін біріктірудің объективті қажеттілігі.
5.Шығыс-Қазақстан облысының экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз және оны жақсарту мәселелері.
Негізгі әдебиеттер: 31, 5, 6.
Қосымша әдебиеттер: 7, 2.
2.4 Лабораториялық сабақтар жоқ.
2.5. Студенттердің оқытушы көмегімен өзіндік жұмысы
(СОӨЖ) (45 сағат)
1-СОӨЖ тақырыбы. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері және объектілері.
1. Классиктер концепциясындағы мемлекеттің ролі.
2. Неоклассиктер концепциясындағы мемлекеттің ролі.
3.Мемлекеттің экономикадағы ролі.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1.Директивті және индикативті жоспарлаудың айырмашылықтары неде?
2. «Казахстан 2030» стратегиясын сипаттап беріңіз.
3. Президенттің халыққа 2005 жылға жолдауы туралы айтып беріңіз?
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: 23, 4, 5, 6, 7, 8.
Қосымша әдебиеттер: 9, 6, 15, 19.
2-СОӨЖ тақырыбы. Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.
1. Өтпелі кезеңнің объективті алғы-шарттары, сипаты.
2. Қазақстандағы өтпелі экономиканың сатылары.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1. Экономикалық дағдарыс және жүйе дағдарысы дегеніміз не?
2. Трансформациялық құлдырау дегеніміз не?
3. Өтпелі экономикадағы мемлекеттің экономикалық саясатын сипаттаңыз.
4. Қазақстандағы жекешелендіру процесін сипаттаңыз.
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: 31, 23, 4, 5, 6, 7, 8.
Қосымша әдебиеттер: 21, 35, 20, 22.
3-СОӨЖ тақырыбы. Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
1.Япониядағы экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі.
2. Америкадағы экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі.
3. Англиядағы экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1. Дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері қандай?
2. Дамушы елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері қандай?
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: 23, 4, 11, 32.
Қосымша әдебиеттер: 58, 69, 59.
1. Экономикалық болжаудың шетелдік тәжірибесі.
2. Индикативті жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі.
3. Экономикалық бағдарламалардың шетелдік тәжірибесі.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: 34, 8, 6, 3, 45, 31.
Қосымша әдебиеттер: 81, 76,63, 12, 39.
5-СОӨЖ тақырыбы. Экономикалық өсудің мәні және нарықтық экономикадағы негізгі мәселелері.
1. Экономикалық өсу көрсеткіштері.
2. Экономикалық өсу факторлары.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1. Экономикалық өсу дегеніміз не?
2. Экономикалық өсудің неокейнсиандық және неоклассикалық моделдердің айырмашылықтары қандай?
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиетер: 47, 4,5,6,21.
Қосымша әдебиеттер: 55, 67, 42, 9.
6-СОӨЖ тақырыбы. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу.
1. Ауыл шаруашылығындағы жекешелендіру мәселелері.
2. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1. Агроөнеркәсіптік интеграция дегеніміз не?
2. Ауыл шаруашылығын несиелеу мәселелері.
3. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары.
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі..
Негізгі әдебиеттер: 15, 5,6,7,21,57.
Қосымша әдебиеттер: 42, 6,7,21,10.
1. Мемлекеттік инвестиция бағдарламасы.
2. Инвестициялық процеске мемлекеттің пассивті және активті әдістер арқылы әсер етуі.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1. Портфельді, тура, отандық, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді инвестициларға анықтама беріңіз
2. Экономиканың инвестициялық потенциалы немен өлшенеді?
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: 44, 21,5, 25,63,69.
Қосымша әдебиеттер: 47, 6,7,21,5.
8-СОӨЖ тақырыбы. Өндірістік инфрақұрылымның дамуындағы мемлекеттік реттеудің ролі.
1. Өндірістік инфрақұрылымның негізгі салалары.
2. Қор биржалары.
3. Еңбек биржалары.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1. Мемлекеттің тауар биржаларының және сауда үйлерінің іс-әрекетін реттеуіне сипаттама беріңіз.
2. Мемлекеттің қор биржаларының іс-әрекетін реттеуіне сипаттама беріңіз.
3. Мемлекеттің еңбек іс-әрекетін реттеуіне сипаттама беріңіз.
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: 21, 7,8,60,67
Қосымша әдебиеттер: 20, 40, 21.
9-СОӨЖ тақырыбы. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдениет сферасының дамуын мемлекеттік реттеу.
1. Әлеуметтік сфераны мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
2. Еңбек нарығын, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым саласын мемлекеттік реттеу.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1.Әлеуметтік дифференциация дегеніміз не ?
2. Халықтың табысының дифференциациялануы немен өлшенеді?
3. Күн-көріс минимумы дегеніміз не?
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: 21, 6, 7, 17, 14, 19.
Қосымша әдебиеттер: 4, 22, 27, 36, 13.
10-СОӨЖ тақырыбы. Экономиканы реттеудің қаржы - несие механизмі
1. Қаржы жүйесі және оның негізгі буындары.
2. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс.
3.Салықтар туралы жалпы түсінік.
4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. ҚР мемлекеттік қарызы.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1. Қаржы мен қаржы жүйесіне сипаттама беріңіз.
2. Салықтың мәні мен арқаратын қызметтерін анықтаңыз.
3. Бюджеттік тапшылық нені білдіреді?
4. «Мемлекеттік қарыз» түсінігіне сипаттама беріңіз.
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: 42, 1, 5, 30, 31.
Қосымша әдебиеттер: 11, 12, 52,21.
11-СОӨЖ тақырыбы. Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу.
1. Аймақтық саясаттың мәні және оның негізгі бағыттары.
3. Қазақстан облыстарының даму перспективасы.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1. Арнайы экономикалық зоналарды ұйымдастыру негізі, мағынасы мен тиімділігі.
2. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін қарастырыңыз.
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: 76, 27, 80, 317,8.
Қосымша әдебиеттер: 67, 68, 21, 5.
1. Табиғатты қорғау іс әрекетін мемлекеттік реттеу.
2. Шығыс-Қазақстан облысының экологиялық жағдайына сипаттама.
Әдістемелік нұсқаулар: Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.
1.Қазақстанның табиғатты қорғау кешенінің аймақтық мәселелері.
2.Табиғатты қолданудың экономикалық механизмі.
Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: 31, 5, 6.
Қосымша әдебиеттер: 7, 2.
2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
1-СӨЖ тақырыбы. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері және объектілері.
1. Мемлекеттң нарықтық экономиканы реттеудегі ролі және атқаратын қызметтері.
2. Реттеудің әлеуметтік-экономиалық мақсаты және міндеттері.
Тапсырма:
Реферат тақырыптары:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мүмкінділігі, шектілігі.
2. Экономикалық ілімдегі мемлекеттің ролі жайлы мәселе
Негізгі әдебиеттер: 23, 4, 5, 6, 7, 8.
Қосымша әдебиеттер: 9, 6, 15, 19.
2-СӨЖ тақырыбы. Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.
1. Шоктық терапия: мәні және салдары.
2. Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
Тапсырма:
1.Нарыққа көшудегі негізгі бағдарламаларын салыстырыңыз.
Негізгі әдебиеттер: 31, 23, 4, 5, 6, 7, 8.
Қосымша әдебиеттер: 21, 35, 20, 22.
3-СӨЖ тақырыбы. Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі.
1. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың ерекшеліктері.
2. Шет елдердегі жалпыэкономикалық және стратегиялық жоспарлау.
Тапсырма:
Реферат тақырыптары:
1. Шығыс Еуропа елдеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.
2. Шығыс Азия елдеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.
Негізгі әдебиеттер: 23, 4, 11, 32.
Қосымша әдебиеттер: 58, 69, 59.
4-СӨЖ тақырыбы. Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау.
1.Әлеуметтік – экономикалық дамуды болжау және оның әдістемелері.
2. Экономикалық ждамуды болжау жасау процедурасы.
3. Жоспарлау түрлері.
Тапсырма:
1. Индикативті және директивті жоспарлауды салыстырып, нақты мысалдар келтіріңіз.
Негізгі әдебиеттер: 34, 8, 6, 3, 45, 31.
Қосымша әдебиеттер: 81, 76,63, 12, 39.
1. Экономикалық өсуді модельдері.
2. Мультипликатор және акселератор модельдері.
Тапсырма:
1.1992-2005 жылдар аралығындағы жалпы ішкі өнімді салыстырып, кесте жасаңыз.
Негізгі әдебиетер: 47, 4,5,6,21.
Қосымша әдебиеттер: 55, 67, 42, 9.
6-СӨЖ тақырыбы. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу.
1. Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері және оның салалары дамуының басыңқылығын ғылыми негіздеу.
2. Ауыл шаруашылығында жерлерді тиімді пайдалану мәселесі.
Тапсырма:
Реферат тақырыптары:
1.Шығыс-Қазақстан облысындағы аграрлық сектордың жағдайы және мәселелері
2. Агроазық түлік бағдарламасының мәні.
Негізгі әдебиеттер: 15, 5,6,7,21,57.
Қосымша әдебиеттер: 42, 6,7,21,10.
1. Инвестиция және инвестициялық концепция.
2. ТМД елдерінің инвестициялық активтілігінін салыстырмалы талдау.
Тапсырма:
Реферат тақырыптары:
1. Инвестиция тартудың аймақтық дифференцияциясын статистикалық көрсеткіштер арқылы сипаттаңыз.
Негізгі әдебиеттер: 44, 21,5, 25,63,69.
Қосымша әдебиеттер: 47, 6,7,21,5.
1. Транспорт-коммуникациялық кешен түсінігі
2. Өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру жолдары.
Тапсырма:
Реферат тақырыптары:
1.Өндірістік инфрақұрылымның дамуындағы мемлекеттік реттеудің ролі.
2. Мемлекеттік қажеттілікті материалды – техникалық қамтамасыз ету жүйесі.
Негізгі әдебиеттер: 21, 7,8,60,67
Қосымша әдебиеттер: 20, 40, 21.
9-СӨЖ тақырыбы. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдениет сферасының дамуын мемлекеттік реттеу
1.Кірісті бөлу мәселесі.
2. Кірістің және мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрылуының нарықтық механизмі.
Тапсырма:
Реферат тақырыптары:
1. Қазақстанның білім беру саласындағы реформалардың оң және теріс жақтарын анықтаңыз.
Негізгі әдебиеттер: 21, 6, 7, 17, 14, 19.
Қосымша әдебиеттер: 4, 22, 27, 36, 13.
1. Несие саясаты және оның мақсаттары.
2. Несие және қаржы саясаттарының өзара байланысы.
Тапсырма:
1. Бюджеттен тыс қорларды ұтымды пайдалануға мемлекеттің әсерін тигізетін механизмдерді қарастырып, салыстырыңыз.
Негізгі әдебиеттер: 42, 1, 5, 30, 31.
Қосымша әдебиеттер: 11, 12, 52,21.
11-СӨЖ тақырыбы. Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының унитарлығы мен оның әкімшілік аймақтық бөлінуі.
2. Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі.
Тапсырма:
Реферат тақырыптары:
1.Депрессивті аймақтардың даму мәселелері.
2.Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі.
Негізгі әдебиеттер: 76, 27, 80, 317,8.
Қосымша әдебиеттер: 67, 68, 21, 5.
12-СӨЖ тақырыбы. Табиғатты қорғау іс әрекетін мемлекеттік реттеу.
1. Табиғатты қорғау іс әрекетін мемлекеттік реттеу.
2. Шығыс-Қазақстан облысының экологиялық жағдайына сипаттама.
Реферат тақырыптары:
1.Қазіргі кезеңдегі экологиялық дағдарыс.
Негізгі әдебиеттер: 31, 5, 6.
Қосымша әдебиеттер: 7, 2.
Әдістемелік нұсқаулар:
Оқу материалымен жұмыс істеу барысында студент міндетті:
1. Ғылыми әдебиеттерді толық қарастырған соң, әрбір тақырып жоспарының сұрақтарына жауап беру керек.
2. Тақырып бойынша зерттеуді аяқтаған соң, студент өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру керек.
2.7 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыбы
Реферат тақырыптары:
1)Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мүмкінділігі, шектілігі
2) Экономикалық ілімдегі мемлекеттің ролі жайлы мәселе
3) Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.
4) Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
5) Индикативті жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
6) Советтік экономикадағы жоспарлау
7) Ауыл шаруашылығындағы жекешелендіру мәселелері
8)Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
9) Шығыс-Қазақстан облысындағы аграрлық сектордың жағдайы және мәселелері
10)Қазақстан экономикасындағы өсудің интенсивті және экстенсивті типтерінің ара қатынасы
11)Ғылыми-техникалық прогресс- тұрақты экономикалық өсудің негізгі факторы
12) Шетел инвестицияларының өтпелі экономикадағы ролі
13) Шығыс-Қазақстан облысы экономикасындағы инвестиция құрылымы
14) ТМД елдерінің инвестициялық активтілігінін салыстырмалы талдау
15) Банк жүйесінің отандық инвестициялардың дамуына ықпалы
16) Жұмыс бастылықты мемлекеттік реттеу
17) Денсаулық сақтау және мәдениет сфераларын мемлекеттік реттеу
18) Қазақстанның білім беру саласындағы реформалар
19) Қазақстанда еңбек нарығын реформалау мәселелері
20) Қазақстанда зейнетақы реформасының нәтижелері
21) Зейнетақы мен қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі
22) Қазақстанда салық жүйесін реформалау мәселелері
23) Мемлекеттік бюджет тапшылығы мәселесі
24) Қазақстанда банк жүйесін реттеу мәселелері
25) Қазақстанда арнайы экономикалық зона құрудың құқықтық базасы
26) ШҚО даму корсеткіштерін талдау
27) Депрессивті аймақтардың даму мәселелері
28) Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
29) Қоршаған ортаның әлеуметтік – экономикалық мәні
30) Аймақтық типология және Қазақстан облыстарының даму перспективасы
31) Нарық жағдайындағы табиғатты қорғау кешені
32) Қазақстанның табиғатты қорғау кешенінің аймақтық мәселелері
33) Табиғатты қолданудың экономикалық механизмі
Әдістемелік нұсқау:
«Реферат» - латын тілінен енген, тура орыс тіліне аударғанда хабарлаймын (сообщаю), қазіргі замандағы реферат деген сөздің мазмұны мынандай: «жазбаша түрде қысқаша мазмұндау немесе ғылыми еңбектің халық алдында баяндама түрінде беру».
Зерттеу жұмысында міндетті құрылымдық бөлігі бірнеше: титульдық бет, мекеме орны, жұмыстың қайда орындалғаны туралы мәлеметтер беріледі.
«Мазмұны» - барлық құрылымдық бөлігі оның беттерімен көрсетіледі.
«Кіріспе» - тақырыптың өзектілігі, мақсат, міндеттері, тарихнама, деректік негізі айтылады.
«Тарау» - негізгі жұмыстың бөлігі.
«Қорытынды» - жалпы түсінік тақырыптың тарихнамасы бойынша, деректермен қамтамасыз ету, тақырыпты тарихи зерттеудің бейнесі ұсынылады.
«Әдебиеттер» - алфавит бойынша беріледі.
«Қосымша» - қосымша ақпарат, кестелер, сызбалар т.б. мәліметтер беріледі.
А) классиктер, неоклассиктер;
В) швед мектебі, фрайбург мектебі;
С) Кейнс және оның ізбасарлары, неолибералдар;
D) A., B.;
E) B., C.
2. Қай экономистер мемлекеттің экономикадағы ролін жоққа шығарды:
А)классиктер, неоклассиктер;
В) швед мектебі, фрайбург мектебі;
С) Кейнс және оның ізбасарлары, неолибералдар;
D) Барлық жауап дұрыс;
E) дұрыс жауап жоқ;
3. Қай экономистер мемлекеттің экономикадағы ролін шекті дәрежеде сипаттады:
Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны
25 12 2014
3 стр.
Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының отырысында 2005 ж
25 12 2014
1 стр.
Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының отырысында 2005ж. Хаттама № қарастырылды
26 09 2014
4 стр.
«Қаржы» және 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050506 «Экономика» мамандықтары үшін
07 10 2014
3 стр.
Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесі отырысында бекітілді
18 12 2014
1 стр.
Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесі отырысында бекітілді
25 12 2014
1 стр.
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
12 10 2014
1 стр.
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттес
06 10 2014
1 стр.