Перейти на главную страницу
______________М. У. Зияханов
«______» ____________ 2012 ж.
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМА (SYLLABUS)
Мамандық: 5В071700-Жылуэнергетика
Пән: «ЖЭС көмекші құрал-жабдықтары»
Барлығы 3 кредит (135 сағат)
Оқу жылы 4
Триместр 7
Барлығы: 3 кредит
Толық сағат мөлшері 135 сағат
Дәріс 2 кредит
Жаттығу 0,5 кредит
Зерттеулік сабақ 0,5 кредит
СӨЖ (СРС) 45 сағат
ОСӨЖ (СРСП) 45 сағат
Курстік жұмыс 7 семестр
Емтихан 7 семестр
«ЖЭС көмекші құрал-жабдықтары» пәні бойынша оқыту бағдарламасы (SYLLABUS) 5В071700 – Жылуэнергетика мамандығы үшін оқу жоспарына сәйкес, Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының доценті, техника ғылыми кандидаты Туманов Мусакул Елегенович құрастырған.
Оқыту бағдарлама Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының мәжілісінде қарастырылып бекітілген
Хаттама №_____ "_____"______________2012 ж.
Хаттама №_____ "_____"______________2012 ж.
Туманов Мусакул Елегенович, Жылу энергетикалық қафедрасының доценті, техника ғылыми кандидаты. 1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, механика мамандығы бойынша бітірген. «ЖЭС көмекші құрал-жабдықтары» пәні бойынша дәрістерді 2004 жылынан бері өткізеді.
«Жылу энергетика қондырғылар» кафедрасы
Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 126 үй, А корпусы, А118 кабинет,
Зертханалық жұмыс өткізуге арналған зертхана А107 кабинетінде.
тел. 292-78-98
Жылумаңызалмасу, булық және газдық шығырлар, қазандық қондырғылары, ошақ құбылыстарының теориясы, жылуландыру және жылулық желілер пәндерін оқығанда сұйықтың қозғалу заңдарын білу керек.
мұнда - бірінші рейтинг бағасының пайыздық мөлшері;
Қосынды бағаны дұрыс есептеу үшін оқушының білімін шекаралық бақылауда (рейтингте) және соңғы емтиханда 0-ден 100%-дейін пайызбен бағалау керек.
Студенттің білімі, шеберлігі және дағдысы келесі жүйе бойынша бағаланады:
Әріптік жүйе бойынша баға |
Баллмен |
Пайыбен |
Дәстүрлі баға |
А |
9 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
8 |
90-94 | |
В+ |
7 |
85-89 |
Жақсы
|
В |
6 |
80-84 | |
В- |
5 |
75-79 | |
С+ |
4 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
3 |
65-69 | |
С- |
2 |
60-64 | |
Д+ |
1 |
55-59 | |
Д |
0 |
50-54 | |
Ғ |
- |
0-49 |
Қанағаттанарғысыз |
Атом және электр станцияның басты технологиялық сүлбесі бушығырлы қондырғының сүлбесі болады. Негізгі қондырғылардан басқа -бу генераторы мен шығырдан, сүлбеге станцияның ПӘЕ көтеру мен бүкіл станцияның сенімді жұмысын қамтамасыз ететін қосымша қондырғылар кіреді. Газ ауа жолы да ЖЭС-ның негізгі бөліктерінің бірі болады. Ол түтін газдарын жою мен тазалауын қамтамасыз етеді. Инженер-жылуэнергетик станцияда жүмыс істеу үшін қосымша қондырғылардың кұрамын, газ ауа жолын,олардың құрылымын, жұмыс істеу тәртібін білу қажет. Одан басқа, инженер қондырғылардың жылулық және аэродинамикалық есептеулерді білу қажет.
«ЖЭС көмекші құрал-жабдықтары» пәні студенттерді, болашақ инженер-жылуэнергетиктерді көмекші жабдықтардың қүрамымен, олардың жүмыс істеу тәртібі және қүрылымымен, станция сүлбесіндегі орнымен және бөліктер мен элемерттердің есептеу әдістерімен танысады. Дәріс сабақтарында алынган білім машықтану жэне лабораториялық сабақтарда толықтырылады.
Сабақты меңгеру дәрежесін тексеру үшін студенттерге семестр ортасында пәннің әр бөлімінен алыңган бес есебі бар курстік жүмыс беріледі.
«ЖЭС көмекші құрал-жабдықтары» пәннің мақсаты. Пәннің негізгі тапсырмалары. Суды регенеративті қыздыру қажеттілігі. Түтін газдарын зиянды заттардан тазалау.
ЖЭС-ның жылулық сүлбесі. Жеке элементтердің сүлбедегі орны және мақсаты. Бу айыргыштың есептелуі, құрылымы жэне жұмыс тәртібі. Шығырдағы қаныққан буды бірсатылы және екі сатылы аса қыздырғыштар. Аралас айырғыш- буды аса қыздырғыштар. Оларды есептеу әдістері.
Шығырда жылулық сүлбедегі орны және қажеттілік негізі. Судағы көміртегі оксидінің , бикарбонаттың және аммиактың ерітілу химизмі. Екі фазага бөліну шегіндегі заттың тасымалдау механизмі. Газсыздандырғышқа берілген қажеттіліктер. Термиялық газсыздандырғыштың түрлері. Ағыншалық түрдегі газсыздандыргыштық қондырғының құрылысы. Ағыншалық газсыздандырғыштың сүйыққозғалысы. Газсыздандырғыштық қондырғының ағыншалық шоқтағы жылумаңызберуі. Қабыршалық газсыздандырғыштың құрылысы жэне саптаманың ауданын есептеу. Саптамалық газсыздандыргыштың құрылысы. Саптамалардың түрлері және
олардың сипаттамалары. Саптамалық газсыздандырғыштағы бу мен шықтың салыстырмалы ағу тәртібі. Саптамалық газсыздандырғыштағы маңызберу құбылысының есептемесі. Тамшылық газсыздандырғыштың жұмыс істеу принципі және құрылысы.
2.4 Қөрек суын тазалау , түтынушыларды ыстық су және бумен
қамтамасыз ететің қондырғылар.
Буландрғыш пен бутүрлендіргіштердің жылулық сүлбеде мәні мен орны. Буландрғыш пен бутүрлендіргіштердің құрылымы. Көп сатылы буландрғыштарда біріншілік бу шығынын анықтау. Буландрғышты жылулық есептеу. Буландрғыштардың тік құбырларындағы екі фазалы ағынның сүйыққозғалымы. Желілік қыздырғыштар. Желілік қыздырғыштардың сүлбедегі орны және құрылымы. Желілік қыздырғыштарды жылулық есептеу.
Ағындық құралдардың мәні және бөлінуі. Ағындық құралдың қондырғысы және жұмыс істеу тәртібі. Ағындық қондырғының бойынан өтетін жылдамдық және қысым эпюралары. Ағындық қысымдағыштың жеткілікті көрсеткіріштерін есептеу. Ағындық қысымдағыштың негізгі шамаларының қатынастарын есептеу. Газағындық қысымдағыштардың геометриялық өлшемдерін есептеу. Су айдайтын сорғылар түрлері. Су айдайтын сорғылар мәні және жылулық сүлбедегі орны. Ортадан тепкіш сорғының құрылымы. Ортадан тепкіш сорғының негізгі сипаттамалары.
электрстанцияларының сүлбесі. Ауақыздырғыштың мәні және сүлбедегі орны. Ауақыздырғыштың кұрылымы. Ауақыздырғышты есептеу. Түтінсорғыштардың құрылымы және негізгі сипаттамалары. Түтінсорғышты таңдау. Шаң ұстау құйынғылары. Құйынғының п.ә.к. әсер ететін негізгі көрсеткіштері. Шаң ұстау құйынғыларын есептеу. Батареялық құйынғылар. Вентури түтікшесі бар су күлұстағыш. Электрсүзгіштің түрлері. Электрсүзгіштің құрылымы. Түтін газдағы күкірт қышқылынан тазалау негізгі әдістері. Түтін мұржасының мәні. Түтін мұржасының құрылымы. Түтін мұржаларын қазандармен қоса санын талдау және үйлестіру. Түтін мұржаларын аэродинамикалық есептеу.
Курстік жұмыс бес тапсырмадан тұрады, олар пәннің әр бөліміне арналған. Бірінші тапсырмада қыздырғыштың жұмыс істеуіне шығырдың жылулық сүлбесінің үнемділігі байланысы көрсетілген. Екінші тапсырмада беттік жылуалмастыргыштың жылулық теңістік теңдеуінен, шықты кыздыру үшін, шығырдан алынатын бу шығынын анықтау керек. Үшінші тапсырмада ортадан тепкіш сорғының максимал сору биіктігін табу қажет. Төртінші тапсырмада түтін газдың шығынына және газдағы тозаң концентрациясына тәуельді тозаңтүсіру циклонның түрлерін және өлшемдерін табу қажет. Және де оның гидравликалық кедергісі мен ПӘК есептеу керек. Бесінші тапсырмада эжектордың жымыс саптаманың өлшемдерін жэне саптамадан шығар кезде ағынның жылдамдығын және температурасын анықтау қажет.
Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны
25 12 2014
3 стр.
Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының отырысында 2005 ж
25 12 2014
1 стр.
Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының отырысында 2005ж. Хаттама № қарастырылды
26 09 2014
4 стр.
«Қаржы» және 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050506 «Экономика» мамандықтары үшін
07 10 2014
3 стр.
Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесі отырысында бекітілді
18 12 2014
1 стр.
Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесі отырысында бекітілді
25 12 2014
1 стр.
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
12 10 2014
1 стр.
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттес
06 10 2014
1 стр.