Ф КГМА 1-8-15/02
МУ «Организация
методической работы в
соответствии с ГОСО 2006
года» от 04.07.2007 г
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Психология,психиатрия және наркология кафедрасы
Дәрістік кешен
Пән БДО 19 ОР 1219 Психология негіздері
051301 «Жалпы медицина» мамандығы үшін
Курс 1
Семестр 1
Қарағанды 2008
Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілген
«01» «09» 2008. Хаттама № 3
Психология, психиатрия және наркология кафедрасының
меңгерушісі, м.ғ.к ., доцент М .Ю . Любченко
Дәріс №5
Тақырыбы: Эмоциялар мен ерік психологиясы. Стресс және фрустрация.
Мақсаты: «Эмоциялар мен ерік психологиясы» ұғымымен студенттерді таныстыру, эмоция ұғымдарына негіз беру.
Дәріс тезистері: Эмоциялар мен ерік психологиясы. Стресс және фрустрация. Фрустрация – мақсатқа жетуге кедергі келтіретін,нақты немесе ойдан шығарылған кедергі нәтижесінде пайда болатын психикалық жағдай.
Фрустрацияның эмоциональдік көрінісі болып қорқыныш сезіну,көнілі қайту,ызалану жатады.
Фрустрацияға жақын түсінік – эмоциональдік стресс іс жүзінде шегі жоқ термен,адамның эмоциональдік жағдайының кең көлемін көрсетеді,әртүрлі дезадаптирлеуші әсерлерге жауап ретінде пайда болады.
Стресстің 3 сатысын айырады:
-
қорқыныш сатысы (адаптациялық,,барлық резервтер іске қосылады)
-
тұрақтылық сатысы (жаңа жағдайларда энергияның мөлшерімен жұмсалуы)
-
әлсіреу сатысы (адаптациялық резервтер таусылуы)
Стресс- өмір жағдайының өзгеруіне реакция,жаңа жағдайға бейімделу процессі, ағзаның кез-келген оған бағытталған қалауға арнайы емес жауабы.
Стрессорларды еүріне қарай былайша бөледі:
-физиологиясының стресс (жұмыс тәртіп өзгерісі,ауыр дене еңбегі,аптап ыстық ,қатты суық ,оттегі жетіспеу,ауырсыну)
-психологиялық стресс (өмір жағдайының айтарлықтай өргеруі,жақын адамдарынан айырылу,ақпараттарағынының көбеюі,реніш және т.с.с)
Гонс Селье бейімделу синдромының келесі даму фазаларын бөліп қарастырады:
-
үрейлену реакциясы-бұл сатыда симпатикалық жүйке жүйесі қозады және бүйрек үсті бездері қанға «стресс гормондарын» -адреналин мен норадреналин бөлінеді.
-
қарсыласу фазасы- бұл сатысы бүкіл ағзаның стресстік жағдайды өту үшін жанталаса жүреді.
-
әлсіреу фазасы – бұл фаза егер стресстік жағдайлар арасында күшін жинап үлгермесе болады.
Көрнекі құралдар: «К.Изорд бщйынша басты эмоциялар» кестесі.
Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа дамдармен байланысыеың алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Жеке адам қоғамдық қатынастардың әрі объектісі, әрі субъектісі. Қоғам мүшес і жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланыстьы туындайтын қатынастардың ықпалында болады.
Жеке адам сондай-ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма – осылардың бәр-бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады.
Жеке адам сондай-ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке адамның психологиясын, дүние танымын, әлеуметтік бағдарларын қалыптастырады. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдық құбылыстарда дұрыс бағдар ұстауына және қоғам дамуындағы өзінің орны мен ролін айқын аңғаруына көмектеседі. Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді.
Жеке адам психологиясының қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Қарым-қатынас процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік танымдағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдарға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады.
Жеке адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әрқилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесінесоғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.
Жеке адамның белсенділігі. Жеке адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, сондай-ақ субъекті де, яғни белсенді буын. Жек адам басқа дамадрмен қарым-қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті қоғам заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын да, өз мінез-құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.
Жеке адам – саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын таңдай алады: егіздегі жағдайына мойын ұсына ма, немесе әділетсіздіккке қарсы күресе ме, барлық күш-жігерін қоғам игілігіне жұмсай ма, немесе жеке басының мүддесін ғана ойлай ма – оның өз ісі. Бұл тек адамның қоғамдық жағдайына ғана байланысты емес, монымен қатар оның қоғам дамуының объективті заңдылықтарын ұғу деңгейіне де тікелей байланысты.
Әрбір жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардың дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай жұртшылықтың адам правосы үшін күресі де етек алып кеңейеді. Бұл күрес жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай-ақ оны қалыптастырады, оның қоғамдық іс-әрекетін жандандыра түседі. Адамды феодализм құлдығынан азат ету жеке адам дамуындағы революциялық қадам болды, ол адамның қоғамдағы ролін арттыра түсті, ал капиталистік құлдықтан құтқару жаңа әрі аса ұлы революция болды, ол жеке адам дамуына шексіз мүмкіндіктер ашты және оны қоғам дамуының нағыз қайраткеріне айналдырды.
Жеке адам. Қоғам дамуы мен жеке адамның дамуы арасындағы тығыз әрі тікелей байланыс, өзара ықпал бар. Қоғам әр жеке адамға қызмет етеді, себебеі, адам барлық қамқорлыққа бөленген, оның материалдық және рухани талап-тілегін қанағаттандыру басты назарда; өз тарапынан әрбір жеке адам қоғам үшін еңбек етеді және өзінің рухани, әлеумттік және материалдық мүддесі неғұрлым толық қанағаттандырылса, ол соғұрлым үлкен күш-жігермен әрі құлшыныспен еңбек етеді.
Жеке адамның дамуы өмірдің коллекстивтік негіздерінің дамуымен тығыз байланысты. Тек қоғамда ғана жеке адам мен қоғамның, жеке бас пен қоғам мүдделерінің тығыз бірлігі пайда болатыны өз-өзінен түсінікті. Бұдан ұжымда өмір сүру мен еңбек етуге талпыну туындайды және ұжым адамның ең басты өмірлік қажетіне айналады.
Қазіргі психологияда жеке адам проблемасы. Жеке адам қазіргі социологияның, психологияның және этиканың басты назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу – оның іс-әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты.
Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да қамтиды. Сондықтан жасалған теориялар, әлбетте, олардың авторларының саналы немесе санасыз түрдегі идеологиялық бағдарына байланысты идеалистік немесе материалистік сипатта болады.
Психологияда жеке адам жайындағы сан алуан түрлі, көп ретте қарама-қайшы және бірін-бірі жоққа шығаратын концепциялар орын алып келеді. Олардың ішінде, әсіресе биологиялық, биоәлеуметтік және әлеуметтік концепциялар даралануда.
Биологизм, әсіресе З.Фрейдтің жеке адам жөніндегі түсініктемесінде айқын да анық көрініс тапқан. Фрейдтің ілімі бойвнша, жеке адам дегеніміз – үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның өзіне ықпалын сезінуші, сонымен бірге қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан иесі. Жеке адамның мінез-құлқы биологиялық әсерлермен немесе инстинктермен, ең алдымен жыныстық елігуімен бағытталып отырады. Фрейд сондай-ақ бейне бір адамның өлім және қирату инстинктерін қанағаттандыруша ретінде болатын соғыстардың сөзсіздігі де адамның елігуінен туындайды деп санайды. Фрейд концепциясы – жеке адамның тек қана биологиялық индивидуализмнің концепциясы. Бұл концепция реакцияға қызмет етеді.
Биоәлеуметтік концепцияның өкілдері (олар көпшілік) адамды шартты түрде екі бөлікке бөледі де, жеке адамның бағытталуы әлеуметтік құбылыстармен анықталып отырған тұста, адамның психикалық процестерінде биологиялық табиғат бар деп санайды. Бұл қате түсінік, себебі сезінудің қарапайым процесінің өзі де адамның әлеуметтік тұрғыдан айқындалатын талғам мүддесі арқылы күрделілене түскен, ол тек қана еңбекте қол жететін сенсорлық даму деңгейіне тәуелді болады.
Психологияда жеке адам жөніндегі әлеуметтік концепция да (Дюрггейм) кең тараған. Америка Құрама Штаттарында, әсіресе әлеуметтендіру теориясы деп аталатын концепция талдап жасалынуда. Бұл теория бойынша, биологиялық тірі жан иесі ретінде өмірге келген адам өмірдің әлеуметтік жағдайларының әсері арқасында жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Бұл ретте өзара қарым-қатынасқа және психологиялық өзара ықпалға шешуші мән беріледі де, ол адамдардың экономикалық және саяси қатынастары мен олардың жеке адамға әсері есепке алынбайды. Бұл концепцияның өкілдері конформизм құбылыстарын зерттеуге немесе әлеуметтік топтардың жеке адамға жасайтын ықпалына көп назар аударады. “Группизм” психологтары топтардың талабына, басқа сөзбен айтқанда, тәртіптер жеке адаманың саналы немесе санасыз түрде бейімделуге ұмтылуын жалпыға бірдей заңдылық дейді. Бұл ретте комформизмді универсал механизм деп санайды.
Шындығында, топтың, коллективтің жеке адмға ықпалы әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Бұл жеке адамның ерекшеліктеріне, оның идеялық көзқарасына, мінез-құлқына да, сондай-ақ сыртқы ықпал ерекшелдіктеріне де байланысты. Жолдастық ынтымақтастық және өзара көмек жағдайында коллектив пен жеке адам арасындағы өзара қатынас принципі, ал коллектив мүшесмінің көпшілік мүддесі үшін істеген әрекеті – нағыз коллектившіл адамның ісі болып табылады. Мұндай әрекеттің еліктеу тұрғысындағы мінез-құлыққа ешқандай қатысы жоқ.
Ендігі бір әлеуметтік-психологиялық концепция оқып-тоқу теориясы дегенге саяды. Бұл теория бойынша, жеке адамның өмірі, оның қатынастары – оқудың, бірқатар білімді меңгерудің нәтижесі (Э.Торндайк және басқалар). Әрине, оқу мен білімнің өмірлік, оның ішінде, жеке адамды қалыптастыруда да үлкен маңызы бар. Алайда жеке адамның бүкіл дамуын тек оқудың ғана нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Оның қалыптасуына өмірдің өзі, еңбек, адамдар арасындағы қатынастар шешуші ықпал етеді.
Шетел психологиясында рольдер теориясы өте кең тараған. Бұл теория бойынша әр адам өмірде өзіне ғана арналған белгілі бір рольді орындаушы ғана. Орындайтын роліне байланысты жеке адамның мінез-құлық сипаты мен оның басқа адамдармен қатынасы анықталады.
Әрине, жеке адамның ролін зерттеу психологиялық теория үшін де, әлеуметтік практиканы түсіну үшін де маңызды. Алайда психологияда роль тек психологиялық қатынастар жүйесінде ғана қарастырылып, онда жеке адамның ұстанатын позициясын да, оның қоғамдық өмірдегі орнын да анықтайтын материалдық, саяси және идеологиялық қатынастар есепке алынбайды. Жеке адамның әлеуметтік ролін түсінуге таптық тұрғыдан келмеу – роль теориясын зерттеушілердің бәріне де тән құбылыс.
Ақырында, жеке адам психологиясын талдаудағы белгілі бағыт Курт Левин және оның көптеген шәкірттері ұсынған өріс теориясы болып табылады. Бұл концепция бойынша индивид мінез-құлқы шарасыз. Жеке адам тартылыс және керу тебу күштерінің сыртқы өрісі бойымен қозғалады. Левин концепциясы гештальттық болып табылады. Жеке адам ситуацияда, топта қарастырылғанмен мұнда оның мінез-құлқын айқындайтын экономикалық және саяси жайттар есепке ланыбайды.
Көріп отырғанымыздай, бұл теориялардың қай-қайсысы да адамның әлеуметтік мәнез-құлқын жеке адамның немесе ортаның томаға-тұйық қасиеттеріне сүйене отырып түсіндіреді. Бұл ретте адамның мінез-құлқын айқындайтын объективті қоғамдық өмір жағдайлары мүлде ескерілмейді. Бұл теориялар шындығында қоғамның, әлеуметтік топтар мен жеке адамның дамуының шынайы заңдлықтарын елеусіз қалдырады.
Жеке адам теориясын жасауда отандық психологияда тұңғыш рет қатынастар проблемасын күн тәртібіне қоюшы және қатынастар жүйесінің өмірдіңі әлеуметтік жағдайларына тәуелділігін нақтылы көрсетіп берген орыс психологы А.Ф. Лазурский еңбектерінің маңызы өте зор.
“Адам”, “жеке адам”, “даралық” түсініктерінің арақатынасы. Қоғамдық ғылымдарда да, сондай-ақ күнделікті тұрмыста да,
“адам”, “жеке адам”, “даралық” түсініктері кеңінен қолданылады. Соның өзінде олар не бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір.
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Тәжібаев.Т .А Жалпы психология. «Қазақ университеті» 1999.
2. Сыздықов А.Қ « Жеке адамның іс -әркеті.Әлеуметтік психологиялық қарым –қатынас негіздері» 2005.
3. Немов. Р.С. Психология. М,: ВЛАДОС, 2000-2001
4. Рогов И.Е. Общая психология ( КУрс лекций). М.:ВЛАДОС, 2001.
5. Рубиншейн С.Л. Основы общей психологии, «Питер», Спб, 2007.
6. Столяренко Л.Д. Психология. Уч.д/ вузов, 2007.
7. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Феникс, Ростов-на- Дону, 2003
8. Клинческая психология. Под ред. Б.Д. Карвасарского. Национальная медицинская библиотека. Питер, 2004.
Қосымша:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
2. Сидоров П.И Клиническая психология. М.:ГЭОТАР-МЕД, 2002.
3. Соколова Е.Е. Введение в психологию. Москва, Academ’a, 2005.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
-
Фрустрация дегеніміз не?
-
Фундаменталды эмоциялар түрлері.
-
Г.Селье бойынша стресс фазалары.