Перейти на главную страницу
Өзіндік жұмыс, бұрыннан белгілі болғандай, мектепте, жоғары оқу орнында оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс, немесе мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан түрлі түрлерін түсінеді (А.А. Миролюбов).
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстың жалпы педагогикалық анықтамасы, ол бойынша бұл оқушылардың іс-әрекетінің алуан түрлері (мектепте сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын және өткізілетін, тәрбиелік және білім беру сипатындағы), көптеген зерттеушілердің оқушылардың өз бетінше іс-әрекетін қарастыруларының негізіне қойылған. Осы тақырыпты мектепте факультативтік курстарды ұйымдастырудың жалпы контексінде дамытуда өзіндік жұмыстың бірнеше түрі туралы айтылған, оларға бір ғана «оқудан тыс» деген түсінікпен біріктірілген сабақтан тыс, сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар жатады. Оқудан тыс жұмыстың негізгі үш айырмашылығы тұжырымдалады: оқушылардың оған өз еркімен қатысуы, сабақтан тыс өткізу, өз бетіншіліктің басымдылығы. Оған қойылған талаптар сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстардың байланысын, өз еркімен алынған сыныптан тыс тапсырмаларды... орындаудағы міндеттілікті, сыныптан тыс сабақтардың мақсаттылығы мен үнемділігін, оқушыларды толықтай қамту және т.б. қамтиды (С.Ф. Шатилов).
Өзіндік жұмыстың анықтамасы
Осы проблеманың жалпы педагогикалық және әдістемелік сұрақтарын жеткілікті жан-жақты түсіндіруде оның психологиялық жағы оқу іс-әрекеті позициясынан ең азырақ көрсетілген болып қалады. Осы проблеманы қарастыру үшін бастапқы жағдайларды анықтайық.
Біріншіден, мектеп оқушысының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдасуының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды мотивтендіреді. Осыған сәйкес мұғалім ұйымдастыратын және басқаратын оқушының оқу жұмысы (мұғалім тапсырмасы бойынша сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру бойынша өзіне берілген өз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы керек. Бұл мұғалім үшін өзінің оқу әрекеттерінің жоспарын айқын саналау ғана емес, сондай-ақ оның оқушыларда оқу пәнін жаңа оқу тапсырмаларын орындау барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын саналы түрде ұғынуды білдіреді.
Екіншіден, берілген түсініктемеде өзіндік жұмыс – үй жұмысына қарағанда неғұрлым кең түсінік, яғни мұғалімнің келесі сабаққа дайындау сыныпта үйге берген тапсырмаларын орындау. Өзіндік жұмыс оқушының мұғалім қандай да бір формада берген, сабақтан тыс жұмысын қамти алады. Бірақ тұтастай бұл оқушының қандайда бір материалды меңгерудің дайын немесе өзі өндірген бағдарламасынан таңдап алып, қатарласа шұғылдануы.
Үшіншіден, өзіндік жұмыс үйренушінің оқу іс-әрекетінің өзгеше түрі ретінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы, оның сыныптағы жұмысымен байланысты өз-өзіне білім беру формасы.
Үйренушінің өзі үшін өзіндік оқу жұмысы психологиялық тұрғыдан нені білдіреді? Ең алдымен, ол таңдау бойынша еркін, іштей мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы түсінілуі тиіс. Ол үйренуші тарапынан оған енетін бірқатар әрекеттердің орындалуын ұйғарады: өз іс-әрекетінің мақсатын саналы түсіну, оқу міндетін қабылдау, оған тұлғалық мағына беру (А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы терминдерінде), осы міндеттерді орындауға өзінің басқа қызығушылықтары мен шұғылдану формаларын бағындыру, оқу әрекеттерін уақыт бойынша бөлуді өз бетінше ұйымдастыру, оларды орындауды өз бетінше бақылау.
§ 2. Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде
Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар
Енді өзіндік жұмыстың өзгешелігін (бұл сөздің нақты, іс-әрекеттік мағынасында) сыныптан тыс жұмыспен салыстыра отырып қарастырайық (мектептен тыс, сабақтан тыс жұмыс). Оның анықтамасын оқытудығы сабақтан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі талаптарымен салыстырайық. Бірінші талап оқушының сабақ үстінде алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп, кеңейтіп және жетілдіруі тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші талап жұмыс материалының өзінің формаларының, процестерінің және материалының әуестігі болып табылады. Тағы да оқушылардың осы процесте өз еркімен және белсенді араласуы, бұқаралық ұйымдастырудың формасы ретінде маңызды талаптар болып табылады.
Егерде өзіндік жұмысты оқушының оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы өзгешелік түрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әр қайсысымен салыстыра отырып оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады. Мысалы, нағыз өзіндік жұмыс өз бетінше оқу іс-әрекеті сияқты «ақпараттық вакуум» негізінде пайда болуы мүмкін. Ол оқушыда бір жаңа, белгісіз, өзі үшін маңызды, керек нәрсені білуге, игеруге деген қажеттілік қалыптасқан кезде пайда болады, ал оқу үрдісінде осындай қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі жоқ. Бұл, өз кезегінде мұғалімнің жұмысының оларда осындай қажеттілікті пайда болуна алғышарт қалыптастыруға бағытталуын болжайды (мысалы, шет тілінің мұғалімі былай деп хабарлайды: кімде кім бағдарламадан тыс қазіргі күнгі «жастар» ағылшын тілін үйренемін десе, менің кеңесімді және қолда бар әдебиеттерді пайдалана алады).
Басқаша айтқанда, осылайша түсінілген өзіндік жұмыс бейнесінің «сыныптан тыс», «үй» жұмысынан ажырататын ерекшелігі оның негізінде әрқашан да оқушы үшін жаңа материал, жаңа танымдық міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың екіншісі сондай-ақ, өзіндік жұмыстың іс-әрекеттің өзгеше түрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бұл жерде тек ұйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің өзі, яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын тартымды болуы керек. Мысал ретінде шахмат ойнауды жаңадан бастаған шахматшының өз бетінше шахмат партиясын талдауы бола алады. Әрине, мұндай өзіндік жұмыспен бәрі айналысады деп үміттенуге болмайды, бірақ онымен әуестенген оқушылар үшін жағдай мен алғышарт тудыру сөздің тура мағынасында дамыта оқудың көрінісі болып табылады.
Оқушылардың өз еркімен, белсенді қатысуын талап ету тура пән аралық байланысты енгізудің орындылығы сияқты оқу іс-әрекетінің түрі ретінде өзіндік жұмысқа да қатысты. Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын бұқаралық талабы, яғни оқушылардың мысалы үйірмелерге, театр-студияларға қатысу сипаты өзіндік жұмыс үшін өзгеретіні көрсеткішті. Ол басым жағдайда оқушының даралық жұмысын ұсынуымен алмастырылады. Бірнеше балалардың өзара ауызбірлігі бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша мұндай жұмыс ұжымдық та бола алады, мұның өзі оның пәндік, тұлғалық жақтарынан нәтижелігін арттырады. Осылайша түсінілген өзіндік жұмыс – бұл оқушының сыныпта және сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған білімдерін толықтыратын, содан кейін кеңітетін және тереңдететін даралық жоспар бойынша жұмыс формасы деп ұйғаруға болады.
Басқарудың өзі оның психологиялық моделі контекстінде түсінілетін және де құру мүмкіндігін Л.М. Фридман ашқанын атап өту маңызды [223]. Ол оқушының іс-әрекетін басқарудың субъектілік (объектілік емес) сипаты, құрылымы жайлы, осы басқарудың динамикалылығы, қаталдығы немесе йілімдігі жайлы, оқушының тұлғалық қатысуы (оның мақсатты ұйғаруының міндеттілігі), мұғалімнің тұлғалық жауапкершілігі және жұмыстың ұжымдылық формасының міндеттілігіне жайлы тұжырымға негізделген.
Мектеп оқушысының өзіндік жұмысын сырттай басқару сипатын анықтау үшін маңыздысы автордың осындай басқарудың қаталдық дәрежесі жайлы тұжырымы болып табылады. Л.М. Фридман бойынша, оқушының әрекетінің бірізділігі неғұрлым көп «... сыртқы басқарушы жүйемен берілсе, соғұрлым басқару қатал болады. Осы бірізділігі оқушы тарапынан мазмұны бойынша көп таңдалып және анықталса, соғұрлым оқушыны басқару йілімді болады... басқару қаталдығы оқушылардың өсуіне қарай азаюы керек». Орта білімді аяқтап, жоғары оқу орнына өту мезгілінде басқару толықтай йілімді болуы тиіс [223, 197 б.]. Осылайша, мектеп оқушыларының өзіндік жұмыстарын басқарудың йілімдігі, аталған басқаруды жүзеге асыратын каналдарға, яғни мұғалімге, бағдарламаға, міндеттер жүйесі ретіндегі оқу материалының мазмұнына қатысты осы жұмысты ұйымдастырудың жеке әдістемелік проблемасы болып табылады.
Өзіндік жұмыстың даралық-психологиялық детерминанттары
Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы бола отырып, оның субъекті ретіндегі үйренушінің даралық-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерімен шартталады. Осындай психологиялық детерминанттарға ең алдымен өзін-өзі реттеу жатады. Өзін-өзі реттеу түсінігін психологиялық тұрғыдан И.П. Павлов, Н.А. Бернштейн, П.К. Анохин негіздеген, яғни олардың түсінігі бойынша адам - кемеліне жеткен, өзін-өзі оқытушы, өзін-өзі жетілдіруші, өзін-өзі реттеуші жүйе. Өзін-өзі ретттеудің психологиялық теориясының (О.А. Конопкин, О.К. Осницкий) жалпы контекстінде өзіндік жұмысты ұйымдастырумен сәйкестендірілетін пәндік өзін-өзі реттеудің кезеңдері анықталған болатын [155].
Оқушыларда, өзін-өзі реттеуді дамыту мақсатында ең алдымен өздерінің мүмкіндіктері және оларды жүзеге асыра алу іскерліктері жайлы, соның ішінде мақсат құру және мақсатты тежеу мүмкіндіктері жайлы елестетулердің тұтас жүйесі қалыптастырылуы керек. Оқушылар тек мұғалім ұсынған мақсаттарды түсіне алу ғана емес, сондай-ақ оларды өзі қалыптастырып, жүзеге асқанша тежеу, басқалар жағынан ығыстыруға жол бермеу және де қызықты болу керек. Оқушы өз іс-әрекетін модельдей алуы, яғни өз тәжірибесінен қажеттілік заты жайлы елестетуді, ал қоршаған жағдайдан – осы затқа сәйкес объектіні іздей отырып, мақсатты жүзеге асыру үшін маңызды шарттарды бөлуі тиіс. Оқушының өзін-өзі реттеуі өз іс-әрекетін бағдарламалай алу іскерлігін болжайды, яғни іс-әрекеттің сәйкес мақсатына қатысты берілген шарттарды қайта құрау тәсілін таңдауды іске асыру, осы қайта құрау үшін құралдарды сұрыптау, жеке әрекеттердің бірізділігін анықтау.
Пәндік өзін-өзі реттеудің маңызды көрінісінің бірі өз әрекетінің аяққы және аралық нәтижелерін бағалай алу іскерлігі болып табылады. Бұл жерде маңыздысы қабылданған, объективті критерийлерден өз нәтижелерін бағалаудың субъективті критерийлері айырмашылығының аса көп болмауында. Өзін-өзі реттеу үшін өз әрекеттеріне түзету жасай алу, яғни нәтиже қойылған талаптармен сәйкес келу үшін өз әрекеттерін қалай өзгертуге болатынын елестету маңызды болып табылады.
Сондай-ақ өзін-өзі реттеу адамның басқа адамдармен өзара қатынас жасау нормалары жайлы, еңбек құралдарымен жұмыс жасау жайлы түсініктерін қамтиды. Бұл жерде өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін үйренушінің жоғарыда аталған түсініктеріне оның бойында бұрыннан оқудағы сыныптық жұмыс барысында қалыптасқан дағдылар мен іскерліктер сәйкес келу керектігі жөніндегі маңызды ой ерекше аталынып көрсетіледі,. Әрине, адамның пәндік өзін-өзі реттеуінің өзі өзін-өзі танудың, өзін-өзі бағалауды барабарлығының, ойлаудың рефлексиялылығының, тұлғаның мақсаттылғының, ұйымдасқандығы-ның, өз бетіншелігінің, оның ерік сапаларының қалыптасқандығының жоғарғы деңгейін ұйғаратын оның тұлғалық өзін-өзі реттеумен байланысты. А.К. Осницкий, егер өзін-өзі реттеу іскерліктері педагог пен оқушының өзінің мақсатты бағытталған әрекеттерінің пәні болып табылса, онда олардың жылдам қалыптасуы мүмкіндігін атап көрсетеді. Бұл жерде адамның өзін-өзі реттеуінің дамуы оның дербестілігінің қалыптасуына ықпал етеді.
Бірінші сұрақ – мектеп оқушыларының басым көпшілігі өзіндік жұмыс атқара ала ма? Көптеген зерттеулердің материалдары көрсеткендей, бұл сұраққа жалпы теріс жауап алынған, оқушылар туралы айтпағанда, студенттердің өздері де өзіндік жұмыс атқара алмайтынын көрсетті. Мысалы, М.И. Дьяченко мен Л.А. Кандыбовичтің жалпыланған мәліметтері бойынша студенттердің 45,5% өзіндік жұмысты ұйымдастыра алмайтындарын мойындайды; 65,8% мүлдем өз уақыттарын дұрыс бөліп, пайдалана алмайды; 85% оны дұрыс бөліп, пайдалануға болатынын мүлдем ойламайды [71]. Тіпті шамалы өзіндік жұмыс алғанның өзінде студенттер оқу материалын есту арқылы және оқу мәтіндерін оқығанда және конспектілегенде баяу қабылдайтындарын айтады. Қажетті оқу ақпаратын қабылдау, мағыналау, қайта өңдеу, түсіндіру және белгілеу оларда елеулі қиындықтар тудырады. Олай болса, оқушыларда өз бетінше жұмысқа деген психологиялық дайындықтың қалыптаспағандығын, олардың ұйғарған әрекеттерді жүзеге асыра алмайтындығы жөнінде айтуға болады. Егер бұған бірқатар оқу пәндеріне деген жоғары деңгейдегі танымдық қызығушылықтың жеткіліксіздігін қоссақ, онда бірінші сұраққа теріс жауап алатынымыз айдан анық. Осы жерде екінші сұрақ туындайды: тиімді өз бетінше жұмысқа дайындық, содан кейін қабілеттілік тек үй тапсырмасын орындау тәсілін ғана емес, іс-әрекеттің жаңа формасын анықтай ала ма? Оған оң, бірақ екіжақты жауап аламыз. Себебі, біріншіден, ондай қабілеттің қалыптасуы мақсатты ұйғаруды, өзіндік сана сезімді, ойлаудың рефлексияланғандығы, өзіндік тәртіпті, өзін жалпы іс-әрекет (мысалы, мақсатты ажырату, қоя білу және жүзеге асыру іскерлігінің, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіру, нәтижелерді сәйкес бағалау іскерліктерінің қалыптасуы) субъекті ретінде дамытудың өзін-өзі жетілдірілу тұрғысынан жалпы тұлғалық дамуды ұйғарады. Екіншіден, бұл қабілеттілік тек жаратымды оқу мотивациясы мен оқуға қызығушылық танытқан оқушыларда ғана тиімді және өздігінен қалыптасады. Зерттеулердің нәтижелері тіпті студенттердің өздерінде (бірінші курс студенттерінің 77% және екінші курс студенттерінің 12,8%) оқуға деген көзқарас теріс екенін көрсетті [243].
Тағы атап өтейік, жалпы оқушылардың өзіндік жұмысы оқу іс-әрекеті тұрғысынан сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл мұғалімнің сыртқы қадағалауынан оқушының өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты және бұл, өз кезегінде, мұғалімнің бақылау мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады. Осыған сәйкес, мектеп оқушысында нағыз өз бетінше жұмысқа қабілеттілік қалыптасуы мүмкін бе деген сұраққа жауап педагог пен оқытылушының біріккен іс-әрекетінен, оның субъектіне ерекше талап қоятын және интеллектуалдық қанағаттану сезімін беретін іс-әрекеттің ерекше формасы ретіндегі осы жұмыстың ерекшелігін саналы аңғаруға байланысты.
Негізгі
критерийлер |
Оқу жұмысының түрлері | |||
Сынып (аудитория- лық) жұмысы
|
Сабаққа дайындық ретіндегі үй жұмысы |
Сынып жұмысына қосымша ретіндегі мектептен, сыныптан тыс жұмыс |
Оқу пәні бойынша мектеп жұмысымен қатар орындалатын өзіндік жұмыс | |
Басқару көзі бойынша (бақылау): мұғалім бақылауы оқушының өзіндік бақылауы
|
+
|
+
|
+
|
+ |
Іс-әрекетті жүзеге асы-ру сипаты бойынша: сырттан берілген ре-жим өз жұмыс режимі
|
+
|
+
|
+ + |
+ |
Түрткі сипаты бойын-ша : мұғалімнен, мектептен өзіндік таным қажет-тілігі немесе жетістікке жету қажеттілігі
|
+
|
+
|
+ + |
+
|
Басқару көзі – мұғалім-нің қатысуы бойынша: оның қатысуымен оның қатысуынсыз
|
+
|
+
|
+ + |
+
|
Оқу іс-әрекетінің оры-нын тіркеу бойынша: тіркелінген (мысалы, сынып тіркелмейді)
|
+
|
+ |
+
|
+ |
Оқу жұмысының түрлерінің талдауы келесіні көрсетеді: өзіндік жұмыс іс-әрекет тәрізді оқушының өзінің танымдық қажеттілігімен, өзін-өзі бақылауымен, өз жұмыс тәртібімен, оны орындау орны мен уақытын таңдаудағы еркіндікпен сипатталады. Атап өтетін жайт, осылайша түсінілетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістемелері әлі де толықтай жетілдірілмегенімен де, осы аймақтағы зерттеулер материалдары әлден осы проблемаға деген келістің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған өзіндік жұмысты оқу іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастыру келісі дамыта оқыту принциптеріне сүйенеді. Бұл оқушылардың өзіндік жұмысы олардың пәндік құрамдастығын арттырумен қатар олардың осы іс-әрекет субъекті ретінде тұлғалық дамуына ықпал етуі керек деп ұйғарады.
Әдебиет
Вербицкий А.А. Самостоятельная работа студентов младших курсов // Высш. шк. России. 1995. № 3.
|
Ешбір басқыншы, ешбір мем-лекет қайраткері бұқара мәнін өзгерте алмайды... Алайда, мұғалімнің бас-қыншылар мен мемлекет басшылары-нан айырмашылығы - мен бұл сөзді ең кең мағынасында қолданып отырмын, олар, мұғалімдер адамзат-тың жасырын күштерін босатып, жаңа қиял тудыруға қабілетті. Николай Рерих. Половодье |
Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрліктері жоғары оқу орындарында педагогикалық және психологиялық бағыттар мен мамандықтарда оқитын студен
14 12 2014
24 стр.
Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрліктері жоғары оқу орындарында педагогикалық және психологиялық бағыттар мен мамандықтарда оқитын студен
14 09 2014
24 стр.
Ал біз оны сұрақ-жауап ретінде беруіміздің себебі есте тез сақталуын, түсінуге жеңіл болуын қаладық. Осы кітаптағы мәселелерді түсінген кісі діннің ең ұлы негіздерін үйреніп шығады
25 12 2014
5 стр.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №295 Қаулысы
05 09 2014
1 стр.
Жұмыс Гуманитарлық-Педагогикалық факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасында орындалды
25 12 2014
1 стр.
В работе с тестом см лит-ру: Зимняя И. А. Педагогическая психология: Учеб. М.: Логос, 2001. Часть Гл. 1, 2; Лекции по педагогической психологии
25 09 2014
2 стр.
Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту тура
25 12 2014
3 стр.