Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 16страница 17страница 18страница 19страница 20 ... страница 23страница 24
§ 2. Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)
Шамалаушы психологиялық талдау
Талдаудың жоспарлары мен объекттері мұғалім іс-әрекетінің түрлі формаларымен, яғни сабаққа дайындықпен, сабақты өткізумен, оның аналитикалық талдауымен, мұғалімнің өткізілген сабақты өзінің бағалауымен теңестірілуі мүмкін Осыған орай сабақты психологиялық талдаудың үш деңгейі бөлінеді: шамалаушы, ағымдық және ретроспективті (И.А. Зимняя, Е.С. Ильинская).

Сабақтың шамалаушы психологиялық талдауы мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңінде жүзеге асырылады. Осы кезеңде мұғалімде ең алдымен, болашақ сабақтың әлі ойдағы, уақыттық және кеңістіктік шектеулерсіз «бейне - түпкі ойы» пайда болады (В.А. Артемовтың терминдері). Содан соң мұғалім іс-әрекетінде болашақ сабаққа маңызды байланыстылардың барлығына мұқият және жан-жақты талдау кезеңі басталады: бағдарламамен ескерілген оқу материалын, қойылған мақсаттар мен міндеттерді, оқытудың таңдалған әдістерін, амал-тәсілдерін және дәрісті өткізу жоспарланған жағдайларды (шәкірттердің белгілі бір тобы, уақыт пен орны және т.б.). Осындай талдау процесінде мұғалім әбден нақты сабақтың, жүзеге асырылуы тиіс «орындау-бейнесінің» жоспарын немесе қысқаша жазбасын дайындайды (В.А. Артемовтың терминдері).

Сабақты алдын ала талдай отырып, мұғалім жалпы, жас ерекшелік, педагогикалық, әлеуметтік психология, оқу пәніне оқыту (математикаға, әдебиетке т.б.) психологиясы салаларынан саналы және мақсатты түрде теоретикалық білімдерді пайдаланады. Осы кезеңде мұғалім алдында оқу процесін ұйымдастырудың негізгі психологиялық проблемалары тұрады. Оларды шешу «оқу білімді табу, шығармашылық меңгеру ретінде үш факторға тәуелді – нені оқытады, кім және қалай оқытады, кімді оқытумен» байланысты [97, 152 б.]. Осы факторлар талдауы мен оларды есепке алу сабақтың өнімділігі мен табыстылығын қамтамасыз етуші тиімді құрал болып табылады.

Бірінші фактор, оқыту процесіне әсер етуші – бұл оқу пәні, оның өзгешелігі. Мысалы, оқу пәні ретінде шет тілінің өзгешілігі сонымен бірге, оқытудың мақсаты мен құралы ретінде де болады. Егер шәкірттер басқа пәндерді игергенде ана тілін құрал ретінде пайдаланса, шет тілін игеруде құралдар мен тәсілдерді меңгеру біртіндеп, сырттан басқарылатын тәсілдер арқылы басқа, неғұрлым күрделіні игеру проблемасы туындайды.

Екінші фактор, білімдерді меңгеруге әсер етуші мұғалімнің даралық-психологиялық және кәсіби ерекшеліктері. Педагогикалық жұмыс мұғалім тұлғасына, оның педагогикалық қабілеттеріне (дидактикалық, академиялық, перцептивті, сөздік, ұйымдастырушылық, өктемшілдік, коммуникативтік және т.б.) жоғары талаптар қояды. Бұл жерде оқу пәнінің өзгешелігінің өзі қандайда бір педагогикалық сапалардың олардың құндылығын арттыра отырып, бірінші орынға жылжыта отырып, оның мәнділігіне әсер етеді. Мысалы, студенттердің пікірінше, шет тілінің оқытушысы үшін коммуникативтік сапалар, топпен жақсы байланыс және ұжымдардағы жағымды эмоционалдық климат неғұрлым құнды болып табылса, физика, математика оқытушылары үшін табыстылық, ерекше ойлау маңызды.

Ақырғы, үшінші фактор – шәкірт тұлғасы, оның жастық және даралық-психологиялық ерекшеліктері, оның ақыл-ойының дамуы, эмоционалдық-еріктік реттелінуі, оның бейімділігі мен қызығушылықтары, оның оқуға қатынасы, оқу материалын меңгеру ерекшеліктері. Айта кетейік, осы фактордың әсер етуі меңгерудің барлық психологиялық компоненттерінде байқалады, олар Н.Д. Левитов бойынша: 1) шәкірттердің оқуға деген жағымды қатынастары; 2) материалмен тікелей сезімдік танысу; 3) ойлау - алынған материалды белсенді қайта өңдеу ретінде; 4) алынған және өңделген материалды есте сақтау.

Шет тілі оқу пәні ретінде, мысалы шәкірттердің психикалық танымдық процестерінің мәнділігіне өзгеше із қалдырады. Мысалға, түйсік пен қабылдау процестерінде жеке тұрғыдан есту және моторлық сезімталдық ерекше маңызды. Шет тілі шәкірттердің қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтауларына және т.б. жоғары талап қояды. Оны оқу барысында пайда болатын жағымды эмоциялардың да маңызы үлкен. Осы оқу пәнін игеру шәкірттердің зейіні мен ерік-жігерін ұйымдастыруға үлкен талаптар қояды (И.В. Карпов).

Жоспарланған сабаққа алдын ала талдау жасай отырып, оны ерекшелігі мұғалімге бұрыннан белгілі, нақты топпен байланыстыру маңызды. Мұғалім жүргізілетінса сабақты негіздеу үшін кәсіби білімдерін неғұрлым саналы аңғарып, мақсатқа сай қолданса, сабақ барысында жүзеге асыруды жоспарлаған сәттерге неғұрлым терең және толығырақ талдау жүргізіп, болашақ сабақтың кезеңдеріне неғұрлым дәл болжам жасаса, сонда ол күтпеген жағдайларға соғұрлым аз тап болып, өзіне сенімді бола түседі. Осының барлығы сабақты өткізу табыстылығының кепілдігі болып табылады. Шамалаушы талдау жобалаушы қабілеттерге сүйенеді, осы іскерліктерді жүзеге асырады және оларды дамытады.


Ағымдық психологиялық талдау

Ағымдық психологиялық талдауды мұғалім сабақтың нақты педагогикалық жағдайында өткізеді. Әрине, сабақтың тиімділігі көп жағынан оған мұқият дайындықты, оны жобалаудың дұрыстығымен, дәлдігімен анықталанады. Сонда да, сабақ барысында пайда болатын нақты педагогикалық жағдай біраз болжанбаған, күтпеген жағдайлардың орын алдуын ұйғарады. Сабақтың табыстылығы елеулі мөлшерде мұғалім реакциясының жылдамдығынан, пайда болып қалған жағдайды талдаудан өткізу, жағдайға байланысты сабақ жоспарын икемді өзгерту іскерлігімен байланысты. Төменде атап өтілген педагогикалық іскерліктер А.М. Позднякова, А.А. Деркач бойынша, мұғалімге сабақ үстіндегі процесті талдауға ғана емес, сондай-ақ қадағалауға да көмектесе алады. Олар:



  1. сыныптың сабаққа дайындығын көре алу;

  2. сабақ барысында тәртіпті бақылау;

  3. балалардың психофизикалық күйлерін байқау;

  4. балалардың мұғалімнің сұрақтарына реакцияларын қабылдау;

  5. шәкірттердің жауабын зейін қойып тыңдау;

  6. сыныпты түгелдей үнемі көз алдында ұстау;

  7. шәкірттердің өз жолдастарының жауабы мен оқу материалын бақылауларын ұйымдастыру;

  8. өз түсіндіруіне реакцияларды қабылдау;

  9. өз сұрақтарына реакцияларды қабылдау;

  10. жалпы сыныптың оқу іс-әрекетінің ерекшелігін байқау (жұмыс қарқыны, қиналулар, оқу материалын меңгеру тереңдігі, типтік қателіктер);

  11. шәкірттердің жекеленген топтарының (мықты, орташа, әлсіз) оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін байқау және есепке алу; материалды түсіну, білімдерді өз бетінше практикада қолдана алу ептілігі, жұмыс қарқыны;

  12. жекеленген шәкірттердің оқу іс-әрекетінің ерекшеліктерін белгілеу; білім көлемі мен сапасы, пән бойынша ептіліктер мен дағдылардың болуы, орындаған жұмыс сапасы, танымдық іс-әрекет ерекшеліктері, оқудағы үлгерім;

  13. жекеленген шәкірттерге тән қасиеттерді байқау; мінез-құлық, сөйлеу ерекшеліктері, бейімділіктер, қабілеттер, қызығушылықтар, дамудағы алға жүру;

  14. өз мінез-құлқы мен сөзін бақылау;

  15. өз іс-әрекеті мен шәкірттердің іс-әрекетінің өзара байланысын байқау;

  16. сабақ барысын бақылау;

  17. бақылау кезінде зейінін бірнеше объекттерге тарату [177, 76-77 б.].

Осы іскерліктер сабақты ағымдық психологиялық талдаудың объекттері ретінде орын алады. Мұндай талдау – көптеген факторларға тәуелді күрделі іс-әрекет екендігі айқын. Талдаудың бұл түрі психологиялық білімдерді меңгерудің жоғары деңгейін ұйғарады, оның өзі мұғалімге күрделі педагогикалық жағдайларда, уақыттың тапшылығы кезінде, сананың негізгі педагогикалық іс-әрекетті іске асыруға бағыттылығы кезінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сабақтың ағымдық талдауын жүргізу іскерлігі мұғалімнің кәсіби-педагогикалық шеберлігінің көрсеткіші болып табылады, өкінішке орай, зерттеулердің көрсетуі бойынша, 100 мұғалімнің 17 ғана сабаққа оның барысында талдау жүргізе және жоспарланған мақсатқа сәйкес қайта құра алады екен [123, 83-83 б.]. Шынында да, бұл педагогкалық іс-әрекеттің аса күрделі аспектісі, оған мұғалімдерді арнайы оқыту керек. «Бейне-түпкі ой» мен «орындау-бейнесінің» сәйкестілігін немесе үйлесімділігін белгілеп отыруды қамтитын сабақтың ағымдық талдауы жаңа шешім қабылдауды, әрекеттер бағдарламасын түзетуді және оны жүзеге асыруды ұйғарады. Мұндай талдау алдын ала өңделген, тікелей және жедел болуы керек, ол пәндік және тұлғалық рефлексия механизміне сүйенеді. Ол перцептивті-рефлексивті қабілеттердің және сәйкес іскерліктердің жоғары дамыған деңгейін ұйғарады.
Ретроспективті психологиялық талдау
Ретроспективті психологиялық талдау мұғалімнің сабақты ұйымдастыру мен өткізуіндегі соңғы, қортындылаушы кезеңімен байланыстырылады. Оның рөлін асыра бағалау қиын. Сабақ жобасын, жоспарын оны жүзеге асырумен теңестіру мұғалімге сабақты негіздеу үшін өзі таңдаған теоретикалық алғышарттардың дұрыстығын бағалауға, оның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындауға, мықты жақтарын сақтау мен жақсартуда, оның әлсіз жақтарын жою жолын ұйғару, жоспардан ауытқуларды табуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, мұндай талдау мұғалімге сабақ барысының өзгеру себептерін (позитивті немесе негативті), яғни мұғалім бе, шәкірттер ме, әлде қалыптасқан жағдай кінәлі екенін түсінуге мүмкіндік береді

Шамалаушы және ағымдық талдау нәтижелерін біріктіре отырып және нақты берілген сабақты ұйымдастыру мен өткізуді аяқтай отырып, рестроспективті талдау сонымен бірге, келесі сабаққа өту сатысы сияқты болады, яғни оның бірінші кезеңін даярлай отырып, оның байланыстырушы буыны болып табылады, мұның өзі мұғалім құрастырған сабақтар «тізбегін» ұғынуға ықпал етеді. Мұғалім сәттіліктерінің немесе сәтсіздіктерінің себептерін белгілей отырып, өзінің сабағын неғұрлым саналы және объективті талдаса, соғұрлым ол келесі сабақтарын мүлтіксіз жоспарлап өткізеді деп санауға болады. Ретроспективті талдау уақытпен шектелмеген, ол мұғалімге үлкен көлемді ақпаратты ескеруге, оны тексеріп және түзетулер енгізуге, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Сабаққа психологиялық талдау жасаудың әр деңгейінің мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің қалыптасуындағы маңыздылығы мен мәнділігін көрсете отырып, ретроспективті талдау мұғалімде біраз қиындықтар туғызғанмен де, талдаудың жеткілікті күрделі түрі болып келетінін атап өтейік, ол барлық байланыстарды ашуды, сабақтың себеп-салдарлық қатынастарын орнатуды, талдамалық рефлексивтік қабілеттер мен іскерліктердің жоғарғы деңгейін ұйғарады, оларды дамытудың құралы болып табылады. Талдаудың бұл деңгейі мұғалімнің өзінің іс-әрекеті жайлы жүйелік елестету тұрғысынан тиімді, себебі оған шамалаушы және ағымдық талдаулар нәтижелерін теңестіруге мүмкіндік береді.

Сабақты ретроспективтік талдаудың мазмұнын толығырақ қарастырайық. Ен алдымен атап өтетін жағдай, ретроспективтік талдау талдау жүргізілетін материалдың белгілі бір қисынды (логикалық) ұйымдасуын талап етеді, ол мұғалім үшін өзіндік бағдар ретінде қызмет етеді, яғни оның ойларының «фактілердің үстімен сырғуға және түрлі бағыттарда жайылып кетуге» жол бермейді (С.В. Иванов).


§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы
Талдау объекттері және оларды қарастыру схемасы
Педагогикалық психология теориясы мен практикасында сабақты психологиялық талдаудың саналуан схемалары құрастырылған (Н.Ф. Добрынин, В.А. Сластенин, Н.В. Кузьмина, Л.Т. Охитина, С.В. Иванов, И.А. Зимняя, Е.С. Ильинская және т.б.), олар авторлар тарапынан түрлі негізде құрылған. Л.Т. Охитина дамыта оқытудың бастапқы принциптері мен қағидаларының негізінде ұсынған сабақтың психологиялық талдауына қатысты тәсілді қарастырайық, бұл тәсіл бойынша ол сабақты психологиялық талдау объекттерінің тармақталған құрылымын анықтайды (мұғалім, оқушы, сабақты ұйымдастыру және т.б.) [159]. Мысал ретінде талдаудың екі объектін қарастырайық: сабақты ұйымдастыру мен оқушылардың ұйымшылдығы.

Сабақты ұйымдастыруға Л.Т. Охитина: 1) мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруы: а) жұмыстағы шығармашылық көңіл-күй, б) сыныппен психологиялық контакт; 2) мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы : а) бақылау мен қабылдауды ұйымдастыру, б) зейінді ұйымдастыру, в) есті жаттықтыру, г) түсініктерді қалыптастыру д) ойлауды дамыту, е) қиялдауды тәрбиелеу, ж) дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды жатқызады.

Л.Т. Охитина бойынша талдау құрылымының басқа объекті – оқушылардың өзінің ұйымшылдығы, яғни 1) оқушылардың ақыл-ой дамуының деңгейі; 2) шәкірттердің оқып білуге деген қатынасы; 3) ақыл-ой еңбегінің өзіндік ұйымдасуы; 4) оқытылуға көнімділік жатады. Автор оқытудың тек оқушының интеллектуалдық аясына ғана емес, сондай-ақ оның тұлғасының дамуына да өзгеріс енгізуі керек екенін орынды атап көрсетеді. Егер оқушы өз ниеті бойынша әрекеттенсе ғана оқыту дамытушы болады.

Сабаққа талдау жүргізудің жалпы жоспарында автор тіректік бес тармақ бөледі: сабақтың психологиялық мақсаты, сабақ стилі, дәлірек айтқанда, педагогтың іс-әрекет стилі, оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, шәкірттердің ұйымшылдығы, шәкірттердің жас ерекшеліктерін есепке алу. Осы тармақтар бойынша мұғалім сабаққа толық немесе жартылай талдау жүргізе алады, яғни нақты жағдайлардағы оның неғұрлым мәнді бөліктерін талдау. Осы тәсілді сабақ стилін және оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды талдау материалы негізінде толығырақ қарастырайық.

Сабақ стилі талдау объекті ретінде, Л.Т. Охитина бойынша, екі сұрақтың жауабын ұйғарады. Бірінші сұрақ: сабақтың мазмұны мен құрылымы қандай мөлшерде дамыта оқыту принциптеріне жауап береді, дәлірек айтқанда,

«а) оқушылардың есте сақтауларына жүктеме мен олардың ойлауының ара қатынасы;

б) оқушылардың қайта жаңғыртушы және шығармашылық іс-әрекеттерінің арақатынасы;

в) білімді дайын түрде (мұғалімнің сөзінен, оқулықтан, оқу құралынан т.б.) және өз бетінше ізденіс процесінде меңгеру арақатынасы;

г) проблемалық-эвристикалық оқытудың қай буыны мұғалім тарапынан орындалуда және қайсысын оқушылар орындауында жүзеге асырылады (проблеманы кім қояды, кім қалыптастырады, тұжырымдайды, кім орындайды);

д) мұғалім іске асыратын, оқушылардың іс-әрекетін бақылау, талдау және бағалау мен шәкірттердің өзара сыни бағалауы, өзін-өзі бақылауы және өзіндік талдаумен арақатынасы;

е) оқушыларды іс-әрекетке ниеттеу (орындалған жұмыспен байланысты жағымды сезімдер туғызатын комментарийлер, қиындықты жеңуге ынталандырушы ұстанымдар, ерік күші және т.б.) мен еріксіз көндіру арақатынасы (баға туралы еске салу, күрт ескертулер, ақыл айтулар т.б.)».

Стильді талдау кезінде мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруының ерекшеліктері қандай деген сұраққа жауап:



«а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақтың мазмұндық және құрылымдық компоненттерін игеру дәрежесі, психологиялық мақсатты саналы түсіну мен оны іске асыруға ішкі дайындық дәрежесі);

б) мұғалімнің сабақтың басындағы және оны іске асыру процесіндегі жұмыстық көңіл-күйі (жинақылық, сабақтың тақырыбы мен психологиялық мақсатына сай күйге келу, жігерлілік, қойылған мақсатты іске асырудағы табандылық, болып жатқанның барлығына да оптимистік тұрғыдан келу, педагогикалық тапқырлық т.б.);

в) мұғалімнің педагогикалық такты (педагогикалық әдеп көрсету немесе әдепсіздік жағдайы);

г) сыныптағы психологиялық климат (мұғалім балалардың бір-бірімен және мұғалімнің өзімен көңілді, шын жүректен қарым-қатынас жасау атмосферасын қалай қолдап отырады, іскерлік контакт немесе басқа қатынастар)» [159, 84-85 б.].

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды талдау схемасы да бірталай қызығушылық тудырады, бұл процесте мұғалімге ойлау мен қиялдың табысты жұмысына жағдайлар қандай мөлшерде қамтамасыз етілді деген сұраққа жауап беру ұсынылады, дәлірек айтсақ:

а) оқушылардың оқып біліп отырған материалды қабылдауларының қажетті таңдамалылығын, мағыналылығына, тұтастығына қалай қол жеткізді, оларға өзгермейтін, тәуелсіз белгілерді өзгерілетіндерден ажыратуға қалай көмектесті;

б) қандай ұстанымдар қолданды және қандай формада (көз жеткізу, сендіру);

в) оқушылардың зейінінің тұрақтылығына және жинақталғандығына қалай қол жеткізді;

г) бұрын меңгерілген, жаңа материалды түсіну үшін қажетті білімдерді оқушылардың есінде өзектендіру үшін қандай жұмыс формаларын пайдаланды (жеке дара сұрастыру, сыныппен әңгімелесу, қайталау бойынша жаттығулар т.б.).

Оқушылардың ойлау және қиял іс-әрекетін жаңа білімдер мен іскерліктерді қалыптастыру процесінде ұйымдастыру келесі сұрақтарға жауапты ұйғарады:

а) оқушылардың білімі қай деңгейде қалыптасты (нақты-сезімдік елестетулер, түсініктер, жалпыланған бейнелер, «жаңалық ашулар», формулалар шығару және т.б. деңгейлерде);

б) мұғалім оқушылардың ойлау және қиял іс-әрекеттерін ұйымдастыруда елестетулерді, түсініктерді, түсіну деңгейлерін, жаңа бейнелерді жасауды қалыптастырудың қандай психологиялық заңдылықтарына сүйенді;

в) мұғалім жұмыстың қандай тәсілдері мен формаларының көмегімен оқушылардың ойлауының белсенділігіне және өз бетінше орындауына қол жеткізді (сұрақтар жүйесі, проблемалық жағдайларды тудыру, тапсырмаларды проблемалық-эвристикалық шешудің түрлі деңгейлері, жеткіліксіз немесе артық деректері бар тапсырмаларды пайдалану, сабақ үстінде іздестіруші, зерттеуші жұмысты ұйымдастыру т.б.);

г) мұғалім оқушылардан түсінудің қандай деңгейін (сипаттаушы, салыстырушы, түсіндіруші, жалпылаушы, бағалаушы, проблемалық) талап етті және осыған байланысты нанымдар мен идеалдардың қалыптасуын қалай басқарып отырды;

д) сабақ үстінде шығармашылық жұмыстың қандай түрлері пайдаланды және мұғалім оқушылардың шығармашылық қиялдарын қалай басқарып отырды (жұмыс мақсаты мен тақырыбын, оны орындау шарттарын түсіндіру, материалды сұрыптау мен жүйелеуге, және де жұмыс нәтижесін өңдеу мен ресімдеуге үйрету) [159, 85-86 б.].

Оқушылардың ұйымшылдығын талдау, мұғалім олардың оқытылғандық деңгейі бойынша қандай топтарын бөледі және ол сыныптағы жаппай жұмысты оқу дәрістерінің топтық және даралық формаларымен қалай үйлестіреді деген сұрақтарға жауап береді. Мұғалім сабаққа және оны өткізуге дайындықтың барлық буындарын есепке алу керек, шәкірттердің жастық және даралық-психологиялық ерекшеліктерін тек сабақтың мақсаты мен стилін анықтауда ғана емес, сондай-ақ оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда, оқыту процесінде оларға сараланып жіктелінген тұрғыдан шәкірттердің тұлғалық, іс-әрекеттік, интеллектуалдық ерекшеліктерін қалыптастыруды да есепке алу қажет.

Сабақты психологиялық талдаудың барлық негізгі объекттерін жан-жақты қамту оның әр нақты жағдайында қиын шығар, бірақ, оқу пәнінің ерекшелігін есепке ала отырып, оларды тұтас жүйе ретінде көрсету қажет.


Сабақты талқылаудың жалпы схемасы
Көптеген зерттеушілер ұсынған сабақты психологиялық талдаудың схемасын жалпылау (шет тілі сабағының мысалында) мұндай талдаудың іс-әрекеттік тұрғыдан келу негізіндегі жалпы моделін анықтауға мүмкіндік береді. Схемаға талқылаудың келесі жоспарлары кіреді: іс-әрекет субъекті, олардың іс-әрекеті және еңбектестік. Бірінші жоспар – оқушылардың шет тілін оқу пәні ретінде игеруі ерекшеліктерінің психологиялық сипаттамасы. Осы тұрғыдан мұғалім талдауды келесі сұраққа жауап ретінде жүргізеді: шет тілдік сөйлеу әрекетін меңгерудің ерекшеліктері қандай? оған кіретін сөздік әрекеттердің, ойды тілмен (грамматикалық, лексикалық, фонетикалық) жеткізудің және оны қалыптастыру мен тұжырымдау тәсілдерінің даму сипаты қандай? осы іс-әрекеттің операционалдық механизмдерін жетілдірудің жолы қандай? Сабаққа талдау жасай отырып, мұғалім барлық буындардағы меңгеру (материалды) заңдылықтарын, оқушылардың дағдыларының жетілуін, коммуникативтік қабілеттердің дамуын және т.б. есепке алады.

Екінші жоспар – шет тілі мұғалімінің психологиялық ерекшеліктері: мұғалімнің жалпы тұлғалық және кәсіби-педагогикалық бағыттылығы және оның сабақтағы көрінісі; шет тілі мұғалімінің жалпы педагогикалық және арнайы (коммуникативтік, талдамалық және т.б.) қабілеттері және олардың сабақтағы көрінісі; мұғалімнің жеке-психологиялық ерекшеліктері: эмоционалдық, мазасыздық, өзін-өзі бағалауы т.б. және олардың сабақтағы көрінісі; оның іс-әрекетінің ерекшеліктері.

Үшінші жоспар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері, олардың жеке-психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі: оқушылардың пәндік, бақылаушылық, өзін-өзі бағалаушы әрекеттерінің қалыптасқандық деңгейі; олардың оқу пәніне деген қатынастары және олардың шет тілі сабағындағы көрінісінің сипаты, шәкірттердің оқу іс-әрекетіне араласуы, оқушылардың сабақтағы интеллектуалдық белсендігі (ойлау, перцептивті, мнемикалық); оқушылардың сабақта жас және даралық-психологиялық ерекшеліктерінің және психикалық күйлерінің (зейін, стресс, қысымдылық, әзірлік және т.б.) көрінісі, мұғалімнің осы ерекшеліктерді еске алуы. Тұлға аралық қатынастар а) тілдік шағын топтарға қатысушылар арасында, б) оқушылар мен мұғалім арасындағы және олардың сабақтағы көріністері.

Төртінші жоспар – педагогикалық қарым-қатынас және ынтымақтастық: қандай коммуникативті тапсырмалар және олар мұғалім мен шәкірттер тарапынан қалай орындалады; педагогикалық қарым-қатынас стилі (өктемшілдік, демократиялық, либералды – өз бетімен жіберу); сыныптағы өзара әрекеттесу схемасы және шәкірттердің еңбектестік ерекшеліктері (диадалар, тиадалар, лидерлік және т.б.).


Мұғалімнің сабаққа психологиялық

талдау жасау барысындағы міндеттері
Мазмұндалғандардың барлығы сабақты психологиялық талдау – көп жақты және көп объектті құбылыс екенін көрсетеді, ол мұғалімге бүкіл оқыту процесін ойша қамтуға және сонымен бірге оның әр жеке сәттерін елестетуге мүмкіндік береді. Сабақты психологиялық талдау пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалімнің өзіндік сана сезімі дамып, қалыптасады, онын кәсіби шеберлігі жетіледі. Мұғалімнің жобалаушы-перцептивті, рефлексивті қабілеттеріне сүйеніп және оған сәйкес іскерлікті ұйғара отырып, сабақты психологиялық талдауы оларды дамытады және жетілдіреді. Өз кезегінде, мұғалімнің шеберлігін жетілдіру, рефлексивті механизмдердің қалыптасуы, оның педагогикалык сана сезімі кез-келген оқу пәніне оқытудың тиімділігін үнемі арттырудың негізгі алғышарты және бастауы болып табылады. Сабақты психологиялық талдау сонымен бірге, мұғалімнің өзіне және шәкірттерге қойған тапсырмаларына жауап ретінде бола алады. Келтірілген схема оны біршама толық көрсетеді.
Сабақты психологиялық талдау схемасы


Сабақты психоло-

гиялық талдау

деңгейі


Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері

Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері

Шамала-ушы

Сабақтың психологиялық мақсатын қою (үйренуішілердің оқып отырған пәнге танымдық қызығушылықтарын дамыту; олардың ой белсенділігін ынталандыру; ес көлемін дамыту; жоғары моральдық сапалар мен ұстанымдарды қалыптастыру т.б.).

Оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрткілерін есепке алу (танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік)

Оқушылардың жас және жеке-психологиялық ерекше-ліктерін есепке алу (ойлау, ес және т.б. танымдық процестер). Сабаққа пәндік әзірлік деңгейін есепке алу

Топтағы тұлға аралық қатынастарды есепке алу


Ағымдық

Оқыту мен педагогикалық қарым-қатынастың қойылған мақсаттарының орындалуын үнемі бақылау, белгілеу (фиксация), түзетулер енгізу
Тапсырманы орындаудағы қиналу, іркілу немесе күтпеген жерден оңай жағдайлар туғанда жаңа мақсаттар қою, оқытудың жаңа құрал мен тәсілдерін пайдалану, яғни сабақ барысын қайта құру

Оқушылардың оқу жұмысы-ның жүру барысын есепке алу (олардың сабақтағы қызығушылықтары, ой бел-сенділігі, материалды меңге-ру сипаты және т.б.)

Ретро-спективті

Өзінің педагогикалық іс-әрекетін бағалау (сәттілік, кемшіліктер, олардың себептері, түзетулер енгізу және жетілдіру жолы)

Оқушылардың жалпы білім берудегі, тәрбиелеу мен практикалық тұрғыдағы бел-гілі бір салада алға жылжуы, яғни өзткізілген сабақтың шынайы нәтижесі қандай деген сұраққа жауап

***
Сабақтың психологиялық талдауы педагогикалық іс-әрекеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Мұғалімнің жобалаушы-перцептивті –рефлексивті қабілеттеріне сүйене отырып және оның талдамалық, жобалаушы, рефлексивті іскерліктері арқылы жүзеге аса отырып, ол өзін-өзі реттеудің, өзін-өзі бақылаудың және өзін-өзі дамытудың негізгі құралы ретінде қызмет етеді. Сабақты психологиялық талдаудың шамалаушы, ағымдық, ретроспективті үш деңгейі (кезеңдері) осы іскерліктердің өзгешелігімен сипатталады.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар


  1. «Сабақты психологиялық талдау» терминінің «сабақты педагогикалық (дидактикалық, әдісқойлық) талдау» терминдерінен мәндік айырмашылығы неде?

  2. Осы талдаудың негізгі психологиялық механизмі ретінде не болады?

  3. Сабақты психологиялық талдаудың үш деңгейінің арасындағы айырмашылық қандай ?

  4. Сабақты психологиялық талдау схемасы не үшін керек?

Әдебиет
Добрынин Н.Ф. Психологический анализ урока // Учен. Зап. МГПИ им. В.П. Потемкина. М., 1952. Т.17.



Зимняя И.А., Ильинская Е.С. Психологический анализ урока иностранного языка // Ин. яз. в шк. 1984. № 3.

Иванов С.В. Анализ урока. Воронеж, 1975.

Кузьмина Н.В. Профессионализм деятельности преподавателя и мастера производственного обучения. М., 1989.

Львова Ю.Л. Как рождается урок. М., 1976.

Охитина Л.Т. Психологические основы урока. М., 1977.

VI Бөлім

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕСТІК ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС






Мектептегі жұмыс көптеген адамдардың – мұғалімдер мен шәкірттердің, олардың өзара пайдасы үшін біріккен жұмысы.

П.Ф. Каптерев. Дидактические очерки. Теория образования


1 тарау. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеті

<предыдущая страница | следующая страница>


И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым

Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрліктері жоғары оқу орындарында педагогикалық және психологиялық бағыттар мен мамандықтарда оқитын студен

5231.14kb.

14 12 2014
24 стр.


И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым

Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрліктері жоғары оқу орындарында педагогикалық және психологиялық бағыттар мен мамандықтарда оқитын студен

5230.91kb.

14 09 2014
24 стр.


Үшінші, қайта өңделген басылым 2012 жыл Кіріспе

Ал біз оны сұрақ-жауап ретінде беруіміздің себебі есте тез сақталуын, түсінуге жеңіл болуын қаладық. Осы кітаптағы мәселелерді түсінген кісі діннің ең ұлы негіздерін үйреніп шығады

732.99kb.

25 12 2014
5 стр.


Отандық өңделген

Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды

172kb.

25 12 2014
1 стр.


Екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру

Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №295 Қаулысы

248kb.

05 09 2014
1 стр.


Рефераты Қазақстан Республикасы Қызылорда,2013жыл

Жұмыс Гуманитарлық-Педагогикалық факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасында орындалды

284.58kb.

25 12 2014
1 стр.


Лекции по педагогической психологии Педагогическая психология возникла: а в начале XIX в, в во второй половинеxix в

В работе с тестом см лит-ру: Зимняя И. А. Педагогическая психология: Учеб. М.: Логос, 2001. Часть Гл. 1, 2; Лекции по педагогической психологии

544.11kb.

25 09 2014
2 стр.


Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары

Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту тура

507.71kb.

25 12 2014
3 стр.