Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3

3.6. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет

  1. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика: оқу құралы – Астана, 2004.

  2. Балапанов Е.Қ. т.б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ – Алматы ЖТИ, 2003

  3. Қаленова Б.С. Практикалық информатика қурсы: Өқу құралы - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2003

  4. Excel прктикумы: Өқулық құрал / Дайындағ. С. Мухамедиева, А. Сабыржанова, Х.К. Апышева, Б.З. Джумагельдиева: ҚР Ғылым және білім министрлігі, Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2002 -57 б. Пер. Практикум по Excel ученое пособие (на каз)

  5. Информатика. Базовый курс 2-е издание / Под ред. С.В. Симоновича: Питер, 2004 – 640с.

  6. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователя. Краткий курс. – М.: Инфра - М, 2003 – 480с.

  7. www.bak.boom.ru – www.wdu.da.ru – учебники информатики.

  8. www.edu.fairs.ru – современная образовательная среда

  9. Ефимова О.В., Морозов В.В. Практикум по компьютерной технологии / М: АБФ, 1998.

  10. Информатика: Практикум / Под редакцией Н.В. Макаровой. – М: Финансы и статистика, 1998.

  11. Каленова Б.С. и др. Тестовые задания по информатике – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ им. С.Аманжолова, 2004.

  12. Сыздыкпаева А.Р., Каленова Б.С., Джексенев З.Ю. Возможности работы в среде Windows 95: учебное пособие, часть 1: - г. Усть-Каменогорск, 1999.

  13. Байбурин Е.М., Нугуманова А.Б., Кудинов А.И. Практикум по текстовому редактору WORD / Учебное пособие – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1998.

  14. Байбурин Е.М., Нугуманова А.Б., Афанасьева И.С. Практикум по электронным таблицам Excel / Учебное пособие – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1998.

  15. Сыздыкпаева А.Р., Каленова Б.С., Джексенев З.Ю. Возможности работы в среде Windows 95: учебное пособие, часть 2: - г. Усть-Каменогорск, 1999.

Қосымша әдебиеттер

  1. Тұрым А. Ақпараттану және есептеу техникасының түсіндірме сөздігі – Алматы, 2000

  2. Острейковский В.А. Информатика.- М.: Высш. шк., 2001.

  3. Савельев А.Я. Основы информатики. М: МГТУ им Баумана, 2001.

  4. Информатика / Под ред.П.П.Беленького. – Ростов н / Д: Феникс, 2003г.

  5. Комягин В.Б., Коцюбинский А.О. Современный самоучитель работы на персональном компьютере. – М: Триумф, 1997.

  6. Основы информатики: Учебное пособие / Под ред. А.Н. Морозевича – Мн.: Новое издание, 2001 – 544с.

  7. Лабораторный практикум по информатике. Учебное пособие для вузв / под ред. В.А. Острейковского – М.: Высш. Шк. 2003. – 376с.

  8. Куртер Дж., Маркви А. Microsoft Office 2000: уч. Курс – 640с.

  9. Апышева Х.К., Джексенев З. Ю. и др. Тестовые задания по информатике.


3.7 Рейтинг-шкала

Кесте 2


Бақылау түрі

Максималды балл

Ағымдық


30

Аралық

30

Қорытынды

40

Барлығы

100

3.8 Әр түрлі жұмыстарды бағалау шкаласы


  1. Әдіс сабағына қатысу – 15*0,2б=3 балл

  2. Ақпараттық хабарлама– 14*0,5б=7 балл

  3. Зертханалық сабақ – 14*0,5б=7 балл

  4. Тест – 12*2б=24 балл

  5. өздік жұмыс – 1*3б=3 балл (1 тапсырма - 1б)

  6. Бақылау жұмыс– 2*3б=6 балл (бағдарлама бойынша білімі-2б, бағдарламаны өзінің пәндік саласында пайдалану-1б)

  7. үй жұмысы– 2*3б=6 балл (бағдарлама бойынша білімі-2б, көркемдеу-1б )

  8. Реферат – 1*5б=5 балл (мазмұны-3б, материалды тандай білу-1б, көркемдеу-1б)

Барлығы: 60 балл

4 Курстың саясаты

  • Сабаққа кешікпеу керек;

  • Сабақ уақытында сөйлесуге болмайды;

  • Сабақты босатуға болмайды, (ауырған кезде анықтама көрсету қажет);

  • Тапсырмаларды белгілі уақытта орындау қажет;

  • Ұялы телефонды өшіру.

II. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАЗМҰНЫ



2.1 Тақырыптық жоспар



Тақырыптар атаулары

Сағаттар саны

дәріс

Зерт.жұм.

СОӨЖ

СӨЖ



Информатика және

ақпарат


1




1

2



Ақпараттың ЭЕМ-де берілуі.

2




3

2



Есептеуіш техниканың даму тарихы. ЭЕМ буындары. ЭЕМ классификациясы.

1




1

2



ЭЕМ архитектурасы

1







2



ЭЕМ -нің аппараттық жабдықтары.

2




2

2



Дербес компьютерлердің бағдарламалық жасақтамасы (БЖ).

2







2



Сервистік бағдарламалық құралдар







1

2



Операциялық жүйелер, қоршамдар, орталар.







1

2



Windows операциялық жүйесі

1

2




1



Paint графикалық редакторы.







6

4



MS-DOS операциялық жүйесі.







4

4



Norton Commander қабықшасы.







4

4



Microsoft Word мәтіндік редакторы.




12

6

2



Microsoft PowerPoint







6

4



Excel электрондық кестелер.

1

12

6






СУБД Access - мәлiметтер қорын басқару жүйесi.

1

4









Жаңа ақпараттық технолгиялар







1

2



Информатиканың алгоритмдік және программалау негіздері

2




1

2



Компьютерлік жүйелер мен желілік технологиялар

1







2



Мәліметтерді қорғау







1

2

20

Зерделі және сараптық жүйелер.







1

2

Барлығы

15

30

45

45


2.2 Дәріс сабақтарының тезистері

Тақырып: АҚПАРАТ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА



Информатика - ЭЕМ аркылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылым.

Информатиканың негізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады.

Информатиканы жалпы тұрғыдан қарастырғанда теориялық және қолданбалы болып екі бөлікке бөледі.

Информатиканың негізгі ұғымы, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі ақпарат болып саналады. Сондықтан «Ақпарат» ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеуді ең түбегейлі атаулардың бірі болып саналады.



Ақпарат - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Ақпарат термині хабар, түсінік беру мағынасында қолданылатын – «information» деген латын сөзінен шыққан. Қарапайым түрде айтқанда, түрлі объектілер, құбылыстар мен процесстер т.б. жөніндегі мағлұматтар ақпарат делініледі. Ақпараттың қасиеттері: объектілік және субъектілік, толықтық, өзектілік, ақиқаттық, қатынау, адекватық, эргономдық.

Негізгі әдебиеттер: 3-с.6-19; 2-с.17-27

Қосымша әдебиеттер: 1-с.7-11

Тақырып: АҚПАРАТТЫҢ ЭЕМ-ДЕ БЕРІЛУІ

Әр түрлі типті мәліметтерді өндеуді автоматтандыру үшін олардың көрсетім пішімдерін бір пішімге келтіру маңызды. Мәліметтердің көрсетімін қалыптастыру оны кодтау деп аталады. Кодтау бір типті мәліметтерді мәліметтердің басқа типтерімен (өңдеуге, сақтауға және жеткізуге қолайлы) өрнектеу. Адам өмірінің әр түрлі салаларында көптеген кодтау жүйелері қолданылады, олар санау жүйелері, математикалық өрнектерді жазу жүйесі, Морзе әліппесі, соқырлар үшін Брайл жүйесі, теңіз сигналдары т.с.с

Есептеу техникасында да өзінің кодтау жүйесі бар. ЭЕМде кез келген мәліметтер тұрақты немесе өзгермелі ұзындықты екілік кодтар түрінде көрсетеді, яғни екілік кодтау жүйесі қолданылады. Екілік кодтау мәліметтердің тек екі таңбаның (0 немесе 1) тезбегінен тұратын көрсетімін береді. Мәліметтерді өлшеудің ең кіші бірлігі 1 байт (1 байт = 8бит). Қазіргі уақытта мәліметтердің өте үлкен көлемдерін өлшеу үшін туынды өлшем бірліктері енгізілген. 1 Кбайт = 1024 байт, 1 Мбайт = 1024 Кбайт, 1 Гбайт = 1024 Мбайт, 1 Тбайт = 1024 Гбайт.

Санау жүйесі – сандық мәліметтерді көрсету тәсілдері мен ережелерінің келісілген жиынтығы. Санау жүйелерінің екі түрі бар: позициялық және позициялық емес.

Негізгі әдебиеттер: 3-с.27-30

Қосымша әдебиеттер:

Тақырып: ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАНЫҢ ТАРИХЫ

Есептеуіш техниканың (ЕТ) даму эволюциясын келесі кезеңдерге бөлуге болады:


  1. Механикалық – XVII ғасырдың ортасынан бастап.

  2. Электромеханикалык – XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап.

  3. Электрондық – XX ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап.

Ең алғашқы механикалық машинасы 1623 жылы герман ғалымы В. Шиккард сипаттап, жалғыз ғана данасын жасады? Бұл машина кең таралмағандықтан, оның жасалу принципі ары қарай қолданылмайды.

1642 жылы адамзат тарихындағы ең ірі ғалымдардың бірі Блез Паскаль механикалық калькулятор ойлап шығарған. Ол екі опреацияны жасауға дағдыланған +,-.

Есептеуіш техника саласындағы маңызды прогресс Чарльз Бэббидждің есімімен байланысты. Оның машинасының ерекшілігі мынада: ең бірінші рет есептеуіш операцияларында қолданылатын ақпарат екі түрге бөлінген: командалар мен деректер.

Чарльз Бэббидж машинасына алғашқы рет программалық басқару принциптерін қолданады, бұл машинаға 1843 жылы Ада Лавлейс (тұнғыш программалаушы) Бернулли сандарын есептеу программасын құрды.

Ең алғашқы ЭЕМ болып, 1946 жылы АҚШ-та жасалған ENIAC машинасы табылады. Біздің еліміздегі есептеуіш техниканың негізін қалаушысы Сергей Алексеевич Лебедев болды. Оның басқаруымен 1951 жылы Киевте МЭСМ – алғашқы отандық ЭЕМ жасалды.

50 –жылдардың ортасынан бастап ЕТ күрт дамуы басталады. ЭЕМ-нің көптеп өндіріліп шығарылуына, физика-технологиялық принциптерінде қолданылатын негізгі физикалық элементтік базасы керек. Оларды дайындау технологиясына байланысты келесі буындарға бөледі:



  • Бірінші буын – 1949 – 1958 жж. ЭЕМ-нің элементтік базасы болып электрондық шам, реле табылады.

  • Екінші буын – 1959 – 1963 жж. Осы буынның элементтік базасы транзисторлар, жартылай өткізгіштер.

  • Үшінші буын – 1964 – 1976 жж. ЭЕМ-нің элементтік базасы болып интегралдык схемалар (ИС) табылады.

  • Төртінші буын – 1977 – … жж. ЭЕМ-нің элеметтік базасы болып өте үлкен ИС, микропроцесссор табылады.

Негізгі әдебиеттер: 3-с.9-10, 50-55

Қосымша әдебиеттер: 2-с.22-28

Тақырып: ЭЕМ АРХИТЕКТУРАСЫ

Дербес ЭЕМ – көпшілік қолданатын, жеке пайдаланушыға арналған есептеу машинасы.

ЭЕМ архитектурасы деп аппаратты - программалық жабдықтарды құрудың жалпы принциптері мен олардың ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын мінездемелерінің жиынтығын атайды.

ЭЕМ-нің архитектурасын зерттеудің алғашқы негізін қалаған американ математигі Джон фон Нейман. Оның айтуынша машинаның негізгі блоктары болып басқару құрылғысы, арифметико-логикалық құрылғы, жад, енгізу-шығару құралдары болып табылады.

Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке қарастырылады.

Аппараттық жасақтамаға есептеуіш техниканың аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылар жатады.

ЭЕМ біріңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан: ішкі құрылғылар және сыртқы құрылғылар.

Бағдарлама деп реттелген командалар тізбегін айтады. Бағдарламалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.

Негізгі әдебиеттер: 2 - с.30-31; 3 - с.45-50

Қосымша әдебиеттер: 1-с.13-14

Тақырып: ЕТ АППАРАТТЫҚ ҚҰРАМЫ

Дербес компьютердің аппараттық құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьтердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енген жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Қазіргі кезде келесі құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады: жүйелік блок, дисплей немесе монитор, пернетақта.

Компьютердің ең негізгі құрылғысы - жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Компьютердің ішкі құрылғыларына процессор, жедел жад(RAM), тұрақты есте сақтау құрылғысы, көріктендіру блогы, енгізу-шығару порттары енеді.

Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады.

Сыртқы құрылғыларды келесі топтарға бөлуге болады:


  • баспаға шығару құрылғылары (принтер, плоттер, т.б.);

  • еңгізу құрылғылары (сканер, диджитайзер);

  • манипуляторлар (тышқан , джойстик, трекбол, пенмаус);

  • мәліметтерді сақтау құрылғылары (иілгіш диск, компакт-диск, стриммер);

  • мәліметтермен алмасу құрылғылары (модем, желілік адаптер).

Негізгі әдебиеттер: 3-с.55-58; 2-с.30-56

Қосымша әдебиеттер: 1-с.30-56

Тақырып: ЕТ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАСЫ

Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Дербес компьютердің программалық жасақтамасы (ПЖ) деп оның есептеу процесін ұйымдастыруға, есептеу жүесінің ресурстарын тиімді қолдануға, көптеген қосымша функцияларды жасауға және әр түрлі қолданбалы есептер шығаруға арналған программалар жиынтығы айтады.

Программалық жасақтамалар функционалдық қызметтеріне байланысты 3 топқа бөлінеді: жүйелік ПЖ, инструметалдық ПЖ, қолданбалы ПЖ.

Жүйелік ПЖ – ЭЕМ-нің барлық ресурстарын басқаратын, пайдаланушымен интерфейсін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін программалық құралдардың жиынтығы. Жүйелік ПЖ-ның негізгі бөлшектері: операциялык жүйе, сервистік программа, драйверлер, утилиттер.

Инструменталдық ПЖ – кез келген пәндік аумақта ерекше программалық құралдарды құруды автоматтандыруға арналған программалық жасақтама бөлігі.

Қолданбалы ПЖ – әр түрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен колданбалы кестелерінен тұратын программалық жасақтама түрі. Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер қорын басқару жүйелері және т.б. жатады.

Негізгі әдебиеттер: 3-с.58-99

Қосымша әдебиеттер: 2-с.56-63

Тақырып: WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Қазіргі программалар өнімдерінің нарығында Microsoft фирмасының Windows операциялық ортасы ерекше орын алады. Windows программасының негізгі элеметтері: жұмыс үстелі, терезе, меню.Windows ортасы пайдаланушыға терезелер арқылы көрнекі, ынғайлы интерфейс жасап жеңіл қарымқатынас ұйымдастырып отырады. Ол терезе бүкіл немесе экранның бір бөлігін алып тұруы мүмкін. Терезе арқылы жасалған диалог бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істей алатындығын нақты, көрнекі көрсетіп отырады.

Windows ортасында жұмыс істеген жағдайда барлық анықтамалар, ережелер, әдістер объект ұғымы арқылы беріледі. Объект дегеніміз ақпараттар құрылымының, оларды өзгерту әдістерінің және олар әсер ететін оқиғалардың жиынтығы.

Windows объектілері екіге жіктеледі:


  1. негізгі объектілер – олар программалар, құжаттар, қаптамалар;

  2. арнайы объектілер – басқару тақтасы, т.б.

Жұмыс үстелі Windows програмасының титул беті деп айтуға болады. Жұмыс үстелі – әр түрлі Windows объектілері және басқару элементтері орналасқан жүйелік объект. Жұмыс үстелінде пайда болатын объектілер жүйенің баптауларымен анықталады, алайда олардың әрқашанда негізгі объектілер және басқару элементтері бар болады.

Негізгі басқару элементіне – мәселелер тақтасы жатады. Мәселелер тақтасында Пуск батырмасы, ашылған құжаттарға, программаларға сәйкес батырмалары және әр түрлі индекаторлар орналасқан.

Интерфейстің келесі негізгі элементі – меню және оның жүйесі. Меню – пайдаланушы таңдап алуға ұсынылатын және экран бетіне шығарылатын, осы сәтте орындала алатын іс - әрекеттер тізімі. Олар – команда атаулары, жауап ңұсқалары, т.б. Менюдің келесі түрлері болады: негізгі, контексттік, горизональ жолдық, вертикаль (суырмалы), жүйелік.

Негізгі әдебиеттер: 3-с.72-75; 1-с.22-42

Қосымша әдебиеттер: 2-с.64-149
Тақырып: MICROSOFT EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕСІ

Microsoft Excel кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы экспериметтер жүргізуге т.б мүмкідіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.

«Электрондық кесте» деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:


  • Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып, әртүрлі есептер жүргізу;

  • Түрлі түсті факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу;

  • Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу;

  • Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу;

  • Мәліметтерді статистикалық талдау;

  • Кестелік құжаттар дайындау.

Microsoft Excel құжаты жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы беттерден тұрады. Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары: жол нөмірі, багана әріпі, ұяшық, ағымдағы ұяшық т.б.

Кестеге мәліметтердің алуан түрін енгізуге болады. Ол үшін қажетті ұяшықты активтендіріп не тікелей пернетақтадан ұяшыққа теру арқылы, не формула жолын активтендіріп теруге болады. Мәліметтерді енгізуді жеңілдету және жылдамдату үшін мыналар қолданылады:



  • бар мәліметтерді көшірмелеу арқылы,

  • автотолтыру,

  • прогрессиялы толтыру.

Негізгі әдебиеттер: 1-с.104-128; 3-с.89-93

Қосымша әдебиеттер: 2-с.282-341

Тақырып: МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЛАРЫ

Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың өзара байланыстағы жиынтығы. Мәліметтер қорының негізгі мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстыруды ескере отырып өңдеу. МҚ-ның іргелі ұғымдары – объект, атрибут, байланыс.

МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік моделдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады.



Мәліметтер қорын басқару жүйесі(МҚБЖ) дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық кешен.

Дүние жүзінде МҚБЖ-ның түрлері өте көп. Солардың ішінен Microsoft Access МҚБЖ-сын қарастырайық. MS Access мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:



  • негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;

  • кестелер арасында байланыстар орнату;

  • кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, тарату, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;

  • туынды объектілерді – пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль – құру, түрлендіру және қолдану.

Әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, оперативті және конструктор режимдерінде жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардан тұрады, әрбір жол - жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған - өріс, яғни кестенің нақты мәліметі беретін құрылымданған элемент, бір атрибут. Өріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады.

Негізгі әдебиеттер: 3-с.93-94

Қосымша әдебиеттер: 1-с.138-162

Тақырып: ИНФОРМАТИКАНЫҢ АЛГОРИТМДІК НЕГІЗДЕРІ

Алдымызға қойылған кез келген есепті шешу (ЭЕМ көмегімен) оның алгоритімін құруды қажет етеді, яғни қажетті есептің шешіміне жету әдісін ақырлы элементарлық қимылдар тізбегінің көмегімен формальды сипаттау қажет. Формальды сөзі сипаттаудың абсолютті толық және шешу барысына барлық кездесуі мүмкін жағдайларды ескерту қажеттігін көрсетеді. Қимылдардың элементарлығы олардың ары қарай детальданбайтынын көрсетеді.

Алгоритм – информатиканаң іргелі ұғымдарының бірі. Алгоритмдеу информатиканың жалпы әдістерінің бірі болып табылады. Алгоритімді интуитивті түрде анықтасақ, алгоритм – алғашқы берілген мәліметтерден қажетті есептің шешіміне жету үрдісін анықтайтын дәл нұсқаулар тізбегі. Алгоритмнің негізгі қасиеттері: дискреттік, түсініктілік, анықтық немесе детерминдік, нәтижелік және көпшілік.

Алгоритмдерді сипаттаудың негізгі әдістері:


  • сөзді-формулалы;

  • құрылымдық немесе блок-сызбалық;

  • программалау тілдері көмегімен.

Алгоритмдердің блок-сызбалық сипаттаудың ерекшілігі оның көрнекілігі, оқылымдығы және алгоритм ішіндегі байланыстардың айқын көрсетілуі. Блок-сызбалардан алгоритмдеу тәжрибесінде қолданылатын 3 негізгі құрылым құрылады:

  • тізбектік немесе сызықтық;

  • тармақтық немесе альтернативалық;

  • қайталану немесе циклдік.

Негізгі әдебиеттер: 3-с.39-44

Қосымша әдебиеттер:

Тақырып: КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР

Компьютелік желі дегеніміз бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Егерде желі шағын бір бөлмеде, бірнеше сыныпта немесе бір мекемеде орналасқан компьютерлерді байланыстырып отырса, онда бұл желіні жергілікті желі деп атайды. Жергілікті желінің аппараттық жабдықтарына



  • жұмыс станциялары;

  • серверлер;

  • интерфейстік тақша (желілік адаптер);

  • кабельдер жатады.

Егерде желі бір мемлекеттің, немесе бүкіл әлемнің компьютерлерін байланастырып отырса, мұндай желіні ауқымды желі деп атайды. Ауқымды желілер үш құрауыштан тұрады: желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері: жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар, байланыс арналарына байланыс құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар. Ең әйгілі ауқымды есептеу желісі – Internet.

Internet түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстырып, мәліметтерді тасығыштардың барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі.

Internet жүйесіне қосылу әр түрлі әдістермен жүзеге асады, ондай әдістер:

электрондық пошта (E-mail);

телеконференция (UseNet);

қашықтан қатынас құру (TelNet);

файлдарды іздеу және жеткізу (FTP);

мәтіндік файлдарды меню жүйесі көмегімен іздеу және жеткізу (Gopher);

құжаттарды гипемәтіндік сілтемелердің көмегімен іздеу және жеткізу немесе бүкіл әлемдік өрмек (WWW-World Wide Web).

Негізгі әдебиеттер: 1с-44-53; 3-с.100-109

Қосымша әдебиеттер: 2-с.342-355



2.3 Семинар сабақтарының жоспары

Семинар сабақтары жоспар бойынша қарастырылмаған



2.4 Зертханалық сабақтардын жоспары

Зертханалық жұмыс 1 «Windows операциялық жүйесі»

Сұрақтары:

1) Жұмыс үстелі және оны баптау

2) Windows жүйесіндегі терезелерді қолдану

3) Файлдармен, қапшықтармен, таңбалармен операцияларды орындау

4) Менің компьютерім

5) Ақпарат тасушылармен жұмыс істеу

6) Жылдам табу

7) Сілтеуіш бағдарламасы

Тапсырмалар:



  1. Жұмыс үстелінде «Өзімнің құжаттарым» атты қапшық құру

  2. Ағымдағы қапшықта «Сарапшы» атты қапшықты құру

  3. Экранның қыстырма режимін ауыстыру

  4. Жылдам табуды қолданып calc.exe объектісін табу және осы объектіге таңба құру

Негізгі әдебиеттер: 2-с.64-152

Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 12



Зертханалық жұмыс №2 «Microsoft Word тексттік процессорымен танысу»

Сұрақтары:



  1. Құжаттарды жасауды және сақтауды үйрену

  2. Құжаттың үзіндісін ерекшелеу және онымен операциалар жасау

  3. Алмасу буферімен жұмыс жасау

  4. Текстпен жұмыс істеуді автоматтандыру

Тапсырмалар:

  1. Жаңа құжат құрыңдар. 2-3 абзацтан тұратын текст енгізіңдер

  2. «Информатика» сөзін «Информатика ғылым ретінде» сөзіне алмастырыңдар

  3. Соңғы әрекеттен бас тартыңыз

  4. Негізгі тексттен бірнеше жол төмен түсіп, өз атыңызды енгізіңіз және оның 5 көшірмесін алыңыз

  5. Құжатты «Менің құжаттарым» бумасында «Microsoft Wordтағы бірінші сеансым» атымен сақтаңыз

Негізгі әдебиеттер: 1-с.91-93, 95-96

Қосымша әдебиеттер: 2, 12,13, 22, 23



Зертханалық жұмыс №3 «Абзацтарды форматтау»

Сұрақтары:



  1. Абзацты түзеу

  2. Жол аралық және абзац аралық интервал

  3. Абзацтың шекарасы және заливкасы

  4. Маркерленген және нөмірленген тізім

Тапсырмалар:

  1. №2 зертханалық жұмыста жасалған құжатты ашып, тақырып жазылған жолды ортасы бойынша, ал текстті ені бойынша түзету

  2. Текстте 1,5-тік жол аралық интервалды орнатыңдар

  3. Тексттің сол және үстінгі жағынан қою қызыл сызық сыз

  4. Төменде компьютердің нөмірленген негізгі конфигурациясының тізімін енгізіңіз

  5. Жаңа жолдан компьютердің маркерленген қосымша құрылғыларының тізімін атаңыз

  6. Маркердің символын ауыстырыңыз, мысалы оң жақтық бағыттауыш

Негізгі әдебиеттер:1-с.93-95

Қосымша әдебиеттер: 2, 12,13, 22, 23



Зертханалық жұмыс № 4 «Символды форматау»

Сұрақтары:

1) Өрнек әріп

2) Арнайы символдар

3) WordArt-ты қолдану

Тапсырмалар:



  1. Cол текстте өрнек әріптің биіктігін 3 жолақ етіп орнат

  2. Тексттің тақрыбын қою курсивпен ерекшелеп, 24-ші пункті әріп үлкендігін қою

  3. Тақырыптан кейін компьютердің суреті бар арнайы символды қойып оның мөлшерін үлкейт

  4. Негізгі тексттен бірнеше жол төмен түсіп, WоrdArt обьектісін құр және обьектінің мәтіні ретінде Информатика және есептеуіш техника сөздерін тер

Негізгі әдебиеттер:1-с.97-98, 100-101

Қосымша әдебиеттер: 2, 12,13, 22, 23



Зертханалық жұмыс №5 «Бетті форматтау»

Сұрақтар:



  1. Беттердің колонтитулдары

  2. Беттерді нөмірлеу

  3. Нұсқамалар

  4. Үзіліс қою

Тапсырмалар:

  1. №2 зертқаналық жұмыстағы құжатты ашып, әр абзацты жаңа бетке мәжбүрлі үзіліс арқылы орналастыр

  2. Жоғарғы коллонтитулды қос. Онда құжаттың атын және күнін жаз

  3. Бірінші беттен басқаларын нөмірлеңдір

  4. Ақырғы беттегі тестті екі бағанға бөліңдер

  5. Беттің соңында информатика сөзіне нұсқау құрындар

Негізгі әдебиеттер: 2

Қосымша әдебиеттер: 11, 12,13, 22, 23



Зертханалық жұмыс №6 «Объектілермен жұмыстар»

Сұрақтары:



  1. Суреттерді қосу

  2. Надписи

  3. Формулалар редакторы

  4. Графикалық объектілерді құру

Тапсырмалар:

  1. Коллекция ішінен ұнаған суретті қой

  2. Сызықты алгоритмге блок-схема құр

  3. Блок-схеманың элементтерін біреу қылып топта

  4. Ойыңа келген химиялық формуланы жаз

Негізгі әдебиеттер: 1-с101-103

Қосымша әдебиеттер: 2, 12,13, 22, 23



Зертханалық жұмыс №7 «Кесте құру»

Сұрақтары:



  1. Кестені құру және өзгерту

  2. Кестедегі текстті форматтау және редакциялау

  3. Кестедегі тексттің бағытын өзгерту

  4. Кестенің құрылымын өзгерту

  5. Кестені форматтау

Тапсырмалар:

  1. Жаңа құжат құрыңдар және беттің бағытын альбомдық етіп өзгертіңдер

  2. Осы семестрдің сабақ кестесін құр

  3. Кестенің сыртқы шекарасын жалпағыраққа өзгерт

Негізгі әдебиеттер:1-с.99-100

Қосымша әдебиеттер: 2, 11, 12,13, 22, 23



Зертханалық жұмыс №8 «Microsoft Excel электронды кестесімен танысу»

Сұрақтары:



  1. Жұмыс кітабын құру және сақтау

  2. Ұяшықтағы деректермен әр-түрлі тәсілдермен жұмыс істеуді үйрену (ұяшық деректерін форматтау, ұяшық ауқымын таңдау және онымен жұмыс істеу, ұяшық деректерін редакциялау)

  3. Автотолтыру мүмкіндіктерін үйрену

Тапсырмалар:

  1. Жаңа жұмыс кітабын ашыңыз

  2. Ағымдағы беттің атын «Студенттер» қылып өзгертініз

  3. «Студенттердің жеке мәліметтері» атты кесте жаса. Оған мынандай баған тақырыптарын жаз: Тегі, аты, туған күні, ұлты, мамандығы, сынақ кітапшасының №, аттестациялық балл

  4. Кестені толтыр(8-10 жазылым)

  5. Мамандық атын енгізуде автотолтыру мүмкіндігін қолдан

  6. Туған күн ұяшығына күн форматын қой

  7. Студенттердің аттестациялық балын көрсететін бірнеше диаграмма түрін жаса

Негізгі әдебиеттер: 4-с.7-15

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 14, 22, 23



Зертханалық жұмыс №9 «Excel-де есептеу»

Сұрақтар:



  1. Жай формулаларды құру және қолдану

  2. Функциялармен жұмыс

Тапсырмалар:

1) Группаның орташа атестациялық балын есептеу

Негізгі әдебиеттер: 4-с.29-32

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 14, 22, 23



Зертханалық жұмыс №10 «Графиктерді құру»

<предыдущая страница | следующая страница>


«Информатика» пәнінен оқу әдістемелік кешені жаратылыстану мамандықтары үшін

«Химия», 050601 «Математика», 050109 «Математика», 050110 «Физика», 050604

542.56kb.

14 12 2014
3 стр.


"Философия" пәнінің оқу әдістемелік кешені жаратылыстану мамандықтары студенттеріне арналған

Психология (бакалавр), 050104-Бастапқы әскери дайындық, 050519- шетел тілі, 050117 – Қазақ тілі мен әдебиет, 050504 – Журналистика

723.89kb.

14 12 2014
4 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен 050120 «Кәсіптік оқу» мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде

347.43kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен шетел-тілі мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әдебиеттер,

257.14kb.

14 12 2014
1 стр.


География мамандығы үшін Экономикалық және әлеуметік географияға кіріспе пәні бойынша

Оқу-әдістемелік кешеннің аннотациясы Оқу-әдістемелік кешені 050116 мамндық алушы студеннтерге арналған Оқу-әдістемелік кешенінде экономикалық география

181.69kb.

18 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен «Геология және палеожағрафия негіздері»

Оқу-әдістемелік кешені география мұғалімі мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешеніндегеология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланы

248.32kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ Әдістемелік кешені 050114 «Тарих» (шифрі, мамандық атауы) мамандығы үшін

ОӘК тарих және халықаралық қатынастар институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген №

393.52kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005

724.01kb.

14 12 2014
5 стр.