Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің

« Ал, кәнекей, жұптар» сайысы
Авторы:Тлепова Н.Б. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мақсаты : -оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау;

  • бір-бірімен тіл табысу мәдениетін қалыптастыру;

  • оқушылардың әртістік қабілетін, досшылдығын, өзгешіліктерін дамыту;

Барысы: 1. «Кел, танысайық!»

2. «Викторина»

3. «Сиамдық егіздер»

4. «Мәдениет деген не?»

5. «Би өнері»

6. «Модельер»

7. «Бояу аралығы»

8. «Көңілді аспазшы»

Армысыздар замандас, оқушы –ұстаз!

Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас!

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық!

Біздерде ойын- сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күн бойғы шаршағанды.



Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі « Ал, кәнеки, жұптар» атты кешке қош келіпсіздер!
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратамыз,- дей отырып, ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз. ( Әр мектептен бір қыз , бір баладан 8 жұп шығады)


Сайысымыз басталмас бұрын « Әділқазы береді,

Өздеріңе сыйлықты

Өз көзімен көреді,

Кім өнерші, кім мықты?- деп әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.


1- бөлім. « Кел, танысайық!»

Деген екен қазақ халқы «Сәлем –сөздің анасы»,

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.

Амандасу- ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,

Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың?

Ары қарай әр жұп өзің жалғайсың.

(Әр жұп өздерін таныстырды)

2-бөлім. «Викторина»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Түрлі сауал жұптарға біз берейік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік.
1.а) Күн мен түн немен аяқталады? ( Н әрпімен)

б) Сізді досыңыз би кешіне шақырады. Ол сізді сағат 8-де алып кетпекші болады.Сіз әзірленіп күтіп отырсыз. Бірақ, ол бір сағат кешігіп, сағат 9-да келеді. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?


2. а) 30 ақпанда не болады? ( Ештеңе. Ақпан 28,29 аяқталады.)

б) Сізді досыңыз туған күніне шақырады. Бірақ сіздің ата- анаңыз ол баланы ұнатпайтындықтан, сізге онда баруға тыйым салады. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?


3. а) Бет-аузыңнан сүйеді,

Сүйген жері күйеді. ( аяз)

б) Сіз телефон арқылы өз қатарыңызбен танысасыз. Ол сізге кездесу орнын белгілейді. Сіз кездесу орнына барасыз ба?
4. а) Орнынан қозғалмай жүретін не? ( сағат)

б) Сіз күні бұрын « Жігіттер» тобының концертіне билет алып қоясыз. Сол баратын күні сіздің өте бір жақын досыңыз өзінің туған күніне шақырып қалады. Сіз не істейсіз? Концертке барасыз ба, әлде досыңызбен бірге кетесіз бе?


5. а) Соңында түлкі жеп қоятын ертегі қалай аталады? (Бауырсақ)

б) Сіз мектептегі мерекелік кешке қатысқалы тұрсыз. Сахнаға шыға бергенде байқамай капрон шұлығыңызды ілдіріп жыртып аласыз. Не істейсіз? Сахнаға шығасыз ба, әлде шықпай қоясыз ба?


6. а) 2 нотадан құралған бақша өсімдігі? (Фа-соль)

б) Сізге концерттік бағдарламаның жүргізушісі болу міндеттеледі. Осы концертті көрші ауылға қоюға машинамен жолға шықтыңыздар. Біршама ұзағанда концерттік бағдарламаның сценариін үйге стол үстіне ұмытып кеткеніңіз есіңізге түседі. Не істейсіз? Машинаны кері бұрасыз ба, әлде сапарды жалғастыра бересіз бе?


7. а) Ненің мұрты аяғынан ұзын? ( Тарақан)

б) Ұстазыңыз ертең таңертең ашық сабағы болатынын ескертіп,соған сізге бір плакатқа сурет салып беруіңізді өтініп, тапсырма береді.Үйге келсеңіз, ата-анаңыз көрші ауылда тұратын туысқаныңыздың үйіне тойға бармақшы және сізді де бірге алып кететіндерін ескертеді. Не істейсіз?


8. а) Құрғақ тас қайда болмайды? ( Суда)

б) Сыныбыңызда ашық тәрбие сағаты өтпекші. Ал, үйіңізде екі жасар ініңіз бар, ата-анаңыз жұмысқа кетерде бүгін бала бағушының келмейтінін ескертіп, үйде болуыңызды ескертеді. Не істейсіз? Мектепке барасыз ба, әлде бала бағасыз ба?


3-бөлім. «Сиамдық егіздер».

Сіздер білесіздер ме, олар кім? Дене мүшелері бір-біріне қосылып туылған егіздерді «сиамдық егіздер» дейді. Енді сіздер сондай егіздер болып біздің тапсырмамызды орындайсыздар.Біреуіңіздің оң қолыңызға қайшы, екіншіңіздің сол қолыңызға қағаз беріледі. Осы қағаздан жұлдызша қию керек. Басқа қолдарыңызбен көмек болмайды.


4-бөлім. « Мәдениет деген не?»

Сыйлау керек , адамды сыйлау керек,

Сыйлау керек, жәбірге қимау керек.

Сыйлау керек, сол үшін ғұмыр бойы

Жүректердің жылуын жинау керек.

Сыйлау керек мәдениетті елім үшін

Сыйлау деген керек болар жерім үшін.

Мәдениетті ел болу мақсатымыз,

Достым менің, сен оны осылай түсін.

Біздің жұптар өте мәдениетті деп ойлаймыз.Ер балалар қазір қыздарыңызды мәдени және демалыс орындарына шақырасыздар. Ал, қайда шақыратындарыңызды мимикамен көрсетулеріңіз қажет.Ал, қыздар шақырған жерді шешуі керек.

1. театр

2. ресторан

3. концерт

4.кино


5.көрме

6.музей


7.туған күн

8. саяхат


5-бөлім. «Би өнері».

Биші болам болашақта Шарадай,

Төземін мен қиын жолға қарамай.

Ренжімеймін өтпей қалсам байқаудан,

Қалып жатсам шартына мен жарамай.

Сіздерге қазір әр алуан түрлі әуен қосамыз. Сіздер сол әуенге сәйкес билеулеріңіз керек.


6-бөлім. «Модельер».

Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайла.

Сіздердің алдарыңызда бірнеше заттар тұр: кастрюль, тәрелке, лента, қыстырғыштар, ремень, гүл, т.б.

Сіздер 3 минут ішінде осы заттардан шляпа жасауларыңыз керек. Сонымен қатар шляпаны киіп көрсетіп, оған ат берулеріңіз керек.
7-бөлім. « Бояу аралығы».

Бұл байқауда әр жұп көздерін байлап, сурет салады.Ненің суреті екенін түсіндіреді.


8-бөлім. « Көңілді аспазшы».

Әр жұп мына столда тұрған алжапқышты байлап, орамалды басына тартып, пышақпен картопты үзбей аршып, пиязды әдемі етіп турау керек. Картоптың тазалығы, қабығының үзілмеуі, пияздың әдемі етіліп туралуы басты шарт болып есептелінеді.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір- күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.



Әділқазы мүшелеріне сөз беріледі.
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменім көбейсін күннен –күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

Осымен кешіміз өз мәресіне жетті, келесі кездескенше аман-сау болайық!


Кештің тақырыбы: « Бозбала мен бойжеткен».

Мақсаты: -Оқушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуына, тіл

табысуына ықпал ету;

-Өз өнерлерін көрсетуіне жағдай жасау;

- Тапқырлық, тез шешім таба білуін, сөйлеу мәдинетін

қалыптастыру;

Барысы: 1. «Таныстыру».

2. «Жұмбақты тап».

3. «Өнерін көрсету».( ән, өлең, музыкалық аспаптарды

пайдалану, т.б.)

4. «Өлеңім өзіңе арналады».( берілген сөзге қарсыласына арнап,

өлең шығару)

5.« Жүрегіңмен сезін». ( қыз қолындағы затты сипаттауы

бойынша жігіт табады)

6. « Менің сөзім- сенің сөзің...» ( жаңылтпашты қайталау)

3 жұп ойыннан шығады.

7. « Мен қандаймын?» ( қарсыласына сипаттама беру)
Ерке өскен, бұла қыз ең, қылықты,

Бүгін көрдім, бойжетіпсің, көрікті.

«Бойжеткен мен бозбала»-ның төріне,

Бір өзіңмен бозбаламыз танысуға келіпті.

Қыздар мен ер балалардың көздерін байлап әкеліп, ортасы бөлініп көлегейленген орындарға жайғастырамыз.Бір жағына 4 қыз, екінші жағына 4 ұл отырғызылып, көздерін ашамыз.Қыздар жағына алма, жігіттер жағына жапырақ бейнесіндегі нөмірі жасырынған карточкаларды суыртамыз, ретімен отырғызамыз.Сайыста нөмірі қатар келген қыз бен бала түрлі сайыстан тұратын тапсырмалардан бірге сүрінбей өтуі қажет. Сонда ғана ең соңында тек 1 жұп қана жеңіске жетеді.

1. « Таныстыру».

Қыздар, ұлдар ретімен тек қана атын, класын, қай мектептен келгенін, қандай пәннен олимпиадаға қатысатынын, жақсы көретін тамағын, ең ұнатып айналысатын ісін айтып береді.



2. «Жұмбақты тап».

Әрбір оқушыға жұмбақ жасырылады.


1. Тор көзді тесігі бар ыдыспен суды төкпей-шашпай қалай тасиды?

( мұз күйінде)

2. Шайды қай қолыңмен араластырған ыңғайлы? ( қасықпен)

3. Жерден жеңіл көтересің,бірақ алысқа лақтыра алмайсың. Бұл не?

( Мамық)
4. Қай уақытта тәулік қысқа болады: қыста ма, жазда ма?

( Екеуінде де бірдей, тәулікте 24 сағат бар)

5. Қарбызда, қиярда, картопта бар, ал қызанақта, пиязда,қауында жоқ.

Бұл не? ( Р әрпі)

6. 10 метрлік биік баспалдақтан жарақат алмай қалай секіруге болады?

( ең төменгі баспасынан секіру керек)

7. Қара қарға 3 жыл өмір сүргеннен кейін не істейді?

( 4- жыл өмір сүреді)

8. Қайыңда 90 алма өсіп тұрады. Кенет қатты жел соғып, 17 алма түсіп қалады. Қаншасы қалды? ( қайыңда алма өспейді)
3. « Өнерін көрсету».

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып, биді билеп, жасап жатсаң текемет.

Өнеріңді көрсетіңдер, бойжеткен мен бозбала,

Сөз берелік жұбымызға жекелеп.

(Оқушылар орында отырып өз өнерлерін көрсетеді).


4. « Өлеңім өзіңе арналады».

Қыздар мен ұлдарға сөзі жасырынған карточкаларды суыртамын. Сол өзіне тиісті сөзді қатыстыра отырып, өзінің жұбына өлең шығарады.



Қыздарға:

1. сұңқар

2. қар

3. күн


4. күшік

Ұлдарға:

1. тамшы


2. ай

3. балапан

4. гүл
5. « Жүрегіңмен сезін».

Қыздарға түрлі заттар беріледі. Сол заттарды сипаттай отырып, өзінің жұбындағы ер балаға түсіндіреді.

1. айна

2. галстук



3. сызғыш

4. сақина


6. « Менің сөзім-сенің сөзің...»

Ойынға қатысқан 4 жұптың әрқайсысына жаңылтпаш беріледі. Жігіт өз жұбындағы қызға, қыз өз жұбындағы ұлға жаңылтпашты оқиды. Қарсыласы жаңылмай дәл қайталауы керек.Осы бөлімнен кейін жұптар іріктеліп, 3 жұп ойыннан шығады.


1. Бұл қар-

Сұр қар,


Сұр қар-

Кір қар,


Үстіне аунама,

Үстіңді былғар.

2. Түйе үйелеп қалған ба?

Бие үйелеп қалған ба?

Түйе үйелемей, бие үйелеп қалған.
3. Қоға аралас құрақты,

Қара дауыл құлатты.

Құлатты дауыл құрақты,

Құрақ құлап, сұлапты.


4. Анау арал қай арал?

Қайыңды арал, талды арал,

Ішінде бұзаулы ала марал.
5. Ара, ара, аралар,

Гүлдерден сорып бал алар.

Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәтті ғой, балалар!


6. Іздеп ек бір-бір құр,

Қу екен қу құрғыр,

Таптырмай қырдан құр,

Қайттық біз құрдан-құр.


7. Шөмеленбеген шөпті

Кім шөмелелейді?

Шөмеленбеген шөпті

Мен шөмелелемей,

Кім шөмелелейді?
8. Ол аралда марал,

Бұл аралда марал.

От екен маралға да арал,

Оттасын аралда да марал.


7. « Мен қандаймын? »

Ойын соңында жеңіске жеткен қыз бен жігіт бір-біріне көрсетілместен бұрын бір-біріне сипаттама береді.



М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп.

« Бозбала мен бойжеткен».

( Аудандық пән олимпиадасына келген оқушыларға арналған кеш )




Сайқын-2009
М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп.

« Ал, кәнекей, жұптар! »

( Аудандық пән олимпиадасына келген оқушыларға арналған кеш )



Сайқын-2009
1. Бұл қар-

Сұр қар,


Сұр қар-

Кір қар,


Үстіне аунама,

Үстіңді былғар.


2. Түйе үйелеп қалған ба?

Бие үйелеп қалған ба?

Түйе үйелемей, бие үйелеп қалған.
3. Қоға аралас құрақты,

Қара дауыл құлатты.

Құлатты дауыл құрақты,

Құрақ құлап, сұлапты.


4. Анау арал қай арал?

Қайыңды арал, талды арал,

Ішінде бұзаулы ала марал.
5. Ара, ара, аралар,

Гүлдерден сорып бал алар.

Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәтті ғой, балалар!


6. Іздеп ек бір-бір құр,

Қу екен қу құрғыр,

Таптырмай қырдан құр,

Қайттық біз құрдан-құр.


7. Шөмеленбеген шөпті

Кім шөмелелейді?

Шөмеленбеген шөпті

Мен шөмелелемей,

Кім шөмелелейді?
8. Ол аралда марал,

Бұл аралда марал.

От екен маралға да арал,

Оттасын аралда да марал.


1. сұңқар
2. қар
3. күн
4. күшік
1. тамшы
2. ай
3. балапан
4. гүл

1. театр
2. ресторан
3. концерт
4.кино
5.көрме
6.музей
7.туған күн
8. саяхат

М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Ал, кәнекей, жұптар» сайысы

Еріксіз өзімізге қаратамыз,- дей отырып, ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз

101.66kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Мектеп көшбасшысы-2009» сайысы

Ол құстардың ішіндегі ұшу шапшаңдығы жөнінен «ең рекордшы құс» атағына ие болған

61.4kb.

17 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Ер жігіт елі үшін туады» жігіттер сайысы

Бүгінгі Жеңістің 66 жылдығы мерекесі мен Отан қорғаушылар күніне орай өткелі отырған “Ер жігіт елі үшін туады” атты жігіттер сайысына қош келіпсіздер!

60.33kb.

17 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің Жаңа жылдық сценарийі-2011ж

Көңілді музыка ойналады. Ортаға екі клоун жүгіріп, билеп шығады түрлі қимылдар жасайды

44.01kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілетін мерекелік кештің бағдарламасы

Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын!

68.35kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Жас сынып жетекшілер-2011» байқауының бағдарламасы

Алдын ала белгілі бағытта жеребе суыру арқылы ашық тәрбие сағаттары 10-14 қазан аралығында беріліп өтілді. Әділқазы мүшелері қатысып шықты. Өз бағаларын бүгін қорытындыда қосады

85.73kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Жігітке жеті өнер де аз» сайысының бағдарламасы

Бүгінгі Ұландар күніне орай өткізілгелі тұрған «Жігітке жеті өнер де аз» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сахнада отырған барлық ер азаматтарымызды мерекелерімен шын жүректен құтт

36.1kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бекітемін» М. О.Әуезов атындағы ОҚму нің
290.34kb.

08 10 2014
1 стр.