М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің
Жаңа жылдық сценарийі-2011ж
(Бастауыш сыныптарға арналған)
Көңілді музыка ойналады. Ортаға екі клоун жүгіріп, билеп шығады.түрлі қимылдар жасайды.
1 клоун:
-Армысыздар ардақты ата-ана, ұлағатты ұстаздар!
2 клоун:
-Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.
1 клоун:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 клоун:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 клоун:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 клоун:
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1 клоун:
Алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөз мектеп директоры Асылхан Тельманұлына беріледі.
(Хоровод)
Осы кезде өтірік аяз ата мен өтірік ақша қар боп киінген қасқыр мен түлкі кіреді.
Қасқыр:
Өңкей жүгірмек, жиналып қалыпсыңдар ғой, міне бізде жеттік ортаға.
Түлкі:
Бірақ , біз сыйлықты тек жаман , бұзық балаларға ғана береміз, бізге жақсы балалардың әндері мен тақпақтары керегі жоқ.
Осы кезде жағымсыз музыка ойналады да ішке алаң-жұлаң мыстан кемпір кіреді.
Мыстан:
-Алақай, Аяз ата мен Ақшақар міне менің киімімді көрдіңдер ме? Сіздердікіндей әдемі, бірақ балалардың киімі менікінен де күшті екен! (жылайды) Мен мектепте оқымаймын, неше түрлі жамандықтар жасау білемін.Кәмпиттің бәрі менікі болады (күледі).
Түлкі:
-Молодец, сен біз сияқты екенсің, бірақ ақшанды дайындай бер, біз саған күшті сыйлық береміз.
2 клоун:
-Мыстан, мыстан олар өтірік айтып жатыр.
1 клоун:
-Балалар, сендер оларға сенесіңдер ме?
Балалар: -ЖОҚ
Қасқыр:
- Әй, жүгірмектер неге сенбейсіңдер, мен Аяз атамын ғой!
Түлкі:
-Міне, мен де қандай әдемімің!
Қасқыр:
- Менің сақалымды көрдіңдер ме? Міне.....
2 клоун:
- Сіздер аяз ата мен ақшақар екендерінді дәлелдеңдерші.
1 клоун:
- Аяз ата тақпақ айтсын, әкелген сыйлығын берсін.
Мыстан: -Ал , ақшақар биін билесінші.
Қасқыр (өлен айтады):
Мен аяз атамын
Сыйлықты сатамын
Аяз бен елді қатырамын!
Өзім мәз болып отырамын
Әкел ақшаңды, мә, сыйлық.
(сыйлыққа өтірік кәмпит береді)
Мыстан: (жылайды)
- Өтірікші, мынау кәмпит емес қой,
2 клоун:
- Ал, ақшақар енді сен өнеріңді көрсет.
(Түлкі жаман музыка ойналып , билеп, бас киімі түсіп қалады, түлкі екені көрінеді)
1 клоун:
- -Балалар, мынау түлкі ғой, иә.
Мыстан (Аяз атаның киімін жұлып алады):
- Мә, мынау қасқыр ғой!
2 клоун:
- Балалар, сонда біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз қайда?
Қасқыр:
- Біз оларды сиқырлап қамап қойдық, сендер бір ән орындап бермесендер, біз оны бо-сат-пай-мыз! Ән салғанда ғана сиқыр жойылады.
(Осы кезде музыка ойналады. Ішке Барыс кіреді.)
Барыс:
Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін,
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде,
Қимас шақтың бірі боп қала берсін!
Сәлем, достар! Неге көңілсізсіңдер?
1 клоун:
- Мына қасқыр мен түлкі, аяз ата мен ақшақарды сиқырлап қамап қойыпты. Ендібізге ән шырқыңдар дейді. Барыс жылы бізге көмектесші.
Барыс:
- Жарайды. Мені былтыр жақсы қарсы алдыңдар. Мен де сендерге жақсылық жасайын. Бәріміз бірге ән шырқайық.
Ал, балалар, тұрмайық,
Би билейік, ойнайық
Аяз ата келсін деп,
Дөңгеленіп зырлайық.
(Хоровод).
Осы кезде желдің уілі,қардың сықыры естіледі. Балалар бәрі «Аяз ата, Ақшақар!» деп шақырады. Есіктен Аяз ата мен ақша қар көрінеді.
2 клоун:
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Аяз ата:
Ақшақар:
Хоровод.
Осы кезде музыка ойналадыда зыр жүгіріп қоян келеді.
Қоян:
- Ойбай, мен бар қызықтан қалып қойған жоқпын ба? (Қасқырды көріп, мыстанның артына тығылып қалады)
Түлкі:
- Қоян-ау, қайда кетіп қалдың?
Қоян:
-Қасқырдан қорқам.Ол мені жеп қояды.
Ақшақар:
-Қоянжан, неден қорқасың? Қасқырға сені жегізбейміз. Биыл сенің жылың ғой. Сондықтан барлық аң мен құс, жан-жануар тату болады. Қане, бері шық!
Қоян:
- Жоқ. Сенбеймін. «Ну, погоди!» мультфилмінде ол ылғи қоянды іздеп жүреді ғой.
Қасқыр:
- Қоян бері шық. Шын айтам, мен саған тиіспеймін. Сенбесең мен саған арнап тақпақ шығардым. Айтып берейін.
Армысың, аманбысың, Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қоян жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын. Ал, қатып кеткен жоқ па?
Түлкі:
Келді, міне, Жаңа жыл ауылыма,
Соғар бетке аңызақ дауылы да.
Төрле, төрле жаңа жыл, кел бері шық!
Айтамыз тебірене жаңа жырлар.
(Қоян мыстанның артынан шығады)
1 клоун:
-Ал, оқушылар, қоянның қорқынышын басып, көңіл көтеру үшін өз өнерлерімізді ортаға салайық! Аяз атамен Ақшақардың сендерге алып келген сыйлықтары бар.
Мыстан:
Бізге жаңа жыл келді,
Жаңа бақыт нұр берді.
Жаңа жыл деп қуандық,
Көңіл шалқып гүлдеді.
Жаңа жыл деп тамсанып,
Сені көптен аңсадық.
Әйгілейміз атыңды,
Бар әлемге жар салып.
(Сыныптар өз өнерлерін көрсетеді.)
Аяз ата:
-Ал, балаларым, бізді күтіп басқа ауылда балалар отыр. Соларға аттанайық! Сендерге жаңа қоян жылын тастап, барыс жылын алып барамыз! Қоянды қорқытып жүрмеңдер. Бәрің тату-тәтті болыңдар! Жаңа жылда жаңа жетістіктерің көп болсын!
2 клоун:
- Ал, кәнеки, балалар, бәріміз аяз ата, ақшақар және барыс жылымен қоштасайық! Сау болыңыздар! (жел уілдейді, олар кетеді).
Ал, ендеше, өздеріміз жаңа жылдық кешімізді жалғастырайық! Бәріміз бірге билейміз!
Музыка ойналып, бәрі билейді.
Сынып жетекшілер сыйлықтар үйлестіреді.
Авторы: Тлепова Н.Б.