Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің

« Мектеп көшбасшысы-2009» сайысы.

Бөлімдері:



  1. Бәйге

  2. Тіл өнері

  3. Көкпар

  4. Ғажайып алтылық

  5. Лездеме сұрақ


Бәйге

  1. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал – Гренландия.

  2. Жер шарын бірінші айналып шыққан саяхатшы – Магеллан.

  3. Кабул қай мемлекеттің астанасы- Ауғаныстан.

  4. Позициялық емес санау жүйесі- Римдік.

  5. Аустралияның байырғы тұрғындары тіліндегі «түсінбедім» деген аң аты- Кенгуру.

  6. Киіз үй бөлшегі- Уық.

  7. Этил спиртінің формуласы- С2Н5ОН

  8. Химиялық формуласы РН3 болып оқылатын зат- Фосфин.

  9. Қысымның өлшем бірлігі- Паскаль

  10. Кім барлық тілде сөйлейді- Жаңғырық.

  11. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді- Құс жолы.

  12. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың – Көлеңке.

Тіл өнері

1.Малды ауылды торыған,

Малшы малын қорыған.

Құйрығын жымып жорытқан,

Аңшыдан қатты қорыққан. (Қасқыр-волк-wolf)
2.Тиіскенде түйреген,

Киімі бар инеден. (Кірпі-ежик-hedgehog)


3.Жарқырап шықты,

Алыс жол жүріп

Қараңғыға бұқты. (Күн-солнце-sun)
4....-зор байлық. (Денсаулық-здоровье-health)

5.Ашу-дұшпан, ақыл-... ( дос-друг-friend)

6....- бала қорғаны. ( әке-отец-father)

Көкпар

1.Балапандарын сүтпен асырайтын құс:



а) көгершін, б) аққу, в) бүркіт

2. Дәнінде йод әлементі бар жеміс:



а) алма б) алмұрт в) шие

3.Қуаттың өлшем бірлігі:

а) вебер б)ватт в) вольт

4) Көлемін сақтайды,пішінін сақтамайды. Бұл заттың қай күйі?

а) қатты б) газ в) сұйық

5) «Туынды сөз» тіл білімінің қай саласына жататынын табыңыз:

а) синтаксис б)морфология в) фонетика

6) Зат есімді тіркесті анықтаңыз:

а) сен туралы б) қатал бұйырды в) жаңа мектеп

7) Бейнелеуіш сөзді тап:

а) қыңқ б) селк в) сарт

8) Дүние жүзіндегі ең биік шың:



а) хантәңірі б) джомалунгма в) коммунизм

Ғажайып алтылық

Тамаша табиғат

2

4

6

Ғажайып елдер мекені

2

4

6

Ақпараттық технология

2

4

6

Өсімдіктер сыр шертеді

2

4

6

Табиғат құбылыстары

2

4

6

Әдебиет әлемі

2

4

6


Тамаша табиғат.

(2 ұпай). Ұшып келе жатып жеміне төмен қарай самғаған кезде сағатына 300 шқ, одан да көп жылдамдықпен зулайды. (Қосымша көмек: Ол құстардың ішіндегі ұшу шапшаңдығы жөнінен « ең рекордшы құс» атағына ие болған)

(Сұңқар)

(4 ұпай). Оның биіктігі 2,5 м, салмағы 120 кг.Олардың жұмыртқасы да өте ірі. Ол сағатына 70 шқ, жылдамдықпен жүгіреді.( Қосымша көмек:Ол Африкада мекендейді) . (Страус)

(6 ұпай). Оның ұзындығы 30 м, салмағы 150000 кг. Оны тіпті 5 қабатты үймен салыстыруға болады. (Қосымша көмек: Ол дүние жүзіндегі ең алып жануар). (Көк кит)
Ғажайып елдер мекені.

(2 ұпай). Қара, Жерорта,Эгей теңіздерімен көмкерілген ел. Жер аумағы 814578 шқ, халқының саны 60 млн. (Қосымша көмек: Оның астанасы-Анкара) (Түркия)

(4 ұпай). Ол елдің халқы үйлеріне көп дүние жинамайды. Үй ішінде шұлықпен немесе жалаң аяқ жүреді. Тамақты еденге дастархан жайып ішеді. Ұйықтарда да еденге жатады. (Қосымша көмек: Күн елінде орналасқан үлкен державалардың бірі). (Жапония)

(6 ұпай). Орталық Еуропада орналасқан біздің ұлтымызбен астасып жатқан ел. Оның тілі қазақ тіліне ұқсас. Үлкен қалалардағы Икарус автобустары сол елде жақсы дамыған. (Қосымша көмек: Астанасы-Будапешт). (Венгрия)
Ақпараттық технология.

(2 ұпай). Төрт бөліктен тұратын, компьютердің негізгі құрылғыларына жататын құрылғы. (Қосымша көмек: Ақпарат енгізу және оның жұмысын басқаратын құрылғы). (Пернетақта)

(4 ұпай). Ағымды желіге байланыс құралы арқылы компьтерлерді жалғауға арналған құрылғы. (Қосымша көмек: Интернетке шығу үшін міндетті түрде керек). (Модем)

(6 ұпай). Қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы. (Қосымша көмек: Оның жиі кездесетін zip.rar деген типтері бар). (Мұрағат)
Өсімдіктер сыр шертеді.

(2 ұпай). Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Емдік қасиеті жағынан Орта Азияда ертеден белгілі болса, Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Түйетабандар тұқымдасына жататын жағымсыз иісті, улы өсімдік. (Қосымша көмек: Халқымыз «пәле-жаладан сақтасын» деп түтінімен аластайды). (Адыраспан)

(4 ұпай). Тамыры, сабағы, жапырағы болмайтын паразит өсімдік. Жабысқақ тұқымдарына жіңішке жіпшелер өсіп шығып, басқа ағаштың діңдері мен тамырларын орайды да, біртіндеп өсе бастайды.Ұзындығы-90 см, кейбір үлкен түрлері 1 жастағы баланың салмағындай болатын ең үлкенгүл. (Қосымша көмек: Ғалымдар оны британ губернаторы Томас Стемфорд Раффлездің құрметіне атаған). (Раффлезия)

(6 ұпай). Бұл өсімдік фотосинтез үрдісінде түзілетін, қоректік заттардан басқа бунақденелілермен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Оларды ол түрін өзгерткен аушы жапырақтары арқылы аулайды. Әдемі түсі, жағымды иісімен бунақденелілерді өзіне тартып, жапырақ бетін бірден жайлап алады. (Қосымша көмек: Жапырақта ерігіш ферменттер бөлініп, бунақденелілерді қорытады, жыртқыш өсімдік). ( Шыбынжұт)
Табиғат құбылыстары.

(2 ұпай). Көлеңкенің пайда болуы- біртекті ортада жарықтың түзу сызықты таралуын түсіндіреді. Жерде бір жарым жылда бір рет жерге ай көлеңкесі түскенде болатын құбылыс. (Қосымша көмек: Жер мен Күн арасына ай орналасып, күнді жадуы кезінде болатын құбылыс). (Күн тұтылу)

(4 ұпай).Бұл газдардан электр тогы жүргенде, газ жарқырауымен қатар жүреді. Оның пайда болуы туралы ғылыми болжамды В.Франклин ұсынып, жайқайтарғышты ойлап тапты. (Қосымша көмек: Әр түрлі зарядталған бұлттардың немесе бұлт пен жердің арасындағы аса қуатты электр ұшқыны).

(Найзағай)

(6 ұпай). Бұл құбылыс күн жарығының құрама бөліктерге жіктелу құбылысы- дисперсияға мысал болады. (Қосымша көмек: Жарықтың жаңбыр тамшыларында призмадағыдай жіктелуі нәтижесінде пайда болған күрделі күн жарығының үздіксіз спектрі). (Кемпірқосақ)
Әдебиет әлемі.

(2 ұпай). «Біржан мен Сара» айтысында Сараның Біржаннан жеңілу себебі.

(Қосымша көмек: Сара бұған дейін біреуге атастырылған болатын).



( Есімбек, Тұрысбек сияқты ел билеушілері Сараны жаны да, тәні де кемтар Жиенқұлға атастырып қояды. Біржан оны осы осал жерден ұстайды).
(4 ұпай). Есімі Шығыстың ұлы ақындары Фирдоуси, Сағди, Низами, Науаилармен қатар тұратын түрікмен әдебиетінің классигін атаңыз. (Қосымша көмек: Оның «Түрікмен тағдыры», «Боларсың», «Ақырзаман» атты шығармалары бар).

( Мақтымқұлы Фраги (1733-1772))
(6 ұпай). Ыбырай қай жылдары өз бетінше Торғай бекінісінен бір сыныптық мектеп ашу ісін қолға алады? (Қосымша көмек: Өзінің осы істері жайында профессор Н.И.Ильменскийге 1864 жылдың қаңтарында жазған хатында былай дейді: «Осы жылы қаңтардың 8-і күні менің көптен күткен арманым орындалды, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар...)

( 1861-1863 ж.ж)
Лездеме сұрақ.

1.Ақ тұңғиық-гүл.

2.Мариан-шұңғыма

3.Анд –тау

4.Амазонка-өзен

5.Психрометр- ылғалдықты өлшейтін құрал.

6. 365 күн-1 жыл

7.Мөлдір сұйық-су

8.Дина-күйші

9.Бейэлектролит-электр тогын өткізбейді.

10. «Сегіз аяқ» өлеңі-Абай

1.Эвглена-жәндік

2.Чад-көл

3.Аустралия- құрлық

4.Анхель-сарқырама

5.Диоптрия-оптикалық күштің өлшем бірлігі

6.7 күн-1 апта

7.Био-тіршілік

8.гидраргирум-сынап

9.Ардақты-ана



10. электролит- электр тогын өткізеді.

М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ

«Мектеп көшбасшысы-2009»


Өткізген: Тлепова Н.Б.

Сайқын-2009

М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Мектеп көшбасшысы-2009» сайысы

Ол құстардың ішіндегі ұшу шапшаңдығы жөнінен «ең рекордшы құс» атағына ие болған

61.4kb.

17 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Ал, кәнекей, жұптар» сайысы

Еріксіз өзімізге қаратамыз,- дей отырып, ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз

101.66kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Ер жігіт елі үшін туады» жігіттер сайысы

Бүгінгі Жеңістің 66 жылдығы мерекесі мен Отан қорғаушылар күніне орай өткелі отырған “Ер жігіт елі үшін туады” атты жігіттер сайысына қош келіпсіздер!

60.33kb.

17 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің Жаңа жылдық сценарийі-2011ж

Көңілді музыка ойналады. Ортаға екі клоун жүгіріп, билеп шығады түрлі қимылдар жасайды

44.01kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілетін мерекелік кештің бағдарламасы

Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын!

68.35kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Жас сынып жетекшілер-2011» байқауының бағдарламасы

Алдын ала белгілі бағытта жеребе суыру арқылы ашық тәрбие сағаттары 10-14 қазан аралығында беріліп өтілді. Әділқазы мүшелері қатысып шықты. Өз бағаларын бүгін қорытындыда қосады

85.73kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Жігітке жеті өнер де аз» сайысының бағдарламасы

Бүгінгі Ұландар күніне орай өткізілгелі тұрған «Жігітке жеті өнер де аз» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сахнада отырған барлық ер азаматтарымызды мерекелерімен шын жүректен құтт

36.1kb.

25 12 2014
1 стр.


№1 лот С. Бейсембетұлы атындағы орта мектеп

Тапсырыс. Райымбек аудандық білім беру бөлімі Сізден 31. 10. 2009 ж бастап шығатын басылымдарыңызға төмендегі текстегі хабарламаны жариялауыңызды сұраймын

46.86kb.

01 09 2014
1 стр.