Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің

«Ер жігіт елі үшін туады» жігіттер сайысы
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі кештің көрермендері. Бүгінгі Жеңістің 66 жылдығы мерекесі мен Отан қорғаушылар күніне орай өткелі отырған “Ер жігіт елі үшін туады” атты жігіттер сайысына қош келіпсіздер!.
Болғалы жатыр сайыс көптен күткен

Іні мен қарындасқа үлгі тіптен,

Ауылымыз жастардан үміт күткен,

Жеңсе де, жеңілсе де тәуба еткен.


Арайлап атса келешектің ақ таңы.

Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.

Бүгінгі балғын, балауса жастар,

Қазақтың ертеңі, аппағы мақтаны.


Сайыс десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын жігіттерді бүгінгі,

Қарсы алайық қошаметпен бәріміз,-деп ортаға сайыскер ұландарымызды шақырамыз. (жеребе суыртады)


Сәлем бердік сіздерге төрағалар,

Әділдікпен қойылсын бал-бағалар.

Көп күттірмей бастайық сайысымызды,

Нағыз ерді дәл бүгін қолдаңыздар,- деп әділқазы мүшелерін таныстырып өтейік.

1.

2.

3.



4.

5.

Сайыс шартымен таныстырып өтейін:



1. Таныстыру.

2. Қолөнер.

3. Өнер көрсету.

4. Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.

5. Спорттық трюк.

6. Қызға деген өз сезімін жеткізе білу.

7. Сән үлгісін көрсету.
І. Таныстыру.

Өнер қуып, жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен бүгін ұландар,

Таныстырып өздерін өтер деймін,- деп таныстыру бөліміне кезек береміз.

ІІ. Қолөнер.

Таныс болдық ұландар тегіменен,

Туып өскен мекені, еліменен.

Ендігі қазір көрейік, тамашалап,

Өзі жасап әкелген қолөнерін,-деп келесі кезекте жігіттеріміздің өздері дайындаған қолөнерімен таныс болайық. Неден, қалай жасағанын таныстырып өтсін.

ІІІ. Өнер көрсету.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі бұл сайыстан бәйге алуға,

Сарбаздар аянбай-ақ, жан салыпты,-деп келесі кезекте жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.
ІҮ. Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.

Қазақтың сан алуан дәстүрі бар,

Оның сырын біле ме, біздің ұлдар.

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

Ал, сұлтандар, сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі талай сын бар.

Сұрағыңды ал қасымнан, қымсынбай кеп,

Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар!- деп салт-дәстүрге байланысты сұрақтарды қаншалықты білетіндеріңізді сынға салу кезегі де келген сияқты.(сұрақтарды суыртады)

1

1.Жеті қазынаны атап бер. Ер жігіт

Сұлу әйел

Жүйрік ат

Ақыл,білім

Қыран бүркіт

Берен мылтық

Жүйрік тазы (ит)

2.Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.

2



1.Жеті атаны атай аласың ба? Әке

Бала


Немере

Шөбере


Шөпшек

Немене


Туажат.

2.Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.

3



1.Жігіттің үш жұртын атап бер. Өз жұрты,

Нағашы жұрты,

Қайын жұрты.

2.Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.

4



1.Мұсылманның бес парызын ата?

Намаз оқу, зекет беру, ораза тұту, иман келтіру, қажылыққа бару.



2.Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі. Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу қашырар, желі тартар, ит ырылдар, бақан салар, үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек салар, қыз құшақтатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар кәделері алынады.

5



1.Үш арсыз.

1.Ұйқы арсыз. 2.Тмақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.

2. Тоқымқағар- жігіт алғаш рет алыс сапарға жолаушылап шығарда жасалатын салт.

6



1.Үш би.

Үйсін Төле би. 2. Арғын Қаз дауысты Қазыбек би. 3. Алшын Әйтеке би.



2. Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.

7



1.Сал-сері.- Әннің сөзін, сазын өзі шығарып, өздері орындайтын, әсем киініп, сәйгүлік атқа мініп ауыл-ауылды аралап жүріп, той-томалқтың ажарын ашатын өнерлі жігіттерді айтады.

2.Сықырлауық.- киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі.

1.Босаға.

2. Жарма бет.

3. Маңдайша.

4. Табалдырық.
8

1.Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.

2.Қойдың терісін іреу, түю.- Қойды сою үшін алдымен терісінен ірейді (түйеді). Іреу деп сыпыруға қолайлы мүмкіндік жасау үшін белгілі бір тәртіппен қойдың терісінен бауыр жағынан кесуді айтады.

9



1.Күйеу табақ. -Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс салынады.

2. Малды бауыздау.- Малды бауыздау үшін қан –жын төгіліп, үйдің маңын шыбын –шіркей басып кетпеуі үшін малды аулаққа көбіне су жағасына апарып, төрт аяғын айқастыра қосып байлайды. Малдың басын құбылаға (оңтүстік батысқа) қаратып «бісмілә»деп бауыздауға кіріседі. Содан соң «сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп бауыздап жатқан малынан амалсыздан болып жатқан іс екенін айтып кешірім сұрағандай аяушылық білдіреді.
Ү. Спорттық трюк.

Талай-талай бағындырып биіктерді,

Елімнің үзілмеген үміттері.

Шығарып атын көпке таныттырған,

Спорт сүйер қазағымның жігіттері,-деп салауатты өмір салтын ұстанатын жас өрендеріміздің спорттық өнерін тамашалайық.
ҮІ. Қызға деген өз сезімін жеткізе білу.

Жігіт бол, жігіт болсаң бұлғақтамай,

Орынсыз сөз сөйлеме жын қаққандай.

Аруға жақсы сөзді жаса әуелі,

Өзіңді көңіл бөліп тыңдатқандай,-деп келесі кезекте жігіттеріміз жағдаяттан қалай шығар екен, соны көрейік.
ҮІІ. Сән үлгісі.

Сымбатына сән киім жарасады,

Аспандағы айменен таласады.

Өнеріне өзі сай келіп тұрған,

Сұлтандарға қызығып қарасады,-деп келесі кезекті сән үлгісіне береміз. Жасалған материалын, киім үлгісін таныстырып өтуі қажет.

Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр,

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.

Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр.
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

Осыменен қоштасамыз сіздерменен,

Сайысы жігіттердің аяқталды,-деп сайыс қорытындысын айту үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.

(марапаттау, жеңімпазға «Жігіт сарбазы» лентасын тағу)

1



1.Жеті қазынаны атап бер.

2.Қымызмұрындық деген не?

2



1.Жеті атаны атай аласың ба?

2.Мизам (Сабан той) деген не?

3



1.Жігіттің үш жұртын атап бер. .

2.Қыз айттыру дегеніміз не?

4



1.Мұсылманның бес парызын ата?

2.Ұрын той дегеніміз не?

5



1.Үш арсызды ата.

2. Тоқымқағар деген не?

6



1.Үш би ата?

2. Бақан деген не?

7



1.Сал-сері деген кім?

2.Сықырлауық деген не? Құрам бөлігін айт.

8



1. «Қараша үй» деген қандай үй?

2.Қойдың терісін іреу, түю қалай жүзеге асады?.

9



1.Күйеу табақ деген не? Не тартылады?

2. Малды бауыздау қалай жасалады?
М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ


«Ер жігіт елі үшін туады»

Өткізген: Тлепова Н.Б.

Сайқын-2011

М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Ер жігіт елі үшін туады» жігіттер сайысы

Бүгінгі Жеңістің 66 жылдығы мерекесі мен Отан қорғаушылар күніне орай өткелі отырған “Ер жігіт елі үшін туады” атты жігіттер сайысына қош келіпсіздер!

60.33kb.

17 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Ал, кәнекей, жұптар» сайысы

Еріксіз өзімізге қаратамыз,- дей отырып, ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз

101.66kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Мектеп көшбасшысы-2009» сайысы

Ол құстардың ішіндегі ұшу шапшаңдығы жөнінен «ең рекордшы құс» атағына ие болған

61.4kb.

17 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің Жаңа жылдық сценарийі-2011ж

Көңілді музыка ойналады. Ортаға екі клоун жүгіріп, билеп шығады түрлі қимылдар жасайды

44.01kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілетін мерекелік кештің бағдарламасы

Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын!

68.35kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Жас сынып жетекшілер-2011» байқауының бағдарламасы

Алдын ала белгілі бағытта жеребе суыру арқылы ашық тәрбие сағаттары 10-14 қазан аралығында беріліп өтілді. Әділқазы мүшелері қатысып шықты. Өз бағаларын бүгін қорытындыда қосады

85.73kb.

25 12 2014
1 стр.


М-с. Бабажанов атындағы жоббм-нің «Жігітке жеті өнер де аз» сайысының бағдарламасы

Бүгінгі Ұландар күніне орай өткізілгелі тұрған «Жігітке жеті өнер де аз» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сахнада отырған барлық ер азаматтарымызды мерекелерімен шын жүректен құтт

36.1kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: «Нағыз жігіт байқауы»

Сабақтың мақсаты1 Ата салтын насихаттай отырып,оқушыларды жігіт бойындағы қасиеттермен таныстыру

36.32kb.

25 12 2014
1 стр.