Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Үлгі
Негізігі мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауға

емтихан материалдары
Орыс тілде оқитын оқушылар үшін

Қазақ тілі пәні


Емтихан құрылымы

  1. Тест сұрақтары 30

  2. Оқылым (мәтін) 170-200 сөзден тұрады, оның 5 жауап нұсқалары болады

  3. Берілген тақырыптар бойынша ауызша әңгімелеп айтады


Бағалау критериі және орындау уақыты

Тестте әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады, дұрыс емес жауапқа – 0 балл . Тестті орындау уақыты – 45 минут.

Оқылым 170-200 сөзден тұрады, оның 5 жауап нұсқалары болады- жоғарғы балл критерийге сәйкес -6 балл.

Оқылымды бағалау критерийлері

Оқылымды бағалау критерийлері

Балл саны

Оқу техникасы

1

Мәтіндегі басты тірек сөздерді табу (1-тапсырма)

1

Мәтінге сәйкес ақпаратты табу(2-тапсырма)

1

Мәтінде жауабы бар сұрақты табу (3-тапсырма)

1

Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтау (4-тапсырма)

1

Мәтінге лайық тақырып қою (5-тапсырма)

1

барлығы

6

Сөйлесім

Сөйлесімдегі алған тақырыбы бойынша ауызша сөйлеуге (әңгімелеуге) 20 минут уақыт беріледі (Егер сөйлесім тақырыптары оқушыларға алдын ала таратылса, сөйлесуге 10 минут жеткілікті).



Сөйлесімді бағалау критерийлері

Сөйлесімді бағалау критерийлері

Балл саны

Тақырып бойынша сөйлесімнің көлемі (15 сөйлемнен кем болмауы керек)

1

Сөздік қор

2

Сөйлеу мәдениеті, (жүйелілік, мағыналылық)

2

Тақырыпты ашу,ой тұжырымдау

3

барлығы

8


Сөйлесім (айтылым) дағдыларын бағалауға мысал ретінде келесі бағыттағы тақырыптар ұсынылады:

  1. Қазақстан (рәміздер, тарихи мағлұматтар, жәдігерлер, географиясы, қалалары)

  2. Салауатты өмір салты

  3. Жас ұрпақ

  4. Салт –дәстүрлер

  5. Туған жер

  6. Экология

  7. Ұлттар достастығы

  8. Спорт, туризм (көрікті жерлер)

  9. Достық қарым–қатынас

  10. Табиғат

  11. Ақпарат көздері

  12. Білім

  13. Отбасы

  14. Ақпарат көздері

  15. Мектеп өмірі

  16. Ғаламтор жүйесі



Мысал ретінде мәтіннің үлгісі

Қазан айының соңғы күндері. Құстар топ-топ болып тізбектеліп, жылы жаққа қайтып жатқан-ды. Мен ұлым Қазтайды ертіп, Егіндібұлақ көлінің жағасына келіп, табиғаттың күзгі көрінісін тамашалап тұрғанмын. Аспанда жападан-жалғыз ұшып бара жатқан қоңыр қазға көзім түсті. Ол ауық-ауық аянышты дыбыс шығарып барады.

- Әке, мынау құс не деп барады? Неге жалғыз қалған? – деп сұрады Қазтай.

- Бұл – қоңыр қаз. Жылы жаққа қайтқан өзінің тобынан қалып қойғанға ұқсайды. Енді не істерін білмей жетімсіреп, басына қауіп төнген түрі бар сияқты.

- Әке, ол басқа құстардың тобына неге қосылмайды?

- Қосылуы қосылар еді-ау, бөтен құстар өзінің тобына ала ма?

Осы сәт тыраулаған тырналар сән түзеп, жылы жаққа кетіп бара жатты. Қоңыр қаз соңдарынан ілесе беріп еді, бір-екі тырна бөлініп шығып, қазды қуып тастады.

Енді біраздан кейін аспанда тізіліп, ақ шатыр құрғандай аққулар тобы өте берді. Қоңыр қаз: «Түбі бір туысың емеспін бе, мені де қосып алыңдар», - дегендей қаңқ-қаңқ етіп, оларға жанаса беріп еді, бір-екі аққу бөлініп шығып, қазды қуып жіберді.

- Әке, мына аққулар да жалғыз қазды тобына қоспады ғой, - деп Қазтай құсты аяп кетті.(173 сөз)

1.Мәтіннен басты тірек сөздерді табыңыз

А) ақ шатыр, бөтен, ауық-ауық

В) жылы жаққа, қоңыр қаз,құстардың тобы

С) сән түзеп, аянышты дыбыс, ақ шатыр

Д) аққу,Қазтай, күзгі көрініс

Е) жалғыз, тырна, жетімсіреп
2.Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз

Қоңыр қаз жылы жаққа қайтқан ... қалып қойғанға ұқсайды.

А) аққулардан

В)құстардың тобынан

С) тырналардан

Д) өзінің тобынан

Е) бөтен құстардан
3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз

А) Күзгі табиғат қандай?

В) Қоңыр қаз қалай ұшып бара жатты?

С) Қоңыр қаз кімдердің тобына қосылды?

Д) Қазтай аққуларды аяды ма?

Е) Барлық тырналар кімді қуып тастады?


4. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз

А)Құстар топ- топ болып жылы жақтан келіп жатқан-ды.

В) Әкесі Қазтаймен түнгі аспанды тамашалап тұрған.

С) Басына қауіп төнген түрі бар сияқты

Д) Енді біраздан кейін аспанда тізіліп, ақ шатыр құрғандай шағалалар

тобы өте берді.

Е) Аққулар да жалғыз қазды тобына қосып алды.
5. Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз

А) Аспандағы құстар тізбегі

В) Жалғыздың үні шықпас

С) Аңға шыққан отбасы

Д) Басқа құстардың тобына қосылу

Е) Ержүрек қаз



1

В

2

D

3

В

4

С

5

D

1- мәтіннің жауап кілттері

Бағалау жүйесі.


  1. Тест

Барлық тестерді бағалау дихотомикалық шкала бойынша өткізіледі.

Әрбір дұрыс жауапқа 1балл қойылады.

Қате жауапқа 0 балл қойылады.


  1. Оқылым (мәтін)

Оқу техникасына және әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға 1 балдан қойылады.


  1. Сөйлесім (айтылым)

Көрсетілген критерийлерге сәйкес барлығы 8 балл қойылады.

Емтихан жұмыстарының орындалу уақыты

1.Тест

30 тестік тапсырманың әр сұрағына 1,5 минуттан беріледі. Барлығы 45 минут.

Тест жұмысынан кейін үзіліс беріледі.

2.Оқылым

Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындауға 30 минут уақыт беріледі.



3. Сөйлесім

Сөйлесімдегі алған тақырыбы бойынша ауызша сөйлеуге (әңгімелеуге) 20 минут уақыт беріледі (Егер сөйлесім тақырыптары оқушыларға алдын ала таратылса, сөйлесуге 10 минут жеткілікті).



Барлық емтихан тапсырмалары бірге-100%

Тест бөлігі

68%

Оқылым бөлігі

12%

Сөйлесім бөлігі

20%

Барлығы

100%


Балдарды бағаға айналдыру шкаласы
89-100 % - «5» (39- 44 балл)

72-88% - «4» (32-38 балл)

55-71% - «3» (24-31 балл)

54% және төмен – «2» (23 балл және одан төмен)

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын оқушылар үшін

Тестте әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады, дұрыс емес жауапқа – 0 балл. Тестті орындау уақыты – 45 минут

59.21kb.

15 10 2014
1 стр.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін

Оқылым 170-200 сөзден тұрады, оның 5 жауап нұсқалары болады- жоғарғы балл критерийге сәйкес -6 балл

130.77kb.

16 12 2014
1 стр.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары

Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының 5 түзетуі бар. Емледен 9, тыныс белгіден 7 қате жіберген (9/9) қате жіберген

76.06kb.

25 12 2014
1 стр.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жоғарғы мектеп бітірушілерін биология пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған емтихан (жазба) жұмысы

172.37kb.

23 09 2014
1 стр.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі мектеп бітірушілерін физика пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған емтихан (жазба) жұмысы

147.23kb.

10 10 2014
1 стр.


Дббұ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Үлгі

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі мектеп бітірушілерін физика пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған емтихан (жазба) жұмысы

126.79kb.

25 12 2014
1 стр.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі жоғары мектепті бітірушілерді қорытынды аттестаттауға арналған математика пәнінен

139.61kb.

25 12 2014
1 стр.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі негізгі мектепті бітірушілерді қорытынды аттестаттауға арналған математика пәнінен

125.1kb.

25 12 2014
1 стр.