«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Үлгі
Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға
емтихан материалдары
Қазақ тілде оқитын сыныптар үшін
Қазақ тілі
Қазақ тілі (ана тілі)
-
Құрылымы:
-
Диктант – 145-150 сөзді құрайды, ең жоғарғы ұпай -10;
-
1- ші грамматикалық тапсырма, жоғарғы ұпай -3
-
2- ші грамматикалық тапсырма, жоғарғы ұпай -3
-
Бағалау критериі
Емтихан түрі
|
бағалау критерилері
|
ұпай
|
Диктант (max 10)
|
Төменде көрсетілген талаптардың ешқайсысы ескерілмеген жағдайда.
|
0
|
|
Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының 5 түзетуі бар. Емледен 9, тыныс белгіден 7 қате жіберген (9/9) қате жіберген
|
1
|
|
Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының 4 түзетуі бар. Емледен 8 қате, тыныс белгіден 6 қате жіберген(8/6) .
|
2
|
|
Тазалығы талапқа сай, бірақ каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының үш түзетуі бар. Емледен 6 қате, тыныс белгіден 8 қате жіберген (6/8)
|
3
|
|
Тазалығы талапқа сай, бірақ каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының екі түзетуі бар. Емледен 5 қате, тыныс белгіден 8 қате жіберген (5/8) немесе оқушы сол қателердің ішінде біртекті қателер кездеседі..
|
4
|
|
Тазалығы талапқа сай, бірақ емледен 5 қате, тыныс белгіден қатесі жоқ немесе тыныс белгіден 6 қате, бірақ емледен қате жібермеген.
|
5
|
|
Тазалығы талапқа сай, жазуы анық. Емледен 4, тыныс белгіден 4 қатесі бар (4/4) немесе емледен 3, тыныс белгіден 6 қате (3/6)
|
6
|
|
Тазалығы талапқа сай, жазуы анық. Емледен 3, тыныс белгіден қатесі жоқ, немесе емледен 2, тыныс белгіден1-2 қате жіберген.
|
7
|
|
Тазалығы талапқа сай, жазуы анық. Емледен 2 қате, тыныс белгіден қатесі жоқ немесе емледен 1, тыныс белгіден – 1-2, немесе емледен ққате жоқ, тыныс белгіден 1-3 қате жіберген.
|
8
|
|
Тазалығы талапқа сай, жазуы анық, түзету жоқ. Тыныс белгіден 1 қате жіберген.
|
9
|
|
Еш қатесі жоқ, жазуы анық, таза жазылған, азат жол сақталған, түзету жоқ. Жұмыс талапқа сай орындалған.
|
10
|
Грамматикалық тапсырма (max 6)
Морфологиялық тапсырма сөз таптарына талдау (зат есім, сын есім, етістік) (max 3)
|
Төменде көрсетілген талаптарды орындай алмады
|
0
|
Сөз табына талдау барысында, оны рәсімдеуде қателер жіберді, сөз таптарының ерекшеліктерін толық анықтай алмады
|
0,5
|
Оқушы жұмысты орындады,бірақ талдау тәртібін бұзды, сөз табының барлық белгілерін анықтай алмады, жұмысты рәсімдеуде қателер жіберген жоқ
|
1
|
Оқушы жұмысты орындады, бірақ талдау ретін бұзды, сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберді.
|
1,5
|
Оқушы жұмысты орындады, бірақ , бірақ талдау ретін бұзды. Сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберген жоқ.
|
2
|
Оқушы жұмысты орындады, Жүйелі талдау жасады, бірақ сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберді.
|
2,5
|
Оқушы жұмысты қатесіз орындады. Талдау жүйесін сақтады және жазуды дұрыс рәсімдеді.
|
3
|
Синтаксистік талдау (max 3)
|
Төменде көрсетілген талаптарды орындай алмады
|
0
|
Оқушы жұмысты орындады, бірақ синтаксистік қызметін анықтауда және сөйлем мүшелеріне талдауда қателер жіберді.Сөйлем сызбасын дұрыс құрмады.
|
0,5
|
Оқушы жұмысты орындады, синтаксистік қызметін анықтады және сөйлем мүшелеріне дұрыс талдады, бірақ сөйлем сызбасын дұрыс құра алмады. Құрмалас сөйлемді анықтауда және жай сөйлемнің түрлерін ажыратуда қателер жіберді.
|
1
|
Оқушы жұмысты орындады, синтаксистік қызметін анықтауда және сөйлем мүшелеріне талдауда қателіктер жіберді, сөйлем сызбасын дұрыс құрды. Құрмалас сөйлемді анықтауда және жай сөйлемнің түрлерін ажыратуда қателер жіберді.
|
1,5
|
Оқушы жұмысты орындады, синтаксистік қызметін анықтауда және сөйлем мүшелеріне талдауда қателер жіберген жоқ, сөйлем сызбасын дұрыс құрды. Құрмалас сөйлемді анықтауда және жай сөйлемнің түрлерін ажыратуда қателер жіберді.
|
2
|
Оқушы жұмысты орындады, синтаксистік қызметін анықтауда және сөйлем мүшелеріне талдауда қателер жіберген жоқ, сөйлем сызбасын дұрыс құрды. Құрмалас сөйлем және жай сөйлемнің түрлерін ажыратуда қателер жіберді.
|
2,5
|
Оқушы жұмысты орындады, синтаксистік қызметін анықтауда және сөйлем мүшелеріне талдауда қателер жіберген жоқ, сөйлем сызбасын дұрыс құрды. Құрмалас және жай сөйлемнің түрлерін ажырата білді.
|
3
|
5. Жалпы жұмысты бағалау
Баға
|
Пайыздық көрсеткіш
|
Ұпай саны
|
«5»
|
90-100%
|
14- 16
|
«4»
|
75-89%
|
12– 13
|
«3»
|
51-74%
|
9 – 11
|
«2»
|
0-50%
|
0 – 8
|
6. Жұмысты орындау уақыты.
Жұмысты орындау уақыты: 120 минут.
БАҚЫЛАУ ДИКТАНТЫ
9 – сынып
АТА КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР
Ата- бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.
Ежелден мал бағып, айға қарап, жұлдыз санап күн кешкен қазақ халқы өз ұрпағын өсімдіктің түр-түсін ажырата білуге, қараңғы түнде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдар белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке – отбасының басшысы, оның мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенің мінез- құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі – ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы.
Отбасының әкелері мен аталары өз өнерлерін балаларына үйретіп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген.
Грамматикалық тапсырмалар:
-
Синтаксистік талдау. Сөйлем құрылысына (құрмалас: байланысу тәсілі мен құрамына, мағыналық компонентіне, жасалуын; жай: бастауыштың қатысына, тұрлаусыз мүшелер қатысына, сөйлем мүшелерінің ойға қатысына қарай); сөйлем мүшелеріне (қызметі, мағынасы, құрамы, жасалуы. Ескерту: бастауыш пен баяндауышта мағынасына талданбайды); сөз байланысына (байланысу тәсілі, байланысу түрі)
Талдау үлгісі:
Синтаксистік талдау. Сөйлем құрылысына ажыратыңыз. Тұрлаулы мүшелерін және тұрлаусыз мүшелердің біреуін тауып, талдаңыз. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін байланысына қарай талдаңыз.
Отбасының әкелері мен аталары өз өнерлерін балаларына үйретіп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген.
Құрылысына қарай- құрмалас; байланысу тәсілі мен құрамына қарай-сабақтас; мағыналық компонентіне қарай – қимыл – сын бағыныңқылы;
жасалуы- бағыныңқының баяндауышы – ып көсемше жұрнағы арқылы жасалған.
Сөйлем мүшелеріне: Көңіл бөлген – қайткен? баяндауыш, күрделі, есім сөзге көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалған.
(Олар) бастауыш жасырын тұр – кімдер? дара, жіктеу есімдігінен жасалған.
Үйретіп – қайтіп? баяндауыш, дара, - іп көсемше тұлғалы қимыл-сын бағыныңқы.
Әкелері, аталары- кімдер? дара, зат есімнен жасалған.
Тәрбиелеуге- неге? толықтауыш, жанама, дара, барыс септік жалғауы арқылы жасалған.
Сөз байланысына: толықтауыштық қатынас - тәрбиелеуге көңіл бөлген: байланысу тәсілі – қосымша арқылы – ге барыс септік жалғауы; байланысу түрі- меңгеру.
Морфологиялық талдау. (сөйлем ішінен 1-зат есімге, 1- сын есімге, 1-
етістікке) тұлғасы, жасалуы, құрамы, мағынасы, түрленуіне қарай талдаңыз.
Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген.
Жігіттің: түбірі-жігіт, негізгі, негізгі түбірден жасалған, дара, жалпы, деректі,
- тің ілік септік жалғауы арқылы түрленген.
Ізгі: түбірі- ізгі, туынды, -гі жұрнағының жалғануы арқылы жасалған, дара, қатыстық, түрленбеген.
Сіңірген: түбірі – сіңір, негізгі етістік, -ген есімше формалы, дара, сабақты, болымды, бұрынғы өткен шақ, ашық райда түрленген.