Перейти на главную страницу
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Бекітемін
Оқу ісі жөніндегі проректор
____________Е. Щербик
«____» __________ 2004 ж.
МАТЕРИКТЕР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫНАН
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Оқу құралы
Өскемен
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы
Оқу-әдістемелік құрал «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясының практикалық жұмыстар».
«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәні бойынша базалық мемлекетік стандарттың, типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған.
Оқу-әдістемелік құралды дайындаған
ШҚМУ доценті Г.Б. Забенова
ШҚМУ-дың география кафедрасының отырысында талқыланды
№3 хаттама, 29 қазан 2004 жыл
Кафедра меңгерушісі
Оқу-әдістемелік құрал Жаратылыстану ғылымдары және экология институтының әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
№ хаттама 2004 жыл
Төрайымы Л.Т. Байжуманова
Норма бақылаушы Ж. Бопурова
КІРІСПЕ
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясынан практикалық сабақтар студенттерге аймақтық география бойынша теориялық және ғылыми-әдістемелік мәселелерді меңгеруге көмектеседі.
Бұл сабақтардың мақсаты – студенттерді картографиялық және графикалық материалдарды талдай білуге, табиғат компоненттері арасындағы байланыстарды анықтауға, ландшафттардың генетикалық ерекшеліктерін, олардың кеңістіктегі таралуын зерттеуге үйрету. Практикалық сабақтарда студенттер тақырыптық карталарды оқи білуге, олардан алынған ақпараттардан кестелер, графиктер, схемалар, кешенді физикалық-географиялық сипаттамалар құрастыруға дағдыланады.
Практикалық жұмыстардың ішінде топтық жұмыстармен бірге жеке тапсырмалар да бар. Ол жұмыстар көбінесе студенттердің дайындық деңгейі мен қызығушылықтарына қарай бөлініп беріледі. Жеке тапсырмалардың көпшілігі аудиториялық сабақтан тыс уақыттарда, монографияларды, мерзімдік баспасөз материалдарын, атластар мен карталарды пайдалана отырып, орындауға арналған.
Жалпы оқу құралында берілген тапсырмаларды орындау түрлері әр алуан: географиялық заңдылықтарды анықтау үшін карталарға, атластарға, кестелер мен графиктерге талдау жасау, карта-схемалар мен қималар салу, семинар сабақтары.
Қолданылып жүрген практикумдарда (Ерамов Р.А. Практикум по физической географии материков. – М.: Просвещение, 1987; Власова Т.В., Велеско М.В. Практикум по физической географии материков. – М.: Просвещение, 1978 т.б.) практикалық жұмыстар тек материктерге ғана арналған, мұхиттар бойынша тапсырмалар жоқ.
Сонымен қатар, бұл ұсынылып отырған «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы бойынша практикалық жұмыстар» оқу-әдістемелік құралы мемлекеттік тілде оқитын студенттер үшін өте қажетті құрал болып табылады.
Оқу-әдістемелік құрал Мемлекттік білім беру стандартына сәйкес,
Қосымша ретінде «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәнінен курстық жұмыстар тақырыптары мен қажетті әдебиеттер тізбесі, географиялық номенклатура және практикалық сабақтарға қажетті кестелер мен анықтамалар берілген.
Автор әдістемелік құралды жазу барысында берілген ақыл-кеңестерге алғысын білдіреді.
ЕВРАЗИЯ
Қысқаша анықтама
Евразия біздің планетамыздағы ең үлкен материк. Жердің құрылық бөлігінің 1/3 бөлігін құрайды. Бұл материкте жер шары халқының 3/4 бөлігі мекендейді.
Евразия – ежелгі өркениеттің бесігі. Мұнда Жердің ең биік шыңы-Джомолунгма (8848м), құрылықтың ең төменгі ойысы – Өлі теңіз (400 м) орналасқан. Сонымен қатар Евразияда халқының саны ең көп мемлекет-Қытай (1,2 млрд. адам) және жер көлемі ең үлкен мемлекет – Ресей (17 млн шаршы метр) орналасқан.
Евразия арктикалық белдеуден экваторлық белдеуге дейінгі барлық климаттық белдеулерде орналасқан жалғыз материк.
Шеткі нүктелер арасындағы қашықтықтарды градуспен және километрмен өлшеу.
2. Физикалық карта бойынша Евразия материгінің сыртқы пішініне сипаттама беру, жағалау сызықтарының ең көп тілімдеген және аз тілімдеген бөліктерін көрсету. Оны Солтүстік Америкамен және Африкамен салыстыру.
Құрылық және мұхит бөліктерінің сұғына еніп жатқан бөліктерінің материк табиғатына тигізетін әсерін анықтау. Тақырыптық карталарға талдау жасау арқылы мысалдар келтіру.
3. Атлас карталары бойынша Евразияның жағалауларына жақын өтетін жылы, суық мұхит ағыстарының бағытын анықтау. Мұхиттардың әр қайсысының материк климатының қалыптасуына тигізетін әсерін анықтау.
4. Евразияның жеке аудандарының географиялық жағдайының олардың табиғатына тигізетін әсерін сипаттау. (Бұл тапсырманы әр студент жеке орындауы тиіс).
Берілген аудандар: Исландия, Аравия, Үндістан, Үндіқытай, түбектері, Британ, Жапон аралдары, Тибет, Орталық Азия.
5. Екі ауданның географиялық жағдайына салыстырмалы сипаттама беру, мысалы; Британ және Жапон аралдары; Пиреней түбегі мен Кіші Азия түбегі; Аравия түбегі мен Үндістан түбегі; Альпі мен Гималай т.б.
1. Евразияның ірі жазықтары мен тау жүйелерінің орналасу ерекшеліктерін, олардың табиғи-территориялық кешендердің басқа құрамдас бөліктерінің кеңістікте таралып орналасуына тигізетін әсерін анықтау.
2. Евразияның тектоникалық, геологиялық, физикалық карталарын салыстыра отырып, оның тектоникалық құрылымы және жер бедерін қалыптастырушы ролін оқып-зерттеу.
Қолданылатын құралдар:
Жер бедерінің ерекшеліктерін айқын көрсету үшін бірнеше бағытта орогипсометриялық қималар салу: 20 ш.б.,60 ш.б.,55 с.е. бойынша.
Физикалық картаға талдау жасау арқылы мынандай сұрақтарға жауап беру: а) Евразияның қандай аудандарында ірі жазықтар орналасқан, олардың көп кездесетін биіктік нүктелері қандай? ә) Евразияның қандай аудандарында ірі тау жүйелері орналасқан? Олардың орналасу бағыттары қандай?
2. Тақырыптық карталарға талдау жасау арқылы төмендегідей сұрақтарға жауап беру:
а) Евразияның жер бедерінің климатқа тигізетін әсері қандай? Мысалдар келтір.
ә) Евразиядағы «географиялық тосқауыл» ролін атқаратын қандай таулар? Оларды тақырыптық карталар арқылы дәлелде.
б) Евразиядағы негізгі өзен ағыстарының Солтүстік Мұзды мұхитқа бағытталуы неліктен?
в) Евразияның Дүниежүзілік мұхитқа құятын өзен ағысы жоқ аудандарын ата, ол жерлердің жер бедері қандай?
1. Евразияның тектоникалық, геологиялық, физикалық карталарына біртұтас шолу жасау: ежелгі платформалары, жас (палеозой фундаменттері) платформалар, палеозой, мезозой, кайнозой тау жасалу құрылымдары, Альпі- Гималай белдеуі. Оларды құрайтын тау жыныстарын анықтау.
2. Контур картаға Евразияның оротектоникалық схемасын түсіру.
Батыс Европаның оротектоникалық сызбасы.
1. Европаның контур картасына ежелгі Шығыс Европа платформасын түсіру, платформа аумағында Фенно- Скандинавия және Украин қалқандарын көрсету.
2. Каледондық тау жүйелерін түсіру(Рz1):
а) Скандинавия таулары;
б) Шотландия таулары қыраты;
в) Пеннин таулары
г) Кембрий таулары
е) Данегол
3. Герциндік тау жүйелерін түсіру(Рz2):
а) Керри таулары;
б) Корнуэлл, Бретань, Нормандия түбектерінің таулы қыраттары;
в) Арден таулары
г) Гарц, Тюрингия орманы, Шумава, Чех орманы, Кенді таулар, Судет, Вогез, Шварцвальд таулары;
д) Орталық француз массиві
ж) Кантабрия таулары;
з) Сьерра- Морена, Орталық Кордильер
4. Альпілік тау жүйелерін түсіру(Кz):
а) Андалуз таулары
б) Каталон, Иберия, Пиреней, Юра таулары
в) Альпі, Карпат таулары
г) Стара- Планина, Родоп, Динар, Пинд, Апеннин таулары.
Азияның оротектоникалық сызбасы
б) Үнді
г) Сібір платформалары
Қытай платформасының бөліктері:
а) Ордос
б) Тарим массиві
в) Тибет массиві
г) Корей- Шандунь массиві
д) Қытай платформасының негізгі бөлігі,
е) Индо-Синий массиві.
б) Инь- шань
в) Бэйшань
г) Алтынтаг тауларының солтүстік бөлігі.
б) Хангай
в) Джиде тау жотасы
г) Нань- Шань
д) Нань- Линь
е) Алтынгаг (оңтүстік бөлігі).
4. Герциндік-каледондық тау жүйелерін түсіру( Рz1+Рz2)
а) Тянь- Шань
б) Моңғол Алтайы
5. Герциндік тау жүйелерін түсіру;
а) Кунь-Лунь
б) Цинь- Линь
в) Үлкен және Кіші Хинган таулары
г) Хэнпэй
д) Гоби Алтайы
6. Мезозойлық тау жүйелерін түсіру:
а) Трансгималай таулары
б) Кукушили
в) Орыс географиялық қоғамы жотасы
г) Баян- Хара- Ула
д) Тибет таулары
е) Шань тау жотасы
ж) Аннам тауларының солтүстік бөлігі
з) Тайлында
7. Альпілік тау жүйелерін түсіру
а) Понтий таулары
б) Эльбурс, Түркімен- Хорасан таулары;
в) Парапамиз, Гиндукуш, Қарақорым таулары;
г) Тавр таулары
д) Загрос, Макран; Сүлеймен таулары
е) Гималай таулары
ж) Аракан, Пегу таулары.
Оротектоникалық сызбаны контур картаға түсірген кезде әрбір тектоникалық құрылымдар мен тау жасалу жүйелері белгілі бір бояу түстерімен түсіріледі:
Контур картаға Евразияның морфологиялық құрылымдарын штриховкалық шартты белгілермен түсіру.
Негізгі морфоқұрылымдар:
1. Берілген аудан бойынша физикалық және тектоникалық карталардың көмегімен негізгі орографиялық бірліктерді қиып өтетіндей етіп геоморфологиялық қиманың бағытын анықтау.
2. Берілген бағытта бойынша көлденең және тігінен масштабтарды анықтап алып, гипсометриялық қима сызу. Қима сызығы кесіп өтетін орографиялық бірліктер мен өзендердің аттарын жазу.
3. Гипсометриялық қима бойында ол кесіп өтетін морфоқұрылымдар мен тектоникалық құрылымдарды түстермен көрсету.
Мына аудандар бойынша гипсометриялық қималар түсіруге болады:
Фенноскандия, Пиреней түбегі, Орта Европа жазығы, Иран таулы қыраты, Тибет, Аравия түбегі, Үнді- Ганг ойпаты, Үндіқытай түбегі.
б) Шығыс және Оңтүстік- Шығыс Азияның тайфундары.
в) Евразияның құрғақшылық аудандарының климаты.
г) Евразияның биік таулары аймақтарындағы климат типтері.
д) Евразия материгінің агро климаттық ресурстары.
4-тақырып. Евразияның ішкі сулары
Сабақтың мақсаты: Евразияның өзен жүйелерінің гидрологиялық режимінің табиғи жағдайларға байланыстылығын анықтау; көл қазаншұңқырларын генетикалық классификациялау және ірі көлдерге сипаттама беру;
Қолданылатын құралдар:
Кестеге мына өзендерді енгізуге болады: Янцызы, Хуанхэ, Меконг, Инд, Брахмапутра, Дунай, Ганг, Евфрат, Иравади, Тарим, Тигр, Годовари, Ляохэ, Рейн, Эльба, Висла, Тахо.
Кестедегі мына көлдерді енгізу қажет: Дунтинху, Урмия, Венерн, Кукунор, Ван, Поянху, Хубсугул, Тұз, Веттерн, Сайма, Меларен, Инари, Өлі теңіз.
1-кесте
Тау жүйесі |
Мздықтардың ауданы, мың км2 |
Жеке мздықтардың атаулары |
Скандинавия таулары |
3,1 |
Юстедальсбре, Свартисен |
Исландия |
11,8 |
Ватнайекюдль, Ховсиекюдль |
Альпі |
2,9 |
Алечский, Горнер, Мер-де-Глас |
Гималай |
33,1 |
Ганготри, Зему, Канчен-джанга |
Гиндукуш |
6,2 |
Үлантар, Тирич |
Каракорум Кунь-Лунь Тибет тау жоталары
|
16,3 11,6
32,1 |
Сначен, Бальторо |
Бұл жұмысты мынандай кесте түрінде орындауға болады:
2-кесте
Топырақ түрі |
Климаттық белдеу және климат типі |
Өсімдік жамылғысының негізгі түрлері |
|
|
|
Қосымшадан берілген «Жер құрылығындағы географиялық белдеулері мен зоналардың ауданы» кестесіндегі мәліметтерді пайдаланып, бағандық немесе шеңберлік диаграмма сызу. Диаграммаға талдау жасау.
а) Евразия табиғатының кеңістікте таралуындағы жер бедерінің ролі;
б) Евразия ірі табиғи аудандарға бөлінуіне биоклиматтық факторлардың әсері;
в) Евразия территориясындағы субконтиненттер мен физикалық географиялық аудандардың шекарасы қандай факторларға байланысты жүргізілген?
Евразияның жеке субконтинеттеріне кешенді физикалық-географиялық сиаттамалар құрастыру.
Субконтинеттер:
Исландия, Ренноскандия, Герциндік Европа және Британ аралдары, Жерортатеңіздік Европа, Альпі- Карпат, Иран таулы қыраты, Гималай, Аравия түбегі, Үндістан, Үндіқытай, Малай-Филиппин архипелагы, Жапон аралдары, Орталық Азия, Шығыс Қытай т.б.
Физикалық-географиялық сипаттамада: материктің аумағындағы географиялық жағдайы; территориялық құрамы мен шекаралары; субконтиненттің табиғи бірлігін сақтайтын факторлар; геологиялық құрылымы мен жер бедерінің ерекшеліктері; климаты; ішкі сулары; өсімдік және топырақ жамылғылары; жануарлар дүниесі; табиғи ресурстары және экологиялық мәселелері беріледі.
«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәні бойынша базалық мемлекетік стандарттың, типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған
14 12 2014
4 стр.
Есжанова Ж. Т. Топырақтану курсының практикалық бөлімінен оқу-әдістемелік құрал; ШҚМУ. Өскемен : ШҚму баспасы, 2006. 72бет
14 12 2014
5 стр.
Оқу әдістемелік құрал жаратылыстану және экология институтының әдістемелік кеңесінде бекітілді
17 12 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік құрал іштей, сырттай оқитын студенттер мен оқытушылар және әдіскерлерге арналған
25 12 2014
6 стр.
Хаттама № Кафедра меңгерушісі А. Ж. Асаинов фмжәнеат факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды “ ” 200 ж. Хаттама № ӘК төрағасы Ж. Г. Муканова
23 09 2014
1 стр.
Бағдарлама 20 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
08 10 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде
14 12 2014
1 стр.
Қаржы – экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
03 09 2014
1 стр.