ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Есжанова Ж .Т.
“Топырақтану”
курсының практикалық бөлімінен оқу-әдістемелік құрал
Өскемен
ШҚМУ баспасы
2006
УДК 631.4(075.8)
ББК 40.3 я 73
Е 78
Есжанова Ж. Т. Топырақтану курсының практикалық бөлімінен оқу-әдістемелік құрал; ШҚМУ. - Өскемен : ШҚМУ баспасы, 2006.-72бет
Аталмыш оқу-әдістемелік құралы “Топырақтану” курсының практикалық бөлімі.
Кітапта “Топырақтану” курсынан берілетін білімді тереңдете түсу және бекіту мақсатында студенттердің өз бетінше атқарулары тиіс зертханалық-тәжірибелік жұмыстары, семинар сабақтарының тапсырмалары, рефераттар тақырыптары, емтихан сұрақтары, сол сияқты оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар мен әдебиеттер қамтылған.
Бұл оқу-әдістемелік құрал жоғарғы оқу орнындарының “Экология” маман- дығын алушы студенттерге арналған.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әдістемелік Кеңесі ұсынған.
Пікір жазғандар: география ғылымының кандидаты - А.С.Чурсин,
техника ғылымының кандидаты, доцент - Қ.Б. Хасенов
ISBN ШҚМУ, 2006
АЛҒЫ СӨЗ
Топырақтану - топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері мен географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.
Топырақ – ландшафтың туындысы және элементі бола тұрып, жер бетінің табиғатының дамуына айырықша үлес қосады. Атмосфера, биосфера, гидросфе ра, литосфера арасында үздіксіз байланықа түсіп, топырақ жамылғысы жер бетінде осы сфералардың ішіндегі тіршіліктің дамуына аса қажет тепе-тең- дікті сақтайды.
Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар кө-мегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оның құнарлылығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Топырақ құнарлылығының жойылуы адамзат қоғамына аштық, кедейшілік т.б бақытсыздықтар әкелері сөзсіз. Сондықтанда табиғаттың құнды байлығы сана- латын топырақты ұтымды пайдаланып, оның құнарлылығын сақтап, арттыру үшін топырақтың құрамы мен морфологиялық, физикалық, физико-химиялық қасиеттерін жетік білу қажет.
“Топырақтану” курсының практикалық бөлімінің оқу- әдістемелік құралын пайдалану барысында студент қоршаған табиғи ортаның барлық компонентте- рінің өз-ара қатынасының нәтижесі ретінде топырақтың қалыптасу үрдісімен танысады, сондай-ақ географиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты топырақ- тың әр түрлі типтерінің таралу заңдылықтарын оқып үйрене отырып, табиғат- тағы күрделі байланыстар туралы нақтылы түсінік алады.
Топырақта жүріп жатқан биологиялық, геохимиялық және физико-химия- лық үрдістерді білу, жоғарғы экологиялық білімді қамтамасыз ету үшін өте ма- ңызды.
Оқу-әдістемелік құралы экология факультетінің “Топырақтану” курсының бағдарламасына сәйкес жазылды.
Практикалық жұмыстарды орындауға нұсқаулар
1. Практикалық жұмыстың алдында берілген түсініктемені оқып шығыңыздар. Оның негізінде жұмыстың мақсатын тұжырымдаңыздар.
2. Зертханалық үстеліңізде қажетті құрал-жабдықтардың болуын тексер -іңіздер.
3. Практикалы жұмыстарды жүргізудің негізгі кезеңдерімен тансыңыздар.
4. Жұмыс барысында бақылауларыңызды дәптерге толық жазып алу қажет. Зерттеу жұмысында маңызды емес нәрсе болмайды. Жұмысты бастамас бұрын жұмыс дәптеріне жүргізілген күнді, нөмірін, тақырыбын, жұмыстың мақсатын жазу керек. Кейін қысқаша сызба-нұсқа түрінде зерттеу барысын жазыңыздар.
5. Практикалық жұмысты аяқтаған соң, оның нәтижелерін жазыңдар(олар: сөздік сипаттама, кесте, график, диаграмма, карта т.б. түрінде болуы мүмкін).
Жүргізілген практикалық жұмыстар негізінде қорытындылар мен нұсқау -ларды тұжырымдаңыздар.
Топырақтың морфологиялық қасиеттері.
Топырақтың пайда болу процесіндегі өзіне тән құрылымының бірі - пішін түзуі, яғни топырақтың морфологиясының қалыптасуы. Осы арқылы топырақтар бір - бірімен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылым - топырақтың сыртқы пішіні. Топырақ - әртүрлі морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан да бұл көріністерді сыртқы пішіндері мен айырмашылығы бар генетикалық қабаттардан іздестіреді.
Топырақтың негізгі морфологиялық сипаттамаларына топырақтың түсі, құрылымы, нығыздығы, механикалық құрамы, әртүрлі қосылыстардың бары немесе жоғы, HCI- мен әрекеті т.б жатады.
Топырақтың морфологиялық белгілерін зерттеу кезінде оның құрамын, топырақтың қабаттары мен олардың қалыңдығын, түсін, түрін, кесектерінің мөлшерін, нығыздығын, әрқилы бөгде заттар мен түзілімдерін, сонымен бірге топырақтың механикалық құрамын және топырақ түзуші негіздердің тектерін, ылғалдылығын, органикалық заттар мен өсімдік тамырларының мөлшерін, әртүрлі тереңдіктегі топырақ қабаттарының тұз қышқылымен әсерін т.т баяндап жазады.
Топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың профилі (пішіні) деп аталады.Топырақ негізінен 3 генетикалық тектік қабаттардан тұрады. Олар: қара шірікті-қоректік (А-қабат), өтпелі (В-қабат) және топырақ түзуші аналық жыныстар (С-қабат) қабаттары. Топырақ қабаттарын толық дәйектеу үшін оларды қазіргі сипаттамалар бойынша төменгі қабаттарға жіктеп, белгілі бір индекстермен белгілеген. А0-үстіңгі төсеніш қабат. А-шым қабат. А1-шірінді-қорлы қабат. А2-элювиалдық қабат. В-илювиалдық қабат. С-аналық жыныстық қабат және Д-астыңғы төсеніш қабат. Кей жағдайда қабаттардың өзін бірнеше қабатшаларға бөледі, мысалы: А1; А2; В1; В2; С1; С2:
Топырақтың тектік генетикалық қабаттарының қалыңдағы бірнеше санти- метрден 1 метрге және одан да көпке жетуі мүмкін. Топырақ қабаттарының қалындығын бейнелеу үшін әр қабат пен қабатшалардың үстіңгі және астыңғы тегін анықтайды. Мысалы: қара топырақ үшін бұл сипаттама төмендегідей болады: А (0-25 см), Б (25-50см), ВС (50-80 см).
Демек, жоғарыдағы сипаттама топырақтың қабаттарының қалыңдығы жайлы ғана емес, олардың орналасу тереңдігі туралы да мәлімет береді. Әлбетте, бұл анықтамалар топырақтың түзілу ерекшеліктері мен құнарлылығы жайында ой түзуге мүмкіндік туғызады.
Топырақтың түсі – морфологиялық көріністерінің ішінде ең негізгі белгі. Топырақ аттарының өзі де осы түстеріне қарай қойылған. Топырақтың тектік генетикалық қабаттарының түсі топырақтардың түзілу ерекшеліктеріне, химиялық құрамына, гумустың мөлшеріне, темір, марганец, алюминий, кальций карбонаты т.б. қосылыстарға байланысты. Гумус топыраққа қара немесе қара қоңыр түс, темір мен марганец тотықтары сары, қызыл, сия түстер ал, кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий гидроксиді және суға тез ерігіш тұздар (хлоридтер және сульфаттар) –ақ түс береді.
Әр түрлі топырақтардың тектік қабаттарының түсі әрқилы болады, мысалы: шірікті-қорлы қабат А сұрғылт (шымдауыт-сортаң топырақ), қоңырқай реңді сұрғылт (сұрғылт тоғай топырағы), қара (қара топырақ сарғылт-сұрғылт/сарғылт топырақ) түске ие болуы ықтимал.
Сонымен қатар топырақтардың түсі оның ылғалдылығына, жарықпен қанығуына және құрылымдық жағдайына да байланысты. Мысалы, кез-келген топырақ кіршең құрғақ кезінде кіршең сұрғылт болса, су кезінде сұрғылт болып көрінеді. Таңертең немесе кешкі уақыттарда, күндізгі мезетпен салыстырғанда, топырақ әрқашан күңгірт түсті болып келеді. Топырақ түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының қалың қара түсті болуы гумустың молдығын көрсетеді.
Топырақтың құрылымы деп оның әртүрлі пішінді үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы, қыш (плита) тәріздес тағы басқа түрлерге бөлінеді.Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементтермен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымының пайда болуы - күрделі биохимиялық және физика-химиялық процесс. Топырақтың құрамында 0,5мм-лік микроагрегаттардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттар бар. Құнарлы, бағалы топырақ агрегаттарының көлемі 1мм-ден10мм-ге дейін кездеседі. Құрылымды топырақтарда су, ауа және жылу алмасу осыларға байланысты өсімдіктердің азықтық заттармен қоректенуіне қажетті биологиялық құбылыстармен жағымды бағытта жүреді.
Топырақтың нығыздығы - оның борпылдақ қуысты немесе нығыз болу қасиеті. Бұл көрсеткіш топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығын және құрылым бөліктерінің арасындағы қуыстар дәрежесін білдіреді. Топырақ қуыстары ауа мен судың, жылудың жылжуына ықпал етеді. Топырақтың нығыздығы топырақтың құрылымына, механикалық құрамына, органикалық және минералдық бөлшектерінің мөлшеріне байланысты. Нығыздық деңгейіне қарай топырақ мынадай түрлерге бөлінеді: өте тығыз, біртұтас топырақ, тығыз топырақ, тығыздау топырақ, борпылдақ топырақ және бос жылжымалы топырақ.
Топырақтың тығыздығы мен кеуектілігіне байланысты бір қасиеті - оның тұтқырлығы, былайша айтқанда, топырақ бөлшектерін айыру кезіндегі соқамен қарсылықты жоюға қажетті күш. Тұтқырлық мөлшері топырақтың механикалық құрамына және ылғалдылығына байланысты. Бөлшектерінің диаметрі-0,001 мм, кей топырақтардың сулы, сыздақ, құм мен құмдауыт топырақтарға қарағанда тұтқырлығы жоғары болады.
Топырақтың ылғалдығы артуымен бірге оның тұтқырлығы кемиді, бірақ жабысқақтық пайда болады.
Топырақтың түзілуі құбылысының бағыты мен сипаты жайындағы мағлұматты оның құрамындағы түзілімдер мен бөгде заттардың түрлеріне қарай білуге де болады.
Топырақтың құрылымдағы түзілімдер химиялық көмірқышқылды әктің, темір мен марганецтің т.б. тұздардың қосылыстары және биологиялық құрттардың нәжістері, өсімдік тамырларының “табы” т.т. болып бөлінеді. Кейбір түзілімдердің арнайы атаулары болады. Мысалы, ортштейндер - темір мен марганец тотықтарының кесек немесе тары тәріздес қара-қоңыр, күңгірт-қоңыр қосылыстары; ортзаңдар - тығыз шірік, қоңыр түсті темірдің қабыршақтары, псевдофибралар - жұқа, шірік - сарғыш түсті құрылымдар, ұлпалары топырақ бөлшектерінің беттеріндегі кремнеземнің жұқа ақшыл дақтары және қутандар - топырақ бөлшектерінің беттеріндегі темір-органикалық дақтар.
Бөгде заттарға топырақтардың жетілуіне қатысы жоқ заттар жатады: тау жыныстарының кесегі, тас, кірпіш, шыны, сүйек, ағаш, мал мен өсімдіктердің
следующая страница>