Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4страница 5

қалдықтары.

Практикалық жұмыс №1


Тақырыбы: Топырақ қабаттарының сипаттамасы.

Мақсаты: Топырақтың морфологиялық қасиеттерін зерттеу арқылы оның қабаттарының толық кескініне сипаттама беру.

Қажетті құралдар мен заттар: компас, күрек, пышақ, литр, 5-10 проценттік тұз қышқылының ерітіндісі, су, жұмыс дәптері, түрлі - түсті қарындаштар.

1-тапсырма.

Тапсырмаға түсінік: Сипаттаудың мақсатына байланысты топырақ қабаттарының толық немесе негізгі тереңдігі 150-300 см, бақылау тереңдігі 75-100 см және үстіңгі тереңдігі 25-75 см кескіндерін зерттейді.

Топырақ негізінен үш генетикалық тектік қабаттардан тұрады. Олар: шірінді-қоректі (А-қабат), аралас (В-қабат) және аналық жыныстар (С-қабат) қабаттары. Топырақ қабаттарын толық дәйектеу үшін оларды қазіргі сипаттамалар бойынша төменгі қабаттарға жіктеп, белгілі бір индекстермен белгілейді. А0-үстіңгі төсеніш қабат, А-шым қабат, А1-шірінді-қорлы қабат, А2-элювиалдық қабат, В-илювиалдық қабат, С-аналық жыныстық қабат және Д-астыңғы төсеніш қабаты. Кей жағдайда қабаттардың өзін бірнеше қабатшаларға бөледі. Мысалы:А121212:

Топырақтың тектік генетикалық қабаттарының қалыңдағы бірнеше сантиметрден бір метрге және одан да көпке жетуі мүмкін.

Жұмыс реті:

1.Топырақ қабаттарының толық кескінін сипаттайтын орынды анықтау (оқытушы)

2.Шұңқырдың ұзындығы 120-200 см, ені 70-80, ал тереңдігі 150-200 см болады да, оның үш қабырғасы тік, ал төртінші жағы баспалдақтанып қазылады.

Топырақ қабаттарының сипаттамасын жазар алдында шұңқырдың картадағы орнын, жердің рельефі мен микрорельефін, маңайдағы өсімдіктердің түрлерін және жер асты суларының тереңдігін көрсету қажет.

3.Топырақтың түсіне, тұтқырлығына, түзілімдерге және басқадай морфологиялық қасиеттеріне қарай оның тектік қабаттарын анықтап, өлшеп және төмендегі ретпен сипаттап жазыңыздар:

а) қабаттар А1, А2, АΙ, АΙΙ, В, С, Д.

б) қабаттардың тереңдігі мен қалыңдығы, мысалға:

А1 0-3 см, А2 3-18 см, т.т.

в) қабаттардың түсі. Ол біркелкі немесе біркелкі емес болуы мүмкін.

г) қабаттардың ылғалдылығы сипалау арқылы.

Ылғылдылықтың төмендегі түрлері болады:

- кебу топырақ қолды суытпайды, шаңдайды;

- жас топырақ - тозаңданбайды, бірақ сыққанда бөлініп кетеді, сәл салқын-дау;


  • ылғалды топырақ - сыққанда иленеді, салқын, сыққанда сүзгіш қағаз су-

ланады;

- сызды топырақ - сыққанда су бөледі, бірақ ақпайды, сықпа жасауға болады;

- сулы топырақ - сыққанда су ағады;

Егер жер асты суы шықса, оның деңгейін анықтайды.

д) топырақтың тұтқырлығы. Тұтқырлықтың төмендегі түрлері болады:

- тығыз топырақ - күрек әрең батады, күректің ізі біркелкі мес, қолмен әрең сынады;

- бос топырақ - күрек жеңіл батады, құрамды бөлшектеріне оңай бөлінеді;

- үгілгіш топырақ - бөлшектері байланыспаған, құм немесе құмдауыт гумусы аз топырақ.

е) бөгде заттар мен жаңа түзілімдер.

и) тұз қышқылының әсерінен “қайнау”. Топырақтың құрамында марганец немесе кальций карбонаттары болған жағдайда топыраққа 5-10 % тұз қышқылын тамызғанда топырақтан СО2 газы бөліну нәтижесінде топырақ “қайнайды”. Жалпы қатты, орташа және әлсіз “қайнау” деп ажыратылады. “Қайнау” деңгейі карбонаттардың мөлшеріне байланысты болады.

5. Тектік қабаттарды бір-біріне өтуі тұстарының сипаттамасы тілше тәріздес, аққан тәріздес, ирек, біркелкі немесе қабаттардың түсі мен қасиеттері кенет өзгерген. Кенет өзгерістер зерттеген қабаттардың топырағының көшпелі екендігін көрсетсе, біркелкілік топырақтың осы жерде түзілгендігін дәлелдейді.

6. Сипаттамалар нәтижесін жұмыс дәптеріне төмендегі үлгі бойынша толтырыңыздар:



Топырақтың

қабаттары



Қабаттардың тереңдігі мен қалыңдығы


Түсі


Ылғалдылығы

Гранулометрикалық құрамы



Құрылымы


Тұтқырлығы

Бөгде заттар мен түзілімдер



Тұз қышқылының әсерінен “қайнауы”


Ескертпелер






















7. Топырақтың қабаттарының кескінін түрлі-түсті қарындашты пайдаланып сызыңдар.

8. Анықталған сипаттамалар бойынша топырақтың түрін, түр тармағын, атауын және атау түрлерін табыңыздар.

Практикалық жұмыс №2


Тақырыбы: Топырақтың гранулометрикалық (механикалық) және агрегаттық құрамын анықтау. (аспапсыз)

Мақсаты: Топырақтың гранулометрикалық бөлшектік құрамын анықтау барысында оның топырақтың су, ауа, жылу режіміне және тағыда басқа маңызды қасиеттеріне тигізетін ықпалымен танысу.

1-тапсырма:

Тапсырмаға түсінік: Топырақтың гранулометрикалық бөлшектік құрамы деп топырақ түзетін жыныстар мен топырақтың құрылымдағы бөлшектердің ара қатынасын айтады.

Жұмыс реті:

1. Топырақтың бөлшектік құрамын ”құрғақ” әдісі бойынша анықтау. Топырақтың кішкене кесегін (бұшақтау) алақанда үгіп және теріге үйкеу қажет. Саз топырақтар ауыр үйкеледі де, жұқа біркелкі үгіндіге айналады. Саздау топырақта аздаған құм бөлшектерінің көптігі айқын байқалады. Құм топырақ түгелдей дерлік құм кесектерінен тұратындықтан, басы бірікпейді.

Топырақты бөлшектік құрамына қарай жіктеу (Н.А. Качинский бойынша.)

Топырақтар


Физикалық саз бөлшектер 0,01 мм


Физикалық құм бөлшектер 0,01 мм






Күлгін түр- лі топырақ түзу жолдары

Дала топыра-

ғын түзу жолы



Күлгін түрлі топырақ түзу жолы

Дала топырағын түзу жолы

Бос құм топырағы

Байланған құм топыр-ы

Құмдақ топырақ

Жеңіл саздау топырақ

Орташа саздау топырақ

Ауыр сазды топырақ

Жеңіл саз топырақ

Орташа саз топырақ

Ауыр саз топырақ


0-5

5-10


10-20

20-30


30-40

40-50


50-55

65-30


80

0-5

5-10


10-20

20-30


30-45

45-60


60-75

75-85


85

100-95

95-90


90-80

80-70


70-60

60-50


50-35

35-20


20

100-95

95-90


90-80

80-70


70-55

55-40


40-25

25-15


15

2. Топырақтың бөлшектік құрамын “ылғалдау” әдісімен анықтау /топырақты ширату әдісі/.

Топырақты қамырша илеген соң, оның қалыңдығы 3 мм болатындай сақина жасалады. Осы ширатылған сақинаның түрі топырақтың бөлшектік құрамының көрсеткіші болады:


  • саз-ширатылған(есілген) топырақтан жарылмайтын бүтін сау сақина жасалады.

  • ауыр саздау топырақ – топырақ жақсы ширатылады (есіледі); бірақ сақинаға иген кезде жарылады;

  • орташа саздау топырақ – топырақ жеңіл ширатылады (есіледі); бірақ сақинаға иген кезде бөлшектеніп кетеді;

  • жеңіл саздау топырақ – топырақ ширатылған (есілген) топырақ сақиналап ие бастаған сәтте сынып кетеді.

  • құмдақ топырақ – ширату, есу үстінде бөлшектеніп кетеді.

  • құм топырақ – ширатылмайды (есілмейді)

Механикалық құрамы



Топырақ үлгілерінің анықтау кезіндегі пішіндері

Топырақ ширатылмайды - құм



::::::::::::::::.:::::::::::::::::::::::.:

::::::::.::::::::::::.::::::::::::::::::

:::::::::::::::.::::::::::::::::::::::.::


Топырақ еспесі шала-құмдақ топырақ.







Топырақ еспесі бөлшектенген жеңіл саздау топырақ






Топырақ еспесі бүтін,

сақина сынық - сынық орташа саздау топырақ




Топырақ еспесі бүтін, ал сақина жарықшақ – ауыр

саздау топырақ





Топырақ еспесі және сақина бүтін - саз




2-сурет. Топырақтың бөлшектік құрамын ”ылғалдау” әдісімен анықтау.

2-тапсырма: Топырақтың бөлшектік құрылымын М.Филатов әдісімен анықтау.

Қажетті құралдар мен заттар: 50 және 100 мл цилиндр, 5 және 30 түтік, CaCl2 -ін ерітіндісі, көзі 1 мм елеуіш пен топырақтың үлгілері, шыны таяқшалар, су.



Жұмыстың реті:

Топырақтағы саздың мөлшерін анықтау.

1. Көлемі 50 мл цилиндрға көлемі 5 мл (см) топырақ салынады.

2. Сол цилиндрге 30 мл су және 5 мл СаСl2-ін ерітіндісі құйылады.(органикалық бөлшектерді іріту(коагуляция)үшін);

3. Цилиндрдегі заттарды шыны таяқшамен араластыра отырып, оны 50 мл дең- гейіне дейін суға толтырады.

4. 30 мин. тұндыруға қойылады.

5. Тұнбадағы топырақтың 1 см3 есептелген, оның алғашқы көлеммен салыстырғандағы көлемі анықталады. Ол үшін цилиндрдегі сұйықтық өсімін 5-ке бөледі.

6. Топырақтағы судың проценттік мөлшері 2-кесте бойынша анықталады:

7. Жұмыстың қорытындысын төмендегі үлгі бойынша жұмыс дәптеріне жазыңдар.

2-кесте

Топырақтағы саздың мөлшерін анықтау.

Топырақтың көлемінің 1 см3 шаққандағы өсуі (көбеюі)

саз


Топырақтың көлемінің 1 см3 шаққандағы өсуі (көбеюі)

саз


Топырақтың көлемінің 1 см3 шаққандағы өсуі (көбеюі)

саз


4.00

3.75


3.50

3.25


3.00

90.70

85.08


79.36

73.67


67.01

2.75

2.50


2.25

2.00


62.86

56.67


51.01

45.35



1.75

1.50


1.25

1.00


0.75

39.63

34.00


29.34

22.67


17.00



Топырақтағы құмның мөлшерін анықтау.


  1. 100мл. цилиндрге сол топырақтың үлгісінен 10мл/см/ топырақ салынады;

  2. Сұйықты араластыра отырып судың деңгейін 100мл дейін жеткізеді;

  3. Сұйықты 1.5минут тұндыруға қояды;

  4. Лай суды төгіп, шөгіндіге қайтадан 100мл деңгейге жеткенге дейін су құйылады да қайтадан 1.5 минут тұндырылады. Осылайша шайынды су таза мөлдір болғанша қайталанады.

  5. Цилиндрде қалған топырақтың әрбір мл /мм/10/ құмға тең болады деп есептеледі.

  6. 3-ші кестеге сүйеніп топырақтың бөлшектік құрамын анықтаңдар.

3- кесте

<предыдущая страница | следующая страница>


Курсының практикалық бөлімінен оқу-әдістемелік құрал Өскемен

Есжанова Ж. Т. Топырақтану курсының практикалық бөлімінен оқу-әдістемелік құрал; ШҚМУ. Өскемен : ШҚму баспасы, 2006. 72бет

809.63kb.

14 12 2014
5 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен 050120 «Кәсіптік оқу» мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде

347.43kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен «Геология және палеожағрафия негіздері»

Оқу-әдістемелік кешені география мұғалімі мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешеніндегеология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланы

248.32kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен шетел-тілі мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әдебиеттер,

257.14kb.

14 12 2014
1 стр.


Оқу-әдістемелік құрал «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясының практикалық жұмыстар»

«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәні бойынша базалық мемлекетік стандарттың, типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған

652.86kb.

14 12 2014
4 стр.


Э. М. Мағзұмова Норма бақылаушы Г. Д. Шарапиева «Болашақ физик мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі» оқу әдістемелік құралын баспаға беру құпталды. №6 хаттама 16. 06. 06

Оқу-әдістемелік құрал іштей, сырттай оқитын студенттер мен оқытушылар және әдіскерлерге арналған

970.76kb.

25 12 2014
6 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет

637.97kb.

14 12 2014
4 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005

724.01kb.

14 12 2014
5 стр.