Топырақтың бөлшектік құрамын анықтау
/құмның саздың әр бөлігіне қатынасы арқылы
/
Құм бөлігі | Топырақ түрлерінің атауы |
1-2
| Саз |
3
|
Ауыр саз балшық
|
4
|
Орташа саз балшық
|
5-6
|
Жеңіл саз балшық
|
7-10
|
Құмдақ топырақ
|
10 және одан жоғары
|
Құм
|
7. Жұмыстың қортындысын төмендегі үлгі бойынша жұмыс дәптеріне жазыңдар.
Сазды анықтауға алынған топырақтың көлемі
|
30 мин. кейінгі цилиндрдегі топырақтың көлемі
|
Топырақтың көлемінің өсуі
|
Саз
|
Құмды анықтауға алынған топы- рақтың көлемі
|
Шайған соңғы топырақтың көлемі
|
Құм
|
Саз бен құмның арақатынасы
|
Топырақтың бөлшектік құрамы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Топырақтың физикалық қасиеті
Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның құнарлылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер: топырақ құрылымы, су-ауа режімі, жылылық, меншікті және көлемдік салмағы, сонымен қатар өндірістік құрылыс, жол салуға топырақтың қаттылығы, иленгіштігі, жабысқақтығы сияқты қасиеттері жатады.
Практикалық жұмыс № 3
Тақырып: Топырақтың құрылымдық құрамын анықтау.
Мақсаты: Топырақ құнарлылығына сипаттама беру үшін топырақтың құрылымдық құрамын анықтау жолдарымен және топырақ құрылымының су, ауа, жылу режімдерін сақтаудағы ролімен танысу.
Қажетті құралдар мен заттар: Топырақтың үлгілері, техникалық кір, көзшелері 10;5;3;2,1;0,5 және 0,25 мм болатын елеуіштер, фарфор, алюминий табақшалар.
1-тапсырма.
Тапсырмаға түсінік: Қалыпты, табиғи жағдайда топырақтың құрамды бөліктері өзара бірігіп, белгілі бір көлемі мен пішіні бар кесектер түзеді. Кесек түзуде топырақтың органикалық және минералдық каллоидтарының т.т. маңызы зор. Әр пішіндегі және көлемдегі бөлшектердің проценттік арақатынасы топырақтың бөлшектік құрылымдық құрамы деп аталады. Мөлшері 10мм-ден жоғары құрылымдар кесектер, ал 0,25мм - 10мм-ге дейінгілер микроагрегаттар деп аталады. Топырақ құрылымы төмендегідей болады:
1.Құрылымы жоқ шаң -тозаңды, борпылдақ.
2.Құрылымы майда түйіртпекті, оқ дәрісіндей, мөлшері 0,5-1мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақты құрылым, бөлшектері 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, 10мм-ден ірі.
-
Ірі кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.
Осы микроагрегаттар немесе әрқилы көлемдегі, пішіндегі, кеуекті, механикалық және суға беріктілігі бар құрылымдық бөлшектер топырақтардың құрылымдық құрамын құрайды.
Жұмыс реті:
1. Салмағы 0,5-2,5 кг топырақтың орталанған үлгісін өлшеп алу.
2. Оны тастардан, түбірлерден және басқа бөгде заттардан тазарту.
3. Топырақты ауа құрғақтығы дәрежесіне дейін кептіру.
4. Көзі 10; 5; 3; 2; 1; 0,5 және 0,25 мм елеуіштер жиынтығын жинау.
5. Өлшеген топырақты жекелеген 100 г бөліктерге бөліп елеу.
6. Әр елеуішті тоқтаған еленділердің салмағын анықтау.
7.Төмендегі кесте бойынша топырақтың әрбір құрылымдық бөлшектерінің проценттік мөлшерін анықтау:
Х=
× 100, мұнда х - әрбір құрылымдық бөлшектің %-тік мөлшері;
а- белгілі құрылымды бөлшектің салмағы (г);
в- барлық құрылымдық бөлшектердің жалпы салмағы (г); жазыңыздар.
8.Анықтаған нәтижелерді төмендегі үлгі бойынша жұмыс дәптеріне
-
Бөлшектердің көлемі, мм.
|
Массасы, г.
|
Бөлшек-
тер
|
Топы-
рақ
|
Табақша-
лар
|
Бөлшектер салынған табақшалар.
|
Бөлшек-тер
|
|
|
|
|
|
|
Топырақтың ылғалдылық қасиеттері
Топырақтың ылғалдылық қасиеттеріне: суды бойына сіңіру, суды бойынан өткізу, суды төмеңгі қабаттардан жоғарғы үстіңгі қабаттарға көтеру немесе капиллярлық және суды бойында ұстау, буландыру қасиеттері жатады. Ылғал топырақта сұйық, бу және қатты күйінде кездеседі.
Ылғал түрлері ( С. А. Монин бойынша )
Топырақ ылғалының түрі
|
Байланыс мөлшері мен өзгешелігі
|
1.Сұйық, ылғал немесе су
а) гравитациялық су
б) Топырақ түйірлерінің ішіндегі су бос сулар
в)жарғақты су физикалық бос байланысты
2.Бу
г) Бу ұшпалы су
д)Гигроскопиялық су физикалық берік байланысты
3.Қатты күйдегі су
е) Мұз қатты
ж) Кристалданған су химиялық байланыстағы
гидратты сулар
з) Жасушадағы су биологиялық байланысты сулар
|
Топырақтағы ылғалдың түрлеріне сәйкес ылғалдылық мөлшері өзгеріп отырады. Топырақтағы ылғал тәртібі - оған түсетін ылғал мен одан шығын болатын ылғалдар мөлшерімен анықталады.
Түсетін ылғалдар: а) ауа ылғалдары (жаңбыр, қар) ; б) еріген қар суы;
в) будан түсетін ылғал ; г) жерасты ыза суынан көтерілетін ылғалдар.
Шығын болатын ылғалдар; а) булану; б) топыраққа сіңбей ағатын ылғалдар; в) өсімдіктер арқылы буланып транспирацияланатын ылғалдар; г)өсімдіктердің жапырақтары мен бұтақтарында қалатын ылғалдар.
Түсетін ылғал мен шығын ылғалдың арақатынасы әртүрлі топырақтардың ылғалдану коэффициентін анықтайды.
Практикалық жұмыс №4
Тақырыбы: Топырақтың ылғалдығын анықтау.
Мақсаты: Топырақтың ылғалдығын анықтаудың тәсілдерімен танысу.
Қажетті құралдар мен заттар: топырақтың үлгілері, алюминий немесе шыны бюкс, безбен, кептіргіш шкаф, қалақ, көздері 1 мм елеуіш, эксикатор.
1-тапсырма.
Тапсырмаға түсінік. Топырақтың ауадағы су буының құрамындағы суды өз бойына тарту және сақтау қабілетінің мөлшері гигроскопиялық ылғалдылық деп аталады. Оның көлемі топырақтың құрылымдық және химиялық құрамы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты. Соңғысы неғұрлым жоғары, ал топырақ майда болса, соғұрлым гигроскопиялық ылғалдылық та жоғары болады. Ылғал топырыққа сіңе отырып, ондағы саңылаулардың бәрін толтырады. Топырақтың бойына сіңіре алатын судың ең көп мөлшері-топырақтың толық ылғал сіңіргіштігін құрайды. Өсімдіктер үшін ең қолайлы ылғалдылық топырақтың толық ылғал сіңіргіштігінің 60 % –не тең мөлшері болып табылады.
Топырақтағы су өзінің салмағы әсерінен төмен қарай жылжи бастайды.Су еркін ағып болғаннан кейін топырақ ұстап қалған ылғалдылықтың ең көп мөлшері топырақтың /сіңіргіштігі/ ылғалдылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш құрғақ топырақтың салмағына пайыз есебімен шаққанда: құмдақ топырақтар үшін - 12%, күлгін сазды топырақтар үшін -18%-ке, қара топырақтар үшін- 24% тең болады да оның одан әрі төмендеуі судың капиллярлар деп аталатын саңылауларға орналасуына әкеп соғады. Судың бұл түрі капиллярлық су деп аталып, өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етудің тұрақты көзі болып табылады.
Капиллярлық судың мөлшері азайып, ол топырақ бөлшектері немесе майда түйірлері арасында ғана сақталып қалса, өсімдік қурай бастайды. Демек, топырақтағы судың бәрі де өсімдіктерге жете бермейді. Егер топырақтағы су мөлшері егістік ылғалдылықтың (сіңіргіштіктің) 2/3 нәтижесінен азайса, өсімдік өсуін баяулата бастайды. Сондықтан егістік ылғалдылығын анықтау арқылы топырақтың сумен қанығу тәртібін реттеуге болады.
Жұмыс реті:
1.Мөлшері 10-15 г. топырақ үлгісін алдын-ала өлшенген бюкске салу;
2.Оны 1050С температурада 6 сағат бойы кептіргіш шкафта ұстау;
3.Сонан соң эксикаторда салқындатып барып өлшегеннен кейін, екі сағаттай қайта кептіріп, қайта өлшеу;
4.Топырақтың ылғалдылығын төмендегі өрнек бойынша есептеу:
ЕЫ=
× 100, мұнда ЕЫ - егістік ылғалдылығы;
а-бос бюкстің салмағы, г;
в-топырақ салынған бюкстің кептіргенге дейінгі салмағы, г;
с-топырақ салынған бюкстің кептіргеннен кейінгі салмағы, г;
5.Жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыздар.
1. Мөлшері 10-15 г. Топырақ үлгісін алдын-ала өлшенген бюкске салу;.
2. Оны 1050С температурада 6 сағат бойы кептіргіш шкафта ұстау;
3. Сонан соң эксикаторда салқындатып барып өлшегеннен кейін, екі сағаттай қайта кептіріп, қайта өлшеу;
Практикалық жұмыс № 5
Тақырыбы: Топырақтың су өткізгіштігін анықтау.
Мақсаты: Топырақтың су өткізгіштік қасиетін анықтау жолдарымен танысу, сүзілу коэффициенттерін есептеуді және график арқылы өрнектеуді үйрену.
Қажетті құралдар мен заттар: көздері 2 мм елеуіштен өткізілген топырақтардың 4-5 үлгісі, d=3-4, h=25-30 см 4-5 шыны түтік, 4-5 стақан, әмбебап штатив, дәке, картон, сағат.
1-тапсырма.
Тапсырмаға түсінік: Топырақтың өз бойына суды сіңіру және оны жоғары қабатынан төменгі қабатына өткізу қабілетін топырақтың су өткізгіштігі деп атайды. Су өткізгіштік топырақтың бөлшектеріне, құрылымына, ондағы қарашіріктің мөлшеріне және ылғалдылығына байланысты. Құм және құмайт топырақтардың су өткізгіштігі, саз және саздау топырақтарға қарағанда жоғары болады. Алайда топырақтың ылғал сіңіргіштігі артқан кезде оның су өткізгіштігі төмендейді.
Су өткізгіштік пен ылғалдылық арасындағы сәйкессіздікті жоюға болады. Тығыз әрі көптен жатқан топырақты өңдеу олардың су өткізгіштігін ұлғайтады. Топырақта суға берік түйіршіктердің пайда болуы су өткізгіштіктің артуына мүмкіндік береді және сонымен бірге ылғал сіңіргіштікті жақсартады. Топыраққа органикалық тыңайтқыштар және сортаңға гипс шашу топырақтың су алмасу қасиеттерін жақсартуға әсер етеді.
Жұмыс реті:
-
4-5 шыны түтіктің төменгі жағын дәкемен байлап, оларды топырақтың үлгісімен 20 см деңгейге дейін толтыру.
-
Түтіктердегі топырақтың бетін бірнеше жерден тесілген картон дөңгелектермен жауып, шыны түтіктерді штативке бекіту.
-
Түтіктердегі топырақтың бетін 5 см деңгейде жауып тұратындай етіп су құйып, судың топырақтың бойынан өтуін қадағалау және түтіктегі 20см топырақ үстінен судың өтуіне кеткен уақытты анықтау. Осы уақыт топырақтың өткізгіштігінің көрсеткіші болып табылады.
-
Осыдан судың сүзілу коэффициентін анықтаңыздар. Дәкеден өткен алғашқы тамшының пайда болуы сүзілудің алғашқы сәті деп есептеледі.
-
Сүзілу коэффициентін төменгі өрнек бойынша есептейді:
К
t=
Кt-белгілі температурадағы сүзілу коэффициенті, мм/мин;
Q-әр 10 мин. сайын сүзілген судың мөлшері, см3;
S-түтік табанының ауданы, см2;
Т-уақыт, мин;
10-бір см3, су бағананың мм-не есептеу коэффициенті;
Сүзілу коэффициентін 100С температураға сәйкестеу кестесі:
К10=
,мұнда
К10-100C температурадағы сүзілу коэффициенті;
0,7 және 0,03-тәжірибе коэффициенттері;
t0-су өткізгіштікті анықтауға қолданылған судың температурасы;
6.Анықталған нәтижелерді жұмыс дәптеріне төмендегі үлгі бойынша толтырыңыздар:
Топы-
рақтың үлгілері
|
Уақыт
|
Су өткіз-
гіштік
коэф-
фици
енті
|
Әрбір 10мин сайын сүзіл-
ген судың
мөл-
шері
|
Орташа
1 сағат-
тағы к.мөлшері,
мм.мин.
|
түтіктерді
суға толтыру-
дың
басы
|
алғашқы тамшының
пайда
болуы
|
Судың топырақтан
өту мерзімі
|
|
|
|
|
|
|
|
7. Анықталған көрсеткіштерді график арқылы өрнектеңіздер. Ол үшін ординатаға К10, ал абциссаға - Т мөлшерін кескіндеңіздер .
<предыдущая страница | следующая страница>