Перейти на главную страницу
Үшінші сұрақта қарастырылатын топырақтың физика - механикалық қасиеттерін оқу барысында топырақтың жабысқақтығы, топырақтың ісінуі мен отыруы және майысқақтығы сияқты қасиеттеріне міндетті түрде назар тоқтату керек.
Топырақтың қаттылығы оның сыртқы өзгерткіш күшке қарсыласу қабілеті
болып табылады, ал топырақтың өз ортасын қышқыл немесе сілтімен өзгертуге қарсы тұру қасиеті - топырақтың буферлігі (төзімділігі) деп аталады. Бұл қасиеттерді бір-бірінен ажырата білу қажет.
1. Жамалбеков Е .Ү, Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
2. Герасимов И.П., Глазовская М.А. Основы почвоведения и географии почв. -М., Изд. МГУ, 1980.
3. Геннадиев А.Н. Почвы и время: Модели развития.- М., Изд. МГУ, 1990.
4. Глазовская М.А. Почвы мира. В 2-х томах. -М., 1973.
5. Крупенников И.А. История почвоведения. -М.: Наука. 1981. -328 с
1. Топырақ ылғалдылығының өсімдіктер тіршілігіндегі ролі..
2. Топырақтың физикалық қасиеттерінің топырақты мекендейтін тірі ағзаларға әсері.
3. Топырақтың физикалық қасиеттері және оның экологиялық маңызы.
1. Топырақтың көлденең зоналылығы.
2. Топырақтың тік белдеулік зоналылығы.
3. Топырақ классификациясы.
Топырақ зоналары – топырақ түрлерінің түзілуі мен генетикалық қасиеттері өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан аймақтар. Топырақ түзуші факторлар зоналылық тәртіпке бағынып ретімен тарағандықтан, осы факторлардың әсерінен топырақ та осы тәртіпке бағынады. Олар көлденең және тік белдеулік топырақ зоналарға бөлінеді.
Ерекше көңіл аударатын құбылыс көлденең топырақ зоналарының жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарай жылжуынан топырақ түрлерінің өзгеруі, биік аймақтарда жоғары қарай өрлеген сайын, оның табиғаты мен климатының топырақ жамылғысынада үлкен өзгеріс әкелуі. Таулы аймақтардың өсімдіктері мен жан - жануарлары дүниесінің сан-алуандығы.
Сұрақтарды қарастыру барысында жер бетіндегі көлденең топырақ зоналарының биіктік топырақ зоналарынан басым болу себептері мен орналасу заңдылықтарын анықтап, көлденең және биіктік топырақ зоналары мен зонашаларына назар аударыңдар.
Топырақтың тегіне, құрылымына, құрамына, қасиеттеріне және құнарлылығына, сол сияқты тектік өзгешеліктері мен түзілу ерекшеліктеріне сәйкес топырақтың алғашқы тектік (генетикалық) жіктелуін жасаған орыс ғалымы В.В.Докучаевтың топырақ классификациясымен танысу керек.
Топырақ жіктелуінің басты белгісі - тип, ол биологиядағы “түр” деген түсінікпен барабар.
Тақырыпты оқу барысында тип, типше, текше, түр, әр түр сияқты топырақтың таксономиялық көрсеткіштеріне қөңіл бөліп, топырақ классифика- циясын жасауға үлес қосқан ғалымдар Н. М. Сибирцевтің, К. Д. Глинканың,
Г. Н. Высоцкийдің, С. А. Захаровтың еңбектерімен танысыңыздар.
1.Добровольский В.В. География почв с основными почвоведения. - 4-е изд.-М.: Владос, 1999.
1. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука, 1973 изд Книга, 99-126 бет.
2. Жамалбеков Е .Ү, Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
3. Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Рауан, 1993.- 448 бет
4. Роде А.А. Генезис почв и современные процессы почвообразования.-М.: Наука, 1989. -720 с
облыстар топырақтары, IVтопқа субтропиктік белдеу топырағы,V топқа тропиктік белдеулер, VI топқа ішкі зоналық топырақ түрлері біріктірілген.
Студенттер семинар сұрақтарына дайындалу үстінде осы алты топтың топырақтарының таралу заңдылықтарымен және әлем топырағының классифи- кациясымен танысады. Топырақтың таралуы көлденең және тік белдеулік бағытта таралған. Тундраның өзі терістіктен оңтүстікке қарай үш зонашаға бөлінеді: арктикалық тундра, кәдімгі тундра, орманды тундра.
Сол үшін алты топтағы әрбір топырақ зонасының және топырақ зонашаларының топырақ түрлерін талдау барысында оның ерекшеліктеріне баса назар аудару керек.
1. Почвоведение Учебник/под. ред. И. С. Кауричева . М.: Агропромиздат,1989
2. Глазовская М.А. Почвы мира. В 2-х томах. -М., 1973.
3.Жамалбеков Е.Ү, Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
4.Науменко А.А. Эколого-генетический анализ почвенной карты Казахстана//Вестник КазГУ Сер. Географическая.1996. №3
5. Герасимов И.П., Абсолютный и относительный возраст почв// Почвоведение. 1969. №5.
1. Топырақ жамылғысына автокөліктердің тигізетін ықпалы.
2. Бореальды белдеулер топырағы құрлымының ерекшеліктері.
3. Құрғақ және шөлді дала топырағы.
4. Әлемнің топырақ қорлары.
11-тақырып : ТМД елдерінің топырақ қорлары және оны қорғау.
Сабақтың мақсаты: ТМД елдерінің топырақ қорлары, оның казіргі экология- лық жағдайы мен оны тиімді пайдалану мен қоғаудың жолдарын талқылау.
Семинар сұрақтары:
1. ТМД елдерінің топырақ қорлары, оның экологиялық жағдайы.
2. Топырақ қорларын ұтымды пайдалану және қорғау.
Әдістемелік нұсқаулар:
ТМД елдерінің жері әлемнің құрғақ жерінің 15% алып жатыр. Бұрынғы Одақ елдерінің жер қоры көп болғанымен, ауыл шаруашылығы үшін игеруге ыңғайлы жерлер аса көп емес. Барлық жер корының 58 пайызы - суық тундра, 15 пайызы - шөлді және жартылай шөлді аймақтар, небәрі 27% - ауыл шаруашылығына ыңғайлы жерлер. Бұл аймақтарда қосымша жер игеру болашағы аса көп емес. Жер бетінде халық саны жыл санап, үдемелеп өсіп келеді. Одақ елдерінің халқы 300 млн. -нан астам. Жыл сайын 2,0-2,2 млн. -ға өсіп келеді. Халықтың 62%-ы қалада тұрса, 38%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Қазірдің өзінде БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, Жер шарындағы халықтың 200-500 млн. - ға дейіні аштыққа жиі ұшырайды, ал 1,5 млрд. адам сапалы тамақ жемейді.
Сондықтан да бірінші сұраққа әзірлік барысында топырақ қорларын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелеріне баса назар аударыңыздар. Жер құнарының жылдан жылға кемуі қайыршылықтың, кедейліктің т.б бақытсыз дықтың себебі болары сөзсіз. Табиғатымыздың сұлулығын сақтап, оның ластануына жол бермеу, табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты жоспар лы түрде, адам мұқтаждығына ыңғайлап өзгерту - өте күрделі мәселе.
Дегенмен оқу материалдарын игеру барысында ТМД елдерінің жер қорының адамды асырау мүмкіншілігінің әліде болса өте мол екендігіне көз жеткізулері керек. Топырақ құнарлылығын арттыру, оның сапасын жақсарту мол өнім алуға үлкен мүмкіншілік береді. Топырақтың экологиялық жағдайына баса назар аудара отырып, қазіргі кездегі жүргізіліп жатқан топырақты тиімді пайдалану, қорғау және жақсарту шараларына талдау жасау қажет.
1. Розанов Б.Г. Почвенный покров Земного шара. -М.: Изд. МГУ, 1975.
2. Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв: Учебник.: Высшая школа. 1981,- 400 с.
3. Докучаев В.В. К учению о зонах природы. Соч. Том У1, М-Л,: НСССР,1951.
4. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
5 ТазабековТ. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Рауан, 1993.
6. Глазовская М.А. Почвы мира. В 2-х томах. - М., 1973.
7. Геннадиев А.Н. Почвы и время: Модели развития.- М., Изд. МГУ, 1990.
Рефераттар тақырыптары:
1. Топырақты тиімді пайдалану және қорғау.
2. Топырақ эрозиясы.
3. ТМД елдері топырағының казіргі экологиялық жағдайы.
1. Қазақстанның табиғат зоналары.
2. Жазық территориялардың топырақтары.
3. Жазық территориялардағы топырақ экологиясы.
Қазақстан - жер көлемі жағынан ірі ел . Сондықтан да алғашқы сұраққа әзірлікті терістіктен оңтүстікке 1600 км, шығыстан батысына қарай 3000 км жерге созылған Қазақстанның ұлан байтақ территориясының табиғат зоналарынан бастаған жөн. Себебі Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлде- денең зоналық заңына бағынады. Ұсынылған әдебиеттердегі материалдарды пайдалана отырып, еліміздің төрт табиғи аймағымен (орманды-далалық, дала-лық, шөлейт және шөл) танысып, олардың орналасу ерекшеліктері мен заңдылықтарына сипаттама беріңіздер.
Екінші сұрақта баса назар аударатын мәселе - Қазақстанның жазықтарындағы үш топырақ аймағы (қара топырақты аймақ, қарақоңыр топырақты аймақ және қоңыр, сұрқоңыр топырақты аймақ ). Студенттер осы қара топырақты аймақтың үш аймақшасының, қарақоңыр топырақты аймақтың үш аймақшасының және шөл аймағының екі аймақшасының топырақ қабаттары мен құрылымындағы өзгешеліктерді және топырақ түрлерін ажырата білуі керек.
Қазақстанның барлық жерінің 235 млн. га жері - жазық жерлер. Осы құнарлы саналатын жердің 180 млн. га жарамсыз жерге айналып, оның 30млн. га топырақ эрозиясына ұшыраған, 6 млн. га тұзданса, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. 2,5 млн. га жер техногендік бүлінуге ұшыраса, 3млн. га жайылым тозған.
Мұның өзі студенттерден республикамыздың кандай аймақтарының топырақтары қандай деңгейде экологиялық зардап шегіп отырғанын анық білуді талап етеді. Сол үшін ҚР-дағы жазық жерлер топырағының экологиялық жағдайына мұқият тоқталып өту керек.
Әдебиеттер:
1. Жамалбеков Е .Ү., Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
2. Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. -Алматы: Рауан, 1993. -448 бет.
3. Докучаев В.В. К учению о зонах природы. Соч.Том -1, М-Л,: АН СССР , 1951
4. Тазабеков Т.Т., т.б. Жалпы топырақтану. -Агроуниверситет, 1998. -136бет
5. Добровольский В.В. География почв с основными почвоведения. –4-е изд.- М.: Владос, 1999.
6. Банников А. Г., Рустамов А. К. Охрана природы. -М.: Колос, 1977.
Рефераттар тақырыптары:
1. Жер ресурстары - қоғамның негізгі байлығы.
2. Каспий теңізі аймағының экологиялық жағдайы.
3. Топырақтың радиоактивті заттармен ластануы.
1. Таулы аймақтардың тік белдеулілігі.
2. Шалғынды белдеудің ерекшелігі.
3. Таулы аймақтар топырақтарын пайдалану .
Сондықтан да студенттер алғашқы сұраққа әзірлену үстінде климаттың, топырақтың және өсімдіктің ерекшеліктеріне қарай бөлінген Батыс Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань, Сауыр - Тарбағатай және Батыс Алтай өңірлерінің топырақ белдеулеріне баса назар аударып, осы өңірлердегі топырақ белдеулерінің таралу заңдылықтарымен және әрбір топырақ белдеуіндегі (тау етегіндегі шөлейт жазықтың, таудың орта шеніндегі орманның және биік таулы жердегі шалғындық субальпілік және альпілік топырақ түрлерінің, мұзтаулар мен мәңгі қар жататын жерлердің) топырақ түрлерінің түзілуіне ықпал етуші факторларға тоқталулары керек.
Екінші сұраққа дайындалу барысында биік таулы аймақтарда орын алған биік таулы шалғынды және шалғынды - далалы белдеулерге тоқталып, оның биік таулы альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды - далалы топырақтарымен, сол сияқты Алтайдың таулы аймағындағы таулы - тундра топырағымен танысады.
Келесі сұрақта ерекше көңіл бөлетін мәселе - республикамыздың жалпы территориясының 80%-ынан астам жерінің құрғақ аймақтарда орналасуы. Соңғы кездердегі еліміздегі жер ресурсының экологиялық жағдайының нашарлауы және жыл санап халық санының өсуі, жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселерінің туындауы. Жазықтардағы егістік жерлердің тозуы мен эрозияға ұшырауы, таулы аймақтардағы құнарлы жерлерді пайдалану қажет- тілігінің тууы. Сол үшін сұраққа дайындық барысында таулы аймақтар топырағын пайдалану мен оның құнарлылығын арттыру мәселелеріне арнайы назар аудару қажет.
1. Жамалбеков Е .Ү., Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
2. Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв: Учебник.: Высшая школа. 1981, - 400 с.
3. Добровольский В.В. География почв с основными почвоведения. –4-е изд.-М.: Владос, 1999.
4. Соколов А.А. Общие особенности почвообразования и почв Восточного Казахстана. -Алма-Ата, 1974.
5. Тазабеков Т.Т., т.б. Жалпы топырақтану. - Агроуниверситет.1998. -136бет
6. Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. -Алматы: Рауан, 1993. 448б
Рефераттар тақырыптары:
1. Қазақстанның таулы аймақтарының топырақтары.
2. Биік таулы аймақтардың шалғынды белдеулерінің экологиялық сипаттамасы.
3. Аласа таулы дала топырақтары.
1. Қазақстанның жер қорлары.
2. Топырақты пайдалану мен топырақ құнарлылығын арттыру және қорғау.
3. Қазақстан Республикасының “Жер туралы ” заңы.
Сонымен бірге ауыл шаруашылық жерлерінің ішіндегі жыртылатын, көп жылдық өсімдік ағаштар егілетін (бақтар, жүзімдіктер т.б), үй іргесінде пайдаланылатын жерлерге және шабындықтар мен жайылымдар көлеміне талдау жасай отырып, қазіргі жер қорының құрылымымен, оның экологиялық жағдайымен, келешектегі өнім беру мүмкіндіктеріне байланысты мәселе- лермен танысады.
Топырақ - адамзат тіршілігін жалғастыратын, экологиялық қызмет атқаратын маңызды объект.
Сол үшін топырақты пайдалану мен оның құнарлылығын арттырудың төмендегі тәсілдерін оқып үйрену керек: а)топырақтың су, ауа, жылу тәртібін жақсарту, б) қабаттар арасындағы заттар айналымын үдету және микробиоло- гиялық үрдістерді дамыту; в) егістікті арам шөптер мен зиянкестерден және ауыл шаруашылығы дақылдарының кеселінен сақтау; г) су және жел эрозиясы -нан сақтау; д) өсімдік қалдықтары мен тыңайтқыштарды топыраққа жасыру;
е) топырақты өңдеу тәсілдерін жетілдіру.
Үкіметіміз соңғы жылдарды табиғат қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Елімізде казіргі кезеңде жер ресурстарына деген жауапкершілік артты. Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңы халық талқысынан өтіп, қабылданды. Бұл заң топырақты қорғау мен оны тиімді пайдаланудың басты заңды құжаты болып табылады. Топырақтың құнарлылығын сақтау, қорғау мен тиімді пайдалануға деген қөзқарас пен жауапкершілікті арттыру үшін ҚР-ның жер туралы заңының барлық баптарымен толық танысу керек.
1. Жамалбеков Е .Ү, Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы.-Алматы, 2000. ҚҰУ.
2. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М, Наука, 1973 изд Книга, -99-126 бет.
3. Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Рауан, 1993.
-448 бет
4. Геннадиев А.Н. Почвы и время: Модели развития. -М., Изд. МГУ, 1990.
5. Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв: Учебник.: Высшая школа. 1981,- 400 с.
6. Науменко А. Эколого-генетический анализ почвенной карты Казахстана. /Вестник КазГУ Сер. Географическая.1996. №3
1.Топырақ құнарлылығын арттырудың жолдары.
2. Ауыл шаруашылығын химияландыру.
3. Сор және сортаң топырақтар.
а) топырақ эрозиясы
в) топырақтың бүлінуі
с) топырақ дефилияциясы
д) топырақты барлау
е) топырақтың бұзылуы
2. Әр түрлі минералды компоненттерден тұратын, топырақ түзілетін субстрат:
а) тау жыныстары
в) топырақ түзуші жыныстар
с) биогенді заттар
д) сүйекті заттар
е) биологиялық сүйекті заттар
3. Топырақта бай энергияны, күрделі органикалық қосылыстарды және алғашқы органикалық заттарды жасаушылар:
а) биогенді заттар
в) микроорганизмдер
с) өсімдіктер
д) сапрофагтар
е) ұсақ кемірушілер
4. Топырақ профилінің қалыптасуына, қарашіріктің сақталуына, қарашірік горизонттарының қуаты мен топырақ құрлымына әсер етеді:
а) актиномицеттер
в) бактериялар
с) саңырауқұлақтар
д) сапрофагтар
е) бір клеткалы балдырлар
5. Топырақта тіршілік ететін және талас құратын ағзалар:
а) гельминтоза
в) сапрофаги
с) неофаги
д) солитеры
е) клострадтар
6. Топырақта тіршілік ететін, төзуге болмайтын катогендік бактериялар:
а) күйдіргі таяқшалары
в) сіреспе микробтарының таяқшалары
с) холера ауруын қоздырушылар
д) клостридия Перфригенса
е) актиномициты
7. Топырақта 170 күнге дейін сақталатын ішек аурулары вифустары мен полиомиелит қоздырушылары:
а) микробактериялар
в) актиномицеттер
с) солитерлер
д) эктеровирустар
е) дифтерия таяқшалары
8. Қазіргі кезде бұзылуға ұшыраған егістікті қалай атайды ?
а) тақырланған
в) аридизацияланған
с) дефилицияға ұшыраған
д) ормансызданған
е) деструкцияға ұшыраған
9. Көлемді территориялардың ылғалдылығын азайтатын күрделі және әр түрлі кешенді процестер қалай аталады:
а) тақырлану
в) аридациялану
с) дефиляциялану
д) ормансыздану
е) деструкциялану
10. Жердің биологиялық потенциялының азаюы мен құрғақшылықтың жиі болуы қандай жағдайға әкеледі:
а) жердің тозуына
в) ормансыздануға
с) шөлденуге
д) бұзылуына
е) қарашірік қабатының азаюына
1. Жер қоры жағдайын болжау жүйесінде жағымсыз үрдістер салдарын жою мен ескерту, анықтау мен бағалауды қалай атайды:
а) жер кадастры
в) топырақ қорғау шаралары
с) жерге орналастыру
д) жер мониторингі
е) жер есебі
2. Өсімдік ауруларымен, зиянкестермен күресу үшін қандай химиялық немесе биологиялық дәрі-дәрмектер қолданылады?
а) кумуляция
в) антицептиктер
с) родентицидтер
д) десиканттар
е) пестицидтер
13. Топыраққа ғылыми анықтама берген ғалым:
а) Докучаев В.В
в) Костычев П.А
с) Сибирцев Н.М
д) Вернадский В.И
е) Кауричев И.С
14. Топырақ туралы ғылымның негізін салушы:
а) Либех Ю.
в) Тэер А.
с) Докучаев В.В
д) Ломоносов М.В
е) Сибирцев Н.М
15. Сумен қоректену элементтеріндегі өсімдіктің сұранысын қанағаттандыратын қасиет:
а) өнімділік
в) шұрайлылық
с) синтез
д) құнарландыру
е) минералдандыру
16. Атмосфера, гидросфера және биосфераның ыкпалымен қосылатын минералды тау жыныстарының күрделі және әр түрлі үрдістерінің сандық жиынтығы:
а) аридация
в) топырақ түзілу
с) аккумляция
д) үйілу
е) гидротация
17. Су бөлігінің минералдар бөлігімен қосылуының химиялық үрдісі:
а) гидролиз
в) судың минералдануы
с) қышқылдану
д) ерігіштік
е) гидротация
18. Жер қабығының терең қабатында силикатты балқымалардан құралған жыныстар:
а) биосүйекті
в) магмалық
с) метаморфтық
д) элювиальды
е) шөгінді
19. Пайда болған жерінде қалған негізгі жыныстардың үгілген өнімдері:
а) метаморфтық
в) шөгінді
с) магмалық
д) элювиальды
е) сүйекті
20. Мұзбен, сумен, желмен араласқан үгілу өнімдері:
а) элювиальды
в) шөгінді
с) метаморфтық
д) магмалық
е) аккумлятивтік
21. Жаңбырлы және тасқынды сулардың көшіруінен тау бөктерлерінде тұнған жыныстар:
а) элювиальды
в) аккумлятивті
с) пролювиальды
д) аллювиальды
е) делювиальды
22. Мұздықтардың еруінен шөккен әр түрлі тау жыныстарының үгілу өнімдері:
а) көлдік
в) мореналық
с) сулы мұздық
д) аллювиальдық
е) делювиальдық
23. Таулы өлкелердегі тау бөктерінде су және сел тасқындарының күшінен қалыптасқан жыныстар:
а) пролювиальды
в) элювиальды
с) аллювиальды
д) делювиальды
е) көлдік
24. Күшті мұз тасқындары әрекетінен пайда болған шөгінділер:
а) моренналық
в) көлдік
с) флювиогляциалдық
д) пролювиальдық
е) саздақ
25. Шөлдерде ерекше байқалатын желдің аккумлятивтік қызметінің нәтижесінен қалыптасқан шөгінділер:
а) мореналық
в) эолдық
с) флювиогляциалдық
д) көлдік
е) теңіздік
26. Галлуазит, Диккит, Накрит кіретін минералдар тобы:
а) вермикулитті
в) хлоритті
с) иллитті
д) каолинитті
е) монтмориллонитті
27. Нонтронит, бейделит, сапонит кіретін минералдар тобы:
а) вермикулитті
в) хлоритті
с) иллитті
д) каолинитті
е) монтмориллонитті
28. Топырақ профилі мен бөлек горизонттарда жаңа құрылым құрайтын, топырақ режимін қалыптастыратын алғашқы реттегі қарапайым топырақ үрдістері:
а) микроүрдістер
в) мезоүрдістер
с) макроүрдістер
д) жаңа үрдістер
е) генезис
29. 1 га биомассаның орташа жылдық өсімнен жалпақ жапырақты ормандарда жинақталатын көміртегі мөлшері:
а) 74, 3
с) 54, 5
е) 39, 5
а) 38, 9 %
в) 33, 6 %
с) 47, 2 %
д) 49, 0 %
е) 50, 2 %
31. Өсімдікте онсыз хлорофил түзілмейтін топырақтағы элемент:
а) азот
с) оттегі
д) алюминий
е) темір
а) биохимиялық провинция
в) топырақтық аймақ
с) ландшафт
д) топырақтық фация
е) биотоп
33. Дисперстік фаза және дисперсиондық ортадан тұратын екі фазалы жүйе:
а) кристалды
в) коллоидты
с) дисперсті
д) радий белсенді
е) кубті
а) симбиоз
в) дегидрататция
с) коагуляция
д) катионизация
е) пептизация
35. Коллоидтық шөгінді күйінен ерітіндіге көшуі:
а) дегидрататция
в) катионизация
с) гидратация
д) пептизация
е) коагуляция
36. Топырақтың қатты бөлігі мен топырақ құраушы жыныстар құрамындағы түйірлер жиынтығы:
а) механикалық
в) физикалық
с) химиялық
д) физика-химиялық
е) биологиялық
37. Сегізінші агромелиоративтік топқа кіретін топырақтар:
а) құмдар
в) орманды таудың сұр топырағы
с) сортаң және тақыр
д) шалғынды қара топырақ
е) қою қоңыр топырақ
38. Алтыншы агромелиоративтік топқа кіретін топырақтар:
а) құмдар
в) орманды таудың сұр топырағы
с) сортаң және тақыр
д) шалғынды қара топырақ
е) қою қоңыр топырақ
39. Үшінші агромелиоративтік топқа кіретін топырақтар:
а) құмдар
в) орманды таудың сұр топырағы
с) сортаң және тақыр
д) шалғынды қара топырақ
е) қою қоңыр топырақ
40. Топырақтық - биоклиматтық ендік территорияларының құрамына кіретін бореальды зона топырағы:
а) тундра
в) орманды сұр
с) сары топырақты
д) қызғылт - сары латеритті
е) сұр топырақ
41., Топрақтық - биоклиматтық жазық территориялар құрамына кіретін суббореальды зона топырағы:
а) даланың қара топырағы
в) орманның сұр топырағы
с) қызғылт -қара топырақ
д) қызыл латеритті топырақ
е) сұр - қоңыр топырақ
42.Топырақтық - биоклиматтық жазық территориялы ендіктің құрамына кіретін субтропикалық зона топырағы:
а) глейлі
в) қызыл топырақ
с) орманның қышқыл топырағы
д) шөлейттің қоңыр топырағы
е) қоңыр - қызыл топырақ
43. Қазақстанның қанша млн. гектар жерін жазық топырағы алып жатыр:
а) 273 млн. га
в) 260 млн. га
с) 240 млн. га
д) 201 млн. га
е) 180 млн. га
44. Қазақстан жерінің қанша млн. гектарын жел эрозиясы қамтыған:
а) 8 млн. га
в) 12 млн. га
с) 16 млн. га
д) 26 млн. га
е) 45 млн. га
45. Қазақстанның қанша млн. гектар жері су эрозиясына ұшыраған:
а) 19 млн. га
в) 24 млн.га
с) 28 млн .га
д) 39 млн. га
е) 36 млн. га
46. Қазақстандағы топырақ қабатының дегумификациялық және деффиляциялық үрдісі қанша млн. гектар аумақты қамтыған:
а) 9 млн. га
в) 11 млн.га
с) 15 млн. га
д) 19 млн. га
е) 21 млн. га
47. Деффиляция үрдістері қай облыстың территориясын қамтыған:
а) Павлодар
в) Батыс Қазақстан
с) Атырау
д) Алматы
е) Шығыс Қазақстан
48. Топырақ түзуші басты факторлар:
а) тау жыныстары
в) химиялық үрдіс
с) аналық жыныс
д) гидрологиялық жағдай
е) топырақтың биофизикалық ылғалдануы
49. Топырақтың ылғалдану коэффициенті:
а) топырақ ылғалдылығы
в) профильдегі ылғал қоры
с) жауын-шашын түсімінің булануына қатынасы
д) топырақтың сүзу қабілеті
е) вегетациондық кезеңдегі жауын-шашынның түсу көлемі
50. Күлгін топырақ, ол:
а) даланың топырағы
в) өзен аңғарының топырағы
с) орман территориясының топырағы
д) Прерий топырағы
е) тау жүйесі топырағы
51. Сортаңдалған топырақ, ол:
а) гипспен байыған топырақ
б) құрамында кремний бар топырақ
с) құрамында кальций карбанаты бар топырақ
д) құрамында темір тотығы бар топырақ
е) құрамында уытты тұздар бар топырақ
52. Таулы жерлердегі саз балшықтар қайда орналасады?
а) Шығыс баурайында
б) Солтүстік баурайында
с) сазды территорияларда
д) тау аралық жазықтарда
е) үстірттерде
53. Топырақ негізгі қандай элементтерден тұрады?
а) тастан
б) ұсақ тастан
с) қиыршық тастан
д) тірі ағза қалдықтарынан
е) әр түрлі топырақ түзуші жыныстардан
54. Қара топырақ қандай өсімдіктердің астында қалыптасады?
а) әр түрлі аласа шөптердің
б) орман табанында
с) қылқан жапырақты орманның
д) әр түрлі шалғынды шөптердің
е) тропикалық орманның
55. Топырақтың механикалық құрамы:
а) құм
с) майлы балшық
д) майлы балшық пен ұсақ тастар
е) құм мен сазды топырақ фракцияларының қосындысы
56. Топырақтық - климаттық зонаның бөлінуі неге байланысты ?
а) климатқа
б) рельефке
с) ылғалдылыққа
д) өсімдік жамылғысына
е) әр түрлі топырақ түзуші жыныстарға
57. Топырақтың негізгі құрамдары:
а) орманды тундра
б) текшелі
с) қалыңдау
д) вертикальды
е) жұқа
а) тундра топырағында
в) орманды дала
с) дала
е) тропиктік
59. Ауаның біркелкі ластануынан қандай топырақ түрі қалыптасады ?
а) саз балшықты
в) құмды
с) жеңіл сазданған
д) орташа сазданған
е) кермекті
60. Қызыл топырақ қай климаттық зонада қалыптасады ?
а) орманды дала
в) тайга
с) шөлейт
д) шөл
е) субтропиктік
а) қылқан жапырақты орманда
в) орман бұталары астында
с) жалпақ жапырақты орманда
д) ақ қайыңдар мен шөпті өсімдіктер астында
62. Шымды топырақ қайда қалыптасады?
а) аралас орман өсімдіктері жамылғысында
в) бетегелі далаларда
с) тундрада
д) ми батпақтарда
е) қылқан жапырақты орманда
63. Сазды топырақтың сортаңдануы неге байланысты?
а) шаюшы су режиміне
в) карбонатты белдемге
с) топырақтың батпақтануына
д) топырақ зонасына
е) табиғи құрғауының нашарлығына
64. Орманның қүңгірт - сұр топырағының қалыптасу жағдайы:
а) жалпақ жапырақты аралас ормандағы карбонатты құм балшықта
в) тайга зонасында
с) таулы аймақтарда
д) қылқан жапырақты орман астында
е) экваторлық орман астында
65. Сары топырақ қандай топырақтық - климаттық зонада қалыптасады ?
а) орманды далада
в) тайгада
с) шөлейт зонасында
д) субтропикада
е) ылғалды субтропиктік зонада
66. Өсімдіктердің қоректену элементтерінің ұйымдасуы және органикалық заттардың гуминденуі мен минералдану процестерін байланыстыратын әртүрлі топтағы микроорганизмдердің тіршілігімен анықталатын топырақ режимі:
а) су-ауа
в) физико-химиялық
с) сіңірулілік
д) биохимиялық
е) тұздылық
67. Топырақты жырту барысындағы топырақ көлемінің қысқаруы:
а) қаттылық
в) қарсыласу
с) отыру
д) ісіну
68. Қара шірінді, ол:
а) ажыратуға болмайтын қалдықтар
в) тірі ағзалар қалдығы
с) топырақтағы органикалық заттар
д) топырақтың беткі қабаты
е) топырақтағы кесектер
69. Сілтіленген қара топырақ:
а) А горизонтында қайнайды
в) Аq горизонтында қайнайды
с) В горизонтында қайнайды
д) В и С горизонтында қайнайды
е) Р горизонтында қайнайды
70. Қазақстанның маңызды егіншілік аудандары:
а) таулы аймақтардағы топырақ зонасы
в) қара топырақты зона
с) каштан топырақты зона
д) қоңыр топырақты зона
е) орманның сұр топырақты зонасы
71. Жергілікті жел эрозиясы мен шаңды дауыл түрінде көрінетін процесс:
а) коагуляция
в) аридизация
с) жаңа құрылым
д) дефляция
е) деструкция
72. Екінші агромелиоративтік топқа кіретін және ылғал жинауды керек ететін топырақ:
а) құм
в) таулы орманның қоңыр топырағы
д) шалғынды - қара топырақ
е) күңгірт-каштан топырағы
73. Оныншы агромелиоративтік топқа кіретін топырақ:
а) құм
в) таулы орманның қоңыр топырағы
д) сортаңдар мен тақырлар
е) күңгірт-каштан топырақ
74. Жауын-шашын көлемі көп буланбайтын жерлерге тән топырақтың су режимінің түрі:
а) тұйықтық
в) шаюшылық
с) импермацидтік
д) булану
е) ксудаттық
75. Топырақ бөлшектерін бөлуге тырысатын ішкі күштерге қарсы тұратын топырақтың қабілеті:
а) отыруы
в) қарсы тұруы
с) топырақтың байланысы
д) майысқақтығы
е) ісінуі
76. Топырақтың қатты түйірлерінің бу күйіндегі ылғалды ұстау қабілеті:
а) су ұстау
в) ылғал ұстау
с) судың борпылдақ топырақпен байланысы
д) ішкі түйіріпектік
е) гироскопиялық
77. Дисперсиондық ортадан шөгінді массаны бөлмей тоңазуға ұшырататын құбылыс:
а) ацидонт
в) анион
д) дегидротация
е) тиксотропия
78. Топырақтағы ауаның атмосферамен алмасу процесі:
а) диффузия
в) ауа сыйымдылығы
с) ауа өткізгіштік
д) аэрация
е) желдің бағыттары
79. Топырақтың жылу сыйымдылығы:
а) жылу өткізгіштік
в) жылу жұтушылық
с) альбедо
д) температуралық режим
е) жылу сыйымдылығы
80. Топырақтың генетикалық типтері туралы ілім негізінде салынған топырақ классификациясы:
а) эколого-генетикалық
в) морфо-генетикалық
с) эволюциялық - генетикалық
д) тарихи-генетикалық
е) физико-генетикалық
81. Климаттың термиялық ерекшеліктері бойынша бөлінуі:
а) топырақтық-биоклиматтық аймақ
в) топырақтық-климаттық белдеу
с) топырақ зоналары
д) зоналық жүйелер
е) зоналық спектр
82. Орманды дала және дала зоналарындағы топырақ түзуші жыныстар ерекшелігі:
а) тұздылық
в) азоттылық
с) илювиальдық
д) карбонаттылық
е) кесектілік
83. Сұр орман топырағы мен орманды даланың қаратопырақты зонасына:
а) Оңтүстік Қазақстан
в) Солтүстік Қазақстан
с) Алтай-Саян
д) Шығыс Қазақстан
е) Батыс Қазақстан
84. Қара-топырақты дала зонасына:
а) Батыс Сібір
в) Каспий бойы
с) Торғай
д) Шығыс Қазақстан
е) Сибирь Алтайы
85. Қазақстандағы қаратопырақты аймақтың көлемі:
а) 27 млн. га
в) 90, 5 млн га
с) 119, 4 млн га
д) 86, 3 млн га
е) 34 млн га
86. Қазақстандағы шөлді массивтердің көлемі, га:
а) 40 млн.
в) 27 млн.
с) 66 млн.
д) 86, 3 млн.
е) 38, 9 млн.
87. Қазақстандағы сор мен сортаң жер көлемі, га:
а) 40 млн.
в) 30 млн.
с) 20 млн.
д) 25 млн.
е) 35 млн.
88. Топырақтың қасиетін маңызды генетикалық кешендермен қалыптастыратын және микроүрдістермен толықтыратын топырақтың түпкі үрдістері:
а) микроүрдістер
в) мезоүрдістер
с) макроүрдістер
д) жаңа үрдістер
е) генезис
89. Дамуы үшін үнемі оттегі ағынын қажет ететін бактериялар:
а) нитрифицирлеуші
в) автотрофты
с) гетеротрофты
д) күкіртті бактериялар
е) анаэробты
90. Топырақ негізгі қандай элементтерден тұрады?
а) тастан
в) ұсақ тастан
с) қиыршық тастан
д) тірі ағза қалдықтарынан
е) әр түрлі топырақ түзуші жыныстардан
7. Добровольский В.В. Практикум по географии почв с основами почвоведе -ния. -М.: Просвещение, 1982.
9. Крупенников И.А. История почвоведения.-М.: Наука, 1981. -328 с
10. Науменко А.А. Эколого-генетический анализ почвенной карты Казахстана //Вестник КазГУ Сер. Географическая.1996. №3
11. Почвы областей Казахстана. 16 т. Алма-Ата, 1958-67.
12. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959. -310 бет.
13. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М, Наука, 1973 Изд. Книга, 99-126 бет.
14. Розанов Б.Г. Почвенный покров Земного шара. -М., Изд. МГУ, 1975.
15. Роде А.А. Генезис почв и современные процессы почвообразования. -М.: Наука, 1989.- 720 с.
16. Соколов А. А. Общие особенности почвообразования и почв Восточ -ного Казахстана. Алма-Ата, 1974.
17.Тазабеков Т.Т., т.б. Жалпы топырақтану. - Агроуниверситет.1998. -136 бет 18. Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. Алматы: Рауан, 1993.- 448 бет.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА НҰСҚАУЛАР
Топырақтың морфологиялық қасиеттері.................................................................4
Практикалық жұмыс №1.Топырақ қабаттарының сипаттамасы...........................7
Практикалық жұмыс №2. Топырақтың гранулометрикалық(механикалық) және
агрегаттық құрамын анықтау.(аспапсыз)..............................................................10
Топырақтың физикалық қасиеттері.......................................................................15
Практикалық жұмыс №3. Топырақтың құрылымдық құрамын анықтау..........15
Практикалық жұмыс №4. Топырақтың ылғалдылығын анықтау.......................16
Практикалық жұмыс №5. Топырақтың су өткізгіштігін анықтау......................19
Практикалық жұмыс № 6.Топырақтың суды көтергіштік(капилярлық) қабілетін
анықтау.................................................................................................................... 21
Топырақтың химиялық қасиеттері........................................................................22
Практикалық жұмыс №7. Топырақтың жұту қабілетін анықтау.......................24
Топырақтың табиғи зоналары...............................................................................26
Практикалық жұмыс №8. ТМД елдерінің топырақ зоналары............................27
1. Топырақтану ғылымының дамуы....................................................................28
2. Топырақтың түзілуіндегі үгілу үрдісінің орны және топырақ түзуші факторлар...............................................................................................................29
3. Топырақтың минерологиялық құрамы............................................................31
4. Топырақтың химиялық құрамы.......................................................................33
5. Топырақтың органикалық заты және оның топырақ құнарлылығын арттырудағы маңыздылығы................................................................................34
6. Топырақ гумусы...............................................................................................36
7. Топырақтың ауа және жылу режимі..............................................................37
8. Топырақтың физикалық қасиеттері...............................................................39
9. Топырақтың табиғи зоналалығы....................................................................41
10. Әлемнің топырақ жамылғысы және оның таралуы...................................42
11. ТМД елдерінің топырақ қорлары және оны қорғау..................................44
12. Қазақстанның жазық территорияларының көлденең
зоналық топырақтары.........................................................................................45
13.Қазақстанның таулы облыстарының топырағы......................................... 47
14.Қазақстанның жер қоры, оны пайдалану және қорғау...............................49
ЕМТИХАНҒА ӘЗІРЛІККЕ БЕРІЛЕТІН СҰРАҚТАР.....................................50
ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТТЕР...............................................................53
Есжанова Ж. Т. Топырақтану курсының практикалық бөлімінен оқу-әдістемелік құрал; ШҚМУ. Өскемен : ШҚму баспасы, 2006. 72бет
14 12 2014
5 стр.
Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде
14 12 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік кешені география мұғалімі мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешеніндегеология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланы
14 12 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік кешені мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әдебиеттер,
14 12 2014
1 стр.
«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәні бойынша базалық мемлекетік стандарттың, типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған
14 12 2014
4 стр.
Оқу-әдістемелік құрал іштей, сырттай оқитын студенттер мен оқытушылар және әдіскерлерге арналған
25 12 2014
6 стр.
Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет
14 12 2014
4 стр.
«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005
14 12 2014
5 стр.