Перейти на главную страницу
Топырақтың үлгілері. |
Судың топырақтың бойымен минут сайын көтерілу деңгейі, үдеме есеппен, мм. |
24 сағат
| |||||||||||
|
1 |
5 |
10 |
15 |
20 |
25 |
30 |
40 |
50 |
60 |
120 |
180 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4.Анықталған нәтижелердің негізінде график сызыңыздар. Ол үшін ординат бойынша судың көтерілу биіктігі мен жылдамдығын, ал абсицсса бойына уақытты кескіндеңіздер.
Топырақты талдау барысында химиялық зерттеу жасаудың маңызы зор. Топырақтың химиялық ерекшеліктері, топырақтың өсімдіктің қоректенуіне қажетті элементтермен қамтамасыз етілуі , сол сияқты зиянды қосылыстардың бары немесе жоғы химиялық зерттеу жасау арқылы анықталады.
Топырақта әр түрлі геохимиялық және биохимиялық үрдістер жүреді. Бір жағынан қарағанда топырақ геологиялық дамудың нәтижесінде топырақ түзуші тау жыныстарындағы элементтерге мұрагерлік жасаса, екінші жағынан оны гипергенез факторларының ықпалымен жылдам ыдыратады.
Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының ыдырауы кезінде немесе органикалық заттардың минералдануымен бір мезетте топырақта күрделі органикалық заттар түзілу құбылысы - шірінді түзу жүреді. Шіріндінің химиялық құрамы, алғашқы шірінді түзілетін органикалық заттардың құрамынан күрделірек болады. Шіріндінің құрамында гумин және ульмин, фульво және амин қышқылдары т.б. кездеседі. Шірінді ыдыраған кезде көміртегі, нитраттар, фосфаттар т.б. бөлінеді. Шіріндінің құрамына 5%-ке дейін азот кіреді. Әр түрлі топырақтардағы шіріндінің мөлшері әр қилы болады. Мысалы, қара топырақта 8-12-15 % дейін, сұрғылт тоғай топырағында 3-5%, сұрғылт топырақтарда 1-3 %, құм топырақтарда 0,5% болады.
Топырақтың басты химиялық қасиеттерінің бірі - оның қышқылдығы. Топырақ қышқылының артуы өсімдіктің өсіп-өнуімен топырақтағы пайдалы бактериялардың өмір сүруін қиындатумен бірге ондағы пайдасыз(өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын) саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің дамуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі топырақтың физикалық және химиялық құрамының нашарлауына әкеп соғады. Топырақтың қышқылдығының экологиялық әсерін әр бір өсімдіктің белгілі бір рН мөлшерінде ғана жақсы дамитындығынан білеміз. Қышқылдық межесіне (рН) қарай топырақ төменгі топтарға бөлінеді.
1. Өте қышқыл топырақ - 4,5
2. Орташа қышқыл топырақ - 4,6-5,0
3. Сәл қышқыл топырақ - 5,1-5,5
4. Қышқылтым топырақ - 5,6-6,0
5. Бейтарап топырақ - 6,1-7,0
6. Сілтілі топырақ - 7,1-8,0
7. Өте сілтілі топырақ - 8,1
Топырақ қышқылдығы екі түрге ажыратылады: айқын және көмескі (потенциалды) қышқылдылық. Айқын қышқылдылық деп топырақ ерітіндісіндегі сутегі иондарының межесін айтады. Ол топырақтағы органикалық және минералдық қышқылдардың деңгейімен айқындалады. Ал көмескі қышқылдылық - топырақ бөлшектерінің тұздармен әсері кезінде пайда болатын қосылымдардың ерітіндіге қышқылдық қасиет беруімен ерекшеленеді. Топырақ қышқылдылығын, ондағы минералдық элементтердің мөлшерін аналитикалық химия тәсілдерін пайдалана отырып, топырақтың судағы ерітіндісін зерттеу арқылы анықтауға болады.
Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне оның бөлшектерінің тығыздығы, өзара байланысы, борпылдақтығы т.б. жатады. Топырақ бөлшек- терінің тығыздығы - оның құрамындағы қарашірік пен органикалық (органикалық заттар мен қарашірік неғұрлым көп болса, топырақ бөлшек- терінің тығыздығы төмен болады) заттар мен органикалық емес заттардың (минералдардың) мөлшеріне байланысты. Олай болса, топырақ бөлшектерінің тығыздығы белгілі бір дәрежеде топырақтардың химиялық құрамын сипаттайды. Екінші жағынан топырақтардың түзілуі кезінде оның құрамында жиналатын минералдық және азоттық заттардың мөлшері топырақтың өз құрамына суда еріген қосылыстарды, булар мен газдарды жұту және ұстау, бекіту қасиеттеріне де байланысты. Топырақтың осы сипатталған қасиетін оның жұту қабілеті деп атайды да, оның бес түрін ажыратады: механикалық, биологиялық, физикалық, химиялық және физикалық-химиялық жұтулар.
1. Көлемі 250 мл колбаға 20 мл 5К2НРО4 ерітіндісін құйған соң 20 гр. топырақ үлгісін салып, 30 мин. мұқият араластырады да, сұйықты тұндырған соң фильтр арқылы сүзеді.
2. Алдын-ала өлшенген фарфор табақшаға 10 мл сүзгіні құяды да, оны жоғарғы температурада кептірген соң, төмендегі тұжырым бойынша есеп жасайды;
20 мл К2НРО4 ертіндісінде бір грамм тұз болса,10мл сүзгіде 0,5 гр. К2НРО4 болуға тиіс.Тәжірибе бойынша өлшенген фарфор табақшадағы минералдық қалдықтың салмағы 0,2 гр. болу керек. Олай болса, 10 гр. топырақ 0,3 гр. К2НРО4 бойына жұтқан болады. Сонда 20 гр. топырақ 0,6 гр. тұзды жұтады, яғни 60 процент. Осы көрсеткіш анықталған топырақтың жұту қабілеті болып табылады.
Сұйық құйғышқа салынған кәдімгі қара топырақты хлорлы калий ерітіндісімен суарады. Нәтижесінде топырақ каллоидтарының құрамындағы Са++ катиондары К+ катиондарымен ығыстырылады, сүзіндінің құрамына өтеді. Бұл химиялық қатынасты төмендегіше өрнектеуге болады:
(ТЖҚ) Са2++ КСl (ТЖҚ) 2К++СаСl2
сүзіндінің құрамында Са бар екендігіне сұйыққа бірнеше тамшы қымыздық қышқылы аммоний ерітіндісін қосқанда түзілетін ақ тұнба арқылы көз жеткізуге болады. Тәжірибе дәләлді болу үшін осы реакцияны сүзінді орнына тазаланған суды пайдаланып орындаңыздар.
рі өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан табиғи аймақтар. Терістік-тен оңтүстікке қарай топырақтың өзгеріп, әртүрлі зоналарға бөлінуін топырақтың көлденең (ендік) зоналығы дейді. Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазық алқаптарға қарағанда өзгеше. Таулы аймақтардың ауа райы да, өсетін ағаш, өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білінеді.Осындай өзгерістерді топырақтан да көруге болады. Топырақтың бұлай өзгеріп, әр түрлі зоналарға бөлінуін топырақтың тік (белдеулік) зоналылығы деп атайды. Жер бетінде таулы алқаптардың аздығына байланысты топырақта көлденең зоналылық басым. Өз кезінде жинақтаған материалдарды пайдалана отырып, В.В.Докучаев әлемдік топырақ зоналарын беске бөлген: бореальдық (арктикалық), орман, дала – қаратопырағы, аэральдық(шөл), және латериттік топырақ зонасы. Кейін келе ғалым топырақ түрлерінің планетада жалпылама таралмайтындығын анықтады.
Әрбір топырақ зоналары топырақ жамылғысының құрамына, экологиялық жағдайлар кешеніне, сол зоналарда өсірілетін ауылшаруашылығы дақылдары- ның түрлеріне, қолданылатын агрономиялық және мелиорациялық шаралар- дың өзгешелігіне қарай бөлінді. Кезінде ТМД елдерінің территориясы 15 агротопырақтық зоналарға бөлінген, олар ендік бағытта созылып, ретті, кең белдеулі жайласқан. Олар: полярлық тундра зонасы; солтүстік тайга зонасы; орталық тайга зонасы; оңтүстік тайга зонасы; қоңыр топырақты орман зонасы; орманды дала зонасы; дала зонасы; құрғақ дала зонасы; қоңыржай белдеудің шөлейт зонасы; шөл зонасы; тау етегіндегі жартылай шөлді зона; субтропиктік белдеудің шөлді зонасы; субтропиктік тау етегіндегі жартылай шөлді зона; субтропиктік бұталы дала және құрғақ орманды зона; субтропиктік ылғалды орман зонасы. Таулы өңірлердің топырақ зоналары – тау беткейлерінде биіктік бағытта құралған бес таулық облыстан тұрады. Олар: 1) Карпат-Кавказдық (жылы, ылғалды), 2) Орта Азиялық (құрғақ, жылы), 3) Оңтүстік Сібірлік (суық, ылғалды), 4) Солтүстік Сібірлік (өте суық, орташа ылғалды), 5) Камчаткалық
Курильдік (өте ылғалды, суық ).
- топырақ карталарын қолданып, ТМД елдерінің топырақ зоналарымен танысу. Топырақ зоналарының сызба нұсқасын және әр зонадағы топырақ түрлерінің классификациясын жасау.
- олардың таралу заңдылықтарына талдау жасап, топырақ зоналарына сипаттама беру.
2-тапсырма.
- ТМД елдерінің 1:4 000 000 масштабты картасын пайдаланып Солтүстік және Оңтүстік Алтайдың биіктік зонасының схемасын құру. Топырақ түрлері мен түршелеріне және олардың түзілу жағдайына сипаттама беру.
Топырақ карталары масштабына қарай төмендегі категорияларға бөлінеді:
ұсақ масштабты - масштабы кіші 1:500 000,
орта масштабты - масштабы 1:100 000 ден 1: 300 000 дейінгі,
ірі масштабты - масштабы 1: 10 000 нан 1:50 000 дейінгі,
бөлшекті - 1:5000 және одан ірі.
Топырақ картасын толық жасап және өрнектеуге мынандай жұмыстар ен- еді: топографиялық негіздерді әзірлеу, топырақ карталарының белгілерін құрас- тыру(қабылданған шартты белгілердің тізімдері), егін жайдағы топырақты рет -теу, топырақтың қосымша бөліктерін топографиялық негізге түсіру, топырақ- қа әртүрлі индекстер мен әртүрлі штрихтарды енгізу, топырақ карталарына текстік түсіндірме материалдар беру. Топырақты картаға түсіру жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: а)топырақ алқаптарын картографиялау немесе оны қағаз бетіне түсіру; б) климат жағдайы туралы мәліметтер жинақтау; в) далалық жағдайда тексеріліп отырған территорияның рельефі, геологиялық құрылымы, топырақ пайда болған жыныстары және жер асты суларының тереңдігі анықталып, өсімдіктері суреттеледі (оның түрлік құрамы, жобалық қыртысы, өсімдіктер массасы).
Топырақ карталарының масштабын, құрылымы мен шартты белгілерін білу, топырақтың әр түрлі типтері мен типшелерін анықтауда жеңілдік туғызады.
1.Топырақтану ғылымы және оның даму тарихы.
2.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
3.Топырақтану ғылымының ғылымдар жүйесіндегі орны.
4.Топырақтың биосфера мен адам өміріндегі орны мен рөлі.
Әдістемелік нұсқаулар:
Семинар сұрақтарына әзірлік барысында студенттер ұсынылған әдебиеттердегі материалдарды пайдалана отырып, топырақтану ғылымының дамуы мен қалыптасуына, ғылымды дамытуға үлес қосқан ғалымдардың еңбектері мен ғылымның ғылымдар жүйесіндегі орнына және Қазақстанда топырақтану ғылымының дамуы мен қалыптасуына баса назар аударулары қажет. Топырақты құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі ретінде қарастырып, оның биосфера мен адам өміріндегі орны мен роліне ерекше көңіл бөліп, топырақтың адамзат үшін өлшемі жоқ, баға жетпейтін байлық екенін танып білулері керек.
1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ
географиясы. – Алматы, ҚҰУ. 2000.
2. Почвоведение. /Под, ред. И.С. Кауричева. – М, Агропромиздат, 1989.
3. В.В.Добровольский. География почв с основами почвоведения; Учебник
для вузов.- М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999. -384с.
4.Тазабеков Т.Т. Жалпы топырақтану.- Алматы: Агроуниверситет, 1998 .
-182бет.
5. Сибирцев Н.М. Почвоведение. Избр. Соч. том 1,-М., 1951. -472 стр.
1. Тау жыныстарының үгілуі туралы түсінік.
2. Топырақ түзуші факторлар
3. Топырақ жамылғысына антропогендік ықпал.
Алғашқы сұраққа әзірлік барысында студенттер топырақтың түзілуіндегі гипергенез үрдісімен және оның физикалық, химиялық, биологиялық түрлерімен танысулары керек. Табиғат күштерінің әсіресе, температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың топырақка әсері ерекше. Бірақ физикалық және химиялық үгілу өзінше топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы - физикалық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс. Ол өсімдіктердің үгітілген тау жыныстарында өсе бастауынан басталады. Сол үшін тау жыныстарының үгілу үрдісіндегі биологиялық құбылыстардың атқаратын қызметіне тоқталып өткен жөн.
Екінші сұрақта қарастырылатын мәселе - топырақ түзуші негізгі алты фактор: ауа райы, тау жыныстары, жоғарғы және төменгі өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші.
Топырақ жамылғысының антропогендік ластануы мен одан топырақты қорғау бүгінгі күннің өзекті проблемасы. Адам қоғамының топырақ түзу үрдісіне тигізетін әсері өзгеше. Адам өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде жерді қолдан суарып немесе құрғатып, мелиорациялап, топырақтың табиғи даму құбылыстарына көптеген өзгерістер енгізді. Топырақты көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар қолдану топырақтың бұрынғы табиғи қасиеттерін өзгертті. Көптеген аймақтарда топырақ құнарлылығының жойылуы антропогендік әрекеттерден болып отырғаны белгілі. Сондықтан да топырақтың антропогендік ластану себептерін және топырақ құнарлылығын арттыру мен оны антропогендік ластанудан қорғаудың жолдарын айқындайтын материалдарды мән беріп оқу қажет.
Келесі сұрақта студенттер жер қыртысының үстінде және оның жоғарғы бөліктерінде атмосфераның, гидросфераның және биосфераның қатысуымен өтетін гипергендік үрдістермен (химиялық ажырау, тотығу, еру, гидраттану, корбонаттану т.б) танысып, топырақта жүретін осы үрдістердің жүру ерекшелі- гін, минералды заттардың химиялық және физикалық өзгеріске түсу жолдарын ажырата білулері қажет.
Әдебиеттер:
1. Глазовская М.А., Геннадиев А.Н. География почв с основами почвоведения Учебник - М.: МГУ, 1995, -400с.
2. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
3. Роде А. А. Генезис почв и современные процессы почвообразования. -М.: Наука, 1989. -720 с.
4.Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. -Алматы: Рауан, 1993.
Рефераттар тақырыптары:
1. Топырақ түзілу үрдісі және топырақ түзуші факторлар.
2. Топырақтың түзілуіндегі микроағзалардың ролі.
3. Топырақтың түзілуіндегі жануарлардың ролі.
1. Топырақтың минерологиялық құрамының қалыптасуы.
2. Алғашқы және екінші минералдар, олардың маңызы.
3.Балшықты минералдар
Топырақ минералдарының тегін, құрамы мен қасиеттерін терең ұғыну үшін, топырақтың минералдық құрамын зерттеуге зор үлес қосқан орыс ғалымдары К.Д. Глинка мен Б.Б. Полыновтың және неміс ғалымы Х. Гарассовицтің ғылыми еңбектерімен танысу керек. Жалпы табиғи химиялық қосылымдар саналатын минералдарды және олардың құрамын, қасиетін, түзілуін, құрылыс ерекшеліктері мен заңдылықтарын геологияның ежелгі саласы минерология ғылымы зерттейді. Қазіргі топырақтың қатты бөлігінің 90-95 пайызын минералдық заттар құрайды. Сондықтан да топырақтың массасына кіретін минералдардың айырмашылығына байланысты бөлінетін төмендегі екі тобын ажырата білу қажет.
а) алғашқысы құрлықтағы жер қойнауында жаралған және массивті - кристалды тау жыныстарынан топырақ құрамына көшкен (тотықтар, сили- каттар, алюмосили каттар, сульфиттер мен фосфаттарға жататын)магмалық және метаморфтық бастапқы біріншілік минералдар тобы.
б) екінші топты солардан бұзылу (гидраттану, тотығу, гидролиз үрдістері) арқылы жаралған екіншілік(балшықты) минералдар (лимонит, бейделит, каоли- нит, монтмориллонит) түзеді.
Сол сияқты назар тоқтататын мәселелер: ыдырау құбылыстары және ыдыраған заттардан екінші минералдардың синтезделуі арқылы балшықты минералдардың түзілуі.
Коллоидтық қасиеттер, олардың катионды жұтып алу қасиеті. Екінші минералдардың үгілуі мен еруге шыдамдылығы. Олардың саны өскен сайын шыдамдылығының арту себептері.
1. Минералдардың топырақ құнарлылығын қалыптастырудағы ролі.
2. Балшықты минералдардың емдік қасиеттері.
3. Екінші минералдардың топырақ түзілуіндегі ролі.
2. Топырақтың макроэлементтері мен микроэлементтері.
3. Топырақтың сіңіру қабілеті.
4. Қышқыл топырақтарды жақсарту жолдары.
Жер қабатындағы элементтердің орташа құрамын 1924 жылы алғаш есептеп шыққан - американдық ғалым Ф.У.Кларк. Студенттер семинарға әзірлік барысында Ф. У. Кларктың тау жыныстарындағы химиялық элементтерді кларк үлестеріне байланысты бөлген үш тобымен және кларк көрсеткіштерін толықтырған ғалымдар (А. С. Ферсман, 1934-1939, А. П. Виноградов,1962) еңбектерімен, топырақтағы негізгі үлестері әртүрлі мол элементтер аттарына ие болған 18 элементпен танысулары кажет. Топырақтың химиялық құрамымен таныса отырып, кез келген затты түзуге қатысатын материалдық заттардың негіздерінің үлесін зерттеу үшін олардың химиялық құрамы анықталатынын және топырақтағы әртүрлі табиғи денелердің химиялық құрамын сипаттағанда, оның құрамындағы әртүрлі элементтердің орта есеппен алатын орнын, үлесін пайызбен шығаратынын білулері керек.
Екінші сұраққа дайындық кезінде топырақтың құрамындағы микро және макроэлементтермен, оның химиялық құрамының қалыптасуымен және олардың тірі ағзалар тіршілігіне тигізетін әсеріне байланысты материалдармен танысыңыздар.
Топырақ каллоидтарының құрылымы мен құрамын жете білу топырақтың сіңіру қабілетінің экологиялық маңыздылығын зерттеуге мүмкіндік береді.
Келесі сұрақта студенттер“топырақ ерітіндісі” және ”топырақ қышқылы” ұғымдарының мазмұнымен танысып, қышқыл топырақтарды жақсартудың қазіргі кездегі тәсілдерін оқып үйренеді.
Әдебиеттер:
1. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М,: Наука, 1973 изд Книга, 99-126 бет.
2. Розанов Б.Г. Почвенный покров Земного шара. -М., Изд. МГУ, 1975.
3. Роде А.А. Генезис почв и современные процессы почвообразования.-М.: Наука, 1989.- 720 с.
4. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959.- 310 бет.
5. Жамалбеков Е .Ү., Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
1. Химиялық элементтердің топырақ ішінде таралуы.
2. Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері.
3. Топырақтың ауыр металдармен ластануы.
4. Топырақ эрозиясы.
5- тақырып: Топырақтың органикалық заты және оның топырақ құнарлылығын арттырудағы маңыздылығы (1сағат).
Сабақтың мақсаты: Органикалық заттар және олардың топырақ түзілуі мен құнарлылығын арттырудағы ролін талдау.
Семинар сұрақтары:
1. Топырақтың органикалық бөлігі.
2. Топырақ түзілуіндегі биік өсімдіктердің ролі.
3. Топырақ түзуге жануарлардың қатысуы.
4. Топырақ түзілуіндегі микроағзалар ролі.
Әдістемелік нұсқаулар:
Топырақ - биосфераның маңызды бөлігі, ол құрлықтағы тірі ағзалар мен олардың метаболизмі өнімдерінің қосылыс аймағы. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасы топырақтың ерекше компоненті болып табылады.
Тірі ағзалар - топырақтың тірі бөлігін құрайды. Жер бетінде тірі организмдердің пайда болуы планетаның сыртқы қабығын терең өзгеріске әкелді. 3,5 млрд. жыл мұхиттарда дамыған тірі ағзалар 500 млн. жыл бұрын құрлықты игере бастады.
Жалпы топырақтағы органикалық заттардың көзі топырақтың бетіне түсіп, топырақ қабаттарында жиналып, топырақтың түзілу үрдісіне қатысатын-биоценоз қалдықтары.
Сондықтан да топырақтың түзілуі мен құнарлылығын қалыптастырудағы биік өсімдіктердің, жануарлардың, микро - организмдердің қызметіне талдау жасап, топырақтың органикалық бөлігінің құралу заңдылықтарына тоқталу керек.
Ағзалардың тіршілігінің нәтижесінде жер - атмосфера - гидросфера жүйесінде газдар мен су айналымы жүзеге асты.
Семинарға дайындық кезінде, әртүрлі микроорганизмдер мен қарапайым майда жәндіктердің топырақ түзілуіндегі маңыздылығына назар аудару керек. Себебі: микроорганизмдер өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдық- тарын шірітіп, ыдыратып, жай қосылыстарға (суға, көмірқышқылы газына, аммиакқа және басқа заттарға) айналдырады.
Әдебиеттер:
1. Докучаев В.В. Русский чернозем.- СНП, 1883.
2. Тазабеков Т.Т т.б Топырақтар географиясы. -Алматы: Агроуниверситет,
2000. -182 бет.
3. Добровольский В.В. География почв с основными почвоведения.- 4-е изд.-М.: Владос, 1999.
4. Почвоведение: Учебник/Под ред. И.С.Кауричева.-М.: ВО Агропромиздат, 1989. -720 с.
5. Геннадиев А.Н. Почвы и время: Модели развития.- М., Изд. МГУ, 1990.
Рефераттар тақырыптары:
1.Топырақ түзілу үрдісіндегі жануарлардың ролі.
2. Топырақтағы органикалық заттар және олардың биологиялық айналымдағы орны.
6-тақырып: Топырақ гумусы (1сағат).
Сабақтың мақсаты: Топырақтағы табиғи органикалық заттардың шіруі және қарашіріндінің түзілу үрдістерімен танысып, топырақтың құнарлылығын арттыру шараларын қарастыру.
Семинар сұрақтары:
1. Топырақ құнарлылығын арттырудағы органикалық заттардың маңызы.
2. Топырақтағы қарашірінді.
3. Егіншілік жұмыстарындағы топырақты құнарландыру шаралары.
Семинарға әзірлену барысында негізгі көңіл бөлетін мәселе - гуминдену үрдісі. Ол - күрделі биологиялық – физикалық – химиялық үрдіс. Органикалық заттарды ұсақ ағзалар шірітеді, сонымен бірге олар жаңа органикалық қосындылар - топырақ қарашіріндісінің синтезін жүргізеді, өз бойларында ақуыз құрады. Минералданумен қатар топырақта сол органикалық қалдықтар биохимиялық өзгерістерге түсіп, соның салдарынан жаңа тұрақты органикалық қосылыстардың жиынтығы - топырақ қарашіріндісі (гумус) пайда болады. Топырақтағы сол жаңа органикалық зат - гумустың синтезделу үрдісі гуминдену деп аталады.
Қарашірінді (гумус) - өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының биологиялық және биохимиялық ыдырауынан түзілген органикалық қоспа.
Сондықтан да семинар сұрақтарына әзірлік барысында гумустың топырақ құралу үрдістеріне, оның құнарлылығына тигізетін әсері мен маңыздылығына ерекше назар аударған жөн.
Топырақтың табиғи шірінді заттарын құрайтын -ульмин, гумин, крен қышқылдары. Себебі бұл қышқылдар табиғи органикалық заттардың үш түрлі шіруінен пайда болады: ульмин немесе қарақошқыл шірінді қышқыл анаэробтық шіруге, гумин немесе қарашірінді қышқылы аэробтық бактериялық шіруге және крен немесе түссіз шірінді қышқылы саңырауқұлақ арқылы шіруге байланысты.
Сол үшін бұл қышқылдардың жаратылысын, топырақтағы салыстырмалы мөлшері мен қасиеттерін жақсы білу керек.
Студенттер соңғы сұрақты талдау кезінде топырақты агротехникалық шаралар жүргізу арқылы жақсартудың қазіргі жаңа технологияларымен танысып, сонан соң топырақтың құнарлылығын арттыру және дақылдардың өніп-өсуіне қолайлы жағдай туғызу үшін оған механикалық әсер ету мен топырақты рекультивациялау істерінің ерекшеліктеріне тоқталады.
Әдебиеттер:
1. Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв: Учебник.: Высшая школа, 1981. - 400 с.
2. Почвоведение: Учебник /Под ред. И.С.Кауричева.- М.: ВО Агропромиздат, 1989. -720 с.
3.Роде А.А. Генезис почв и современные процессы почвообразования.- М.: Наука, 1989.- 720 с.
4. Глазовская М.А. Почвы мира. В 2-х томах, -М., 1973.
5. Крупенников И.А. История почвоведения.- М.: Наука. 1981.- 328
6. Науменко А.А. Эколого-генетический анализ почвенной карты Казахстана
//Вестник КазГУ Сер. Географическая.1996. №3
1. Топырақ құнарлылығының элементтері мен факторлары.
2. Адамзат қоғамы үшін топырақтың маңыздылығы.
3. Топырақ жамылғысына адамның ықпалы.
1. Топырақтың ауа және жылу режімі, оның экологиялық маңызы.
2. Топырақтың аэрация үрдісі.
3. Топырақтың ауа және жылу режімдерінің өсімдіктің тіршілігіндегі орны.
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат - топырақтың ауа және жылу тәртібінің өсімдіктер мен ұсақ ағзалардың өсіп дамуындағы физиологиялық үрдістердің өтуіндегі роліне тоқтала отырып, топырақтың ауа қасиеттерімен (ауа өткізуі, ауа алмастыруы) және жылу қасиеттерімен (топырақтың сәуле сіңіруі, сәуле таратуы, жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі т.б) танысу. Топырақтың құрамды бөлігі болып саналатын топырақ ауасы құрамының атмосфералық ауадан ерекшелігіне назар аудара отырып, оның топырақта жүретін биологиялық үрдістерге тәуелділігін ұғыну.
Климат - топырақтың түзілуіндегі маңызды фактордың бірі. Топырақтың жылумен қамтамасыз етілуі осы факторға тікелей байланысты. Климаттық жағдай топырақ географиясының - ендік зоналылығын, оның негізгі заңдылықтарын анықтайды. Үздіксіз газ айналымының нәтижесінде топырақ пен атмосфералық ауа арасында жылжымалы тепе-теңдік орнайды.
Студенттер семинарға дайындық кезінде топырақтың жылу алмасуы (жылудың топыраққа түсуі, қабаттарға еніп, жоғарыдан төмен қозғалуы және олардан қайта ауаға оралуы), “тыныс алуы”, газ алмасуы (топырақ массасының атмосфераға көмірқышқыл газын бөліп шығаруы және ауадан оттегіні сіңіруі), аэрация сияқты үрдістерімен танысып, ауа және жылу режимдерінің өсімдіктер мен ағзалар тіршілігіндегі орнына байланысты материалдарға айрықша тоқталып өтулері керек.
1. Жамалбеков Е .Ү, Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
2. Роде А.А. Генезис почв и современные процессы почвообразования.-М.: Наука, 1989.- 720 с.
3. Добровольский В.В. География почв с основными почвоведения. -4-е зд.-М.: Владос, 1999.
4. Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Рауан, 1993. -448 бет.
5. Глазовская М.А. Почвы мира. В 2-х томах. - М., 1973.
1. Климат- топырақ түзуші фактор.
2. Топырақтың су режімі.
3. Топырақ - еңбек өнімі және құралы
4. Топырақтың қарсылық білдіруі.
Топырақтың физикалық қасиеттерімен (суға төзгіш құрылымы, ауа өткіз -гіш кеуектігі, ылғалды жақсы сіңіріп, оны ұстап тұруы, оңай өңдеуге болатын физикалық - механикалық қасиеттері) танысу керек.
Топырақтың физикалық қасиеттерін оқып игеру барысында топырақ құр- лымының сипаттамасына міндетті түрде тоқталу қажет. Себебі тау жыныстары- ның минералдық және гранулометрикалық құрамы топырақтың физикалық қасиеттеріне белгілі дәрежеде ықпал етеді. Топырақ құрылымының ірілі- уақты болуы оның механикалық құрамына, содан кейін онда өсетін өсімдіктердің тамырына байланысты.
Келесі назар аударатын мәселе - топырақ нығыздығы ( топырақ фазасының барлық қатты заттарының интеграцияланған нығыздығы) және топырақтың борпылдақ, қуысты болу қасиеті. Бұл қасиеттер топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығын және құрылым бөліктерінің арасындағы қуыстар дәрежесін білдіреді. Сондықтан да топырақ қуыстарындағы ауа мен судың, жылудың жүруінің топырақтың түзілу үрдісіндегі маңыздылығына ерекше көңіл бөліңіздер.
Есжанова Ж. Т. Топырақтану курсының практикалық бөлімінен оқу-әдістемелік құрал; ШҚМУ. Өскемен : ШҚму баспасы, 2006. 72бет
14 12 2014
5 стр.
Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде
14 12 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік кешені география мұғалімі мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешеніндегеология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланы
14 12 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік кешені мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әдебиеттер,
14 12 2014
1 стр.
«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәні бойынша базалық мемлекетік стандарттың, типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған
14 12 2014
4 стр.
Оқу-әдістемелік құрал іштей, сырттай оқитын студенттер мен оқытушылар және әдіскерлерге арналған
25 12 2014
6 стр.
Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет
14 12 2014
4 стр.
«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005
14 12 2014
5 стр.