Перейти на главную страницу
1. Мұғалімнің күнтізбе жоспарына сай сабақтың нөмірі
2. Сабақтың тақырыбы
3. Сабақ мақсаты:а) білімділік
б) дамытушылық
в) тәрбиелік
4. Сабақты хаттау
5. Сабақты жабдықтау (құралдар, тәжірибелер)
6. Сабақ типі, қолданылатын әдістемелік тәсілдер
7. Түсініктілік құрал
8. Сабақты жүргізу: а) үй жұмысын тексеру немесе сұрау б) жаңа тақырыпты түсіндіру
в) оқулықпен жұмыс
г) есеп шығару
д) жаңа тақырыпты бекіту
е) сабақтағы бағаларын қою
ж) үй жұмысына түсініктеме
9. Тақтаға жазу жоспары.
Ескерту:
- әртүрлі формалар және оқушылардың ұйымдастыру жұмыс әдісін пайдалану;
- сынып жұмысына әр оқушының қызығушылығын арттыру;
- оқушыларды тапсырманы орындауда әр-түрлі әдістерді пайдалануға ынталандыру;
- өз жұмыс әдісін (есеп шығару, тәжірибе келтіру), үйретіп оқушылардың алға ұмтылуын арттырып, кейбір ұсынылған балаларды іріктеп сабақ барысында әр-түрлі әдістерді талдап, көбіне ұтымдылықты таңдап, талдап және нақтыны қолдап, атап өту;
- сабаққа дайындық деңгейіне тәуелсіз оқушыларға ынтасын, қабілетін көрсететін, өз бетімен шығара алатын, жұмыс тәсілін таңдай алатындай тапсырмаларды қолдану қажет;
- сабақтың соңында оқушылармен не өттік, нені үйрендік дегеннен басқа, не ұнады (не ұнаған жоқ) және неге; тағы не орындауға болар еді, басқадай не істеуге болады деген сияқты сұрақтарды талқылау;
- сабақты сұрағанда (баға қойған кезде) жауаптың дұрыстығын (қателігін) ғана талқылау емес, сонымен қатар оның дербестігін, өзіндік орындауы, оқушының тапсырманы әр түрлі әдістерді қолданып орындауы;
- үйге тапсырма бергенде мазмұнын ғана айтпай, сонымен бірге оқу жұмысын ұтымды ұйымдастыру бойынша жетік кеңес беру үй жұмысының жемісті орындалуын қамтамасыз етеді.
Бақылау жұмысының элементтерін талдау
Физикадан бақылау жұмысын тексергенде және баға қойғанда есеп шығарудың келесі элементтерінің сапасына қарайды:
1. Есептің берілгенінің қысқаша жазылуы.
2. Физикалық бірліктерді ХБ жүйесіне айналдыру.
3. Суреттер, сызулар немесе кескінді орындау.
4. Физикалық заңдарды немесе құбылысты білу.
5. Шығару формуласын қорту.
6. Берілген шаманың өлшем бірлігін қорту.
7. Математикалық есептеу.
8. Анықтама әдебиетін қолдана білу.
9. Алынған нәтижені талдау.
10. Жауабын жазу.
1. Сабақтың тақырыбы.
2. Сабақ типі.
3. Сабақ түрі.
4. Оқу материалының мазмұны (фактілер, заңдар, теориялар және т.б.) ғылымның қазілгі даму дәрежесіне сай ма.
5. Мұғалім оқушыларды физиканы зерттеу әдісімен таныстырда ма.
6. Мұғалім оқушыларда әлемнің физикалық суретін қалыптастыруға ұмтылды ма
7. Қандай әдістемелік тәсілмен ол (фактілерден –физикалық теория элементтеріне, олардан – салдарға, соңғыдан эксперименталды қорытындыларын тексеру және т.б.) осыларды істейді.
8. Көрсету эксперименті сабақта қандай орын алады:
- мазмұны оқылған сұрақтарға сай келеді ме;
- оқушыларға оны ұғыну қаншалықты сәтті;
- эксперименттің техникалық өтуі қандай;
- эксперимент (оқыған құбылысты көркемдеу, проблемалық жағдайды тудыру немесе оны шешу үшін қолданған, зерттеушілік үй тапсырмасын қою үшін және т.б.) қандай мақсатқа қызмет етеді.
9. Оқушыларда өзіндік жұмыс орын алды ма
- құралдармен және жабдықтармен;
- осы жұмысты ұйымдастырылуы қандай;
- бұл жұмыс қаншалықты нәтижелі және мақсатқа лайықты болды
10. Басқа пәндермен байланысы болды ма
- қай пәндермен;
- пәнаралық байланыс қандай рөл атқарады;
- мұғалім оқушылардың назарын басқа пәндер бойынша білімін қолдануда ерекше көңіл бөлдірді ме, оны қандай жолмен, қандай мақсатпен
11. Физикалық есептер шығарылды ма:
- есептің типі қандай;
- олардың қиындық және қолайлылық дәрежесі;
- топпен, өзіндік, ұжыммен неше есеп шығарылды;
- жаңа есептердің шығарылу жолы көрсетілді ме немесе оқушылар тапсырманы шығару әдісін өздеріне табу керек болды ма;
- тапсырмалар не үшін берілді (білімін және іскерлігін тексеру үшін, шешудің жаңа әдістерін игеру үшін, жаттығу үшін және т.б.)
12. Сабақтың жақсы нәтижесі туралы не айтуға болады:
- оқытудың тәрбиелік, дамытушылық нәтижесі қандай;
- жаңа ұғымдарды, заңдылықтарды және әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін оқушылар меңгерді ме;
- пәндік, ақылдылық, танымдық және оқу іскерлігі қалыптасты ма;
- қандай сапаны қалыптастыруда (әдет-ғұрыптық, экологиялық, экономикалық және т.б. ) тәрбиелеушілік әрекет бағытталды, не нәрсе жақсы, не нәрсе жаманы туралы көрініс, ой еңбегі мәдениетінің дағдысы;
- оқуға деген оны бүтіндей алғанда, оның ішінде физиканы оқуға қатынасы;
13. Ұсыныс.
Сынып жетекшісі – мектептегі оқу – тәрбиелік жұмысты негізгі ұйымдастырушы, сыныпта тәрбиелік жұмысты жүзеге асыру үшін директор тағайындаған ресми тұлға.
Сынып жетекшісінің міндетіне келесілер жатады:
- Тәрбиелік – педагогикалық жетекшілікті дамыту және сыныптағы әрбір оқушыны және ұжымды бүтіндей алғанда қалыптастыру;
-Ұйымдастырушылық-әкімшілік - сынып мектеп құрамындағы ұйымдастырылған бірлік ретінде жетекшілік ету, оқушының жеке істерін және тағы басқа құжаттарды жүргізу;
- Үйлестіру – тәрбие үрдісінде барлық қатысушылар арасында қарым – қатынасты орнату;
оқушыларды жан – жақты зерттеу және тәрбиелеу, оқуда және дамуда оларға көмек көрсету, оқушылардың кәсіби және оқу-танымдық өзін анықтауда мәселені шешуге көмектесу, оқушылардың топ ішіндегі, тұлғалар арасындағы қатынастарын дамыту, ата-аналармен қарым – қатынас және балаларды тәрбиелеуде оларға көмек көрсету, педагогикалық тапсырмаларды шешуде, үлгерімін бақылауда, сабаққа қатысуын және өзін - өзі ұстауда сынып мұғалімдармен қарым – қатынас жасау.
мектептегі тәрбиеші жұмысы маңызды, сынып жетекшісі сыныптағы күнделікті өтіп жатқан оқиғалар мен жағдайларға жай ғана қарап қоймай, оны ұйымдастырып, тәрбиелік жұмыстың жүйесін құру керек. Сондықтан әдіскерлер студент-практикантқа сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының циклын қолдануға, яғни кешенді төмендегі іс-әрекеттерді жұмыс кезеңдерін ұсынады.
1.Сыныптағы оқушыларды және ұжымды зерттеу: демографиялық, психологиялық, педогогикалық, медициналық мәліметтерді жинау (отбасы, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы, денсаулығы, даму деңгейі, тәрбиелелігі, өзіндік ерекшеліктері).
2. Жалпы сыныпқа немесе жеке топтарға, сынып оқушыларына тәрбиелік тапсырмаларды қарыптастыру.
3.Тәрбие жұмысын жоспалау – жоспар құру оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен жұмыс жасау үшін оперативті құжаттарды дайындап және онда тапсырмалар мен істердің тізімі және олардың орындалу қорытындысы болуы керек.
4. Тапсырмалар және жоспарларға сәйкес істерді жөндеу, ұйымдастыру және өткізу; сынып сағаттарын, саяхат, ата-аналар жиналысын т.с.с. өткізу.
Сынып жетекшісі жұмысының диагностикасы – бұл сыныптағы жеке оқушыны және бүкіл топты тұтасымен алып кешенді зерттеу. Диагностикалық тағайындаудың негізі, оқушыны зерттеу – дамуғы, оқуғы оқушыларды тәрбиелеуде тапсырмалар және сынып жұмысына жоспар құрудағы проблемаларды анықтау.
Жеке тұлға ерекшеліктерін зерттеу үшін құжаттар талдауы (кітапхана формуляры, медициналық карта), оқушының шығармашылық жұмыстары (шығарма, сурет) қолданылады.
Кешенді диагностика үшін сыныптың диагностикалық карта - құжаты жасалған, оқушы туралы алынған ақпаратты сақтау және ұйымдастыру, оны студент – практикант бірінші пассивті аптада толтыра бастайды (8 қосымша).
Сыныппен жұмыста нақты тапсырма мәселесін белгілеп алып, педагог – практикант өзінің бағдарламасын жасайды, тәрбие жұмысының жоспары –бұл практика мерзімінде сыныппен істелетін іс және тапсырма тізімі, жеке топпен немесе жеке оқушылармен, сонымен қатар сынып мұғалімдерімен, ата-аналарымен жұмыс.
Жоспардың құрылымы мен құрамын педагог-практикант өзі анықтауы мүмкін, әдіскерлер жұмыс жетекшісінің жұмыс жоспарына мына тарауларды кіргізуді ұсынады: сыныптың демографиялық және психолого-педагогикалық мінездеме, жұмыс бағыты және күнтізбе уақытына байланысты нақты көрсетілген іс практика мерзімінде сыныппен жоспар-кестеде; мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыс, қиын оқушылармен жеке жұмыс (7,8 қосымша).
Жоспарды құрғанда сынып жетекшісі тәрбие жұмысының жоспарына келесі дерекнамаларды қосуды білуі керек:
- білім беру және тәрбие туралы мемлекеттік, аймақтық және тұрғылықты құжаттар;
- тәрбиелеу және жоспарлау сұрақтары бойынша педагогикалық және әдістемелік ұсыныстар;
- мектеп жұмысының оқу-тәрбиелік жоспары;
- оқушыларға берілген диагностика;
- сынып мұғалімдерінің сыныстары, ата-аналар және сынып оқушыларының тілектері;
- әлемде, мемлекетте, қалада және ауылда ағымды және күтілген оқиғалар.
Мұғалім оқушының ықылысына қарсы барып және сонымен бірге өзінің міндеттерін - балалардың тәрбиесі және дамуын қамтамасыз етуді есте сақтауы керек.
В) Жоспарды іске асыру (тәрбие жұмысын ұйымдастыру).
Тәрбиеші және балалардың қызметі түрі мен пішіні бойынша әр түрлі. Алайда, әрқайсысы өзіндік қайталанбас жұмыс істеп жатқан сияқты көрінгенімен көбіне дамытылған қызмет түрінде типтік, қайталанатын әдіс, тәсіл, құрылым бар.
Бұл тәрбиеші қызметінің соңғы төртінші қадамы. Талдау, сонымен қатар өзіндік талдау және сынып жетекшісі жұммысының бағасы – оның қызметіндегі қажетті буын және де бірнеше аспектісі бар.
Біріншіден, сынып жетекшісі өзінің оқушыларымен жүргізілген тәрбие жұмысының нәтижесін кезең бағалап отыру керек, яғни оларға қойылған талаптар қаншалықты алға жылжығанын көру үшін. Ғылымда бұны нәтижені талдау деп атйды, осының негізінде амалды бағыттау жұмысын бағалау істелінеді, яғни берілген мақсатқа, үлгіні өлшеуге нәтиженің сай келуі. Оқушының жүріс-тұрыс тәртібін бақылау, олардың сөйлеуі, қылықтары, сезімдерін арттыруы, қарым-қатынасы, олардың білімдері, әлемге деген көзқарасы, тілдесу мөлшері, олардың мектептегі жалпы пәндері - осының бәрі тәртіп көрсеткіштері деп аталады. Олардщы әрине тәрбие амалдарымен салыстырып және осыған қарап тәрбие жұмысының нәтижесін шығарады.
Екіншіден, сынып жетекшісінің процессуалды жұмысын талдау бар. Педагог өз жұмысының барысын талдайды, жиі кездесетіні ол оқушылармен өткізілетін нақтылы жұмыс.
Оқушыларға және үрдіске бағытталған талдаудан басқа, педагог әр уақытта өзіне бағытталған талдау және өзіндік талдау жасап отыру керек.
Топтың шығармашылық қызметі – ТШҚ
(И.П. Иванов әдісімен)
Сынып жиналысының технологиясы – сынып оқушыларымен ұйымдастырушылық немес әлеуметтік өнегелілік, адамгершілік сұрақтарды талқылау. Отандық мектептің тәжірибесінде бұл «сынып сағаты» деп аталған. Бұл тәрбиелеу сабағының өзгеше бір түрі, өзекті, маңызды («ғылым негізі» туралы емес) тақырыпты қарайтын сабақ, оны бір жағынан, сабақ ережесі бойынша жүргізу қажет, екінші жағынан, бұл еркін түрдегі әңгімелесу болу керек, онда тек ойлармен бөлісу нәтижесінде баға қойылмайды, жазаланбайды, қорытынды шығарылмайды. Әлеуметтік-өнегелілік мәселесі бойынша әңгімелесу сабақтарын ұйымдастырғанда, жүргізгенде төменгідей алгоритмдерді ұстану керек:
- тақырып таңдау;
- талқалауға (алдын ала ақпараттандылу, хабарлау, материал жинау) дайындық;
- мәселені талқылау жиналында топпен және жеке жұмыс болуы мүмкін, пікір сайысты жүргізушінің, әдетте мұғалімнің қолдауы және қарқындатуы;
- қорытынды жасау – жалпы шешім, егер жиналыс ұйымдастырушылық және революцияны қолдану керек болса, немесе жай ғана констатациялық пікірге баға беруі мүмкін.
Әлеуметтік - өнегелілік тақырып бойынша өткізілген сынып жиналысының нәтижесі болып: құндылықты таңдау, көзқарастарды қалыптастыру, топ алдында сөйлеу дағдысын дамыту, әлеуметтік өзара іс әрекет анықтау және түсіну.
11.6 Қиын жасөспірімдермен жеке жұмыс
Педагог көбіне әлеуметтенуі қиын, проблемалы оқушылармен үнемі әңгімелесуне тура келеді. Қазіргі кезе психолого-педагогикалық оқулықтарда қиын жасөспірімдермен жұмысты «дамуға көмек» стратегиясы ретінде суреттелінеді. Педагог оқушының өз мәселесін түсініп және оның шешілу жолын тауып, ол жағдайды өзгертуге күш жұмсауына ынталандырады. Педагог оған көмек, қолдау көрсете отырып, оқушыға сүйіспеншілігін білдіреді, басқаша айтсақ, оның жекелеген сәтсіздіктеріне қарамай жақсы болуға тырысатын, дербес тұлға ретінде қабылдайды. Яғни бұның негізінде оқушының жақсы жақтарына, оқушыға деген оптимистік болжаммен, оған сеніммен қарау деген сияқты тірек принципі жатыр. Мұндағы қолдау педагогтың бағалауда адамды емес, тұлғаның уақытша сәтсіздіктеріне қарамай қабылдап, оның әрекетін бағалауынан көрінеді.
Бұндай өзара әрекеттің нәтижесі оқушының өзіне деген қатынасының жақсаруы, өзіне деген сенімінің артуы, жақсы болуға тырысуы, өзінің қылығын бақылауы болып табылады.
Педагог әрекетінің жалпы құрылымы бірнеше сатыдан құралады:
- қатынас ортану, мүмкін диалог;
- оқушының мәселелерін түсіндіру, оның жеке сапасын анықтау, соның ішінде жемісті бейімделуіне кедергі жасайтындарды да.
- мәселені талқылау;
- психолого-педагогикалық қолдау көрсету.
Қарым–қатынас технологиясы, конструктивтік өзара әрекет және дамуға көмек негізінде мәселенің шешілуі педагогтың келесі әрекеттерінің техникасын ұсынады:
- әңгімелесушіге қызығушылық таныт, оның түріне қарауға және тыңдауға үйрен;
- оның өз пікірін айтуына мүмкіндік бер, үнсіз тыңда, оқушының мәселесі мен жағдайын түсінуге тырыс;
- қажетті ақпарраты ала білу үшін, бәрін түсіну үшін сұрақ қоя біл;
- әңгімелесушіні өзін өзі, өзінің мәселелерін түсінуге және оның шешімін табуына бағытта. Үйретпе және де «Мен сенің орныңда болсам ... » деген кеңес беруші болма, оның орнына оның өзіндік батылдығының оянуына ықпал жаса. Мұндай оқушымен жеке әңгіме тактикасы сынып жетекшісінің күнделікті тәжірибесінде қолдануға ұсынылады.
Психологиялық сабақты дайындау және өткізу әдістемесі келесі құрылымды сақтауды ұсынады:
1) Оқушылар туралы диагностикалық мәліметтерді алу және оларды өңдеу.
2) Материалды және мәселелердщі талқылау, әңгіме, пікір сайыс немесе педагогтың хабарламасы.
3)Рөлдік ойындар, психологиялық жаттығулар.
4)Қорытынды: топтық талдау, рефлексия
Түсіндірме: сабақ үшін нақты дәл диагностикалық материалдарды алған жөн, ол өзекті мәселені көрсететін және сабақ сұрақтарын, тақырыбын анықтайтын. Мұғалім болатын сабақ материалдарының үзіндісімен оқушыларды алдын ала ауызша немесе жазбаша түрдегі хабарлама жасауы мүмкін. Алғашында аяқталмаған сөйлем, жағдай түрінде келетін 1-2 жобаланған тест өткізуге болады, ол диагностикаға қызмет етіп, әңгімеге себеп болады.
Негізгі уақыт тренингтің элементтеріне бөлінеді: рөлдік ойындар, жағдайды талдау. Мысалы, егер де баланың ата-анасымен қарым – қатынасы туралы сөз болса, онда ас үйдегі таңғы тамақты ішу кезіндегі немесе сабаққа, жұмысқа жиналу кездегі көріністі ойнауға ұсыныс жасау. Диалогтың бірнеше түрі көрсетіледі. Талқылау кезінде әр түрлі сұрақтар анықталады: көрініске қатысушылар өздерін қалай сезінеді, неліктен олар өздерін солай ұстайды, диалогта олар нені өзгерткісі келеді.
2. Асламазов Л.Г., Варламов А.А. Удивительная физика. - VI.: Наука. 1987. -160 с.
3. Билимович Б.Ф. Физические викторины в средней школе.- М.: Просвещение, 1977. - 159 с.
4. Блудов М.И. Беседы по физике: Учеб. пособие для учащихся. В 3-х ч. - М.: Просвещение, 1984
5. Горев Л.А. Занимательные опыты по физике. - М.: Просвещение. 1977.-152 с.
6. Занимательная физика и математика /Сост. С.С.Кротов. А.П.Савин. - М.: Наука. 1987.- 144 с.
7. Кириллова И.Г. Книга для чтения по физике: 6-7 класс. - М.: Просвещение. 1978.-160 с.
8. Лукашик В.Н. Физическая олимпиада в 6-7 классах. - \1.: Просвещение. 1976.- 144 с.
9. Малафеев Р.И. Творческие задания по физике в VI-V1I классах.- VI.: Просвещение, 1971.-87 с.
10. Перельман Я.И. Занимательная механика. - М.: Физматриз, 1959. - 184 с. \\. Перельман Я.И. Занимательная физика. В двух книгах. - VI.: Наука, 1983. Покровский С.Ф. Наблюдай и исследуй сам. — М.: Просвещение. 1966. - 144 с.
12.Рачлис X. Физика в ванне: Пер. с англ. - М.: Наука, 1986. - 96 с.
13. Тульчинский VIE. Занимательные задачи, парадоксы и софизмы по физике. - М.: Просвещение, 1971. - 160 с.
14. Перышкин А.В. Факультативный курс физики.- VI.: Просвещение, 1980.-142 с.
15. Кабардин О.Ф. Факультативный курс физики.- VI.: Просвещение. 1987.-206 с.
16. Макевецкий П.В. Смотри в корень.- VI.: Наука.- 1979.- 382 с.
17.Роджерс Э. Физика для любознательных. - М.: Мир, 1972.- 374 с.
18. Разумовский В.Г. Творческие задачи по физике в средней школе.- VI.: Просвещение, 1966.- 155 с.
19 Макеева Г.П. Физические парадоксы и занимательные вопросы. - Минск. Народная асвета, 1981. - 144 с.
20. Рябоволов Г.И. Сборник дидактических материалов по физике. М.: Высшая школа. - 1985.- 414 с.
Тәрбиелік жұмыс бойынша
1. Поляков С.Д. Технологии воспитания: Учеб.-метод. Пособие. М.,2002. C.I I
2. Глассер У. Школы без неудачников. VI. 1991
3. Классному руководителю / Под ред. VI.И. Рожкова. - VI.. 1999 С. 137 - 156.
4. Рожков М. И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе.-М., 2000.-С. 58-72
5. Иванов И.П. Воспитывать коллективистов: Из опыта работы. - VI, 1982.
6. Щуркова Н.Е., Питюков В.Ю. и др. Новые технологии воспитательного процесса. — 1994.
7. Белухин Д.А. Основы личностно ориентированной педагогики. - Воронеж. -VI., 1997.
8.Кутьев В.О. Воспитание в школе: Оптимистическая гипотеза. - Новосибирск. 1999.
9.Справочник заместителя директорачиколы по воспитательной работе. - VI. 1999.
10.Спутник классного руководителя. - VI., 2001.
11. Иванов И.П. Энциклопедия коллективных творческих дел. - VI. 1989.
12. Маленкова Л.И. Воспитание в современной школ: Книга для учителя-воспитателя. - М..1999.
13.Индивидуальный стиль деятельности учителя диагностика и формирование. методические рекомендации. Авт.-сост.VI.И. Рожков. Н.Л.Иванова. А.П.Чернявская, Н.Е. Бекетова. Ярославль: ЯГПУ, 1995.
14. Капралова P.M. Работа классного руководителя с родителями. - М.1980.
15. Раттер VI. Помощь трудным детям: Пер с анг. VI.: Прогресс. 1987.
16. Планирование воспитательной работы в классе: Методическое пособие Под ред.Е.Н. Степанова. VI. 2000.
17. Сергеева В.П. классный руководитель в современной школе. М, 2000.
18.Созонов В.П.Организация воспитательной работы в классе. Метод. Пособие для классного руководителя. VI., 2000.
19. Щуркова Н.Е. Классное руководство. Настольная книга учителя. М., 2000.
20. Программа воспитания в общеобразовательных организациях Восточного Казахстана. Научно-мет. Рекомендации /Авт. Ферро СИ., Протасова Г.В., Завалко Н.А. Усть-Каменогорск. 2002
Оқу-әдістемелік құрал іштей, сырттай оқитын студенттер мен оқытушылар және әдіскерлерге арналған
25 12 2014
6 стр.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған
25 12 2014
4 стр.
Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне және оқушының білім- біліктілігін қалыптастыруда өз білімін арттыру тақырыбының тигізетін әсерін анықтау, іс-тәжірибесін зерделеу
25 12 2014
1 стр.
Хаттама № Кафедра меңгерушісі А. Ж. Асаинов фмжәнеат факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды “ ” 200 ж. Хаттама № ӘК төрағасы Ж. Г. Муканова
23 09 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж
14 12 2014
3 стр.
Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» ғимаратының
25 12 2014
1 стр.
Аудандық әдістемелік кабинет аудандық білім беру бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол білім беру саласында мемлекеттің саясатын жүргізу
25 12 2014
8 стр.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2012 ж. № хаттама
25 12 2014
1 стр.