Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4 ... страница 8страница 9

САУАТ АШУ ӘД1С1 ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

XIX ғасырдың 60—70 жылдарындағы прогресшіл педагогтерге ортақ болған өзекті мәселе — бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны еді. Қазақ даласында білім таратушы көрнекті педагог Ыбырай Алтынсарин К. Д. Ушинскийдің еңбектеріне сүйеніп, қазақтың бас­тауыш мектептеріне оқулықтар жазды.

XIX—XX ғасырларда сауат ашу жұмысы буын және тұтас сөз әдісі бойынша жүргізілді. Бүл әдіс түптеп келгенде, жаттауға негізделген, яғни бұл әдіспен оқыту барысында мағынасыз сөздер мен буындар құрғақ жат-татылатын. Осының салдарынан балаларды оқуға бірсыпыра дағдыландыра тұрғанымен, оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дүние танымын қалыптастыру мардымды іске асырылмады.

Кеңес мектебінің негізгі әдісі талдау-жинақтау болып есептеледі. Бұл әдіс әсіресе 30-жылдардан бері кеңес әдіскерлерінің зерттеу еңбектерімен бірте-бірте толықтырылып, жетіліп келеді.

Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?

Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау ар­қылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.

Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек:

1. Кез-келген дыбысты сөз ішінен бөліп алуға және


сөз ішіндегі айтылуына жақындатып бөліп айтуға болады (дауыссыздарды да даралап айтудан қашпау керек).

Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, «р» дыбыс үйретілуі қажет болғанда «ара» сөзіндегі «а-ра» буындары «а-арра» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.

2. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни бала-
ларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың
айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім бала-
ларға «р» дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты
айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар
дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру ар­-
қылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқай-
ды. Сонан кейін оқушылардьщ назары «р» дыбысын айт-
қанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады.
Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р»
дыбысы шығатынын аңғарады.

Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц, дыбыстардьщ артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.

3. Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты тү-
сіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім
«Әліппедегі» шоттың суретін көрсетіп, «шо» дейді, де,
«мен сөзді дүрыс айттым ба?» — деп сұрайды. Балалар
«т» дыбысын қосады. Немесе тонның суретін көрсетіп,
«он» деп, «т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі кімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.

4. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, ғ-г, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырылып, сөздерді талдау-жинақтау арқылы үйретіледі.

5. Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жи­нақтау барысында ұғындырылады. Мысалы «қ» дыбысын үйрету қерек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан қейін қора, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа талданады; «қ» ды­бысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында «қ» дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл ды­бысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.

6. Буынды пемесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа, буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға қелгенде іркіліп қи-налады немесе әр әріпті ежіктеп «қ-а»... деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: «құрастырған сөзіміз қалай еді?»— деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөзді (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. «Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осы­лайша оқыңдар,» — дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.

7. Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы «қара» сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы «а» әрпінің орнына мұғалім «о» әрпін қояды, «қора» деп оқиды.

САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР

Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді:

1) әліппеге дейінге дайындық кезеңі;

2) әліппе кезеңі;

3) әліппе­ден кейінгі кезең.

Дайындық кезеңде бөбектерді бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6—7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балаларға) үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға басында әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше роль атқарады (мысалы, шеберхана ойыны).

Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың, білім дәрежесімен танысады, қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады.

Бұл кезеңде мынандай жұмыстарға баса көңіл ауда­рылады:


  1. Балалардың сөздік қорын анықтау.

  2. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құра-
    тып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.

  3. Балалардың, тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару;
    тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау
    жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.

  4. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.

  5. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік
    беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа
    жіктеуге дайындық.

  6. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға
    дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптер-
    ді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану
    сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығы-
    мен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар
    сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жат-
    тықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фи-
    гуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.

Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т. б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; I класс оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылық көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады).

Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай, жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. «Партаға түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» сияқты плакаттарды көрсетіп (егер мектепте жоқ болса, ондай плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.

Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т. б.) жатқа, айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады.

Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4—6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалімнің сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлілігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып келуінде.

Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады.

Осы айтылғандармен қатар дайындық кезеңінде кейбір әріп элементтерімен таныстырып, таңбасын жасатып үйрету де пайдалы (мысалы, «А» үш таяқшадан тұрады: екі таяқша төбелерін түйістіріп тұрады да, үшіншісі кесе көлденең тұрады т. с. с).

Кеспе әріптердің кассасын жасату және оны пайда­лану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде бала­ларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгіре алмай қалады.

Бұл — сауат ашудың басты, негізгі кезеңі. Әліппе кезеңінде дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен үйретілмейді, алғашқы кезде балаға естілуі, айтылуы ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі. Әр дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгіме өткізіледі.

Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмысын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі.

Бірінші кезеңде жуан дауысты дыбыстар мен созылымды дауыссыздар және олардың таңбалары таныстырылады. Грамматикадан: сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс практикалық жолмен ұғындырылады.

Жалпы кеңес мектептеріндегі мұғалімдер мен әдіскерлер жазу оқудан кейін қалмауға тиіс екенін, яғни балалар сауат ашу барысында дыбыстарды оқып, олардың таңбаларын танып қана қоймай, әріптерді де жазып үйренулері қажет екенін көрсетеді.

Ендеше алғашқы кезеңнен бастап-ақ оқушылар үлкен және кіші әріптерді бірден жазып үйренеді. Екі дыбысты сөздерді оқи біледі, сондай-ақ көшіріп, те, жатқа да жазып үйренеді.

Оқуда да, жазуда да сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлу сияқты, талдау-жинақтау әдісі, сонымен қатар үдету амалдарымен (ат, ат-а-ата т. б.) жасалған сөздерді және бір ғана әрпі немесе дыбысы өзгеше сөздерді (ана, ара, т. б.) оқу-жазу әдістері кең қолданылады.

Екінші кезеңде негізінен қысаң дауыстылардың жуаны және қалған үнді (сонор), ұяң, қатаң дауыссыздар таныстырылады. Бұл кезеңдегі дыбыстармен танысу жолдары да бірінші кезеңдегідей әдістер арқылы өтеді. Мұндағы айырмашылық— ұқсас дыбыстар салыстырыла оқытылады. Танылатын әріп санының көбейе түсуіне байланысты бұл кезеңнің жазу материалында қысқа-қысқа сөйлемдер кездеседі.

Үшінші кезеңде жіңішке дауысты дыбыстар мен к, г, п, б, ж, з, ң сияқты дауыссыздар танытылады. Бұл кезеңде оқушыларға үйретілетін буын саны да арта түседі.

Әліппені оқытудың төртінші кезеңінде тілімізде сирек кездесетін «һ» сияқты дыбыстар мен солардың таңбалары таныстырылады. Сонымен қатар бұл кезеңнің мақсаты — орыс алфавитінен қосылған әріптерді және олардың дыбыстарын саналы түрде таныту.

Жазу жұмыстары, сондай-ақ басқа жұмыс түрлері дс алдыңғы, дайындық кезеңіндегі сияқты болып келеді.

Әліппе кезеңінде қолданылатын негізгі құрал (Әліп­пе» жәнс «Әліппе серігімен» қатар) —кеспе әліппе. Кеспе әліппеден балалар сөз құрастырады, сөздерді буынға, дыбысқа талдайды, құрастырған сөздерін оқып жаттығады. Балалар оқыған немесе жазған сөздерінің мағынасына жете түсінетіндей, қате жібермейтіндей дәрежеге жеткенге дейін талданады.

Балалар әліппені өтудің бірінші кезеңінде алдын-ала буынға, дыбысқа талдап, кеспе әліппеден құрастырған сөздерін оқитын болса, екінші кезеңде үдету амалымен жасалған сөздерді және бір дыбысы өзгеше сөздерді оқиды. Бір дыбысы өзгеше сөздер мен үдету амалы арқылы жасалған сөздерді оқыту жұмысы кеспе әліппені пайдалану жұмысымен байланыстырыла жүргізілгенде ғана тиімді және нәтижелі болып шығады.

Үшінші кезеңде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында «Әліппе» кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың әліппе­ден алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды оқу кітабы мен грамматикадағы материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан, әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.

Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезеңде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырады.

Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей, бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезеңде де қатты қадағаланады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі қалдырылып кеткен сөз­дерді өздері тауып, қосып жаза алады. Мұндай сөздерді тауып, қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып талдап, танысқан сөйлемдері бойынша жүргізіледі.

САУАТ АШУ БАРЫСЫНДА ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:

а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан
ауытқымау;

ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;

б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, бар-
лық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу;

в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің, арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;

г) бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.

Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.

Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:

а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;

ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;

б) балалар табандарын еденге (партаның табан


тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей,
бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;

в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл ты-


нысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;

г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сан-


тиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның
жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей
жағдайда болғаны жен;

д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы


қашықтық 25—30 см сақталуға тиіс.

Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш — бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.

Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба танбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.

САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ен, қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар.

Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.

Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті ал­фавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.

Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.

Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.

Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі.

Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.

Әр сыныпта оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.

Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар — клеткалармен берілген заттық картинка­лар, екінші бір жағдайды — әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с.

Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық матери­ал — оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. (Дәптерге түсті бояу қарындашпен, тақтаға дөңгелекшемен, сызықшамен т. б. с. с). Сөздегі дыбыс­тарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарын анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі.

Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады: 1) өтілген дыбыстардан қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін (жоғарыда көрсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілер т. б.); 3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін.

САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАНЫҢ ТІЛІ МЕН ОЙЫН ДАМЫТУ

Соңғы психологиялық зерттеуге қарағанда бастауыш сынып оқушыларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен құбылыстардын, арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталды.

Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жсткіліксіздігі мен шашыраңқылығынан деп түсінген жөн.

Осыған орай, I сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажст. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Сездік қорды байыту заттар мен құбылыстар және олардьщ арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді анықтаумен қатар жүріп отыруға тиіс.

Бірінші сынып балалары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, бел­гілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т. с. с. Егер мұғалім әңгі-мені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі — балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой.

I сынып оқушылары сурет бойынша, сөйлегенде де, ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді «көре» білуге, оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.

I сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді.

Оқуды меңгеру барысында да оқушылар әрбір жеке дыбысты, оның әрпін естерінде ұстау емес, дауысты, дауыссыз дыбыстардың негізгі қасиеттеріне үйренеді. Мұнда балалардың көрнекі-бейнелік ойлауы (көрнекі түрде салыстыру, қайта құрастыру) пайдаланылады.

Оқушылардың тілін дамыту әліппедегі мәтіндер мен суреттер арқылы жүргізіледі. Әліппеде бағана-бағанамен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т. б.

Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, неден жасалғанымен танысады. Соңында оларды топтастырады, негізгі белгілеріне қарай ажыратады. Мысалы, шеті иректелген жапырақтарды бір топқа, қылқан жапырақты ағаштар: шырша, үйеңкі т. б.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы. I сынып оқушылары сөйлеу сөйлемнен тұратынын біледі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әнгімелескенде олар сөйлеммсн сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін граммати­ка сабақтарында нақтылана түседі.

Әліппе кезеңіндегі негізгі міндет — балаларды ауызша сөйлем құрауға үйрету. Әліппедегі картинкалардың, көпшілігі балаларды сөйлем құрауға үйретуді және олардың сөйлеу қателіктерін түзетуді көздейді.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Ол (сұрау) әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек.

Логикалық байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін деформациялық мәтіндер алған жақсы.

Байланыстырып сөйлеуге үйретуде диафильм, мульт­фильм немесе балалардың ойыны, сондай-ақ мектептегі қандай да болмасын бір оқиға жөнінде де әңгімелесу тиімді нәтиже береді.

Сөйлеуге үйретуде дыбысты дұрыс айтып және оны дәл қабылдаудың маңызы зор. I сынып оқушыларының бірқатары дыбысты дұрыс айта алмайды (р, л, с, ш, з, ж, щ, ц).

Дыбысты бұзып айту бірқатар жағдайда оны дәл қабылдай алмағандықтан болуы мүмкін. Мысалы, ұяң дауыссыздарды қаттылау айту, айтылуы ұқсас дауыссыздарды ажыратпай, түсініксіз айту (с-ш, ж-з, ч-щ, т. б.). Мұндай жағдайды балаға осы дыбыстардан қос буын құратып айтқызса, (па-ба, ба-па, ка-га, га-ка, жа-за, за-жа, жа-ша, ша-жа) оңай білуге болады.

Дыбыстарды бұзып айту сөзді дыбыстық талдау процесінде де көрінеді. (Мысалы, шаш, шана сөздерінен »ш» дыбысын бөліп көрсеткенде т. б.). Баланың сөйлеу кемшілігін жөндеу әрбір баламен үнемі жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.

Егер баланың сөйлеуі анық болмаса және ол түзеле қоймаса, мұндай жағдайда оны маман мұғалімге-логопедке жіберу керек.

ДАЙЫНДЫҚТАРЫ ӘР ТҮРЛІ ОҚУШЫЛАРМЕН

ЖҮРГІЗІЛЕТІН САУАТ АШУ ЖҰМЫСЫНЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

I сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріп те танымайды.

Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады, олардың қайсысының қалай оқитынын біледі. Жүгіртіп оқи алатындарға «Әліппе серігінен» қосымша материал беріледі. Ежелеп оқитындарға «Әліппеден» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі.

Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды. Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымының ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалғаны жөн.

Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы тақырыбына сәйкес іріктеледі (әдетте «әліппенің» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы қағида әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтін мақсаты — сабақ үстінде оқушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр оқушының дайынды­ғына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.

Қайсыбір жағдайларда сөздерді тақырыпқа қарай топтатып үйретеді. Мысалы, «құрал-саймандар». Оқушыларға бірнеше картинка үлестіріледі. Енді ғана әріп танып, оқи бастағандар: айыр, ара, орақ, біз, машина суреттерін алады. Олардан гөрі тәуір оқитындар: шал-ғы, балға, балта, күрек, егеу, ине алады. Олардан да жақсы оқитындар: тырнауыш, қайшы, тақта, шелек, ше-ге алады. Әрбір оқушы құрал-сайманға жататындарын іріктеп сөз құрайды. Мұғалім тексеріп, қателерін жөндейді. Осыдан сон, әр оқушыдан ол сөзді неге құрал-сайманға жатқызғаны, ол құралмен не істелетіні, қалған картинканы неге құрал-сайманға жатқызуға болмайтыны айтқызылады.

Сөйтіп, заттардың атын айтып, сөз құрау жұмысы логикалық жаттығулармен ұштастырылады.

Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оқи бастағандар бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оқи алатындарды көп ұзамай қуып жетеді.

Балалардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының үлгілеріне мысал: Жаңа оқи бастағандарға: Әліппеден мал сөзін құрау; мал мәтінін оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға: мал аттарын құрау; оған өздіктерінен мәтін құрастырып айтып беру т. с. с.

ҚА3ІРГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Сауат ашуға үйрету әдістемесі қазіргі әдебиеттерде негізінен көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Тек ғылыми фонетика мен психологияның соңғы кездегі зерттеу деректеріне орай, дыбыстық талдау-жинақтау тәсілдері анықтала түсуде, дайындығы әр түрлі балалар жөніндегі мәселе шешілуге аяқ басты.

1987 ж. баспадан шыққан «Бастауыш оқу методика­сы» жинағында сауат ашуға үйрету негізі дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша баяндалған. Онда буындағы және сөздердегі дыбыстарды ажырату, салыстыру тәсілдерінің неғұрлым ұтымдылары, сондай-ақ оқудың дыбыстық талдау-жинақтаумен ұштасып отыратын тә­сілдері берілген.

«I кластағы оқыту» (Алматы, 1977) жинағында сауат ашуға үйретудің әрбір кезеңдерінде жүргізілетін жү­мыстар толық көрсетілген. «Әліппе серігі» (Алматы, 1980), «Әліппеге» методикалық құрал» (Алматы, 1984) кітаптарында түрлі дайындықпен келген оқушыларға арналған тапсырмалар және сөз құрамындағы дыбыс­тарды талдауға үйрету жолдары көрсетілген.

Жаңа программаға байланысты методикалық ма-териалдарды «Бастауыш мектеп» журналының бетінен оқуға болады. Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің «Алты жасарларды оқытудың нормативтік документтер жинағында» (Алматы, 1986) I класқа арналып шығарылған оқу құралдары мен әдістемелік материалдар, көрнекі құралдар мен көмекші құралдардың тізімі көрсетілген.

САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1. Оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді (маусымдық өзгерістерді). Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгілері жөнінде қорытынды шығарады. Маусымдық, өзгерістердің себептерін түсіндіреді (күннің сәулесі мен жылуына байланысты). Табиғат календарын жасайды. Жыл маусымдарына қарай, адамдардың бау-бақша-дағы, егістіктегі, мал шаруасындағы қызметінің өзгерістерін байқайды.

2. Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімнің


ролі туралы қарапайым елес қалыптасады. Оқу әрекетінің негізгі ережелерімен танысады, танымдық ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, тату болу, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінің және жолдастарының табыстарына қуану т. б. с. с. үйренеді.

3. Оқушы режимінің негізгі бөлімдерімен танысады.


Оқулықтарды, оқу жабдықтарын ұқыпты үстауға дағ-
дыланады, ертеңгіліктерге қатысады (Кітап мерекесі», «Әліппемен кездесу», «Әліппемен қоштасу» т. б.).

4. Қоғам өмірімен танысады. Отаны туралы, туған жері, елі, халқы туралы, оның басынан өткен уақиғалар мен бүгінгі жайы және болашағы, салт, дәстүрі туралы, түрлі мейрамдар және оларды неге мейрамдайтынымызды т. б. біледі.

5. Адамдардың еңбектерін бағалауға үйренеді, мек-
теп мүлкін сақтау, киімдерін күту, нан, басқа да тағам-
дарды төгіп-шашпау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау, жер бетінде шыққан көгалды таптамау т. б. с. с. бі­леді және сондай әрекеттерге дағдыланады.

6. Мектептегі және қоғамдық орындардағы мінез-


құлық нормаларымен танысады. Жақсы деген немене, жаман деген немене екенін айырады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адалдық, қарапайымдылық т. б. с. с. қасиеттерінің не екенін, олардың мәнін түсінеді.

7. Көшеде жүру тәртібімен, жол ережесімен танысады.

8. Санитарлық-гигиеналық ережелерді орындауға үйренеді.

Бұл жұмыстар сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі.

ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

ОҚУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

Бүгінгі бөбек — ертеңгі азамат — қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші — бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі — бастауышта қаланады.

Қайта кұру кезеңінде бөбектердің жеке басын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда


<предыдущая страница | следующая страница>


Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуде

ШАҒын жинақталған мектептерде қазақ тілі сабағында дамыта оқыту әдістемесінің Ғылыми-теориялық негіздері

2353.49kb.

25 12 2014
9 стр.


Қайсым Қайсенов кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Бұл жұмыс халықты елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы және Молодежный кентінің тұрғындары еліміздің экономикалық дамуына өзіміздерінің қосып жатқ

96.24kb.

25 12 2014
1 стр.


Күні: 26. 11. 12 Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы: хіхғ Іж Қазақстанның саяси жағдайы Сабақтың мақсаты

Жайықың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І павелдің 1801ж 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер. Жәңгір

34.43kb.

16 12 2014
1 стр.


Кітапханашыға

Толып жатқан елдермен халықаралық экономикалық,саяси ынтымастық сауда, мәдениет, білім беру және т б көптеген салаларда келісім-шарттарға қол қойылды

247.83kb.

16 12 2014
1 стр.


ТӘрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма этикалық бағыттағы тәрбие жұмыстары талдау

Студенттерге арналған мәдени шығармалар мен фактілердің тиімдісін іріктеу

12.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ

Біздің қоғамда болып жатқан өзгерістер барлық білім саласын жаңарту үшін шынайы алғы шарттар жасады, яғни мектеп жұмысының практикасына жаңа мазмұнның элементтерін, жаңа білімдік т

280.56kb.

25 12 2014
1 стр.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді

29.67kb.

25 12 2014
1 стр.


12 жылдық білім берудегі-тәрбие жұмысының жоспарлануы мен ұйымдастырылуы

Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі –дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру. Қазіргі күні білім беру саласында он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу турасында көптенген ға

59.47kb.

25 12 2014
1 стр.