Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5 ... страница 8страница 9
.

Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, Отанымыздың өмірімен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз кушейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.

Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму процестерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш мектептердегі оқу сабақтарының мақсаты:



  1. Идеалық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

  2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

  3. Балаларды жас өспірімдер мен үлкендердің үлгі-
    лі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қо-
    ғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке,
    бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа,
    кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

  4. Сүйікті Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті баға-
    лай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу.

  5. Бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қа-
    рапайым білім беру.

  6. Балалардың сынып сайын алған білімдері мен оқу
    дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін одан әрі
    дамыта түсу.

  7. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүр-
    гізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып
    (әдеби шығармалар, кинофильмдер т. б.), балалардың
    сана-сезімін советтік патриотизм, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру.

  8. Саналы тәртіпке, дұрыс міиез-құлық нормаларына үйрету.

  9. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамда-
    рын жоғары бағалауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектептегі оқудың негізгі қағидалары оны өмірмен байланыстыру болып табылады. Оқу сабақтарында балалардың алған мағлұматтарының шындық екенін дәлелдеу, тәжірибеден көрсету мақсаты көзделеді.

Оқу сабақтарының міндеті — балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

Оқушыларды саналы оқуға үйрету, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру — оқу сабақтарындағы ең басты талап. Балалар бұл сабақтарда оқығандарына жақсы түсініп, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен сезім күйін айыра білуге, процестер мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді.

ОҚУЛЫҚҚА ЕНГЕН МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ

Оқуға арналған материалдар әр сынып үшін «Ана тілі» кітаптарында беріледі. Бұл оқу кітаптары жаңа бағдарламаның талаптарына сай жасалған.

Оқулықтарға енген материалдарды тақырыбы мен мазмұны жағынан топтасақ; салт-санамыз, ұлттық дәстүріміз, өнеркәсібіміз бен ауыл шаруашылығымыз, қа­ла мен ауыл арасындағы қарым-қатынас, мектеп пен отбасы, еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары, яғни Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері және олардың үлгі-өнеге боларлықтай істері, кеңес халқының алуан түрлі еңбектері, бейбітшілік пен халықтар-достығы үшін жүріп жатқан күрестер, жолдастық, достық және адамгершілік, кеңестік патриотизм, табиғатта, адам баласының мінез-құлқында, іс-әрекетінде кездесетін әсемдік пен сұлулық, балалар өмірінде, пионерлер, комсомолдар өмірінде кездесетін уақиғалар жөнінде мағлұмат беруді көздейтін материалдар.

Жаңа оқулықтардағы материалдар жүйеленуі жағынан тақырыптық қағидамен орналастырылған, яғни бірнеше материал бір тақырыпқа жинақталып, топталып беріледі. Мұндағы мақсат — белгілі бір тақырып бойынша оқушыларға түрлі уақиғаларды суреттейтін сан алуан материалдарды оқыту арқылы жан-жақты ұғым, кең мағлұмат беру. Оқулықтар тақырыптық қағидамен құрылғандықтан, ондағы материалдар сол орналасқан қүйінде бірінен соң екіншісі оқытыла бермейді. Оқулыққа енген шығармаларды мазмұнының оңайлығына, қиындығына, көлемінің үлкен-кішілігіне, баяндалу стиліне, құрылысы мен жанрына қарай, қай мер-зімдерде өтуге лайықты болатынын мұғалім алдын ала ойластырады. Сондықтан да мұғалім оқу сабағына кіріспес бұрын оқулықта берілген материалдармен түгелдей танысып, олардың мазмұнын толық меңгеріп, оқытылу жолын жан-жақты қарастыруға тиіс. Осындай жұмыстардан кейін қай материалды қашан, неше сағат оқытатынын белгілеп, календарлық жоспар жасайды. Онда әр бөлімде берілген бір топ материалды сол оқу-лықта орналастырылған тәртібімен өткен қолайлы ма, әлде түрлі даталарға сай келтіру үшін, олардың орындарын ауыстыруға тура келе ме — осылардың барлығын ойластырады. Мысалы, III класс оқушыларының түгел пионерге өтетіні ескеріліп, пионер деген кім, пионердің міндеті қандай, пионерлердің іс-әрекетімен балаларды нақты таныстыру мақсатында оқулыққа «Пионерлердің өмірі мен істері» бөлімі берілді де, оған біздің елімізде пионер ұйымының алғаш қашан құрылғанын, пионер­лердің ұранының, пионер галстугінің маңызы мен мәнін түсіндіретін сондай-ақ оның өмірін көрсететін бірнеше әңгіме кірістірілді. Бұл әңгімелерді біздің ойымызша апрель айларының алғашқы күндерінен бастап оқытқан қолайлы. Себебі балалар пионерге жаппай Ұлы көсеміміз В. И. Лениннің туған күні қарсаңында өтеді. Сондықтан балаларды өздеріндей жас лениншілдер өмірімен пионерге етуге дайындық кезінде таныстырған пайдалы. Немесе 3 класс оқулығында: «Ертегілер, мысалдар, мақал-мәтелдер» бір бөлімге топталады. Мұнда да берілген ауыз әдебиет үлгілерін тек осы бө­лімде ғана он-он бес күннің ішінде оқулықтағы тәртіппен өту керек деген мақсат көзделмейді. Бүл материалдар да жыл бойына әр кезеңге бөлініп оқытылғаны дұрыс.

Күнтізбелік жоспар жасағанда әр бөлім бойынша қайталауды қалай ұйымдастырған тиімді, қорытынды сабақтарды өткізу үшін пайдаланылатын материалдар, жазу жұмыстарын қай кездерде қалайша жүргізген ұтымды — осылардың барлығы көрсетілуге тиіс. Тағы бір есте болатын жай: мұғалім кейбір материалдарды, яғни бір бөлімде берілген шығармалардьң ішінен ең қиындарын, балалардың оқу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыруға қажеттілерін, сыныпта оқыту үшін іріктеп алады да, кейбір жеңіл-желпі мате­риалдарды (оқушылардың өз бетімен түсінулеріне қиындық келтірмейтіндерін) үйден оқып келуге тапсырады.

Оқулықтарға енген материалдар: көркем очерктер, ғылыми мақалалар, жазба және ауыз әдебиеті үлгілері. Бұл материалдар арқылы мұғалімдер оқушыларды кеңес ақын-жазушылары шығармаларымен, халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерімен таныстырады, балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады, сөйтіп, халық тілінен үйрену арқылы сөз байлығын арттыруға көмектеседі. Оқушылар ғылыми мақалаларды оқу арқылы түрлі ғылым салаларынан мағлұмат алады.

Оқулықта берілген материалдарды оқып үйренуге байланысты әр түрлі практикалық жұмыстар да жүргізіледі. Олардың бастылары: оқушыларды әр түрлі құрылыстарға, фабрикалар мен зауытттарға, ауыл шаруашылық нысандарына (егіс даласы, жеміс бағы, мал, құс фермалары т. б.) экскурсияға апару, кинофильмдер, диафильмдер көрсету, еңбек озаттарымен, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлермен, қарт қоммунистермен кездесулер, әдеби-музыкалық кештер, ертегі кештерін ұйымдастыру т. б.

Оқулықтарда әрбір мәтіннен кейін оқушыларға сұраулар қойылады және сол мәтін бойынша олардың өз беттерімен орындайтын жұмыс түрлері көрсетіледі. Онда балалар мәтіннің мазмұнына байланысты түрлі жұмыстар орындайды (мәтінді бөлімдерге бөлу, әр бөлімге ат қою, бірнеше бөлімді біріктіріп ат қою, жоспар бойынша баяндау, мәтіннен табиғат көріністерін, еңбек әрекеттерін немесе басты кейіпкерлерді бейнелейтін үзінділерді тауып оқу, сөздік жүргізу т. б. С. С).

Оқулықтарда түрлі түсті суреттер берілген. Мұғалім бұл суреттерді талдау арқылы балаларға картинаны түсіну әдісін үйретеді.


Сонымен қатар ол картиналардың авторларымен де таныстырған жөн.

Оқулықтардағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы берілген материалдар табиғаттану жөнінде оқушыларға ғылыми мағлұмат беруді қатаң талап етпейді, :өйткені жаңа программа бойынша, балаларды айналамен таныстыру I кластан бастап оқылады. Сондықтан мұндай материалдардың, көркемдік қасиетіне, тіліне ба­са назар аударылады.

ОҚУДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу.

Дауыстап оқу көбінесе I—II сынып оқушыларына тән болады. Бірақ I сыныпта іштен оқытуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс. Іштен оқу I сыныптан-ақ басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы арқылы алған дағдылары іш­тен оқуға тасымалдана береді (II—III сыныптан бастап дауыстап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі), III сыныпта жаңа материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнда мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: мәтінге сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т. б. Ш—IV сыныптарда іштен оқылған мәтіндерге балалардың түсінген-түсінбегендері түрлі сұраулар қойып, жауап алу арқы­лы немесе мәтіннің мазмұнын айтқызу арқылы, мәтіннен кейбір сөздерді тапқызу арқылы т. б. с. с. тексеріледі. Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыс­тап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұ­рыс оқымаса, түсінбейді.

Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Егер бала буындап оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей:



  1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу.

  2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап,
    ежелеп оқитындар.

  3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (оңда-онға, күзет-күжет т. с. с.) оқиды.

Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырады:

  1. Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыланды-
    рады. Мұндай жаттықтыру жұмысының түрлері әр қи-
    лы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тап-
    сырмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жа­-
    сап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады;
    енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланады т. б.

  2. Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсыры-
    лады.

  3. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады неме-­
    се тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды та-
    лап етеді, ол сөзге талдау жасайды, кеспе әліппеден құ-
    растырады т. б.

  4. Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.

  5. Қате оқыған жерін сыныпта тыңдап отырған оқу-
    шыларға түзеттіреді.

  6. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.

  7. Указканы қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз не­
    месе көздері нашар керетін оқушылар үшін пайдалы
    және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерін-
    де екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.

8. Орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады.
Басқа тілдердегі сияқты, қазақ тілінде де орфографиялық және орфоэпиялық заңдар бар. Ол заңдар оқу­шыларды дұрыс сөйлету мен дұрыс оқытуда басшылық­қа алынады. Ал оқушыларға жаңа сөздердік мағына- сын түсіндіру үшін, сөздерді тақтаға жазып көрсету қажет болғанда, олар тек орфография ережесіне сай жазылады. Мысалы, ақ ешкі. Мұндай сөздерді оқығанда ағешкі деп айту керек екенін ескертіп, мұғалім балалар ды солай (ағешкі) оқытып үйретеді. Түсініп оқу дегеніміз оқушының оқыған мәтіннің мазмұнын анық, терең ұғынуы болып табылады. Бұл әр сөздің, сөйлемнің мағынасына түсінуден, әр бөлімді логикалық, психологиялық байланыстырудан келіп шығады. Оқығанын толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.

Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеалық мазмұнына аударылады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде балаларға жеңіл, өздері түсіне алатын, сюжетті мәтіндер оқытылады.

Оқушыларды түсініп оқуға дағдыландырудың бір жолы алдын ала дайындық әңгіме өткізу болып табыла­ды. Сондай-ақ мәтін оқылмас бұрын бақылау, экскурсия жасау, тәжірибе жасау жұмыстары да түсініп оқу­ға жәрдем етеді. Түсініп оқуда қорытынды әңгіменің де тигізетін пайдасы мол.

Шығарманың идеялық мәні мен мазмұнын оқушыларға ұғындыру үшін сөздік жұмысын жүргізудің көп көмегі бар.

Сөйтіп, оқушыларға оқу техникасын игерумен бірге білім, тәрбие беру, олардың жеке басын қалыптастыру, дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру мақсаты оқығанды саналы түсінгенде ғана нәтиже бермек.

Шапшаң оқу дегеніміз — мәтіндегі сөздерді қалай болса солай бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл — оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Мәтінді тым баяу оқыған оқушы мәтіннің мазмұнына түсінбек түгіл, бір сөйлемнің өзінде не айтылғанын да аңғара алмай қалады. Сондықтан мәтінді шапшаң оқу талабы да маңызды болып табылады. Шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі, осыған орай, олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды-көпті болып келеді.

Шапшаң оқу, дұрыс оқу, түсініп оқу бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс, түсініп, белгілі бір қарқынмен оқығанда ғана шапшаң оқу талабы орындалды деуге болады.

Шапшаң оқуға жаттықтыру жұмысы барлық сабақтарда да іскс асырылып отырылады. Дегенмен шапшаң оқу дағдыларын бекіту үшін арнаулы уақыт беру қажет. Мұндай арнаулы жұмыстың түрлерінен мыналарды атауға болады:

Көз бен кітаптың арасындағы қашықтықты дұрыс сақтау; мәтінді алдын ала іштей оқып шығу; шамамсн қандай жылдамдықпен оқылуы тиіс екенін мұғалімнің өзі оқып көрсетуі; сыныпта барлық оқушыға бір мәтін беріп, оны командамен бір мезгілде бастап оқытып, бір мезгілде аяқтату (әркім келген жерін белгілейді. Әр оқушының неше сөз оқығанын мұғалім өзі жүріп есептейді).

Шапшаң оқуға дағдыландырудың тағы бір түрі —сыныпта дауыстап оқыту. Мұндай жұмысты орындатқанда мұғалім оқушыларды тақтаға біртіндеп шығарып, әрқайсысына тапсырма береді де, дауыстап оқытады (кейде әрқайсысына әр түрлі мәтін, кейде бір түрлі мәтіннің өзін беруге болады).

Шапшаң оқуға оқушыларды жүйелі түрде күнбе-күн оқыту арқылы ғана дағдыландыруға болады. Шап­шаң оқу оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуіне де байланысты. Мұғалім әр баланың сөйлеу мүшелерінің қалай жетілгенін байқау үшін оқушыларға мәтінді хормен де, жеке-жеке де оқытып көреді. Айтылуы қиын жаңылтпаштарды қайта-қайта айтқызып жаттықтыру әрі дұрыс оқуға, әрі шапшаң оқуға септігін тигізеді.

Мәнерлеп оқу дегеніміз — дауыс интонациясы арқы­лы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.

Оқушылар сөйлемдегі сөздердің мәнін (әсіресе, омо­ним сөздер), шығарманың көркемдігін және оның әсерлілігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.

Мәнерлеп оқу үшін әр сөздегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп оқиды.

Мұғалім қөбінесе өзі мәнерлеп оқу арқылы оны оқу­шыларға үйрете алады. Мәнерлеп оқуды радио мен телевизорды, магнитофонды кең пайдалану арқылы да үйретуге болады.

Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай, жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуге тиіс? Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін, оқушы сөйлемді немесе мәтінді оқығанда, қалай дем ала білу керек, дауыс қалай шығуға тиіс, дикцияның қандай болуы қажет — осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн. Өйткені мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып, дұрыс дем ала білудің мәні зор. Өкпедегі ауаны сарықпай, оқу процесінде үнемі дем алып, ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп дұрыс оқи алуына жағдайы бар.

Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу. Суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау – дауыс күші мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.

Дауыстың өзіндік белгілері бар. Олар: күші, жоғарылығы, қарқыны, тембрі. Сөйлегенде адам бірде жылдам, бірде баяу сөйлейді. Бұлар әр адамның дауыс қарқынына байланысты. Мұғалім жаттығу арқылы өз даусының орташа қарқынын анықтай алады. Ол жылдам сөйлеуден аулақ болғаны жөн. Егер жай сөйлей алмайтын болса, жаттығуы қажет.

Дауыстың тыңдаушыға әсерлі болуы тембріне байланысты. Құбылта оқу, дауыс ырғағына келтіре оқу да жаттықтыру арқылы қалыптасады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Сөйлеушінің ашық, анық, айқын айтуы оның айтқанын ұғуға, әсерлі болуына ықпалын тигізеді. Дикциясында ақау болса, оны арнаулы жаттығулар арқылы түзету қажет. Дикциядағы кемшілік – сөйлеу мүшелеріне дұрыс жұмыс істете алмаудың салдары.

Мәнерлеп оқуда зор роль атқаратын – интонация. Интонация – сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөз бен ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ритмі, пауза, сазы.

Интонация жайында анығырақ түсінік беру үшін, оның кейбір элементтеріне арнайы тоқталайық.

Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні – фразалық екпін, ал ой екпіні – логикалық екпін. Сөйлемді айтқанда я оқығанда, оның ішіндегі сөздер интонация мен мағынасына, айтылу ырғағына қарай, өзара топ-топқа бөлінеді. Ол топ синтагма деп аталады. Синтагмада бір я одан да көп сөздер болады. Әр синтагмада бір сөз көтеріңкі дауыспен ерекшелене айтылады. Міне, соны екпін түскен сөз дейміз.

Сөз екпіні түскен сөздер ой екпіні түскен сөздерден көп төмен айтылады. Кейде оларға екпін түсіп тұрғаны сезілмейтін кездері де болады. Бұдан шығатын қорытынды – екпін түскен сөздердің бәрін көтеріңкі дауыспен айта бермеу керек. Тек ой екпіні түскен сөзді ғана даралай айтуға болады.

Пауза сөйлеуді сөйлемге, сөйлемді синтагмаға, синтагманы сөзге ажыратып, ара жігін көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар пауза сөздердің басын біріктіріп, бір синтагма жасай да алады. Паузаны сақтамау оқып отырған мәтіннің мазмұнын дұрыс түсінбеуге әкеліп соғады. Мысалы, «Ол үй емес» деген сөйлемді паузасыз айтсақ, айтып тұрғаным басқа үй деген ұғымды білдіреді, яғни ол сөзі сөйлемде үй сөзіне анықтауыш ретінде қолданылады. Ал сол сөйлемде ол сөзінен кейін пауза жасасақ, онда айтып тұрғаным үй емес, қора немесе басқа бірдеме дегенді білдіреді. Мұнда «ол» бастауыш қызметін атқарады.

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін, онымен алдын ала танысып, сонан соң оқығанда ғана автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады. Көркем шығармада адам психологиясы жан-жақты суреттеледі. Оны өз мәнінде тыңдаушысына жеткізу үшін, мұғалім оқитын мәтіндегі қай сөздің, сөйлемнің қандай мағынаны, қандай көңіл күйді білдіретінімен алдын ала таныс болуға тиіс.

Міне, осы сияқты жәйттерге көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізген мұғалімдер ғана оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрете алады.


МӘТІНДІ ҚАБЫЛДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардыц сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі, Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:

  1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық
    дайындау.

  2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

  3. Шығарманы оқу.

  4. Әңгіменің жоспарын жасау.

  5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.

  6. Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін
    шығармашылық жұмыстар.

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дай­ындау.

Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы жасаған көркем бейнесі, картинасы арқылы қабылданады. Шы­ғарманы оқыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат картинасы т. б.) туады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Бомба түсіп: «— Ей, тілсіз жануарлар. Мені, де, сені де балапанынан айырған американдық қарақшылар ...» деген сөздерді оқығанда, көздеріне жас келеді. Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін шығарманы оқымас бұрын оқушылармен алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбіне әңгіме түрінде үйьмдастырылады. Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі.

Мысалы, М. Әуезовтың атақты «Абай жолы» романы кішкене балалардың түсінігіне сай келетіндей етіп, қысқартылып алынған Абайдың балалық шағын көрсететін үзінді оқулықта «Бүлдірген тере барғанда» тақырыбы арқылы беріледі. Осы мәтінді оқуға дайындау барысында мұғалім балаларға бүлдіргеннің қандай түрлерін білетіндерін айтқызып, оның қалай өсетіні, балалардың бүлдірген теріп керген-көрмегендері жөнінде әңгіме өткізеді. Сонан соң асау атты үйрету жайында балалардың білетін оқиғалары туралы әңгімелеседі. Осылайша, алдын ала әңгіме жүргізілгеннен кейін, «Бүлдірген тере барғанда» шығармасының мазмұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және әңгімеден молырақ әсер алуына жағдай жасалады.

Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалімнің оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға өте қиынға соғады. Ал оқулықтарда әрбір әңгімедегі осы түсініксіз болады-ау деген сөздердің барлығын теріп алып, мәтіндерлің аяғына сөздік ретінде бере беруге болмайды. Яғни оқулықты сөздікке айналдыруды оның қағидасы көтермейді. Мысалы, шет мемлекеттердегі балалар өмірінің қандай екендігінен мағлұмат беру мақсатында «Егерде мен мэр болсам», «Африкадан хат» әңгімелері, сондай-ақ «Джон—негр баласы» өлеңі сияқты материалдар беріледі. Осы шығармаларды оқымас бұрын ақ, қа­ра, порт, батырақ сөздерінің мәнін түсіндіріп алмай, оқуға кірісуден нәтиже шамалы болар еді. Сондай-ақ «Советтік менің өз елім» тақырыбының аса күрделі ұғымын күн ілгері нақты түсініп біліп алмаса, ондағы материалдардың қоғамдағы алып құрылыстар жөнінде жазылғанына, ол шығармалар тобы елімізді сүюге, оның ерекшелігін көрсететініне көңіл аудару мүмкін емес. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» кітабынан үзінді «Сорлылар», «Қостағы өмір» сияқты әңгімелерді оқымас бұрын Қазан революциясына дейінгі елдің балаларының жағдайы, панасыз балалардың халі жөнінде сөйлесіп, кедей балаларының жағдайы, өмірі туралы біраз түсінік беріп алмаса, әңгіменің мазмұны оқушыларға күңгірт қалады. Сондай-ақ Б. Майлиннің «Күлпаш», «Колхоз қорасында», «Кедей теңдігі», т. б. с. с. шығармалардың әрқайсысының алдынан олардың қай кездегі оқиғаны баяндайтыны, сол кездегі елдегі жағдай жөнінде балалардың I—II сыныпта оқығандары мен ата-аналарынан естігендерін еске түсіре, соларды пайдалана отырып, әңгіме өткізбей, бірден оқуға кірісуге болмайды. III сыныптағы «Сырым ба­тыр» әңгімесіндегі Сырымның, «Тарас Шевченко» әңгі-месіндегі Шевченконың кім екенін айтып, оның неге елін аңсағанына түсінік бермейінше, мәтінді сыдыртып оқып, оның мазмұнын балаларға қайта айтқызумен тынса, сабақтың білімдік те, тәрбиелік те әсері шамалы болып шығады.

Дайындық әңгіменің ұзақтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты.

Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дай­ындау, екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты — балаларға шы­ғарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады:

а) Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір шығармаларды оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Мысалы, Ғ. Мұстафиннің «Қырман үстіндегі ту» әңгімесін оқуға дайындалуда егін жинау, астық тасу жұмыстарында балалардың болған-болмағандары анықталып, әңгімеге тартылады.

С. Мұқановтың «Сең үстінде» әңгімесін оқымас бұрын жазғытұрым өзендерде сең жүру оқиғасы, А. Кононовтың «Шушь өзені бойында» шығармасын оқу алдында балалардың коньки теуіп ойнауы т. с. с. әңгімеге арқау болады.

ә) Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті фактілерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді. Мысалы, «Джон — негр баласы» шығармасымен танысуды жоспарлағанда мұғалім, Америкадағы теңсіздік жөнінде оқушыларды сендіретіндей мағлұмат беруге дайындалады. Осыған байланысты фактілер жинайды. Ондай фактілерді көбінесе күнделікті баспасөзден, әдеби шығармалардан алуға болады. Фактілер балаларды қызықтыратындай болғаны жөн, яғни балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, шы­ғарманы оқуға құмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда — дайындық әңгіменің талапқа то­лық сай өткені.

б) Ұжымды түрде әңгіме айту. Біреу білмсгенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан кейбір жағддйда оқылатын материалға қажет­ті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырады. Мұғалімнің міндеті – балаларға басшылық


жасау егер қажет болса, олардың айтқандарын қорыту.
Әнгіменің барысында бұрын оқылып өткен матери-
алдардағы фактілерді немесе балаларға басқа кітап-
тардан күнделікті тәжірибелерінен белгілі фактілерді
пайдаланған тиімді. Мысалы, Б. Майлиннің III сыныптағы
«Күлпаш» әңгімесін оқуға дайындалуда II сыныпта оқылып өткен, осы шығарманың, басқы бөлімдерінде әңгімеленген оқиғалар еске түсіріледі. Ю.Гагариннің «Космосқа тартқан жол» әңгімесін оқыр алдында ІІ сыныпта өтілген Ю Гагариннің «Космоста мен не көрдім» т.с.с материалдардан оқушылардың есінде қалған фактілер пайдаланылады.

в) Экскурсияда б а й қ а ғ а н д а р ы н пайдалану Оқушылардың әңгімесі болсын, мұғалімнің әңгімесі болсын қай-қайсысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже бе­реді. Бұл айтылғанның бір әңгімені немесе өлеңді оқыр алдында арнайы экскурсия ұйымдастыру керек деген тумасқа тиіс. Бірақ мұғалім жыл бойы өтетін материалды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін балаларға дүниетану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі экскурсиялар ұйымдастырады. Осы экскурсиядан кірген-білгендерін оқушыларға окулықтағы шы-ғармалармен танысу жұмыстарында пайдалануды үйретудің пайдасы мол. Мысалы, кейбір мұғалімдер балаларды көктемнің бас кезінде өзенге (жақын жерде: өзен бар жерлерде) экскурсия ұйымдастырып сеңнің түсуін бақылатады. Осы экскурсияның материалы ретінде (С.Мұқанов) әңгімесін оқығанда пайдаланылады немесе күзде оқушыларға айналадағы өзгерістерді байқату үшін далаға, орманға, егін жинау құралдарымен таныстыру үшін егістікке, қырманға т.б.с.с. жерлерге экскурсия ұйымдастырылады. Мұнда экскурсияның материалдарын оқулықтағы табиғат көрінісін суреттеген шығармаларды оқығанда пайдалануға болады.

г) Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. Мысалы, табиғатты бейнелейтін суреттерді шығарманы оқымас бұрын қолдануға болады. С.Мәуленовтың «Қыс келбеті» өлеңін оқымас бұрын тіл дамытуға арналған суреттердің ішінен «Қысқы ойын», «Қыс» тақырыптарына берілген суреттерді көрсетуге болар еді. Немесе оқығалы отырған әңгіменің мазмұнына сай келетін суреттерді пайдалану (мысалы, М. Әуезовтың «Бүлдірген тере барғанда» әңгімесін оқуға дайындық кезінде Молдахмет Кененбаевтың «Қашаған қуу» картинасын көрсетуге болар еді). Жекелеген портреттер, суреттер, пайдаланылады (мысалы, «Мейірімді тәрбиеші» мақаласын оқыр алдында Н. К. Крупскаяның түрлі портреттерін пайдалануға болар еді). 3. Иманбаевтың «Мысалдарын» оқымас бұрын маса мен өгіздің, қасқыр мен кірпінің т.б.с.с. суреттерін қолданған тиімді. Мұнда есте болатын нәрсе — оқулықта берілген су­реттерді алдын ала көрсетіп, оқылатын материалдардың мазмұнын айтып қоюға болмайды. Өйткені ол суреттер материал оқылып шыққан соң немесе оны оқу барысында материалдың мазмұны жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін берілді.

д) Сұрақтар қою. Оқуға дайындық кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын ала ойластырылады. Мұнда көп нәрсе материал­дың дауыстап немесе іштен оқылатынына байланысты болып келеді. Егер оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға материалды бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың ойдағыдай әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде алдын ала сұрақ берудің қажеті жоқ. Ал шығарма іштен оқылатын жағдайда оның мазмұны бойынша оқушыларға 2—3 сұрақ беріп қоюға болады.



Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы. Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мы­салы, бірқатар оқушылар вокзал, перрон, метро, эска­латор т.с.с. сөздерді түсіндірмесе, ішінде осы сөздер кездесетін мақалаларды дұрыс қабылдай алмайды, оларда елес тумайды. Оқу барысында түсініксіз сөздер ғана емес, сондай-ақ сөз тіркестері де кездеседі (Мы­салы, әдісіңе ақылыңды жолдас ет т. б.). Сондықтан оқылатын шығармаларда кездесетін сөздердің мағынасын түсіндіру жұмысы мәтінді дұрыс қабылдау шартының бірі болып табылады.

Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезсңде жүргізіледі:

1) мәтінді оқуға дайындық кезінде;

2) шығарманы оқу барысында;

3) оқып болғаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Бұл жөнінде жоғарыда айтылды. Мұнда тағы бір ескеретін жай: шығарманы оқымас бұрын онда кездесетін, мағынасы ауырлық келтіреді-ау деп ойға алған сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіре беру керек дсгсн ой тумасқа тиіс. Қейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажст және оқымас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.

Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп алынады. Мысалы, III сыныпта «Африкадан хат» әңгімесін оқығанда құрма ағаштары, — жеміс ағаштары, лашық — үй, қаршадай — кішкентай, дүмше молда — шала молда, отаршылар — қанаушылар т.б.с.с. Алайда оқу барысында сөз мағына-сын түсіндіруді өте байқампаздықпен жүргізу талабы қойылады. Өйткені оқып келе жатқан материалды үзіп тастап, сөзді түсіндіруге кірісу — оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бірқатары онан әрі оқылған материалды тыңдамайды. Сондықтан сөз мағынасын оқу бары­сында түсіндіруге әуес болмаған жөн.

Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.

Сөздерді шығарманың мазмұнын балалар әлде де тереңірек ұғыну үшін немесе оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында түсіндіру қажет болады. Мұндай сөздер шығарма оқылғаннан кейін, яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында түсіндіріледі (мысалы, сол «Африкадан хат» әңгімесінен: азап шеңгелі, темір тегеуріні, плантация т. б.).

Сөздер мен бейнелі ұғымдарды түсіндіруде, мысалы, порт, батырақ сияқты сөздерді қалай түсінетіндерін «Порт» деген не, «Батырақ» деген кім?» деп, сұрап өте шығуға болмайды. Мүғалім мұндай мәтінде кездесетін қиын сөздерді өзі әңгіме айтқанда, әңгімесінің ішіне, ал балалардың әңгімесін тыңдағанда, оларға қоятын сұрақтарының ішіне кірістіре отыруға тиіс.



Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана бітпейді, сонымен қатар ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа көріністерді байқау сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушылардың ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады. Осы мақсатпен мұғалім түсініксіз сөздерді түсінді­румен және оны оқушылардың түсінген-түсінбегендерін тексерумен ғана тынбайды, сонымен бірге оқушылардың сөздік қорына енгізуге тиіс сөздерді алдын ала белгілеп алып, балалар сөйлегенде сол сөздерді кірістіре отыратындай жағдай жасайды.

Оқушылардың ойын, тілін дамытуда синоним сөздер­ді пайдалануға үйрету жұмыстарының ролі күшті. Ол үшін мәтінді оқуға дайындалу жұмыстары кезінде:



  1. Мәтінде синоним сөздер бар ма, болса, олардың ма-
    ғыналарын қалай ұғындыру керек, балалар жауаптарында ол сөздерді қолдану үшін, қандай сұраулар қою қажет — осыларды анықтайды.

  2. Егер мәтінде синоним сөздер болмаса, ал мұғалім
    балаларға синоним сөздерді білдіргісі келсе, оны қалай
    ұйымдастырған жөн: оқу барысында сөздің синонимін
    айтып түсіндіре ме, қорытынды әңгімеде кірістіре ме, су-
    рет арқылы ма, әңгімелесу барысында ма осыларды қа-
    растырады.

Сөйтіп, мұғалім мәтінді оқуға дайындалу кезінде, біріншіден, мәтінді дұрыс қабылдауға қажетті сөздерді, екіншіден, оқу барысында оқушыларға мағынасы ұғындырылатын сөздерді, үшіншіден, оқушылардың актив сөздігіне енгізілуге тиісті сөздерді іріктеп алады.

Міне, осылайша, оқу сабақтарының барлығының органикалық элементі ретінде жүргізілетін лексикалық жұмыс оқушылардың ойы мен тілін дамытудың ең маңызды шарты болып есептеледі.

Сөздік жұмысын жүргізгенде мұғалімнің есінде болатын жағдай — сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу ба­рысында жаңа сөз кездескенде оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мүға­лім затты немесе оның суретін көрсетеді, оған анық сипаттама береді. Психологтардың айтуынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап — сөз бен ба­лалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.

Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:

1. Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны
сыныпта көрсету, экскурсия ұйымдастыру.

2. Заттың өзін немесе суретін, түрлі картинкалар көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.

3. Синоним сөздер қолдану: «Қандай сөздермен
ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?» сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру.

4. Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген де пайдалы. Мысалы, тетелестері сөзінің түбірі қайсы? т. б.

5. Сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі: аэродром — самолет ұшып, қонатын алаң т. б.

6. Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар қелтіру, фактілер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы, батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік.

7. Сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану. Бірақ мұнда диафильмдерді бастан-аяқ көрсетудің қажеті жоқ, үзінді ғана алу керек.

Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың үшінші түрі — шығарманы оқу. Мұнда көпшілік мұғалім шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады. Осыған орай, шығарманы алдымен тұтас оқыған дұрыс па, әлде бөліп-бөліп оқыған дұрыс па деген сұрақ туады. Шығарма бірінші рет оқылғанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса, балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны жақсы. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ тыңдаушылардың көкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіріле, мәнерлеп оқылуға тиіс. Сондықтан оны әуелі мұғалімнің өзі оқиды немесе оқу техникасын меңгерген, мәнерлеп, дұрыс оқи алатын балаға оқытады. Бірақ әсіресе ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін өлендер, көркем фразалар мен сөз өрнектері қездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн. Мысалы, В. Маяковскийдің «Кім болам?» өлеңін талапқа сай, әсерлі де асқақты үнмен оқып беру балаларға оңайға түспейді. Кейбір оқуға жеңіл қысқа үзінділер мен мақала стилімен жазылған шағын әңгімелерді шамалылау оқитын оқушыларға оқытуға болады. Ондай материалдарды оку арқылы балалар оқу дағдысына төселеді, келе-келе мәнерлеп оқитын болады.

Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез келген жерден үзбей, әр бөлімді белгілі бір аяқталған ойды білдіргені дұрыс.

Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым ғана қалыптасады, енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте оның жеке бөліктерін талдауға көшу қажет. Бірақ қайталап оқуға кіріспес бұрын оқушылардың мәтінді алғашқы қабылдау дәрежесін тексеріп алған жөн. Мұғалім мәтіндегі негізгі фактіні анықтау үшін екі-үш сұрақ қояды. Жауаптарына қарай, әңгіменің қай жері күштірек әсер етті, баланың ой жүрісі қандай бағытта т. с. с. анықтайды.

Бастауыш мектеп бағдарламасы тілдің көркемдік құралдарымен практикалық таныстыруды да міндеттейді. Бұл міндетті орындау үшін бақылау жургізу керек. Мұндай жұмыстар мәтіннің мазмұнын талдау барысында, сонымен қоса жүргізіледі.

Шығарманьщ көркемдік қасиетін таныту жұмысы дұрыс жүргізілсе, оның мазмұнын толық та терең түсінуге жағдай жасалады. Бұл жұмыс өте күрделі, сондықтан мұғалімнен үлкен шеберлікті, жан-жақты ойластыруды (белгілі бір шығарманың құрылысы мен тіліне оқушылардың зейіндерін қандай жолдармен аудару ке­рек, кандай бақылаулар жүргізтуге болады, оқушыларға қалайда эстетикалық әсері күшті болу жағын ойластырған дұрыс т. б.) қажет етеді. Бұл тұрғыда оқу кітаптарында бірқатар тапсырмалар берілген. Дегенмен онымен ғана қанағаттанып қоймай, мұғалім өз тұрғысынан біраз жұмыстар іздестіруіне тура келеді.

Шығармаға жоспар жасау. Жоспар шығар­маның мазмұнын көрсететін уақиғалардың жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады:

1) әңгімені бөлімге бөлу;

2) бөлімдерге ат қою, оны тәртіптеп жазу.

Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды.

Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та те­рең түсінуге мүмкіндік береді. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір рет тұтас оқып шыққаннан кейін, қай­талап оқу кезінде іске асады. Жоспар кейде қорытынды әңгіме кезінде жасалады, кейде оны жасап келуді үйге тапсыруға болады.

Кез келген шығармаға жоспар жасай берудің қажеті жоқ. Бастауыш сыныпта жоспардың жай түрі ғана үйретіледі. Мысалы, II сыныптағы «Еңбек мені қуанышқа бөледі» әңгімесіне мынадай жоспар жасауға болады: 1. Қуаныш. 2. Шәкірт. 3. Алғашқы кездегі қиыншылықтар. 4. Анна апай. 5. Машинаны жеке басқару. 6. Озаттар қатарында.

III—IV сынып оқушылары тұтас әңгімені өздері бөлікке бөліп, әр бөлікке ат қою жұмысын атқара алады. Екінші сөзбен айтқанда, әр әңгімеге өз беттерімен жос­пар жасай алады. Мұндай жағдайда мұғалім тек «Бұл бөлімде не жөнінде айтылады?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларға бағыт қана беріп отырады. Мысалы оқулықта «Ноянның звеносы» әңгімесі берілген. Әңгіме сюжетті. Оқушылар осы әңгімені оқи отырып, әр бөлім де не жайында айтылғанын аңғарады да, соған орай, әр бөлімге ат қояды: 1. Пионер Ноян. 2. Ноянның атасының әңгімесі. 3. Ноянның апасының әңгімесі. 4. Ноянның мамасының әңгімесі. 5. Біздің еліміз — пионерлер елі.

Алайда шығарманы бөлімге бөліп оқыған сайын әр бөлімге ат қоя беруге болмайды. Өйткені шығармаға ат қою — күрделі жұмыс, көп ойлануды қажет етеді. Сондықтан қай материалға жоспар жасау керек, қайсыларын бөлімге бөліп, бірақ ат қойғызбай-ақ оқытуға болады, қайсыларын оқушылар өздері бөлімге бөліп қайсыларын мұғалімнің көмегімен бөледі — олардың барлығын мұғалім алдын ала ойластырады.

III сыныптағы оқу жылының басында істелетін жұмыстарды жоспар жасауға дайындық деуге болады. Мұнда суретті жоспар жасалады. Ол үшін мына сияқты жұмыстар жүргізіледі:


  1. Оқулықта берілген суреттердің қайсысы мәтіннің
    қай бөліміне жататынын анықтау және оған ат қою. Егер суреттер мәтінді толық қамтитын болса, тағы қандай суреттер салуға болатынын ойлау. Қиялындағы суретке ат қою.

  2. Мұғалім әңгімеге не ертегіге бірнеше сурет
    береді. Оқушылар оны шығарманың желісі бойынша реттейді.

  3. Белінген бөлімдерге қандай суреттер салуға болатынын оқушылардың өздері айтады. Оған ат қояды.

  1. Берілген тақырыптарды шығарманың желісі бой-
    ынша реттейді.

  2. Мұғалімнің берген тақырыптары бойынша мәтінді
    әр бөлікке бөледі.

  1. Мұғалімнің берген жоспарын талдайды.

IV сыныпта мәтінді бөлімдерге бөлу жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі:

  1. Мұғалім оқушыларды оқып келе жатқанда тоқ-
    татып, не жөнінде оқылғанын, нені білгендерін, мұндағы
    басты ойдың не екенін сұрайды.

  2. Ол бөлімнің неліктен аяқталғанын дәлелдетеді.

  3. Мұғалім өзі бір бөлімді оқиды, балалар сол бө-
    лімнің өзін нешеге бөлуге болатынын анықтайды.

  4. Оқушылар кімге, қай бөлімнің ұнағанын айтады,
    сонан сон, барлығының айтқан бөлімдері ретке келтірі-
    леді.

  5. Оқушылардың өздері бөлімге бөледі және әр бө-
    лімге ат қояды.

Жоспар немесе бөлімдерге ат қою III сыныпта әуелі хабарлы сөйлем түрінде, кейін бірте-бірте сұраулы сөйлем түрінде айтылады. Ал IV сыныптан бастап атаулы сөйлем түрінде жасалады.

Оқылған шығарманың мазмұнын айту. Шығарманың жоспарын жасау мазмұнын айтумен тығыз байланысты. Оқылғанның мазмұнын жүйелі, байланысты түрде айтып беру сияқты синтетикалық жат-тығудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Шығарманың маз­мұнын айту барысында балалар оны алғашқы қабылдаумен байланысты туған эмоцияны басынан қайталап кешіріп қана қоймайды, сонымен қатар әңгімелеу арқылы дауыс ырғағының, бет бейнесінің көмегімен оған өзінің көзқарасын да білдіруге тырысады. Оқушының баяндау барысынан шығарманы қаншалықты терең, толық қабылдағанын байқауға болады.

Жақсы ұғынған мәтінді баяндағанда оқушы сөздерді таңдауға, оларды грамматикалық жағынан дұрыс қолдануға тырысады, яғни дұрыс сөйлеуге жаттығады. Сондықтан баяндаудың тіл дамыту үшін де маңызы орасан зор.

Баяндап беруде бастауыш сынып балаларына шығарманың үлгісі үлкен әсер етеді. I—II сынып оқушылары мәтінді жатқа дерлік айтып береді. Мұндай сырттай баяндауға қарсы бірқатар мұғалімдер оқылғанның маз­мұнын өз сөздерімен айтқызу үшін біраз әрекеттер жасайды. Ал осының қайсысы пайдалы деген сұраққа мұның екеуі де пайдалы деп жауап қайтаруға болады (бұл да мәтіннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы, ертегілер халықтың қанатты сөздеріне бай, синтаксистік құрылысы да ерекше, белгілі дауыс ырғағын талап етеді. Сондықтан оны мәтіннің тіліне жақын мазмұндату керск. Ғылыми көпшілікке арналған мақалалар жөнінде де осыны айтуға болады).

Мәтінге жақын мазмұндау механикалық түрде өтпеу үшін мұғалім дайындық жұмысын жүргізеді. Онда бейнелі суреттемелерді, сұлу сипаттамаларды көрсетіп, идиомаларды түсіндіреді, оларды қалай қолдану керек екенін айтады. Балалардың зейінін мәтіндегі кейбір сөйлем құрылыстарына аударады. Оны жеңіл, қарапайым түрде айту керектігін көрсетеді.

Тілдің құрылысына жақын мазмұндауда мәтін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай таңдалады. Әсіресе сөздік қоры тапшы балалар кітап тіліне еліктеп, мәтінге жақын баяндайды. Ал тіл байлығы мол балалар өз сөздерімен айтуларына да болады. Бірақ олар да мәтіндегі жаңа сөздерді, орынды сөз тіркестері мен сино­ним сөздерді қолданулары керек.

Мәтіннің мазмұнын айтқызу екі түрлі жолмен іске асырылады:

1) толық,

2) ішінара.

Көлемі шағын мәтіндерді және жазбаша мазмұндамаға дайындық барысында толық баяндаттыру қажет. Ішінара мазмұндау көлемі үлкен мәтіндер бойынша және бөлімге бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгіме кезінде іске асады.

Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар. Бұл жұмыстар, біріншіден, оқылған материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызса, екіншіден, балаларды өз беттерімен ойланып жұмыс істетуге талаптандырады. Бастауыш сыныпта ұйымдастыруға болатын шығармашылық жұмыстың негізгілері:

а) Шығарманың баяндалу түрін өзгертіп әңгімелеу. Мұнда әңгіменің баяндалу түрі аз-кем өзгертіледі. Мысалы, әңгіме I жақпен баяндалған болса, III жаққа айналдырып, керісінше де әңгімелеуге болады.

а) Оқылған шығарманың мазмұнын толық өзгертіп әңгімелеу. Жұмыстың бұл түрін үйден орындап келуге тапсыруға болады. Мұнда оқушылар әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз бастарынан өткен оқиғаны немесе өзі қатысқан не көрген оқиғалары жөнінде өз жандарынан әңгіме құрастырып айтады. Мысалы, «ИЛ-18» әңгімесін оқығаннан кейін, балалар өздерінің немесе аға, апаларының самолетке отырып ұшқандары туралы әңгімелеуіне болады. Сондай-ақ Б.Полевойдың «Елдің ері» әңгімесін оқығанда, әкелері мен аталарының соғыста көрсеткен ерліктірі жайлы, ал Ә.Тәжібаевтың «Жерге деген құштарлық» әңгімесін оқыған кезде егістікте немесе жұмыстың басқа да салаларында жан аямай еңбек етіп жүрген ата-аналары мен туған-туыстары жөнінде мақтанышпен әңгімелеп берулеріне де толық мүмкіндік бар.

Жұмыстың бұл түрі де оқылған шығарманың мазмұнын балалар толық та саналы меңгерген қезде ғана ұйымдастырылады. Мұндай жұмыс балаларды өз беттерімен ойлануға, ізденуге және шығармадағы жүйені пайдалана отырып, өздіктерінен әңгіме қарастыруға, оны құрастыру барысында талай сөздерді еске түсіріп, ішінен қажеттілерін таңдап алуға үйретеді.

б) Оқылған шығарманың мазмұнын аз-кем өзгертіп әңгімелеу. Мұнда оқушылар оқылған шығарманың аяғын өз ойынан шығарып, әрі қарай жалғастырады немесе ондағы оқиғаның арасына өз жанынан әңгіме қосып айтады. Бірақ мұнда да шығарманың сипатын ескеру керек, өйткені кез қелген шығарманы жалғастырып әкетуге де, сондай-ақ ойға қелген оқиғаны қоса салуға да болмайды. Шығарманың арасына қосылған әңгіме оның мазмұнымен қабысып қететіндей болғаны жөн. Сабақ кезінде сұрақ-жауап арқылы соған бағыттайды. Сұрақ қойып, оған жауап алу арқылы оқушыларға өз ойларынан әңгіме құрастыртып, ол — оқылып отырған шығарманың арасына қосылады да, онан әрі мәтіннің мазмұны айтқызылады. Мұндай жұмыстар арқылы оқушылар өз ойларын, қиялын дамытуға мүмкіндік алады, оқығандарының мазмұнын ат үсті, шала ұғынып қалмай, ондағы әңгімеленген оқиғаның мән-жайын ойлана, толық саналы түрде қабылдайды. Сонымен қатар олар қітапта жазылғанды ғана қабылдап қоймай, онда жазылмаған жағдайларды да (сол оқи­ғаның туу себебі немесе барысындағы түрлі жағдайлар­ды да) көз алдарына елестетеді.

в) Оқылған шығарманың мазмұны бойынша сурет салу. Жұмыстың мұндай түрі шығармадағы оқиғаны нақтылай түседі. Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша сурет салуға да немесе пластилиннен түрлі бейнелер жа-сауға да болады. Бастауыш мектеп жасындағы, әсіресе I сынптағы балалар әдетте сурет салуға әуес келеді. Бірақ олар өздерінің салған суреттеріне сын көзбен қарайтындай дәрежеге жете бастаған кезде, сурет салудан бірте-бірте бас тарта бастайды. Дегенмен олардың көпшілігі оқылған мәтінге қандай суреттер салуға болатынын ойлап, дұрыс таба алады. Ол үшін алдымен шығарманың белгілі бір бөлімі (егер шығарма көлемді болса) оқылады. Сонан кейін осы оқылған әңгіме бойынша қандай сурет салуға болатынын ойлануға уақыт беріледі. Оқушылар 2—3 минут ойланғаннан кейін, олардың қан­дай суреттер ұсынатыны сұралады. Егер балалардың біреуі қате айтса, қалғандары оны түзейді, ал ол қатені түзеуге балалардың шамасы келмесе, мұғалім сұрақ қою арқылы көмектесіп отырады.

Мазмұны бойынша суреттер ойластыру үшін де кез келген мәтінді ұсынуға болмайды. Мәтіннің сюжетінің оңай-қиындығы, оның балалардың, өз өміріне жақындығы және онда айтылған оқиғаны баланың түгелдей көз алдына елестете алатын-алмайтыны сияқты жағдайлардың барлығы жан-жақты ойластырыла отырып, қандай мәтінді ұсынуға болатыны анықталады. Мысалы, «Кайрақбай» әңгімесін оқығаннан кейін оның мазмұны бойынша, қандай-қандай сурет салуға болатыны жайлы сұралады. Әңгіменің мазмұнын бір оқығанда балалар толық қабылдауға қиналатын болса, оқулықтағы осы мәтіннің аяғында берілген сұрауларға жауап алынып, тапсырмалар орындатылады. Сонан кейін балалар әңгімедегі оқиғаны көз алдарына елестете алатындай дәрежеге жеткен кезде, осы мәтінге қандай суреттер салуға болатыны сұралады. Олар бұл мәтін бойынша төрт су­рет салуға болатынын (Қайрақбайдың қозы-лақтарды өріске жайып жүргені, алыстан поезд көрінгені, Қайрақбайдың паровоз айдаушыларға белгі беруі, Қайрақбайдың қасына жиналған жұрт) айтады.

Сыныпта сабақ үстінде мұндай суреттерді салғызып отыратын уақыт та жоқ және оны салу оңайға түспейді. Кейде олардың экскизін ғана жасатуға болады. Ал кейде сыныпта оқылған шығарманың мазмұны бойынша неше сурет салынатыны, нелер бейнеленетіні ауызша ғана сипатталады да, оны орындау үйге тапсырма ретінде беріледі. Кейде жұмыстар сыныптан тыс оқуда орьндалады


<предыдущая страница | следующая страница>


Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуде

ШАҒын жинақталған мектептерде қазақ тілі сабағында дамыта оқыту әдістемесінің Ғылыми-теориялық негіздері

2353.49kb.

25 12 2014
9 стр.


Қайсым Қайсенов кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Бұл жұмыс халықты елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы және Молодежный кентінің тұрғындары еліміздің экономикалық дамуына өзіміздерінің қосып жатқ

96.24kb.

25 12 2014
1 стр.


Күні: 26. 11. 12 Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы: хіхғ Іж Қазақстанның саяси жағдайы Сабақтың мақсаты

Жайықың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І павелдің 1801ж 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер. Жәңгір

34.43kb.

16 12 2014
1 стр.


Кітапханашыға

Толып жатқан елдермен халықаралық экономикалық,саяси ынтымастық сауда, мәдениет, білім беру және т б көптеген салаларда келісім-шарттарға қол қойылды

247.83kb.

16 12 2014
1 стр.


ТӘрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма этикалық бағыттағы тәрбие жұмыстары талдау

Студенттерге арналған мәдени шығармалар мен фактілердің тиімдісін іріктеу

12.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ

Біздің қоғамда болып жатқан өзгерістер барлық білім саласын жаңарту үшін шынайы алғы шарттар жасады, яғни мектеп жұмысының практикасына жаңа мазмұнның элементтерін, жаңа білімдік т

280.56kb.

25 12 2014
1 стр.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді

29.67kb.

25 12 2014
1 стр.


12 жылдық білім берудегі-тәрбие жұмысының жоспарлануы мен ұйымдастырылуы

Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі –дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру. Қазіргі күні білім беру саласында он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу турасында көптенген ға

59.47kb.

25 12 2014
1 стр.