Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5страница 6 ... страница 8страница 9
.

Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша ермексаздан түрлі бейне, сурет жасау көбінесе II—III және IV сыныптарда іске асырылады.

г) Мәтін бойынша қорытынды әңгіме ұйымдастыру. Мұндай әңгіме балалардың оқу барысында алған әсерлері мен байқағандарын жинақтайды. Мақсат — оқушыларға автордың не айтайын дегенін тереңірек ұғындыру және оқығандарына өз көзқарастарын, пікірлерін білдіруге көмектесу.

Қорытынды әңгіме оқылған шығарманың сипатына қарай екі түрлі жолмен ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы, балаларға белгілі бір шеңберде білім беретін ғылыми мақалаларды, очерктерді оқығаннан кейін қайталау ретіндегі қорытынды әңгіме ұйымдастырылады, оқушыларға бағыт беріліп, олардың алған білімдерінің дұрыстығы, дәлдігі байқалады, білімдері бекітіледі.

Көркем әдеби шығармаларды оқығаннан кейін әңгі­ме эвристикалық сипатта құрылады, яғни шығарманың мазмұнын айту емес, оны бағалау, өз пікірін айту, ондағы басты ойды айтуға бағытталады.

Шығармадағы басты ой идеялық мазмұнмен сәйкес келе бермейді. Шығарманың идеясы — өмір құбылысын жазушының бағалауы немесе оқушы жұртшылықты бел­гілі бір мақсатқа шақыруы. Мысалы, «Әке арманы» (М. Әуезов) шығармасындағы басты ой Абай жөнінде, ал оның идеясы сол кездегі халықтың қараңғы тұрмысын, теңсіздікті т.б.с.с. көрсету.

Қорытынды әңгімеде себептік байланыстарды тапқызу, басқа шығармалармен салыстырту, нақты құбылыстарды байқату, оларды қосып жалпылату, абстракциялату т.б.с.с. жұмыстар арқылы жүргізіледі. Мысалы, С. Жүнісовтың «Сақау бәтеңке» әңгімесі неліктен осылай аталған? Бұл әңгімені басқаша қалай атауға болар еді? Сен киімдеріңді қалай күтесің? т.с.с.

Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстың бұл айтылғандардан басқа түрлері де бар. Айталық, шығарманы рольге бөліп оқып, оның мазмұны әңгімеленгенде де рольге бөліп айтуды ұйымдастыру. Мысалы, I. Жансүгіровтың «Шәркей» әңгімесінде бір оқушы автордың, екіншісі Шәутеннің, үшіншісі апасының сөзін оқиды. Бұл әңгіменің мазмұнын айтқызуда да осы әдіс қолданылады.

Сонымен шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да балаларды өз беттерімен іздетуге үйретіп, ақыл ойы мен дүние танымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ

Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.

Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері бастауыш сыныптарда олардың өзіндік әдістемесін қажет етеді.

Ертегілерді оқыту. Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.

Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, қішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады. Ертегілерді оқуда мыналар ескерілу қажет:



  1. Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған,
    өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-
    жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де бі-
    леді, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды
    көңілдендіреді, армандауға үйретеді.

  2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме
    беруге үйретуде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіп-
    керлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын бел-
    гілерді көрсетіп, анық түсінікті болып келеді.

  3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үл-
    гімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұға-
    лім оның, мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер
    артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пай-
    даланса, тіпті жақсы.

Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге белу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т. б. осындай жұмыстарды II—III сынып оқушылары орындай алады. Ал IV сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.

4. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайын-


дықтың онша керегі жок.

5. Қейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.

6. Ертегінің композициялық ерекшеліктеріне қара­пайым түрде бақылау жүргізіп үйрету керек.

Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын, бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ер­тегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, маз­мұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.



Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді о қ у. Оқулықтарда жұмбақ, мақал-мәтелдердің көпшілігі мәтіндердің аяғында беріледі, сонымен қатар бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал-мәтелдер жинағы жоқ болғандықтан авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдардың орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Бұл материалдар бір мезгілде бір кезеңде ғана оқылмайды. Мұғалім қандай да болмасын, бір мәтінмен жұмыс жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнына сай келстіндерін іріктеп пайдаланады. Немесе олардың кейбіреулерін үйге оқуға не жаттауға тапсырады. Мысалы, «Елдің ері» әңгімесін оқығаннан кейін, оқулықтағы мақал-мәтелдердің ішінен: «Ерлік білектен емес, жүректен», «Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады». Немесе И.Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалын оқығанда «Өзі айлакер, өзі бір қу, жүрген жері бір айқай-шу» жұмбағын жаттатып, оның мәнісін түсіндіре кетудің яғни оның жүрген жері неге айқай-шу болатынын сұрап, анықтай отырудың артықтығы жоқ.

Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан, балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе, екінші жағынан, сөздік қорын байытады.

К.Д.Ушинский бастауыш мектеп балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп, оның, қысқа да дәл және халықтың тамаша байырғы тілімен қандай да болмасын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.

Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да, жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол. Мұндай сабақ ұйымдастыруда оларды белгілі бір тақырыпқа арнап, іріктеп, топтап алады.

Мақал-мәтелдер — тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.

Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай, іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдай-да жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделінетіні айтылады. Мысалы, «іздесем, ізі жоқ, бауыздасам, қаны жоқ» жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі.

Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өз-өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын нәрселер іздестірілді. Балалар бірден суда болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.

Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафоралық бейне ашылады. Жұмбақта қандай із жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі) т.с.с. немесе «Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп» жұмбағының құрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы талданады: кез келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы ар­қылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар екені ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса «Оқу құралдарының ішінде қайсыларында жол бар?» деген сияқты сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол бо­латыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол — жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады. Жұмбақталған қарындаштың белгілерін балалар өздері табады. Жұмбақтағы «салған ізі» дегеннің жазған жазу екенін де айтады. Осы сияқты, екі-үш жұмбақтың шешуі талданып қөрсетілгеннен кейін, балалар өздері де заттың белгілерін жұмбақтап айтуға тырысады.



Мысалдарды оқыту. Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар:

а) аллегориямен айтылатыны.

ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән бо­латыны.

б) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп, мынадай


әдістемелік сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашу
керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап беру үшін,
мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың қалай
қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.

Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? дегендей, сұрақ қою қателік болар еді. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен жүргізу — оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан балалардың одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мы­салдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру керек. Ал мысалда суреттелгендер балаларға шындық, болмыс жөнінде қате түсінік береді, өйткені қарға, түлкі сөйлемейді ғой деген сияқтылардан қауіптенудің қажеті жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды. Мысалы, балалар тіпті IV сыныптың өзінде де қылыштасу, атысу ойындарын шындық сияқты ойнайды. Олар таяқтың қылыш, найза еместігін әрине жақсы біледі, бірақ өздерінше шын найза, қылыш деп есептейді. Немесе қыз балалардың қейбіреулері әлі де куыршақпен ойнайды, оның сөйлемейтінін біле тұра, шын кісі деп есептеп, онымен сөйлесіп отырады. Сол сияқты мысалдағы оқиғаны да бастауыш сынып оқушылары шын көріп қабылдайды.

Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды: мысалдарды оқығанда көңіл қоятын жай — оқушыларға оның мазмұнын қабылдату және ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау.

Мысалдардағы аллегорияны ашу жұмысын IV сыныпта мынадай тәсілмен іске асыруға болады. Мұнда мысал­да суреттелген оқиғаға ұқсас оқиға іздестіріледі. Айталық, И. А. Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалы оқыл-ғаннан қейін, біреудің қолындағы нәрсесін алдап алу өмірде кездесе ме дегендей сұрау қою арқылы, ондағы негізгі ойды түсінуге жеңілдік жасалады. Қейбір жағдайда мысалда суреттелген оқиғаға өмірде болатын ұқсас оқиға табу жұмысы мысал оқылмас бұрын, алдын ала дайындық әңгіменің барысында жүргізіледі.

Мысалдың екінші ерекшелігі — онда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мәні бар қорытынды пікір болатындығы. Ол қысқа түрде мәтіннің басында немесе аяғында беріледі

Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді пайдаланып, құрғақ сөзбен «Мұндай жаман мінез-құлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу керек» деудің бастауыш сынып оқушыларына әсері шамалы болады. Ондай үгітті тіпті сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой анық ашылуға тиіс. Осыған орай, мысалдан шығатын қорытынды пікірді оның мазмұны талданып болғаннан кейін оқуға болады. Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі — оны дауыстап оқу тәсілінде. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын болса, сол кейіпкердің басындағы ерекшелігіне қарай, дауыс сазы да құбылып отырады

Кейіпкерлер­дің мінез-құлқы мен автордың сөз қолдауына қарай, да­уыс ырғағының құбылуы балалардың ынтасын арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі оқығанда-ақ жаттап алуларына жағдай жасайды.

Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:



  1. Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әң-
    гіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіре-
    тін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбі-
    реулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша
    кетеді.

  2. Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре, өзі
    оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.

  3. Мысалдың мазмұны талданылады.

79-80 б. жоқ

К. Д. Ушинский ғылыми мақалаларды логикалық оқу деп атады. Бұл өте дұрыс. Өйткені ғылыми мақалалар көркем шығармалардай, бірден оқушының сезіміне әсер етіп, кейіпкерлердің іс-әрекетімен балаларды еріксіз ідіктіріп әкетпейді, зейінді, ерік күшін талап етеді.

Мақалаларда немесе очерктерде әдетте мүлде жаңа фактілер беріледі, сондықтан оқуға кіріспес бұрын міндетті түрде дайындық жүмысы керек. Мұнда бірде біз балаларды мақалалардан жаңа ұғым алуға дайындаймыз, яғни оқуға деген қызығушылық сезімі туып, мақаланы қабылдауға балалар толық дайындалады. Екіншіде балаларды мақаланы қабылдауға ғана дайындап қоймаймыз, дайындық кезінің өзінде білім береміз. Мысалы, «Ленин Смольныйға келеді» мақаласын оқымас бұрын: уақытша үкімет деген не? Смольный — қандай орын? Уақытша үкіметті неліктен құлату керек болды? Юнкерлер, буржуйлар кімдер? Бұл — қай кездегі уақиға? Бұл кезде Ленин қайда еді? т.с.с. мәселелер жөнінде түсінік бермей, мақаланы оқудың пайдасы аз.

Дайындық жұмысынан кейін мәтін оқылады. Егер мәтін қысқа болса, тұтас оқылады, мазмұнын айтуға дайындалады. Оқушылар мәтінді оқығаннан кейін берілетін сұрауларға жауап қайтарып, тапсырмаларды орындайды. Мұнда қандай сұрауларға жауап беретіндері дайындық кезінде ескертіледі.

Мақала оқылу барысында екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердін, мағынасы, кейбір фактілер анықталып, бөлімдердегі басты ойды аңғару мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің, арасындағы байланыстарды табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мақаланың мазмұнын меңгерту үшін үшінші рет оқытуға болады.

Ғылыми мақалаларды оқытуда терминдер мен қорытындыларға ерекше көңіл аударылады. Терминдер, түсінуге ауыр сөздер қайта оқытылады. Дайындық жүмы­сы кезінде оларға берілген анықтамалар қайталанады, қортындылар талқыланады, егер қысқа болса, тақтаға жазылады.


ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
Балаларға ана тілін үйретуге көрнекіліктің алатын орны жөнінде К.Д.Ушинский «көрнекілікке үйретуді ана тіліне үйретуден бөлу мүлде қате» деген болатын. Өйткені көрнекілік байқампаздықты, ойлауды дамытады және балалардың бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып беруге, одан логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады.

Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан мол: айнала қоршаған дүниені бақылау, экскурсияға шыққанда бақылау, оқушылардың жинаған заттары, жеке және коллекция түріндегі гербарийлер, жануарлардың, құстардың тұлыбы, модельдер, макеттер және панорамалар (оқушылардың өздері дайындайды), кинофильмдер, диафильмдер, түрлі картиналар, портреттер, оқулықтағы суреттер.

Жоғарыда біз сабақтың әр бөлімдеріне байланысты көрнекі құралдардың қалай пайдаланылатынына тоқтатылып отырғанбыз. Сондықтан бұл жерде көрнекі құралды қолданудың жалпы тәсілдерін ғана көрсетеміз:

1. Кинофильмдерге бару, театрдан немесе теледидардан пьесалар көру көркем шығарманы оқудың орнына жүре алмайды. Бұлар кейде көрнекілік ретінде, мәтінді екінші оқығанда немесе оған қорытынды әңгіме жасағанда пайдаланылады. Мысалы, С.Мұқановтың «Шын сырлылар», «Қостағы өмір» әңгімесін оқығанда, қорытындылау кезінде «Ванька» (А.Чехов) диафильмін көрсетуге болады. Көрсетілетін фильмдер материалға тақырыбы жағынан да, мазмұны жағынан да, тығыз байланысып, бір-бірімен қабысып тұруға тиіс.

Фильмдер көбінесе мәтінді оқу алдында көрсетілгені дұрыс. Революционерлер, суретшілер, ғалымдар т.б. портреттері де оқуға дайындық кезінде пайдаланылады.


  1. Дайын гербарий мен коллекциялар, сондай-ақ балалардың өздері жинаған заттарды, ғылыми мақалаларды оқуға дайындық кезінде зерттеу нысаны ретінде көрсетіледі. Бұл заттарды шығарманың басқа түрлерін оқу кезінде де пайдалануға болады.

  2. Оқу сабақтарының барлығында да қолданылатын көрнекіліктің басты түрі көркем суреттер деуге болады. Бұл дайындық кезде де, оқу барысында да, шығарманы талдау кезінде де, жоспар жасау кезінде де, қорытындыәңгіме жасағанда да көмекші құрал есебінде қызмет атқарады. Алайда, мұнда есте болатын жағдай – көрнекі құралды тым көп қолданып, мәтіннің рөлін төмендетіп алудан сақ болған жөн. Оқушыларда оқу барысында туатын эмоция мен бейнелер балалардың өмір тәжірибесіне қарай, жасы өскен сайын күшейе береді.

Мәнерлеп оқу, сөзбен суреттеу, сондай-ақ басқа да шығармашылық жұмыстар балаларды оқығандарын көрнекіліксіз-ақ саналы түсінуге баулиды.

Сөйтіп, оқу сабақтарында балаларды жан-жақты тәрбиелеу, оларға білім беру т.с.с. міндеттерді іске асыру үшін көрнекі құралдың орасан зор маңызы бар.

СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУ
Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде, кеңес ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі ескертіп отырады

Сыныптан тыс жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.

Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дұрыс ұстап, күте білудің ережелерін үйретеді: кітаптың сыртын қаптау, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т.б. Мұғалім бұл ережелерді анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды.

Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Ана тілі» оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынын айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы керек.

Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, дүниетану т. б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен танысады. Осындай сыныпта алған ұғым сыныптан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.

Сыныптан тыс оқу сабақтарында мұғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.

Бастауыш мектептердегі сыныптан тыс оқудың мазмұны мен ұйымдастыру жолы жөнінде жаңа бағдарламаның жобысында былай делінген: «Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайта түсу; оқиға, білуге ыетасын, құштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүние тану құмаорлығын арттыру.

Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі қағидасы – оның сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, дүние тану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу т.б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып отырады...»

Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды толығырақ таныстыра түсу мақсатында оның сыныпта оқылғаннан басқа шығармаларымен сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы. Алтынсаринның «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурудан аяған күштірек», «Өтіріктің залалы» т. б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға беріледі.

Кейбір жекелеген шығармаларды сыныптан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.

Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім олардың әрқайсысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, — бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадағы карточкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т. б. ұнатады.

Осыдан кейін мұғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.

Балаларға сыныптан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шығармалардың ішінен іріктеп ұсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар ұйымдастырады т. б.

Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын ұсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мүға­лім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқиғаларды бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы кітапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттерді көрсету арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын ғана айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді тапсыруға болады.

Бастауыш сынып оқушыларын оқуға қызықтыру үшін V—VI сынып оқушыларының да көмегі зор. Өздерінің кішкене бауырларына бұрын оқыған кітаптары, әңгіме, ертегілері жөнінде, өздеріне ұнайтын жазушылар жө- нінде әңгімелеп айтып берсе, олар сол кітапты өздері де тауып оқиды.

Оқу жылы аяғында балаларға жазғы демалыс кезінде оқитын кітаптарының тізімі беріледі де, оқу жылының басында сол көрсетілген кітаптардың қайсысын оқыған-оқымағандарын тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы жазғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір үзінділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін т. б. қарайды, оқытады.

Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша оқуға тиісті кітаптардың тізімі беріледі. Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайы мен сыныптан тыс оқудың мазмұнына сай, бастауыш сынып оқушыларымен мынадай жұмыстар орындауға болады:


  1. Көркем шығармаларды (бір шығарманы немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше шығарманы), ертегілерді, мақалаларды талдау.

  2. Күнделікті баспасөздегі («Балдырған», «Ақ желкен», «Зерде» журналдары мен «Ұлан» газеті) мақала­ларды оқу.

3) Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгімелер қолайлы.

Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармаларына сұрау берудің қажеті жоқ, олар өз беттерінше қорытынды шығарғандары жөн, яғни әркімнің өз оқығандары жөнінде өз көзқарастары болғаны дұрыс. Кейде оқы-ғандары жөнінде жолдастарынан сұрау, пікір алысу т. с. с. тыйым салынбайды.

Сыныптан тыс оқу сабақтарында көрнекі құралдар қолданудың да пайдасы мол. Мұнда да шығармада кездесетін қиын сөздер түсіңдіріліп отырғаны жөн.

Сыныптан тыс оқуда бір жазушының шығармасын талдауда сол жазушының өмірі мен қызметінен толығырақ мағлұмат беруге болады. Мұндай сабақ шамамен былай ұйымдастырылады:

а) мұғалім немесе балалардын, бірі жазушы жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;

ә) жазушының балаларға таныс кітабы я шығармасынан үзінді оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға да болады.

Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы жайлы қысқаша әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.

Екінші сабақта оқуға берілген шығарма талқыланады, ал үшінші сабақта қорытындыланады.

Жоғарыда бастауыш сыныптарда балалар ертегі оқуға өте құмар келеді дедік. II—III сыныптарда көбіне жануарлар туралы ертегілерді жақсы қөреді. Мұндай сабақтарға көрнекі құралдарды балалардын, өздеріне жасатуға болады. Бірқатар ертегілер жөнінде шыққан сурсттер де бар («Түлкі мен бөдене» т. б.), ал көптеген ер­тегілер бойынша диафильмдер жасалды.

II — III сыныптарда оқу үшін ұсынылатын материалдарды мұғалім өзі іріктейді , ал IV сыныпта балалар өздері іріктеп алады.

Оқушыларды газетпен таныстыру сабағын мына сияқты жүйемен жүргізуге болады:

а) балаларды өздерінің «Ұлан» газетіне қызы-


ғатындай етіп, газеттегі басылған мақалалардан үзінді
келтіре отырып (балалардын. мектептегі, үйдегі іс-әре-
кеттері мен еңбектері, пионерлердің өз мектебіне, сов-
хозына, қаласына, ата-анасына қандай көмек көрсеткен-
дері т. б.), әңгіме ұйымдастыру (балалар газетті оқи ма,
ондағы мақалаларды түсіне ме, қандай мақалалар ұнай-
ды т. б.).

ә) газетті кімдер шығаратынын, қай жерде, қай күндері шығатынын, қай кездсн бастап шыға бастағанын айту.

б) «Ұлан» атты газетінің кезекті номерінің құры-
лысымен (макетімен) және мазмұнымен таныстыру.
Мұндай сабақтарда қажет жерлері болса, географиялық
карта, кітап жаймасы т. б. болғаны жөн.

«Балдырған» журналымен таныстыру сабағында журналдың қітаптан айырмашылығы (ай сайын шығып тұратыны, тақырыптарының алуан түрлілігі) айтылады. Балаларды өз беттерімен кітап оқуға үйреткен кезде мұғалім оларға кітаптың маңызы, оқу мәдениеті, оқу ережелері т.б. жөнінде үнемі ескертіп отыруы қажст.

Сыныптан тыс оқуды есепке алып, тексеріп отыру жөнінде жоғарыда да айтқанбыз. Оған қосымша, оқыған кітаптары жөнінде оқушыларға күнделік жаздырып үйретудің де орасан зор тәрбиелік мәні бар екенін еске сала кетудің артықтығы болмаса керек. Бұл — балаларды ойларын жинақы, өз сөздерімен жаза білуге дағдыландырады, жазу қабілетін жетілдіреді. Күнделікке кітаптың аты, авторы, шыққан жылы, оқығаны қандай мақала екені және ол жөніндегі өзінің пікірі жазылуға тиіс.

II—III сыныптарда балалар оқыған кітаптарының ав­торы мен атын, шыққан жылын жазып, өздеріне ұнаған кейбір оқиғаларға сурет салып қояды, ал IV сыныпта осыларға қосымша, өз пікірін жазып отыруы керек.


ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ

Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оку сабақтары оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарымен ұштастырылып отырады. Балаларды өздіктерінен жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көзделеді: 1) кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру, 2) тапсырманы өз беттерімен орындауға үйрету, өз еңбектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағдай жасау.

Өздігінен орындалатын жұмыстың негізгі мазмұны оқушылардың ой белсенділігін арттыру.

Мұғалім оқу кітабындағы материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіне басшылық керек, ал қан­дай бөлігін балалардың өздіктерінен орындауларына беруге болатынын анықтайды. Өздіктерінен орындайтын тапсырманың түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілейді, мақсатын түсіндіреді, орындау барысын тексереді.

Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ егер жұмыс бірнеше кезеңнен тұратын болса, онда ол жұмыстың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.

Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстарының. түрлері:



  1. Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында бе-
    рілген материалдардың тізімі) таныстыру: оку кітабын-
    да қандай бөлімдер бар? Үй жануарлары туралы не оқы-
    ғандарыңды кітаптың мазмұнынан белгілеңдер.

  2. Шығарманы балалардың іштерінен оқуы. Әдетте
    мұнда сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны су-
    реттейтін үзіндіні табады, мәнерлеп оқуға дайындалады
    т. б.

  3. Жоспар жасау жұмысы: мәтіндерді бөлікке бөлу,
    қандай суреттер салуға болатынын ойластыру, мәтінді
    мұғалімнің қойған аттары бойынша бөлу т. б.

  4. Тапсырманы өңдеу. Мақаланын, жоспарын жазу, жаңа сөздерді жазу, шығарманың қорытындысын жазу т. б. с. с.

  5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына
    көңіл аудару, үйге мәтіннің мазмұнын қайта оқып шығу-
    ды бермей, шығармашылық тапсырма беру керек. Мыса-
    лы «...туралы айтылған жерлерді табыңдар, мәтінге
    қандай сұрақтар қоюға болатынын ойластырыңдар» т. б.

Оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарына көңіл бөлу — олардың белсенділігін көтереді.
ОҚУ САБАҚТАРЫНДА БАЛАЛАРДЬіҢ ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛ1КТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ

«Ана тілі» сабақтарында мұғалім балалардың қаншалықты саналы, дұрыс оқуларын бақылай отырып, анықтай алады. Сыныптан тыс оқығандары бойынша әңгімелесу және өз беттерімен оқыған кітаптарынаи түсінгендерін айтып беру балалардың оқуға қаншалықты ынталы екендігін, шығарманың идеясы мен мазмұнын қаншалықты терең түсінген-түсінбегендерін көрсетеді. Сонымен бірге оқуы кем балаға дұрыс, саналы және шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруға, жетілдіруге уақытында көмектесу үшін, оны жүйелі түрде есепке алып отыру керек. Мұндай есеп әсіресе I, II және III сынып оқушыларына қажет.

Мұғалім дағды мен іскерлікті (шеберлікті) есепке алу үшін бөлек дәптер арнайды. Онда әрбір оқушыға бірнеше жол орын береді де, сыныпта оқыған кезде жіберген кемістіктерін белгілеп қояды.

Бірінші сынып үшін дағдылары мен шеберліктерін толық есепке алатын схема жасауға да болады. Мысалы:



Фами-лиясы, аты

Қате саны

Оқу тәсілі

Бір минут-та оқыған сөз саны

Оқығанын түсінеді

Мәнерлі-лік

Баға





әріптеп

буындап үзіп

буындап созып

тұтас сөз









Омаров Асан

3





ИӘ



24

ИӘ

нүктеде пауза жоқ

3

Салменов Серік

1




қиын сөз-

дерді


г




29

ИӘ

нүктеде дауысын бәсеңдет-пейді

3

<предыдущая страница | следующая страница>


Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуде

ШАҒын жинақталған мектептерде қазақ тілі сабағында дамыта оқыту әдістемесінің Ғылыми-теориялық негіздері

2353.49kb.

25 12 2014
9 стр.


Қайсым Қайсенов кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Бұл жұмыс халықты елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы және Молодежный кентінің тұрғындары еліміздің экономикалық дамуына өзіміздерінің қосып жатқ

96.24kb.

25 12 2014
1 стр.


Күні: 26. 11. 12 Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы: хіхғ Іж Қазақстанның саяси жағдайы Сабақтың мақсаты

Жайықың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І павелдің 1801ж 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер. Жәңгір

34.43kb.

16 12 2014
1 стр.


Кітапханашыға

Толып жатқан елдермен халықаралық экономикалық,саяси ынтымастық сауда, мәдениет, білім беру және т б көптеген салаларда келісім-шарттарға қол қойылды

247.83kb.

16 12 2014
1 стр.


ТӘрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма этикалық бағыттағы тәрбие жұмыстары талдау

Студенттерге арналған мәдени шығармалар мен фактілердің тиімдісін іріктеу

12.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ

Біздің қоғамда болып жатқан өзгерістер барлық білім саласын жаңарту үшін шынайы алғы шарттар жасады, яғни мектеп жұмысының практикасына жаңа мазмұнның элементтерін, жаңа білімдік т

280.56kb.

25 12 2014
1 стр.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді

29.67kb.

25 12 2014
1 стр.


12 жылдық білім берудегі-тәрбие жұмысының жоспарлануы мен ұйымдастырылуы

Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі –дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру. Қазіргі күні білім беру саласында он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу турасында көптенген ға

59.47kb.

25 12 2014
1 стр.