Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Оқу-әдістемелік секциясы Ұсынған (Рұқсат еткен)» белгісін оқу әдебиетіне беру тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына, 5.03.007-2006 «Қазақстан Республикасы білім жүйесі. Кәсіби-білім бағдарламалары. Негізгі ережелер», Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, 5.03.10-2006 Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі», Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелеріне», 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты ретінде тікелей қолданысқа енгізілген, 7.60-2003 МББС Мемлекет аралық стандарты. «Кітапханалық және баспа жұмысы, ақпарат бойынша стандарттар жүйесі. Басылым. Негізгі түрлері. Анықтамалар мен терминдер», 5.04.19-2008. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 5 шілдедегі № 325 «Жұмыс дайындығын ұйымдастыру, оқулықтарды шығару және сараптау, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын, оқулықтарды шығару және сараптамаға дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасындағы білім беруді ұйымдастыру үшін оқу әдебиеттерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 284 бұйрығына сәйкес әзірленген.

1.2. Осы ереже «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік секциясының белгісін оқу басылымдарына беру тәртібін анықтайды.

1.3. ОӘС белгісі бейіндік және элективті пәндер базалық циклының жалпы білім беру пәндері циклының пәндері бойынша оқу басылымдарына берілуі мүмкін. Монография, көркем және танымал кітаптардың қолжазбалары ОӘС-тің қарауына қабылданбайды.

1.4. ОӘС белгісі осы оқу әдебиетінің мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік білім беру талаптарына, оқу жоспарына, осындай әдебиеттерге қойылатын қазіргі заманғы талаптарға жауап беретінін куәландырады және белгі тұжырымдамасына сәйкес жоғары оқу орындары арасында пайдалану үшін ұсынылады.

1.5. ОӘС белгісін беру оқу әдебиетін сараптамалау рәсімі арқылы жүзеге асырылады, оның нәтижелері негізінде ОӘС аталған белгіні беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

1.6. Оқу басылымына берілетін ОӘС белгісінің мынадай тұжырымдамасы болады:

1.6.1. «ОӘС ____ _____________ шешімі негізінде «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ОӘС рұқсат еткен».

.... «рұқсат еткен» белгісі әдебиеттің бірінші басылымы барысында беріледі.

1.6.2. «ОӘС - тің ____ _____________ шешімі негізінде «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ОӘС ұсынған».

... «ұсынылған» белгісі, бұрын басып шығарылған оқу үрдісінде апробациядан өткен әдебиетке беріледі.

1.7. Белгі мәтіні оқу басылымы және титул парағының сыртқы және атауының астына орналастырылады. Белгіні редакциялауда баспа немесе автор (авторлар) тарапынан өзгерістер енгізуге болмайды.

Қолданыстағы МББС сәйкес оқу басылымының титул парағының екінші жағына қолжазбаға оң қорытынды берген рецензенттер көрсетіледі. Ғылыми редактор кітаптың жетекші редакторының фамилиясының алдында кітаптың шығарылу мәліметтерінде көрсетіледі.

1.8. Қолжазбалардың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіби білім беру стандарттарында көзделген, оқу пәнінің көлеміне сәйкес болуы тиіс.

1.9. Оқу басылымына ОӘС белгісін беру бойынша жұмыстың ең ұзақ мерзімі – 3 айға дейін.

1.10. ОӘС белгісін алған соң оқу әдебиетін шығару құқығының қолданыс мерзімі – 1 жыл.

1.11. ОӘС белгісін беруге ұсынылған қолжазба көлемі оқулықтар үшін кемінде сегіз баспа бет және оқу құралы үшін төрт баспа бет болуы тиіс.
2.ОӘС - ке материалдарды ұсыну тәртібі
ОӘС қарауына оқулықтың/оқу құралының макеті (қолжазба) және келесі ілеспе құжаттар ұсынылады:

- жоғары оқу орнының немесе баспа басшысының қолы қойылған ілеспе хат, онда

туралы қысқаша ақпарат беріледі, шығарылу мәліметтері (қолжазбаның атауы, автордың (авторлардың) аты, фамилиясы, тегі, жоспарланған таралымы және шығарылатын жылы, баспа парақтарының көлемі), оқу әдебиеті және тұтынушылар контингенті, даярланған және білім беру бағдарламасының және пәннің атауы. Оқу әдебиетінің таралым саны кемінде 500 дана болуы тиіс.

- қолжазбаның макет түпнұсқасы (редакторлық түзетусіз) немесе шығарылған әдебиеттің екі данасы;

- рецензенттер қызмет жасап жатқан мекеме мөрімен расталған, екі рецензия (оның ішіндегі біреуі міндетті түрде сырттан болуы тиіс);

- ішкі рецензия қоса беріледі, онда оқулық немесе оқу құралының қолжазбасын ұсынған кафедра меңгерушісінің қолы қойылып, мөрмен расталған мәжілісі хаттамасының көшірмесі;

- басылымға ұсынылған, факультет деканының қолы қойылған және мөрмен расталған, жоғары оқу орнының факультетінің кеңес отырысы хаттамасының көшірмесі;

- басылымға ұсынған ЖОО, ғылыми кеңес хатшысының қолы қойылып, мөрмен расталған, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңес мәжілісінің хаттамасынан үзінді.


3. Сараптама өткізу және белгі беруді рәсімдеу тәртібі
3.1. ОӘС - ке келіп түскен оқу әдебиеті, ОӘС Хатшылығынан тіркеуден өтіп, ОӘС Төрағасының ілеспе хатымен осы кәсіби салада жетекші маман болып табылатын және ғылыми дәрежесі бар екі сарапшыға сараптама жасау үшін жолданады.

3.2 Оқу әдебиетіне берілген сараптама қорытындысын осы Ереженің қосымшасында берілген сұрақтарды ескере отырып, материалдарды алған кезінен бастап 1 айдан кешіктірмей (қосымша 1) жасайды.

3.3 ОӘС белгісі оқу әдебиетіне белгі беру туралы ОӘС мүшелерінің, сарапшылардың дауыс беруі арқылы ОӘС шешімімен сарапшылардың қорытындысы негізінде беріледі.

3.4. Шешім арызданушыға ОӘС дәлелденген қорытындысы негізінде, отырыс шешімінің көшірмесімен бірге беріліп ресімделеді.

3.5. Бұрын қайтарылған оқу әдебиеті 6 айдан кем емес уақыт аралығында тиісті толықтырулар мен өзгертулер енгізілген соң қайта ОӘС қарауына ұсынылуы мүмкін.

3.6. Автор (авторлар) ОӘС белгісі берілген оқу әдебиеті жарыққа шыққан соң , шыққан күнінен бастап бір ай мерзім ішінде ОӘС - ке екі данасының ұсынылуын қамтамасыз етуі қажет.

3.7. ОӘС - ке оқу әдебиеті басылып шыққан соң оның мониторингін жүргізу, ОӘС белгісі бар оқу әдебиетін жарнамалауды оның ішінде Ғаламтор жүйесіндегі ОӘС сайты арқылы жүзеге асыру жүктеледі.
ОӘС шешімімен бекітілген және мақұлданған ___2010ж. 15 сәуірдегі___

№ _4_ хаттама

ОӘС Төрағасының орынбасары:
1 Қосымша

Терминдер мен анықтамалар
Оқу және оқу-әдістемелік әдебиет – білім алушы тұлғаларды оқыту тәрбиелеу және дамыту мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдарының жиынтығы.

Оқу басылымы – зерделеу және оқу үшін қолайлы нысанда мазмұндалған, ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы жүйеленген мәліметтерді қамтитын және әртүрлі дәрежедегі білім алушыларға есептелген басылым.

Оқулық – ҚР БҒМ мен ОӘС белгісі берілген, нақты басылым түрі ретінде ресми бекітілген, типтік оқу бағдарламалары, типтік оқу жоспарлары, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес (оның ірі тарауларына) оқу пәнінің жүйеленген мазмұнын құрайтын, білімнің белгіленген ғылым бөлігі негізінде жазылған кітап.

Оқу құралы - ОӘС белгісі берілген, нақты басылым ретінде ресми бекітілген, оқулықты толық/жартылай немесе толықтыратын оқу басылымы.

Оқу-әдістемелік құралы –оқу пәнін оның тарауын, бөлімін оқыту, зерделеу әдістерімен немесе тәрбиелеу жөніндегі материалдарды қамтитын оқу басылымы.

Жұмыс дәптері – оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал ететін, ерекше дидактикалық аппаратты қамтитын оқу басылымы.

Хрестоматия – оқу пәнін зерделеу объектісін құрайтын, әдеби-көркем, тарихи және басқа да шығармаларды немесе олардың үзінділерін қамтитын оқу басылымы.

Практикум – практикалық тапсырмалар мен жаттығулар және олардың шешімдерін қамтитын оқу басылымы.

Жаттығулар/тапсырмалар жинағы – тәжірибелік тапсырмалар мен жаттығулар мазмұндалған оқу басылымы.

Оқу-әдістемелік әдебиеттеріне сондай-ақ арнайы курстардың немесе типтік немесе пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларының, кейбір аса маңызды және күрделі тарауларының, зертханалық практикум, есеп айырысу мысалдары, альбом карталары және сызбалар, кітаптар және т.б. жатады.

Анықтамалық басылымдарына сөздіктер, энциклопедия, көрсеткіш, каталог жолкөрсеткіштер жатады.

Әдістемелік ұсынымдар –авторлық құқық пен ОӘС белгісі берілмейтін, ресми басылым болып табылмайтын, білім алушыларға/оқытушыларға/мамандарға олардың оқу/практикалық қызметіне көмек ретінде бағытталған нұсқаулық басылым.

Әдістемелік әдебиет - мен авторлық құқық пен ОӘС белгісі берілмейтін, ресми басылым болып табылмайтын пәндерді зерделеу, өзіндік жұмыс, курстық және дипломдық жобаларды, зертханалық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар практикалық сабақтарға әдістемелік басшылық, семинарлық сабақтар жоспары, есеп-графикалық тапсырмаларға нұсқаулар, пәндер бойынша иллюстрациялық материалдар және т.б.

Силлабус –авторлық құқық пен ОӘС белгісі берілмейтін, сондай-ақ оқу құралы және ресми басылым болып табылмайтын, білім алушыларға арналған ақпараттық құжат.

Мамандықтың/пәннің оқу-әдістемелік кешені – оқу құралы болып табылмайтын, нақты мамандық бойынша білім беру мазмұнын анықтайтын, материалдар мен құжаттардың жинағы, оған авторлық құқық пен ОӘС белгісі берілмейді.

Білім алушылар үшін бақылау жұмыстары, тапсырмалар, тестілер, билеттер мен өзге де тапсырмалар түріне –оларға ОӘС белгісі мен авторлық құқығы берілмейтін, білім алушылардың біліміне ағымдағы межелік, аралық және қорытынды бақылау ұйымдастыруға арналған бақылаулық-өлшемелі материалдар, сондай-ақ ресми басылым болып табылмайды, авторлық құқық пен ОӘС белгісі берілмейді.

Монография – бір проблеманың немесе тақырыптың зерттелуін қамтыған және бір немес ғылыми немесе көпшілікке танымал ресми басылымы, оқулық немесе оқу құралы болып табылмайды, оған ОӘС белгісі берілмейді.
2 Қосымша
Оқу әдебиеттерінің негізгі түрлерін әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар.
Оқу әдебиеті жоғары оқу орындары үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген білім, икем мен дағдыларды студенттердің шығармашылық және белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін, түсінерлік нысанда жазылған, ережелері тура және тексерілген, білім алушыларда ғылыми көзқарасының қалыптасуына ықпал етуге жағдай жасайтындай жүйеленген материалдарды қамтуы қажет.

Оқу әдебиеті оқыту процесінің нәтижесіне білім алушының базалық міндетінің құрылуында және жеке жұмыстарын ұйымдастыруда, сыншыл, логикалық және творчествалық ойлауының дамуында, нысаналы болуы қажет.

Оқу әдебиеті басылымның келесі негізгі түрлерін қамтиды: авторлық құқық берілген ресми басылым болып табылатын оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалар, сөздіктер.

Оқулық – мамандық бойынша пәннің типтік оқу жоспарының типтік оқу бағдарламасының теориялық бөліміне толық сәйкес келетін, жоғары идеялы, ғылыми және әдістемелік деңгейде жазылған негізгі оқу кітабы.

Оқу құралы – мамандықтың типтік/оқу жұмыс жоспарына/ типтік жұмыс бағдарламасына/ толық немесе жартылай сәйкес келетін, жоғары ғылыми және әдістемелік дәрежеде жазылған оқу кітабы.

Оқулық / оқу құралы келесі негізгі талаптар мен ұстанымдарға жауап беруі тиіс:

а) ғылым саласының негіздерін оқу материалдарында қажетсіз толықтыруларды жүктеусіз баяндауы;

б) күндізгі, сырттай және дистанциялық оқыту нысанында білім алушылар үшін негізгі басшылық ретінде қызмет атқаруы;

в) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен, пәндердің типтік оқу бағдарламаларына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс;

г) шынайы ғылыми жинақтаулар негізінде құрылып, қазіргі заманғы отандық және әлемдік ғылым, техника және ақпараттық технологиялардың жетістіктерін көрсетуі қажет. Оқулықта ғылыми зерттеулердің жаңа әдістері көрсетіле отырып, курс жүйелі және дәйектілікпен қазіргі заманғы ғылыми деңгейде мазмұндалуы тиіс;

д) мазмұндалуы қысқа және айқындылығымен, анықтамалардың нақтылығымен, сондай-ақ келтірілген мәліметтердің дәлдігімен және толыққандығымен ерекшеленуі;

е) кредиттік оқыту технологиясына сәйкес әр параграфтың соңында білім алушының білімін өзін өзі тексеруі үшін бақылау сұрақтары, өзіндік жұмыс үшін тапсырмала өз бетінше тексеруі үшін бақылау сұрақтары, өзіндік жұмысқа арналған мысал тапсымалар, кітаптың соңында - тестілік тапсырмалар (30 дан 120 тапсырмадан дейін) қамтылуы тиіс.

ж) қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі отандық және әлемдік әдебиеттердің көрсеткішін, сондай-ақ осы пән бойынша тереңдетілген және өзіндің жқмыс үшін ғаламтор ресурстарын қамтуы тиіс.

Оқулықтың негізгі құрылымдық компонентері:

1) кіріспе;

2) тарауға, бөлімге, тақырыпқа бөлінген мәтін (негізгі, қосымша, түсіндірме);

3) иллюстрациялы-көмекші материал;

4) білімді меңгеру аппараты (білім алушылардың өзіндік жұмысына арналған сұрақтар, тапсырмалар, тестілер, материалдар);

5) бағдарлау аппараты (алғысөз, белгі – символдар, жолкөрсеткіштер, мазмұны) болып табылады.

3 Қосымша

Қолжазбаға рецензия әзірлеу үшін ұсынылатын нысан



Бастапқы мәліметтер:

  1. Оқу басылымының атауы, ұсынылатын таралымы және шыққан жылы.

  2. Автордың (авторлардың) фамилиясы, аты-жөні, ғылыми дәрежесі және атағы, жұмыс орны және лауазымы.

  3. Оқу басылымы даярланған негізгі білім беру бағдарламасының (дайындық, мамандық бағыттары), пән және пәндер топтамасының атауы.

  4. Оқу басылымын қолданушылар контингенті.


Мазмұнды бөлім:

  1. Оқу басылымының құрылымы мен мазмұнын бағалау.

  2. Оқу басылымы мазмұнының оқу бағдарламасына осы негізгі білім беру бағдарламасы бойынша МББС сәйкес түлектің біліктілік мінездемесіне қойылатын талаптарға сәйкестік дірежесі.

  3. Қолжазбаның басылып шыққан әдебиеттен ерекшелігі, оның сабақтастық дәрежесі.

  4. Қолжазба мазмұнының ғылыми деңгейі.

  5. Практикалық сұрақтарды ашу дәрежесі, олардың өзектілігі.

  6. Материалды мазмұндаудың әдістемелік деңгейі, оның қазіргі заманғы білім беру технологияларына сәйкестігі.

  7. Белгі берудің мақсатқа сәйкестігі (мақсатқа сәйкес еместілігі).



Сараптамалық қорытындыларды беру нысаны:


  1. Оқу әдебиетіне сарапталалық қорытынды МББС-ға және сараптамалық қорытындыларды ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес баспа түрінде үш данада ОӘС–ке ұсынылады.

  2. Сараптамалық қорытындыға міндетті түрде сарапшының қолы қойылады, оның лауазымы, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, атағы көрсетіледі, оның қолы толық жазылады, төменде сараптамалық қорытынды жазылған күн көрсетіледі.

  3. Сарапшының қолы тиісті мекеменің кадрлар бөлімінің мөрімен расталады.

  4. Мекеме мөрі анық және сарапшы көрсеткен жұмыс орны, атқаратын лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағы туралы мәліметтерге (егер соңғысы бар болса) сәйкес болуы тиіс.

Сарапшының оқу әдебиетін қарастыру мерзімдері:

1. Сарапшының оқу әдебиетін қарастыру мерзімі – ОӘС төрағасының ілеспе хатымен бірге оқу әдебиеті жолданған күннен бастап үш аптадан аспайды.


2. Сараптамалық қорытындылар ОӘС мәжілісінде қарастыру үшін ОӘС-ке ұсынылады.

3. Объективті себептерге байланысты оқу әдебиетін қарастыру мерзімі сақталмаған жағдайда сарапшы сараптама мерзімі аяқталудан 1 апта бұрын ОӘС-ке хабарлауы тиіс.

4. Форс-мажорлық мән-жайларға байланысты белгіленген мерзімде сраптамалық қорытындыны даярлау мүмкін болмаса сарапшы бұл туралы ОӘС-ке хабарлап, екі күн ішінде басқа сарапшыға тапсыру үшін қайтарады.


4 Қосымша


ОӘС белгісін беру туралы

ШЕШІМ
Датасы ________________ № _____________
___________________________________________________________________

(даярлық мамандық бағытының атауы көрсетіледі) даярлық (мамандық) бағыты бойынша ОӘС-тің ........ .................. № ...................................................... оң қорытындысын, сарапшылардың пікірін ескере отырып, оқу басылымына « ______________ (ОӘС атауы көрсетіледі)

ОӘС ____________________________ ( даярлық және мамандықтар бағыттарының атаулары, ОӘС белгісін беру туралы шешім-хат деректемелері көрсетіледі) мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында білім алушыларға оқу құралы ретінде________________ (ОӘС атауы көрсетіледі) ОӘС – рұқсат еткен» немесе

« ______________ (ОӘС атауы көрсетіледі)

ОӘС ____________________________ ( даярлық және мамандықтар бағыттарының атаулары, ОӘС белгісін беру туралы шешім-хат деректемелері көрсетіледі) мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында білім алушыларға оқу құралы ретінде________________ (ОӘС атауы көрсетіледі) ОӘС ұсынған»

ОӘБ белгісін беру туралы шешім қабылдады.



(басылым атауы) автор (авторлар) ---

______________________________________________________ (Аты-жөні)



(баспа атауы, ОӘС отырысының өткізілген күні және хаттама нөмірі)

______________________саласындағы білім беру жөніндегі ОӘС Төрағасы


Бастық (Ректор) _______________________ғылыми дәрежесі, ғылыми шені_______________

М.а. Фамилиясы (қолы)

МО
КЕЛІСІЛДІ
Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының бастығы,



з.ғ.д., профессор,

полиция генерал-майоры С.Е. Еркінов
Қ

Р ІІМ Академия бастығы,

з.ғ.к.,


полиция полковнигі Ж.Т. Кенжетаев

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академия бастыгы

з.ғ.к., профессор,

әділет полковнигі Е.Т. Жалбуров


Қаржы полициясы академиясы бастығының м.а.,

з


.ғ.к.,

қаржы полициясының полковнигі С.Қ. Шокатаев





«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Оқу-әдістемелік секциясы Ұсынған (Рұқсат еткен)» белгісін оқу әдебиетіне беру тәртібі туралы ереже

«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Оқу-әдістемелік секциясы Ұсынған (Рұқсат еткен)» белгісін оқу әдебиетіне беру тәртібі туралы

124.35kb.

23 09 2014
1 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050106 «музыкалық білім беру» мамандығЫ Үшін оқУ – Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж

481.65kb.

14 12 2014
3 стр.


География мамандығы үшін Экономикалық және әлеуметік географияға кіріспе пәні бойынша

Оқу-әдістемелік кешеннің аннотациясы Оқу-әдістемелік кешені 050116 мамндық алушы студеннтерге арналған Оқу-әдістемелік кешенінде экономикалық география

181.69kb.

18 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен 050120 «Кәсіптік оқу» мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде

347.43kb.

14 12 2014
1 стр.


Студенттерді оқыту бағдарламасы

Оқу бағдарламасы жалпы мемлекеттік білім беру стандартының негізінде, типтік оқу бағдарламасы бойынша және «құқық тану» мамандығына арналып бекітілген оқу жұмыс жоспарын басшылыққа

344.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Әдістемелік бірлестік туралы ереже жалпы ережелер

Бм әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу – тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және с

40.05kb.

09 10 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен шетел-тілі мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әдебиеттер,

257.14kb.

14 12 2014
1 стр.


Заңы Құқық қорғау қызметі туралы

Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қыз

901.31kb.

25 12 2014
5 стр.