Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4

Емтихан: Қорытындысы бойынша бағалау баллдары қойылады. Емтихан кезінде дәріс дәптерін және кез-келген кітаптарды пайдалануға тыйым салынады.

Студенттің тәртібі: Сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде ұялы телефондарын, пейджерлерді өшіріп тастау қажет, сабақ кезінде сөйлеспеу керек, орынсыз себептерсіз сабақты босатпау, босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтеуі тиіс. Тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

Ұсыныстар: Оқу үрдісіне белсенді қатысу, үй тапсырмасын ынтамен орындау, сабақта қарама-қарсы байланысты қолдау, ұжымдық жұмысқа жәрдемдесу, ұқыпты және міндетті болу қажет. Курстастарымен және оқытушылармен ашық, шыдамды да, мейірімді болған жөн.

4. Курстың саясаты:Барлық жұмыс түрлерін орындау қажет. Дәріс және өз жазбаларын ұқыпты жазу. Дәріс пен зертханалық жұмыс жазбаларының болмауынан рейтинг баллы төмендейді. Себепсіз сабақ босатып, сбақтан кешігуге болмайды.
2. ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

2.1 Курстың тематикалық жоспары

Тақырып

Дәріс

Семи-

нар


Зертханалық

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

«Ботаника» курсына кіріспе.Курстың пәні, негізгі бөлімдері.

1









1

1

Өсімдік жасушасы құрылымының жалпы белгілері.




1

1

1

Пластидтер, пластид түрлері.




1

1

1

Жасуша қабықшасы. Жасушааралық қуыстар. Шұрықтар.







1

1

Ұлпаның жалпы сипаттамасы.Классификациясы.

1














Түзуші ұлпа.




1

1

1

Жабындық ұлпа.Үлпекқабат.

1





1

1

1

Перидерма. Қыртыс.







1

1

Сорып алушы ұлпа.















1

2

3

4

5

6

Механикалық ұлпа.

1





1

1

1

Ассимляциалық, қор жинаушы,бөліп шығарушы ұлпа. Аэренхима.







1

1

Өткізгіш ұлпа. Сосуд – талшық шоқтары.




1

1

1

Тамыр және тамыр жүйесі.

1




1

2

2

Өркен. Өркен жүйесі.

1




1

1

1

Жапырақ - өркеннің бүйір мүшесі.

1




1

2

2

Сабақ – өркен өсі, оныңфункциясы және құрылысы.

1




1

3

3

Көбею. Көбею түрлері.

1








1

1

Вегетативті көбею әдістері.







1

1

Спора арқылы көбею.













Жынысты көбею. Ядро фазаларының алмасуы және ұрпақ ауысуы. Тұқым арқылы көбею.







1

1

Гүлдің құрылысы, шығу тегі, түрлері.

1




1

2

2

Андроцей и мегаспорогенез.

1




1

1

1

Гинецей и микроспорогенез.

1




1

1

1

Ұрықтану және тұқымның дамуы. Ұрық пен өскін.

1







2

2

Гүлшоғыры.

1





1

1

1

Жемістің құрылысы мен классификациясы.




1

1

1




1

2

3

4

5

6

Өсімдіктің тіршілік формалары мен экологиялық топтары.

1







1

1

Барлығы

15




15

30

30

2.2 Дәріс сабақтарының тезисі:

Тақырып 1. «Ботаника» курсына кіріспе. Пәні мен ботаника бөлімдері.

Курстың пәні, әдістері мен міндеттері. Ботаниканың даму тарихы. Ботаника бөлімдері. Ботаниканың басқа фундаменталды ғылымдармен байланысы.

Өсімдік жасушасының негізгі белгілері. Өсімдік жасушасы құралған қатты қабықшадан, протопласт және жасуша шырынына толы вакуольден тұрады. Протопласт құрамында мембранасыз, бір және қос мембраналы оргоноидтар болады. Жарықтың көмегімен көрсететін микроскоп арқылы жасушаның ядроны және пластидтерді анық көруге болады. Пластидтер өсімдік жасушаларында белсенді зат алмасу процесіне қатынасатын оргонелла болып саналады. Атқаратын қызметіне және түсіне қарай үшке бөлінеді: хлоропластар (жасыл түсті), хромопластар (сары-қызыл түсті), лейкопластар (түссіз). Пластидтер табиғатта бір-біріне айналып отыратындықтан, генетикалық тығыз байланыста болады.

Өсімдік жасушасының құрылымы, Биологиялық маңызы. Жасуша қабықшасы, функциясы мен маңызы. Жасуша аралық қуыстар. Шұрықтар. Жасуша қабықшасының жасалуы мен өсуі. Жасуша онтогенезі.



Пластидтер, пластид түрлері. Пластидтердің құрылыс ерекшеліктері, биологиялық маңызы, түрлері. Хлоропоастар, олардың құрылысы. Хромопластар. Лейкопластар.

Әдебиет (1, 2, 3, 4,5,6,7,8,9,11,15,16,18)

Тақырып 2. Ұлпаның жалпы сипаттамасы және классификациясы. Түзуші ұлпа.

Түпкілікті ұлпаларды жасап, өсімдіктің өсуін қамтамасыз ететін жасушалар тобын түзуші ұлпа деп атайды. Түзуші ұлпа жасушалары ұсақ, төртбұрышты немесе, изодиаметрлі, тығыз орналасқан. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қоймалжың. Вакуольдері аз болғандықтан, ядро жасушаларының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Түзуші ұлпа өсімдікте орналасуы мен атқаратын қызметіне байланысты төбе, бүйір, қыстырма, жарақат меристемасы деп бөлінеді. Төбе меристемасы өркен мен тамырдың ұшында орналасып, мүшелердің ұзарып өсуін қамтамасыз етеді. Бүйір меристема қызметінің арқасында сабақ жуандайды. Қыстырма меристема буында орналасқан, буын арқылы өсіреді. Жарақат меристемасы өсімдіктің жарақат алған жерінде негізгі ұлпадан пайда болады. Жарақат меристемасының қызметінің негізінде жарақат жазылады.

Ұлпа классификациясы. Классификациялау ерекшеліктері. Түзуші ұлпаға жалпы сипаттама. өсімдік денесінде түзуші ұлпаның орналасуы. Төбе меристемасы. Бүйір меристемасы. Қыстырма меристема. Жарақат меристемасы.



Әдебиет(1, 2, 3, 4,5,6,7,8,13,14,21)

Тақырып 3. Жабындық ұлпа.

Жабындық ұлпаның негізгі қызметі өсімдік мүшелерін сыртқы ортаның әсерлерінен қорғау. Шыгу тегіне байланысты алғашқы және соңғы жабындық ұлпалар кездеседі. Алғашқы жабындық ұлпа үлпекқабат деп аталады. Оның құрамында құрылысы, атқаратын қызметі әртүрлі лептесін, түктер және трихомдар, жұптасқан жасушалар, төмпешіктер, қозғаушы жасушалар кездесетіндіктен, үлпекқабат өте күрделі ұлпалар қатарына жатады. Олар алғашқы меристема- протодермадан жасалады. Үлпекқабат бір қатар тығыз орналасқан жасушалардан тұрады, оның сыртқы қабырғасы кутик затымен қапталған. Көптеген өсімдіктерде үлпекқабат өсіндісі болып табылатын түктер түзіледі. Түктер бір және көпжасушалы, жабындық және тызылдақ, тірі және өлі болады. Үлпекқабаттың газ алмасуы мен транспирация қызметін лептесіктер атқарады. Лептесік аппараты екі бұршақ тәрізді жинаспа жасушалар мен саңылаудан тұрады. Саңылау ауа камерасына ашылады. Үлпекқабат жасушалары түссіз болса, жинаспа жасушаларында хлоропласт болады. Хлоропласттардың қызметінің нәтижесінде лептесік саңылауларының ашылып-жабылуы реттеледі. Жабындық ұлпа жасушаларының ерекшеліктері. Үлпекқабат құрылысы мен функциясы. Лептесік. Трихома. Перидерма құрамы. Жасмықша. Қыртыс. Қос жарнақты өсімдіктерде алғашқы жабындық ұлпа соңғы жабындық ұлпамен алмасады. Соңғы жабындық ұлпа перидерма деп аталады. Ол бірнеше қатар жасушалардан тұратын күрделі ұлпа. Перидерма соңғы меристема-феллогеннің тангенталды және радиалды бөлінуі нәтижесінде қалыптасады. Феллогеннің радиалды бөлінуі кезінде сыртқа қарай феллема, ішке қарай феллодерма жасалды. Ол жасушалар өте тығыз орналасқан, жасуша аралық қуыстар болмайды. Сыртқы ортамен байланыс жасымықша арқылы жүреді. Жасымықша жай кезге сабақта төмпеліктер түрінде көрінеді. Көп жылдық ағаш өсімдіктерінде перидерманың қабаттасуынан қабық пайда болады. Ризодерма. Веламен.

Әдебиет (1, 2, 3, 4, 19,20, 21)

Тақырып 4. Механикалық ұлпа.

Механикалық ұлпаның құрылысы, атқаратын қызметі. Классификациясы. Колленхима. Склеренхима. Склереида. Өсімдік мүшелеріне берікті серпімділік қасиет беретін механикалық ұлпа. Механикалық ұлпа жасушаларының ерекшелігі – жасуша қабықшасының сүректеніп, қалыңдауы. Жасушалардың пішініне, қабықшаның қалыңдау ерекшелігіне және орналасуына қарай колленхима, склеренхима, склереид деп бөлінеді. Колленхима - өсімдік мүшелерін үлпекқабатты астарлай орналасатын, жасуша қабықшасы әр келкі қалыңдаған тірі жасушалар. Көп жағдайда оның құралында хлоропластар болғандықтан зат алмасу үрдісіне активті қатынасады. Жасуша қабықшасының қалыңдауына қарай бұрыштық, тақталы, борпылдақ колленхима кездеседі. Склеренхима жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдайтын, бір-бірімен өте тығыз орналасқан прозенхималық өлі жасушалардан тұрады. Олар прокамбийден перициклден және камбийден жасалады. Склереид жасуша қабықшасы өте қалыңдаған, бұтақтанып кеткен шұрықтары бар, изодиаметрлі паренхималық жасушалар. Олар өсімдік денесіне топтасып (сүйекті жеміс), жеке дара (тұңғиық, шайшөп жапырағы) кездеседі. Негізгі жасушадан пайда болады. Ассимиляциялық, қор жинаушы және бөліп шығарушы ұлпа. Аэренхима. Ассимиляциялық ұлпаның құрылысы мен функциясы. Суды қорға жинаушы ұлпа. Органикалық заттарды қорға жинаушы ұлпа. Сыртқы және ішкі бөліп шығарушы ұлпа. Аэренхима.

Өткізгіш ұлпа. Сосуд – талшық шоқтары.

Өткізгіш ұлпа құрылысының ерекшеліктері. Ксилема. Флоэма. өткізгіш шоқтардың түрлері. Қоректік заттарды өсімдік денесіне тарататын жасушалар тобын өткізгіш ұлпа деп атайды. Атқаратын қызметіне, жасушалардың құрылысына сәйкес флоэма және ксилема деп бөлінеді. Ксилема (сүрек) өсімдік тамырларына жер бетіндегі өркен бөлімдеріне жеткізетіндіктен жоғарғы ағыс жолы деп атайды. Ксилема трахея мен трахеидтерден тұрады. Олар жасуша қабықшасы сүректеніп қалыңдап кеткен өлі жасушалар. Жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдамағандықтан спиралды, сақиналы, баспалдақты, нүктелі трахеялар (түтіктер) кездеседі. Флоэма (тін) жапырақта синтезделген органикалық заттарды өсімдік мүшелеріне таратады. Оның өткізгіш элементтеріне сүзгілі түтік және серік жасушалар жатады. Өткізгіш ұлпа мен механикалық ұлпа өсімдіктердің денесінде белгілі бір ретпен орналасып, өткізгіш шоқтар жүйесін түзеді. өткізгіш шоқтар өсімдік мүшелеріне қоректік заттарды таратады. өткізгіш ұлпа мен механикалық ұлпаның орналасуына байланысты шоқтардың төрт түрін ажыратады: коллотеральды, биколлотеральды, концентрлі және радиалды. Коллотералды шоқта ксилема және флоэма бүйірлесіп орналасады. Биколлотералды шоқ екі коллотералды шоқтың ксилема бөлімдері арқылы қосылуы нәтижесінде пайда болған, ішкі және сартқы флоэма бөлімдерін ажыратуға болады. Концентрлі шоқтың флоэма бөлімі ксилеманы немесе ксилема бөлімі флоэманы қоршай орналасады. Радиалды шоқтың ксилема және флоэма бөлімдері кезектесіп, сәуле түзеді.



Әдебиет (1, 2, 3, 4,9,10, 19,20, 21)

Тақырып 5. Тамыр. Тамыр жүйесі. Тамырдың алғашқы құрылысын сору аймағынан айқын көруге болады. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысында сыртын қоршап жатқан ризодерма (эпиблема) қаптап жатады. Оның астында алғашқы қабық, орталық цилиндр орналасқан. Алғашқы қабық экзодерма, мезодерма, эндодерма қабаттарынан тұрады. Көптеген өсімдіктерде экзодерма бір қабатты, радиалды бағытта созылыңқы орналасқан. Мезодерма – дөңгелек пішінді, ірі және тірі паренхималық жасушалардың экзодерма мен эндодерма арасындағы көп жасушалы қабат. Оның жасушалары шеттен орталыққа қарай іріленіп, борпылдақтанып эндодермаға жақындағанда қайта кішірейіп, тығыздала түседі. Эндодерма – алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты. Эндодерманың жасушаларының радиальды және көлденең қабырғасы белбеу тәрізді қалыңдаған, ол жасушаларды Каспар белдемшелі жасушалар деп атайды. Олардың арасында қалыңдамаған өткізгіш жасушалар болады. Өткізгіш жасушалар арқылы орталық цилиндрге қоректік заттар өтеді. Орталық цилиндрдің алғашқы қабаты – перицикл жасушалары. Орталық цилиндрде ксилема және флоэма кезектесіп радиальды шоқ құрайды.

Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы орталық цилиндрде камбий түзілуден басталады. Камбий ксилема сәулесінің қарсысындағы перицикл жасушаларынан және ксилема мен флоэма арасындағы паренхима жасушаларынан жасалады. Олар радиалды және тангенталды бағытта бөліне келіп, екі аймақ бір-бірімен қосылады да ирек камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп ксилема мен флоэма арасындағы паренхималық жасушалардың ығыстыруының салдарынан радиалды шоқ ашық коллатералды шоққа айналады.

Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде ксилема сәулесінің қарсысындағы перицикл жасушаларын феллоген түзіледі. Феллоген қызметінің нәтижесінде перидерма жасалып, алғашқы қабық орталық цилиндрмен байланысын жоғалтады. Алғашқы қабықтың өлген жасушалары жаңадан түзілген жас ұлпалар қысымынан айырылып, түлеп түседі. Тамырдың метаморфозы.



Әдебиет (1, 2, 3, 4, 5,6,19,20,)

Тақырып 6. Өркен және өркен жүйесі.

Өркеннің жалпы сипаттамасы. Өркен элементі. Ұзарған және қысқарған өркен. Жапырақтың орналасуы. Өркеннің бұтақтануы.

Әдебиет (1, 2, 3, 4, 9,11)

Тақырып 7. Жапырақ- өркеннің бүйір мүшесі.

Жапырақ морфологиясы. Жай және күрделі жапырақ. Жапырақтың анатомиялық құрылысы. Жапырақ онтогенезі.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар: 1) жапырақ тақтасын үстіңгі және астыңғы бет жағынан қоршап жататын жабындық ұлпа үлпекқабат (эпидерма); 2) ассимиляциялаушы ұлпадан тұратын негізгі бөлігі – мезофилл; 3) мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар. Дорсовентральды жапырақтың үстіңгі бетінің үлпекқабат жасушалары астыңғы бетіне қарағанда ірі, түзу төрт бұрышты болады. Жапырақ тақтасының үстіңгі беті жарыққа бағытталған жағдайда лептестіктер негізінен астыңғы бетінде орналасады. Жапырақ тік бағытта өсіп, жарық екі бетіне бірдей түскен жағдайда лептесік екі бетінде болады. Қалқып жүретін су өсімдіктерінде лептесік жапырақ тақтасының тек үстіңгі бетінде кездеседі. Мезофилл бағаналы және борпылдақ ұлпадан тұрады. Жапырақтары өткізгіш шоқтар әдетте тұйық коллатералды. Қылқан жапырақтың үлпекқабаты өте қалыңдап, оның астында жабындық ұлпаның бір түрі – гиподерма бар. Мезофилл гиподерманың ішкі жағында орналасады. Жасушалары біркелкі және қабықшалары қатпарлы болады. Қылқанның ортаңғы бөлігінде өткізгіш шоқ мезофиллден эндодерма арқылы бөлініп жатады.



Әдебиет (1, 2, 3, 4,5,6,7,8,20)

Тақырып 8. Сабақ- өркеннің өстік мүшесі, оның құрылысы мен функциясы.

Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысында зерттелген кезде қос жарнақты өсімдіктер сабағында үш бөлімді айқын көруге болады: алғашқы қабық, орталық цилиндр, өзек. Алғашқы қабық бөлімінде колленхима, паренхима және эндодерма болады. Сабақтың сыртын өң (эпидерма) қаптап жатыр. Эндодермада крахмал жинақталатындықтан, оны крахмал қынабы деп те атайды. Дара жарнақты өсімдіктерде эндодерма анық көрінбейді. Өң астын қаптарлай склеренхима қабаты орналасқан. Орталық цилиндірдің алғашқы қабаты – перицикл жасушалары. Қос жарнақты өсімдіктерде сосуд-талшық шоқтары шеңбер бойымен орналасса, дара жарнақтыларда сабақ бойында түзу спираль түзе орналасады. Өң қабатынан өзекке қарай шоқ көлемі үлкейтіп, саны азая түседі. Өзек бірыңғай паренхима жасушаларынан тұрады. Қос жарнақты өсімдік сабағында камбий жасушаларының қызметі нәтижесінде соңғы құрылыс түзіледі. Орталық цилиндірде камбий шоқ ішілік және шоқ аралық прокамбийден пайда болып, бөліне келіп бір-бірімен қосылып, камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп, сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысындағы түйық коллатералды шоқ ашық коллатералды шоққа айналады. Орталық цилиндірдегі өзгерістермен бір мезгілде алғашқы қабықтың эпидермис астындағы паренхима жасушаларынан феллоген түзіліп, оның қызметінің нәтижесінде тоз, феллоген, феллодерма қабаттарынан тұратын соңғы қабақ – перидерма жасалады. Алғашқы қабық өліп, түлеп түседі. Ағаш тектес көп жылдық өсімдіктер сабағы жай көзге анық көрінетін үш бөлімнен – қабық, сүрек, өзектен тұрады. Камбийдің ұзақ мерзімге созылған қызметінің нәтижесінде жылдық сақиналардың түзілуі, өткізгіш элементтерінің сүректенуі және соңғы жабындық ұлпалардың пайда болуы көп жылдық сүректі өсімдіктердің сабағын қалыптастырады. Көп жылдық сабақ перидермасын қалың қабатты қыртыс (ритидом) алмастырады. Сабақтың негізін ксилема элементтері мен сүрек талшығынан (либриформ) тұратын сүрек бөлімі құрайды. Қылқан жапырақты өсімдіктердің сүрегі біртекті, су өткізумен қатар механикалық қызмет атқаратын трахеидтер мен паренхима жасушаларынан тұрады. Сабақтың жалпы сипаттамасы, құрылысы мен функциясы. Сабақ морфологиясы.Сабақтыңалғашқы және соңғы анатомиялық құрылысы. Қос жарнақты ағаш өсімдіктері мен қылқан жапырақты ағаштардың сабағының құрылысы. Специализациялану мен өркен метаморфозы.

Әдебиет (1, 2, 3, 4, 19,20,21)

Тақырып 9. Көбею. Өсімдіктердің көбею әдістері.

Көбею туралы жалпы мағлұмат. Көбею түрлері. Вегететивті көбею әдістері. Спора арқылы көбею. Жынысты көбею. Ұрпақ алмасуы мен ядро фазаларының ауысуы туралы түсінік. Тұқым арқылы көбею.

Әдебиет(1, 2, 3, 4, 19,20, 24, 27, 26, 28)

Тақырып 10. Гүлдің құрылысы, функциясы мен шығу тегі.

Гүлдің құрылысы, функциясы мен шығу тегі. Морфологиялық әртүрлілігі. Гүл қоршауы,оның құрылысы мен биологиялық маңызы. Гүл симметриясы.



Әдебиет (1, 2, 3, 4, 24, 27, 26, 28)

Тақырып 11. Андроцей и микроспорогенез.

Гүлде аталықтың орналасу ерекшелігі, оның құрылысы. Аталықтың шығу тегі мен дамуы. Микроспорогенез. Тозаңның морфологиясы.

Әдебиет(1, 2, 3, 4,5,6,8,11,15,16,18)

Тақырып 12. Гинецей и макроспорогенез.

Аналықтың құрылысы, шығу тегі. Гинецей, гинецей түрлері. Мегаспорогенез, ұрық қалтасының дамуы.

Әдебиет (1, 2, 3,4,8,9,10,11,17, 21)

Тақырып 13. Ұрықтану мен тұқымның дамуы. Ұрық және өскін.

Тозаңдану. әртүрлі тозаңдануға бейімделу. Ұрықтану және тұқымның дамуы. Қосарлы ұрықтану. Ұрық пен эндоспермнің дамуы. Тұқымның құрылысы. Тұқым түрлері. Тұқымның өнуі. Дара және қос жарнақты өсімдіктердің өскіні.



Әдебиет (1, 2, 3, 4, 5,6,7,10,14,16,18)

Тақырып 14. Гүлшоғыры- өркеннің ерекше бұтақтану түрі.

Гүлшоғырының жалпы сипаттамасы. Классификациясы және биологиялық маңызы.


<предыдущая страница | следующая страница>


Жаратылыстану ғылымдары және экология институты

Заларының құрылысы, тірішілік үрдістері, экология, таралуы және әр алуандылығы туралы нақты материал береді. Бұл пән жануарлар және адамдар физиологиясы, гистология және цитология,

647.11kb.

25 12 2014
4 стр.


Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министірлігі

Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесі отырысында бекітілді

273.87kb.

18 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министірлігі

Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесі отырысында бекітілді

156.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі

Жаратылыстану ғылымдары және экология институтының әдістемелік кеңесінің отырысында ОӘК мақұлданды

674.87kb.

14 12 2014
3 стр.


Төрайымы Муздыбаева Г. С. 2007 ж

Жаратылыстану ғылымдары және экология факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді

347.71kb.

15 09 2014
1 стр.


Жаратылыстану ғылымдары

Экология: Оқу құралы / Ф. Иштаева, Л. Костарева, Ш. Набидоллина э 40 ж б.; Пікір жазғандар: Қалықов Б. Р., Райымжанова Г. М. 2- басылым

27.67kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулерге жұмсалған шығындар – 1,3% ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулер – 3,6%, медицина ғылымдары – 1,4%, гуманитарлық ғылымдар – 2,3% а

17.51kb.

13 10 2014
1 стр.


Жаратылыстану ғылымдары к38 Х17
64.83kb.

14 10 2014
1 стр.