Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4

Жемістің құрылысы мен классификациясы.

Жемістің құрылысы мен биологиялық маңызы. Жемісті классификациялау ерекшеліктері. Жемістің таралуы.

Әдебиет (1, 2, 3, 4, 10,13,16,11,13, 21)

Тақырып 15. Өсімдіктің тіршілік формалары мен экологиялық топтары.

Өсімдіктердің экологиялық топтары.Раункиердің тіршілік формалары. Шөптесін өсімдіктердің Серебряков ұсынған тіршілік формалары. Мерзімдік және жастық өзгерістер.

Ұсынылған әдебиет (1, 2, 3, 4, 5,8,9,1,11,12,15,16,19,20,)

2.3 Зертханалық сабақтардың тақырыбы:

Тақырып 1. Өсімдікпен жұмыс жасау ерекшеліктері. өсімдік жасушасының құрылысы.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Микроскоп құрылысымен танысып, оның бөлімдерін есте сақтау, жұмыс жасап жаттығу.

2.Пияздың жұқа қабықшасынан уақытша препарат жасап, кіші және үлкен ұлғайтқышпен объектіні қарау.

3.Қараған объектілердің суретін салып, тиісті белгілерін жаз.

4.Қорытынды. Микроскоптың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібін және уақытша препарат дайындау әдісін меңгеру.



Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 2. Пластидтер.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Сужапырақ жапырағын бір тамшы суға салып, жабындық шынымен жауып, жапырақтың хлоропласт аз жерін тауып микроскоппен зерттейміз. Ядроны айналып қозғалып жүрген хлоропласттарға назар аудар. Түсіндір.

2.Әр түрлі өсімдіктер жемісіндегі (итмұрын, шетен, қызыл бұрыш, қызанақ) хромопластардың пішінін, түсін анықта.

3.Традесканция жапырағының жүйкеге жақын астыңғы үлпек қабатынан препарат дайындап, микроскоп арқылы қарап, түссіз лейкопластарды тап.

4.Пияздың, сужапырақ, традесканция жапырағының, әртүрлі жемістің 3-4 жасушаларының суретін салып, қажетті белгілірін қой.

5.Қорытынды.

Ұсынылған әдебиеттер( 1,5,7,12)

Тақырып 3. Түзуші ұлпаның құрылысы мен функциясы.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы сужапырақ өркенінің бой конусынан жасалған тұрақты препаратты қарап, жапырақ бастамаларын, одан төмен сабаққа қарай кеткен ұсақ жасушалар тобын тап. Ол сабақтың прокамбий жасушалары. Үлкен ұлғайтқышқа қойып зертте.

2.Сужапырақтың 1 см ұзындықтағы өркенінің жапырақтарынан тазалап, мөлдір бой конусын аш. КОН немесе NаОН 5 % ерітіндісін тамызып, жабындық шынымен жауып, кіші және үлкен ұлғайтқыштар арқылы зертте. Жасушалардың пішіні мен көлемінің өзгерісіне назар аудар.

3.Өркен апексінің суретін салып, белгілірін қой.

4.Қорытынды.



Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 4. Алғашқы және соңғы жабындық ұлпа.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Микроскоп арқылы дара және қосжарнақты өсімдіктердің (қазтамақ, құртқашаш) жапырағының үлпекқабатының тұрақты препараттарын зертте. Үлпекқабат жасушаларының ерекшеліктерін атап көрсет.

2.Жапырақтың көлденең кесіндісінен жасалған препараттан лептесік аппаратын қарастыр.

3.Қазтамақ және традесканция жапырақтарының үлпекқабатынан уақытша препарат дайындап, микроскоп арқылы лептесіктердің орналасу ерекшеліктері мен түктерінің құрылысын анықта.

4.Дара және қосжапырақты өсімдіктердің үлпекқабат жасушаларын, лептестіктің құрылысын және түк түрлерінің суретін сал.

5.Қорытынды.

Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 5. Механикалық ұлпа: колленхима, склеренхима, склереида.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Асқабақ сабағы мен бегония сағағынан жасалған препараттарды микроскоп арқылы зерттеп, колленхима мен склеренхиманы тап. Колленхима үлпекқабат астында орналасса, склеренхима құрсауы сабақтың ортасына қарай орналасады. Колленхиманың түрін анықтап, склеренхимамен салыстыр.

2.Зығыр сабағының дайын микропрепаратынан тін талшығын тауып, сипатта.

3.Алмұрттың жемісінен уақытша препарат дайындап, қайыршақ жасушаларды зертте. Олар алмұртты қақ жарып қарағанда бозғылт түсті нүктелер түріне жай көзге де көрінеді.

4.Шайшөп жапырағының тұрақты препаратын микроскоп арқылы склереид жасушаларын тауып, ерекшелерін сипатта.

5.Механикалық ұлпалардың суретін салып, қорытынды жаз.

Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 6. Өткізгіш ұлпа. өткізгіш талшық шоқтары.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Асқабақ немесе күнбағыс сабақтарының көлденең кесіндісінің тұрақты препараттарын микроскоппен зерттеп, флоэма, ксилема, камбийді тап. Аталған өсімдіктердің сабағының ұзын бойынан дайындалған микропрепаратынан трахея түрлерін зертте.

2.Орамжапырақ өсімдігінің жапырағын кесіп алып, суға салып, 10 % сілті ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызамыз да қайнатамыз. Мацерацуияланған өткізгіш шоқ элементтерін бөліп алып, микроскоп арқылы зерттеп, анықтаймыз.

3.Ксилема және флоэманың өткізгіш элементтерінің суретін салып, қорытынды жаз.

Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 7. Тамыр морфологиясы мен анатомиясы. Тамыр жүйесі

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Теориялық материалды талдау.

2.Жас өскін тамырынан уақытша препарат дайындап, препараттан тамыр аймақтарын және жасушаның ерекшеліктерін қарастыр. Дайын микропрепаратпен салыстыр.

3.Құртқашаш тамырының дайын препаратын микроскоппен зерттеп, алғашқы құрылыстағы ұлпалар ерекшеліктерінің атқаратын қызметіне байланысын түсіндір.

4.Тамыр аймақтарының және тамырдың алғашқы құрылысының суретін сал.



Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 8. Өркен. Өркен жүйесі.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Өсімдік өркенін зерттеп, элементтерін анықта.

2.Ұзарған және қысқарған өркен құрылысындағы ерекшеліктерді анықта.

3.Өркеннің бұтақтануын қарастыр.

4.Бүршіктің құрылысын қарастырып, сабақта орналасуын қарастыр.



Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 9. Жапырақ морфологиясы мен анатомиясы.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Шайшөп жапырағының микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқыш арқылы зерттеп, ұлпалардың жапырақта орналасу ерекшелігін анықта. Үстіңгі және астыңғы үлпекқабат жасушаларынын салыстыр.

2.Кәдімгі қарағай қылқанының тұрақты препаратын кіші ұлғайтқыш арқылы зерттей келіп, жапырақ пен қылқан құрылысы арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықта.

3.Шайшөп жапырағы мен қарағай қылқанының суретін салып, белгілерін қой.

4.Қорытынды.



Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 10. Сабақтың алғашқы және соңғы құрылысы.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы жүгері және құтқашаш өсімдіктерін сабағын зерттеп, ұлпалардың және өткізгіш шоқтарының орналасу ерекшеліктерімен танысу. Өткізгіш шоқтар түпін анықта.

2.Қара бидай сабағын микроскоп арқылы зерттеп, зерттеген өсімдік сабақтарының ерекшелігін ата. Астық тұқымдастарының осындай құрылысты сабағы қалай аталады?

3.Кирказон сабағын зерттей отырып, дара жапырақты өсімдіктермен салыстырғанда қос жарнақты өсімдік сабағының ерекшелігін ата. Шоқтың орналасу ретіне назар аудар.

4.Жүгері, қара бидай, карказон сабақтарының суретін сал.

5.Қорытынды.

Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 11. Гүлдің құрылысы.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Өсімдік қаттамасынан гүлдің құрылысымен танысу.

2.Шынықтырылған әртүрлі өсімдік және бөлме өсімдіктерінің құрылысымен танысу.

3.Гүлдің құрылысының суретін сал.

Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 12. Гинецей. Аналықтың құрылысы, түйіннің түрлері.

Зертханалық сабақ жоспары:

1.Микроскоп арқылы түйіннің тұрақты препаратын қарастыр.

2.Тегеурінгүл гүлінің жеміс жапырақшаларының ерекшеліктерін тап.

3. Түйін арқылы бірнеше көлденең кесінді жасап, құрылысын қарастыр.

4. Гинецей түрлері мен түіннің құрылысының суретін сал.



Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 13. Андроцей. Тозаңқаптың құрылысы. Тозаң.

Зертханалық сабақ жоспары:

1. Тозаңқаптың құрылысын микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқышы арқылы зертте.

2. Тозаң түрлерін анықтап, құрылысын қарастыр.

3. Тозаңқап пен тозаңның суретін сал.

Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 14. Гүлшоғырының құрылысы және классификациясы.

Зертханалық сабақ жоспары:

1. Өсімдік қаттамаларынан моноподиалды бұтақтанған ботрикалық гүлшоғырымен танысу.

2. Өсімдік қаттамаларынан цимозды гүлшоғырының ерекшеліктерімен танысу.



Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Тақырып 15. Жемістің құрылысы мен классификациясы.

Зертханалық сабақ жоспары:

1. Табиғи материалдан жемістің құрылысымен танысып, төмендегі топтарға бөл: 1) қақырайтын құрғақ жеміс, 2) қақырамайтын құрғақ жеміс, 3) бір тұқымды шырынды жеміс, 4) көп тұқымды шырынды жеміс.

2. Жалған жеміс түрлерімен танысу.

3. Жеміс түрлерінің суретін салып, белгілеулерін қой.

Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12

Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау: Зертханалық сабақтарды өткізуге толық нұсқаулар ұсынылған әдебиеттерде толық берілген. Жұмысты бастамас бұрын сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтап алып, ұсынылған әдебиеттерден теориалық материалмен танысу қажет. Жұмысты жасаған соң міндетті түрде қорытынды жазып, суретіт салу керек. Оқулықтағы тақырып соңында берілген сұрақтарға жауап бер.

2.3. Студенттердің оқытушы басшылығымен өздік жұмыстарының сабақ жоспары:

Тақырып 1. Өсімдік жасушасының құрылыс ерекшеліктері(семинар сабағы).

1.Өсімдік жасушасының құрылысымен танысып, Жануарлар жасушасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тап.

2. Жасуша онтогенезі

Әдістемелік нұсқау: қысқаша конспектілеп, ауызша жауап беруге дайындал.



Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,8,9,10,11,12,15,16,19,20)

Тақырып 2. Пластидтер(семинар сабағы).

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Пластид түрлері.

2. Пластидтердің құрылыс ерекшеліктері.

3. Хлоропласт құрысы.

4. Хромопласт.

5. Лейкопласт.

Ұсынылған әдебиеттерді оқып, жоспар арқылы кең көлемді конспектіле. Бағалау кезінде жүйелілігі, мазмұны ескеріледі.



Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,8,9,10,11,12,15)

Тақырып 3. Өсімдіктің әртүрлілігі.(семинар сабақ)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Бір жасушалы ағзалар.

2. Колониалды өсімдіктер.

3. Жасушаланбаған өсімдіктер.

4. Көп жасушалы өсімдіктер.



Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,10,12,15,11)

Тақырып 4.Тақырып бойынша қорытынды сабақ.

  1. Өсімдіктер жасушасы құрылысының жануарлар жасушаларынан қандай айырмашылықтар бар?

  2. Пластидтердің түрлері және атқаратын қызметі.

  3. Хлоропластың құрылысы мен атқаратын қызметі.

  4. Лейкопластардың құрылысы мен атқаратын қызметінетіне байланысты қандай түрлері бар?

  5. Хромопластың ерекшеліктері мен пигменттік құрамы.

  6. Пластидтердің биологиялық маңызы.

  7. Пластидтердің шығу тегін, дамуы мен бір-біріне ауысуын қалай түсіндіреміз?

Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,8,9,10,11,12,15,16,19,20)

Тақырып 5.Түзуші ұлпа (өз бетінше жұмыс).

Түзуші ұлпаның ерекшеліктерін талдау. Кестені толтыр.



Меристема түрлері

Негізгі жасушалары

Кездесетін орны

қызметі













Ұсынылған әдебиет (1,2,3,5,8,10,11,15,16,19)

Тақырып 6. Перидерма (зертханалық сабақ).

1. Сабақтың көледенең кесіндісінен жасалған тұрақты препаратты микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы зерттеп, тоз, феллоген, феллодерма қабаттарын, жасымықшалы тап. Үлкен ұлғайтқышпен жасымықша құрылысын зертте.

2. Картоп түйнегінің қабық бөлігінен жұқа кесінді кесіп, уақытша препарат дайында. Микроскоппен тығыз орналасқан перидерма қабаттарын зерттеп, жасушалардың ерекшелігін анықта. Кесіндіге хлор-цинк-йод ерітіндісімен әсер еткенде тозданған жасушалардың қабықшасы қоңыр түске боялады.

3. Қайың мен ырғай сабағының көлденең кесіндісін зерттеп, газ алмасу үрдісі өтетін жасымықша құрылысын қарастыр.

4. Ағаш сабағының құрылысы мен жасымықша құрылысының суретін сал.

Қорытынды



Ұсынылған әдебиет(1,5,6,7,12)

Тақырып 7. Сору қабілеті жоғары жабындық ұлпа(семинар сабақ)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Ризодерма.

2. Веламен.

3. Тұқым ұрығының сорып алушы мүшесі.

Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,10,12,15,16,19,20,21)

Тақырып 8. Бөліп шығарушы ұлпа.

Қысқаша конспектілеп, сызбанұсқасын сал:

1. Сыртқа бөліп шығарушы ұлпа.

2. Ішке бөліп шығарушы ұлпа.



Ұсынылған әдебиет (3,4,5,8,9,11,12,15,16,19,20)

Тақырып 9. Өткізгіш шоқтар (зертханалық сабақ).

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Коллотералды шоқ.

2. Биколлотералды шоқ.

3. Радиалды шоқ.

4. Концентрлі шоқ.

Лабоаториялық сабақты өткізу жоспары:

1. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қара бидай, жүгері кирказон және құтқашаш өсімдіктерін сабағын зерттеп, ұлпалардың және өткізгіш шоқтарының орналасу ерекшеліктерімен танысу. Өткізгіш шоқтар түпін анықта. Шоқтың орналасу ретіне назар аудар.

2. Жүгері, қара бидай, карказон сабақтарының суретін сал.

3. Қорытынды.



Ұсынылған әдебиет(1,5,6,7,8,12)

Тақырып 10. Ұлпа тақырыбы бойынша коллоквиум.

  1. Ұлпа дегеніміз не?

  2. Өсімдік ұлпаларының жіктелуі.

  3. Түзуші ұлпа ерекшеліктері мен түрлері

  4. Төбе меристемасының құрылысы және қызметі.

  5. Бүйір меристемасы, түрлері.

  6. Қыстырма меристеманың орналасу ерекшеліктері.

  7. Жарақат меристемасының пайда болу жолдары, қызметі.

  8. Жабындық ұлпа жасушаларының ерекшеліктері мен түрлері.

  9. Алғашқы жабындық ұлпа құрылысы.

  10. Үлпекқабаттың қорғаныштық қызметін арттыратын элементтері.

  11. Соңғы жабындық ұлпа деген не? Оның қандай түрлері бар.

  12. Жасымықша дегеніміз не, атқаратын қызметі қандай?

  13. Қыртыс дегеніміз не? Ол қалай пайда болады?

  14. Механикалық ұлпа құрылысы мен түрлері.

  15. Колленхима ерекшеліктері және түрлері.

  16. Склеренхима мен склерейда жасушаларының құрыылысында қандай айырмашылықтар бар?

  17. Өткізгіш ұлпа деген не?

  18. Өткізгіш ұлпаның құрылысы мен атқаратын қызметіне сәйкес түрлері.

  19. Ксилема қандай гистологиялық бөлімдерден тұрады?

  20. Флоэманың өткізгіш элементтерінің құрылысын сипатта.

  21. Жасуша қабықшасының қалыңдауына байланысты трахеяның қандай түрлері бар?

  22. Өткізгіш шоқ дегеніміз не? Атқаратын қызметі қандай?

  23. Дара дарнақты және қос жарнақты өсімдіктер сабағына, тамырға қандай шоқтар тән?

  24. Тамырдың сорып алу аймағында қандай ұлпа жақсы жетілген? Неліктен?

  25. Ассимиляциялық ұлпа деген не, оның орналасуы мен құрылым ерекшеліктері қандай?

  26. Қор жинаушы ұлпа және оның түрлері.

  27. Бөліп шығарушы ұлпа дегеніміз не?

  28. Пайда болуына, орналасуына, физиологиялық мәніне қарап бөліп шығарушы ұлпа қандай түрлерге бөлінеді?

29. Гидатод дегеніміз не?

  1. Гуттация ұғымының мәні қандай?

31.Аэренхима қандай өсімдіктерде кездеседі және ерекшелігі қандай?

Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,10,12,15,16,19,20,21)

Тақырып 11. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы(Зертханалық сабаты тапсыру).

1. Бидайдың тамыр ұшын салып, белгілеулерін қой.

2. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысында ризодерма, алғашқы қабық, орталық цилиндрдің белгілеулерін қой.

3. Қорытынды.



Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,9,10,15,16,19,21)

Тақырып 12.Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы.(Семинар сабақ)

Талдауға арналған сұрақтар:



  1. Тамырдың алғашқы құрылысы.

  2. Соңғы құрылыс бастлар кезде пада болатын құрылым.

  3. Алғашқы қабықтағы өзгерістер.

  4. Орталық цилиндрдегі өзгеріс.

Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,10,12,15,16,19,20,21)

Тақырып 13. Өркеннің бұтақтануы(дәріс).

1. Ұзарған және қысқарған өркен.

2. Өркеннің бұтақтануынның сызбасы.

3. Келесі ұғымдарға анықтама бер:

а) дихатомиялық бұтақтану,в) моноподиалды бұтақтану,с) симподиалды бұтақтану, г) жалған дихотомиялы бұтақтану.

Ұсынылған әдебиет (1,3,4,5,9,10,12,16,19)

Тақырып 14. Жапырақ морфологиясы(семинар сабақ).

Талдауға арналған сұрақтар:

1.Жапырақ құрылысының ерекшеліктері.

2.Жай жапырақ құрылысы.

3.Күрделі жапырақтар.

Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,9,10,15,16,19,21)

Тақырып 15. Жапырақтың анатомиялық құрылысы(зертханалық сабақтың жалғасы).

1.Жапырақ пен қылқан жапырақ құрылысын салыстыр, айырмашылықтарын түсіндір.

2.Суретін салып, белілеулерін қой.

Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,9,10,19,21)

Тақырып 16. Сабақтың соңғы құрылысының түзілуі(зертханалық сабақ).

1.Кирказон сабағын зерттей отырып, дара жапырақты өсімдіктермен салыстырғанда қос жарнақты өсімдік сабағының ерекшелігін ата. Шоқтың орналасу ретіне назар аудар.

2.Жөке және қандыағаш сабақтарының көлденең, ұзын бойынан кесінділерінің микропрепараттарын микроскоппен қарап, ұлпалардың орналасу ерекшеліктерімен танысу.

3.Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы күнбағыс сабағының микропрепаратын зерттеп, сабақтың соңғы құрылысымен танысу. Камбий жасушаларын тауып, өткізгіш шоқтың типін анықта.

4.Жоңышқа сабағында айқын жатқан камбий шеңберін, крахмал қынабын тауып, қос жарнақты өсімдік сабағында соңғы құрылыстың түзілу ерекшеліктерімен танысу.

5.Сабақтың соңғы анатомиялық құрылысының схемалық суретін сал.



Ұсынылған әдебиет(1,5,6,7,12)

Тақырып 17. Ағаш өсімдіктерінің құрылысы (зертханалық сабақ).

1.Қарағай және шырша сабақтарының дайын препараттарын микроскоппен зерттей отырып, қос жарнақты ағаш өсімдіктерінің сабақтарының құрылысымен салыстыр. Ерекшеліктерін ата.

2.Ағаш және шөптесін өсімдіктерінің сабақтарын салыстыра келіп, сабақ құрылысындағы айырмашылық пен ұқсастықтарын ата. Жылдық сақина дегеніміз не?

3.Ағаш сабағының құрылысының схемалық суретін салып, белгілеулерін қой.

4.Қорытынды.

Ұсынылған әдебиет(1,5,6,7,8,12)

Тақырып 18. Коллоквиум.

1.Жас тамырда қандай аймақтарды ажыратамыз?

2.Тамырдың қай аймағында ағашқы құрылыс байқалады?

3.Тамырдың алғашқы құрылысындағы ұлпа ерекшеліктері.

4.Алғақы қабық құрылысы.

5. Неліктен эндодерма арқаулық қызмет атқарады?

6.Орталық цилиндр қандай ұлпадан тұрады?

7.Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы.

8.Соңғы құрылыс қалай басталады?

9.Перициклден не жасалады?

10.Жапырақ құрылысында қандай ұлпа кездеседі?

11.Мезофилдің құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс.

12.Жоғарғы және төменгі үлпекқабат арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары

13.Дара және қос жарнақты өсімдік үлпекқабатының ерекшеліктері.

14.Ашық тұқымды өсімдік сабағының құрылысы.

15.Жарық сүйгіш және көлеңке өсімдіктерінің жапырақ құрылысындағы айырмашылықтар.

16.Сабақтың алғашқы құрылысы.

17.Сабн сабақ дегеніміз не?

18.Сабақтың соңғы құрылысы.

19.Тамыр мен сабақта соңғы құрылыстың ьтүзіліндегі айырмашылықтар.

20.Шөптесін және ағаш сабақ құрылысын салыстыр.

21. Жылдық сақина, оның түзілуі қай ұлпа қызметіне байланысты?

22. Өзек сәулелерінің қызметі.

Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,10,12,15,16,19,20,21)

Тақырып 19. Вегетативті көбею түрлері(семинар сабақ).

Талдауға арналған сұрақтар:

1.Көбеюдің түрлері

2. Вегетативті көбею.

3.Қалемшелеу дегеніміз не?

4.Түбін ажырата көбейту.

5.Тамыр атпалары арқылы көбейту.

6. Сұлатпа өркен.



Ұсынылған әдебиет (1,3,4,5,9,10,12,16,19)

Тақырып 20. Жынысты көбею(семинар сабақ).

Төмендегі сұрақтарды ұсынылған әдебиеттерден оқып, талдап, ерекшеліктерін анықта:

1.Хологамия.

2.Изогамия.

3.Гетерогамия.

4.Оогамия.



Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,12,15,19,20)

Тақырып 21. Ұрпақ алмасуы мен ядро фазаларының алмасуы (семинар сабақ).

Талдауға арналған сұрақтар:

1.Балдырлардың көбеюі.

2.Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер.

3.Тұқымды өсімдіктер.

Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,10,12,15,16,19,20,21)

Тақырып 22. Гүлдің формуласы мен диаграммасы(зертханалық сабақ).

1.Гүлдің формуласы мен диаграммасын құрастыру жолдарымен танысу.

2.Қазтамақ, сирень және қызғалдақ гүлдерінің формуласы мен диаграммасын құрастыр.

Ұсынылған әдебиет(1,5,6,7,12)

Тақырып 23. Микроспорогенез. Мегоспорогенез(семинар сабақ).

Талдауға арналған сұрақтар:

1.Тозаңқаптың түзілуі.

2.Тозаңның түзілуі.

3.Аналықтың құрылысы.

4.Ұрық қалтасының түзілуі мен дамуы.



Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,12,15,19,20)

Тақырып 24. Көбею тақырыбы бойынша бақылау жұмысы.

1.Көбеюдің түрлері

2. Вегетативті көбею.

3.Қалемшелеу дегеніміз не?

4.Түбін ажырата көбейту.

5.Тамыр атпалары арқылы көбейту.

6. Сұлатпа өркен.

7.Хологамия.

8.Изогамия.

9.Гетерогамия.

10.Оогамия.

11.Ұрпақ алмасуы мен ядро фазаларының алмасуы

12.Балдырлардың көбеюі.

13.Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер.

14.Тұқымды өсімдіктер.

15.Тозаңқаптың түзілуі.

16.Тозаңның түзілуі.

17.Аналықтың құрылысы.

18.Ұрық қалтасының түзілуі мен дамуы.

19.Микроспорогенез.

20. Мегоспорогенез

Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,10,12,15,16,19,20,21)

Тақырып 25.Гинецей құрылысы(семинар сабақ).

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, гинецей түрлерінің сызбанұсасын сал:

1.Жемісжапырақшасының құрылысы.

2.Апокарпты гинецей.

3.Ценокарпты гинецей.

Қорытындыны кестеге толтыр:



Гинецей түрі

құрылысы

мысал

Ұсынылған әдебиет (2,3,4,9,10,15,16,19,20)

Тақырып 26. Тұқым мен өскін құрылысы (семинар сабақ).

Талдауға арналған сұрақтар:

1.Тұқымның түрлері мен құрылысы.

2.Даражарнақты өсімдіктің өскінінің құрылысы.

3.Қосжарнақты өсімдік өскіні.

4.Тұқым мен өскін суреттерін салып, белгілеулерін қой.



Ұсынылған әдебиет (2,4,5,7,9,12,16,19,20,21)

Тақырып 27. Гүлшоғырының түрлері(семинар сабақ)..

Ботрикалық және цимозды гүлшоғырларын салып, ерекшеліктерін анақта.



Ұсынылған әдебиет (2,4,5,6,7,9,12,16,19,20)

<предыдущая страница | следующая страница>


Жаратылыстану ғылымдары және экология институты

Заларының құрылысы, тірішілік үрдістері, экология, таралуы және әр алуандылығы туралы нақты материал береді. Бұл пән жануарлар және адамдар физиологиясы, гистология және цитология,

647.11kb.

25 12 2014
4 стр.


Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министірлігі

Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесі отырысында бекітілді

273.87kb.

18 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министірлігі

Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесі отырысында бекітілді

156.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі

Жаратылыстану ғылымдары және экология институтының әдістемелік кеңесінің отырысында ОӘК мақұлданды

674.87kb.

14 12 2014
3 стр.


Төрайымы Муздыбаева Г. С. 2007 ж

Жаратылыстану ғылымдары және экология факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді

347.71kb.

15 09 2014
1 стр.


Жаратылыстану ғылымдары

Экология: Оқу құралы / Ф. Иштаева, Л. Костарева, Ш. Набидоллина э 40 ж б.; Пікір жазғандар: Қалықов Б. Р., Райымжанова Г. М. 2- басылым

27.67kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулерге жұмсалған шығындар – 1,3% ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулер – 3,6%, медицина ғылымдары – 1,4%, гуманитарлық ғылымдар – 2,3% а

17.51kb.

13 10 2014
1 стр.


Жаратылыстану ғылымдары к38 Х17
64.83kb.

14 10 2014
1 стр.