Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5страница 6

Сабақтық мақсаты: екі таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін, қарама-қарсы және бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді меңгеру деңгейін саралау; көп таңбалы сандарға қатысты есептерді шығару қабілеті мен дағдысын жетілдіру; әртүрлі есептер шығару; кеңістікті ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту; өз күшіне сенуге тәрбиелеу.
Бақылау жұмысын өткізіңіз. Бақылау және тексеруге арналған баспа дәптерін пайдаланыңыз. Күрделілік жағынан балаларға қажетті деңгейді таңдап алыңыз. Балаларды өткен сабақтарды қорытындылауға үйретіңіз. Қатесін өз бетінше іздеп, оны түзету бағытында жұмыс жасаңыз. Балалардың білімі мен дағдысын реттеп отырыңыз. Бақылау жұмысының сапасына қарай келесі сабақты қатемен жұмыс істеуге және өткенді бекітуге пайдаланыңыз.

Сабақтың тақырыбы:Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері

Сабақтың мақсаты: балаларды үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілімен таныстыру; есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру.

Сабақтың барысы. Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есептеуге №1 тапсырманы қосыңыз.

Кестедегі және кестеден тыс көбейту мен бөлуді қайталау үшін «ИӘ-ЖОҚ» деп аталатын математикалық диктант алуға болады. Оқушылар берілгендермен келісетінін не келіспейтінін білдіру үшін « + » немесе «-» таңбаларын қойып отырады:

  • 6300 бен 7-нің бөліндісі 900-ге тең.

  • 77-нің жетіден бір бөлігі 111-ге тең.

  • 16 санын 7 есе арттырғанда, 112 саны шығады.

  • 490-ды 7 есе кеміткенде, 63 саны шықты.

  • 56 мен 7-нің қосындысын 9 есе кемітсе, 5 саны шықты.

  • 630-ды 270 пен 3-тің бөліндісіне бөлгенде, 7 саны шығады.

  • Бір жәшікте 8 кг алма бар. Сонда 7 жәшікте 56 кг алма болады.

  • 3 қорапта 21 қарындаш бар. Сонда 6 қорапта 42 қарындаш бар.

Тексеруге арналған баспа дәптерін пайдаланыңыз. Таңтаға мысалдар жазамыз:

3 215 • 14 3 215 • 145 903 • 12 903 • 125

- Бұл өрнектерді қандай екі топқа бөлуге болады? Сабақтың тақырыбын белгілеңіз. Бүгінгі сабақта сендер үш таңбалы санға көбейтуді үйренесіңдер.

Жаңа материалмен танысу.

Сабақтың тақырыбын оқулық бойынша түсіндіруге болады. Оқушылар екі таңбалы және үш таңбалы сандарға көбейту амалдарын салыстырып, оқулықтағы сұрақтарға жауап береді (№2 а, ө).

а) 1364 санын екі таңбалы және үш таңбалы сандарға көбейту тәсілдерін салыстыр. Өрнектердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы қандай? Толымсыз көбейтіндінің саны неге байланысты? Үш таңбалы санға көбейткен кезде үшінші толымсыз көбейтіндіні қалай жазады және неліктен?

ә) Көбейтудің қалай орындалатынын түсіндір.

Алғашқы бекіту.

Балалар оқулықтағы №2 (ә) тапсырманың мәтініне сүйене отырып, өз пікірлерін білдіреді. Мысалдарды дауыстап түсіндіре отырып, тақтаға және дәптерге орындайды (№2 б)

1235 • 231 = 285 285 2541•235=597135
4 078 • 133 = 542 374 5261 • 175 = 920 675


2 311 • 253 = 584 683 4703•221=1039367
Өткен материалмен жұмыс.

4, 5 есептерді оқушылар шартын талдап болғаннан кейін, өз бетінше орындайды және бір-бірін тексереді.

6. Дәптерге оқулықта берілген өлшемге сәйкес, қораптың екі бетін (беткі және жанындағы) екі тіктөртбұрыш түрінде сызуды тапсырыңыз. Олардың өлшемдерін жазып шығады. Содан соң тіктөртбұрыштардың периметрін табу керек. Қорапты таспамен екі рет айналдырып байлап, бантик жасау үшін 50 см артық таспа қалдыратынын естен шығармаңыз.

P1= (25 + 15) • 2 = 80 (см)

Р2=(20+ 15)• 2= 70 (см)

80 + 70 + 50 = 200 (см) = 2 (м) - бір сыйлық үшін қажет таспа.

2 • 5 = 10 (м) - 5 сыйлық үшін қажет таспа.

8 - топпен бірге орындалатын тәжірибелік жұмысты балалар тақтаға шығып қорғайды.



а) ә)

Үй тапсырмасы. №4 (ә). Шығармашылық деңгейге арналған жұмыс: №7 тапсырма немесе №6 сияқты таспамен байлауға арналған бір есеп құрастыру.



Сабақтың тақырыбы: 2217 • 205 түріндегі үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері

Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарға көбейту дағдысын қалыптастыру; оқушылардың есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шығара білу кабілетін жетілдіру.

Сабақтың барысы: Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есептеу.

Уақыт өлшем бірліктеріне өрнектеуге берілген тапсырма

726 мин = 12 сағ 6 мин 2 тәул. 18сағ = 66сағ 987 ж = 9 ғ 87 ж
7 мин 25 с = 445 с 29 тәул. = 4 апта 1 тәул. 9 ғ 58 ж = 958 ж


6375 жыл = 63 ғ 75 ж 39 тәул. = 5 апта 4 тәул. 6 тәул. = 144 сағ

Ауызша орындалатын жаттығуларга №8 есепті қосыңыз. Шаршының әр қабырғасын 2 есе арттырсақ, оның ауданы неше есеге артады? (Жауабы: 4 есе).

Жаңа материалмен танысу.

1 а) Көбейтудің қалай орындалғанына назар аудар. Бұл жерде үш таңбалы санға көбейткен кезде неліктен тек қана екі толымсыз көбейтінді жазылған? Түсіндір.












22

22

11

77










*•




22

00

55










11

11

00

88

55







44

44

33

44










44

55

44

44

88

55




2217 санын бірліктерге көбейтемін. Бірінші толымсыз көбейтінді______ шығады. Оны

астына жазамын.

Сандағы ондықтар саны 0-ге тең. Кез келген санды 0-ге көбейткенде 0 шығады. 2217 саны

______ көбейтемін, шыққан толымсыз көбейтіндіні __________астына жазамын. __________ қосамын

- Екі таңбалы санға көбейту алгоритмін оқы және толықтыр. Неліктен бұл жерде үш таңбалы санға көбейткенде тек екі толымсыз көбейтінді жазылған? (Өйткені екінші көбейткіш 205-те ондықтар разряды жоқ. Ендеше бірліктерге көбейткеннен кейін бірден жүздікке көбейтіп, нәтижені жүздіктердің астына жазамыз). Көбейткен кезде толымсыз көбейткіші екеу болатын осындай сандарға мысалдар келтіріңдер (105, 603, 408 және т.б.)

Алғашқы бекіту.

1 (ә) жаттығуды озат оқушылар өз бетінше, ал қалғандары жан-жақты түсіндіре отырып, тақтаға және дәптерге



орындайды.
1 235
201 2 541• 205 4 078 • 103

5 261 • 105 2 311 • 203 4 703 • 201

Өткен материалмен жұмыс.

6 - теңдеулер. Тақтада жан-жақты түсіндіру арқылы орындалады. Оқушылар жұптасып жұмыс істей отырып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрады.

4 есептің шешуін жазбай, өрнекті ғана жазып, қандай амалмен орындалатынын көрсетеді.

5 есепті сыныппен бірлесіп орындаймыз.

1)50 + 30 = 80 (тг) - ашықхат пен хатқалтаның бағасы.

2)1 600: 80 = 20 (дана) - хатқалта қанша болса, ашықхат та
сонша


  1. 50 • 20 = 1 000 (тг) - ашықхаттарға төленді.

  2. 30•20=600(тг) - хатқалталарға төленді

Өзіндік жұмыс.

3. Есептеп, дұрыстығын тексереді.



Деңгейі жоғары оқушыларға арналған қосымша тапсырмалар

1-нұсқа 2-нұсқа

30294:34=891 20 834 : 22 = 947

56699:59=961 35 721 : 63 = 567

2574512=1317888 8 206 • 174 = 1 427 844

3108331=1028748 5 671 • 295 = 1 584 445

Үй тапсырмасы. №4 (4 өрнек құру). Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: мүмкіндігінше көбірек өрнек құруды жалғастыру.

Тапсырма орындалғаннан кейін әрбір бағанга жазылған өрнектерді салыстыру қажет.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау



Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарға көбейтуге үйрету; оқушылардың есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру.

Сабақтьң барысы: Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.



Мына түрдегі тапсырма түрлері:

а) Сандарды оқы.

254 200, 8 321 3541, 504 008, 2 000 485, 44 026 085, 746 456 000.

ә) Бұл сандарда барлығы неше бірлік, ондық, жүздік, ондық мың, жүздік мың, бірлік миллион, неше ондық миллион, жүздік миллион барын атап бер.

Жаңа материалмен танысу.

Көбейтудің жаңа түрін оқулыққа (№1) сүйене отырып түсіндіру қажет.

Түсіндіру кезінде әр жағдайда неше толымсыз көбейтінді бар екеніне назарларын аудару керек.

2413•210=506730 2 521 • 430 = 1 084 030

8321•102=998520 2 413 • 201 = 485 013

2521•403=1015963 8 321 • 120 = 848 742

  • Бұл мысалдардың ұқсастығы неде? (Екінші көбейткіштің жазуында 0 цифры бар. Үш таңбалы санға көбейткенімізге қарамастан, тек екі толымсыз көбейткіш жазылған)

  • Бұл мысалдардың айырмашылығы неде? (Бірінші жағдайда екінші көбейткіште бірліктер жок, ал екінші жағдайда ондықтар жоқ).

Өткен материалмен жұмыс.

3 (ә) есепті кесте түрінде жазуға болады.



Азық-түлік

Бағасы (1 кг)

Саны

Қүны

Кәмпит

Печенье

?тг.

160 тг.

85 кг

248 кг

?тг

? тг

66 880 тг

Оқушылар ұжымдасып талдап болғаннан кейін, есептің шешуін өз бетінше жазады:

  1. 160 • 248 = 39 680 (тг.) - печеньенің құны.

  2. 66 880 - 39 680 = 27 200 (тг.) - кәмпиттің жалпы құны.

  3. 27 200 : 85 = 320 (тг.) - 1 кг кәмпиттің бағасы.

Бұл есепті теңдеу құру арқылы шешуге болады. 1 кг кәмпиттің бағасы х бол сын делік.

х • 85 + 160 • 248 = 66 880

х • 85 + 39 680 = 66 880

х • 85 = 66 880 - 39 680

х 85 = 27200

х = 320 (тг.) - 1 кг кәмпиттің бағасы.

3 (а) есепті өзіндік жұмыс ретінде тапсыруға болады.



  1. 3 400 : 8 = 4 250 (тг.) - 1 қаптың бағасы.

  2. 51 000 : 4 250 = 12 (қап) - барлығы.

6 тапсырма. Теңдеулерді оның құрылымын және сандық материалды талдау негізінде ауызша шешуге болады.

7 тапсырманы балалар өз бетінше орындайды.



V1 = 5• 2• 12 = 120 (см3) V2 = 2 • 2 • 2 = 8 (см3)

V3 = 5 • 3 • 2 = 30 (см3) V4 = 16 • 7 • 3 = 336 (см3)

2 - практикалық жүмыс. Есеп қандай ретпен орындалатыны жауабы талқыланғаннан кейін шығарылады.



Үй жұмысы: №6, №3 (ә) немесе 4 (ә). Шығармашылық деңгей: «Үш таңбалы санға көбейту» тақырыбы бойынша «Футбол» ойынының үлгілерін құрастыру.

№8 есепті шығару үшін сағат циферблаты қажет. Ол 12 рет сағат тілі нешені көрсетсе, сонша рет соғады. Яғни, 1 + 2 + 3 + 4 + 5... + 12 жөне 11 рет 1 реттен (сағат 1-ден 12-ге дейін әр жарты сағат сайын) соғады. Барлығы 89 рет соғады.



Сабақтың тақырыбы:Үш таңбалы санға бөлудің жазбаша тәсілдері

Сабақтың мақсаты: үш таңбалы санға бөлудің жазбаша тәсілдерін орындау қабілетін қалыптастыру; балалардың есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шешу дағдысын жетілдіру.

Сабақтың барысы:

Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.

«Футбол» дидактикалың ойыны. Ұлдар мен қыздар командасы қарсыластарына үйден құрастырып келген мысалдарын береді. Есептердің шешуін қатесіз тапқан команда жеңіске жетеді.

«Үндемес» ойыны. Жаппай жұмыс



  • Тәуліктің бөлігі үлкен бе, әлде бөлігі ме? Қанша үлкен?

  • Сағаттың J- бөлігі кем бе, әлде бөлігі кем бе? Неше минутңа кем?

  • Метрдің бөлігі артық па, әлде бөлігі артық па? Неше сантиметр артық?

2 134 • 124 мысалын жазып алып, шешуін табыңдар. Оны қалай тексереміз? (бөлу арқылы). Тексеріңдер. Оқушылар жазады: 264 616 : 124.

Қандай өзгеріс байқадыңдар? (Бұл - үш таңбалы санға бөлу). Сабақтың тақырыбын белгілеңдер (көп таңбалы сандарды үш таңбалы санға бөлу).

Оқу материалы мен танысу.

Жаңа материалмен танысу.

№1(а) тапсырмасы бойынша есептеу тәсілімен танысу. Бөлген кезде пайымдау алгоритмін аяқта.

Бірінші толымсыз бөлінгіш 451.451-ді213-ке бөлемін. Бөліндіге цифр таңдаймын. Ол үшін 4 ондыкты 2 ондыққа бөлемін, нөтижесі 2-ге тең. Оны тексеремін (213 • 2 = 426). Қалдықты тексеремін. Ол бөлгіштен кіші (25 < 213). 5 цифрын түсіремін. Екінші толымсыз бөлінгішті 213-ке бөлемін. Ойлаймын: 2 ондықты 1 жүздікке бөлсем, 1 саны шығады. Тексеремін (*** • 1 = ***). Қалдықты табамын. Ол бөлінгіштен (** < 213). цифрын түсіремін. Үшінші толымсыз бөлінгішті бөлеміз.Тексеремін. Қалдың нөлге тең. Бөлінді тең.

Алғашқы бекіту.

№1ә тапсырманы тақтаға және дәптерге жан-жақты түсіндіре отырып шығарады.

Өткен материалмен жұмыс.

№2 - белгілі қашықтың пен жылдамдық бойынша уақытты табуға арналған екі жай есептен және сандарды айырымдық салыстыруға арналған есептен тұратын құрама есеп. Есеп Қазақстан географиясының материалы негізінде құрылған және оның алдында Отанымыздағы туристік орындар туралы әңгімелесуге болады.

№3 (а) есепті сыныппен бірге орындаймыз.


  1. 17 - 12 = 5 (м) - екі мата орамының айырмасы.

  2. 3 750 : 5 = 750 (тг) - 1 м матаның бағасы.

  3. 750 • 12 = 9 000 (тг) - 1-орамға төленген ақша.

  4. 750 • 17 = 12 750 (тг) - 2-орамға төленген ақша.

№3 (ә) есепті мына жоспар бойынша өз бетінше шешуге беріңіз:

  1. Қоңыр матадан неше метр артық жұмсалды? 2 952 - 1 536 = 1 416 (м)

  2. 1 костюм тігу үшін қанша мата жұмсалды? 1 416 : 472 = 3 (м) - 1 костюмге жұмсалды.

  3. Қанша сүр костюм тігілді? 1 536 : 3 = 512 (с. к.)

  4. Қанша қоңыр костюм тігілді?2 952 : 3 = 984 (қ. к.)

№4 тапсырманы орындау алдында балалардың арасында жалпы сауалнама жүргізуге болады:

-Фигураның көлемін қалай есептейміз?

-Фигураның көлемі, биіктігі мен ені белгілі болса, оның ұзындығын қалай табамыз?

Содан соң оқушылар кесте бойынша есептер құрастырып, оларды шешеді.




а

6 см

16 дм

15 м

12 м

10 мм

35 дм

46 см

b

4 см

2 дм



Зм

4 мм

2 дм

30 см

һ

2 см

4дм

3 м



4 мм

1 дм

20 см

V

48 см3

128 дм3

90 м3

72 м3

160 мм3

70 дм3

27600 см3

№6 өзіндік жұмыс (1 нұсқа - 1-баған, 2 нұсқа) №8 есептің жауабы. Сызбада қанша тіктөртбұрыш бар?

а) 18 тіктөртбұрыш ө) 18 тіктөртбұрыш



Үй тапсырмасы. №5. Шығармашылык, деңгейге арналған тапсырма: №8.

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: үш таңбалы санға көбейту мен бөлу дағдыларын бекіту; әртүрлі есептерді шығару дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлау қабілетін дамыту; математикаға деген қызығушылықты ояту.

Сабақтың барысы: Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.

  1. Ауызша есептеуге №1 тапсырманы ұсыныңыз.

  2. Математикалық диктант.

• Оқушы кітаптың 18 бетін оқып шықты. Бұл - кітаптың бөлігі. Кітаптың жалпы неше беті бар?

  • 14 пен 30-дың көбейтіндісін 3 есе арттыр.

  • 240 пен 80-нің бөліндісін 3 есе арттыр.

  • 3 ай жылдың қай бөлігін құрайды?

  • 10 қапта 1 т қант бар. Үш қапта неше килограмм қант бар?

  • 9 бен 8 сандарының көбейтіндісі 4 пен 6-ның көбейтіндісінен артық.

  • 240 минутта неше сағат бар?

  • 360 пен 9 минуттың бөліндісін 7 есе арттыр.

  • Шаршының ауданы 25 см2-ге тең. Оның периметрін табыңдар.

  • Гүлкөмбенің ұзындығы 5 м, ал ені одан 2 м кем. Гүлкөмбенің ауданы мен периметрін табыңдар.

Жаңа материалды оқулықтағы №2 (а, ә) тапсырмаларға сүйене отырып түсіндіруге болады.

Үш таңбалы санға бөлудің қалай орындалғанын қарап шық. Бөлген кезде пайымдау алгоритмін аяқта.

Бірінші толымсыз бөлінгіш 3 918. 3 918 санын 653-ке бөлемін. Бөліндіге цифр таңдаймын. Ол үшін 93 жүздікті 6 жүздікке бөлеміз. Тексереміз 653 -6 = 3 918.Бөлінгіш тең.

ә) Бөлген кезде пайымдау алгоритмін аяқта.

Бірінші толымсыз бөлінгіш 1 375. 1 375 санын 573-ке бөлемін.

Бөліндіге цифр таңда. Ол үшін 13 жүздікті 5 жүздікке бөлеміз, 2 саны шығады. Оны тексеремін (573 - 2 = 1 146).Қалдықты тексеремін. Ол бөлгіштен кіші (229 < 573). 2 цифрын түсіремін. Екінші толымсыз бөлінгішті 2 292-ге бөлемін. Ендеше 22 жүздікті 5 жүздікке бөлсек, 4 шығады. Тексеремін. Қалдық нөлге тең. Бөлінді тең.



Алғашқы бекіту.

Үш таңбалы санға бөлу алгоритмін қайталау үшін оқулықтағы №2(ә) тапсырманы пайдалануға болады. Тапсырма тақтаға және дәптерге орындалады.



Өткен материалмен жұмыс.

№3 - өзіндік жұмыс, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.

208 500-44 455:523 = 208 415

(124 638 + 80 294) + (9 507 - 9 179) = 205 260

56 058 + 452 • 325 = 202 958

№4 - түсіндіре отырып жазамыз.

№5 есепті оқушылар өз бетінше орындап, тексереді. Егер балалар өрнекті бірден құра алмаса, оларға шешуін амалдармен жазуға рұқсат етіңіз.

а)1) 4 500 • 6 т 27 000 (г) = 27 (кг) - жұмсалған күріш.

2) 27 + 32 = 59 (кг) - әкелінді.

ә) 1) 85 • 2 = 170 (б.) - күріш салынған бәліш.

2) 170 - 85 = 85 (б.) - артык,

б)1) 34 : 17 = 2 (кг) - үн салынған қағаз қапшық.



  1. 75 : 25 = 3 (кг) - күріш салынған қағаз қапшық.

  2. 3 - 2 = 1 (кг) - ауыр.

№6 есеп тақта мен дәптерге орындалады, жан-жақты түсіндіріледі.

Үй тапсырмасы. №5, №7 (4-6-теңдеулер).



<предыдущая страница | следующая страница>


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру

971.58kb.

25 12 2014
6 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты

Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту

33.82kb.

09 09 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Грамматикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: білімділік

Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, топтарға «Морфология», «Синтаксис» деп ат қоямыз. Сонымен бірге топтарға бағалау парақшалары да таратылады

45.37kb.

12 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты : а қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету

40.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: § 14. Химиялық реакция теңдеулері Сабақтың мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба кестесі, элемент таңбалары, формулалар жазбасы

59.41kb.

15 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы Буын түрлері Сабақтың мақсаты: 1 білімділік

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, биология. Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта

63.69kb.

16 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар Сабақтың мақсаты

Мұғалiм : Кадет мырзалар мен бүгiнгi сабақтың қонақтары сабақты «Табиғат» туралы өлеңнен бастағым келiп отыр

70.91kb.

17 12 2014
1 стр.