Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ҚММУ Ф 4/3-04/02

2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы

ДӘРІС


Тақырып: «Балалардың тіс-жақ аномалиялары емдеуінің аппараттық әдістері»

PSDVO4304 Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы пәні

051302 «стоматология» мамандығы

4 курс


1 сағат уақыты (ұзақтығы)

Қарағанды 2013


Кафедра отырысында бекітілген

№ Хаттамасы «__»________ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі,доцент

_________ С.Т.Тулеутаева

ТАҚЫРЫБЫ: Балалардың тіс-жақ аномалиялары емдеуінің аппараттық әдістері


МАҚСАТЫ: студенттерді балалардың тіс-жақ аномалиялары емдеуінің аппараттық әдістерімен таныстыру
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:


  1. Балаларда тісжақ аномалияларының емінің аппаратуралы әдістері

  2. Ортодонтиялық аппараттарының классификациясы

  3. Ортодонтиялық аппараттардың әсер ету механизмі

  4. Аппаратуралы емдеу әдісінің абсолютті көрсеткіштері


Ортодонтиялық емдеу аппараттарының жіктелуі

І Әсер ету механизымына байланысты төрт топқа бөледі.

1. Механикалық әсер етуші аппараттар – күш көзі аппараттың өзінде болады. Бұлар резина, бұранда, сым.

2. Функциональды бағыттаушы аппараттар – күш көзі бұлшық еттердің жиырылуына бағытталған. Окклюзиялық жапсырма, тістеу алаңы, бағыттаушы ілмек.

3. Функциональдық әсер етуші аппараттар – бұл аппараттар әсері альвеолярлы өсіндіге тіс қатарына еріннің, ұрттың қысымын түсірмеуге бағытталады. Еріннің қабысуын дұрыстауға, тілдің дұрыс орналасуына әсер етеді.

4. Бірлескен аппараттар В өзқұрылыстарында механикалық және функциональдық әсер етуші аппараттардың элементтерінің жиынтығынан тұрады.

ІІ Бекітілу орнына байланысты: алынбалы, алынбайтын, бірлескен.

ІІІ Әсер ету орнына байланысты: бір жақты, екі жақты, жақ сүйек аралық, екі жақты, ауыз сыртылық.

IV Тірегіне байланысты: реципрокты, стационарлы.

V Құрылысына байланысты: доғалық, каппалық, пластиналық, блокты, каркасты.

Ылдый жазықтығы бар Катцтың табақшасы. Ол прогнатия тістесуін, жоғарғы күрек тістер төменгілерін терең жауып тұрған уақытында емдеу үшін қолданады. Алдымен жоғарғы тіс қатарының формасын механикалық аппараттармен түзету керек.

Алынатын жоғарғы жаққа жасалған табақшалар тістеу алаңы бар. Олар тіс қатарлары дұрыс аралық қатынаста /алғы-артқы бағытта/ болғанда тереңтістесуді емдеу үшін қолданылады, яғни нейтрал, бейтарап тістесуді. Бұл жағдайда төменгі жақ алға жылжытылмайды.

Ашық тістесуді емдеу үшін жоғарғы жаққа алынатын, бүйірдегі тістерді жауып тұратын табақша кигізіледі. Бұл аппарат уақытша және алмасу тістесу кезеңдерінде қолданылады.

Тағы да алынбайтын ырықсыз аппараттар бар. Оларға Катцтың бағыттайтын сауыты, Шварцтың, Быниннің каппасы /қалпағы/ . таңдай жағында ылдый жазықтығы бар Катцтың бағыттайтын сауыты, металдан, пластмассадан жасалған тістесудің биіктігін көтеретін капплар жатады.

б/ екінші топтағы аппараттар бұзылған миодинамикалық тепетеңдікті, бір жағынан тілдің бұлшық еттерімен; екінші жағынан еріндер мен ұрттардың мимикалық бұлшық еттер арасындағы, нормаға келтіреді, түзетеді. Олардың конструкциясында қалқандар мен пелоттар /алдыңғы тістердің кіреберіс жағында орналасқан қалқандар/ бар. Олардың жәрдемімен ерін /жоғарғы және төменгі/ және ұрт тіс қатарының тарылған, қысаңқы жерінен сыртқа қарай итеріліп қойылады. Сүйтіп мимикалық бұлшық еттердің тістерге және жақ сүйектері альвеолаларының өсіндісіне артық қысымын жояды, болдырмайды, яғни сырт жағынан қысым кемиді де және тіл жағынан күшейеді. Сондықтан осыған сәйкес тканьдық қайта құрылу болады және форма өзгерістері түзіледі. Функционалды ырықсыз аппараттардың екінші тобы бірталай кеш шықты, ХХ ғасырдың басында Кербитц /1914/ кіреберіс табақшаны ұсынғаннан бастап. Бұл аппараттың өзгешелігі ол ауыз қуысының кіреберіс жерінде орналасқан.

Ортодонтиялық аппараттар үш түрлі болады: профилактикалық, емдеулік, ретенциялық. Тіс жақ жүйесінің ауытқулары негізінде емдеулік ортодонтиялық аппараттармен жойылады.

а/ Ортодонтиялық емдеу аппараттары іске қосатын күштік шығатын жеріне байланысты олар механикалық әсер ететін немесе үдемелі, қарқынды және функционалды қызметті бағыттайтын немесе ырықсыз, тағыда екеуі бірге бірге немесе аралас әсер ететін аппараттарға бөлінеді.

Механикалық әсер ететін аппараттардың күші оның конетрукциясына салынған. Мысалы: резеңкемен тарту, серіппе, лигатуралар, кеңейтетін немесе қысып тартатын бұранда т.б. қарқында аппараттардың күшін дәрігер реттейді, олар тоқтаусыз әсер етеді ішіндегі ширығуы біткенше. Механикалық әсер ететін аппараттарға Энгельдің кіреберістегі доғасы, Эйнсворттың кіреберістегі доғасы, Мершонның тілдік доғасы механикалық әсер ететін табақша аппараттар, алынбайтын металдан немесе пластмассадан жасалған қалпақтар (каппы) алдыңғы тістерге киілетін ілгектері бар резеңкемен тік тарту үшін, диастеманы емдеу үшін жасалған тіс штангаларыбар сауыттар, жоғарғы жақты кеңейтугежасалған алынбайтын бұрандасы бар қалпақ аппараттары№

Ырықсыз аппараттардың ерекшелігі олардың ішінде, конструкциясындақарқынды әсер ететін жоқ. Олар шайнау мен мимика бұлшық еттерінің жиырылған кезінде, жақтардың бір біріне тиген кезінде әсер етеді. Ырықсыз аппараттар ауықВауық әсер етеді. Олардың күшін аурудың өзі реттейді. Осы ырықсыз аппараттар әсер етуіне байланысты екі топқа бөлінеді.

а/ бірінші топтағы аппараттар осы шайнау бұлшық еттерінің жиырылу күшін тіс қатарлары мен жақ сүйектерінің әртүрлі бөлімдеріне қайтадан бөліп тарқатады. Олардың конструкциясында ылдый жазықтық немесе тістеу алаңы болады. Солар арқылы тістесудің биіктігі көтерілді. Шайнау бұлшық еттері жиырылғын кезде ылдый жазықтықпен тістесу алаңына тиіп тұрған тістер өзіне көбірек салыакты қабылдайды, окклюзиядан шыққан тістер салмақсыз және ауру мен дәрігердің, ата-ананың арасындағы қарым-қатнасқа т.б/ осы факторларды еске ала отырып ортодонтиялық емдеудің нәтижесін болжайды. Ортодонтиялық емдеуге кеңес беру, оны ұсыну тек қана жеке, дербес болу керек. Мұнда трафарет жоқ. Тіс жақ жүйесінің ер даму кезеңінде / уақытша, алмасу, тұрақты тістесу/ортодонтиялық емдеудің өзіне тән ерекшеліктері болады.

Уақытша тістесу кезеңінде емдеудің негізгі мақсаты тіс жақ жүйесінің әртүрлі бәлімдерікке нормада өсуіне және дамуына жағдайлар жасау. Бұл үшін тіс жақ жүиесі ауытқуларының себептерін жою, құртумен бірге профилактикалық шаралар, миогимнастика мен логопедияны қолдану керек. Тағыда ортодонтиялық аппараттар қолданылады. Олар тістерді жылжыту, қозғалту емес жақтардың дамымай қалған жерлерін өсіру үшін және де тістер қатарларының аралық қатынасын бір қалыпқа нормаға келтіру үшін қолданылады.

Жәй ортодонтиялық аппараттарды қолдана отырып / тістеуді ажырататын сауыт, каппа немесе табақшалар/ жеке тістер топтарының маталып қалуын жояды. Сөйтіп төменгі жақтың дұрыс орнына жылжуына және жақ сүйектерінің өсуіне кедергі жасайтын механикалық себептерді құртады. Осы жаста тіс жақ жүйесінің бұлшық еттерінің қызметтерін өзгертіп ем жасайтын аппараттар қолданады.

Алмасу тістесу кезеңінде негізгі емдеу әртүрлі ортодонтиялық аппараттар арқылы жүргізіледі. Олар тістеудің орналасун, тіс альеладоғаларының формаларын және тістер қатарларының аралық қатынасын түзету үшін қолданылады. Аппаратпен емдеу жиі-жиі миогимнастикалық және логопедиялық жаттығулар мен қатар қолданылады. Мұндай емдеу алмасу тістесуінің бірінші жартысында көбірек нәтижелі болады, оның алдыңғыға қарағандағыдан.

Тұрақты тістесу кезеңінде ортодонтиялық аппараттармен емдеудің мүмкіншіліктері уақытша және алмасу тістесу кезеңдерімен саыстырғандаедәуір кем болады. Бұл жаста тіс жақ жүйесінің өсуіне әсер ету мүмкін емес, яғни ол біткен деген сөз. Сондықтан аппараттардың көмегімен тістерді жылжытады жеке тістер қатарларының формасы мен аралық қатынасын түзетеді.



Тіс жақ ауытқулары мен формаларының

өзгеруін хирургиялық әдіспен емдеу

Хирургиялық әдіспен емдеу шарттары:



  1. Тілдің үзбелерінің қысқаруы

  2. Еріндердің үзбелерінің төмен орналасуы.

  3. Тіс ұяларының шырышты қабатының үлкен тартпалары

  4. Ауыз қуысының саяз кіреберісі

  5. Иектің үстіндегі терінің қатпары

  6. Тістердің орналасуының ауытқулары

  7. Тортоакомалия

Тіс жақ ауытқулары мен формаларының

өзгеруін күрделі әдіспен емдеу

Күрделі әдіспен емдеу шарттары:

Аппаратпен емдеу керек болған жағдайда мынадай хирургиялық операциямен бірге жүргізіледі. Жеке тістерді жұлып тастау, декортикация /сүйектің сыртқы қабын тесу/, компактостеотомия /сүйектің сырқы қбын алып тастау/, жарып шықпай қалған тістің сауытын ашу, жлаңаштау. Прогкатия, прогения, ашық тістесулерінің ауыр және генетикалық түрлерінде арнайы хирургиялық операциялар жасалады және қосымша аппаратпен немесе аппаратсыз емделінеді.

Тұрақты тістесу кезеңінде емдеу.




  1. Тістер аралығында 5 мм көп тік саңылау болғанда Энгельдің аппаратын қарсы жақтағы жақ сүйегіне бекітіп оның доғасына жылжытатын тістерді резеңке жүзіктермен тартады.

  2. Бүйірдегі тістер орналасқан жерде бір уақытта тіс альвеоллық қысқарту және жоғарғы алдыңғы тістер орналасқан жерде тіс альвеолалық ұзарту керек болғанда Хербст-Кожокзрудың аппаратын пайдаланады. Ол металдан жасалған бірВбіріне жабыстырылған сауыттан тұрады, оларға кіреберісжағынан үлкен азу тістер орналасқан жерде Энгельдің доғасынан көлденең түтіктер жабыстырылған, ал сүйір тістер орналасқан жерде ілмектер, төмен қарай иілген болады. Жоғарғы алдыңғы тістерге екі ілмегі бар жүзіктер бекітіледі, жоғары қарай иілген. Каппалардың шайнау бетіне дәрігер өзінен өзі қиятын пластмассаны, керек биіктікке тістеуді ажырату және жоғарғы бүйірдегі тістерді жақ сүйегінің кіргізу үшін салады. Оындай окклюзиялық жапсырмаларды бүйірдегі тістерге тіс технигі өзі жасауы мүмкін, дәргер конструктивті тістеуді анықтағаннан кейін, мластмассаны ыстық полимеризациялау әдісімен. Тіс альвеолалық ұзару үшін созылатын резеңке таруын қолданады, оны Энгельдің доғасының бір түтігіне іліп алып, төменгі сүйір тіс орналасқан жердегікаппадағы ілмектің астынан өткізіп, жоғарғы алдыңғы тістерге бекітілген жүзіктердің ілмектеріне резеңке жүзіктерді кигізіп, одан соң оны қарсы жақтағы сүйір тіс орналасқан жердегі ілмектің астынан өткізеді және қарсы жақтағы Энгельдің доғасының түтігіне іліп қояды. Созылатын резеңке тартуының әсерінен жоғарғы алдыңғы тістер ұзарады түтіктерді қолдану керек болған жағдайда Энгельдің доғасын төменгі алдыңғы тісиердің орналасуын және төменгі тіс қатарының формасын түзету үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Баалардың тісін протездеу ортапедиялық стоматологияның бір бөлігі болып табылады.

Балаларды тістерін протездеу нәтижелі емес, сонымен қатар зиянды, өйткені ол жақ сүйектерін, дамуын тоқтатады – деген ойларда болған.

6 жасқа дейін балаларда тістерінің және тіс қатарының ақауы болғанда протездеу бұрын мақсатсыз болады деп есептеген, өйткені сүт тістері кейіннен тұрақты тіспен ауысатындықтан.мамандардың тексерулері бойынша балаларда тістерін рациональды протездеу (кламберсіз алынбалы протез немесе алынбайтын протез) жақтардың өсуіне жағдай туғызады, балалар жақ сүйектерінің өсуін жеделдететін үш фоктор бар:

1. Өсудің биологиялық патенциетсы, ол табиғатта жаңадан дамып келе жатқан болады.

2. Тістердің жарып шығу процессі

3. Шайнау функциясы

Тістер уақытта жоқ, тістер аймағында жақ сүйектері тіндері Тістердің ретенциясы және адентия болғанда даму процессі нашар жүреді. Пртезденгеннен кейін жақ сүйектері қайтадан өзінің шайнау атқарады және жақты функциональды тітіркендіргіштердің салдарынан қалыпты дамиды. Протездердің арқасында шайнау қызметі ғана емес, сонымен бірге ас қорыту жүйесі сөйлеудің сыртқы бет пішініде қалыпқа келеді, яғни бұл баланың психикасына және жалпы организміне маңызы бар.

Протездегеннен кейін баланың көңіл күйі көтеріледі. Бала организімінің жалпы тонусы жоғарлайды. өзінің физикалық жеткіліксіздігіне көңіл аудармайды. сүт тістесу кезінде толық тіс жақ жүйесі шайнау аппаратының толық тіс жақ жүйесі шайнау аппаратының әрі қарай дамуына үлкен роль атқаратынын айтып кеткен жөн.

Балалардың тіс протездерінің ерекшеліктері:



  1. Бала протездері жақтардың өсуіне, қалыптасуына кедергі туғызбауы керек.

  2. Балар жасында протездеу ауыршаңдық туғызбау керек.

  3. Протез конструкциялары баланың жасына байланысты ауыстырылып отыруы керек.

  4. Протез конструкциясы қарапайым болуы керек, организмге зиянды болмауы керек.

  5. Протездер тек қана тіс қатарының кемістігін тойтарып қоймай, сонысен қатар тістесуді қалыпқа келтіру қажет.

Алынбалы протездермен протездеу ерекшеліктері:

Көрсеткіштері: туа және жүре пайда болған адентия

Жүре пайда болған адентиякариестің, асқынуларынан кейінгі тістерді жұлу.

Туа пайда болған адентия әртүрлі аурулардың салдарынан (тымау, қызылша, рахит) Алынбалы протездер организмге аллергиялық аурулар тудырмау керек, протездер қолайлы болуы керек.

Алынбайтын протездердің қолдану ерекшеліктері вкладкалар.

Тіс жақ жүйесінің ауытқулары бар балалар мен жастарды тек қана жасына қарап емдемей, тағыда морфологиялық, функционалдық , эстетикалық және іштен туа біткен дене құрылысының /конструкция/ қалыптасу ерекшеліктерін еске ала отырып емдеу қажет. Ауытқудың диогнозын қойғаннан кейін мына сұрақтарды шешу керек.



  1. Осы ауруда тіс жақ ауытқуы қазіргі уақытта кесел ме, жоқ па? Егерде тіс жақ ауытқуының салдарынан баланың дене құрылысы мен психикасында өзгерістер пайда болып осы себеппен ортодонтқа келсе, бұл жағдайды кесел деп бағалаймыз. Емдеуді бірден дереу бастау керек.

  2. Осы ауруда тіс жақ ауытқуы қазіргі уақытта компенсация қалпы ма, жоқ па? Егерде пайда болған морфологиялық ауып кету тіс жақ жүйесі қызметтерінің және сұлулықтарының едәуір айтарлықтай бұзылуларына әкелмесе, бұл жағдайды тіс жақ жүйесінің ауытқуға сәйкес орын толтыру үшін жасаған бейімделуі, лайықтануы деп санауға болады.

  3. Бұл тіс жақ ауытқуының даму болашағы баланың жасы өскен сайын қандай? өзінен өзі түзеліп кетуі мүмкін бе? Бұл сұрақты әр дәрігер ортодонт өзі шешеді. Емдемесе болашақта бала өскен сайын не болатынын болжау керек. Дәрігер өзінің тәжірибесіне, ойВпікіріне сүйенеді.

  4. Ауруды емдеу алдында қандай жергілікті және жалпы өзгерістер бар. Ангидротическая эктодермальная дисплзил деген іштен туа біткен кеселі бар балаларда көп тістері болмайды, тіс жақ ауытқулары заңды түрде болады. Бірақ жеке тістерді орнынан қозғауға, жылжытуға болмайды өйткені олар түсіп қалуы мүмкін. Кебір соматикалық және психикалық науқастары бар балаларды емдеуге болмайды сүйектің күрт ауруы, Даун науқасы, қояншықтар т.б.

  5. Ортодонтиялық емдеудің болашағы қандай? Ортодонтиялық емдеудің нәтижесі көп факторларға байланысты іштен немесе туғаннан кейін пайда болған тіс жақ ауытқуларына, олардың түрлеріне, тіс жақ жүйесінің морфологиялық және функционалдық өзгерістерінің дәрежесіне, организмнің жалпы өзгерістеріне, пациенттің констутитциясына, оның жасына, таңдап алған емдеу әдістеріне байланысты.

Бұл аппаратпен емдеу ерте балалық жаста нәтижелі болады, уақытша тістесу және алмасу тістесу кезеңінің басында. Балалар үлкейіп кеткенде және тіс жақ ауытқуларының генетикалық түрлерінде бұл емдеу әдісі нәтиже бермейді. Соңғы кезде тіл сорудан пайда болған ашық тістесудің басталып келе жатқан кезінде сым торыбар кіреберіс табақша қолданылады /тілге тіреу/. Немесе ауыздың іші –сыртын қамтитын табақша екі қалқан. Екі түрлі аралас әсер ететін аппараттардың құрамында механикалық және ырықсыз аппараттардың бөлшектері болады. Олардың конструкциясында ылдый жазықтық, тістеу алаңы немесе кіреберіс табақша /қалқандар, пелоттар/ механикалық құралдармен бірге /бұранда, серіппе, резеңкемен тарту, т.б./ болады. Оларға Гуляеваның, лургинанын, Брюкльдің аспабы, Андрезен мен Гойпльдің активаторын т.б. жатады.

Гуляеваның аппараты Энгельдің сырғанақ доғасы мен металдан жасалған ылдый жазықтықтан тұрады. Ол прогнатия тістесуін, күрек тістері бірінВбірі терең жауып тұратын және алға шығып тұратын, емдеу үшін қолданылады. Хургинаның аппараты Ктцтың тістесу алаңы бар табақшасы мен тартылғыш бұрандадан тұрады. Ол прогнатия тістесуін, терең тістесу мен біріккен және жоғарғы тіс қатарларының қысылғандығын емдеу үшін қолданылады.

Брюкльдің аппататы төменгі жаққа жасалған ылдый жазықтығы 450 вестибулярлы доғасы бар табақшадан тұрады. Ол прогения тістесуін төменгі алдыңғы тістер сырқа шығып және жоғарғы күрек тістерді терең жауып тұрғанда емдеу үшін қолданылады.

Тістесуді қалыптастыратын Бошарованың аппараты пластмассадан жасалған базистен және бағыттайтын жазықтықтан тұрады. Ол уақытша және ерте алмасу тістесу кезеңдерінің прогнати мен прогения тістесулерін емдеу үшін қолданылады.

Андрезен мен Гойпльдің активаторы /193,/. Бұл алынатын табақша аппарат, қатты таңдайдың шырышты қабығын жауып тұратын, барлық тістердің ауыз тағВын, тағы да тіл альвеолаларының шырышты қабығын ішік жағынан жауып тұратын аппарат Брюкел активаторда әр тістің орны ылдый жазықтық болады. Соның арқасында оны алға, артқа немесе шетке жылжытуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Хорошилкина Ф. Я. «Руководство по ортодонтии» - М. Медицина, 2002 г. С. 375-392.

  2. Бушан «Справочник по стоматологии» - М., 2000 г.

  3. Хорошилкина Ф. Я., Малыгин Ю.М. «Взаимосвязь местных и общих нарушений организма при аномалиях зубочелюстной системы» М., 2007 г. – с.22.

  4. Василевская З.Ф., Мухина А.Д. «Деформации аномалии зубочелюстной системы у детей» - М., 2005 г.

  5. Гаврилов Е.И., Щербаков А.С. Ортопедическая стоматология М., 2004 г.

  6. Бетельман А.И. «Ортопедическая стоматология детского возраста» М., 2003 г.

  7. ж. Новое в стоматологии 2008 № 1, 2, 3, 4.

  8. ж. Проблемы в стоматологии 2008 № 1, 2№ 2006 № 1.

  9. ж. Стоматология 2007 № 1,2. 2006 № 6,7.

Бақылау сұрақтары (кері байланысы)



  1. Балаларда тісжақ аномалияларын аппаратуралы емдеу кезінде қателер

  2. Балаларда тісжақ аномалияларын аппаратуралы емдеу кезінде асқынулар

Иллюстративті материалдар:



  1. Слайдтар

Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Жақ-бет аймағының қабыну ауруының асқынулары

173.39kb.

25 12 2014
1 стр.


2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

ТАҚырыбы: «Балаларда пульпит пен периодонтит кезінде эндодонтиялық өндеудің ерекшеліктері»

182.19kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Жақсүйектердің созылмалы остеомиелиті. Диагностикасы және емдеу принциптері

267.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Самай – астыңғы жақсүйек буындарының аурулары мен зақымданулары. Жіктелу

258.33kb.

25 12 2014
1 стр.


2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

МАҚсаты: студенттерді балалардың тіс-жақ аномалиялары емдеуінің аппараттық әдістерімен таныстыру

132.22kb.

15 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Жақсүйектердің жіті одонтогенді остеомелиті. Диагностикасы және емдеу принциптері

341.3kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Жақ-бет аймағындағы житс-тің көріністері. Диагностикасы, дәрігердің тәсілі

138.84kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Топқа қатысты үстіңгі және астыңғы жақсүйек тістерін жұлу ерекшіліктері

273.17kb.

25 12 2014
1 стр.