Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ҚММУ Ф 4/3-04/02

2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы

ДӘРІС


Тақырып: «Балаларда пульпит пен периодонтит кезінде эндодонтиялық

өндеудің ерекшеліктері»

PSDVO4304 Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы пәні

051302 «стоматология» мамандығы

4 курс

1 сағат уақыты (ұзақтығы)



Қарағанды 2013
Кафедра отырысында бекітілген

№ Хаттамасы «__»________ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі,доцент

_________ С.Т.Тулеутаева

ТАҚЫРЫБЫ: «Балаларда пульпит пен периодонтит кезінде эндодонтиялық өндеудің ерекшеліктері»
МАҚСАТЫ: студенттерді балалардың периодонтиттерін емдеу ерекшеліктерімен, пульпит және периодонтит кезінде эндодонттық кірісулердің ерекшеліктерімен таныстыру
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:


  1. Эндодонтия сатылары

  2. Түбір өзектерін эндодонттық өңдеу ерекшеліктері

  3. Түбір өзектерін пломбалау (обтурациялау) әдістері

  4. Түбір өзектерін сықпалармен және цементтермен пломбалау әдістемесі


Эндодонтия сатылары. «Эндодонтия» жүйесі тек қана нозологиялық бірліктерді ғана емес (тісжегі, пульпит, периодонтит), сондай-ақ олардың клиникалық түрлерінің көптүрлілігін көрсетеді, олар салыстырмалы нақтамалық қатарда берілген (алгоритмнің нақтамалық матрицасы).

Эндодонтияның дамуы түбір өзектерін жабуға арналған әдістемелер мен материалдарға аса мұқият қарауды қажет етеді. Қазіргі кезде, құрамында эвгенол, резорцин, формалин бар сықпалардың улағыш және тітіркендіргіш әсерлері туралы мәліметтер алынуда. Бұл аса тиімді препаратты іздегенді талап етеді: стиодент – шыныиономер, кальций гидроксиапатиті бар эвгедент, күміс фосфаты бар фосфодент. Қорғаныш таңғышы ретінде «Темпопро» эвгенолсыз сықпасы қолданылады, герметизмді қамтамасыз етеді, фенол, формалин, күшәлә сықпасы буларын өткізбейді де, ауыз қуысының шырышты қабатын күюден сақтайды. Силанттар ретінде 5% фторлы цемент, эвикрол қолданылады.

Пульпит пен периодонтиттің сапалы емі қазіргі еліміздің стоматологияның ойландыратын мәселелері болып табылады. Түбір каналдарын емдегенде оларға өту үшін және кеңейту үшін қазіргі заманғы құралдар және түбір каналын, оның тарамдарын толық материалдар қажет, бүкіл шаралар жинағы тісті сақтауға бағытталған

Эндодонтиялық ем төменде көрсетілген сатылардың міндетті түрде жалғасуын қосады:



  1. Жегіленген қуыстың және түбір каналдарының механикалық өңделуі (инструментальды);

  2. Түбір каналдарының медикаментозды өңделуі;

  3. Каналдарды пломбалау ;

Тістің және түбір каналының механикалық өңделуі – емнің жауапты сатысы, оны жетістікті жүргізуде сапалы ем үшін жағдайлар жасалынады. Егер түбір каналына өтілмесе және керегінше кеңейтілмесе, онда сәтті пломбалауының болуы мүмкін емес.

Еліміздің стоматологиясының әр түрлі мектептерінде емдеу әдістері мен тәсілдерін өңдеуде дәстүрлі жұмыс жасады. Қолданылған әр әдістің жетістіктері анығырақ талқыланды және бір жағынан дәрігердің дағдысының жоқтығынан, басқа жағынан – сапалы эндодонтиялық құралдарың жоқтығымен байланысты болады. Қазіргі уақытта барлық эндодонтиялық құралдарды алуға болады. Сол себепті эндодонтиялық емнің қанағаттанарлықсыз сапасында негізгі себептері болып түбір канадарын механикалық өңдеу және оларды пломбалау «мектебінің» жоқтығы, канадарды өңдеу негіздерін білмеу, мамандығын жоғарлату орталықтарының жоқтығы.

Механикалық өңдеу тістегі және түбір каналдарындағы заттарды алу, дентиннің зақымданған қабатын алу және каналды кеңейту мақсатын қояды.

Механикалық өңдеу келесі сатылардан тұрады:



  1. Тіс қуысын ашып кеңейту және канал сағасына жақсы жол ашу;

  2. Канал сағасын кеңейту;

  3. Түбір каналына өту;

  4. Түбір каналын кеңейту;

Тіс қуысын ашып кеңейту қажеттігін бәрі біледі, бірақ әр кез орындамайды. Қуысты ашып кеңейту тіс түбірі ұшына тіке жол ашу үшін және жақсы көріну үшін қажет. Бұл кезде дәрігерден тіс қуысы топографиясы туралы сауатты білім талап етіледі.

Механикалық өңдеудің келесі сатысы – канал сағасын табу және кеңейту. Бұл саты тек емдеу тиімділінде ғана емес жұмыс жасау кезінде каналға өту және пломбалау үшін маңызды. Бұл кезде сау тіс тіндерін барынша сақтаған қажет. Ол тіс қабырғаларының сынғыштығын алдын алады.

Тіс қуысын кеңейтуге қауіпсіз ұшпен болатты борлар қолданылады, себебі ұлпа камерасының түбін зақымдап алса, каналдар сағаларын табу қиынға соғуы мүмкін.

Түбір өзектерін эндодонттық өңдеу ерекшеліктері. Түбір каналдарының сағасын кеңейтуге арналған құралдар:

Түбір каналдарының сағасын кеңейту үшін шар тәрізді борлар қолданылады, алайда жұмыс бөлігі қысқартылған әр түрлі диаметрмен арнайы құралдар бар. Gates Glidden – жұмыс бөлігі қысқартылған тамшы тәрізді, ұзын жұқа өзекті дриль. Өзекпен бірге жұмыс бөлігінің ұзындығы – 15-19 мм. 6 өлшемді сериясы 050; 070; 090; ПО;130; 150 кесікті шығарылады - өлшем дөңгелекпен меркіленеді. Бұрышты наконечникпен аз айналымда жұмыс жасау үшін арналған. Бұл құралмен жұмыс жасаған үлкен өлшемінен бастау керек, мысалы: 4,3,2,1.

Largo (Peeso - Ramer) - жұмыс бөлігі ұзартылған қатты өзекке өтетін дриль. Өзекпен бірге жұмыс бөлінің ұзындығы 15-19 мм. 6 өлшемді сериясы 070; 090; 110;130; 150;170 кесікті шығарылады.

K – Flex reamer Golden Medium – «алтын орта», бір өлшемнен екіншісіне өтуге қиындықтар туғанда қолданылатан аралықты өлшемі; мысалы K – Flex reamer 025 өлшемімен K – Flex reamer 020-дан кейін өтуге қиындық туғанда K – Flex reamer Golden Medium 022 аралық құралын қолдану керек. Құрал 012; 017; 022; 027; 032; 037 диаметрімен жинақта шығарылады және жұмыс бөлігінің ұзындығы 15-18 мм.



Түбір каналын кеңейту үшін құралдар:

K–Flexofile- тар және қисық каналдарды кеңейтуге арналған майысқақ каналкеңейткіш.

Жинақта 6 өлшем 015; 020; 025; 030; 035; 040. Жұмыс бөлігінің ұзындығы 21,25,31 мм. K–Flexofile Golden Medium немесе каналкеңейткіш аралықты өлшемді. Каналдарды кеңейткенде бұл құрал бір өлшемнен екінші өлшемге өтуін жеңілдетеді. Сериясы 6 өлшемнен 012; 017; 022; 027; 032; 037 шығарылады және ұзындығы 21,25,31 мм.

Файлдармен жұмыс жасағанда қайтарымды-түсу қозғалыстарын да, сағат бұрау қозғалыстанда жасау қажет

Endosonore File (түбір каналын ультродыбыспен кеңейту буравы) 6 өлшемді жинақтан 010; 015; 020;025;030;045 және ұзындығы 27,31 мм-ден шығарылады.

Hedstroem File (хедстрем буравы) түбір каналының қабырғаларын тегістеуге арналған. Каналды тегістегенде бұл құралмен тек қайтарымды – түсетін қозғалыстар жасауға болады, сол себебі ось бойынша құралды айналдыруға тырысқанда құралдың сынып кетуі мүмкін. Таңдап алынған «Hedstroem File» қолданылған бір өлшем кем болуы тиіс, мысалы, «File» №30-дан кейін «Hedstroem» №25 қолданылуы керек. Стандарт бойынша жинақта 20 өлшемнен 008-ден 140-қа дейін шығарылады, ұзындығы 21, 25,28,31 мм.

Rasp: Rat Tile File (рашпиль) түбір каналдарын кеңейтуге арналған. Жұмыс бөлігі 50 тісшелері бар (тісше ұзындығы диаметрдің 1/3-не сәйкес) құрал осіне тік бұрышпен орналасқан. Құралдың төбе жағында тісшелер жоқ, ол канал бойынша жылжуға көмектеседі және қисайған тарканалдарды тиімді кеңейтеді. 7 құралдан тұратын жинақтан шығады, жұмыс бөлігінің ұзындығы 25 мм.

Beutelroch reamer B2- тіке каналдарын кеңейтуге арналған. Құралды екі кесінді жағы бар құралдың жоғарғы қияңқысын қамтамасыз ететін жазық алмасты бұрап орау жолымен дайындайды.

Mailleter Pro File 04 – айналатын эндодонтиялық құралдардың типті, түбір каналдарын кеңейтуге арналған. Құрал майысқақтығы жоғары никель-титан қорытпасынан (титан-46%, никель-54%) жасалған, жүктемені кетіргеннен кейін әуелгі түріне қайта оралу қасиетімен иеленеді. Егер құралға түскен күштен оның ақауы пайда болса (бұралып қалса), онда мұндай құрал жұмысқа жарамсыз.

U- тәрізді жақтар тіпті қатты қисайған каналдарда орталығында құралды ұстауға мүмкіндік берді; каналды құралдың өздігінен кесілуінен қашырады және түбір дентинінде қисындылар (скол) мен уступтардың пайда болуынан сақтайды; каналдағы заттарды (ұлпа қаллдығы, дентин үгінділері) саға жағына қарай шығарады. Бұл салтты пульпоэкстракторлардан бас тартуға рухани етеді.

Конус секілді қатыгез емес төбе жағы 04 профайлдармен біршама қисайған каналдарда жұмыс жасауға мүмкіндік береді. АҚШ-та қабылданған стандарттарға сәйкес (ISO-дан басқа ) 04 профайлдардың 29 сериясының 13 өлшемді шығарылады. 00(060), 0(077), 1(100), 2(129), 6(167), 4(216), 5(279), 6(360), 7(464), 8(600), 9(775),10(1000), 11(1293) жақшада ISOбойынша эквивалент көрсетілген.

04 Профайлдарының таралуына байланысты Европада түс және санды маркировкасымен шығару реттелген, ISO- ға сәйкес. Стандартты жинаққа профайлдың nn15,20,25,30,35,40,45,60,90 бұрышты наконечникке, n8 және n10 қолмен өңдеуге кіреді.



Канал өлшемін анықтау үшін құралдар:

Жұмыс бөлігі ұзындығы – тістің сыртқы шетінен апикальды тесігіне дейін аралығы. Жұмыс бөлігі ұзындығын анықтау рентген суреті, апекслокатор көмегімен жүргізіледі. Алдыңғы топтағы тістер ұзындығын анықтауға кесу шеті, шайнау тобында–тіс төмпешіктері қолданылады. Жұмыс бөлігі ұзындығы рентгендегі тіс түбірі ұшынан 1 мм-ге қысқарақ қашықтық. Бұл ұзындық егер түбір ұшы сорылуы болса қысқарады

Түбір инесі канал өтуін анықтауға және дәрілік заттарды мақта дәкесімен кіргізуге қолданылады. 5 өлшемінің сериясы шығарылады. Тереңдік тексеруші 3 өлшемнен сериясы шығарылады. Верификаторлар термофил жинағында бар, себебі каналдарды өңдегенде және пломбалағанда канал өлшемін анықтау міндетті түрде жүргізіледі.

Стандартизация. Эндодонтиялық құралдардың тәжірбие үшін маңызы едәуір, себебі қысқа мерзімде қажетті құралды дұрыс таңдауға мүмкіншілік береді. Құрамдардың штифт және қағаз дәке (турунда) мен стандарттарымен сәйкестігі эндодонтиялық емнің біріңғай жүйесі туралы айтуға мүмкіндік береді.

Көп елдерде ұлттық стандарт бар, алайда көбісі ISO стандартын қолданады. Бұл стандарт түбір каналдарын өңдеу үшін құралдардың негізгі параметрлерін қарастырады: түрі, протфилі, өлшемі, максимальдық өндірістік жіберілуі және миханикалық беріктігін, түстері бойынша кодталуы, құралдар типін ұқсастыру үшін белгілермен кодтау, халықаралық құралдар тапсырысы үшін нөмірлеу жүйесі.



Инструменттің санды кодтау:

Түбір каналына өтуге және кеңейтуге барлық инструменттерде санды және белгімен кодтауы бар. Түрлі түспен кодтау 1950 ж.Antalos-пен ұсынылды. Ол құралдың бір айқын өлшеміне жататынын көрсетеді және де қағаз _____ штифт өлшемін таңдауға мүмкіндік береді.



Түбір каналын кеңейту техникасы:

Түбір каналын кеңейтудің 2 әдісі бар:



  1. Step Back- төменнен жоғары, аз өлшемнен көбіне дейін

  2. Grown Down – көбінен азына, канал сағасынан ұшына дейін.

Түбір каналын кеңейтуді өтуді тоқтатқан дриль (Reamer) нөмірімен бірдей бурвапен (файл) бастайды.Каналды кеңейткенде, дентинді алып тастағеанда құралдың бірде-бір нөмерін жібермеу керек, себебі ол бұралуынан табандылығына шектігі басым болуына әкеледі.Басқаша айтқанда реттілігі бұзылғанда сынып кету қауіп пайды болалды. Алайда құрал сынар алдындда оның бұралып кетуі болады (жұмыстың дұрыс әдісін таңдағанда).

Кесу жақшаларының қапталының жағдайын қадағалау және ақауланған құралдарды шығарау каналдары құрал сынуынан сақтауға көмектеседі. Түбір каналын кеңейткенде бір қатар талаптарды сақтау керек.. Біріншісі туралы айтылды: құралдарды пайдаланғанда кішісінен үлкеніне қарай реттілігі. Әрі қарай, айналдыруды сағат тілімен қатты қысып түсірмей жүргізу қажет. Арасында құралдың жағдайын көру үшін каналдан шығарып отыру қажет және де дентин үгінділерін алып шығып отырады. Кааналды гельмен жағып немесе ЭДТА ерітіндісімен ылғалдап отыру керек, ол канал кеңейтудің тиімділігн қамтамасыз етеді. Бұл мақсатпен Ларгаль ультра (Largal Ultra), канал плюс (Canal+), верфикс (Verifix), РЦ-преп (RC-prep), канал-Э, канал-глайд қолданылады. Одан басқа арасында каналдан дентин үгінділерін ЭДТА, натрий гипохлорит ерітінділерімен эндодонтиялық шприцті қолдана отырып жуып отыру керек.

Түбірдің ұш жағы (физиологиялық ұшына дейін) 025 файл өлшемінен кем емес өлшемге дейін кеңейту керек екенін ұмытпау қажет. Ол тек мұқият түбір каналы ұшын механикалық өңдеу үшін емес, обрутацияға жағымды жағдай жасалуы үшін де қажет. Канал кеңейту процесінде әр уақытта жоғарыда көрсетілген әдістерде ұшты тесігі дентин үгінділерімпен бітелуін болдырмау үшін құралдың кіші өлшеміне қайта оралады.

Түбір каналдарын пломбалау әдістері (обтурация). Эндодонтиялық емнің сәттілігі түбір каналын сапалы толтыруына байланысты. Түбір каналдарын толтыруға арналған материалдарды филлерлер (түбін каналын толтыру)

Түбір каналдарын пломбалау әдістері:



  • түбір каналдарын сықпа және цементпен пломбалау

  • орталық штифт әдісі

  • вкладкалауға пломбалау әдісі

  • түбір каналын көпконусты пломбалау әдісі, ол бөлінеді:

а) гуттаперчаның салқын латеральды конденсациясы;

б) гутаперчаның жылы латеральды конденсациясы;

с) «жылытылған»гутаперчаның вертикальды конденсациясы;

- термопластифицирленген гутаперчамен канал обтурацичсы, титан сабағымен салынады

- «термофил» жүйесінен түбір каналдарының обтурациясы

Түбір каналдарын сықпалармен және цементпен пломбалау әдісі.Түбір каналын пломбалар алдында ұшты бөлігін кеңейтуге арналған соңғы файл өлшемімен қатар каналтолтырғыштың өлшемін алады. Каналттолтырғыштың өлшемінің диаметрі түбір каналынан кіші болғаны жақсы. Ол каналдағы ауа эмболиясымен каналтолтырғыштың сынуынан сақтайды.Сықпаны немесе цементті дайындағаннан кейін каналтолтырғышты пломбалық материалға спиральдарына шамалы материал болатындай салады. Сосын жайлап каналтолтырғышты түбір каналының ұшына дейін салып, микромоторды қосады. каналтолтырғыш 600-800 мин/айналыммен айналғанда пломбалық материалдың канал қабырғаларыда жайылуы жүреді. 10-15 секундтан кейін каналтолтырғышты каналдан алып шығады. Бұл әдіс қарапайым, клиникалық тәжірбиеде жиі қолданылады, бірақ кемшілігі каналдың микротарамдарын силлермен жақсы толтыра алмайды.

Орталық штифт немесе бір конус әдісі. Бұл әдіс дөңгелек саңылаулы түбір каналдарында эпоксидты смолалар немесе цементтерді қолданады. Филлер ретінде түрлі штифтерді қолданады (күміс, титангутаперчалы, пластмассалы). Әуелі штифті таңдап алады (түбір каналы ұшын кеңейткен құрал өлшемімен сәйкес), оған түбір каналы ұзындығын белгілейді. Алғашында жоғарыда айтылған әдістегідей түбір каналына каналтолтырғышпен силлер салады, пинцет көмегімен түбір ұшына дейін итереді. Канал сағасынан шыққан артық пломбалық материалды алып тастайды, ал тіс қуысынан шығып тұрған штифт шеттерін бірнеше қозғалыспен сындырады(алдын-ала белгіленген метал штифтерде). Күміс штифті қолдануға оның цементпен әсіресе ұшты бөлігінде қапталғаны маңызды, себебі әрі қарай штифтің корризияға ұшырауы мүмкін. Гуттаперча штифтісін қолдануға оның негізін қыздырылған экскаватормен кесіп алып, сосын пломбаны салады. Бұл пломбалау әдісінің артық жері ұшты бөлігінің тіпті өте қатты қисайған түбір каналдарында тығыз толтырулы болып табылады.

Культя қондырмасы астында пломбалу әдісі. Бұл әдіс сауыттары едәуір бұзылған, одан әрі қарай штифті тіспен қалпына келтірілетін тістерде қолданылады. Бұл әдісте түбір каналының ұшты бөлігін әуелі силлермен толтырып, сосын керекті өлшемді штифті ұшының үзіндідісін салады. Бұл әдісте тек түбір каналының ұшты бөлігін толтырады, ал сауыт жақ бөлігі анкерлі штифті салып бекіту үшін бос қалдырылады. Түбір каналын пломбалағанда, әуелі титан, күміс немесе гуттаперча штифтілерін дайындап алады. Күміс және титан штифтілерінде тереңдетіп белгілер (насечки) түбір каналы ұшты бөлігінде сындырылып алынатын жерінде жасалынады. Сосын пломбалауға кіріседі. Әдеттегідей каналтолтырғышпен каналды силлермен толтырады, сосын стоматологиялық пинцетпен штифті салады. Алдын-ала белгіленген жерден сындырып штифт ұшын шредермен ұшына дейін итереді, түбір каналының орталық бөлігін анкерлі штифтің бекітуіне қалдырады.

Гуттаперча штифтісімен пломбалау әдісі дәл осындай. Қажет ұзындықты гуттаперча штифтін таңдап алынады. Штифтің ұшты бөлігі залалсыздандырылған қайшымен қиып алынады. Штифтен өлшемі кіші сымды қыздырып кесілген штифт бөлігінің табанына жабыстырылады. Сосын керекті өлшемге келтірілген гуттаперча штифті каналға кіргізіп қайта шығарады, сосын қайтадан салады. Сым гуттаперча штифтін каналға салу үшін қолданылады, содан кейін оны түбір каналынан шығарып алады. Штифтер орнына амальгаманы қолдануға болады. Оның артықшылығы тіндерге ықшам, жақсы конденсацияланады, түбір ұшын толтырады, силлердің қажеті жоқ. Жеткіліксіздігі түбір каналының ұшты бөлігін файлдың 45 өлшеміне дейін кеңейту өте қиын. Сонымен бұл әдісте пломбалық материалмен тек түбір каналының ұшты бөлігі пломбаланып, ал ортаңғы және сауыт бөлігі анкерлі штифті бекітуге қолданылады.



Түбір каналын пломбалаудың көп конусты әдістері. Гуттаперчаның салқын материалды конденсациялау әдісі. Бұл әдіс көлденең сопақ немесе каналдың геометриялық формаасы дұрыс болмағанды қолданылады. Әдістің мақсаты негізгі каналдан тарамдардың барлығын толтыру. Әуелі пломбалауға дайындалған каналдың өтімін анықтау мақсатымен спредерді салады. Ол шамамен түбір ұшына 1-2 мм-ге дейін жетуі керек. Сосын гуттаперча штифтінің өлшемін таңдап алынады. Ол түбір канал ұшын дайындаған құралдан бір өлшем көп болу керек. Штифт түбір каналына аз ғана күшпен кіргізілініп шығарылуы қажет, ұзындығы бойынша 0,5-1 мм-ге түбір каналынан қысқа болуы тиіс. Оның өлшемін (және қалыңдығын) штифт ұшын кесу арқылы таңдайды.

Өлшемді таңдағанда мұқият болу керек, себебі штифті жеңіл кіргізгенде түбір ұшынан әрі қарай итеріліп кетуі мүмкін немессе керісінше спредерді шығарғанда канадан шығып кетуі мүмкін. Штифті кіргізудің бақылауына рентгенограмма жасаған дұрыс.

Пломбалаудың алдында таңдалған штифт пен силлерді үзінді қағаз блокт жиыстырып қояды. Сосын каналтолтырғышпен силлерді түбір каналына салады, штифт ұшын силлерге салып, айналым қозғалыстарымен түбір ұшына жібереді. Сосын байқап оны шығарып және қайтадан ұшты тесігіне дейін түбір каналының барлық ұзындығына жібереді. Жоғары жақ сүйектің азу тістерінде әуелі ұрт каналдары (қиын өтетін), сосын таңдай дистальды түбір каналына пломбаланады, төменгі жақта азу тістердің әуелі медиальды каналдары, сосын дистальды түбір каналы пломбаланады.

Негізгі штифті түбір каналына кіргізгеннен кейін спредерді жайлап каналға кіргізіп, жанына қарай ығыстырады және онымен гуттаперча штифтін ұшына дейін итереді, сосын спредерді каналдан шығарып, оны алғаннан кейін пайда болған каналға қосымша гуттаперча штифтін салады. Одан кейін спредер көмегімен салынған гуттаперчаның латеральды конденсациясы тағы да жүргізіледі. Ол түбір каналы шегіне дейін толтырылғанша қайталанады. Бұл кезде спредердің гуттаперча штифтіне біршама қысымы түседі. Қысым әсерімен штифттар деформацияланып, канал пішінін қабылдайды және оның бүкіл тарамдарын толтырады. Әр жаққа штифті кіргізген сайын және спредерді шығарды негізгі штифт сабағына назар аудару қажет, оны абайсызда шығарып алмау және ұшты тесігінен ары итеріп алмауға тырысу керек. Каналды толтырғаннан кейін гуттаперча артықтарын қыздырылған құралмен алып тастайды. Осыдан кейін бақылау рентген суретіне түсіріп және емді тұрақты пломбаны салумен аяқталады. Бұл әдістеме ең жетекші болып табылады, себесбі гуттаперча түсіп кетпейді және икемді гутаперча штифтері каналды қайталай отырып кеңістігін толтыруға қол жеткізеді.



Гуттаперчаның жылы латеральды конденсация әдісі. Бұл әдіс салқын латеральды конденсация мен ыссы вертикальды конденсацияның аралығы болып табылады. Бұл әдіс жылуды канал ішіне қолдануды ұйғарады.

Жылытылған гуттаперча канал пішініне артық орындайды. Бұл әдісті орындағанда арнайы құралды қолданады – түбір каналы ішінде гуттаперчаны қыздыру үшін жылу тасушы. Гуттаперчаның жылы латеральды конденсациясы әдісімен түбір каналын пломбалау келесідегідей

Түбір каналын пломбалау алдында оған жылу тасушыны жібереді, ол түбір каналы ұзындығын анықтау үшін және қыздырылған жылу тасушының тіс қабырғаларында тиіп кету мүмкіндігінен ескерту үшін. Себебі қатты тіндердің сынуының себебі болуы мүмкін.

Әуелі салқын латеральды конденсациядағыдай каналға негізгі штифт силлермен салынады, сосын тағы да қосымша гуттаперча штифті. Ал содан кейін түбір каналының ұзындығымен сәйкес таңдалған жылу тасушының бірі салынады. Осы манипуляцияларды орындағанда жылытылған жылу тасушы гуттаперчпның құралға жабысып қалмауын болдырмау үшін каналда вертикальды және айналу қозғалыстарымен жүргізіп отыру қажет. Содан соң жылу тасушы каналдан алынады, пайда болған канала тағы да бір гуттаперча штифті салынып латеральды конденсация әдісін қолдана отырып спредермен түбір каналында тығыздайды. Канал толық толғанша бірнеше рет қайталанады.

Жылы латеральды конденсацияның салқын конденсация әдісінен артықшылығы каналда жылытылған гуттаперча түбір каналының тарамдарын толық толтыруы артық, кеңістіген толық қайталайды.

Жылытылған гуттаперчаның вертикальды конденсация әдісі. Негігі гуттаперча штифтін ұшы ұшты тексіктен 1-1,25 мм-дей қалатындай канл саңылауына салады. Түбір каналына силлер жіберіліп, одан кейін штифтпен ылғалданған штифті абайлап тірелгенше итереді. Қызыдрылған экскаватормен штифтің жоғарғы бөлігін канал сағасының үстінен кесіп алады. Сосын түбір каналына қыздырғанша қызыдырлған бүйір конденсациясынан (спредер) гуттаперча штифтін жұмсарту үшін салады. Салқын вертикальды конденсатормен (пламер) жұмсарған гуттаперчаны түбір каналы ұшына дейін итереді. Бұл процесті түбір каналының ұшты бөлігі гуттаперчамен толық толғанша қайталайды. Каналдың ұшты бөлігінің сапалы толуын бақылау үшін рентгенологиялық зерттеу жасау қажет. Түбір каналының қалған бөлігін штифтің кесілген өліктерімен жылытып және конденсациялап пломбалайды. Егер қондырманы (вкалдка) каналда цементтеу керек болса, онда металл штиф жететін жерге дейін пломбалайды.

Титан сабағымен апарылатын термоплатифицерленген гуттаперчамен түбір каналын толтыру. (КВИК-ФИЛЛ типі). «КВИК-ФИЛЛ» бұрышты наконечникке бекітетін бұрандасымен, арнайы титан сабағына салынған гуттаперчаның альфа фазасындағы қарапайымдалған модификациясы. Әуелі түбір каналына силлердің аз мөлшерін жібереді, «КВИК-ФИЛЛ-ді» силлермен ылғалдайды, түбір каналына тірелгенше салады (канал тарлығынан 3-5 мм жетпей) микроматорды 800-1000 мин/об. жылдамдығымен қосады. Айналу сәтінде «КВИК-ФИЛЛ-ді» каналды басып қысымды түсіреді. Канал ішінде температураның әсерімен титан сабағы ысылғанда жұмсарған гуттаперча түбір каналы тарамданып жақсылап толтырады. Пломбалаудың бақылауы рентген зерттеуі арқылы жүргізіледі. Титан сабағын түбір каналында штифт ретінде пайдалануға болады. Ол үшін пломбалауды аяқтағаннан кейін наконечниктен алынып бормен кесіледі.

Сауыты бұзылған тісті әдеттегі қалыптағы немесе құйылған штифт қолданумен қалпына келтірерде титан сабағын түбір каналынан шығарып, оның орнына анкерлі штифті салады, оны бекітіп, жасанды сауытқа тірек ретінде пайдаланады. Түбір каналын термопластификцерленген гуттаперчамен пломбалау әдісін орындау қарапайым және канал толтыруды ойдағыдай орындауға болады.



Түбір каналдарын «термофил» жүйесімен толтыру. Қазіргі кезде түбір каналдарын «термофли» жүйесімен толтыру технологиясы жетілдірілген. «Термофил» - альфа фазасы күйіндегі сырты гуттаперча қабатымен қапталған болаттан, титаннан немесе рентген контрастты платмассадан дайындалған майысқақ сабақ тасушы, конус тәрізді. Сабақ өлшемі және конусы бойынша ISO –ның 20-дан 40-қа дейінгі өлшемдеріне сәйкес келеді.

Альфа фазасындағы гуттаперча төменгі жылу температурасымен, жоғары аққыштығымен және жабысқақтығымен иеленеді. Гуттаперчаның жоғарғы ағымдағы оның түбірдегі мироканалдарға ағуын, өтуін қамтамасыз етеді. Термлпластикалық гуттаперчаның кемшілігі каналда суығынан кейін отыруы (усадка) болып табылады. Нәтижесінде тайырғыш пен түбір канал қабырғалары аралығында микрокеңістіктер пайда болады. Каналдың негізгі кеңістігі орталық нығыздаушы сабақ толтырылады, ал гуттаперча аз көлем алады, сол себепті оның отыруын ескермеуге болады.

Түбір каналын термофилмен толтырудағы клиникалық сатылары:

Әуелі пломбалауға дайындалған каналдың диаметріне сәйкес термофилді таңдайды. Ол үшін әдетте жинақтағы пластикті верификаторды қолданады. Оны каналға аздаған күшпен салып және силликонды шектегішпен жұмысшы ұзындығы белгілейді. Сосын верификатордың өлшеміне сәйкес термофильді таңдап, онда канлдың жұмысшы ұзындығын белгілейді. Қисайған каналдарды пломбалағанда термофилдің металлды сабағын алдын-ала пішініне қарай қисайтады. Пластикті сабақтарды қисату керегі жоқ, себебі олар эстетикалы жылытқанда және канал пішініне жақсы қайталайды. Таңдалған термофлиьдің антисептикалық өңдеуін 1-2 минутқа 5,25% гипохлорид ертіндісіне салып, содан соң 70 % спиртке жуып және кептіру арқылы жасайды. Өңделген термофилді 20-30 секундқа «Термопрен» пешіне салады. Термофилді қызыдру барысында дәрігер каналға герметиктің (силлер) аз мөлшерін каналтолтырғышпен немесе қағаз штифт көмегімен жібереді. Термофил дайындаушы Tulsa Dental Products фирмасы силлер ретінде арнайы герметик Thermascal герметіигін ұсынады. Одан басқа герметик ретінде эпоксидті смолала негізіндегі силлерді қолдануға болады.

Алдан-ала қызыдырған термофилді күшсіз және айналу қозғалыстарысыз түбір каналына тірелгенше салады. Термофилдің металл штифтін штифті тістің тірегі ретінде пайдалануға болады. Егер тіс сауыты композициялық пломбалық материалмен қалпына келтірілетін жағдайда термофилдің ұстағышын айналған бормен майыстырып кесіп алады. Осыдан кейін конденсацияны жүргізіп және гуттаперчаның артық бөлігін алып, сауыттың бұзылған бөлігін қалпына келтіруге кіріседі. Термофилмен пломбалаудың қарапайым әдісін пайдаланғанда түбір каналының магистральды және тарамдарының тиімді толтырылуы қамтамасыз етіледі. Оған тасушы сабақпен шегіне дейін жетіп, термофилдің берілген тереңдікке дейін кіргізуі жеткізеді. Сонымен дәрігер – стоматологтар қазіргі кезде түбір каналдарын толтырудың жеткілікті тәсілдермен таныс, балалар тәжірибесінде тұрақты тістерде қолданыла алынады.

ӘДЕБИЕТТЕР:



      1. Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.

      2. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.

      3. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640 с.

      4. Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 с.

      5. Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология. – М. –Н.Новгород, 2004– 744 с.

      6. Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей /Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.

Бақылау сұрақтары (кері байланысы)


  1. Түбір өзектерін эндодонттық өңдеу сатыларын атаңыз


  2. Түбір өзектерін өңдеу үшін қажетті құралдарды атаңыз

  3. Түбір өзектерін пломбалауға арналған материалдар

  4. Түбір өзектерін пломбалау тәсілдері

  5. Түбір өзектерін пломбалау әдістемесі

Иллюстративті материалдар:



  1. Слайдтар

Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Жақ-бет аймағының қабыну ауруының асқынулары

173.39kb.

25 12 2014
1 стр.


2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

ТАҚырыбы: «Балаларда пульпит пен периодонтит кезінде эндодонтиялық өндеудің ерекшеліктері»

182.19kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Жақсүйектердің созылмалы остеомиелиті. Диагностикасы және емдеу принциптері

267.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Самай – астыңғы жақсүйек буындарының аурулары мен зақымданулары. Жіктелу

258.33kb.

25 12 2014
1 стр.


2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

МАҚсаты: студенттерді балалардың тіс-жақ аномалиялары емдеуінің аппараттық әдістерімен таныстыру

132.22kb.

15 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Жақсүйектердің жіті одонтогенді остеомелиті. Диагностикасы және емдеу принциптері

341.3kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Жақ-бет аймағындағы житс-тің көріністері. Диагностикасы, дәрігердің тәсілі

138.84kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: Топқа қатысты үстіңгі және астыңғы жақсүйек тістерін жұлу ерекшіліктері

273.17kb.

25 12 2014
1 стр.