ҚММУ Ф 4/3-04/03
2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ
Қарағанды мемелекеттік медицина университеті
Хирургиялық стоматология кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: Топқа қатысты үстіңгі және астыңғы жақсүйек тістерін жұлу ерекшіліктері.
Пәні: HSP 4302 «Хирургиялық стоматология пропедевтикасы»
Мамандығы 051302 «Стоматология»
Курс: 4
Уақыты (ұзақтығы) 1 с
Қарағанды 2014 ж.
Кафедра отырысында бекітілген
«___»_____ 20___ж. №__ хаттамасы
Хурургиялық стоматология кафедра меңгерушісі, профессор__________Курашев А.Г.
Дәрістің құрылымы:
-
Тақырып: Топқа қатысты үстіңгі және астыңғы жақсүйек тістерін жұлу ерекшіліктері.
-
Мақсаты: Тісті жұлуға қажетті құрал- жабдықтармен топтық жіктелуге байланысты жоғарғы және төменгі жақ тістерін жұлу ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру. Операцияға көрсеткішті және қарсы көрсеткішті үйрету. Жоғарғы және төменгі жақ тістерін жұлу кезіндегі ерекшеліктерге мән беру. Операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңдердегі асқыныстарды талқылау, оларды емдеу және алдын алу.
-
Тіс жұлу кезіндені науқас пен дәрігердің қалпы.
-
Жоғарғы жақтағы бөлек топ тістерін жұлу
-
Төменгі жақтағы бөлек топ тістерін жұлу.
-
Тіс түбірлерін жұлу
-
Тісті жұлғаннан кейінгі жараны емдеу және оның күтімі.
Тіс жұлу кезіндені науқас пен дәрігердің қалпы.
Тіс жұлу операциясы стаматологиялық орындықта атқарылады. Операцияның жақсы бітуі көбінесе науқас және дәрігердің дұрыс қалпына байлынысты.
Көбінесе тісті отырып немесе жартылай жату қалпында жұлады. Осы іс-шараға байланысты қатты қорқу сезімі бар, сонымен қатар ауыр қосымша аурулары бар науқастарда жедел жүрек жеткіліксіздігі дамиды (талу және коллапс). Осы асқыныстарды болдырмау үшін тісті жұлар алдында орындықтың арқасын горизонтальды қалыпқа қойып және бас тірегішті көтеру керек.
Орындықта науқастың қалпы операциялық алаң жақсы көрінетіндей жағдайда және дәрігердің операцияның барлық әдістерін жасауға қолайлы жағдайда болуы керек. Операция кезінде науқастың басы қозғалып кетпеуі үшін бас тірегіш берік бекітілуі керек.
Жоғарғы жақ тістерін жұлу кезінде науқас орындықта арқасы және бас тірегіші кішкене шалқайған қалыпта болуы керек. Жұлынған тіс дәдрігердің иық буыны деңгейінде тұруы үшін орындықты көтереді. Дәрігер науқастың оң және алдыңғы жағында тұрады. Дәрігер мен науқастың осылай тұруы операцияның жақсы өтуіне алып келеді. Төменгі жақ тістерін жұлу кезінде орындықты науқастың басы мен денесі вертикальді қалыпта болатындай орындықтың арқасы мен бас тірегішін төмен түсіреді және басы кішкене алдыға еңкейген, ал төменгі жақ науқастың төмен түсіп тұрған қолының шынтақ буыны деңгейінде болуы керек. Оң төменгі жақтың кіші және үлкен түбірлі тістерін жұлу кезінде дәрігер науқастың артында және оң жағында тұрады. Барлық сол жақ және оң жақтағы алдыңғы тістерді жұлу кезінде дәрігер науқастың оң жағында және кішкене алды жағында тұрады. Сонымен қатар тісті науқастың жатқан қалпында да жұлады.
Жоғарғы жақтағы бөлек топ тістерін жұлу.
Әр тісті жұлу әдісінің өзіндік жұлу ерекшеліктері бар. Ол түбірдің формасына, санына, орналасуына, түбірдің айналасындағы сүйектің тығыздығына және қалыңдығына және де аспаптардың түріне байланысты.
Күрек тістерді жұлу.Орталық және бүйір күрек тістер конус тәрізді формалы және түбірі дөңгелек, орталық күрек тіске қарағанда бүйір күрек тіс жұқа және қысқа болады. Бүйір күрек тістің түбірі бүйірінен кішкене басылған, сондықтан көлденең кесіндісі сопақша болып келеді. Түбірдің ұшы таңдай жаққа қарай осы тістер аймағындағы ойықтың сырты қабырғасы ішкі қабырғасына қарағанда жұқа.
Күрек тістерді жұлу үшін дәрігер науқастың оң және алдыңғы жағында тұруы керек. Сол жақтың бүйір күрек тістерін жұлу кезінде науқас басын оңға, оң жақтың бүйір күрек тістерін жұлу кезінде науқастың басын солға бұру керек. Операция кезінде операциялық алаң жақсы көрінуі альвеолярлы өсіндінің жақсы бекітілуі үшін дәрігер сол қолдың екінші саусағымен науқастың еріндерін жоғары жаққа жылжытады және оны жұлынған тіс альвеола маңының сыртқы жағына орналастырады, I саусақпен альвеоланы таңдай жағымен ұстайды. Орталық күрек тістерді түзу беті қысқыштармен, бүйір күрек тістер осы беті тар қысқыштармен жұлады, бірақ күрек тістерді бұрмалап жұлады. Кейде бұрмалау арқылы тісті ойықтан шығару қиын. Сол кезде ерін-таңтайлық жаққа қарай тісті шайқатады, содан қайтадан айналдырады. Содан кейін тіс орнының қабырғасы жұқалау жерде тіс қозғалғыш болады және төменге,сыртқа қарай жұлып алады.
Жоғарғы ит тістерді жұлу. Ит тістің біреуі ұзын, массивті, бүйір жағынан қысылған, бүйір кесіндіде үшбұрышқа ұқсаған. Түбірдің жоғарғы жағы 30% жағдайда қисайған. Түбірдің сырт жағы іш жағына қарағанда жұқалау. Бірақ та альвеоланың екі қабырғасы да күрек тіске қарағанда қалыңдау келеді, осының барлығы ит тісті жұлу кезіндегі қиындықтарға әкеледі.
Дәрігердің және оның сол қолының орналасу қалпы күрек тісті жұлу кезіндегі қалыпқа ұқсайды. Оң ит тісті жұлу кезінде науқас басын шамалы солға, ал сол ит тісті жұлу кезінде оңға шамалы бұрады.
Ит тісті кең беткейлі тік қысқыштармен жұлады. Тісті жұлу кезінде еріндік және таңдайлық жаққа шайқалтуды тістің көлденең өсі айналасында айналдырумен біріктіреді. Бірінші шығару қозғалыстарын альвеоланың сыртқы қабырғасына қарай жасайды, себебі ол таңдайлыққа қарағанда жұқа, сосын қарама-қарсы жаққа жасайды. Содан кейін айналдырады. После этого осуществляют вращение. Ит тісті жұлу кезінде анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты қосымша күш қажет болады.
Жоғарғы кіші азу тістерді жұлу. Бұл тістердің түптері алдыдан артқа қарай бағытта қысылған. Бірінші кіші азу тістің түбірі 50% жағдайда екі жұқа түбірге (беттік және таңдайлық), сирегірек үшке бөлінген (екі беттік, бір таңдайлық). Екінші кіші азу тістің түбірі артқа қарай түскен
, бүйірлік беткейінде көлденең шұңқыршалар бар, жоғарғы бөлімі жарықшақтанған. Егер кіші азу тістің түбірі жарықшақтанған болса, ал таңдайлық түбірі тереңірек сүйекте орналасады. Бұл тістердің альвеоласының сыртқы қабырғасы ішкісіне қарағанда жұқа болады. Тісті жұлу кезінде науқастың денесі, басы артқа шалқайған. Науқастың басы кішкене солға бұрылған жағдайда оң жақтағы кіші азу тістерді жұлу оңайырақ, ал сол жақ кіші азу тістерді жұлғанда басты оңға қарай бұру кезінде тіс оңайырақ жұлынады. Бұл тістерді жұлу кезінде дәрігер науқастың сол жағында және алдында тұрады, сол қолдың 1 саусағымен (сол жақты жұлған кезде) немесе 2-ші саусақпен (оң жақты жұлған кезде) ерінді жоғары, ауыз бұрышын сыртқа тартады. 2 немесе 1 саусақ таңдай жақта орналасады және жұлынған тіс аймағындағы альвеолярлы өсіндіні вестибулярлы таңдайлық жағынан бекітеді. Жоғарғы кіші азу тістер тіс қатарының орталық бөлігінде орналасқан, сондықтан арнайы S-тәрізді иілген қысқыштармен жұлады. Қысқыштың мұндай түрі төменгі жақ сүйек жағынан қарсылыққа кездеспей, оны дұрыс тіске қоюға және бүйірлік шығару қозғалыстарын жасауға көмектеседі. Кіші азу тістерді вестибулярлы және таңтайлық жағынан қозғап жұлады. Біріншілік шығару қозғалысын альвеоланың жұқа жағына қарай істейді. Қозғалыс баяу болуы керек , әсіресе біріншілік кіші азу тістерді жұлғанда, өйткені тез қозғалыс кезінде олардың жұқа түбірлері сынып кетуі мүмкін. Бұл тістерді тіс орнынан төмен және сыртқа қарай тартып жұлады.
Жоғарғы үлкен азу тістерді жұлу. Бірінші және екінші үлкен азу тістердің екі беттік және бір таңдайлық түбірі болады. Беттік түбірлер бүйір жағынан қысылған, таңдайлыққа қарағанда жұқа және қысқа болып келеді, таңдайлық түбір массивті, конус тәрізді. Кейде (әсіресе 2 үлкен азу тістер) беттік түбірлер бір-бірімен немесе беттік таңдайлықпен, сирегірек үш түбірдің бірігуі кездеседі. Бірінші үлкен азу тістің түбірі екіншіге қарағанда ұзындау және бүйір жағына қарай таралады. Осы тістердің түбірлерінің жоғарғы жағы кішкене қисайған. Бірінші үлкен азу тістің альвеолярлы өсіндінің сыртқы қабырғасы скулоальвеолярлы айдаршыққа байланысты қалыңдаған, екіншісінде таңдайлыққа қарағанда жұқа. Түбірдің таралуына байланысты бұл тістерде мықты сүйектік түбір аралық жарғағы болады. Бұның барлығы тісті жұлуды қиындатады.
Науқастың және дәрігердің қалпы кіші азу тістерді жұлғандағыдай қалыпта болады. Бірінші және екінші үлкен азу тістер S тәрізді иілген, оң және сол жақтық тістерге арналған құрылысы әр түрлі қысқышпен жұлады. Бір бетінің өткір соңы бар, оны тістің сырт жағынан қояды. Шип иектік түбірлердің арасындағы жолаққа кіреді. Жартылай дөңгелек немесе жалпақ соңы бар келесі беті таңдай жағынан орналасады.
Үлкен азу тістерді беттік және таңдайлық жағынан қозғап жұлады. Бірінші үлкен түбірлік тістерді таңдайлық жағынан, екінші үлкен түбірлік тістерді беттік жағынан шығарады. Бұл тістерді тіс орнынан төмен және сыртқа қарай тартып жұлады.
Жоғарғы үшінші үлкен азу тістерді жұлу. Бұл тістердің бірнеше және бір-бірімен бірігетін конус тәрізді конгломерат түзетін түбірлері болады. Бірінші және екінші үлкен азу тіске қарағанда тіс қабы аз және түбірі қысқа болады. Осы тістерді жұлу үшін ішкі жағынан (тіс қабығын толығымен қаптау үшін) шұңқыры бар және домалақ ұшы бар арнайы қысқыштармен жұлынады.
Тісті бірінші таңдайлық жаққа, сосын беттік жаққа жұлады. Біріккен түбірі бар тістерді жұлу қиындыққа соқпайды. Түбірі бірікпеген, қисайған, иілген түбірлі тістерді жұлу өте қиын.
Төменгі жақ тістерінің бөліктік топтарын жұлу.
Төменгі күрек тістерді жұлу. Бұл тістердің біреуінің түбірлері тік, жұқа және бүйірінен кішкене қысылған, көлденең кесіндіде сопақ пішінді болып келеді. Бүйір күрек тістің түбірі шамалы иілген болып келеді. Бұл тістер аймақ альвеолаларының сүйектері ішкі жақпен салыстырғанда сыртынан жұқалау болып келеді. Төменгі күрек тістерді жұлу кезінде орындықта вертикальды қалыпта, басы шамалы алға иілген жақ асты түскен қалыпта болады. Дәрігер науқастың оң жағында және шамалы алға тұрып, сол қолының бірінші саусағымен төменгі ерінді жылжытып, сыртқы жағынан жұлынатын тістің альвеоласына қысым келтіріп, екінші саусағымен альвеоланы ішкі жағынан қысып, үшінші саусағымен төменгі жақ астын ұстап тұрады.
Төменгі күрек тістерді тар беті бар, бүйірімен иілген қысқыстармен жұлады. Кең беті бар қысқыштар көршілес тістердің зақымдалуына алып келуі мүмкін. Қысқыштарды беттің бір жағы тіл жағынан, екінші жағы ерін, ал қолы жақтың сыртқы жағында орналасатындай етіп орналастырады. Тісті шұңқырдан қозғалтып шығарады. Алдымен оны сүйегі жұқа еріндік жаққа, сонан соң тіл жаққа ығыстырады. Тісті онынан төмен және сыртқа қарай тартып жұлады.
Төменгі ит тісті жұлу. Күрек тістерге қарағанда олардың түбірі кең және ұзындау болып келеді. Ол бүйірінен қысылған, конус пішінді. Бүйірлік беткейінде анық көрінетін көлденең жолақтар бар. Түбірдің жоғарғы жағы қисайған, сирегірек тіл және еріндік бөліктерге бөлінеді. Альвеоланың сыртқы қабырғасы ішкі қабырғасына қарағанда жұқа.
Төменгі ит тістерді жұлу кезіндегі науқастың қалпы төменгі күрек тістерді жұлғандағыдай қалыпта болады. Дәрігер науқастың оң және алдыңғы жағында тұрады. Сол ит тісті жұлған кезде науқастың басын оңға, ал оң ит тісті жұлған кезде солға шамалы бұрады. Дәрігердің сол қолының саусақтарын орналастыру төменгі күрек тістерді жұлғандағыдай қалыпта болады. Ит тісті жұлу үшін төменгі кіші азу тістерді жұлуға қолданылатын кең беті бар қысқыштарды қолданады. Тісті алдымен ерін, содан соң тіл жаққа қарай тартып жұлады. Тіс түбірін ұстап тұрған тіндерден толығымен босату үшін жеңіл қозғалмалы қимылдар жасайды. Тісті орнынан сыртқа және жоғарыға тартып жұлады.
Төменгі кіші азу тістерді жұлу. Бұл тістердің біреуінің түбірі доғалдау, шамалы бүйірінен қысылған (әсіресе жоғарғы бөлігі). Кейде ол қисық болады. Екінші кіші азу тістер массивті және ұзын жоғарғы бөлігі сирегірек жарықшақтанған болады. Осы тістердің альвеоласының беттік қабырғасы еріндік қабырғаға қарағанда шамалы жұқалау немесе екі қабырғада бірдей қалыңдықта болады. Кіші оң азу тістерді жұлу кезінде дәріігер науқастың оң және шамалы артқы жағында тұрады. Сол қолымен басын ұстап тұрып, аузына бірінші, екінші саусағын кіргізіп альвеолярлы өсіндіні екі жағынан ұстайды. Бір уақытта екінші саусағымен ауыз бұрышын және бетті, бірінші саусақпен тілді тартып тұрады.
Сол жақтан кіші азу тістерді жұлу кезінде дәрігер науқастың алдыңғы және оң жағында тұрып, басын өзіне қаратып, сол қолдың екінші саусағымен бетті, үшінші сауақпен тілді тартып, бірінші саусақпен төменгі жақты ұстап тұрады.
Кіші азу тістерді жұлуға қолданылатын қысқыштар төменгі күрек тістерді жұлатын қысқыштар секілді, бірақ кең беткейлі болады. Альвеоланың қабырғасының қалыңдығына байланысты қысқыштың беті тереңірек кірмейді. Бұл тіс қабығының мықтылығының әлсіздігі кезінде қиындық тудырады. Кіші азу тістерді алдымен беттік, сосын тілдік жаққа қарай қозғалтып жұлады. Тіс түбірінің пішіні осы қозғалыстарды жеңіл қозғалыстармен біріктіріледі.
Төменгі үлкен азу тістерді жұлу. Бірінші және екінші төменгі үлкен азу тістердің алдыңғы және артқы түбірі бар. Түбірі алдыдан артқа қарай бағытта қысылған және жалпақ болып келеді. Алдыңғы түбір толық және ұзындау, сирегірек алдыға қарай доға тәрізді иілген болады. Артқы түбір тік және артқа қарай ығысқан. Кейбір жағдайда түбірінің қисаюы және таралуы мүмкін. Түбірдің толық немесе жоғарғы бөлігінің бірігуі сирегірек кездеседі. Бұл тістердің орнының қабырғасы қалың және мықты болады. Бірінші үлкен азу тістің орнының еріндік және иектік қабырғасы бірдей, ал екінші үлкен азу тістің беттік қабырғасы еріндік қабырғасына қарағанда мықты болады.
Науқас пен дәрігердің қалпы кіші азу тістерді жұлған кездегі қалыптағыдай болады. Кең беті бар, соңы үшбұрышты шығыңқы жері бар тұмсық тәрізді иілген қысқыштармен жұлады. Қысқышты үшбұрышты шығыңқының тіс түбірлерінің арасына кіргізеді. Бұл тістерді қозғалтып шығарады.
Бірінші үлкен азу тісті бастапқыда беттік, сосын еріндік жаққа қарай, екінші үлкен азу тісті бастапқыда еріндік, сосын беттік жаққа қарай шығарады. Тіс орнынан шыққан тісті жоғары және беткейлік жаққа қарай жұлады.Үлкен азу тістерді жұлу кезінде қиындықты екі жаққа таралған түбір және альвеоланың сүйекті қабырғасының қалыңдығы тудырады.
Төменгі үшінші үлкен азу тісті жұлу. Бұл тістің де алдыңғы және артқы түбірлері болады. Олар бір түбірге айнала алады, конус тәрізді пішінді. Жиі түбірлер шамалы қисайған және артқа қарай бүгілген болады. Кейбір жағдайларда бұл тіс үшке таралған немесе біріккен түбірлі болуы мүмкін. Альвеоланың сыртқы жағында қалың сүйектік қабаты болады (қиғаш сызыққа байланысты). Тістің ақаулары (пішіні, өлшемі, жарып шығу), сүйек құрылысының ерекшеліктері анда-санда тісті жұлу кезінде қиындықтарды туғызады. Науқастың, дәрігердің және оның сол қолының қалпы үлкен және кіші азу тістерді жұлғандағы қалыпқа ұқсайды. Тісті жұлу құстұмсық тәрізді қысқышпен немесе соңында үшбұрышты доңғалы бар, жазықтықта иілген қысқышпен іске асырылады. Тісті бір қалыпты қозғалыспен бастапқыда тілдік , сосын беттік жаққа ығыстырылып жұлынады. Кейде тіс қысқыштармен жұлынбайды, сол кезде элеваторлармен қолданады. Тісті тіс орнынан жоғары және беткей жаққа қарай жұлады.
Тіс түбірлерін жұлу.
Тіс түбірін жұлу оңай, ал кейбір жағдайда қиындықтар туғызады. Егер тіс түбірінің қоршаған сүйек патологиялық өзгеріске және жартылай сорылған кезде тіс түбірін жұлу қиындықтар тудырмайды. Альвеола төмен орналасқан кезде және оның қалың қабырғасы өзгермеген кезде, сонымен қатар тіс жұлу кезінде жарақаттан жоғарғы және орталық түбірінің сынуы кезіндегі түбірді жұлу қиындықты туғызады. Түбірді арнайы қалыптасқан қысқыштармен жұлады. Түбірді жұлу үшін жиі элеваторлар қолданылады. Қысқыштармен, элеватормен жұлынбаған тісті егеулейді.
Тіс түбірін қысқыштармен жұлу.
Қысқышты қоюдан бұрын жұлынатын тіс түбірінің барлық жағындағы иекті және дөңгелек байламды жақсылап бөліп алу керек. Қысқышты қойғаннан кейін олардың бетін тіс орнынан ішкі және сыртқы жағынан шығып тұрған түбірдің бөлігін алатындай етіп орналастырады. Кейде патологиялық процестерге байланысты түбір маңындағы сүйектер сорылып кетеді, сол кезде қысқыштардың бетін түбірді толық жпбатындай етіп терең кіргізуге мүмкіндік болады.
Егер түбір альвеоланың қырынан төмен орналасатын болса, қысқыштың бетін тіс орнының қабырғасына орналастыруға мүмкіндік болмайды. Бұл жағдайда тіс орнының қырынан сүйек қабын және шырышты қабықты алып тастайды және қысқыштың бетін 4-5мм жылжытып, тіс түбірімен қоса тіс орнының қырын жабады.
Жоғарғы жақ түбірлерін жұлу пішіні және құрылымы бойынша ажыратылатын арнайы қысқыштармен іске асырылады. Күрек тістер мен ит тістерді жұлу кезінде тік қысқыштарды, кіші азу тістерді S тәрізді, үлкен азу тістерде тік келген қысқыштарды қолданады. Тік келген қысқыштармен барлық жоғарғы жақ тістердің түбірлерін жұлуға болады.
Орталық және бүйір күрек тістерді айналдыру қозғалысымен жұлады. Сирек жағдайда айналдырумен қатар, еріндік және таңдайлық жаққа 1-2 шайқалту қызметтерін жасауға тура келеді. Ит тіс пен кіші азу тіс түбірін шайқалтуды айналдыру қозғалысымен біріктіріп жұлады. Егер бірінші кіші азу және үлкен азу тістердің түбірлері бірікпеген болса, онда олардың әрқайсысын шайқалту қозғалысы арқылы жұлады. Бірінші кіші азу тістердің біріккен түбірлерін беттік және таңдайлық жаққа жылжытып жұлады.
Жарғақпен біріккен үлкен азу тістердің түбірлерін тік келген жалпақ беті бар қысқыштармен жұлады. Бір бетін таңдайлық түбірге, екіншісін беттік түбірдің арасындағы жарғаққа немесе алдыңғы беттік түбірге орналастырады. Беттік және таңдайлық жаққа шалқайта отырып жиі үш түбірлі немесе таңдайлық және алдыңғы беттік түбірді жұлуға болады. Егер жұлу кезінде түбір бөлініп кетсе беті жіңішкелеу келген қысқышпен айналдыру қозғалысы арқылы бір-бірден жұлады.
Кейбір жағдайда тіс орнының қабырғасының калыңдығына және таңдайлық түбірдің ығысуына байланысты жарғақпен біріккен бірінші және екінші азу тістерді қысқыш арқылы жұла алмайды.
Тісті шығару кезінде қысқыштың беті тіс түбірін ұстай алмай сырғиды, сол кезде түбірді бор арқылы ажыратады. Әдетте тіс қуысының түбін беттік түбірдің таңдайлық түбірмен біріккен жерін егеулейді.
Алдымен таңдайлық түбірдің таралуына сәйкес түбір аралық жабысқақтарда шар тәрізді бор арқылы тесік жасап, содан соң таңдайлық түбірден ажырату мақсатында жұқа фиссура тәрізді бор арқылы тістің түбін көлденең бағытта егеулейді. Пайда болған шұңқырға тік элеваторды кіргізеді және жеңіл айналдыру қозғалыстары арқылы жоғары жылжытады. Элеватордың беті түбірлердің арасына кірген кезде, элеватордың ұстағышын беттік жағына ығыстырады және таңдайлық түбірді шығарады. Түбіріді тіс орнынан тік тәрізді қысқышпен жұлады. Беттік түбірлер көбінесе бөлінбейді. Оларды тік келген қысқышпен бір жағынан жұлынған таңдайлық түбірдің тіс орнының бір жағынан, ал екінші жағынан беттік жағын қамтып жұлады. Қысқышты беттік, сосын таңдайлық жаққа ығыстыра отырып екі немесе бір түбірін жұлады. Қалған түбірді жеңіл айналдыру қозғалыстары арқылы оңай жұлады. Үшінші үлкен азу тістің түбірі жиі біріккен сондықтан оларды кең беттік тік келген қысқыштармен жұлу қиындық тудырмайды.
Төменгі жақ тістерінің түбірін жұлу бүйірімен иілген қысқыштармен, сирегірек жіңішке, жұқа қысқыштармен жұлады. Олардың кеңдігі мен қалыңдығы әр түрлі. Төменгі күрек тістердің түбірін жұлу қиындық тудырмайды, өйткені олар қысқа, тіс орнының қабырғасы жұқа болады. Іш-шараның техникасы тісті жұлу кезіндегіден айыр машылығы жоқ. Ит тістің түбірі массивті және ұзын, тіс орнының қабырғасы қалың, сондықтан күрек тіске қарағанда оны жұлу киынырақ болады. Тісті кең беткейлі қысқыштармен жұлады. Тілдік және еріндік жаққа шайқалтуды жеңіл айналдыру қозғалысымен біріктіріп тісті жұлуды іске асырады.
Төменгі кіші азу тістердің түбірі ит тіске қарағанда тіс орнының қабырғасы қалың. Тіс орнының қабырғасының шамалы ғана қалыңдығы қиындық тудыруы мүмкін. Қысқыштың беті жиі тіс орнының қалың қырына келіп тіреледі, оларды терең кіргізуге мүмкіндік болмайды, сондықтан қысқышты тіс орнының қырына қойып кіші азу тістердің түбірлерін жиі жұлуға тура келеді. Тілдік және беттік жаққа шайқатып жұлады. Түбірдің пішіні айналдыру қозғалысын жасауға мүмкіндік береді.
Төменгі үлкен азу тістерін қалған төменгі тістерге қарағанда жұлу қиын. Қысқыштың бетін альвеолярлы өсіндінің қалыңдығына байланысты терең енгізуге, оларды тіс орнының қырына орналастыру іске аспайды. Қысқышпен қысқан кезде ол сырғып түбірді ұстай алмайды, осы уақытта элеваторларды қолданады. Тек қана тіс орнының созылмалы қабыну процессінен сорылған кезде қысқыштың бетін түбірді бойлай енгізуге және оны толық қамтуға мүмкіндік береді.
Үлкен азу тістердің бірікпеген түбірлерін бірінші тілдік, сосын беттік жаққа шығару қозғалыстары арқылы жұлады. Түбір аралық жарғақтың сақталыуы кезінде қысқышты түбір аралық жарғаққа немесе түбірдің біреуіне орналастырады. Кейбір жағдайда бірденнен екі түбірді жұлуға болады. Кейде тісті жұлу кезінде түбір аралық жарғақ сынады және бір ғана түбір жұлынады, екінші түбір қысқыш немесе элеватор арқылы жұлынады. Егер қысқыш түбірге қойылмаса, онда оларды фиссуралы бормен ажыратады. Түбір аралық жарғақты көлденең (оральді-вестибулярлы) бағытта бұзады. Түбірді ажыратқан соң бұрыштық элеватор арқылы жұлады.
Төменгі үшінші азу тістердің түбірін жұлу оның анатомиялық пішініне, санының тұрақсыздығына, альвеолярлы өсіндіде орналасу ерекшелігіне байланысты қиындықтар туады. Сондықтан операцилық іс-шараның алдында рентгенография көмегімен тістің топографиясын және оның санын, пішіні және айналасындағы сүйектердің жағдайын біледі. Түбірі ажыратылған немесе біріккен түбірдің айналасындағы сүйек тіндерінің сорылуы кезінде оларды еш қиындықсыз құстұмсық тәрізді (кейде жазықтықта иілген) қысқышпен немесе элеватормен жұлады.
Егер рентгенограммада түбір аралық жарғақшамен бітіскен екі бірікпеген түбір анықталғанда оларды басқа үлкен азу тістердің түбірін жұлғандай жұлады. Тіс қалпының, пішінінің, өлшемінің ақауы кезінде тіс түбірін бор машинаның көмегімен егеулейді.
Тіс және тіс түбірін элеватордың көмегімен жұлу.
Элеваторды тіс түбірін, ал кейбір жағжайда тісті қысқышпен жұлуға мүмкіндік болмағанда қолданады. Көбінесе бұны түбірдің тіс орнында тереңірек орналасқан кезінде қолданады. Бұл жағдайда қысқыштарды қолдану шырышты қабаттардың және альвеолярлы өсіндінің шамалы зақымдалуымен жүреді, бірақта түбірді толығымен қамтуға мүмкіндік болмайды. Элеватормен жұмыс істеуде зақым аз көлемде келеді. Кейде тіс қатарында орналаспаған (әсіресе қатты таңдай жағынан) төменгі үшінші азу тісті және оның түбірін жұлу қысқышқа қарағанда элеватормен жұлу оңайға түседі. Тісті жұлу алдында альвеоланың қырынан иекті және тістің мойнынан дөңгелек байламды барлық жағынан алып тастайды.
Тіс түбірін тік элеватормен жұлу. Бұл элеватормен коникалық пішінді бір түбірлі жоғарғы жақтың тістерін, сонымен қатар түбірлері ажыратылған жоғарғы үлкен азу тістерді жұлады. Операция кезінде элеватордың ұстағышын оң қолымен ұстап, екінші саусақтың соңын беттің жанында орналасқан стержінге қояды, дәрігер сол қолдың бірінші және екінші саусағымен жұлынған тістің ішкі және сыртқы жағынан альвеолярлы өсіндіні түгелдей жабады. Бұл құрал-жабдықтың абайсыздан жылжып кетуі кезінде көрші шырышты қабықтарының зақымдануынан қорғайтын жағдай қалыптастырады. Элеваторды жұлынған түбірдің арасына және тіс орнының қабырғасына немесе жоғарғы үлкен азу тістердің түбірлері арасына кіргізеді. Бетінің шұңқыр жағы түбірге, ал доғал жағы тіс орнының қабырғасына бағытталған. Ұстағышты басып және оны көлденең өсі бойында бір және келесі жаққа айналдыра отырып, элеватордың бетін тіс орнына терең енгізеді. Сонымен қатар, түбірді ұстап тұратын периодонттың талшықтары жартылай ажырап, түбір тістің қарама қарсы жағына шамалы ығысады. Элеватордың бетін 4—5 мм-ге енгізіп, тіс орнына рычаг тәрізді қысыммен әсер етіп, түбірді толығымен жұлады. Тіс түбірі қозғалмалы болып, тіс орнынан шықпаса, оны қысқышпен шығарып алады.
Тіс түбірін бұрыштық элеватормен жұлу. Бұрыштық элеватор арқылы төменгі азу тістің ажыратылған түбірлерін, сирегірек төменгі жүбірлерін жұлу үшін қолданады. Элеватор ұстағышын оң қолдың барлық саусақтарымен және алақанымен ұстап, кейде бірінші саусақты байланыстырғыш стерженге қояды. Сол қолдың саусақтарын төменгі тістерді қысқыштармен жұлу кезіндегідей орналастырады. Элеватор бетін иілген беткейімен жұлынатын түбірге немесе үлкен азу тістердің арасындағы кеңістікке енгізеді. Элеватордың ұстағышы және байланыстырғыш стержені беттік жағынан орналасады. Бетін тіс түбірі және тіс орны аралығына орналастырып, оң қолмен ұстағышты, ал сол қолдың бірінші саусағымен байланыстырғыш стерженді басады. Бұл кезде элеватордың беті клин тәрізді әсер етіп, түбірді қарама-қарсы жаққа ығыстырып, түбір және тіс орнының арасындағы кеңістікті кеңейтеді. Бетінің қозғалуымен бірге элеваторды көлденең өсі бойымен айналдырады. Бұл кезде бетінің иілген бөлігі тіс орнынан түбірді шығарады. Содан соң үлкен азу тістің біреуінің түбірі жұлынғаннан кейін элеватордың бетін жұлынатын түбірге иілген беткейімен орналастырып, бос тіс орнына енгізеді. Алдымен құралдың көлденең өсі бойымен айналмалы қозғалыспен түбірдің қарама-қарсы жағына түбір аралық жарғақтың үлкен бөлігін сындырып, сонан соң осындай қозғалыспен қалған түбірді жұлып тастайды. Келесі әдісті қолдануға болады: түбірді бос тіс орнына ығыстыру. Бұл мақсатта басқа бұрыштық элеваторды алып, бетінің доғал беткейімен көрші тіске, иілген бетімен жұлынатын тіске тіреледі. Түбірдің ұшын кюретажды қасық, арнайы винт, металдық лигатура арқылы жұлуға болады.
Тісті тік келген элеватромен жұлу. Ол бірінші және екінші тістер тұрақты болған кезде төменгі үшінші азу тісті жұлуға арналған. Үшінші үлкен азу тіс болмаса бұл элеватормен екінші үлкен азу тісті жұлуға болады, бірақ өте сирек қолданылады. Осы элеватормен тісті жұлғанда науқастың, дәрігердің және оның сол қолының орналасу қалпы төменгі үлкен азу тістерді жұлғандағы қалыптағыдай болады. Элеватордың ұстағышын оң қолмен ұстайды, екінші саусақты байланыстырғыш стерженге қояды. Элеватордың үшкір соңын екінші және үшінші үлкен азу тістердің аралығына оның жалпақ бөлігі жұлынатын тіске қарай, ал дөңгелек бөлігі тірек болатын тіске қарайтындай етіп орналасады. Элеваторды көлденең өсі бойымен айналдырып, бетін тісаралыққа терең енгізеді. Айналдыру кезінде бетінің жоғарғы ұшы көрші тіске, төменгі ұшы жұлынатын тісті жоғары және артқа қарай ығыстырып тіреледі. Осы элеватормен жұмыс істеу барысында бірінші үлкен азу тіс, болмаса қосымша күш ретінде екінші үлкен азу тістің қолданылуы ұсынылмайды. Сонымен қатар төменгі жақтың бұрышы аймағында оның сыну мүмкіндігі жөнінде есте сақтау керек. Элеватормен жұлынған тістің жұтқыншақ және трахеяға кенеттен түсіп кетуінен сақтау мақсатында оны сол қолдың саусақтарымен ұстап тұрады.
Тістерді тік элеватормен жұлу. Тістердің түбірлерімен қатар үшінші үлкен азу тісті немесе тістік қатардан тыс жарылып шыққан тістерді жұлуға болады. Үшінші төменгі азу тістерді жұлу кезінде элеватордың бетінн сырт жағынан енгізеді. Элеваторды тісаралық кеңістікке терең енгізіп, шамалы айналмалы қозғалыстар жасап тісті жұлады. Тістік қатардан тыс жарып шыққан тістерді тік элеватормен жұлу әдісі тіс түбірлерін жұлу кезіндегі қолданатын әдіс сияқты болады.
Бормашина көмегімен тіс түбірін жұлу.
Тіс орнында қалған тіс түбірін немесе оның орнын кейде қысқышпен және элеватормен жұлу мүмкін емес. Жиі бұл тіс жұлу немесе жарақат кезінде түбірдің жоғарғы бөлігі сынған кезде болып, оны тіс орнынан жоғарыда аталған әдістер арқылы жұлу сәтсіз болады. Жиі түбірді оның үлкен көлемде қисаюы, гиперцементоз немесе пішіні және қалпының ақауы, сонымен қатар оның альвеолярлы өсінді тереңдігінде орналасып, толығымен сүйек және шырышты қабатпен қапталған жағдайларда жұлу мүмкін емес. Бұл жағдайда бор арқылы тіс орнының сыртқы қабырғасын алып тастап, түбірді егеу операциясын жасайды. Осыдан кейін түбір қысқыш немесе элеватормен оңай жұлынады. Түбірді егеу оны жұлуға қарағанда қиындау оны операция сияқты асистент көмегімен орындайды. Бормашина ұстағышына қаптағыш кигізеді, содан кейін дәрігер спиртпен өңделген майда қайнатылған наконечникті қосады. Операцияны науқастың жартылай отырып басын шамалы артқа шалқайтылған және хирургке бұрылған қалыпта жасау қолайлырақ болады.
Жансыздандырудан кейін хирургиялық іс-шараға кіріседі. Операция жасайтын аймаққа оңай жету үшін ассистент доғал ілмекпен ерінді және иекті тартады. Операцияны шырышты қабық пен сүйек үсті қабын кесуді альвеолярлы өсінді жағынан бастайды. Кесінді түзілген жалғау өзінің соңдарымен операция кезінде жұлынатын тіс орнының қабырғасын екі жақтан 0,5—1 см- дей жабатындай етіп, көршілес тістер аймақтарын алуы қажет. Төменгі жақ астында бұрыштық кесінді жасауға болады, мұндай кесінді арқылы жараны тігу жеңіл болады. Тіндерді ажыратқаннан кейін үлкен емес распатр арқылы шырышты-сүйек үсті жалғауды сүйектен ажыратады. Жалғауды таңдайлық беткейден бастап ажыратады. Ол қыр жағынан сүйекпен тығыз байланысқан және қиын алынады, ал өтпелі қатпарда оңай алынады. Ассистент доғал тісті немесе жалпақ ілмекпен жалғауды тартады. Альвеолярлы өсіндінің сыртқы беткейін ашқаннан кейін фиссуралы бормен тіс орнының қабырғасын алып тастауға кіріседі. Егер түбір орнында тереңірек орналасса, онда оның көп бөлігін сүйектік қысқышпен жұлады. Сүйектің қалған бөлігін үшкір фиссуралы немесе шар тәрізді салқындатқан бормен тегістейді. Түбірді қысқыш немесе элеватормен жұлады. Түбірдің терең сынуы және оның қисаюы, гиперцементоз, альвеоланың сыртқы қабаттарының басқа да ақаулары кезінде түбірді түгелдей жұлады. Мұндай жағдайда сүйектің қайнап кетуінің алдын алу үшін сүйекті егеулеу кезінде суытуды қолдану маңызды. Түбірді сыртқы жағынан ашқаннан кейін тіс орнының бүйірлік қабырғасында және олардың арасында кішкене саңылау жасайды. Оған тік элеваторды енгізіп, тіс орнының қабырғасына тіреліп рычак тәрізді қозғалыспен түбірді жұлады. Түбірдің жоғарғы ұшының шамалы сынған бөлігін тіс орнының түбінен гладилка, кюретажды қасық, арнайы винт, метальдық лигатура немесе тістік қалдықтарын алуға арналған аспаптармен жұлады. Төменгі үлкен азу тіс түбірінің сыртқы қалың сүйектік қабатын жұлу кезінде басқа әдісті қолданады. Кішкентай шар немесе конустәрізді бормен сүйектің алынып тасталатын аймағының шетінде орналасатын жақтың альвеолярлы сыртқы қабырғасында бірнеше тесіктер жасайды. Сосын оларды өзара фиссуралық бормен біріктіреді; сүйектің егеулеген бөлігі элеватормен немесе тар распатормен оңай алынады. Сүйекпен жабылған түбірді бормен толық алып тастайды. Түбіраралық жарғақ сақталған кезде оны фиссуралық бормен егеулейді. Бұрыштық элеватормен алдымен бір түбірді, сосын екінші түбірді жұлады. Бірінші кіші азу тістің және жоғарғы үлкен азу тіс түбірін жұлу кезінде ауыз қуысы жағынан шырышты-сүйек үстілік жалғамды қырландырады. Бастапқыда беткейлік түбірді ашып жұлады. Сосын сүйектік тістегіш және бор арқылы таңдай және беттік түбір арасындағы сүйектік тосқауылды алып тастайды. Осыдан кейін тік элеватормен немесе тік келген қысқыштармен таңдайлық түбірді жұлу қиынға соқпайды. Түбірді тіс орнынан шығарғаннан кейін үшкір хирургиялық қасықпен грануляциялық тінді ұсақ сүйектік сынықшаларды алып тастайды. Операцияның соңында жараны 3 % сутек тотығы ерітіндісімен өңдеп танпонмен кептіреді. Тісті егеулеп жұлу кезінде пайда болған сүйектік қалдықтарға абайлап қарау керек. Оларды стерильді фарфорлы ыдысқа немесе шыны банкаға жинайды, сосын изатоникалық натрий ерітіндісін құяды. Сүйек сынықтарын түйіршк және сынықтар түрінде болатын деминерализацияланған сүйектермен, гидроксиапатит, сонымен қатар синтетикалық сүйектердің басқа түрлерімен, ксеноұлпалармен араластырады. Бұл ұйыманы бормен жұмыс істегеннен кейін қалыптасатын сүйек ақауына немесе тіс альвеоласына орналастырып, биоматериалды қанмен аралсатыры отырып, тығыз тығындайды. Алынған шырышты сүйек үстілік жалғаманың орнына қойып, кетгутты, полиамидті жіппен бекітеді. Қиын алынған тіс орнынының пластикасы сүйек атрофиясын алдын алып, келесі протездеуге қолайлы жағдай туғызады. Жараны жабуға қажетті жұмсақ ұлпа жетіспесе, тіс орнына йодоформды қоспаға батырылған дәкені немесе гентамицинге батырылған қан тоқтатушы губканы, құрамында антибиотиктері бар колапол блогын немесе колапан, ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы «Alvogyl» препаратын енгізеді. Бірінші тәулікте анальгетиктерді тағайындайды.
Тіс жұлғаннан кейінгі жараны өңдеу және оны күту.
Тісті тіс орнынан жұлғаннан кейін түбірдің және оның бөліктерінің толығымен жұлынғандығына көз жеткізу керек. Сонан соң үшкір хирургиялық қасықпен бастапқыда тіс орнын қарап және қалған гранулеманы немесе патологиялық өскен грануляциялық тінді жұлу кезінде қалып қойған тісті немесе сүйек жарықшақтарын алып тастайды. Сонан соң тіс орнының бүтіндігін тексереді. Тіс орны қабырғасының қандай да бөлігі арқылы сүйек үсті қабатынан ажыратып, анатомиялық пинцет көмегімен алып тастайды.. Кейде түбіраралық немесе сынған альвеолааралық жарғақты алып тастау қажет. Сонан соң альвеола өсіндісінің шырышты қабатының жағдайын тексереді. Операция кезінде жұлынып кеткен қызыл иекті орнына қойып, айқын зақымдалған бөліктерін кесіп алып, шырышты қабықтың шеттерін біріктіріп, жіп салады. Шырышты қабықпен қапталмаған сүйек бөліктері мен тіс орнының өткір қырының шығып тұрмағандығына көз жеткізу керек. Шырышты қабықтан шығып тұрған сүйек бөліктерін қысқыштармен қысады. Альвеоланың өткір шеттерін қызыл иектен бөліп, хируругиялық қасық, распатор, сонымен қатар мұздатып отырып бор машина көмегімен тегістейді. Тістің шығуы кезінде тіс орнының ішкі және сыртқы қабырғалары шамалы шетке ығысып, оған кіретін орын ашылады. Қызыл иек шеттерін қосып және оларға бастапты қалып келтіру мақсатында екі жақтан дәке салфеткалары немесе тампондары арқылы қысады. Қатарласып тұрған бірнеше тістерді жұлу кезінде тістер аралығындағы қызыл иек жиі жыртылып үлкен жаралы беткей қалыптасады. Жара шеттерін қосу және оның көлемін кішірейту мақсатында қызыл иек бүртікшелеріне, қызыл иек шеттеріне жіп салады. Түбірді қоршап тұрған тіндердегі тамыр жарылуы нәтижесінде тісті жұлғаннан кейін тіс орнынан аз көлемде қан кетеді. Ол 2—5 минуттан кейін тоқтап, қан ұйып тіс орны оған ауыз қуысынан инфекция түсуден қорғайтын қан ұйындысымен толады. Кейде тіс орны қанмен толмай, сол кезде йодоформды дәкені антисептикалық және ауырсынуды басатын «Alvogyl» препаратын, гентамицинге батырылған қан тоқтатушы гупканы, құрамында антибиотик бар колапол, коллапан енгізеді. Дәкені тіс орны қабырғалары грануляциялық ұлпамен жабылған кезде 5-7 тәулікте алып, биоматериал блоктары қалдырылады.
Қиын жұлынған тіс орнына 40 минут және 2 сағат аралығында мұз басады. Қан ұйындысын зақымдалудан және қан кетуден сақтау мақсатында науқасқа 3-4 сағат аралығында тамақ ішпеуге және ауызды шаймау ұсынылады. Операция күні ыстық су және тағам ішуге, ыстық суға шомылуға, ауыр физикалық жаттығуларды жасауға болмайды. Тісті жұлу айналадағы ұлпалардың зақымдалуымен жүргендіктен операциядан кейін екі сағаттан соң емді қажет етпейтін шамалы ауырсыну қалыптасады.. Жарақаттық операциядан кейін ұзақ және интенсивті ауырсыну пайда болады. Бұл кезде анальгетиктер тағайындалады. Науқас жеке гигиенасын сақтау қажет. Тісті жұлғаннан кейін 2— 3 күн аралығында калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен (1:3000), 0,04 % элюдрил ерітіндісімен, 0,12 % хлоргексидин ерітіндісімен әр тамақ ішкен соң және жатар алдында шаюы қажет. Тістерді операциядан кейінгі жараға тигізбей щеткамен тазалайды..
Тісті жұлғаннан кейінгі жараның жазылуы. Алынған дөңгелек байламның жиырылуы нәтижесінде қызыл иек шеттерінің жақындауы анықталады. Бірге тіс орнында алдымен грануляциялық, сонан соң остеоидты ұлпамен қапталатын қан ұйындысы түзіледі.. Тіс орнының қалыпты жазылу процесі ауырсынусыз өтеді. 3—4-ші тәулікте сүйек-маңдайлық кеңістіктер және тіс орнының бүйір беткейлерінен, қызыл иектің дәнекер ұлпалық негізінен грануляциялық ұлпа түзіледі. 7—8-ші тәулікте грануляциялық ұлпа тіс орнының орталығында ғана сақталатын қан ұйындысының басым бөлігін жабады. Кіші көлемді остеойдты қалақшалар түрінде жаңа түзілімдердің қалыптасу белгілері болады. Операция кезінде зақымға ұшыраған сүйек лакунарлы сорылуға ұшырайды. Грануляциялық тінінң пайда болуымен қатар қызыл иек шеті жағынан эпителидің өсуі болады. Тіс жұлынғаннан кейін 3-ші тәулікте эпителизацияның бірінші көріністері көріне бастайды. Жараның толық эпителизациясы 14—18-ші күні аяқталады. Сол кезде тіс орны толық грануляциялық ұлпа жасушаларына толады. Жасушалар арасында мезенхимальді камбиалді элементтер: гистиоциттер және фибробласттар бар. Тіс орнының бүйір беткейлеріне және түбінен остеойдты ұлпаның интенсивті дамуы жүреді. Стаматологиялық тәжірибеде тісті тіс орнында қабыну процестерінен кейін жұлғандықтан, жараның жазылуы ұзақ жүреді. Қызыл иектің жарылуы және тіс орны қабырғаларының зақымдалуымен жүретін тістерді жұлғанда жараның эпителизациясы ұзақ жүреді. Бұл жағдайда қызыл иек қабырғалары ұзақ уақыт бірікпейді. Жараның эпителизациясы 30—50-ші тәулікте аяқталады. Сүйек қалыптасуының алғашқы белгілері 15-ші тәулікте анықталады. Түзіліп келе жатқан остеоидты қалақшалар тіс орны қабырғаларына қабатталады. Тек 1,5—2 айдан кейін тіс орны бір қалыпты жетілген сүйекке айналатын остеоидты ұлпамен толады. 30 күннен кейін тыс орнының басым бөлігі бүйір беткейлері және түбінен орталыққа бағытталған сүйек қалақшаларынан тұратын остеоидты ұлпамен толады. Тісті жұлғаннан кейін 45 күннен соң тіс орнында сүйек ұлпасының түзілуі аяқталмайды. Ұсақ ілмекті сүйек ұлпасымен қатар дәнекер ұлпа да анықталады. 2—3 айдан соң тіс орны толық жас сүйек ұлпасымен толып дамиды: сүйек-милық кеңістіктер азайып, сүйек қалақшалары қатаяды. 4-ші айда тіс орнының жоғарғы бөлігінде компакті сүйек түзіліп, қайта құрылуы жүреді. Біртіндеп торлы құрылымға ие болып басқа сүйектерден ерекшеленбейді. Сүйек ұлпасының түзілуімен қатар тіс орны қабырғалары сорылып, ал альвеола шеттері түбір ұзындығына тең келеді. Сондықтан жұлынған тістің айналасындағы альвеоланың шеті жұлынғанға қарағанда жұқа және төмен болады. Тіс орнында қан ұйындысы болмаған кезде тіс орны сүйекті қабырғасы жағынан грануляциялық ұлпамен қапталады. Үстіндегі қызыл иек шеттері бірігіп, тіс орны алдымен грануляциялық, сосын остеоидты ұлпамен толады. Сүйектің қалыптасуы және жараның эпителизациясы ұзаққа созылады.
Фоли № 9
Негізгі:
Автор (лар)
|
Аты, басылым түрі
|
Басылым көлемі.
|
|
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
|
|
Құраш, Амангелдi Ғалымжанұлы.
|
Бастың және мойынның клиника-
лық анатомиясы:Оқулык/ЄММА; А.Г.Құраш.-Қарағанды:Қазақстан-Ресей
университетiнiң баспасы. Т. 1.- 2006.- 280б. : сурет. .-ISBN
9965781273
|
94экз.
|
Харьков, Леонид Викторович.
|
Хирургическая стоматология и
челюстно-лицевая хирургия детского вохраста:Учебник для медвузов/Л
В.Харьков,Л.Н.Яковенко,И.В.Чехова; Под ред.Л.В.Харькова.-М.:Книга
плюс,2005.-470с. .-ISBN 5932680156:8160т.
|
20экз.
|
Автор (лар)
|
Аты, басылым түрі
|
Басылым көлемі.
|
|
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
|
|
Е. Я.Губайдуллина, Л.Н.Цегельнк, В.В.
Лузина, Ю.И.Чергештов.
|
Практическое руководство по поликлиническому разделу
хирургической стоматологии/ М.:Мед. информационное агентство,2007.-130с
:ил .-ISBN 5894815436:2000т.
|
5экз.
|
-
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Жоғарғы жақтың анатомо-топографиялық ерекшеліктері.
-
Жоғарғы жақ жүйкесі– соңғы тармақтары.
-
Жоғарғы - артқы – альвеолярлы тармақтары.
-
Жоғарғы - алдыңғы – альвеолярлы тармақтары.
-
Жоғарғы - ортаңғы – альвеолярлы тармақтары.
-
Өткізгіш жансыздандыру жасалған кезіндегі асқынулар.