ҚММУ Ф 4/3-04/02
2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы
ДӘРІС
Тақырып: «Айқасқан тістүйістің емдеу принципі»
PSDVO4304 Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы пәні
051302 «стоматология» мамандығы
4 курс
1 сағат уақыты (ұзақтығы)
Қарағанды 2013
Кафедра отырысында бекітілген
№ Хаттамасы «__»________ 2013ж.
Кафедра меңгерушісі,доцент
_________ С.Т.Тулеутаева
ТАҚЫРЫБЫ: «Айқасқан тістүйістің емдеу принципі»
МАҚСАТЫ: студенттерді айқасқан тістүйістің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптерімен таныстыру
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
-
Әртүрлі жастық кезеңдерге байланысты айқасқан тістүйістің емдеу әдістері
-
Айқасқан тістүйісу емдеуіне көрсеткіштер
-
Айқасқан тістүйісуді уақытша тістесу кезеңінде емдеу
-
Айқасқан тістүйісуді алмасу тістесу кезеңінде емдеу
-
Айқасқан тістүйісуді тұрақты тістесу кезеңінде емдеу
1). Айқасқан тістесудің емдеу әдістері
Алмасу тістесуінің алғашқы кезеңінде емдеу
-
Уақытша тістесу кезеңіндегі қолданылған емдеу шаралары пайдаланылады.
-
6:6 тістерге металдан жасалған сауыттар кигізіледі. 10-20 күннен кейін
сауыттарды алып, уақытша азу тістерді егейді, бірінші үлкен азу тістер қайтып түйіскенше, содан соң тағыда қайтып сауыттарды кигізеді 10-20 күнге. Осылай бірнеше рет басқа қалған тістер түйіскенше қайталанылады.
Осылай бірнеше рет басқа қалған тістер түйіскенше қайталанылады.
-
Андрезен-Гойпльдің активаторы, қызметті реттеуші Френкельдің аппараты І-ІІ-
ІІІ түрлері. Мюлеманның пропульсоры.
-
Тіс альвеолалық ұзаруға алынатын әртүрлі серіппелері, рычагтары (тетіктері)
бар табақшаның, тістерді жылжыту үшін қолданылатын кіреберіс немесе тілдік доғалардың жәрдемімен жетуге болады.
-
Алынбайтын аппараттардан, тістерге арналған кіреберіс доғаны, тірек болатын
уақытша немесе бірнші тұрақты үлкен азу тістерге кигізілген жүзіктерге жапсырылған түтіктерге бекітілген пайдаланылады. Түйіспей тұрған тістер орналасқан жерде доғаны П тәріздес етіп иеді, жылжытатын тістерге көбінесе жоғарғы күрек тістерге, ілмегі бар жүзіктерді бекітеді. Тіс альвеолалық созуға резеңке тартудың жәрдемімен жетеді.
-
Жоғарғы және төменгі тістер орналасқан жерде тіс альвеолалық қысқару
болғанда алынбайтын аппараттар тіс аралық тартуы бар пайдаланылады. Осы мақсатпен жылжытатын тістерге жүзіктер жасалады, олардың кіреберіс және ауыз жағына ілмектерді, бастырмаларды немесе басқа құралдарды жапсырады. Жүзіктерді цементпен тістерге бекітеді және бір тәуліктен кейін резеңке жүзіктерді созып кигізеді. Бұл жағдайда тіс альвеолалық ұзару жылжытатын тістер орналасқан жерде ғана емес онымен дөңгелек байламдармен қосылған көршілес тістерде орналасқан жерде болады. Алмасу тістесуінің екінші жартысында және тұрақты тістесуінің алғашқы кезеңінде емдеу.
-
Ашық тістесу кезінде тістер доғаларының қысылуы жас өскен сайын күшейе
түседі, осыған байланысты оның емдеуінің бірінші кезеңі тістер доғаларын кеңейту болады, әсіресе жоғарғысын. Осыған байланысты бұрандасы және тілге тірегі бар кеңейтетін табақша қолданылады, пациентті тістер қатарларының аралығына салу әдетінен құтқару үшін, алдыңғы тістер тар орналасқанда ортодонтиялық шарттар бойынша (емдеу үшін) жеке тістерді жұлады, көбіне бірінші кіші азу тістерді.
-
Энгельдің тіс альвеолалық ұзарту үшін қолданылатын аппараттарын былай
дайындайды: доғаны тістердің тістеу қырларының жиегінде (шетінде) орналастырып иеді. Содан соң оны тіс аралық қызыл иек бөртіктерінің деңгейіне орналастырып жылжытатын тістерге құлыптас құралдардың лигатуралық талсымның, жәрдемімен байлап бекітеді. Бұл жағдайда серіппелі талсымнан жасалған доғалар бірінші орналасқан жеріне қайтып келуге тырысады және оған байланған тістерге тару күшін береді. Бүйірдегі тістер орналасқан жерде тіс альвеолалық қысқартуға жету мақсатымен Энгельдің аппаратының әсерін ауыздың сыртындағы тік тарту көшісен бірге үйлестіріледі, қолданады.
Тұрақты тістесу кезеңінде емдеу:
-
Тістер аралығында 5 мм көп тік саңылау болғанда Энгельдің аппаратын қарсы
жақтағы жақ сүйегіне бекітіп оның доғасына жылжытатын тістерді резеңке жүзіктермен тартады.
-
Бүйірдегі тістер орналасқан жерде бір уақытта тіс альвеоллық қысқарту және
жоғарғы алдыңғы тістер ораналасқан жерде тіс альвеолалық ұзарту керек болғанда Хербст-Кожокзрудың аппаратын пайдаланады. Ол металдан жасалған бір-біріне жабыстырылған сауыттан тұрады, оларға кіреберіс жағынан үлкен азу тістер орналасқан жерде Энгельдің доғасынан көлденең түтіктер жабыстырылған, ал сүйір тістер ораналасқан жерде ілмектер, төмен қарай иілген болады. Жоғарғы алдыңғы тістерге екі ілмегі бар жүзіктер бекітіледі, жоғары қарай иілген. Каппалардың шайнау бетіне дәрігер өзінен-өзі қиятын пластмассаны, керек биіктікке тістеуді ажырату және жоғарғы бүйірдегі тістерді жақ сүйегінің кіргізу үшін салады. Осындай окклюзиялық жапсырмаларды бүйірдегі тістерге тіс технигі өзі жасауы мүмкін, дәргер конструктивті тістеуді анықтағаннан кейін, пластмассаны ыстық полимеризациялау әдісімен. Тіс альвеолалық ұзару үшін созылатын резеңке таруын қолданады, оны Энгельдің доғасының бір түтігіне іліп алып, төменгі сүйір тіс орналасқан жердегі каппадағы ілмектің астынан өткізіп, жоғарғы алдыңғы тістерге бекітілген жүзіктердің ілмектеріне резеңке жүзіктерді кигізіп, одан соң оны қарсы жақтағы сүйір тіс орналасқан жердегі ілмектің астынан өткізеді және қарсы жақтағы Энгельдің доғасының түтігіне іліп қояды. Созылатын резеңке тартуының әсерінен жоғарғы алдыңғы тістер ұзарады түтіктерді қолдану керек болған жағдайда Энгельдің доғасын төменгі алдыңғы тістердің орналасуын және төменгі тіс қатарының формасын түзету үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Балалардың тісін протездеу ортопедиялық стоматологияның бір бөлігі болып табылады.
Балаларды тістерін протездеу нәтижелі емес, сонымен қатар зиянды, өйткені ол жақ сүйектерін, дамуын тоқтатады – деген ойларда болған.
6 жасқа дейін балаларда тістерінің және тіс қатарының ақауы болғанда протездеу бұрын мақсатсыз болады деп есептеген, өйткені сүт тістері кейіннен тұрақты тіспен ауысатындықтан мамандардың тексерулері бойынша балаларда тістерін рациональды протездеу (каламберсіз алынбалы протез немесе алынбайтын протез) жақтардың өсуіне жағдай туғызады, балалар жақ сүйектерінің өсуін жеделдететін үш фактор бар:
-
Өсудің биологиялық патенциетсы, ол табиғатта жаңадан дамып келе жатқан болады.
-
Тістердің жарып шығу процессі
-
Шайнау функциясы
Тістер уақытта жоқ, тістер аймағында жақ сүйектері тіндері тістер ретенциясы және
адентия болғанда даму процессі нашар жүреді. Протезденгеннен кейін жақ сүйектері қайтадан өзінің шайнау қызметін атқарады және жақты функциональды тітіркендіргіштердің салдарынан қалыпты дамиды. Протездердің арқасында шайнау қызметі ғана емес, сонымен бірге ас қорыту жүйесі сөйлеудің сыртқы бет пішініде қалыпқа келеді, яғни бұл баланың психикасына және жалпы организміне маңызы бар.
Протезденгеннен кейін баланың көңіл күйі көтеріледі. Бала организімінің жалпы тонусы жоғарлайды. Өзінің физикалық жеткіліксіздігіне көңіл аудармайды. Сүт тістесу кезінде толық тіс жақ жүйесі шайнау аппаратының толық тіс жақ жүйесі шайнау аппараттрының әрі қарай дамуына үлкен роль атқаратынын айтып кеткен жөн.
Балалардың тіс протездерінің ерекшеліктері:
-
Бала протездері жақтардың өсуіне, қалыптасуына кедергі туғызбауы керек.
-
Балалар жасында протездеу ауыршаңдық туғызбауы керек.
-
Протез конструкциялары баланың жасына байланысты ауыстырылып отыруы керек.
-
Протез конструкциясы қарапайым болуы керек, организмге зиянды болмауы керек.
-
Протездер тек қана тіс қатарының кемістігін тойтарып қоймай, сонысымен қатар тістесуді қалыпқа келтіру қажет.
Алынбалы протездермен протездеу ерекшеліктері:
Көрсеткіштері: туа және жүре пайда болған адентия.
Жүре пайда болған адентия кариестің асқынуларынан кейінгі тістерді жұлу. Туа пайда болған адентия әртүрлі аурулардың салдарынан (тымау, қызылша, рахит), алынбалы протездер организмге аллергиялық аурулар тудырмау керек, протездер қолайлы болуы керек.
Алынбайтын протездердің қолдану ерекшеліктері вкладкалар.
Тіс жақ жүйесінің ауытқулары бар балалар мен жастарды тек қана жасына қарап емдемей, тағыда морфологиялық, функционалдық, эстетикалық және іштен туа біткен дене құрылысының (конструкциясы) қалыптасу ерекшеліктерін еске ала отырып емдеу қажет. Ауытқудың диогнозын қойғанна кейін мына сұрақтарды шешеу керек.
-
Осы ауруда тіс жақ ауытқуы қазіргі уақытта кесел ме, жоқ па?
Егерде тіс жақ ауытқуының салдарынан баланың дене құрылысы мен психикасында өзгерістер пайда болып осы себеппен ортодонтқа келсе, бұл жағдайда кесел деп бағалаймыз. Емдеуді бірден дереу бастау керек.
-
Осы ауруда тіс жақ ауытқуы қазіргі уақытта компенсация қалпы ма, жоқ па?
Егерде пайда болған морфологиялық ауып кету тіс жақ жүйесі қызметтерінің және сұлулықтарының едәуір айтарлықтай бұзылуларына әкелмесе, бұл жағдайды тіс жақ жүйесінің ауытқуға сәйкес орын толтыру үшін жасаған бейімделуі, лайықтануы деп санауға болады.
-
Бұл тіс жақ ауытқуының даму болашағы баланың жасы өскен сайын қандай?
Өзінен-өзі түзеліп кетуі мүмкін бе? Бұл сұрақты әр дәрігер ортодонт өзі шешеді. Емдемесе болашақта бала өскен сайын не болатынын болжау керек. Дәрігер өзінің тәжірибесіне, ой-пікіріне сүйенеді.
-
Ауруды емдеу алдында қандай жергілікті және жалпы өзгерістер бар.
Ангидротическая эктодермальная дисплзил деген іштен туа біткен кеселі бар балаларда көп тістері боламайды, тіс жақ ауытқулары заңды түрде болады. Бірақ жеке тістерді орнынан қозғауға, жылжытуға болмайды өйткені олар түсіп қалуы мүмкін. Кейбір соматикалық және психикалық науқастары бар балаларды емдеуге болмайды сүйектің күрт ауруы, Даун науқасы, қояншықтар т.б.
-
Ортодонтиялық емдеудің болашағы қандай? Ортодонтиялық емдеудің нәтижесі көп факторларға байланысты іштен немесе туғаннан кейін пайда болған тіс жақ ауытқуларына, олардың түрлеріне, тіс жақ жүйесінің морфологиялық және функционалдық өзгерістерінің дәрежесіне, организмнің жалпы өзгерістеріне, пациенттің констутитциясына, оның жсына, таңдап алған емдеу әдістеріне байланысты.
Бұл аппаратпен емдеу ерте балалық жаста нәтижелі болады, уақытша тістесу және
алмасу тістесу кезеңінің басында. Балалар үлкейіп кеткенде және тіс жақ ауытқуларының генетикалық түрлерінде бұл емдеу әдісі нәтиже бермейді. Соңғы кезде тіл сорудан пайда болған ашық тістесудің басталып келе жатқан кезінде сым торы бар кіреберіс табақша қолданылады (тілге тіреу). Немесе ауыздың іші-сыртын қамтитын табақша екі қалқан. Екі түрлі аралас әсер ететін аппараттардың құрамында механикалық және ырықсыз аппараттардың бөлшектері болады. Олардың конструкциясында ылдый жазықтық, тістеу алаңы немесе кіреберіс табақша (қалқандар, пелоттар) механикалық құралдармен бірге (бұранда, серіппе, резеңкемен тарту, т.б.) болады. Оларға Гуляеваның, Лургинаның, Брюкельдің аспабы, Андрезен мен Го йпльдің активаторын т.б. жатады.
Гуляеваның аппараты Энгельдің сырғанақ доғасы мен металдан жасалған ылдый жазықтықтан тұрады. Ол прогнатия тістесуін, күрек тістері бірін-бірі терең жауып тұратын және алға шығып тұратын, емдеу үшін қолданылады. Хирургияның аппараты Катцтың тістесу алаңы бар табақшасы мен тартылғыш бұрандадан тұрады. Ол прогнатия тістесуін, терең тістесу мен біріккен және жоғарғы тіс қатарларының қысылғандығын емдеу үшін қолданылады.
Брюкельдің аппараты төменгі жаққа жасалған ылдый жазықтығы 45° вестибулярлы доғасы бар табақшадан тұрады. Ол прогения тістесуін төменгі алдыңғы тістер сыртқа шығып және жоғарғы күрек тістерді терең жауып тұрғанда емдеу үшін қолданылады.
Тістесуді қалыптастыратын Бошарованың аппараты пластмассадан жасалған базистен және бағыттайтын жазықтықтан тұрады. Ол уақытша және ерте алмасу тістесу кезеңдерінің прогнати мен прогения тістесулерін емеду үшін қолданылады.
Андрезен мен Гойпльдің активаторы (1993). Бұл алынатын табақша аппарат, қатты таңдайдың шырышты қабығын жауып тұратын, барлық тістердің ауыз тағысын, тағы да тіл альвеолаларының шырышты қабығын ішік жағынан жауып тұратын аппарат Брюкел активатрода әр тістің орны ылдый жазықтық болады. Соның арқасында оны алға, артқа немесе шетке жылжытуға болады.
2). Айқасқан тістесудің профилактикасы
Миотерапияның шарттары:
-
Ему қызметінің дұрыс болмауы.
-
Жұту қызметінің бұзылуы (түрткінің бастаған статиясында тіл мен ауыз және ауыз айналасындағы бұлшық еттердің өзара дұрыс тиіспеуі).
-
Тілдің «қимылсыз кезеде», жұтқанда, сөйлегенде дұрыс орналаспауы.
-
Тістерге тіл мен қысым жасау әдеті.
-
Тілдің үзбесіне, оның үлкендігі мен жабысуының ауытқуына байланысты, жасалған пластинкадан кейін.
-
Аралас немесе ауызбен тыныс алу.
-
Еріндердің бір – біріне тиісуінің өзгеруі
-
Мимика және шайнау бұлшық еттерінің тонусының өзгеруі.
-
Сөз сөйлеу қызметінің бұзылуы.
-
Төменгі жақтың жылжуына байланысты дұрыс ораналаспауы.
-
Тістесу ауытқуларының морфологиялық белгілерінің болуы және оның функциональды бұзылыстарымен қосылуы.
-
Тамақты дұрыс тістемеу және шайнамау.
Тіс жақ ауытқуларының пайда болуында бұлшық еттердің қызметінің
бұзылыстары басты роль атқарады. Мұны клиникалық және электтрофизикалық зерттеулердің нәтижесі көрсетті. Осыған байланысты ортодонтиялық емдеу табысты болу үшін миотерапияны жалпы емдеу кешеніне қосу керек. Барлық миогимнастикалық жаттығулардың ем болатын әсерінің негізінде белгілі бір топ бұлшық еттерді өлшемді жүкпен жаттықтыру жатады. Жаттықтырулар топ бұлшық еттердің, мүшелердің және оның жүйелерінің бұзылған қызметтердің қайтып орнына келуіне және жақсаруына бағытталған. Арнаулы жаттығулардың арқасында бұлшық еттердің, мүшелердің және оның жүйелерінің бұзылған қызметтердің қайтып орнына келуіне және жақсаруына бағытталған. Арнаулы жаттығулардың арқасында бұлшық еттердің қызметі белгілі бір жүктемеге үйреніп қалады. Сол себептен олардың ширығуы теңеледі, яғни осы немесе басқа бұзылыстар түзіледі.
Әрдайым жүргілізетін жаттықтырудың әсерінен осы берілген жаттығуларды орындаған уақытта адамның миында жаңадан қозғалыс стереотипі құралады. Оны бекіту үшін әр күні көп уақыт (3 ай және оданда көп) ылайықты миотерапия кешенін орындау қажет. Бұл адамда бар сары қыртыстағы стереотипке бөгет жасап, нервтік реттеуді қайтадан орнына келтіреді.
Миотерапияны жүргізу үшін емдеу гимнастикасының сабағын ұйымдастыру керек. Ол жеке баламен немесе бір топ баламен стоматология емханасында, балалар жататын аурухананың емдеу денешынықтыру кабинетінде, миотерапияға арналған кабинеттерде, балабақшаларда жүргізіледі немесе үйге берген тапсырма ретінде.
Балалардың топтарын табылған бұзылыстардың біркелкілігіне қарай құрастырылады. Миотерапия сабағын жүргізуде емдеу физкультураның дәрігерлері мен нұсқаушыларын, логопедтерді, балалар стоматология емханасының және басқа балалар мекемелерінің медицина қызметкерлерін қарастыру керек. Бір топ 3-5 жастағы 10-нан асқан бала болу керек. Сабақтың жеке түрі мектеп жасындағы балаларға, тістесу ауытқулары әбден қалыптасып қалған және тіс жақ жүйесінің қызметтері бұзылған, беріледі.
Емдеу гимнастикасының сабағы үш бөлімнен тұрады (уақыты 5-тен 20 минутқа дейін созылады).
-
Кіріспе бірнеше жалпы тазалыққа, тыныс алуға арналған жаттығудан тұрады.
-
Негізгі бөлімі арнайы жаттығулардан тұрады.
-
Қорытынды бөлімі жалпы жүктемені төмендететін жаттығулардан тұрады.
Кіріспе бөлімінің міндеті - әдейі арналған жаттығулардың әсерін ауыз және ауыз
айналасындағы бұлшық еттерге жеткізу, денені дұрыс қалпына ұстап тұруды тәрбиелеу, үйрету және оны бекітіп қою.
Қорытынды бөлім баланың емдеу гимнастика сабағынан кейін күні бойы
істейтін жұмысына бірте – бірте өтуіне бағытталған және соны жасайды.
Жаттығулар кешенінің реті және оның ұзақтығы мына принцип негізінде:
-
бірте – бірте оңай, жәй жаттығудан күрделі қиын жаттығуға қарай, жүргізіледі. Кайталау саны шамамен айтқанда дене құрылысын шынықтыру үшін жасалатын жаттығулар 5-6 рет, салбырап қалған бұлшық еттердің тонусын көтеру үшін жасалатын жаттығулар немесе жәй қозғалыс тәжірибе үйрену үшін 10-20 рет және оданда көп. Жаттығулардың шапшаңдығы немесе жылдам орындалуы әртүрлі. Жәй шапшаңдықпен жаттығуларды орындағанад 4 рет санау керек, орташа шапшаңдықпен 2 рет, тез шапшаңдықпен 1 рет. Бірнеше қатты жаттығулардан кейін жәй көңілді басқа жаққа аударатын ойын сияқты жаттығулар жасау керек.
Жаттығулар кезінде оған сәйкес музыка ойнап тұрса нәтижесі көтеріледі және
балалар шаршамайды. Миотерапия жаттығуларын айнаның алдында отырып басатаған жөн орындықтың арқасына сүйеніп отырып (бұл жағдайда, тыныс алғанда көк еттің кеуде іш қуысы аралығындағы тосқауыл қызметі жеңілденеді) сонан соң тұрып жасау қажет, яғни алмастырып, кезектесіп жасау керек.
Бұзылған қызметтің тереңдігіне және ауыртпашылығына қарап миотерапияның толық, қысқартылған және кеңес курстарын белгілейді еріндердің бір-біріне тиісуі және жұту қызметі едәуір бұзылғанда миотерапияның толық курсын белгілейді. Оны аппаратпен қарқынды емдеудің алдында қолданылады, 2 аптаға созылады. Кешенге тыныс алуды, жұтуды еріндердің тиісуін нормаға келтіретін жаттығулар кіреді. Қорытып айтқанда тіс жақ ауытқулары мен формаларының өзгеруін емдеуді ауыз және ауыз айналасындағы бұлшық еттердің қызметтерін нормаға келтіруден, түзетуден бастау керек, осымен емдеу жеңілденеды, уақыты қысқарады және қайталануы болмайды.
Миогимнастика дегеніміз дамымай қалған және дұрыс қызмет, істемейтін шайнау және мимика бұлшық еттерінің қызметі ертерек қалпына келсе тіс жақ ауытқулары мен формаларының өзгеруін болдырмайды немесе олардың дәрежесін айтарлықтай кетітеді. Бұның пайда болып келе жатқан тістесу ауытқуларын емдегенде үлкен маңызы бар. Ортодонтиялық емдеудің нәтижесін бекіту осы бұлшық еттердің дұрыс қызметін қалпына келтіруге көп байланысты. Егерде емдеудің барысында тіс жақ жүйесінің формасы ғана емес бұлшық еттердің қызметі де қалпына келсе, онда тіс жақ ауытқулары мен формалары өзгеруінің қайта пайда болуына әсер ететін жағдйларда жойылады.
Егер бұлай болмаса сақталып қалған бұлшық еттердің дұрыс емес қызметі ортодонтиялық емдеу біткеннен кейін тіс жақ ауытқулары мен формалары өзгеруінің қайтадан пайда болуына әкелуі мүмкін. Тістер қатарларының айналасындағы бұлшық еттер үшін гимнастикалық жаттығулар 19 ғасырдың басынан бастап қолданып келе жтыр, бірақ ортодонтиялық практика мен емдеу әдісі ретінде 1917 ж Роджерс ұсынды және В.Ю. Курляндский, А.И. Бетельман, Ф.Я. Хорошилкина, М.А. Нападовтардың жұмыстарында ары қарай дамытылды.
Миогимнастика жеке емдеу әдісі болуы мүмкін, ортодонтиялық емдеудің алдында қолдануы мүмкін, онымен бірге немесе ортодонтиялық емдеу біткеннен кейін жеткен нәтижені бекіту үшін және ауытқулардың қайтадан пайда болуының алдын алу үшін қолданылады. Уақытша тістесу қалыптасып біткен кезде балалардың тіс жақ ауытқуларын емдеп жақсы нәтиже алуға болады. Бұл емдеу әдісі үшін ең қолайлы уақыт 4 тен 7 жасқа дейін. Бұл кезде бала одан не керегін түсіне алады. Баланың жасына қарап жаттығуларды таңдау керек, олар ылажы болса жәй түсінікті болу керек, оларды ойынға айналдырып жіберу керек.
-
Жаттығуларды үнемі әрдайым жүйелі түрде жасау керек.
-
Бұлшық еттердің үдемелі жиырылуы және оның қарқыны жеткілікті блу
керек бірақ шамадан тыс асып кетуі керек.
-
Бұлшық еттердің жәй және бір қалыпты ширықтыру керек.
-
Бұлшық еттердің әр жиырылуынан демалыс кезеңі, қимылсық болу керек.
-
Әр жаттығуды бірнеше рет жасау керек, сөл шаршағаны белгілі болғанша.
-
Жаттығулардың саны мен ұзақтығы уақыт өткен сайын көбейуі мүмкін.
Содан соң тоқтау қажет.
Ауыздың бұлшық етінің миогимнастикасы.
-
Іріңдердің суреттерін алмастырып отыру: «дөңгелек», «түтік», «тұмсық»,
«жол-жол». Еріндерді әр суретте 10 сек. ұстап тұру керек. Әр сурет 10 рет қайталанады бір сабақта.
-
Жоғарғы еріннің жүгеншесінің екі жағына мақтадан жасалаған кішкентай
білік еріннің астына қоямыз. Содан соң ерінді бір-біріне тигізу керек және оларды күшті ширығуда ұстап тұрып ерінмен айтылатын дыбыстарды «п», «м», «б» айту керек.
Содан соң осы дыбыстары бар сөздерді, мысалы: пар, паң, палка, паста, пост,
порт т.б. айту қажет. Осыдан кейін осы дыбыстары бар мақалаларды және тез айтылатын сөздерді айту қажет: пан иди пропал; все борбы добры для своих бобрят.
-
Еріндерді тигізіп ұртты ұру керек, ақырын жұдырықпен қысылып тұрған
еріндерден ауаны шығару керек.
-
Еріндердің арасына бір зат салып қоямыз мысалы: пластмассадан жасалған
сызғыш немесе қағаздан жасалған табақша. Осы затты тек қана еріндермен ұстап тұру керек 50-60 мин. әр күні бала үйге берген тапсырманы орындап отырғанда немесе теледидар көріп отырғанда.
-
Ауыздың кіреберісіне жүзігі бар кіреберіс табақшаны орналастырамыз.
Еріндерді қысып табақшаны ақырын тартамыз, еріндердің қысымын көбейтеміз, табақшаны, еріндер мен ұстап тұру керек, тістер бір-біріне тікелей тиіп тұру керек. Бұл жаттығу ауыздың дөңгелек бұлшық етін жаттықтыру үшін, тыныс алуды нормаға келтіру үшін, тілдің, төменгі жақтың, омыртқаның мойын бөлігінің және бастың орналасуын түзету үшін, жүргізіледі қолданылады.
-
Активатормен жаттығу.
-
Эквилибратормен жаттығу
-
Қолға ұстайтын зырылдауықпен жаттығу.
-
Үстелдің үстінде тұратын қалпақты аппратпен жаттығу
-
Ауыздың бұрышына бала ең кішкентай екі саусағын салып еріндерін
тигізгісі келеді. Бірақ саусақтар еріндердің тиісуіне кедергі жасағандықтан ауыздың бұлшық еті жақсы жаттығады. (3-5 рет 30 сек – 1 мин. аралығында жасау керек).
-
Жоғарғы еріннің астына ауаны үру. Жоғарғы алдыңғы тістер ауаны үру.
Жоғарғы алдыңғы тістер сыртқа шығып кеткенде жасау керек.
-
Ауыздың дөңгелек бұлшық етін дамыту үшін ысқыруға, жеңіл қозғалып
тұратын затқа, мысалы, іліп қойған бір кесек мақтаға, құстың жүніне т.б. үруге болады.
-
Металдан жасалған дөңгелекпен жаттығу, зиянды әдет сору болғанда, әсіресе
бір саусағын, сымбаты бұзылғанда, ауызбен тыныс алғанда, прогнатия тістесуінде жасалу керек. Сымбатын түзету үшін бала осы жаттығуларды орындағанда қабырғаға өкшемен, бөксемен, жауырынмен және басымен тиіп тұру керек. Бұл жағдайда баланың көз тігуі алға көлденең бағытталуы керек. Осылай тұрып бала металдан жасалған дөңглекті еріндерімен қысып ұстап тұрады. Еріндердің бір-біріне тиюі мұрынмен демалуға мәжбүр етеді, төменгі жақтың алға жылжуына, ауыздың айналасындағы және мойын, кеуде бұлшық еттерінің жаттығуына және кеуде қуысының көлемінің өзгеруіне мүмкіндік береді. Еріндердің арасында қысылған дөңгелек көлденең орналасуы керек. Егерде бала осылай істеп тұра алмаса миогимнастика нәтиже бермейді. Дөңгелек тек қана еріндермен ұсталып тұру қажет, тістермен емес. Осыны қадағалап отыру керек. Егерде ол еріндер бір-бірне тиіп тұрғанда күрек тістердің сыртқы бетіне тиіп тұрғаны белгілі болса оның дұрыс тұрғаны деп білеміз.
-
Созыған, тарылаған еріндер арқылы ауаны іштен шығару.
-
Резеңке жүзікпен еріндерге қысым жасау.
Айқасқан тістесуді профилактика жасау және емдеу үшін қолданылатын миогимнастика
-
1-2-3-4 дп санағанда ауызды ашу керек те содан соң жәй ауызды жабу керек.
Осы кезде төменгі жақты дұрыс орналаспаған тістердің немесе дұрыс орналаспаған төменгі жақтың қарама-қарсы жағына жылжыту керек, яғни дұрыс жаққа.
-
Бірінші жаттығуды орындағанда төменгі жақты қолмен дұрыс жаққа қарай
жылжытамыз.
Ашық тістесуді профилактика жасау және емдеу үшін қолданылатын миогимнастика
-
Орталық окклюзияда тістерді қысамыз. Бала тістерін қатты қысып 10 сек.
ұстап тұрады.
-
Осы жаттығуды қарсылық жасап орындау. Ол үшін бала оң қолының сұқ
және ортаңғы саусақтарын алдыңғы, төменгі тістерге слып, төменгі жақты көтергенде саусақтарымен қарсылық жасайды. Бұл кезде шайнау бұлшық еттерінің жиырылуы үдей түседі.
-
Таяқшаларды тістеу. Ағаштан жасалған таяқшаларға резеңке түтік кигізіп
бүйірдегі оң жақ, сол жақтағы тістердің арасына салып күшпен қысады және ашады.
Тыныс алуды нормаға келтіретін миогимнастиканың бастаплқы қалпы. Дұрыс
сымбатта болу: бас пен тұлғаны тіке ұстап, иықтарды сәл көтеріп, сәл түсіріп, кеудені керіп, жауырынды арқаға жабыстырып, ішті ішке тартып және тізе буындарын түзетіп ұстау керек.
-
Дұрыс тыныс алуды жаттықтыру
а) Толық тыныс алу. Мұрын арқылы ұзақ уақыт ішке қарай дем тарту. Осы кезде іш томпайып шығады, содан соң кеуде қуысы кеңейеді. Мұрын арқылы сыртқа қарай демді шығарғанда керісінше, алдымен кеуденің көлемі кемиді, содан соң іш ішке қарай тартылады.
б) Көкірекпен тыныс алу. Іштегі ауаны сыртқа шығарып тастаған соң ұзақ уақыт мұрын арқылы ішке қарай дем тарту керек. Осы уақытта кеуде қуысы кеңейеді, іш ішке қарай тартылады. Мұрын арқылы демді сыртқа қарай шығарғанда керісінше болады.
в) Ішпен тыныс алу. Іштегі ауаны сыртқа шығарып тастағаннан соң ұзақ уақыт мұрын арқылы ішке қарай дем тарту керек. Осы уақытта іш томпайып шығады. Іштегі ауаны сыртқа шығарғанда мұрын арқылы іштің алдыңғы қабырғасы ішке қарай тартылады.
г) Толық ұзарған демді шығару дағдысы. Орташа шапшаңдықпен жүріс. Тек қана мұрынмен тыныс алу. Қарқын орташа. 3 қадамда демді ішке тарту, 4 қадамда демді ішке тарту, 5 қадамда демді шығару, . 3-4 күннен кейін демді шығарудың уақытын бір санға көбейтеміз. (6, 7, т.б.)
2. Мұрынмен тыныс алуды жаттықтыру
Мұрынмен тыныс алуды жттықтыратын жаттығулар балабақшадағы денешынықтыру дайындық жалпы кешіне енгізілуі керек. Бұл жаттығуларды балалар таңертеңгілік жігерлендіру (зарядка) және денешынықтыру сабағында тәрбиеші немесе музыка қызметкерінің басшылығымен орындайды.
а) Тыныс алу жаттығуларынан кейін балалар мұрынмен дем алуды жаттығу мақсатымен әдейі, арнайы жаттығулар жасайды. Ол үшін балалар саусағымен бір танауын жабады, 5 тен 10 ретке бос танауымен қайталайды. Осыдан кейін екі танауымен бірдей дем алады.
б) Іштегі ауаны сыртқа шығарып, мұрынды саусақтармен қысып, жәй дауыспен 10 ға дейін санау керек. Сонан соң мұрыннан саусақтарды алып мұрын арқылы демді тезірек ішке тарту және шығару керек (ауызды қатты жабу керек).
ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Хорошилкина Ф. Я. « Руководство по ортодонтии» - М. : Медицина, 2002 г. – с. 375-392.
-
Шарова Т. В., Рогожникова Г. И. , Сидоренко И. В. « Факторы нарушения окклюзии и методы и нормализации» Пермь, 2000
-
Ильина – Маркосян Л. В. « зубное протезирование у детей» М. 2007
-
Копейкин В.Н. « Зубопротезная техника», 2002
-
Гаврилов Е.Н., Щербаков А. С. « Ортопедическая стоматология» М., 2004
-
ж. Новое в стоматологии 2003-2008
-
ж. Проблемы в стоматологии 2003-2008
-
Снагина Н.Г « профилактика зубочелюстных аномалий» М.. 2007
Бақылау сұрақтары (кері байланысы)
-
Айқасқан тістүйісу емдеуіне көрсеткіштер
-
Айқасқан тістүйісуді уақытша тістесу кезеңінде емдеу
-
Айқасқан тістүйісуді алмасу тістесу кезеңінде емдеу
-
Айқасқан тістүйісуді тұрақты тістесу кезеңінде емдеу
Иллюстративті материалдар:
-
Слайдтар